Тау шаңғысы туризмінің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Шаңғы
туризмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..4
1.1 Тау шаңғысы туризмінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..4
1.2 Тау шаңғысы жарыстарының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Қазақстандығы тау түрлеріне жасалған
мүмкіндіктер ... ... ... ... ...12
1.4 Шаңғы туризмінің техникасы мен
тактикасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .14
1.5 Қазақстандағы шаңғы
жарысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .20
1.6 Шаңғы туризмінің мәні және қауіпсіздік
ережелері ... ... ... ... ... ... 21
2.
Шаңғылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..43
2.1 Шаңғыларға жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.2 Шаңғылардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
47
2.3 Шаңғымен спорттық
бағдарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .51
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..53
Еңбекті
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...56
Экономикалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 61
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...77

Кіріспе
Қазіргі таңда шаңғы турлері өзінің танымдылығы және жалпы көпшілікке
қызығушылық жағынан алдыңғы орындарда.Әрине бұл тұрғыдан алғанда жаяу
түрлерге жақындайды.
Еліміздегі шаңғы түрлерінің дамуына соның ішінде қысқы демалысты
ұйымдастыруда шаңғышылардың көпшілік демалысын ұйымдастыруда көптеген
жұмыстар жасалған. Ал көптеген дамыған елдерде және ол елдердің ұлттық
экономикасын дамуда өз үлесін қосуда.
Ертеректе елімізде шаңғы тебу дәл қазіргідей көпшілікті қызықтырмайтын,
себебі тау туризмі орталықтарының жабдықталуы нашар еді. Ал, қазіргі
кезеңде спорттық туризм, әсіресе тау шаңғысы туризміне деген қызығушылық
артып келеді.
Тау шаңғысымен сырғанаушылар үлкенді-кішілі тау шаңғысы орталықтарына
асығуда. Арнайы тауга көтерілу құралдары арқасында туристер бір күні
ішінде көптеген үлкенді кішілі таулардан сырғанай алады. Дене шынықтыру
сабақтарында шаңғы туризміндей жаттығу нәтижесине жету мумкін емес.
Көптеген тәжірибиелі, әрі тау туризмінің қызығушылары қиында қатерлі таулы
аймақтарға жеке шыгып сырғанауды ұнатады. Батырларының таудан сырғанауы
тау шаңғысында жаналық емес.
Альпенистер көптеген жағдайда өздерімен бірге шаңғыларын ала жүреді.
Себебі, таудан түсерде қыстың көрікті көрінісімен сырғанауды ұнатады. Осы
альпенистернің арқасында таудан шаңғымен сырғанау туризмі дамып келеді. XX
ғасыр басында Францияда альпенистер бірінші болып тау шаңғысын қолданған.
Олар таулардан биік қолайлы орындарын тауып сырғанаған. Биікке көтерілуде
әр метр қашықтық қиындықпен игерілсе де олар өздерімен бірге ауыр құрал-
жабдықтарын дәрі-дәрмектерін тау туризмі туралы кітаптарын алып жүрген.

1. Шаңғы туризмі
1.1 Тау шаңғысы туризмі ерекшеліктері
Тау шаңғысы туризмі- туризмнің арнайы түріне жатады және келесі түрлерінің
элементтерінен тұрады. Олар; емдеу-сауықтыру, рекрециялық, әуесқой
спорттық, экологиялық.
Туристік өнімді жасау бойынша тау шаңғысы туризмі капиталы ауқымды және
қажырлыеңбекті қажет ететін туризм түріне жатады. Туризмнің бұл түрі
өзгелерінен ерекше бір қатар жақтарга ие. Ең алдымен, тау шаңғысы
туризмінің орналастыру құралдарының ерекшелігін атап өту қажет.
Орналастыру қоршаған ортаның пейзанына архитектуралық сәйкес таулық шам
секілді мамандандырылған қонақ үйлерде көзделген. Қонақ үйлерінің қасында
көтергіштердің орналасуы міндетті көтергіштер бірнеше түрлерге бөлінеді;
креслалық, кабиндік, бугельді, гональді. Қонақ үйлер тау шаңғысы жол
трассасының қасында орналасқан. Күрдейлік дәрежесіне қарай трассалар
жасыл, көк, қызыл, қара болып бөлінеді. Тау шаңғысы туризімінің бағалық
қатынасында қосымша қызметтер ассортименті үлкен рөлге ие инструктор
қызметі.
Тау шаңғысы түрлері үшін медициналық сақтандыру үлкен маңызға ие. Ерекше
сәйкес сақтандыру сыйақысы өзге туризм түрлеріне қарағанда 2,5 есеге
жоғары.
Белсенді демалыс түрлерінің арасында тау шаңғысымен сырғанау табигат
жағдайларына тәуелді. Жылдық 4-5 айында қалын қар жамылғысының болуы
бірінші ретте маңызды болып табылады. Тау шаңғысы демалысының тартымдылығы
мен жағдайларын алдын – ала анықтайтын өзге факторларға жергілікті жердің
биіктігі, рельеф ерекшелігі, тау шаңғысы мезгіліндегі табиғат жағдайлары,
өсімдік жамылғысы, қар тасқыны мен сел қауіпсіздігінің жоқтығы және сөзсіз
мандшафт әр түрлілігі мен берегейлігі жатады.
Тау шаңғысы туризмі туризмінің айтарлықтай қымбат түрінің болуына
қарамастан, бұл спорт турімен шұғылданушы туристер саны жыл сайын
артуда.Дүние жүзіндегі шаңғы демалысының танымал орындары Австрия. Франция,
Швейцария, Болгария, Италия, Норвегия, болып табылады. Германия және АҚШ
курорттарының танымалдылығы төмендеу кейінгі уақытта Румыния, Чехия,
Словения, Испания, Канады секілді елдерде бұл спорт түрлерінен танымал
болуда. Ресей,Израиль,Индия және Жапонияда да шаңғы курорттарыда бар.

1.2. Тау шаңғысы жарыстарының түрлері.
Азия ойындарының жалпы жарыстары Астана мен Алматы қалалары бойынша екіге
бөлінген. Олар: коньки мен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы
хоккей, допты хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру,
тау шаңғысы, фристайл шорт-трек, шаңғыда қысқа бейімделген спорт түрлері.
Тау шаңғысы – арнайы трассалар арқылы таудан түсу. Бұл спорт түрі ХIХ
ғасырдың 80 жылдары Альпі тауларында пайда болған. Таудан шаңғымен сырғып
келе жатқан спортшылар жалаушалармен бекітілген кедергілерді айналып өтеді.
Нәтижесі дистанцияны бағындыруға кеткен уақытпен есептеледі. Тау шаңғысының
жетекшілігі Шаңғы спортының халықаралық федерациясымен басқарылады.
Ал қысқы олимпиялық ойындар бағдарламасына тау шаңғысы 1936 жылы
енгізілген, ал Қысқы Азия ойындарына 1986 жылы енді (слалом, гтгант слалом,
супергигант, жылдамдықпен түсу және тау шаңғысы комбинациясы).
VII Қысқы Азия ойындары өтетін нысананың бірі – Алматы облысы, Талғар
ауданындағы Табаған спорттық ойын-сауық кешені. Табаған сауықтыру
кешені табиғатымен талайды тамсандыратын таулы аймақ.
Мұнда экстремалды сноуборд пен фристайл спортынан жарыстар өткізіледі.
Табаған спорт кешені қараша айында қолданысқа берілді. Шаңғымен
сырғанайтын жолдар дайын тұр. Оны жағалай жасанды қар жасайтын сегіз
құрылғы орнатылған.
Егер жарыс кезінде табиғи қардың тапшылығы сезілсе, замануи құрылғылар іске
қосылады.
Талғар шаңғы – биатлон стадионы.
Азиада ойындарының ең басты әрі аса қызықты түрі – биатлон спорты дәл
осында өтеді деп алдын-ала белгіленген.
Биатлон – бірнеше қашықтықтар бойынша шаңғымен жүгіру, мылтық ату айлағынан
тұратын күрделі де жауапты спорт түрі. Атап айтқанда, ату айлағы желдің
өтінде, сондай-ақ ашық жерде болмауы керек.
Жарыс жолындағы әрбір спортшының жалпы нәтижесі нысанаға оғын дөп тигізе
білуіне тікелей байланысты.
Сонымен қоса, шаңғы түрінен сайыстар осы стадионда өткізіледі деп
жоспарланып отыр. Олай болса, қысқы спорттағы жанкүйерлердің көзайымы
болатын шаңғы мен биатлон екені айтпаса да белгілі.
Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешені бірнеше тексеруден өтіп,
сыналды. Әлемнің спорттық қауымдастығы Алматыдағы бұл кешенді жылдың ең
үздік нысаны деп мақтауда. Мұндағы К – 125, К – 90 трамплиндерді (тұғырлар)
табиғи қолайлылығы мен техникалық талаптары тұрғысынан озықтардың қатарына
кірді деп батыл аталуда.
Жүлденің көбі шаңғышылар мен конькишілер жарысында анықталады.
Конькиден ерлер мен әйелдер – 500, 1000, 1500, 5000 метр қашықтықта сынға
түседі. Одан бөлек командалық жарыс пен масстарт бар. Шаңғыдан ерлер
арасында: спринт (1,6 шақырым – классикалық жарыс), командалық спринт (1,6
шақырым – еркін жүріс), 4*10 эстафетасы және 10, 15, 30 шақырымдық
қашықтыққа аламан жарыс. Әйелдер спринті (1,4 шақырым – классикалық жүріс),
командалық спринт (1,4 шақырым – еркін жүріс), 4*5 эстафетасы және 5, 10,
15 шақырым бойынша жанкешті жүгіріс.
Шорт-тректе 8 медальдар топтамасы сарапқа түседі. Жарыс жобасында 500 метр,
1500 метр, 3000 метр (ерлер), 500 метр, 1000 метр, 1500 метр (әйелдер) және
қос эстафеталық сайыс белгіленген. Дәл сондай мөлшерде спорттық бағдарлау
тәсілдері бойынша да жүлделер бәсекеге түседі.
Биатлоншылар 7 медальдар жиынтығын сарапқа салады. Ізге түсу (ерлер 12,5
шақырым), сптринт (ерлер -10 шақырым, әйелдер – 7,5 шақырым, жеке жарыс
(ерлер – 20 шақырым, әйелдер -15 шақырым) және эстафета (ерлер – 4*7,5,
әйелдер – 4*6 шақырым) сайыстары өтеді.
Тау шаңғысы мен фристайлдан 6 жүлдеден тартылады.
Шаңғымен тұғырдан секірудің К-125 (жеке) және К-125 (командалық) түрлері
сыналады.
Шайбалы хоккейден ерлер мен әйелдер шеберлік байқаса, допты хоккейден жарыс
тек ерлер арасында өтеді.
Шаңғы жарыстары
Шаңғы жарыстары – белгілі ара-қашықтықта арнайы әзірленген жоларнада
белгілі категориядағы адамдардың арасындағы шаңғымен жарысы (жастық,
жыныстық және т.б.) Спорттың циклдік түріне жатады.
Алғашында шаңғымен жүгіру жарыстары 1767 жылы Норвегияда өткізілді. Содан
соң, норвегиялықтардан шведтер мен финдер үлгі алды, кейінірек аталған
жарысқа әуесқойлық Орталық Европада пайда бола бастады. 19 ғасырдың соңы
мен 20 ғасырдың басында көптеген елдерде ұлттық шаңғы клубтары пайда болды.
1924 жылы Халықаралық шаңғы спорты федерациясы құрылды. 2000 жылы FIS 98
ұлттық федерация саналды.
Негізгі шаңғымен жылжу стильдері – классикалық стиль және ерікті стилі.
Ойындардың өтетін орны – Шаңғы-биатлон кешені

Кешен биатлон, шаңғы жарысы және шаңғыда спорттық бағдарлау бойынша
жарыстарды өткізуге арналған. Алматы облысының Талғар ауданындағы Солдат
сайда орналасқан Шаңғы және биатлон стадионы кешені қысқы Азия ойындарын
өткізу үшін, сондай-ақ алдағы уақытта жоспарда бар Әлем кубогы мен қысқы
Олимпиадалық ойындарын өткізуге қажетті, өз инфрақұрылымы бар автономиялық
жүйені құрайды.
Кешеннің бірегейлігі - жылдың кез келген мезгілінде жұмыс жасайды,
халықаралық деңгейдегі жарыстарды, сондай-ақ кәсіби спортшылардың
жаттығуына және барлық әуесқойлайлардың қатысуына мүмкіндік береді.

Биатлон
Биатлон – шаңғы жарысы мен винтовкадан ату өнерін үйлестірген қысқы
олимпиадалық спорт түрі. Биатлон Германия, Ресей, Норвегия және Швеция
елдерінде кеңінен таралған. 1993 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін биатлон
бойынша Әлем Кубогы мен Әлем чемпионатын қоса, ресми халықаралық жарыстар
биатлоншылардың Халықаралық одағының эгидасымен өтеді.
Биатлонның түпкі атасы әскери патрульдердің жарыстары болып саналады – ол
жарыс түрі, ойының шарты қазіргі командалық биатлондық жарысты еске салады.
Бүгінгі таңда биатлонның үйлескен бірнеше түрі бар: шаңғы жарысы мен садақ
тарту спорты (арчи биатлон), қарда жүгіру жарысы мен винтовкадан ату (қарда
жүгіру биатлоны) аңшы шаңғысындағы жарыс және аңшы винтовкасынан ату (аңшы
биатлоны).

Тау шаңғылы спорты
Тау шаңғысы спорты – арнайы шаңғыда таудан түсуді қамтитын спорт түрі,
сондай-ақ бүкіл дүние жүзіндегі миллиондаған адамдардың арасында кеңінен
таралған белсенді демалу түрі.
Тәртіп: таудан шапшаң түсу Даунхилл, супер-гигант, ірі гигант слалом,
слалом, таушаңғы комбинациясы, могул, ски-кросс, телемаркинг, фрирайд,
фристайл, спид-скиинг, ньюскул, alpine Masters (тау шаңғысы спортының
әуесқойлары мен ардагерлері үшін арналған жарыстар).
Ойындардың өтетін орны – Шымбұлақ тау шаңғы базасы

Шымбұлақ биік таулық база – тау шаңғы спорты мен фристайлдан жарыстар
өткізу үшін жұмылдырылып отыр.
Қазіргі таңда Шымбұлақ тау шаңғысы кешенінің кешенді дамуы жолында
жұмыстар атқарылуда.
Жол бойының жалпы ұзындығы, орта есеппен, екі еселенді. Тау шаңғылы жолдары
шаңғы спорт түрлері Халықаралық федерациясының барлық сандарттарына
толықтай сәйкес келеді. Алдыңғы күндері шаңғы жолдарын Қарлытау мұздығына
дейін ұзарту жоспарланып отыр. Содан, Шымбұлақ жолдары ұзындығы бойынша
дүниежүзілік жетекші тау шаңғылы курорттарымен теңесе алатын болады.
Бұл Медеуден Шымбұлаққа дейінгі ұзын жол, әрі Шымбұлақтың өзіндегі арқанды
жолдарының бір бүтін болуы мақсатында жасалынып отырған тұжырымдама.
Шаңғымен трамплиннен секіру
Шаңғымен трамплиннен секіру – арнайы жабдықталған трамплиннен шаңғымен
секіруді қамтитын спорт түрі. Дербес спорт түрі ретінде шығып, шаңғы қос
сайысының бағдарламасына кіреді. Сондай-ақ, шаңғы спорты түрлерінің
халықаралық федерациясының құрамына енеді.
Норвегияда пайда болып, биіктіктен сырғанау өнерінен жарыс өткізу ұлттық
дәстүр болып қалыптасқан спорт түрі.
Ойындардың өтетін орны – Халықаралық шаңғы трамплин кешені

Ішінде 5 500 көрермен орындарына арналған трибуинасы бар, сонымен қатар
кешеннің батыс жағындағы 4000 орынға арналған террасасы бар заманауи
көпфункционалды ғимарат. Медиа-орталық төрт қабатты ғимаратпен жобаланған
және кешеннің солтүстік-батыс жағындағы трибунада орналасады. Бұл ғимарат –
кешен доминантасы. Бейімдеу - жаттығу орталығы 75 екі орындық бөлмелерге
есептелген. Орталық оқу трамплиндерінің жанында орналасқан.

1.3 Қазақстандағы шаңғы туризмі үшін жасалған жағдайлар
Жоңғар Алатауы Қазақстанның Шығыс бөлігінде орналасқан, Іле өзені және
Алакөл арасында Қытаймен шекараласының бойына созылады. Табиғатының сипаты
бойынша Жоңғария Тянь-Шань мен Сібірдің Оңтүстік тауларының аралығынан
орын алған. Жоңғар Алатауының жүйесі бірнеше паралель тізбектен тұрады.
Жоғары нүктесі- Бесбақан (4442м). Шамамен 1000кв.м. Ауданда заманауи
мұздандыру дамыған. Мұздықтардың жалпы саны – 1369.
Тау шатқалдарының төменгі бөліктері шөлді және жазықтық өсімдік
жамылғысымен жамылған таралған, 1500-ден 2400 м-ге дейінгі биіктікте орман
жамылғысымен таралған. Негізгі ағаш түрлері- Тянь-Шань емені және Сібір
қарағайы.
80-жылдардың соңы 90-жылдың басында Жоңғар Алатауымен бірнеше қызықтық
шаңғы жорықтары жүзеге асырылып, кейін қол жетімділіктің қиындығына орай,
аумаққа деген шаңғышылардың қызығушылығы жоғалды.
Қазіргі уақытта Жоңғария күрделі жорықтар жасау үшін жеткілікті
дамығанаумақ болып табылады. Өйткені саяси жағдай тұрақты және көлік
мәселесі өз шешімін тапқан.
Солтүстік Тянь-Шаньға Іле және Күлгей Алатауының тау жоталары кіреді.Бұл
аудан қары көп, кейбір жерлерінде қар қалындығы бірнеше метрге жетеді. Іле
Алатауы жоталары Алматы жағынан жақын әрі ыңғайлы болғандықтан туристерді
көп қызықтырады. Шаңғы маршруттарын салыстырғанда Орталық Кавказбен
ұқсаатығы көп. Бұл жердегі жолдармен жоталар жалпақ келеді. Бұл аудандағы
мұздықтардың ағын жылдамдығы жайлы, әрі мұздықтар тасқыны аз. Сондықтан
шаңғымен жылжуғаыңғайлы дегенмен де өзара жіппен байланысып жүру керек
Себебі көптеген мұз жарықтары кездеседі.
Орман алқабында көптеген қылқан жапырақты шырша қарағайы өседі. Олар теңіз
деңгейінен 1600дм-ден 3000м-ге дейін жетеді. Маршрут барысында түнегенде
жылу немесе пешке жылынуға болады.
Орталық Тянь-Шаньга көптеген тау жоталары кіреді. Атап айтқанда;
Теріскей,Күйлі,Ақширақ және т.б. Бұл тау жоталарының бәрі де күрделі шаңғы
маршруттарын салуға шаңғышыларды қызықтырады. Дегенмен ең көп қызығушылық
танытатыны. Орталық Тянь-Шаньдағы Хан-Тәңірі және жеңіс шыңы.
Шаңғы жорықтары бұл жерлерде 70-жылдары да жүргізілмегенде сол кезде
де, қазір де азайған. Бұл аудандар өзінің қатаң
табиғатымен,биіктігімен,ерекшеленед і. Шыңдары одан да биік. Соған
қарамастан Хан-Тәңірінен Артем Зубков 90-жылдың басында, 2002 ж тамызында
Николай Тимкин тау шаңғысымен Жеңіс шыңынан түсуге ниеттенген.
Админисстративтік орналасуына екі республикада Солтүстік Қазақстан
( Алматы обл. Нарынкөл ауд), Оңт бөлігі Қырғ-ға (Ыстықкөл ауд.Инылчек
ауд.) кірді. Жорыққа шығу үшін шекаралық аудандардан рұқсат алу керек.
Ауданға кірудің бірнеше тәсілі бар. Альпенистер арасында ең көп тарағаны
–вертолетпен қатынасу. Ол үшін Қырғызстан жағынан ( Қаракөлден немесе
Бішкектен) немесе Қазақстаннан ( Алматы немесе Қарқарадан) қысқы кезеңде
тек арнайы қатынас арқылы. Бішкек, Алматы турфирималарымен қажетті хабар
алуға болады. Автожолдары мен бару вариианты ұзақтау, бірақ арзанға түседі.
Солтүстік вариант Баянкөл жағынан, Алматыдан басталады. Нарымқолға
долаушыларды таситын автобус журеді. Баянкөлге жоғары көтерілу жолдамалы
автотранспорт арқылы жүзеге асады.
Орталық Тянь-Шаньға саяхат жасауға ең қолайлы уақыт-қыстық, орта шекі
табиғаттың салқын, әрі тұрақты кезеңі.

1.4 Шаңғы туризмнің техникасы мен тактикасы
Соңғы жылдары жас шаңғышыларды оқыту мен жаттықтыру саласында үлкен
де сапалы өзгерістер болып жатыр. Шаңғы жарысының халықаралық федерациясы
1985 жылдың өзінде-ақ Олимпиада және әлем біріншіліктерінде жарыстарды екі
түрден: классикалық және конькише тебуден өткізу бойынша шешім қабылдады.
Сондықтан жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына оны енгізу – көкейтесті
мәселе.
Шаңғы жорығының ерекшеліктері:
-Шаңғы жорығы үшін жеке және топтық түрлі бекітулер,құралдар қажет.
-Шаңғышының туристік киімі және аяқ киімі қажет.
-Шаңғымен кедергілерден өту және жол демалысын ұйымдастыру.
-Қардағы алау және ошақ жағу.
-Жол демалысын ұйымдастыру.
-Үсікке,салқын тиюден т.б ауруларға қарсы шаралар ұйымдастыру.
Тәжірибелік жұмыстарға мыналар жатады: шаңғыны әзірлеу және қолдану, тегіс
жерде шаңғымен жүру, биікке көтерілу және түсу, қауіпсіз кедергілерден өту,
шаңғыны жөндеу. Орман шаруашылығына, аң шаруашылығына , тарихи
ескерткіштерге шаңғымен жорыққа шығу.
Тау шаңғысы туризмі - тау туризмінің бір түрі. Таудан шаңғымен түсу немесе
әдейі дайындалған трасса арқылы шаңғымен түсу. Тау шаңғысы туризмінің тау
шаңғысы спортынан айырмашылығы - жерге түсу уақыты есептелмейді. Қар
қалыңдығы-30см болуы керек. Таудан түсу техникасын үйренген кезде 200м
қашықтықта орналасқан трассаны қолданады.
Тау шаңғысы туристіне қажетті жарақтар: тау шаңғысы автоматты түрде
бекітілген тау шаңғысының аяқ киімі, шаңғы таяғы, арнайы костюм, қорғайтын
көзілдірік.
Шаңғы жорығының техникасы мен тактикасын үйренген кезде күн режимі күннің
жарықтығының ұзақтылығына байланысты болады. Маршрутқа таңертең 8-9дарда
шығу қажет. Топтың қозғалысын күн қатты салқындаса тоқтату қажет. Дене тез
салқындамау үшін жүгірмеу керек. Қозғалыс бірқалыпты болуы қажет. Шаңғы
жорығының техникасын жорыққа шығар алдында. Даярлық кезінде үйрену қажет.
Жай жорықтар үшін шаңғы тебе білу керек. Жол дорбаны дұрыс орналастыру,
құлаған кезде оңға немесе солға қарай бұрылып отыру қажет.
Шаңғы жорықтарының өзіндік ерекшеліктері бар. Олар:
1. Төменгі температурада ұзақ уақыт болу.
2. Кездесетін қиындықтар, қатты аязға байланысты қатты желдер. Сондықтан
әзірлік уақытында да, жорық кезінде де ерекше жағдайларды ескеру керек:
қатысушының моральды дайындығы және қиындықтарға қарсы тұру дайындығы.
Күнді және маршрутты дұрыс жоспарлау, тактика жабдықтарды дұрыс алуы,
қатысушылардың ұйымдастырылуы, мәдениеті, тәртібі, қауіпсіздік сұрақтары.
3.Шаңғы жорығында төменгі температурада, қатты аяздарда шығуға болмайды.
4. Қону орны. Маршрутқа шығар алдында қайда, қандай жылы жерге қонатындарын
білу қажет.
5. Қозғалыс режимін құру: моральді және физикалық дайындығы. Қардың
тереңдігін ескеру. Жорық күнінің ұзақтығы. Экскурсияға кететін уақыт
ұзақтығы, жолда азық-түліктің толтырылуы. Маршрут бойындағы медициналық
орталықтар, маршрутта тамақтану, маршрутты жоспарлау.

Шаңғы жорығында түскі асты таңертең немесе кеште дайындаған тиімді.
Түскі асқа бутерброд шәй немесе кофені термосқа дайындайды. Жылы ауа-райы
болса алау жағуға болады. Жорықты ұйымдастырушылар жорық болмас бұрын
жоспарланған қонатын орындарға барып көруі қажет. Қысқы жорықта тамақтануды
жоспарлаған кезде тез пісетін тамақтарды алу керек (пакеттегі суптар, манка
т.б). Қонатын орынға қатысушылар сағат 16.00-де келеді. Ұйқыға 23.00-де
жатады. Сондықтан кеште ертеңгі түскі асқа бутерброд, таңғы асқа жарма,
кофе дайындап қоюы керек. Қону орнын жинау, тапсыру үлкен жауапкершілікті
қажет етеді.
Шаңғы туризміндегі топтың жабдықталуы. Инструкторға қойылатын басты
талаптар.
Шаңғымен сапқа тұру жаттығулары:
Шаңғы базасынан шаңғыны алып шыққанда ұш жағын жоғары көтеріп, иыққа
салып, қолмен ұстап алып жүреді. Алаңға жетіп қатарға тұрғанда сапқа
тұрыңдар! деп берілген бұйрық кезінде шаңғышылар бір қатарға тұрып
шаңғының артқы шеткі бөлігін оң аяқтың жанына қойып қолмен ұстап тұрады.
Түзеліңдер! деген бұйыруда оңға қарап түзеліп, шаңғыны кеудеге тарта
ұстау керек. Түзу тұрыңдар! деген бұйыруда алдыға қарап түзеледі. Егер де
бір орында тұрып бақылау жаттығуларын орындайтын болса, онда бұрылған кезде
шаңғыны көтеріп бұрылу орындалғаннан кейін қайтадан орнына қойылады.
Шаңғыны қолтыққа алу! деген командада шаңғы дереу қолтыққа алынады.
Шаңғыны кию! деген командада шаңғы жерге түсіріліп, бәтеңкеге киіледі.
Аяққа шаңғыны кигеннен кейін де сапта орнында тұрып жаттығулар орындалады.
Бұл жаттығулар шаңғымен орындалады. Жаттығулар кезінде аяқты көтеріп
шаңғының артқы ұшын жерге тіреп бұрылуды орындауға болады. Болмаса орнында
тұрып секіріп бұрылыпта орындауға болады. Физикалық сапалықты қимыл
қозғалыс дағдылары мен ептілікті қалыптастыру баланың интелектуалдық және
психикалық дамуы мен жеке тұлғаның адамгершілік ерік жігерін тәрбиелеумен
тығыз байланысты. Шынығудан беру бағдарламасының принциптерін сақтай отырып
бағдарламалық құрал әр тоқсан сайын күрделене түседі. Жеке жүгіру, жүру
секіру, тепе теңдікті сақтау,өрмелеу мен еңбектеу, ұстап алу және лақтыру
сиақты стандартқа сай емес құрал жабдықтарды пайдалану, сапқа тұру және
қайта сап түзеп тұру, сонымен қатар мазмұны әр түрлі қимылды ойындарды,
жалпы дамыту жаттығулары кіреді. Дене тәрбиесін жүргізу мақсаты
денсаулықты, дене шынықтырудың дәстүрден тыс әдістерін пайдалана отырып
физикалық, психалогиялық тұрғыдан нығайту болып табылады.
Тыныс алу дегеніміз- мүшелер қызметінің тіршілігін реттейтін ағзаның
негізгі тіршілік көзі екені әліде жеке адамның толық түсіне қоймаған
мәселесі. Тыныс алу жаттығулары ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу. Тыныс
алу- мүшелердің жұмысын жақсартуды көздейді. Ұзаққа созылған созылмалы
науқастың тыныс мүшелерінен басқа да көптеген асқорыту мүшелері мен қан
айналымдары және жүйке жүйелерінің жұмыс істеу қызметінің бұзылуын орнына
келтіретін негізгі емделу құралы. Тыныс алу жаттығуларының негізгі мақсаты
онымен үзбей шұғылдану. Осы аталған науқастың алдын алады. Ұзақ өмір
сүрудің негізін қалайды. Тыныс алу жаттығуының қолдануы адамның өзін- өзі
емдеу мақсатында болғандықтан жалпы жаттығудың орындалуы ағзаның қозғалуына
негізделген. Мұны қолданбалы жаттығулар дейді. Бұл қозғалыс жаттығулары
жүру мен жүгіруге негізделген. Шаңғы тебудегі жүріс те осыған негізделген.
Әр адам өзінің шама- шарқына, яғни ауруының қаншалықты созылмалы жағдайына
қарай қолданылады. Осылайша тыныс алу жаттығулары бірінші жүруден
басталады. Алғашқы кезде жайлап жүріп содан кейін жүріс қозғалысы
үдетіледі. Үдемелі жүрістің өзінен де тыныс алу мүшелеріне жүктеме түседі,
бірақ бұл жүктеменің өзі де науқастың қандай деңгейде екеніне байланысты.
Бұдан әрі қарай жүгіруді бастауға болады. Жүгіру ағзаның барлық мүшесі
жұмыс істегені негізгі жүктеме тыныс алу органдарына түседі. Жүгірген
кезде, яғни тыныс алу органдарына жүктеме түскен кезде бүкіл ағза жұмыс
істегендіктен ең әуелі қан айналымы жүйесі реттеледі. Ал ағзаның тыныштық
қалпында орындалатын жаттығудың өзіндік рөлі жоғары. Әр адам өзінің
науқасына қарай тыныс алу жаттығуларын тыныштықта орындайды. Қолданбалы
жаттығуды орындау міндетті емес. Сырқаттың мазмұнына қарай үй жағдайында
шұғылдануға болады. Спортшылардың тыныс алу жаттығуларын орындауы мүмкіндік
болғанша маманның бақылауында болғаны дұрыс. Себебі тыныс алу жаттығулары
жеке басының науқасына байланысты пайдаланылады. Кедергілерден өту
барысында бір – біріне жолдастық көмек көрсетеді.
Қыста қатты аязды күндері беттерін үсіріп алмас үшін үнемі артына
қарап қадағалап отырған жөн. Үсіген кезде қармен ысқылауға болмайды. Себебі
теріні зақымдайды. Қолғапты да қолдануға болмайды. Себебі инфекция түсуі
мүмкін. Көбіне қолмен жылытып, қан айналымын қалпына келтіреді. Қатып
қалған өзен, көлдерден өту барысында өте сақтану керек. Тасқыны қатты
өзендер қыста көп қатпайды, мұздардың жұқа жерлері кездеседі. Қауіпті
жерлер: жағалары, бұрылыстары т.б. қауіпті жерлерді бірінші адам рюкзаксыз,
ұзын таяқпен өтеді, шаңғы бекітпелерін босатады, ұзын арқанмен сақтандырған
дұрыс. Сақтандыру белдіктеріарқылы топ басшылары өткел жасағаны дұрыс.
Бірінші өткен шаңғышы жіптерді бекітіп, қол таяқтарын шешіп, шаңғы
бекітпесін шешіп өзеннен өтеді. Жолдорбаны бөлек өткізуге болады. Соңғы
шаңғышы топтық қауіпсіздік арқылы басқа жағадан өтеді.
Қысқы жорықта қиындықтар көп кездеседі. Топ жетекшілері Ю.А. Штюрмердің
Опасности в туризме мнимые и действительные кітабымен дұрыс оқып,
танысқаны дұрыс.
Шаңғы спорты – дене тәрбиесіндегі ең басты спорт түрлерінің бірі.
Шаңғы спортын – шаңғымен жүгіру, трамплиннен секіру, тау шаңғысы,
таудан жылдам түсу т.б. жатады. Шаңғы спортымен шұғылдану адамға көптеген
жақсы қасиеттерін жетілдіреді: төзімділік, шыдамдылық, жылдамдық, күштілік,
жергілікті жерде бағыттаушылық т.б.Шаңғымен жүрген кезде дененің барлық
бұлшық еттері жұмыс жасайды, жетіледі.
Шаңғымен жүгіру екі топқа бөлінеді: классикалық(дәстүрлі) және конькилік
(еркін стиль). Жеке шаңғымен жүгіру классикалық және конькилік әдіспен
өтеді. Спринттік 1,5 км-ден, марафондық 90 км-ге дейін. Эстафеталық спринт
2х15 км-ден 3-5 этап. Әрбір спортшыға аралас екі этаптан қыздарға, екі этап
ерлерге. Классикалық – 4 этаптан 5км әйелдерге және 4 этаптан 10 км
ерлерге.
Ең бірінші, шаңғы жорығы Норвегияда 1767 жылы өткізілген. ХІХ ғасырдың
соңы ХХ ғасырда ұлттық шаңғы клубтары құрыла бастады және методикалық
ұйымдар құрылды.
Шаңғымен жүгіру, жарысу әр түрлі қашықтықта жылдам қозғалуға арналған.
Шаңғы федерациялары 1924 жылы құрылған. Оның құрамында 46 мемлекет бар.
1924 жылдан бастап әлем чемпионаты өткізіліп келеді.

1.5 Қазақстандағы шаңғы жарысы
Орта ғасырдан бергі археологиялық қазбалар ертедегі адамдардың
шаңғымен таныстығын растайды. Қытайлық жазбаларда солтүстік көршілерін
ағаш атты деп атаған. ХХ ғасырдың басында әр түрлі қалаларда шаңғы
жарыстары өткізілген. Қазақстанда шаңғы жарысының өркендеуі әскери
дайындыққа байланысты. 1921 жылдан спорт клубтарында үйірмелер ашылған.
1927 жылдан бастап жарыстар және жалпы білім беретін мектептерде 1934-1935
жылдар аралығында БжЖСМ құрылып жарыстар өтеді. Ал, 1934 жылы Петропавлда
ең бірінші Қазақстандық жарыс ақпанда өтті. 1938 жылдан бастап Қазақстанда
ауыл шаруашылық спортшылар арасында жарыс өткізілді. Ұлы Отан Соғысы
жылдарында негізгі жұмыс қорғаныс курстарын дайындауға жұмсалды. 1934 жылы
І чемпионатта ҚазССР жеңісті 3 км қашықтықта қарағандылық Г. Гершунова, ал
5 км қашықтықта ақтөбелік Воронцова алды. Ерлерден 10 және 30 км қашықтықта
қарағандылық В. Глубенко алды.

1.6 Шаңғы туризмінің мәні және қауіпсіздік ережелері
Елміздің кейбір аймақтарында қыс мезгілі төрт, алты айға созылады. Шаңғымен
жүру үлкенге де кішіге де пайдалы. Ғалымдардың зерттеуінше спорттық
үйірмеге қатысатын оқушылардың белсенді қозғалысы бір күнге алты- тоғыз мың
адамға кем екенін дәлелдеген. Лоар мектеп оқушыларына шаңғы тебуге
дағдыландырғанда 15- 19 мың адамға артқан. Қорытындысында 58% дене күші мен
ойлау қабілеті де артқан. Шаңғы тебу кезінде адам денесі толық қозғалысқа
түседі. Аяқ қол бұлшықеттері біртіндеп дамиды тынымсыз бір қалыпта болған
соң шаңғы тепкен адам оттегіні басқа спортшыларға қарағанда жоғары
тұтынады. Жүрек соғысына күш түсірмей қан айналым жақсарады. Шаңғы тек
денсаулыққа ғана емес, сондай ақ ауыр жұмыстан жүйкеге түскен салмақтан бой
сергітуге таптырмайтын құрал. Шаңғы тебу кейбіреулерге бір жақты қарапайым
спорт түрі болып көрінуі мүмкін, бірақ ол олай емес. Жоғарға өрмелеу, төмен
түсу, із сала жүру, еркін әдіспен тебу, қол күшімен тебу, конький тәрізді
тебу түрлерін кез келген адамның меңгере алмасы анық. Шаңғы күшті емес
төзімділікті қажет етеді. Бірнеше шақырымды бір қалыппен жүгіру, майды
бұлшықетке айналдырып семіздіктен арылтады. Үнемі шаңғы тебумен айналысқан
адам жалқаулықты жеңіп, өзіндік мінез қалыптастырады. Яғни, шыдамдылықпен
алға қойған мақсатқа жетуге тәрбиелейді.
Жорық кезіндегі қозғалыс жылдамдығы сағатына 5 шақырымнан аспағаны
жөн. Қарапайым турист 1шақырымға 15-14мин.жүріп өтеді. Қозғалыс бірқалыпты
болады. Қозғалыс ырғағы джелефіне байланысты туристердің физикалық
дайындықтары мен табиғат жағдайларына да байланысты. Шаңғымен жүру
барысында топ мүшелері бір боймен, бір адамнан қозғалуы шарт. Алда штурман
жүріп отырады. Өйткені ол- ізкесуші, жолды жақсы біледі. Ал саптың соңында
жөндеуші шебер жүруі тиіс. Адамдар бір-біріне өте жақын жүрмей аралары
алшақ болуы керек. Алшақтық 1,5-2м қашықтыта болуы тиіс. Орман арасындағы
өсімдіктер, өзен-көлдер мен нулы жерлерді өткелдер арқылы жүріп өтіп,
қауіпті жерлерден арқан арқылы өту керек. Шаңғымен жорыққа шыққанда
таңертеңгі сағат 8.00-9.00 шамасында бастау керек. Түскі үзіліс 1сағаттан
аспауы тиіс. Шаңғышылардың ара қашықтығы қозғалыс жылдамдығына байланысты.
Ал ылдидан түскен кезде жылдамдықты көбейтуге болады. Бірінш топтағылар
белгіленген жерге әбден жеткенде ғана, келесілері төмен сырғанай алады. Күн
батқан кезде қозғалыс тоқталады. Техниканы дұрыс қолдану шарты- тәртіп
сақтау. Жаяу және шаңғы туризмінің техникасы мен тактикасын үйренген кезде
мыналарды ескеру қажет:
1. Қозғалыс кестесін жасау.
2. Уақытты тиімді пайдалану.
3. Әр түрлі жолдарды кедергісіз жүріп өтуге дағдылану.
Жорықта күн тәртібі,жорық кезінде жүру,қозғалыс,тынығумен алмасып отырады.
Ересектерге тоқтаусыз 50мин қозғалуға болатын болса, жасөспірімдерге 40мин
жеткілікті, балаларға 35минуттың өзі қалыпты. Арасында үзіліс 20-25мин
болуы қажет. Күндік жүрістің 60%-ын тәуліктің алғашқы жартысында жүрген
қолайлы. Қалған жолды түстен кейін жалғастырған жөн. Түскі ас және тынығу
уақытын қосқанда 3-5 сағат демалу қажет.
Шаңғы мақсатына қарай: пластикалық, ағаштан жасалған болып бөлінеді.
Сонымен қатар, спорттық жүгіруге, туризм аналогы.
Ағаш шаңғылар арзан, аязды күні жақсы жылжиды. Оларға кез-келген
бекітпелерді бекітуге болады. Олардың арнайы майы болады. Алғаш үйренген
адамға ағаш шаңғымен үйренген оңай болады.
Ағаш шаңғылары оп-оңай байпаққа немесе кез – келген аяқ киімге үйлесуі
және де кез – келген адамдар алуға қалтасы көтереді.мыңдаған атақты
шаңғышылар осындай алғашқы қадамды осындай шаңғылардан бастаған.
Пластикалық шаңғылар –жеңіл, төзімді болады. Пластикалық шаңғылар су
тартпайды, жақсы жүреді. Шаңғылар мақсатына, түріне, құрылысына, өлшеміне
және ақшасына қарай бөлінеді. Шаңғыны адамның бойына және салмағына қарап
таңдайды. Шаңғы таңдаудың қарапайым түрі- тігінен қойып қолымызды жоғары
созамыз. Яғни, төменмен және жоғары қолмен теңесу керек. Ал дәл шаңғыны
таңдау салмағымен, бойымен таңдау. Мысалы: адамның салмағы 45кг болса, бойы
150сь болса шаңғы ұзындығы 185 см болуы керек. Ал, 60 кг болса, бойы 165 см
болса шаңғы ұзындығы 200 см болуы керек. Пластикалық шаңғы ағаш шаңғыға
қарағанда мықты, шыдамды келеді. Мұндай шаңғылар қар үстінде марафиль мазын
жақпаса да жақсы жүреді. Шаңғы таяғы жеңіл, эластикалық және төзімді, мықты
болуы керек. Шаңғы таяғын жерге қойған кезде иығымызбен сәйкес келуі керек.
Шаңғы ботинкасы былғары, 2 размерге үлкен болуы керек. Кейде ботинка
қонышына қар кірмеу үшін ұзақ жорықтарда аяққа бахил киеді.
Шаңғы құрал- жабдықтарына: шаңғы, шаңғы таяғы, шаңғы ботинкасы, шаңғы
қаптамасы, мазьды қыздыратын булағыш, мазьды тазалайтын пластмасса пышақтар
жатады. Шаңғы киімі жеңіл әрі жылы болуы керек. Шаңғымен жоғары көтерілудің
мынандай әдістері бар: шырша тәрізді,баспа тәрізді, жартылай шырша тәрізді
және еркін әдіспен.
Шаңғыны қалай сақтау керек?
Ағаштан жасалған шаңғыны үйде жарға тікесінен тұрғызып қойған дұрыс.
Майлап, целлофанмен қаптап күту керек. Шаңғыны теберде міндетті түрде
майлау керек, себебі, ылғалданбайды, жабысқақ болмайды.
Пластик шаңғыны көп майлауға болмайды.
Қандай да болмасын жорық кезінде ең бірінші сақтық ережелерін орындау
керек. Әсіресе тау беткейлері немесе жоталардың арасымен өткен кезде
айқайлап өлең айтуға немесе музыка тыңдауға болмайды. Қар көшкініне қалған
адамды іздеу кезінде бір қатарға тұрып, арнайы іздеу құралдарымен іздейміз.
Үсіктен сақтану үшін сақталатын қауіпсіздік ережелері: шаңғы
туризмінде кездесетін үлкен қатер – аяқ – қолдың үсік шалуы.Үсік
туристердің жорыққа дұрыс дайындалмауына байланысты кездеседі. Бұл денені
суық пен ылғалдан қорғауды дұрыс есептемеуден киімнің бүлінуі, ағзаның
суыққа қарсы тұру қабілетінің төмендігінен болады. Қысқы жорықта ең көп
кездесетін қауіп – қол мен аяқтың үсік шалуы. Бұл аяқ киім мен қолғаптың су
болуы, сол сияқты аяқ киімнің тарлығы т.б. жағдайлар. Бұл жағдайларды
болдырмау үшін турист киетін киімін құрғатып, бүлінген, жыртылған жерлерін
бүтіндеп мұқият күту керек. Су болған киімді ауыстыратын құрғақ киімдер
болуы керек. Аяқ тоңса дамылсыз қозғап, табан мен бармақтарын қозғап
айналдыру керек. Тоңған аяқты жылытамын деп аяқ киімді шешіп тастауға
болмайды немесе аяқ киімді бауынан босатып сыртынан құрғақ затпен орап
қозғай беру керек.

Шаңғы туризмінде із сала жүру техникасын меңгеру. Шаңғышылардың ара
қашықтығы.
Жаяу және тау жорықтарына дайындық кезінде жүріс техникасына (аяқты дұрыс
орналастыру, альпеншток немесе ледоруб арқылы өзін – өзі сақтандыру) биік
емес бөгеттерді, тік соқпақтарды, жар қабақтарды бағындыруға айрықша көңіл
бөлінсе, ал алғашқы шаңғы тебушілерге бастапқы кезеңде оларды шаңғымен
жүруге, жоғары өрлеуге, төмен түсуге, бұрылуға, тежеу техникасына үйрету
керек. Осы шаңғы техника элементтерін жеткілікті үйренгеннен кейін жол
дорбамен орындау қажет. Шаңғы жорығында жүріс негізінен қардың үстінде
өтеді. Осы жорықта шаңғышылардың барлығы бір ізбен арқаларына жол
дорбаларын артқан күйде қозғалады. Жол дорбамен қатар өздерінің киімдері де
қатты желдің немесе аяздың әсерінен жылдамдығын азайтады. Сонымен қатар бұл
кезде техникалық әдіс жасаудың өзі де қиынға соғады. Шаңғы жорықтарында
турист орта таулы аймақтарда кейбір аумақтарды шаңғысыз өтуіне тура келеді.
Себебі айрықша тік жарқабақтар кезінде шаңғымен түсу және жоғары өрлеу
тиімсіз болады. Кейбір жерлердің бетін мұз басқан, кейбір жерлері қарсыз
баурайлар (шөптесін, құмды). Осындай жағдайларда жаяу және тау туризмінің
техникасын, соның ішінде жеке сақтандыру, топтық сақтандыру элементтерін
қолданады. Ал шаңғы таяқтары мұндай жағдайда шаңғышыларға альпеншток немесе
ледорубтың қызметін атқарады. Шаңғыларды жолдорбаның жанына жібімен байлап
қояды (Ярова жолдорбасы).
Шаңғышыларды дайындау кезінде мынандай жаттығулар түрлерін көрсету керек:
1. Шаңғы техникасының жүрісін жолдарба және жолдорбасыз меңгеру (бір
мезгілде, ауыспалы), шаңғымен із сала жүру.
2. Шаңғымен кедергілермен жүру (арық, сай, бөрене, төмпе).
3. Шаңғымен жоғары көтерілу, төмен түсу, бұрылу және тежеу техникасын
менгеру.
4. Қолда бар құралдардан жарақаттанған адамды тасымалдау құралдарын жасауға
үйрету (шаңғы, шаңғы таяғы, жіптер).
5. Шаңғысыз шаңғы таяғымен жеке сақтануы арқылы шөпті, құмды баурайларға
көтерілу, траверс, түсу техникасын меңгеру.
6. Су кедергілерінен (өткел, өзен) сақтандыру арқылы өту техникасын
меңгеру.

Шаңғы жорығында жолдорба арқылы қозғалысы.
Шаңғышылар белгіленген ауданда жолдорба арқылы негізгі қозғалысы-
жылжымалы жүріс. Тығыз баурайлардан немесе тайыз, болбыр қардан бір
мезгілдік жүріспен түседі. Бұл жағдайда шаңғы таяғын тез және қатты итеру
қажет. Өйткен жағдайда арқадағы жолдорба қозғалып, тепе теңдік бұзылып
туристтің құлауына әкелуі мүмкін.
Шаңғы жолын таңдау
Айналада көрінетін қашықтықта жорыққа шығуда кесілген ағаш, өзен
арналарымен жүргенде жолды тапау әдісі қолданылады. Бұл кезде бастаушы орын
ауыстырады. Белгілі бір уақыт аралығында қар терең әрі ауырлаған сайын,
тоқтау уақыты да азаяды.
Айналада көру уақыты аз болса (боранда, орманда, қараңғыда) компаспен
бағытты салыстырып отыру қажет болғанда, топты бірнеше топтарға (мысалы: 3
адам) бөледі де, шаңғы жолын таптауға ауыстырады. Топ жетекшісі 1-ші
топшаның артынан жүреді, әрі барлық топ мүшелерін көріп, топтың басшысына
жүру бағытын көрсетеді.
Таптауға 3 адам қатысады, өзара ауысып, топ басшысы алдына тұрады. Ал,
шаршаған топ мүшелері топ жетекшісі нұсқауымен артқа кетеді де, оның орнына
келесі топ келеді.

Тау бөктерінен өту
Тау бөктерінің қалың қарлы әрі қиын бөліктерінен өту топ мүшелерінің
біліктілігіне әрі тауға көтерілу, түсу, тоқтау, бұрылу техникасын қалай,
қанша меңгергендіктеріне байланысты.
Сабақта шәкірттерге таудан төмен құлдырау кезінде рюкзак әсіресе
(стенковый) жылдамдықты үдетеді де, құлауға әкеліп соқтырады.
Көтерілулер
Биіктеу жерлерде шаңғымен көтерілу барысында аз уақыт жұмсап күшін
үнемдеп тез көтерілу керек. Тау бөктеріндегі қардың түріне қарап, әрі
қиғаштығына қарап көтерілу тәсілін таңдаймыз. Олар: “адымдап жүру”, “жарты
шырша”, “шырша”, “баспалдақ” және “зигзаг”.
Адымдап жүру әдісі тегіс жерлі жармен көтерілу барысында қолданылады. Бұл
әдіс арқылы қозғалу барысында шаңғышы алға қарай еңкейіңкі күйде, күшті
қолға сала отырып, шаңғы таяқтарын мығым ұстау арқылы оны тірек ретінде
пайдаланып жылжу керек.
Ал, қатты тау бөктерінде “жарты шырша” әдісімен тау бөктеріне қисық жүрген
жөн. Бұл әдісте шаңғышы бір аяғымен бағыт ала жоғарыға қарай қозғалса,
екінші аяғымен тежеу мақсатында бір қырымен қозғалу керек.

“Шырша” әдісімен орта деңгейдегі “жарты шырша” әдісімен көтерілу мүмкін
болмаған жағдайда көтеріледі. Бұл кезде шаңғы тұмсығы екі жаққа кең
қойылады, ал шаңғы ішкі қырына қойылады. Бірақ шаңғының орнын ауыстыру үшін
оны салмақтан арылдыру керек, себебі: дене салмағын келесі шаңғыда
ауыртады. Шаңғының тұмсығы қарға кіріп кетпес үшін, аяқ киімнің басын
көтеріп, өкшеге басу керек.

Қатты, әрі өте биік, қиғаш тау бөктеріне “баспалдақ” әдісімен көтерілген
дұрыс: көтерілетін жерге жанымен тұрып бірқалыпты шаңғымен, таяқты
ауыстырып отырады. Бұл жерде өте кең ашық қадам жасаудың қажеті жоқ, ал
дене салмағын келесі шаңғыда ауыстыру үшін қарды таптау керек. Жалпақ
жерлерде “шырша” әдісімен қардың сусып отыруына байланысты қиғаш көтерілу
мүмкін емес.
“Зигзаг” әдісімен көтерілу техникасы көбіне тау көшкіні қаупі жоқ ауданда
қолданады. Әрі сырғымалы қадам, “жарты шырша” немесе “баспалдақ” немесе
қиғаш. Бұл әдісте өте сақтанып қозғалған жөн. Себебі, тау бөктеріндегі
қарды кесіп өтудің қауіпі бар. Бұрылыстан бұрылысқа дейінгі ара қашықтық 30
метрден артық болмауы қажет, әрі жол ағаш, бұта, тас тасаларымен салынады.
Қозғалыс барысында бағытты өзгерту “айналу” әдісімен жүргізіледі. Тау
бөктеріне арқамен қарап тұрады. Бетін тау бөктеріне бағыттауда бұл әдісті
орындау өте қиынға соғады, әрі өте қауіпті, тепе – теңдікті жоғалтып алса
құлайды, әрі таяқпен тоқтату қиынға соғады. Оқыту, үйрету барысында
оқушыларды қатты қадағалау керек. Бағытты өзгерту барысында жарысқа
қатысушылардың бірінің үстіне бірі құлау қауіпі бар. Сондықтан топ қозғалу
бағытында әр участокте 1-2 адамнан артық болмауы қажет. Қайта оралу
бағытында “челнок” әдісін қолданамыз. Ең соңғы адам бастаушы, ал бірінші
адам соңғы. Бұл тәсіл жолды ұзартады, бірақ топқа айналадағы көрініс шамалы
болғанда қозғалуға ыңғайлы.
Шаңғымен төмен түсу
Шаңғымен төмен түсу – шаңғы техникасында ең негізгі элемент.
Жаттығулар мен оқытудың нәтежиесінде жорыққа қатысушылар тау бөктерінің
кедергілеріне қарап шаңғымен түсу, тұру,әдістерін өз бетімен таңдап үйрену
керек. Алған білімдерін, біліктерін бекіту үшін инструктор қиын
участоктерді таңдап алады (жайылма, қиялап түсу, сырғанау тегіс немесе
төбешіктер) әрі қар қабаты әр түрлі болады. Бұл жолдармен түсу кезінде
шаңғышы тұру, түсу, тепе – теңдікті сақтау шапшаңдығын талап етеді. Қар
қабатының әр түрлілігі қатты әрі сусымалы болуы бірден тоқтау намесе қатты
сырғанау кезінде тепе – теңдікті сақтай алмай құлауға ұрындырады. Алға
Разножка әдісі бойынша тоқтау (бір аяқ шаңғымен алда) тоқтауды
үйлестіреді. Тоқтау мүмкіндігін үйлестіру үшін тізені бүгіп, алға
созыңқырайды. Тау бөктерінің түріне қарап тұру және түсу әдісі таңдалады.
Тау бөктерімен жоғары, орта, төмен бағанамен түсуге болады. Орташа тау
бөктерінен орта тұру әдісін қолданады. Бұл үшін шаңғынын 15-20 см арасын
ашып, аяқты тізені бүгіп, дене алға еңкейіп, тізеден аяқ киімнің тұмсығы
көрінетіндей етеді. Шынтақты жарты бүгіп қолды дененің бағытымен түсіреді:
таяқтың дөңгелектерін артқа ұстайды (таяқты алға ұстауға болмайды, себебі,
жарақаттауы мүмкін).
Өте қиғаш тау бөктерінде ең төменгі бағана қолданылады. Бұл уақытта тізені
қатты бүгіп отырып денені алға еңкейтіп қолды алға шығарады.
Түсу жолдарының қиындығына қарай жолмен зигзаг, баспа әдістерімен
түседі.
Түзу әдісімен түсу – тегіс, қысқа, орта, қиялау, жақсы көрінетін
тау бөктерінде қолданады. Жылдамдықтың артуына байланысты тоұтаудың да әр
түрлі әдісін қолданады немесе құлайды. Себебі, бақылаудан айырылып қалса
жатақаттанады. Қиын қиялардан, созылмалы тау бөктерінен, тау көшкіні
білінбеген жерде тоқтатуды бақылау, жылдамдықты бақылауда зигзаг әдісімен
түседі де қажетті жаққа плуг әдісімен бұрылады. Ал, топпен түскен
жағдайда,Шаңғымен із сала жүру. Шаңғы жолынан шығып, таяқтың көмегімен
тоқтайды.
Қысқа әрі қиялы тау бөктерінен түсерде жанымен сырғанау әдісі
қолданылады. Бұл үшін шаңғыны тау бөктеріне параллель қойып, шаңғы қырына
басып тұрады, қармен байланысты азайтады. Жылдамдықты көбейту барысында
күшті шаңғы қырына салып сырғанайды.
Баспалдақ әдісімен түсу қиын қиялау тау бөктерінде зигзаг сырғанау
әдісін қолдануға болмайтын жағдайда қолданады.
Шаңғымен бағдарлау арқылы жүру барысында ағысы жылдам өзендерден
өту кезінде шаңғымен із сала жүру әдісі қолданған тиімді. Өйткені ағысы
жылдам өзендер баяу қатады. Мұз қалыңдығы жұқа болғандықтан шаңғышылардың
өміріне қауіп төндіруі ықтимал. Бұл әдіс арқылы жүру барысында шаңғышылар
әр 4-5 метр сайын ауысып тұруы қажет. Қар неғұрлым қалыңдаған сайын
шаңғышылар да соғұрлым жиі ауысып тұруы керек. Тұманды, боранды күндері
немесе орман, тоғай арасымен жылжу барысында бағытты үнемі картада компас
арқылы белгілеу қажеттілігі туындап отыратындықтан топты бірнеше адамнан
бөлу арқылы топтастырып жылжу әдісін пайдалану тиімді болып табылады. Яғни,
3 адамнан бөлініп топтасқан топ із сала жүруде бір мезгілде бірге жылжиды.
Мұндай жағдайда топ басшысы міндетті түрде алға түсіп жолды бағыттап отыруы
қажет. Із сала жүруді 3 адам бір мезгілде атқарады. Шаршаған топты соңғы
келе жатырған топ алмастыруы керек.
Шаңғышылардың ара қашықтығы
Топ мүшелері бір боймен, бір адамнан қозғалуы шарт. Алда штурман
жүріп отырады. Өйткені ол із кесуші, жолды жақсы біледі, ал саптың соңында
жөндеуші шебер жүруі тиіс.
Шаңғышылардың аттап өту, сайдан өту, бөренеден өту, бұрылу және тежеудің
әдіс - тәсілдері.
Аттап өту.
Қысқа каналдардан, төбешіктерден, шұңқырлардан аттап өтуге болады.
Арқада жүк бар кезде таяққа сүйеніп аттауға тура келеді. Егер шұңқыр үлкен
және терең болған жағдайда баспалдақ болып алға жылжу. Кішкене ғана
төбешіктер мен шұңқырлардан шапшаң аттап өтуге болады. Ал, апандардан бір
қырлап секіріп өтуге болады. Секірген кезде қолымен сүйеніп, қос шаңғымен
жерге қону керек, қарсы келген төбешік болып жатса, не болмаса кішкене
шұңқыр болса шаңғыға қолымен сүйеніп, бір аяқтап сырғанап өту керек.
Сайдан өтудің әдіс – тәсілдері:
Шаңғы жорығы кезінде шаңғышының алдынан бірнеше кедергілер
кездеседі. Сондықтан шаңғы жорығында жоғары өрлеу және төмен түсу
әдістерімен қатар осы жорықта кездесетін әр түрлі кедергілерден өтудің
әдістерін де меңгеру қажет. Мысалы: бөрене, сай, жыралар, аласа қоршаулар
т.б. Шаңғышылар жолда кездесетін кедергілердің бірі – сай, жыралардан өту
үшін бірнеше әдіс – тәсілдерді меңгеру қажет. Егер үлкен сайлар кездесетін
болса шаңғымен жоғары өрлеу және түсу әдістерін пайдалануға болады. Ал
кішкене төмпешіктерден өту барысында аяқты сәл бүгіп алға қарай еңкейіңкі
күйінде сырғанап түсуге және шаңғы таяғының көмегімен жоғары көтерілуге
болады. Егер сайдың арасы жақын болса алға қолды, денені созып аттау арқылы
өтуге болады.
Бөренеден өтудің әдіс – тәсілдері:
Шаңғышылар жолда кездесетін бөренеден өту үшін ең алдымен
бөрененің жанына бір қырымен тұрады. Егер ол оң жағымен өтетін болса оң
қолындағы шаңғы таяғын бөрененің арғы бетіне екі аяғы сыйатындай орын
қалдырып, қарға мығым орналастырады. Бұдан кейін бірінші оң аяқты содан соң
сол аяқты бөрененің арғы бетіне орналастырамыз. Ең соңында сол қолымыздағы
таяғымызды бөренеден асырып, өзіміз тұрған жаққа орналастырамыз. Аласа
қоршаулардан өту үшін шаңғышылар ең алдымен сол қоршауға отырғышқа
отырғандай арқа бөлігімен отырады. Содан соң турист аяғы қоршауға
тимейтіндей етіп жоғары көтеріп 180̊С-қа, яғни қарсы бетке айналады. Шаңғы
таяқтары арқылы жеке счақтана отырып қоршаудан өтеді. Қоршауларға салынған
бөренелер арасынан өту әдісін орындау үшін ең алдымен, бір қырынан тұрады
да сәл еңкейіп шаңғы таяғын арғы бетке орналастыру керек. Содан соң сол
беттегі аяқты арғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
ЭКСТРИМАЛДЫ ТУРИЗМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қр-дағы экстрималды туризмнің жағдайы
Қазақстандағы шаңғы туризмі
Рекреациялық ресурстар
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Белсенді туризмнің теориялық аспектілері
Отандық белсенді туризм түрлерінің жағдайы
Ыстықкөл облысындағы туризм түрлерін дамыту мүмкіндіктерін бағалау
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
Пәндер