Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы түсінік
2. Шағын бизнес субьектілерінің қаржысының мәні мазмұны
1.3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы

2. Шағын кәсіпорындардың қаржылық жағдайн талдау (Анка-строй ЖШС
мысалында)
2.1 А Қаржылық шаруашылық қызметіне сипаттама
2.2 АНКА-СТРОЙ ЖШС КӘСІПОРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ПОТЕНЦИАЛЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.3 Анка-строй ЖШС кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
2.4 Анка-строй ЖШС төлем қабілеттілігін, өтімділігін іскерлік
белсенділігін талдау және рентабельділігін талдау

3.1 Шағын кәсіпкерліктің қаржысын қалыптастыру және тиімді пайдалану
проблемалары
3.2 Шағын бизнес субьектілерін қызметін дамыту жолдары
Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің бәсеке қабілеттілігін талдау

3
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ?

Қорытынды

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Қазақстан өз дамуының жаңа белестеріне көтерілді. Еліміздің бәсекеге
қабілетті 50 елдер қатарына кірудегі кәсіпкерлікті одан әрі дамыту
алдымызда тұрған ең үлкен мақсаттарымыздың бірі болып саналады.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасының тірегі әрі халық
дәулетін еселейтін тіршілік көзі деп айтуымызға толық негіз бар. Жаңа
негізде шаруашылықты дамыту үшін бәсекелестікті жандандыруда шағын
кәсіпкерліктің едәуір әлеуетінің елеулі мәні бар. Біз Қазақстанды жоғары
өмір стандарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып келе жатқан мемлекеттердің
біріне айналдыру керек. Бүгінгі әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50
мемлекеттің қатарына кіру міндетін орындауға бүкіл еліміз жұмылып
отырғанда, бұл тұрғыда тиімді бағдарламалар жасалып, іс-қимыл жоспарлары
түзілген. Оның шешілуі экономиканың барлық саласы мен қызметтеріне қатысты
болады.
Шағын кәсіпкерлік қызметі қазіргі кезде елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
мемлекеттік саясатының бір саласы болып табылады. Ол: Кәсіпкерлік – кемел
келешек кепілі демекші, біздің кәсіпкерлер Отанымызды осы замаңғы
өркениетті елдер қатарына кіруде өз үлестерін көптеп қосуда.
Елімізде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға жан-жақты шаралар
қабылдануда. Еліміз кәсіпкерлердің арқасында көркейсе, кәсіпкерлер
мемлекеттің қолдауымен көтерілуде. Шағын кәсіпкерлік халық шаруашылықтың
дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, жұмысбасты халық санының
артуына әсер етеді. Кәсіпкерліктің дамуы өндіріс пен нарықтың дамуына
қозғаушы күш болып табылады.
Шағын кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың маңызды элементі, онсыз
мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу
қарқындарын, жалпы ұлттық өнімінің құрылымы мен сапасын анықтайды. Бұл
сектор өзінің мәні бойынша нарықтық инфрақұрылымның шешуші элементі болып
табылады.
Шағын кәсіпкерлікті экономикалық-статистикалық талдау оны мейлінше
Қазақстан Республикасында дамыту мәселелерін шешуге көмектеседі. Бұл
мәселелердің маңыздылығын ескере отырып дипломдық жұмыстың мақсаты
кәсіпкерліктің мәнін, оның жетістігін мен кемшілігін, қазіргі жағдайын,
тенденциясын және даму жолдарын, аймақта шағын кәсіпкерлікті зерттеудің
қазіргі тәртібін қарастыру, шағын кәсіпкерлік субъектілерінде есеп
жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру.
Бұл жұмыста мақсатпен тығыз байланыста болып келесі міндеттер қойылған:
- шағын кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық аспектерін ашу;
- оның нарық шаруашылығы үшін маңыздылығын анықтау;
- Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы
мен реттеу үрдісінің ерекшіліктерін қарастыру;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерін зерттеу;
- аймақта шағын кәсіпкерлікке талдау жүргізу;
- аймақта шағын кәсіпкерліктің даму барысына қолдау жасау шараларын
қарастыру;
- шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру жолдарын іздеу.
Осы жұмысты жазу барысында келесі материалдар: Қазақстан
Республикасының Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы 1999 жылдың
19 маусымындағы Заңы, сонымен қатар отандық, рессейлік және шетелдік
экономистердің ғылыми еңбектері қолданылды.
Қозғалып отырылған мәселелерді толығырақ қамту үшін материалдарды
баяндауда нормативтік құжаттар, ғылыми әдебиеттері және кезеңдік басылымдар
мен статистикалық жинақтың мәліметтері, графиктер, кестелер, суреттермен
қосақтала беріледі.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні
Кәсіпкерлік феномені ерте кезден бері әлеуметтік-экономикалық ғылымның
назарын аударуда. Кәсіпкерлік әр түрлі елдерде әр түрлі адамдармен 800
жылдың көлемінде әрқалай түсіндірілді. Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлік
мәнінің бірдей түсінігінің болмауы, оны экономистер, философтар,
социологтар және құқықтанушылар әртүрлі талқылайды.
Нарықтық экономиканың белсенді өкілдерінің бірі – кәсіпкерлер.
Кәсіпкер ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисті
Ричард Кантильон енгізді және келесідей анықтама берді: кәсіпкер – тәуекел
шартында қызмет ететін адам. Кәсіпкер заңмен тиым салынбаған кез келген
шаруашылықтық қызметпен айналысады, сату-сатып алушылық, кеңестік,
коммерциялық делдалдықты енгізе отырып, құнды қағаздармен операциялар
жүргізеді. Кәсіпкер өз қызметінде пайда алу мақсатында қоғамдық игі істерді
атқара отырып, жеке даралық табыстылықты қамтамасыз ету комбинациясын іске
асырады. Бұдан кейінірек француздың белгілі экономисті Ж. Б. Сэй Саяси
экономиканың трактаты атты еңбегінде кәсіпкерлік қызметінің анықтамасын:
өндірістің үш факторының – жер, капитал мен еңбектің қосындысы деп берді.
Кәсіпкерлік нарықтық экономикада шаруашылық қызметінің маңызды түрі.
Оның рөлін А. Смит былай деп бағалаған болатын: Кәсіпкер өзі үшін
ұтымдылық жағдайды көздегенмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді.
Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықта ұйымдастырудың түрі ретінде
анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.
Батыс елдерінде қазіргі кәсіпкерлік негізінде жаңа мүмкіндіктерді
әрдайым іздестіру, инновацияларға бейімделу, қойылған міндеттерді шешу үшін
әр түрлі көздерден ресурстарды қатыстыру және қолдана білу іскерлігі жатқан
шаруашылық жүргізудің ерекше, жаңашыл стилі. Американдық ғалым Р.С.
Ронстадтың пікірі бойынша, кәсіпкерлік – бұл байлықты өсірудің өсіңкілік
процессі. Байлық өз ақшасын, мүлкін, карьерасын ең көп тәуекел ететін, өз
ісін құруға уақытты аямайтын, сатып алушыларға жаңа тауар немесе қызмет
көрсетуді ұсынатындармен құралады.
Экономиканың тұрақты болуы және бәсекелес сипатының қалыптастырудың
басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы
кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
- кәсіпкелік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен
құқықтығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау,
өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау,
өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына
жұмсау;
- кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге
тәуекелдікті қажет етеді. Қабылданған шешімдерге деген
жауапкершілік болмайтын болса, онда кәсіпкерліктің де болмағаны;
- кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциалық табысқа жету бағдарын
ұстануы, экономикада қажетті нарықтық құрлым орнатумен
байланысты. Яғни кәсіпкерліктің дамуы үшін оның құқықтық базасы,
әлеуметтік-экономикалық шарттары қолдануы қажет.
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір
белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама,
дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын
алар жері ең алдымен кәсіпорын болып табылады.
Сонымен, кәсіпкерлік – жаңа мүмкіндектері іздеу, жаңа технологияны
пайдалану, капиталды жұмсаудың тиімді салаларын іздеу, ескі ойлау
шеңберінен шығу. Басқаша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып, дамыту,
тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру
құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларлы жаңарту және өркендету. Мұндай
өзгерістердің түрлері әр-алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескі
кәсіпорынды қайта құру, байланыстардың жаңа түрлерін ұйымдастыру немесе
ескілерін жою, модификациялау әрекеттерімен байланысты. Демек, нақты өмірде
кәсіпкерліктің объектісі – новаторлык, жаңашылдық мағынадағы ерекше өндіріс
және айырбас пен бөлудің түрлі факторларын жүйелеу болып табылады.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол шағын және жеке
кәсіпкерлік.
Шағын кәсіпкерлік – бұл мемлекеттік органдар және басқа да өкілетті
ұйымдар көрсеткіштерімен, заңмен бекітілген анықтама негізінде нарықтық
экономика субъектілерімен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет. Әлемдік
және отандық тәжірибе көрсеткендей әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы
кәсіпорындарды шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде анықтайтын негізгі
критерийлерге, бірінші кезекте, есепті кезенде кәсіпорында жұмыспен
қамтылған жұмыскерлердің орташа саны жатады.
Бірқатар ғылыми еңбектерде шағын кәсіпкерлік – бір меншік иесімен
басқарылатын кәсіпорындағы аз ғана топтың жұмыс істеуі деп түсіндіріледі.
Негізінде шаруашылық қызмет субъектісін шағын кәсіпкерлік субъектісіне
жатқызу кезіндегі өте маңызды көрсеткіш болып персонал саны (жұмыспен
қамтылған жұмысшылар), жарғылық капитал қоры, актив мөлшері, айналыс көлемі
(табыс, кіріс) табылады. Әлемдік банк мәліметтері бойынша кәсіпорындарды
шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызатын көрсеткіштер саны 50-ден жоғары.
Бірақ көп қолданылатын көрсеткіштер келесілер болып табылады: кәсіпорында
жұмыспен қамтылған жұмыскерлер саны, жыл сайынғы айналым, актив мөлшері.
Бірақ барлық дамыған елдерде кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектісіне
жатқызудың негізгі көрсеткіші жұмыскерлер саны болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік
субъектісіне жатқызудың негізгі критерийлерге мысал келтірейік. Сонымен,
Ұлыбританияда, мысалы, шағын кәсіпкерлікті анықтау жұмыскерлер саны мен
айналым мәліметтеріне сүйенеді. Өте шағын кәсіпорындарға 1-24 адамға
дейінгі жұмысшылары бар фирмалар жатады, шағын кәсіпорындарға 24 тен 99-ға
дейінгі жұмысшылары бар фирмалар жатады. Орташа жұмыспен қамтылған
жұмыскерлер саны – 50 адам.
Шағын кәсіпкерліктің маңызы өте жоғары Жапонияда жеке кәсіпорындарды
жетіге бөліп қарастырады (1-4, 5-9, 10-29, 30-49, 50-99, 100-299 және 300-
499), яғни заң бойынша шағын кәсіпорын болып – өнеркәсіпте, құрылыста,
көлікте, байланыста, коммуналдық шаруашылықта 300-ге дейін жұмыскерлері бар
заңдық жеке кәсіпорындар танылады.
Еуропада шағын кәсіпкерлік деп – 200 жұмыскер бар, орта деп – 200-500
дейін жұмыскерлер бар кәсіпорындар танылады. Ірі топтастырулар Германияның
статистикалық мәліметтерінде кездеседі (20-49, 50-99, 100-199, 200-499).
Венгрияда осындай шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандардың саны 350-
адамнан аспауы қажет, ал Болгарияда – 50 адамды құрайды.
Францияда шағын кәсіпорынға жұмыспен қамтылғандар саны 500 аспайтын
және қортынды балансты жабу сәтінде жылдық айналым 200 000 000 франктен
төмең болмауы қажет. Сонымен қатар әр түрлі экономика салаларында фирма
мөлшері әр түрлі бағаланады. Егер ауыл шаруашылығында және тамақ
өнеркәсібінде – 200 адам жұмыспен қамтылған болса, онда ол шағын
кәсіпкерлікке жатқызылады.
АҚШ-та small business түсінігіне жұмыспен қамтылғандар саны 100-ден
аспайтын ұсақ фирмалар кіреді. Бұл фирмаларға жеке меншік, аз топ толғалар
меншігі (серіктестік), корпоративтік меншік (акцияның көп бөлігін
ұстанушының жоғары категориясы иемденеді) тән. Мысалы, Мак Греухилл
компаниясында 50 жұмысшыға дейін жұмыс істейтін кәсіпорынды шағын
кәсіпорындарға, 100-ге дейін – орта, ал 100-ден жоғары және одан да көп –
ірі кәсіпорындарға жатады.
Анықтаманың сапалық нұсқалары бірнеше сандық көрсеткіштермен
қосымшалауға болатын сапалық критерийлерді қолдануды қарастырады. Бірақ
мұндай көзқарас та субъективті талқылаулар мен тәжірибеге сүйенеді, және
индуктивтік тән компаниялар айырымына акцент жасалады. Сонымен бірге
әсерлесу немесе ықпал ету нәтижесі мөлшерінің фирма қызметінің сипатына
әсерін қарастыру арқылы кәсіпорындардың шағын, орта, ірі мөлшерін
анықтау мүмкіндігі жасалады.
Жоғарыда келтірілген анықтамалардан шағын кәсіпкерліктің бір қатар үлкен
артықшылықтары бар екендігін және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін
маңызды фактор болып табылатындығын көрсетті. Үлкен емес кәсіпорындардың
көп санын құру жұмыссыздық мәселесін әлсірете алады, дұрыс бәсекелік орта
құра алады, қаржы нарығын жандандыра алады, халықтың сатып алушылық
қабілетін жоғарлата алады және бар нарықтың дамуы мен кеңеюін қамтамасыз
ете алады.

Мысал ретінде Голландия экономисті Ван Хорнның анықтамасын қарастыруға
болады. Шағын кәсіпорындардың стратегиялық болжау ерекшіліктерін талдағанда
ол шағын кәсіпорындарға тән 5 қасиетті атап көрсетеді:

- өндірілетін өнімнің қатысты аз саны (технология, қызмет, ноу-
хау);
- салыстырмалы шектелген ресурстар мен қуат (капитал, адамдар және
тағы басқалары);
- компанияның стратегиялық жағдайын болжау және бақылау үшін қажетті
басқарудың, әкімшілік процедуралардың, технологияның дамыған
жүйесі;
- менеджменттің жүйесіздігі, тренингтік және оқыту бағдарламаларына
формалды емес қатынас;
- басты басқару орындары мен акцияның көбісі кәсіпорындардың негізін
салушылармен және ұстаушыларымен ұсталады.
Осы критерийлер негізінде Ван Хорн Нидерландыда орта кәсіпорын деп 50-
ден 500-ге дейін жұмыскері бар және 1 миллионнан 33 миллион фунт стерлинг
айналымы бар кәсіпорынды атауды ұсынады.
Экономикалық анықтамаға сәйкес шағын кәсіпорынға келесі шарттарды
қанағаттандыратын кәсіпорындар жатады:
- кәсіпорынның нарықтық кеңістікте қатысты кішкене үлесі бар;
- кәсіпорынның иемдеушісі бар адам басқарады;
- кәсіпорын тәуелсіз деп саналады (ірі кәсіпорынның бір бөлігін
көрсетпейді).
Батыс елдердегі мамандардың арасында шағын кәсіпкерлік анықтамасының
мәселесі бойынша дебаттар әлі де аяқталмаған, ал Қазақстанда олар енді
басталып жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Шағын кәсіпкерліктің дамуын
жеделдету және мемлекеттік қолдау шараларын күшейту туралы өкімді
қабылдағанға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілердің арнайы статусы болған
жоқ. Республикада шағын кәсіпкерлік субъектісін анықтайтын критерийлер
болмағандықтан және осы көрсеткішті насихаттайтын заңның қабылдануы
кешіктірілгендіктен шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды көрсету
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен 1997 жылдың сегізінші
сәуірінде №499 қаулы қабылданды. Ол қаулыда шағын кәсіпкерлік түсінігі,
жұмысшылар саны мен шағын кәсіпорындардың жалпы активтер құнының шегі
көрсетілді. Бұл қаулымен алғашқы рет Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің
статусы анықталды.
Шағын кәсіпорындар деп жоғары қаржы-шаруашылық тәуелсіздікке ие,
салыстырмалы жоғары емес шаруашылық айналымы және өз шаруашылық
бөліністерін тез қайта құруға мүмкіншілігі бар кәсіпорындарды айтуға
болады.
Шағын кәсіпкерлік дегеніміз – барлық экономика саласында кәсіпкер
ретінде тіркелген жеке тұлғалармен, сонымен қатар тұрақты сандық және
сапалық көрсеткіштермен анықталатын кез келген ұйымдық-құқықтық формадағы
кәсіпорындармен жүзеге асырылатын қызмет түрі болып саналады. Мемлекет
кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қолдаумен қорғауды
қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Шағын кәсіпкерлікті қолдау
туралы Заңға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері болып кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын, орташа жылдық жұмыскерлердің саны 50 адамнан
аспайтын және активтердің жалпы құны жылына 60 мың еселік айлық есептік
көрсеткішті құрайтын кәсіпорындар саналады.
Шағын кәсіпкерліктің дамуынан келесі мәселелер шешімін табады:
- қоғамдық қажеттілктерді толық қанағаттандыратын бәсекелестік және
нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
- тауар ассортиментінің кеңеюі, қызмет көрсетуді жетілдіру, оның
сапасының жоғарлауы;
- экономиканың құрылымдық қайта құру ықпалы;
- өндіріс пен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға бейімделуі;
- жеке қаражаттың өндірісті дамытуға жұмсалуы;
- қосымша жұмыс орындарының пайда болуы, жұмыссыздық деңгейінің
төмендеуі;
- адамның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
- еңбекке қоғамның жекелеген кейбір топтарын тарту;
- жерді, шикізат қорын және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану;
- мемлекеттен тиімділігі және табысы аз кәсіпорындарды сатып алу
немесе қолға алу.
Шағын кәсіпкерліктің осындай және басқада әлеуметтік-экономикалық
функциаларын дамыту мәселелерін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына
жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға
мүмкіндік береді.
Нарықтық экономиканың субъектісі ретінде шағын кәсіпкерліктің
артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Шетелдік және отандық шағын
кәсіпкерліктің сипатын зерттей отырып, келесі артықшылықтарды көрсетуге
болады:
- жергілікті жерде шаруашықты жүргізу жағдайына тез бейімделу;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекет жасаудағы тәуелсіздігі;
- шешімдер қабылдауда және оны іске асыруда бейімділік пен
оперативтік;
- салыстырмалы түрде аз шығындар, әсіресе басқаруға жұмсалатын;
- жеке тұлғаның өз идеяларын іске асыруда зор мүмкіндіктері,
кәсіпкерліктің дамуы;
- қорға деген аз сұраныс, өнімге және өндіріске өзгерістерді тез
еңгізу мүмкіндіктері;
- капитал айналымының жоғары болуы.
Шағын кәсіпкерліктің бірқатар кемшіліктері де байқалады. Олар:
- тәуекелдің жоғары болуы;
- нарықтаға тұрақсыздықтың жоғары деңгейі;
- ірі кәсіпорындарға тәуелді болуы;
- басшылық біліктілігінің төмеңгі деңгейі;
- қаржы ресурстарын тартудағы қиындықтар.
Кәсіпкерлік – осы қызметке барлық қатысушылар үшін өзара пайдалы
нәтижелер мен табыстарға жету мақсатында жеке меншік және басқа қаражат пен
мүліктің есебінен, қауіп-қатермен жасалатын бастамашылық шаруашылық
қызметі. Кәсіпкерлік дәрежеде өзіндік, өтімділік, бастамашылық белсенді
іздестіру, динамикалық, мобильділік тәрізді белгілермен сипатталады. Осының
бәрі жинақталып келіп, экономикалық қызметке тән болуы керек. Кәсіпкерлік
қызметтің жалпыға тән түрлі әрекет етуге бейім әрі нақты қабілеті, білімі,
жұмыс істеу шеберлігі бар кез келген азамат кәсіпкер бола алады.
Басқа коммерциялық емес құрылымдардан кәсіпкерлік қызметтің айрықша
ерекшелігі кіріспен шығындар арасындағы айырмашылық ретінде пайда табуға
болады. Пайда табуға жеке жұмыс істейтін, шаруашылық есептегі барлық
кәсіпорындар бағытталған. Кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыруға түрткі болатын
фактор, яғни өндіріс факторлары мен ресурстарын ұтымды пайдалану, өндірісті
дамыту мен қалыптастыру, кәсіпкерлік қызмет өнімін жасау және нарыққа
шығару, тиімді коммерциялық байланыстар және басқашаралар жасау, қысқаша
айтқанда пайда түсіру.
Кәсіпкерлікті төрт айқын сатыдан құрылатын процесс ретінде қарастыруға
болады:
- жаңа идеяларды іздестіру және бағалау. Идея құндылығының өзектілігі пен
потенциалы қарастырылады; жаңа идеяның кәсіпкердің мүдделері жеке
қасиеттеріне қаншалықты мүмкіндік жасайтының бағалау; бәсекелестердің
өнімімен салыстырғанда жаңа өнімнің артықшылықтарын бағалау.
- бизнес жоспар жасау. Бизнес жоспарға нарықтың сигментін оның өлшемін және
негізгі сипаттамаларын; өндіріс жоспарын, қаржы жоспарын, маркетинг
жоспарын және басқаларды суреттеу жатады. Жақсы жасалған бизнес жоспар
идеяны нәтижеге айналдыру құралы ғана емес, сонымен бірге қажет ресурстарды
дәл бағалау құжаты және басқару стратегиясын, инвестицияларды тарту құралын
дұрыс таңдау құжаты болып табылады.
- қажет ресурстарды іздестіру. Бұндай ресурстарды анықтау және іріктеп
таңдау: қаржы, еңбек, өндірістік және басқа; аз шығындармен қажет
ресурстарды дер кезінде тарту.
- құрылған кәсіпорынды басқару. Бұл саты нақты басшылық жүргізу стилін
жасаудан, ұйымдастыру құрылымын құрудан, табысқа жету факторын анықтаудан
әлсіз тұстарды анықтаудан және ол үшін құрылған бақылау жүйесінің көмегімен
оларды жеңуден тұрады.
Кәсіпкер өндіріс тиімділігін дамыту және жоғарлату жолдарын, жұмыс
сапасын жақсарту, кәсіпорнының пайдасын ұлғайту және осы кәсіпкерлік
қызметтің табысты жұмыс істеуіне және дамуына жету жолдарын іздеп табады.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметі бірнеше кезеңнен өтті:
1. 1980-1991 жылдар аралығында ҚР-да кәсіпкерлік қызмет өзінің басын
КСРО кезіндегі қайта құру кезеңнен бастады. Сол кезде елімізде жеке
еңбектік қызмет туралы, кооперация туралы, бірлескен кәсіпорындар туралы,
заңдар қабылданды. Осы кезде мемлекет тарапынан бірнеше жеңілдік шаралары
қолданылды. Осының арқасында экономикада бөлшек сауда орындары, қоғамдық
тамақтандыру туралы өнімді өндеу кәсіпорындары сияқты кооперативтік
қозғалыстар күрт дамыды. Елімізде тауар тапшылығы жойыла бастады яғни
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметінің фундаменті кооперативтер құруды деп
атады. 80-шы жылдың аяғында 90-шы жылдың басында кооперативтердің саны 20
мыңға жуық болды. Ондағы жұмыс істейтің жұмысшылар саны 300 мың адам
шамасында болды. Осы аралықта кооперативтер жалпы тауарлар мен көрсететің
қызметің ¼ бөлігін астамын жүзеге асырды.
2. 1992-1994 жылдар аралығында. Бұл аралықта шағын кәсіпкерліктің
жоғары қарқынды дамуымен сипатталады. 2-ші кезеңде шағын кәсіпкерлік 3,4
есе, ауыл шаруашылық секторы 3,1 есе, нарықтық қызметің қамтамасыз ететің
жалпы комерциялық білім беру 2,8 есе өсті. Осы аралықта материалдық өндіріс
аясындағы шағын кәсіпкерліктің саны күрт төмендеді. Осы кезеңдегі сауда мен
делдалдық қызметтің дамуына себеп болған ҚР Үкіметінің жаңа да енгізілген
салық туралы заңы. Шағын кәсіпкерліктің жалпы табысының 70-80 % мемлекет
салық түрінде мәжбүрлеп алып отырған. Осындай қиыншылыққа қарамастан
Қазақстанда биржалар, банктер, сақтандыру компаниялары, жеке және жартылай
мемлекеттік акционерлік қоғамдар ашыла бастады. Үкімет фермерлер
шаруашылықты салықтың барлық түрінен босатты және шаруа қожалығы туралы заң
қабылданды. Сондықтан 1992-1994 жылдар аралығында шаруа қожалықтардың саны
16,3-22,3 мыңға дейін өсті.
3. 1995-1997 жылдар аралығы. 1995 жылдан бастап нарықтық жүйенің
заңдары жетілдірілген түрде әрекет ете бастады. Экономикада бәсекелестік
орта қалыптасып нарықты экономика толық қалыптасып жетілдіре бастады. 1997
жылы ҚР Президентінің Шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауды белсендірумен
күшейту туралы өкімі шықты. Онда мынандай шаралар жүзеге асырылды:
1. Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік институттар құрылды.
2. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңдар қабылданып
оларға түзетулер енгізілді.
3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры ашылды.
4. Кәсіпкерлік субъектілерді несиелендіру үшін 2-ші деңгейдегі
коммерциалық банктер несиенің минималды мөлшерін 10%-ға төмендетті.
5. Тек бақылаушы және тексеруші мемлекеттік органдармен құнды қызмет
көрсету инстанциялардың саны қысқартылды.
Жеке кәсіпкерліктің қалыптасуы негізінен мынандай 2 жолмен асырылады:
1. Жеке капитал немесе мемлекеттік меншіктің қолына беру жаңа
кәсіпорындарашу арқылы.
2. Жекешелендіру арқылы. Жекешелендіру дегеніміз – объектілер
мемлекеттік меншікте меншіктің басқа коллективтік акционерлік және жеке
формаларға берілуі. Жекешеліндірудің негізгі мақсаты болып бәсеке қабілетті
нарықтық қатынастарын дамыту, өндірістік және табиғи ресурстарды
орналастыру мен пайдалануды тиімді жүзеге асыру жүйесі.
Жекешелендіру Қазақстанда 3 кезеңнен өтті:
1. 1991-1993 ж.ж.
2. 1993-1995 ж.ж.
3. 1996-1998 ж.ж. (1996-2000ж.ж.).
Қазақстанда 1991 жылдан бастап мынандай 3 бағытта жүргізілді:
1. Жеке жоба бойынша тұрғызылған ірі және ерекше мүлікті кешендерді
жекешендіру.
2. Орта кәсіпорындарды жаппай жекешендіру.
3. Аукциондар арқылы жүзеге асырылатың шағын жекешендіру.
Осыған байланысты елімізде жекешендіруге жататын бүкіл кәсіпорындар 3
топқа бөлінді:
1. Ірі кәсіпорындар, жұмысшылар саны 5 мыңнан артық.
2. Орта кәсіпорындар, жұмысшылар саны 200-ден-5 мыңға дейін.
3. Шағын кәсіпорындар, жұмысшылар саны 200 адамдарға дейін.

1.2 Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы түсінік

Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерінің орташа жылдық
саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны ішінде алпыс мың
еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлікпен айналысатын
заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Шағын
кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының қолданып жүрген
заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асырады.
Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкер, сондай-ақ мынандай ұйымдық-
құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар:
- толық серіктестік;
- командиттік серіктестік;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
- өндірістік кооперативтер – шағын кәсіпкерлік субъектілері болып
табылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің орташа жылдық саны
барлық қызметкерлерді, оның ішінде жеке еңбек шарты бойынша, жұмысты қоса
атқару бойынша жұмыс істейтіндер, осы субъект филиалдарының, өкілдіктерінің
және басқа оқшауланған бөлімшелерің қызметкерлерін ескере отырып
анықталады. Қызметтің бірнеше түрін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік
субъектілері оған жылдық айналым көлемінде үлесі ең көп қызмет түрінің
өлшемдері бойынша жатқызылады. Егер бір немесе бірнеше шағын кәсіпкерлік
субъектісінің өлшеміне сай келетін шаруашылық серіктестігін құрған жағдайда
құрылатын субъектінің жарғылық қорындағы олардың үлесі 25%-дан аспауы
керек.
Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғаларды:
- есірткі құралдары, психотпроптық заттармен прекурсорлардың
айналымымен байланысты қызметті;
- акцизделетін өнімдерді өндіру немесе көтерме саудамен айналысатын
(алтыннан, күмістен, платинадан жасалған зергерлік бұйымдар
өндіруден басқа);
- ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;
- стандарттау, метрологияны, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны
басқару саласындағы қызметті;
- банктік қызметті және сақтандыру нарығындағы (сақтандыру агентінің
қызметінен басқа) қызметті;
- бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті жүзеге асыратын заңды
тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері деп тануға болмайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері ҚР Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау туралы Заңының үшінші бабының бірінші тармағында берілген
ережелерден асып кеткен жағдайда жеке және заңды тұлғалар Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден айырылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі. Шағын кәсіпкерлік
субъектілері ортақ мүдделерді және әрбір шағын бизнес субъектісінің
мүдделерін білдіру мен қорғау, шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін мейлінше
қолайды жағдайларды, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатымен
Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен салалық салааралық,
аумақтық белгілері бойынша сауда-өнеркәсіп палаталарын, қоғамдық
бірлестіктер құруға құқылы.
Заңды тұлғалар – шағын кәсіпкерлік субъектілері қауымдастық (одақ)
нысанында бірлестіктер құра алады. Жеке тұлғалар – шағын кәсіпкерлік
субъектілері қоғамдық бірлестіктер құра алады.
Кәсіпкерліктің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер мен
қауымдастықтардың кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу фактілеріне жол
бермеу мақсатында:
- нормативтік құқықтық актілердің кәсіпкерлік құрылымдардың қызметіне
ықпалына тәуелсіз құқықтық сараптама жүргізуге;
- құқық қорғау және бақылау органдарына кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға
кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы материалдар енгізуге;
- кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
жүйесін дамытуды қамтамасыз етуге;
- шағын кәсіпкерлік субъектілердің мүдделеріне қысым жасаған мемлекеттік
органдардың іс-әрекетіне сот органдарына шағымдану;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шағын кәсіпкерлікті әлеуметтік-
экономикалық дамытудың аймақтық бағдарламасының жасауға қатысу.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін кепілдіктерге тоқталып қалсам.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шаруашылық қызметіне негізсіз
араласуға жол бермеу кепілдіктері:
1) бақылау және қадағалау міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік
органдар шағын кәсіпкерлік субъетісінің қызметіне тек сот тәртібімен ғана
тййым салуы немесе оны тоқтата тұруы мүмкін.
2) шағын кәсіпкерлік субъектісінің қаржы–шаруашылық қызметін уәкілетті
мемлекеттік органдар жылына бір реттен жиі тексермейді.
3) адам саны 10-нан аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектілері, салық
органдарын қоспағанда, сондай–ақ қылмыстық істер қозғалғаннан басқа
жағдайларда, мемлекеттік бақылаушы органдар тарапынан ең жиі дегенде үш
жылда бір рет тексерілуі мүмкін.
4) мемлекеттік бақылау органдарының тексеру жүргізетін қызметкерлері
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олар қатаң есептілік бланкілеріне
ресімделген арнайы нұсқаманы көрсеткен жағдайда ғана тексеруді жүзеге
асыруға міндетті.
5) тексерулер жүргізген кезде мемлекеттік бақылаушы органдардың
қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне тексеру жүргізу туралы негіздемені көрсетуге және шағын
кәсіпкерлік субъектісіндегі Келушілерді есепке алу кітабына тексеру
жүргізілгендігі туралы белгі қоюға міндетті.
6) лауазымды адамдардың еркін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға
мүмкіндік бермеуге әкеп соғатын іс - әрекеттер жауапқа тартылады.
7) мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектісіне келтірген
зиянының оның ішінде қолдан шығарып алған пайданың орнын осы органдар
толтыруға тиіс.
Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілерін төрт топқа бөліп қарастыру
көзделген:
- бірінші топ: шығындардың артуы және табыс салығының төмендеуі -
кәсіпорындардың дамуы мемлекеттің фискальдық қызметіне зиян келтіре отырып
іске асуда.
- екінші топ: шығындардың азаюы және табыс салығының артуы. Мұндай жағдайда
қажетті түрде қосымша зерделеуге байланысты басқа да белгісіз факторлардың
әсері байқалады.
- үшінші топ: шығындар мен салықтар көтеріледі. Мұндай жағдайда
кәсіпорындардың мемлекеттік фискалдық мүдделері әлі баланстық тепе-
теңдігін таба алған жоқ. Табыс салығы ставкасының қосымша өзгерістері
экономикалық қызметтін осы түрінде олардың төмендеуі жағына қарай жүруі
керек.
- төртінші топ: салықтар мен ставкасы азаяды. Осы жағдай сондай–ақ
табылмаған факторлардың әсерімен байланысты, сондықтан да қосымша
зерттеулердің қажет етеді.
Аталған осы тәртіппен: бірінші топқа ауыл шаруашылығы, аңшылық және
орман шаруашылығы, балық, балық өсіру шаруашылығы, сусындар өндіру, тері,
тері өнімдері мен аяқ киімдер өндірісі, ағаш өндеу және ағаштан бұйымдар
жасау өндірісі, мұнай өнімдері, машина мен жабдықтар шығару өндірісі мен
құрылыс салалары жатады.
Екінші топқа тұтастай алғанда, өнеркәсіп,соның ішінде тау-кен
өнеркәсібі, шикі мұнай мен табиғи газ өндіру, осы салада қызмет көрсету, ет
және ет өнімдер өндірісі, қағаз өндірісі, химия өндірісі және қаржы қызметі
жатады.
Үшінші топқа жататындар: уран мен торилік кендерден басқа түрлі-түсті
металл кендерін өндіру, өндеуші өнеркәсіптер, тоқыма өндірісі, сауда,
автомобиль, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдалынатын заттарды жөндеу,
жалдау және қызмет ұсыну, коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер
көрсету.
Төртінші топқа: көмір, лигнит, торф өндіру, өсімдік майлары өндірісі,
ұн-дән, крахмал мен крахмал өнімдерін өндіру өнеркәсібі, электр энергиясын,
газ бен су өндірісі мен тарату салаларын жатқызамыз.
Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің кең спектіріне таралады, олар:
өндірістік, шаруашылық, коммерциялық, сауда сатып алу, делдалдық,
инвестициялық, кеңес беру, қызмет көрсету және қаржылық деген бірнеше түрге
таралған.
Өндірістік кәсіпкерлік – бұл кәсіпкер еңбек құралдары, жұмыс күші
факторларын пайдалана отырып, тауарлар, қызметтер, жұмыстар, тұтынушыларға,
сатып алушыларға, сауда ұйымдарына әрі қарай сату үшін ақпарат өндіретін
қызмет. Сонымен, кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы – негізгі
анықтауышы болмақ. Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер мыналарды
пайдаланады: жұмыс күшін, өндірістік қорларды, материалдар мен
ақпараттарды. Сонымен қатар кәсіпкерге өз күшімен істей алмайтын қызметтер
мен жұмыстар қажет, яғни ол сырттан тұлғалар мен ұйымдарды жұмысқа тартатын
болады. Кәсіпкердің пайдасы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатудан
келген кіріс пен өндірістен бастап, оны тұтынушылардың сатып алуына дейінгі
шығындар арасындағы айырмашылық есебінен құралады.
Коммерциялық кәсіпкерлік – тауар-ақшалық, тауар-айырбаспен байланысты
кәсіпкерлік. Кәсіпкер басқа тұлғалардан әрі қарай қайта сату үшін дайын
тауарларды сата отырып, саудагер рөлінде болады. Бұл жағдайда кәсіпкердің
шығындары нарықты зерттеу мен тауарларды сатып алу, тасымалдау, сақтау және
өткізу операцияларын жүргізу үшін жұмыскерлер жалдаумен байланысты болады.
Мұндай кәсіпкерлікте тауар фактор болып табылады, ал кәсіпкердің пайдасы
тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағамен сату жолымен құралады.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше формасы, онда
сатып алу-сату заты ақша мен құнды қағаздар болып табылады. Оны кәсіпкер
сатып алушыларға сатады немесе несиеге береді. Қаржылық кәсіпкерлік
ақшаларды, валюталарды, құнды қағаздарды потенциалды сатып алушылар туралы,
валютаның бағамы, несиелік пайыз туралы, қаржы-несие операцияларын жүзеге
асыру жағдайы және оларды рәсімдеу тәртібі жайлы, кәсіпкерге қажет
ресурстардың көзі туралы ақпарат алуды талап етеді. Кәсіпкердің пайдасы
өзара пайызбен қаржы ресурстарын сату, үстеме капитал алу нәтижесінде пайда
болады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі кәсіпкердің нақты ақыға күтпеген бақытсыздықтың
салдарынан дүние мүлікті, құндылықтарды, өмірінен айырылудан сақтандырушыға
өтем ақы төлеуге кепілдік береді. Кәсіпкер сақтандырушыдан сақтандыру
жарнасын алады, оны сақтандыру оқиғасы болған жағдайда қайтарады. Осындай
оқиғаның бөлу ықтималдығы шамалы, онда жарнаманың талғам бөлігі кәсіпкерлік
кірісті құрайды.
Кәсіпкерлік қатысушы жеке меншік иелерінің санына байланысты келесі
формаларға бөлінеді жеке және ұжымдық. Кәсіпкерліктің бұл формалары өз
кезегінде заңнамалық актілермен реттелетін, кісіпорнының нақты ұйымдастыру-
құқықтық формасының шеңберінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерік қызметін
ұйымдастыру формасы кәсіпорындағы серіктестер арасындағы ішкі қатынастар
мен мемлекеттік органдармен және басқа кәсіпорындармен қатынастардан
тұратын нормалардың нақты жүйесі түрінде болады.
Кәсіпорын түрінде заңды тұлға құрмаған жеке формалар бастамалық жеке
кәсіпкерлікке жатады.
Жобаны жүзеге асыру үшін жеткілікті ресурстарға ие және шешімдерді
қабылдау процесін бақылауға бейім материалдық және заңдық жауапкершілікке
толық дайын индивидуим фирма қожайны бола отырып, жеке кәсіпкерлік формасын
қалайды.
Жеке кәсіпкерлік жағдайында капитал тарту қожайынның жеке қаражатынан
қаржы бөлуге негізделген. Кәсіпкер жеке меншікті қоса отырып, өзінің барлық
міндеттері бойынша жауапты болады. Жеке кәсіпкерлік өндірістік секторда
шамалы орын алады.
Ұжымдық кәсіпкерлікте жеке меншік әр қайсысының үлесін аңықтаумен
немесе үлесін анықтаусыз бір уақытта бірнеше субьектілерге қатысты болады.
Оған мыналар жатады: серіктестік, акционерлік қоғамдар, кооперативтер.
Серіктестік екі немесе одан көп серіктердің қатысуымен құрылады.
Серіктестіктің артықшылықтары қосымша капитал тарту мүмкіндігі және әрбір
серіктестік білімімен шеберлігінің негізінде кәсіпорын ішінде
мамандандыруды жүзеге асыру болып табылады. Кемшілігі: әрбір қатысушы
қосқан үлесінің мөлшеріне тәуелсіз тең материалдық жауапкершілікте болуы;
бір серіктестік әрекеті қалғандарына міндетті болып саналуы, олар әрекетпен
келіспеседе. Серіктестіктер толық серіктестік және коммандитті серіктестік
деген топтарға бөлінеді. Коммандитті серіктестіктерден жартысы шектелмеген,
ал қалған жартысы шектелген жауапкершілікке ие болады.
Қоғамдар екеуден кем емес азаматтардың, не заңды тұлғалардың шаруашылық
қызметін жүзеге асыру мақсатында үлестерін біріктірумен құрылады.
Жауапкершілігі шектелген қоғамның қатысушылары оның міндеттері бойынша
жауап бермейді, тек оларды қосқан үлестерінің құны шегінде жауап береді.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғамның қатысушылары өздерінің барлық дүние
мүлкімен жауапты болады. Құнды қағаздар-акцияларды шығару жолымен қажет
қаражатты өзіне тартатын қоғамдар акционерлік деп аталады. Акционерлік
қоғамның қатысушылары оларға тиісті акциялардың құны шегінде оның
қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ірі кәсіпорындар шағындармен салыстырғанда кәсіпекрлік табысқа
мүмкіндіктері болады, өйткені бір қатар артықшылықтар бар. Оған мыналарды
жатқызуға болады: жаңа өте қымбат өнімділігі жоғары жабдықты пайдалану
мүмкіндігі; кең масштабты маркетингтік зерттеулер жүргізу, персоналдық
біліктілік деңгейін жоғарлату; жабдықты жүктеуді ұлғайту; ішкі мамандыру
мен біріктіруді пайдалану. Мұнда кәсіпкерлік ғылыми негізгі қойылған осы
бағытта кең масштабты жұмыс жүргізіледі.
Ірі масштабты кәсіпкерліктің артықшылықтары өнім шығаруға және әр түрлі
қызметтерді көрсетуге, ұлттық өндірушілер мен ғана емес, сонымен бірге
сыртқы нарықтағы бәсекелестермен бәсекелесуге мүмкіндік береді. Бұл өз
кезегінде кәсіпорындардың ғана емес ел экономикасында сыртқы сауда
байланысын кеңейтеді, ірі масштабты кәсіпорындарды ала отырып көптеген жаңа
жұмыс орындары құрылады, бюджетке төленетін салықтар арқылы түсетін қаражат
ұлғаяды және тұтасымен алғанда бұл процесс елдің экономикалық өсуіне
мүмкіндік жасайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік әр алуан түрде
дамуы орын алған. Қызмет түрі бойынша – өндірістік коммерциялық қаржы.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің мөлшері бойынша – шағын, орта, ірі.
Жеке меншік сипаты бойынша – жеке, біріккен. Ұйымдастыру формасы бойыншы –
жеке және ұжымдық (серіктестіктер, акционерлік қоғамдар).
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің заңнамалық негіздері 90-
жылдары құрыла бастады. Бизнестің осы түрін қалыптастыруға және дамыту
мәселелерін реттеуге бағытталған заңдар мен заңнамалық актілер қабылданған
және қолданады. Олар кәсіпкерлікті дамытудың көптеген мәселелерін қамтиды,
мысалы: шаруашылық қызметтің бостандығы жеке кәсіпкерлікті қолдау және
қорғау; шаруашылық серіктестіктердің; акционерлік қоғамдарды, өндірістік
кооперативтерді мемлекеттік кәсіпорындарды жеке кәсіпкерлікті, қожалық
шаруашылықтарды, әлеуметтік экономикалық аймақтарды дамыту; лицензиялау,
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу; шағын кәсіпорынды мемлекеттік қолдау,
азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау.

1.3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайы

Қайта құру кезеңінде Қазақстан экономикасын реформалауда шағын
кәсіпорындар шаруашылықтың жаңа жүйесін құруда басты ролді өзіне алды.
Қазіргі кезде өте қарқынды дамыған жеке сектор шағын кәсіпкерлік саласында
дамыған. Қазіргі кезде ресми мәліметтер бойынша қоғамдық, мемлекеттік,
әкімшілік, жеке шағын кәсіпорындардың жалпы санынан жеке шағын кәсіпкерлік
субъектілердің үлесі 84% құрайды. Шағын кәсіпорындар Қазақстан
экономикасының негізгі құралдар құнының 3,4% және жұмыс бастылар санының
16% иемдене отырып, ЖІӨ-нің 17% шығарады. Бұл кең, бірақ шағын
кәсіпкерліктің дамуының толық ашылмаған мүмкіндіктерін көрсетеді.
1990 жылдары ЖІӨ-нің жалпы көлемінде шағын кәсіпорындардың үлесі
тұрақты түрде жоғарылаған. Бұл – салмағы жоғары факт болып табылады.
Кейінгі бір-екі жыл ішінде шағын кәсіпкерліктің дамуында шағын
кәсіпорын санының төмендеуімен байланысты өзгерістер көрініс таба бастады.
Егер 90-шы жылдардың басында шағын кәсіпорындардың даму динамикасы үшін
тұрақты өсу мен санының артуы 80% болса, ал 1994 жылы шағын кәсіпорындар
санының өсімшесі 4% құрайды, 1995 жылы 2,2% дейін төмендеген.
Қазақстандық шағын кәсіпкерліктің даму жағдайын терең түсіну үшін жаңа
тарихтың кейбір беттерін қарастырған жөн.
Қазақстандық шағын кәсіпкерлік соңғы он жылда өз қалыптасуында үш
кезеңді басынан өткеріп, жаңа төртінші кезеңге кіру бағытында тұр. Бірінші
кезең – КСРО кезіндегі 80-ші жылдардан басталады. Мемлекеттік бюджет
есебінен көптеп бөлінген жеңілдіктер шағын кәсіпкерліктің осы кезеңің
алтын ғасырға айналдырды. Шынында да, капиталдың өте жылдам және оңай
қалыптасуы байқалды. Сонымен қатар, кең қолданыстағы тапшы тауарлардың
өндірісі және сол кездегі тапшы тұрмыстық қызматтердің, бөлшек сауданың,
қоғамдық тамақтану және т.б. көптеген өндіріс салалары дамыды. Шағын
кәсіпкерліктің дамуында тек қана негативті үрдіс болған жоқ. Қайта құру
жылдарында шағын кәсіпкерлік жалпы кооперативті қозғалыс дамуының қарқынды
үрдісі кезінде мемлекет қолдауында болды. Кәсіпкерлік түсінігін халыққа
жеткізу кооперацияның және шағын кәсіпкерліктің дамуымен байланысты болды.
Бірақ шағын кәсіпкерліктің алтын ғасыры кемшіліксіз болмады деп айтуға
болмайды. Сол кезеңде жүргізілген реформалар экономиканың қайта қалыптасуы
бағытында қатаң қарама қайшылықтарға толы болды. Орталық үкімет мемлекеттік
сектордың тіркелген бағалары және мемлекеттік емес кәсіпорындардың еркін
бағаларынан түсетін табыстарды алу мүмкіндіктерін шектеуге тырысты.
Жаңа Қазақстанның реформалары үшін жаңа экономикалық курс қажет болды.
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуында жаңа екінші кезең басталды.
1993-1995 жылдардағы естен тандыру терапиясы – 80-ші жылдардың
ортасынан басталған шағын кәсіпорындар санының қарқынды өсуі (2,1 есе) және
ондағы жұмыскерлер санының жоғарлауымен сипатталады. Осы кезеңдегі инфляция
бір жағынан халық салымдарының құнсыздануына, ал екінші жағынан банктік
несиенің пайыздық ставкасының жоғарлауына әкелді. Бұл инвеститциялық
қызметтің тежелуіне әкелді.
Статистикалық мәліметтер бойынша шағын кәсіпорындардың қарқынды дамыған
ғылым және ғылым саласындағы қызмет көрсету саласы болып табылады. Бұл
салаларда шағын кәсіпорындардың саны 3,4 есеге өскен. Ауыл шаруашылық
саласындағы шағын кәсіпорындар саны 3,1 есеге жоғарылаған. Содан кейін
нарықтың қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша жалпы коммерциялық қызметпен
материалды-техникалық жабдықтау салалары 2,9 есеге өскен. Онымен халыққа
білім беру саласы тығыз байланысқан (2,8 есе).
Осы кезеңде 1992 жылы Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің жалпы
құрлымында материалдық өндіріс саласындағы шағын кәсіпорындардың үлесі күрт
төмендеген.
1993-1995 жылдарда шағын кәсіпкерлік санының өсуін келесілермен
түсіндіруге болады: сауда-делдалдық шағын кәсіпкерліктің және ішкі сауданың
дамуы.
1993-1995 жылдары шағын кәсіпкерлік жаппай құрылтайшылық процестің
құраушы элементі болып табылды. Қазақстан жерінде биржалар, банктер,
сақтандыру фирмалары, ірі, жеке және жартылай мемлекетік акционерлік
кәсіпорындар тез қарқынмен пайда бола бастады. Осы өзгерістердің барлығы
Қазақстан қоғамының психологиясына әсер етіп, қоғамның қайта, жаңадан
дамуына алып келді.
Қазақстан экономикасы жаңа нарықтық экономикаға негізделген және
орталықтандырылған капитал жүйесіне біртіндеп көше бастады. Кәсіпорындардың
бірігу процесі жүргізіле бастады. Осындай процестің құрбанына рентабелдігі
төмен шағын фирмалар ұшырады. Мысалы, Алматы қаласында көптеген сауда
дүнгіршіктерінің орнына ірі кәсіпорынға қарасты үлкен етіп жасалған сауда
үйлері пайда бола бастады. Ал рентабелділігі төмен шағын кәсіпорындар ірі
және орта кәсіпорындармен экономикалық бәсекелестікке түсе алмай өз істерін
жабуға тура келді. Осы кезеңде қазақстандық реформаларға сай капиталды
біріктіру және орталықтандыру процестері шағын кәсіпкерлік санының өсуіне
кері әсер етті.
Шағын кәсіпкерліктің өсу қарқынының тежелуі экономикалық және
әлеуметтік жағынан өте күшті фактормен түсіндіріледі. Ол жұмыссыздық
факторы. 1997 жылға дейін жұмыссыздық қарқыны жоғарылайды деген болжамға
қарамастан ресми жұмыссыздықтың деңгейі экономикалық белсенді халықтың 2-3%
құрады. Сонда да жұмысшылардың ресми статусы (кәсіпорындар жұмысы әлсіз
болса да) адамдардың өзіндік қызмет, сонымен қатар шағын кәсіпкерлік
саласында қызметпен айналасуға әлеуметтік-психологиялық әсер етеді
Сонымен қатар шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік инвеститциялар үшін
тартымды объект етіп көрсететін ерекшеліктер тән:
- біріншіден, олардың құрылуына ірі шығындар, қымбат құралдар қажет емес
және олардың қалыптасу мерзімі салыстырмалы түрде аз құралдардың тез орнын
жабады.
- екіншіден, шағын кәсіпкерлік өз қызметін максималды түрде тұтынушының
жеке талғамын қажет ететін және сұранымның шағын көлеміне байланысты ірі
кәсіпорындар қызмет ете алмайтын жергілікті нарықтарда жүзеге асырады.
- үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің дамуы қазіргі кезеңде Қазақстан
Республикасында өте өзекті мәселе болып табылатын халықтың ауылдан қалаға
мигациясын төмендету және халықтың көп бөлігінің өмір сүру деңгейін
жақсартуға және жұмыссыздық деңгейін төмендететін негізгі фактор болып
табылады.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау
процессінің негізгі мақсаты – түбегейлі экономикалық өзгерістердің
талаптарына сай бухгалтерлік есептің жаңа жүйесін жасау.
Елімізде меншіктің әр түрлі нысандарына негізделген экономикалық
қалыптасуын және кез-келген мемлекетте экономиканы көтеру меншіктің
құралуына байланысты екендігін, сондай-ақ субъектілердің әлемдік нарыққа
шығу мүмкіндігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті жеке
кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі міндеттерді қойды. Осы міндеттерді жүзеге
асыру мақсатында Республикада 1997 жылдың 19 маусымындағы Шағын
кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы және Жеке кәсіпкерлік
туралы Заңдар қабылданды. Бұл құжаттарда шағын кәсіпкерлік субъектілері
қызметінің салық салу жүйесін ықшамдауға мүмкіндік беретін жеңілдетілген
нысан бойынша есеп берудің және қаржылық қорытынды есеп дайындаудың
көптеген аспектілері айқындалған. Алайда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
бухгалтерлік есебін ұйымдастыру әдістемесін жасау жаңадан қолға алына
бастағандықтан, оны жүзеге асыру тәжірбиесі әлі де болса толық қалыптаса
бастаған жоқ.
Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылдарға шағын кәсіпкерлікті дамыту
мен қолдау туралы мемлекеттік бағдарламаны 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілді. Бағдарламаның
мақсаты – кәсіпкерліктің дамытуындағы тұрақтылықты экономикалық маңызды
салаларындағы олардың үлесін ұлғайту, жұмыс орындарын қалыптастыру,
бәсекелік ортаны дамыту, меншік иелерінің қоғамдағы орнының жоғарғы
дәрежеде болуын қамтамасыз ету.
Бағдарламада мемлекеттік саясат пен шағын кәсіпкерліктің арасындағы
тығыз байланысты экономикадағы Қазақстан-2030 даму стратегиясын жүзеге
асыру мақсатында қарастырады. Бағдарламадағы негізгі шараларды іске асыру
мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еліміздің жиынтық ішкі
өніміндегі үлесінің артуын айқындайды. Қарастырылып отырған бағдарламада
нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту
аясында нормативті құқықтық актілердің іске асуы Шағын кәсіпкерлікке
мемлекеттік қолдау туралы Заңының баптарына сәйкес осы салада кадрларды
даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру,
кәсіпкерлікті кең көлемдегі ақпарат көздерімен қамтамасыз ету қажет.
Қазақстандағы нарықтық экономика негізі көптеген ұсақ фирмаларды
қалыптастырумен анықталады. Экономиканы реформалау жолында жаңа шаруашылық
жүйесін қалыптастыруда кіші кәсіпорындар өздеріне ең басты ролді алып отыр.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы-несиелік ресурстармен
қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін несилік серіктестіктердің қызметін
реттейтін нормативтік базаны қалыптастыру қажет, сондай-ақ шағын
кәсіпкерлік аясында несилендіру қоғамың дамуы үшін нормативті құқықтық
негізін қалыптастыру керек. Қаржы-несиелік ресурстардың жетіспеушілігі
кәсіпкерлердің басым бөлігінің ғылыми жаңалықтарды төмеңгі деңгейдегі
секторларында қызмет етуіне әсер етеді. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
көпшілігі сауда және қызмет көрсетуімен айналысады.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына қатысы бар тағы бір құжат – 2001 жылғы 17
шілдеде қабылданған Тоқтап тұрған кәсіпорындарды және тиімділігі шамалы
өндірістерді саралаудың, кейіннен оларды белгіленген тәртіппен шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне берудің 2001-2005 жылдарға арналған салалық
бағдарламасы еді.
Бұл бағдарламаның алға қойған мақсаттары мен шешілуге тиіс міндеттері
алдыңғы бағдарламаларда айқындалған мақсаттар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің қажеттілігі және экономикалық мәні
Кәсіпкерлік түрлері. Шағын кәсіпкерлікке салыстырмалы талдау
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары
Кәсіпкерліктің теориялық негіздері
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы
Кәсіпкерлік құқық негіздері
Кәсіпкерлік құқықтың пәні мен әдісі
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Кәсіпкерліктің теориясы
Кәсіпкерлік құқық
Пәндер