ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ


МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ5
ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ5
1. 1 Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері5
1. 2 Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері12
1. 3 Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі15
2 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ24
2. 1 Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және24
классификациясы24
2. 2 Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі, меншік32
құқығының туындауының және тоқтатылуының негіздері32
2. 3. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйесі мен құзіреті38
3 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН53
ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕР53
3. 1 Экология заңдарын бұзудың түсінігі және белгілері53
3. 2 Экологиялық әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктер55
3. 3 Экологиялық азаматтық жауапкершілік57
ҚОРЫТЫНДЫ81
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:83
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Дипломдық жұмыс «Экологиялық-құқықтық қатынастарға» арналған. Зерттеу жұмысында экологиялық құқықтың негіздеріне, ұғымына, қағидаларына, түсінігіне, сондай-ақ, Республикамыздағы экология аясындағы заңдардың қалыптасу тарихын, даму жолдарын, олардың мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін кейбір нормалар қарастырылған.
Экологиялық құқық - қоршаған табиғи ортаның сапасын жақсарту, қорғау, сауықтыру, экологиялық зиянды зардаптардың алдын алу мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әсер жүйесіндегі қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін экологиялық-құқықтық нормалар жиынтығы:
Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді (экологиялық жүйелерді) сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Сонымен Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласын айтамыз.
Экологиялық құқық әдісі туралы мәселе елеулі ғылыми проблема болып табылады және ол жеке зерттелуі тиіс. Әдістің ерекшелігі құқық саласы мен реттеу мәні сипаттамасынан бастау алуымен анықталады. Экологиялық құқықтың анықтауыш белгісі саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдаланудың ішкі салалық процестерін ортақ мақсатқа - адамның тіршілігі үшін жарамды табиғат сапасын сақтаудан бастау алады. Ғалымдар мынаны дәлелдеп отыр. экологиялық құқық құрамына жататын жекелеген салалардың (жер, су, тау және т. б. ) өз жүйесі, өз мәні мен өз әдісі болады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми зерттелу дәрежесі - Зерттеуде экологиялық құқыққа байланысты Қазақстан Республикасының нормативтік актілері пайдаланылған, сонымен бірге зерттеу жұмысын жүргізу барысында заңгер-ғалымдардың, құқық теоретиктерінің еңбектері, ондағы тұжырымдар, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен нормативтік құқықтық актілері назарға алынған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - айналадағы қоршаған орта мен қоғам, адамзат арасында қазіргі кезде болып жатқан құқықтық қатынастарды талқылап, оларды дамыту.
Зерттеу объектісі - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз. Осының негізінде біз экологиялық қатынастарға бүкіл табиғи кешенге, сондай-ақ оның жекелеген бөлімдеріне бағытталған барлық қатынастарды жатқызамыз. Сондықтан жер, су, тау, орман, фауналық, атмосфералық ауа қатынастары біршама дербестікке ие болады және жер, су, тау, орман, флора-фауналық, атмосфералық ауа құқығының мәні болып табылады, өзінің жалпы белгілері бойынша табиғат ресурстары қатынастарына жатады, олар экологиялық қатынастар құрамына кіреді. Сондай-ақ экологиялық қатынастарға объектісі табиғат кешені, табиғи орта болып табылатын қатынастарды жатқызу керек, мұның өзі қорықтардың, экологиялық апат аймақтарының құқықтық режимін реттеу мысалынан ерекше көрінеді.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен (үш тарау), қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер, тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
1. 1 Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері
Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқықтың мәнін анықтаудан басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын реттеуге бағытталған. Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық құқықтың адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады.
Экологиялық құқық мәнінің ұғымын ғалымдар ертеректе зерттеген. Ресей оқулықтарын ерекше атап көрсеткен жөн, олардан біз мынадай анықтамаларды ұшыратамыз: "Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады, олар тұтастай алғанда табиғи объектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап, дамиды", "Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қәзіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді (экологиялық жүйелерді) сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы".
Сонымен ҚР-ның экологиялық құқығы дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласын айтамыз.
Экологиялық құқықтың белгісі экологиялық қатынастарды құқықтық реттеуі әдістерінің болуы. Құқық теориясынан мына жайттар белгілі: құқық саласының әдісі ретінде қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдері, осы қатынастарды реттеу тәсілдері танылады. Экологиялық құқық біршама жуықта ғана дербес ала ретінде танылуымен байланысты экологиялық құқық әдісін анықтау тұрғысында әлі де болса бірегей пікір болмай отыр [11, 29] .
Экологиялық құқық әдісі туралы мәселе елеулі ғылыми проблема болып табылады және ол жеке зерттелуі тиіс. Әдістің ерекшелігі құқық саласы мен реттеу мәні сипаттамасынан бастау алумен анықталады. Экологиялық құқықтың анықтауыш белгісі саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдаланудың ішкі салалық процесстерін ортақ мақсатқа - адамның тіршілігі үшін жарамды табиғат сапасын сақтаудан бастау алады. Ғалымдар мынаны дәлелдеп отыр. экологиялық құқық құрамына жататын жекелеген салалардың (жер, су, тау және т. б. ) өз жүйесі, өз мәні мен өз әдісі болады. Алайда экологиялық құқық әдісі - бұл неғұрлым күрделі құбылыс. Экологиялық құқықтың әдістеріне мыналар жатады:
Экологияландыру әдісі. Бұл әдістің мазмұнынан экологиялық құқық қатынастарын құқықтық реттеу тәсілін ұғынған жөн, бұл ретте қоршаған табиғи ортаға немесе оның жекелеген ресурсын пайдалану немесе кез келген шаруашылық және өзге де ықпал ету бүкіл табиғат сапасын сақтау мақсатына бағындырылуға тиіс. Пайдалы қазындыларды өндіру, өнеркәсіп объектілерін салу кезінде, республика аумағына шетелдік өнеркәсіп технологияларын әкелу кезінде, ғарыш объектілерін пайдаланған кезде және т. б. кездерде барлық жерде экологияландыру әдісі қолданылады.
Тараптардың теңдігі әдісі. Бұл әдіс, егер экологиялық құқық қатынасының мазмұны азаматтық құқықтық мәмілелер, заладың орнын толтыру болып табылатын жағдайларда қолданылады. Бұл қатынастардың субъектілері, әдетте бірдей жағдайда болады, бір-біріне тәуелсіз құқықтар мен міндеттердің бірдей көлеміне ие болады. Оларды тек шарт қана байланыстырады.
Биліктің ықпал ету әдісі. Бұл әдіс субъектілер бағынышты, тәуелді болған, олардың құқықтары мен міндеттерінің көлемі жоғары тұрған субъекті анықтаған жағдайда экологиялық құқық қатынастарында қолданылады. Айталық, ҚР-сы аумағында табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі барлық құқық қатынастары іс жүзінде мемлекеттік орган беретін рұқсаттың (лицензияның) негізінде жүзеге асырылады, бұл орган осы қатынастың туындауына, өзгеруіне және тоқтатылуына ықпал етеді. Биліктің ықпал ету әдісі табиғат ресурстарын пайдалану жағдайында, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде министрліктер мен ведомстволар басқаруды жүзеге асыру кезінде, бекітілген табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру кезінде қолданылады.
Мәжбүрлеу әдісі. Бұл әдіс кінәлі адамды жауапкершілікке тарту жөніндегі қатынастарды реттеу кезінде қолданылады. Бұл әдіс биліктің ықпал ету әдісінің құрамдас бөлігі ретінде толық заңды түрде қарастырылады, себебі кінәлі адам мемлекет белгілеген тәртіп ережесін бұзған кезде құқық қатынасын реттеу болып табылады.
Экономикалық әдіс. Бұл әдістің көмегімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдерді алу жөніндегі құқық қатынастары реттеледі.
Халықаралық-құқықтық әдіс. Экологиялық қатынастарды реттеудің халықаралық-құқықтық әдісі қажет әдіс, себебі экологиялық құқықпен табиғат ресурстары қорғалады және пайдаланылады, олар бірнеше мемлекеттің аумағы бойынша көшіп отырады. Объектиті құрылым ретінде табиғат кешені мемлекеттерге, құқықтық режимге тәуелді болмайды, бірақ ол табиғат процесстеріне тәуелді болады, олар әр алуан мемлекеттердің аумағы арқылы өтеді. Бір мемлекеттің меншігі болмайтын табиғат объектілері бар, қайта бүкіл адамзатқа тиесілі болады (әлемдік мұхит, ауа, озон қабаты және т. б. ) . Қазақстан Республикасының заңнамасы бұл жағдайларда қәзіргі халықаралық экологиялық конвенциялар мен шарттарға бағынады. Атап айтқанда осы жағдайларда халықаралық әдіс қолданылатын болады [10, 142] .
Сөйтіп экологиялық құқықта негізгі әдіс ретінде экологияландыру әдісі танылады, қалған әдістер қосымша әдістер болып биғи ресурстарды тиімді пайдалану - коғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану коғамның дамуының конституциялык қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.
Экологиялык құқық - бұл осы кезең мен болашактын адамдардың мүдделері үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-катынасқа байланысты коғамдық қатынастарды ретгейтін жана құкык салаларының бірі болып табылады. «Экология» - бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз - «Жер» туралы ғылым.
Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзак уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда колданылды. Ол өзінін әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология - тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-катынасты анықтайтын ілім ретінде колданылады.
Табиғат - санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:
1. Жердегі өмірге кажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін экологиялық қызмет;
2. Адамдардың материалдық кажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалык кызмет;
3. Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін негіз - құлықтылык қызмет [5, 67] .
Адам - табиғаттың эволюциялық даму нәтижесінін өнімі. Табиғатқа қатынасына байланысты ол - оның әсерін байқайтын, өмірдің жаратылысынан тәуелді болатын, оны қоршаған ортаның объектісі ретінде және табиғи ресурстарды пайдаланатын, өзінің шаруашылық қажеттіліктерін шешу үшін табиғатты бейімдеуші субъект ретінде танылады.
Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы негізі 2 нысандағы қоғамдық қатынастар негізінде - табиғат ресурстарын пайдалану мен табиғатты қорғауда көрініс табады. Табиғат ресурстарын пайдалану - материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қоғамнын экономикалық мүддесімен анықталады. Табиғатты қорғау - қазіргі кезең және болашак ұрпақтар үшін коршаған табиғи ортаның сапасымен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып табылады. Бірақ, тірі организмдердің (соның ішінде адамның да, қоғамның да) жалпы қоршаған ортамен емес, табиғи ортамен байланысты екендігін де көрсету керек. Сондықтан, экологияны сөзбе-сөз түсіну үшін, тек табиғи ортамен ғана өзара қарым-қатынас болған жағдайды айту керек. Міне тек осы жерде ғана табиғатты дамыту (жақсарту) туралы, экологиялык заңдарды сақтауға аса назар аудару керек. Қоршаған ортада - бұл әлеуметтік экологияның заты емес. Әлеуметтік экологияға, оның құрамдас бөлігі ретінде құқықтык экология кіреді. Құқықтық экология деп - қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын коғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз. Құкықтық экологияның анықталуының бірі болып, экология құқығы танылады. Экология құқығы - бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін коршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану мен корғауға байланысты қоғам мен табиғаттың карым-қатынасын анықтайтын қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің экологиялық қызметінің дамуы - экология қүкығы деген атқа ие болған жаңа қүқықтык бірліктің кұрыл-уына алып келді. Құқық саласының құрылу процесі объективті түрде негізделінеді, яғни табиғатты қорғау немесе коршаған ортаны қорғау туралы басты реттеуші заңньщ болуы және болмауына байланысты емес. Бұндай заңның түрлерінің болуы берілген бірлестіктің ішкі даму процестерінің нәтижесі болып табылады, егер оның өмір сүруі халықтың түбегейлі кажеттіліктерінен туындайтын болса.
Экология құқығы, құқык саласы ретінде біздің ортақ үйіміз өмір сүру мүдделері үшін коғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыстарға жету мақсатында экологиялык қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын арнайы тәсілдерді реттейтін құкықтық нормалардың жүйесін құрайды.
Кез келген жүйе - біріккен, жүйе құрайтын факторларды ретке келтіруші көптеген элементтерден тұрады.
Экология құқығының әдістері - қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыска жетуге бағытталған, олар табиғатқа да, коғамға да катысты зандылықтардың құкықтык, реттелуінің сақталуына негізделеді. Экология құқығы 3 негізде окытылады: пән ретінде, сала ретінде, ғылым ретінде.
Экология құқығы сала ретінде - экологиялык құкықты сала, пән ретіндегі танудың ғылыми ілімдерінің жүйесін құрайды. Экологиялық құқыкты - құқык саласы ретінде тану үшін біз белгілі бір зандарға жүгінеміз, оның нормаларына түсінік береміз [7, 98] .
Экологиялық құкықты оқу пәні ретінде біз, теориялык және тәжірибелік сұрақтарын камтитын оқыту әдістемесіне және де кұқық нормалары мен олардың тәжірибе жүзінде жүзеге асыру қажеттілігін білуге мән береміз.
Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы - Қазақстан Республикасындағы жалпы табиғатты пайдалану құқығының негізгі бөлігі және азаматгардың денсаулығын сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады .
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша азаматтардың құқықтары табиғатты корғауға байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі.
Қоршаған ортаны тазарту - адамның өмір сүру ортасының сапасы мен адамның денсаулығы үшін шаруашылык кызметтердің зиянды салдарын жою және ескертуге бағытталған техникалық ұйымдастырылған, құқықтық, санитарлық-гигиеналық шаралардың жиынтығын құрайды. Азаматтың қолайлы қоршаған ортаға құқыктарының объектісі болып, табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық ауа, су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекреациялық аймақтар, санаториялык-курорттық орындар, т. б. Азаматтардың бұл құкықтары Қазақстан Республикасының зандарында ары қарай дамуы көзделген. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына - адамдар және оны қоршаған орта үшін зиянды салдарын төмендетуге және ескертуге, халықтың демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және басқа да қоғамдык ұйымдардың санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу міндеттілігі сәйкес келеді.
1997 жылы 15 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 5-бабына сәйкес, азаматтардын. қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері көрсетілген [15, 134] . Әрбір азаматтың және ҚР-ның аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы зандардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтеуін алуға құқы бар.
Азаматтардың:
- белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды корғау және толықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға катысуға;
- қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
- коршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік, органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды карауды талап етуге;
- коғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;
- кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды әсерге де объектілерді орналастыру, салу, кайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ак занды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзгеде қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;
- айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардын бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотка талап арызы беруге;
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін заң алдындағы жауаптылық Қазакстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны корғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялык заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі.
Экологиялык құқық бұзушылық дегеніміз - жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялык кұкыктары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге коршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқықка қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.
Экологиялық кұкык бұзушылық белгілерін қарастырайық:
- Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә - ол құқық бұзушынын жасаған кұкыкка карсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол касақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасаканалы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін [3, 149] .
- Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардын және баска да заңдардың бұзылуын білдіреді.
- Экологиялық құқық бұзушылыктың қоғамға қауіптілігі коршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.
- Құкыкка қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.
- Кұкык бұзушыға заңды жауаптылык шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.
Экологиялық құқық бұзушының жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялык зиянның болуы экологиялык құқык бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байкалмай, ұзак уакытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен катар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялык зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді.
Экологиялық кұкық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет корғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді касакана жойғаны немесе бүддіргені үшін 14 жастан басталады.
Экологиялық кұкык бұзушылық әр түрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
- қоршаған табиғи ортаны және жекелеген табиғи объектілерді (орман, су, жер койнауы және т. б. ) ластау;
- табиғи объектілерді бүлдіру, бұзу, жою (жерді бүлдіру, Қызыл Кітапқа енгізілген жануарларды жою, орманды ағын сулармен қүрту және т. б. ) ;
- табиғи корлардың азып-тозуы;
- табиғи ресурстарды тиімсіз (мақсатсыз) пайдалану (мысалы, суды ысырапсыз пайдалану жөне т. б. ) .
Экологиялык кұқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылық басталуы үшін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz