Халықты жұмыспен қамту саясаты


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ 5
І ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МәНІ ЖәНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.
1. 1. Нарықтық экономикада халықты жұмыспен қамту түсінігі,
оның маңызы және түрлері 10
1. 2. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары 25
1. 3. Халықты жұмыспен қамту саясаты 31
ІІ ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДА ХАЛЫҚТЫ әЛЕУМЕТТІК КОРҒАУДЫ ЖәНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МәСЕЛЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ (БҚО ЖҚ ЖәНЕ әБҮ ДЕПАРТАМЕНТІ МЫСАЛЫНДА)
2. 1. Департаменттің даму тарихы және ұйымдық-басқарушылық құрылымы 45
2. 2. Батыс Қазақстан облысы тұрғындарын әлеуметтік қорғау жағдайлары 64
2. 3. Батыс Қазақстан облысында жұмыссыздық деңгейі және тұрғындарды жұмыспен қамту жұмыстарының негізгі бағыттары 77
ІІІ ТАРАУ. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ЖәНЕ әЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ.
3. 1. 2005-2007 жылдарға БҚО-да жұмыссыздықты жою жолдары (БҚО халықты жұмыспен қамту 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде) 86
3. 2. Халықты әлеуметтік қорғау бағыттары оларды жетілдірудегі шаралар 102
ҚОРЫТЫНДЫ ЖәНЕ ҰСЫНЫСТАР 113
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 118
ҚОСЫМША 121
Кіріспе
Әлем жұртын бүгінгі таңда әлеуметтік қорғау жүйесі оның ішінде кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту мәселесі басты проблемалардың бірі отыр. Дүниежүзілік Банктің 2000-2001 жылдары Ғалам дамуы туралы баяндамасына жүгінсек: “Асып тасыған молшылық заманда тақыр кедейлік орын алып отыр”. Жер шарындағы 6 млрд. тұрғынның 2, 8 млрды, демек тең жарымына жуығының күндік табысы 2 АҚШ долларына жуық болса, 1, 2 млрд адам, яғни ғалам тұрғындарының бестен бір бөлігінің күн көрісі тіпті 1 АҚШ долларына жетпейді. Алайда, кедейлер саны күннен күнге өсіп бара жатқанымен, жер жүзіндегі жалпы өмір сүру деңгейі жақсара түсуде. Дүниежүзілік байлық пен молшылықтың, сондай-ақ, халықаралық байланыстар мен техникалық мүмкіндіктер дамуының арқасында соңғы жылдары адамзаттың өмір сүру деңгейі күрт өсуі байқалуда.
Сонымен қазіргі уақытта әлеуметтік қорғау жүйесінің және болашақ жоспарларында күрделі әрі басты мәселелерінің бірі ретінде жұмыссыздық танылуда. Оның салдарынан қоғамымызда әртүрлі келеңсіз жағдайлар орын алуы экономика үшін үлкен зиянын тигізуде. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері қоғамның барлық саласында аса ірі өзгерістер болды. Мемлекетімізде құрылыс, экономиканы реформалау және саяси жүйені либерализациялау бойынша орасан зор жұмыстар атқарылды.
Бірақ, елімізде бұл саладағы мәселелердің барлығы толығымен шешілді деп айтуға ертерек. Себебі жоғарыда аталып кеткен әлеуметтік қорғау жүйесіндегі назар аудартатын өзекті мәселе халық арасындағы табыстың азаюы, кедейшілік пен жұмыссыздықтың орын алуы болып отыр.
Дегенмен де, шынайы оңды өзгерістердің орын алып отырғанын көруімізге болатын нарықтық инфрақұрылымның негізі қаланып, жеке ынталылықты арттыру үшін барлық жағдай жасал, үлкен көлемдегі шетел инвестициялары тартылып, әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманға лайық жүйесі қалануда. Инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, сол өңірдің тұрғылықты халқы жұмысқа тартылды.
Бүгінде біз тұрақты экономикалық өсімнің өрлеу жолындамыз. Отандық өндіріс жанданып, халықтың айтарлықтай бөлігінің тұрмыс деңгейі жақсарып келеді. Біздің экономикамыз әлемдік экономикалық жүйеге біртіндеп ену жолында.
Соңғы жылдары экономиканың тұрақтануы арқасында әлеуметтік мәселелерге тұтастай бет бұру мүмкіндігі туды. Адам потенциалын дамытуға керекті барлық жағдай жасалып, әлеуметтік жағынан қолдау көрсету сияқты міндеттер саясатымыздың басты бағытына айналуда. Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Қазақстандағы адам дамуы туралы алтыншы рет жарияланып отырған Есептің әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қазіргі және алда күтілетін жағдайына бағытталып, кедейшілікке қарсы күрес жүргізу проблемасына арналып отырғандығы өте орынды.
Жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейіне жету мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Қосымша жұмыс орындарын құратын экономикалық жүйе қоғамдық өнімнің санын көбейту мәселесін алға қояды және тұрғындардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды маңызды деп біледі. Қолда бар жұмыс күші ресурстарын толық қолданбаған жағдайда жүйе өзінің бар өндірістік мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Жоғарыда айтылғандардың жұмыссыздық көрсеткішінің экономикалық жалпы жағдайын анықтаудағы маңызды көрсеткіштерінің бірі болатынын көре аламыз.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 1 бабында атап көрсетілгендей Қазақстан өзін зайырлы, құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның басты қазынасы - адам, адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Елбасымыз өз саясатында осы қағидаларды басты шарт ретінде ұстанып келеді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталатын кезекті Жолдауында айтқандай біздің өміріміз жақсара бастады. Алдағы уақытта Орта Азиядағы көшбасшылардың біріне айналып, әлемдік нарыққа еркін араласу.
Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.
Енді өзіміздің облысымызға келсек, жалпы облысымызда жүзеге асырылып жатырған мемлекеттік және секторальдық бағдарламалар әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі және болашақ бағытында тікелей және жанама түрде халықтың әл-ауқатын жақсартуға дәлірек айтқанда кедейлік деңгейін төмендетуге бағытталған. Оны іске асыру үшін нақты жағдайлар туғызу қажет. Бұл бағытта Елбасының, облыс басшыларының және барлық деңгейдегі депутаттарымыздың қолдауының арқасында халықпен тығыз жұмыс жасап отырған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі аудандық, қалалық уәкілетті органдардың техникалық-материалдық базалары күшейтіліп, автокөліктер, компьютер құралдары т. б техникалық жабдықтар сатып алынуда. Әрбір ауылдық округте арнайы атаулы әлеуметтік көмек жөніндегі мәселелермен айналысатын әлеуметтік қызметкерлер штаттары ашылды. Бұл жағдай жергілікті жерде халықпен жұмыс жасауды күшейтіп, әлеуметтік көмекті қажет ететін осал топтарды анықтауға септігін тигізді.
Кедейшілікті жоюдың бірден-бір көзі - халықты жұмыспен қамту болып табылады. Өткен жылғы болжамдалған көрсеткіштерге сүйенетін болсақ, еліміздегі жұмыссыздыќ деңгейі жоғары деңгейде қалып отыр. Жалпы республика бойынша 8, 7% болса, облысымызда 8-9% деңгейін көрсетуде. Ал, экономика тұрақты дамуы үшін жұмыссыздық деңгейінің 6% аспауы қажет. Жалпы жұмыссыздық дегеніміз - еңбек биржасына жұмыссыз деп тіркелгендерді ғана айтамыз. Яғни, жоғарыдағы мәліметтердің болжамдалынып алуына осы жағдай себеп болуда.
Ұлттық экономиканың нарыққа кіруінің шамалы жүзеге асырылуы, республикадағы барлық әлеуметтік-экономикалық процестерді баяулатуда, соның ішінде ең бастысы жұмыс күшін жүзеге асыратын процестерге теріс әсер етуде. Жұмыспен қамту саласын реформалаудағы жол болмаушылықтар мен қателіктер, ұлттық экономиканың салалары мен сфераларындағы жұмысшылардың бақылауға келмейтін жұмыстан босауына, жұмыссыздықтың барлық түрлерінің өсуіне әкеліп соқтырды.
Ең бастысы шет ел тәжірибесімен танысамыз, өйткені көптеген мемлекеттер нарықтық емес қатынастан нарықтық қатынастарға реформалау жолын өткен болатын және Қазақстанға пайдалы тәжірибеге ие. Біздің ел мен дамыған елдердің жұмыспен қамту саласына араласуының айырмашылығын ескере отырып, олардың қиыншылықтармен жеткен жетістіктерін жоққа шығару біздің тарапымыздан өте қате болар еді.
Кешенді жұмыс ретінде бұл тақырыпты таңдауымыздың себебі кедейшілікпен күресу көптеген елдер алдында тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Егер халықтың әл - ауқатын көтерсек, еліміздің экономикалық жағдайы да жақсарады. Ал халықтың әл - ауқатын жақсартудың бірден - бір жолы оларды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін азайтып, ел экономикасын көтеру.
Тақырыптың маңыздылығы - нарықтық қатынастар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру шаралары қазіргі халықтың, соның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың әл-ауқатын көтеру мен республикамыздағы басты мәселелердің бірі болып табылатын жұмыссыздық деңгейін азайту бағытындағы шараларды іске асару.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту жұмыстарын теориялық-тәжірибелік тұрғыдан меңгеру және оңтайлы іске асыру табылады. Бұл мәселені қарастыруымыздың өзектілігі - аз қамтылған азаматтарды мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғау, халықтың тұрмысын жақсарту, кедейшілікті төмендету мақсатында жұмыссыздықтың не себептен орын альп отырғанын анықтай отырып, оны жоюдың көздерін іздеу.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңызы - халықты әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамтуды меңгеру, ал тәжірибелік маңызы - қазіргі жағдайларға баға беру және болашақтағы жағдайын болжау арқылы ұсыныстар енгізу. Осы мақсатта бұл еңбекте соңғы үш жылдағы көрсеткіштер салыстыру әдісін қолдану арқылы талданған. Тақырыпты ашу мақсатында сызбалар, кестелер, диаграммалар қолдандық.
Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту саласына облысымыздың қазіргі экономикалық даму жағдайын ескере отырып талдау жасаймыз. Біз жұмыспен қамтылғандардың көп бөлігі нарықтық экономика талаптарына сай салаларында екенін байқаймыз. Қазақстан жұмыспен қамтудың салалық құрылымы бойынша экономикасы дамыған нарықтық шаруашылыққа бағыттылған елдерге (Венгрия, Польша, Оңтүстік Корея) ұқсап бара жатыр және жұмыссыздықтың барлық түрінің өсуін, салалық құрылымдағы ауытқуларын туғызуда, соның салдарынан жұмыспен қамту мәселелерін шешу қиындай түсуде.
1. тарау. Халықты жұмыспен қамту қызметінің мәні және мемлекеттік реттеу
1. 1. Нарықтық экономикада халықты жұмыспен қамту түсінігі,
оның маңызы және түрлері
Халықтың әлеуметтік деңгейінің өсуіне, дұрыс тамақтануға, денсаулыққа, білімге, жұмыспен қамтылу және тиісті табыс тікелей әсер етеді.
Кедейшіліктің басты себебі халықтың көпшілік бөлігінің табысы төмендігінен және тұрақты жұмыспен қамтылудың төмен деңгейінен болып келеді.
Жұмыспен қамтылу дегеніміз - еңбекке жарамды адамның немесе азаматтар тобының жұмыс берушімен еңбек қатынасында жұмыс табуы және нақты жұмысты орындау немесе жеке кәсіперлік қызметпен шұғылдану.
Халықты жұмыспен қамту оны жүзеге асыруға қажет жағдайларды туғызады, өйткені адамдардың өмір сүру деңгейі, мамандарды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға, оларды жұмысқа орналастыруға, жұмыссыздарға материалды көмек көрсетуге кететін қоғамның шығындары соған байланысты болып келеді. Жұмыспен қамту адамның еңбек және еңбекпен байланысты қажеттіліктерін қанағатандырумен байланысты әлеуметтік дамуының басты аспектісін ашып көрсетеді.
Жұмыспен қамту - бұл азаматтардың заңға қайшы келмейтін және оған табыс әкелетін, жеке және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты іс-әрекеті.
Қазақстанда 2001 жылдың 19 маусымында № 836 Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” туралы Заңы қабылданды, онда жұмыспен қамту қатынастарына нарықтық сипат беретін, жұмыспен қамтудың негізгі принциптері қалыптастырылған.
Бірінші принцип - еңбек пен жұмыспен қамтудағы бостандықты, күштеп және міндетті еңбекті болдырмауды қамтамасыз ету. Адамда басты таңдау құқығы бар: қоғамдық еңбекке араласу немесе араласпау.
Екінші принцип - мемлекет еңбек құқығын қамтамасыз етуге, жұмыссыздарды қорғауға, ҚР Конституциясына сай жұмыссыздық жағдайында материалдық көмек көрсетуге және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жағдайларын жасауы қажет. [7, 11, 24]
Бұл Заң жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясаттың негізгі прициптерін қалыптастырды: Қазақстанның барлық азаматтарына олардың ұлтына, жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына және оның ұстанған дініне қарамастан барлығына бірдей құқықты қамтамасыз ету; еңбек ресурстарын дамыту; жұмыссыздықтың жаппай белең алуын болдырмау және ұзақ жұмыссыздықты (бір жылдан артық) азайту; азаматтардың еңбектік және кәсіпкерлік белсенділікті қолдау, олардың өнімді, шығармашылық еңбекке қабілетін дамытуға жәрдемдесу; жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған, яғни жұмысқа орналасуда ерекше көмекке зәру жандарға, арнайы шараларды ұйымдастыру; жергілікті жерлерде қолданылып жатырылған шараларды орталықтың іс-әрекеттерімен байланыстыра атқару; жаңа жұмыс орындарын ашқан жұмыс берушілірге үкімет тарапынан жеңілдіктер беру.
Жұмыспен қамтуды жүргізіп жатқан реформалардың нәтижесі ретінде қарастырсақ, оның өндірістегі, қаржылық жүйедегі, сыртқы экономикалық қатынастардағы, әлеуметтік сферадағы және т. б. жетілдірулерге немесе өзгерістерге әсері айтарлықтай емес. Жұмыспен қамту нарықтық емес сипатта болады. Жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы бірнеше себептерден тұрады: Дамудың жалпы макроэкономикалық жағдайына қарағанда әлеуметтік еңбек қатынастарын қалыптастыру күрделірек болып келеді. Жұмыспен қамтуда ең алдымен еңбекақы алу мен жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, адамдар арасындағы қатынастар, тиімді өндіріс үшін жеке көзқарастардың үйлесуі маңызды.
Тиімді нарықтық экономикада жұмыспен қамту бұл - жұмыс күшінің сұранысы және ұсынысын теңестіретін механизмінің деңгейін көрсетуші. Қазіргі кезде еңбек нарығы арқылы адам ресурстарын құру, қолдану және бөлуді қоса алғандағы жұмыспен қамтудың барлық құраушылары үйлестіріледі. [33, 15]
Нарықтық жағдайдағы жұмыспен қамтуды жетілдірудің 4 аспектісін көрсетеміз:
- Адамның еңбекке деген маңызды конституциялық құқығы арқылы жұмыспен қамтудың үздіксіз байланысы.
- Жұмыспен қамтудың өмір сүру деңгейін құрудағы анықтаушы ролі. Қазіргі кезде жұмысқа қабілетті азаматтар мен олардың жанұяларының өмір сүру деңгейінің өсуінің кепілі болып жұмыспен қамту табылады.
- Әрбір адамның және тұтасты қоғамның өмір сүру деңгейі өсуінің негізі ретінде жоғарғы тиімді еңбектің жаңа дәлелдемелерін құру саналады.
- Еңбек қызметінің адамға, оның кәсіпкерлік мүмкіндіктерін ашу және жоғарылатуға жеке тұлға ретінде дамуын ынталандыруға, оның жаңа қызығушылығы мен қажеттіліктеріне әсері.
Әлеуметтік экономикадағы жұмыспен қамтудың негізгі белгілері төмендегідей:
- Толық және тиімді жұмыспен қамтудың тепе - тең үйлесімділігі;
- Әртүрлі жұмыс сфераларындағы салалар, мамандықтар және территориялар арасындағы жұмыс күшінің еркін қозғалуы;
- Жаңа жұмыс мотивациясы және еңбек нәтижесін, өмір сүру деңгейін жақсарту негізі ретінде түсінуі;
- Жұмыспен қамту сферасында әлеуметтік қорғау, нарықтық жағдайға жұмысшыларды бейімдеу;
Жұмыспен қамту тиімділігін мемлекеттік даму идеалогиясы көрсеткіштері сипаттайды. Олар қоғамдық еңбек динамикасының әсерімен құрылады:
Біріншіден, бұл қоғамдық еңбек ресурстарын, олардың пайдалы қоғамдық қызметке араласуына байланысты бөлу қатынастары. Олар тұрғындардың жұмысқа қажеттілігі өндірістің қандай деңгейінде қанағаттандыруды және толық жұмысбастылыққа қандай жолдармен жетуге болатынын көрсетеді.
Екіншіден, бұл қоғамдық шаруашылықтағы еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейі. Статистикалық тұрғыдан ол табыс әкелетін кәсіпқой еңбекпен қамтылған еңбекке қабілетті барлық тұрғындардың қатынасы ретінде көрінеді. Экономикалық тұрғыдан бұл көрсеткіш және қоғамдық шаруашылықтың жұмысшыларға қажеттілігін немесе тұрғындардың табысының деңгейін көрсетеді.
Үшіншіден, жұмыспен қамту тиімділігінің маңызды сипаты болып халық шаруашылықтағы салалары бойынша қызмет ететін жұмысшыларды орналастыру құрылымы табылады.
Төртіншіден, бұл экономикалық қажеттіліктеріне байланысты мамандарды дайындау деңгейін көрсететін жұмысшылар жүйесінің теңдік деңгейін білдіретін кәсіпқой - мамандандырылған жұмысшылар құрылымы.
Көрсетілген көрсеткіштер нұсқасы жұмысбастылықты тиімді жақтарын макродеңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштер тек экономикалық емес, сонымен қатар анық әлеуметтік бағытқа ие болады. [28, 30]
Жұмыспен қамтылған болып саналады:
- уақытша, маусымдық жұмысты қоса алғанда, басқа да ақылы жұмыс істейтін, еңбек келісімімен жұмыс атқаратындар;
- өз-өзін жұмыспен қамтушылар, соның ішінде жеке - еңбек іс-әрекетімен (фермерлер, жазушылар және т. б. қоса алғанда), кәсіпкерлер, сонымен қатар өндірістік кооперативтер мүшелері;
- әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарында қызмет атқаратындар;
- жұмыспен қамту қызметтерінің жібергендерін қоса есептегенде, кез келген оқу орнында күндізгі формада оқитын еңбекке қабілеттілер;
- жұмыс орнында уақытша жоқ адамдар (демалыстағылар, ауырып қалғандар, білімін арттыруға кеткендер) ;
- азаматтық - құқықтық келісім бойынша жұмыс атқарушылар;
Жұмыссыздарды қоса есептегенде, экономикалық белсенді халық үшін жұмыспен қамтылу статусын анықтау өте маңызды. Негізінен бес статусты айырады:
- Жалдамалы жұмысшылар - бұл кәсіпорының басқарушысымен еңбек жағдайлары жайында келісілген жазбаша контракт (келісім) немесе ауызша келісім арқылы жұмыс жасайтын және сол жұмысы үшін ақша алатын тұлға.
- Жеке негізде жұмыс жасайтындар - бұл өздеріне табыс әкелетін, жалдамалы жұмысшыларды тек қысқа мерзімге ғана қолданатын немесе мүлдем қолданбайтын өз бетімен іс-әрекет ететін тұлға.
- Жұмыс беруші - жеке меншігін басқаруға немесе мемлекетті, акционерлік қоғамды, шаруашылық серіктестікті және т. б. басқаруға өкілетті тұлға. Жұмыс беруші өз қызметін жартылай немесе толығымен басқа тұлғаға сеніп тапсыруға құқылы, алайда кәсіпорынның жетістікке жетуіне басты жауапты адам болып қала береді.
- Отбасы кәсіпорындарының ақысыз жұмысшылары-иесі туысы болып келетін отбасылық кәсіпорында ақысыз жұмыс істейтін тұлға.
- Жұмыспен қамту статусы бойынша квалификациялауға жатпайтын тұлға-бұрын өзіне табыс әкелетін еңбек іс-әрекетімен айналыспаған жұмыссыздар.
Халық санағын жүргізу қажеттілігі жұмыспен қамту түрлерін айыру қажетілігін тудырады. Осылай толық, өнімді және өз еркімен таңдалған жұмыспен қамту түрлерін айырып айтуға болады. [18, 31]
Толық жұмыспен қамту - бұл өзін және отбасын толық қамтамасыз етуге жеткілікті табыс әкелетін кәсіби еңбекпен қамтылу.
Өнімді еңбектің негізгі мағынасы келесіге тіреледі. Қоғамдық тиімді жұмыс болып кез-келген жұмыс емес, ал екі басты талапқа жауап беретін еңбек табылады. Біріншіден, жұмыспен қамту еңбек етуші адамның өмір сүру деңгейіне жауап беретін табыспен қамтуы қажет. Бұдан жұмыспен қамту саясатының табыс саясатымен тікелей байланысы шығады. Екіншіден, өнімді жұмыспен қамту нақты жұмыспен қамтуға қарсы қойылады. Соңғысының жеке жағдайы - артық жұмысшыларды ұстау немесе жұмыссыздықты болдырмау үшін формальды жұмыс орындарын құру - мемлекеттің саясаты әрбір жұмысшының еңбегі экономикалық мақсатты, қоғамға максималды өнімді болуына бағытталуы керек.
Өз еркімен таңдалған жұмыспен қамту еңбекке қабілетін пайдалану құқығы тек осы қабілетті иеленушінің өзіне ғана, яғни жұмысшының өзіне тиесілі екенін көрсетеді. Бұл принцип әрбір жұмысшыға жұмыспен қамтылу, қамтылмау құқығын береді, кез келген еңбекке әкімшілік тартуды болдырмайды.
Жоғарыда келтірілген жұмыспен қамту түрлері халықтың жұмыс және жұмыс орындары арасындағы қажеттілігін сандық және сапалық баланстау жағдайын көрсетеді, бұл жағдайда қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуына жағдай жасалынады. Нарықтық қатынастарға өту кезеңі жағдайында еңбек тиімділігінің өсуінен кәсіби еңбекпен қамтылу деңгейі жалпы мемлекет бойынша төмендейді деп күтіледі. Бұл жоғары тиімді экономика көп жұмысшы күшін қажет етпейтіндігімен байланысты.
Жұмыспен қамту сандық жағынан жұмыспен қамту деңгейімен сипатталады. Ол екі әдіспен есептелуі мүмкін.
- Жұмыспен қамтылғандардың жалпы халық санындағы үлесі:
мұндағы,
- жұмыспен қамтылғандардың санының үлесі;
- халықтың жалпы саны;
- жұмыссыздардың санының үлесі;
- Жұмыспен қамтылғандардың экономикалық белсенді халық санындағы үлесі:
Халықаралық статистикада жұмыспен қамтуды анализдеудің бастапқы көрсеткіші болып халықтың экономикалық белсенділік деңгейі табылады, яғни экономикалық белсенді халық санының жалпы халық санындағы үлесі:
Жұмыспен қамту қатынастары экономикалық, демографиялық және әлеуметтік процестерге негізделеді. Жұмыспен қамтудың экономикалық мағынасы - жұмысшының өз еңбегімен өз талаптарына жауап беретін жағдай туғызу және қоғамдық еңбектің тиімділігінің өсуіне өз септігін тигізу мүмкіндіктерінен көрініс табады, әлеуметтік - тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға көмектеседі. Жұмыспен қамтудың демографиялық мағынасы халықтың жас-жыныстық ерекшеліктері және т. б. оның құрылымдарының арасындағы байланысқа негізделеді. [33, 35]
Экономикалық теория мен практикада жұмыспен қамтудың тиімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесі жасалынған. Әдетте көрсеткіштердің төрт тобы пайдаланылады. Бірінші топ - қоғамның еңбек ресурстарын қоғамдық пайдалы шараларға қатысу белгісі бойынша бөлу пропорциясы. Екінші топ - еңбекке қабілетті халықтың қоғамдық шаруашылықта жұмыспен қамтылу деңгейі. Бұл көрсеткіш экономикалық тұрғыдан, бір жағынан, қоғамдық шаруашылықтың жұмысшыларға қажеттілігін, екінші жағынан, халықтың жұмыс орындарына қажеттілігін көрсетеді. Үшінші топ - жұмысшыларды халық шаруашылығының салалары бойынша тарату құрылымы.
Төртінші топ - бұл жұмысшылардың кәсіби-мамандық құрылымы. Ол жұмысшыларды кәсіби-мамандық топтары бойынша таратуды және экономиканың кәсіби жұмысшыларға қажеттілігіне сай кадрларды дайындау жүйесінің реттелу деңгейін көрсетеді.
Жұмыспен қамтудың түрлері мен формалары келесідей бөлінеді:
- Өнімді жұмыспен қамтылу;
- Әлеуметтік-пайдалы жұмыспен қамтылу;
- Толық жұмыспен қамтылу;
- Рационалды жұмыспен қамтылу;
- Тиімді жұмыспен қамтылу;
- Көрінбейтін жұмыспен қамтылу;
Осы жұмыспен қамтылу түрлері шеңберінде оның келесі формаларын айырады:
- Жарым-жарты
- Уақытша жұмыспен қамту;
- Икемді жұмыспен қамту;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz