Жол картасының іске асыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Қазақстанның стратегиялық дамуындағы «Жол картасы» бағдарламасының мәні мен маңызы

1. 1«Жол картасы» бағдарламасының қаржы дағдарысындағы маңыздылығы

1. 2 Дағдарыстан шығудағы Қазақстанның көш басшы бағдарламасының негізгі бағыттары және ерекшеліктері

1. 3 «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан іс - шаралардың тұрақтылықты қамтамасыз етуге әсері

2. «Ғимарат-Тараз» ЖШС-ң өндірістік-шаруашылық қызметін

техника-экономикалық талдау

2. 1 «Ғимарат - Тараз» ЖШС- ң жалпы сипаттамасы

2. 2 «Ғимарат - Тараз» ЖШС- ң басқару құрылымы

2. 3 Кәсіпорынның өнім өндіруі мен қызмет көрсетуін талдау

2. 4 Кәсіпорынның еңбек ресурстарының пайдалану тиімділігін талдау

2. 5 Өнім өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындарды талдау

2. 6 Кәсіпорынның пайдасы мен рентабельділігін талдау

2. 7 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

3. Кәсіпорынның экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын қарастыру

3. 1 Бетон торабының ерітіндісін өндіріске енгізу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары біздің республикамыздың стратегиялық қадамдарында біршама өзгерістер орын алды. Соңғы жылдардағы экономикалық салаларды қолдауға байланысты қабылданған реформаларға қарамастан қазіргі уақытта бұл салаларда көп мәселелер тұр, олардың күрделілігіне қарамастан тез арада тиімді шешімдер табу өте маңызды мәселе. Кәдімгі экономикалық климат құру және экономика салаларын көтеруге қабілетті механизмді жасау қазіргі таңда «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қолға алынып өз шешімін тауып жатыр.

Байтақ жер, еңбек және энергетикалық потенциалға ие мемлекет әлі де болса азық-түлік қауіпсіздігін жоғалту шегінде тұрғанын мойындау керек. ДСҰ - ға кіру алдында тұрған мемлекеттің бірден -бір қояр талабы жоғары сападағы өнімдер арқылы дүние жүзілік саудада өз орнын белгілеу. Біздің республикамыздағы қазіргі мүмкіншіліктерімізбен бұл дәрежеге қол жеткізу қиындау жағдай екендігі анық. Осы уақытқа дейін және қазіргі қаржылық дағдарыс таңдарындада экономикалық салалар бағалық диспаритеттің қатаң шырмауында және пайдасыз сала болып есептеліп отыр. Мұндай жағдай біздің елде ғана емес, басқа көптеген алыс жақын шет елдердеде орын алғандықтан, көп мемлекеттерде мәселелелі салалар датациялы шаруашылық болып отырғаны бәрімізге белгілі. Осы жағдайдан шығу үшін өндірістің маусымдылығын, капиталдың баяу айналымын көтеріңкі табиғи қауіп-қатерді, азық-түлік импортының өсуіне әсер етуші шетел мемлекеттерінің протекционизімін ескеруші экономикалық салалары өнімдерін өндірушілерді несиелеудің тиімді механизмін құру қажеттілігі артуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде атап айтсақ азық түлік тауарларының әрбір түрі бойынша шет елдерден келген импорт үлесі өте жоғары, осыған орай біздің халық шаруашылығы үшін әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын жаңартудың әдеттегідей емес дамыту әдісін сонымен қатар қаржылық құралдарын іздеу және енгізу керектігі анық. Сондықтан да ауыл шаруашылығын қаржыландыру берілген саланы қолдаудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Экономикалық салаларды дамыту ел басы жолдауымен қолға алынып отырған, өз уақытында тиімді басталған шара екені түсінікті. Ендігі мәселе дамыған мемлекеттердің тәжірибелерін пайдалана отырып, өзіміздің ресурстық потенциалымызды дұрыс пайдалану арқылы соңғы нәтиже демек дүние жүзілік стандарттарға сай, сапалы дайын өнімді (ауыл шаруашылығы өнімі) шығару. Әрине бір-бірімен тығыз байланысты факторларды бір жүйе ретінде қарастыруымыз қажет. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық салаларының ресурстық потенциалының даму жолдарын және ғылыми моделін құру қажеттілігі туып отыр.

Әлемді шарпыған қаржылық дағдарыс кезінде мемлекеттің даму жолын айқындайтын «Жол картасы» бағдарламасының ролі өте зор және қазіргі таңда кешуілдетпей айналысатын актуалды мәселелердің негізгісі.

Зерттелген тақырыптағы мәселелердің теориялық және практикалық негіздері отандық экономикалық сала экономистерінің бірқатар жұмыстарының арқасында жүргізілді. Атап айтсақ С. А. Абдильдин, Л. И. Абдильдина, Г. У. Ақымбекова, К. М. Белгібаев, А. Д. Дүйсенбаев, Т. И. Есполов, А. А. Сатыбалдин, Н. М. Мамыров, К. А. Сагадиев, А. Б. Молдашев және тағы басқа отандық ірі экономистердің жұмыстары пайдаланылды. Отандық ғалымдардың жұмыстарымен қатар жақын шет елдерден В. В. Леоненко, В. А. Матусевич, А. И. Панченко, В. Д. Ганчарова және тағы басқаларының ғылыми жұмыстары қолданылды.

Қазақстан мемлекеті үшін маңызды болып тұрғанда осы сала зерттеушілері жұмыстарының тоқтамауымен қатар ол оданда күределене түсіп әлі талай тұрақтылыққа жетелер туындылар әкелуі анық. Жоғарыда атап өткенімдей экономикалық салала тауар өндірушілері дүние жүзілік стандарттарға жете алмауда, міне осы үшін ұлттық өнімдерді дамыту мәселелері ертеңгі күннің емес жедел шешімін табу керек болған бүгінгі күннің мәселелері.

Экономикалық көз - қараспен әрбір қиындық туғызған мәселелерді алдымен диагностикалау, туындау себептерін анықтау тек содан кейін ғана белгілі тиімді нәтижелерге қол жеткізу жолдарын анықтау.

Қойылған мақсатқа жету барысында төмендегідей мәселелерді шешу қажеттілігі туындады:

- ҚР -да экономикалық салалар рольін және ерекшеліктерін анықтау;

- экономикалық салалар тауар өндірушілерінің проблемаларын диагностикалау;

- ҚР-да экономикалық салалар дамытудың теориялық және метотодологиялық негіздерін анықтау;

- экономикалық салаларда жүргізіліп жатқан экономикалық механизмдерге зерттеу жүргізу;

- қаржылық қолдаудың тиімді жақтарын зерттеу;

- кластерлі дамытудың теориялық негіздерімен танысу;

- тауар сапасын жоғарылатудың ерекшеліктерін талдау;

- экономикалық салалар тиімділігн арттыруға байланысты нақты ұсыныстар дайындау.

Ғылыми көзқарастар мен пікірлердің негізіне классикалық ғалымдардың еңбектері, монографиялық зерттеулер, мақалалар алынды. Деректік материалдар ретінде мемлекеттік басқару буындарының шешімдері, қаулылары, статистикалық көрсеткіштері, хабарламалары, заң актілері жүйелілік принціптеріне негізделініп, пайдаланылды.

Зерттеуде ұсынылған ұсыныстар мен шаралар Республикамыздың барлық өңірлерінде және жекелей Жамбыл облысында өнімдерінің көлемімен қоса сапасын арттыруға өз септігін тигізері анық.

Жоғарыда атап кеткеніміздей ДСҰ-ға кіру бәсекелестік қабілеті жоғары тауарларсыз өте тиімсіз. Дипломдық жұмыста осы тауар сапасын жоғарылату және өнім көлемін арттыруға байланысты жүргізілген нақты шаралар ұсынылған.

Жалпы, дағдарысты еңсерудің қазақстандық жолы, яғни үдемелі өнеркәсіптік даму, ірі халықаралық қаржы құралдарын қатыстыра отырып, көліктік-транзиттік инфрақұрылымды арттыру шаралары дамудың орнықтылығын айқындап қана қоймайды, кең ауқымда жұмыспен қамту мәселесін де орынды шешеді. Бүгінге дейін атқарылған жұмыстар соның айғағы.

2010 жылы Жол картасы шеңберінде 3 мыңға жуық инвестициялық жобалар жүзеге асады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етт.

«Халықты еңбекпен қамту 2010 жылғы Үкіметтің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Осы мақсатта Жол картасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар да жалғасады. Бүгінгі таңда инвестициялық жобалардың тізбесі, азаматтарды еңбекпен қамту үшін жұмыс орындарын құру жөніндегі негізгі тапсырмалар және олармен байланысты қаржы шығыстары анықталды. Соған сәйкес, инвестициялық жобалардың жалпы саны шамамен 3 мыңды құрайды. Ал республикалық бюджеттен қарастырылған қаржыландыру көлемі 82 млрд. теңгені құраса, 43, 2 млрд. теңге бойынша қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асады», деді министр.

Оның айтуынша, бағдарлама аясында жөндеу жұмыстарында 130 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда.

АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің пікірінше, «Жол картасы» 2009 жылдың ең табысты бағдарламаларының бірі болды. Ол бұл пікірін бүгін Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен мынаны айтқым келеді: Мемлекет басшысы «Жол картасы» бағдарламасына өте жоғары баға берді. Менің ойымша, бұл 2009 жылдың табысты бағдарламаларының бірі болды», деді отырыста Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, аталмыш бағдарлама әлемдік экономикалық қаржылық дағдарыстың ықпалын азайтуға жағдай жасады. «Менің ойымша, министрлер, Үкімет мүшелері, әкімдіктер, шаруашылық субъектілері, кәсіпкерлер, жергілікті жердегі адамдардың жұмыла істеген жұмыстарының арқасында көп жағдайда ықтимал проблемаларды азайтуға мүмкіндік туды. Сондықтан біз 2009 жылдың оң және теріс тәжірибелерін ескере отырып, 2010 жылы да «Жол картасы» бағдарламасын жалғастыратын боламыз», деді Премьер-Министр.

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ «ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

1. 1 «Жол картасы» бағдарламасының қаржы дағдарысындағы маңыздылығы

Қазiр бүкiл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде.

Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлiнген ауқымды қаражат қазiр отандық экономиканың кiдiрiссiз жұмыс iстеуiне қызмет ете бастады.

Бiз iшкi және сыртқы конъюнктураны жiтi қадағалап, еш кiдiрiссiз табанды шараларды қолға алудамыз. Нақ сондықтан да жаһандық азық-түлiк дағдарысы бiз үшiн ұлттық апатқа айналған жоқ.

Бiрақ бүгiнде бүкiл әлемдiк экономиканы дiңкелетiп үлгерген экономикалық дағдарыс бiздiң берiктiгiмiздi сынаққа салуда.
Дағдарыс бiзге сырттан келдi. Оның көздерi елдiң iшiнде емес, әлемдiк экономиканың сәйкессiздiгiнде жатыр.

Дағдарысты болдырмау және бәрiн алдын ала көздеу мүмкiн емес едi.
Оны еңсеруге әлемнiң жетекшi экономикалары қазiрдiң өзiнде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкiл әлемдiк IЖӨ-нiң iс жүзiнде 15 пайызын жұмсады. Бiрақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлi өзгеретiн емес.

Дағдарыс өз ауқымына дәйектiлiкпен Америка континентiн, Еуропа мен Азияны тартты.

Бүкiл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдiк экономика өз құлдырауында әлi шыңырау түбiне жеткен жоқ.

Әлемде болып жатқан үдерiстерге өз көзқарасымды мен өзiмнiң "Дағдарыстан шығу кiлтi" атты мақаламда баяндадым. Оған түрлiше қарауға болар, бiрақ та бiз, қазақстандықтар, осынау дағдарыстан шығудың жалпы iзденiсiне өз ойымызды қостық. Дағдарыс қатардағы емес, одан шығудың нұсқалары мүлдем әртүрлi болуы тиiс.

Мен осынау жаһандық дағдарыстан кейiн әлемдiк қаржы жүйесi, бәлкiм, мемлекеттердi саяси басқаруда өзгеретiнiне сенiмдiмiн. Көпшiлiк экономиканы "қолмен басқару" қажеттiгiне келiп отыр, ал реттеу осы дағдарыстан шығудың аса маңызды iсiне айналуда.

Сондықтан да тереңде түбегейлi көзқарас әлемдiк қоғамдастықта әлемдiк нарықтық экономиканың келесi бұрылыстарында бiздi қауiпсiздендiру жолын табуға көмектеседi.

Сондықтан мен ұсынған түбегейлi шаралар әлемдiк қоғамдастықта талқыланатын болады.

Менiң ұсынысым - бұл жаһандық проблемаларды шешу iзденiсiне қосқан үлесiм.

Бiрақ та бүгiнгi нақтылық мынадай, әлемдегi iскерлiк белсендiлiктiң қысылуы мұнай мен металға деген сұраныстың төмендеуiне соқтырды. Ал бұлар - Қазақстан экспортының негiзi.

Бiр жылда мұнай бағасы 4 есе дерлiк, металл бағасы 2 есе дерлiк құлап түстi.
Бiздiң негiзгi сауда-саттық әрiптестерiмiз әрi жақын көршiлерiмiз - Ресей мен Украина өздерiнiң ұлттық валюталарын 40-45 пайызға құнсыздандырды. Сондықтан да бiз өзiмiздiң тауар өндiрушiлерiмiздiң мүддесi тұрғысынан теңгенiң құнсыздануына баруға мәжбүр болдық. Өйтпесек қазақстандық өнiм өзiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғалтар едi. Бiз елдiң алтын-валюта резервiн жұмсауды жалғастыра берер едiк.

Бiз әлемдiк қауымдастықтағы өз ұстанымымызды сақтаймыз.
Ұлттық қорды құра отырып, бiз қорланудың мақсатты саясатын жүргiздiк.

Бұл қорды құру керек пе, әлде қаржыны баршаға аз-аздап үлестiремiз бе дегенге орай қаншама талас жүргенiн сiздер жақсы бiлесiздер. Қазiргiдей бюджетке алымдар 20 %-ға төмендеген кезде зейнатақы және жалақы төлеумен не iстер едi?

Жақсы уақытта осы қорды құра отырып, бiз дұрыс iстедiк. Өзiнiң ертеңгi күнi туралы ойлайтын мемлекеттер осылай iстеуге тиiс.

Сол арқылы бiз осы тұрпатты сiлкiнiстер мүмкiндiгiнiң алдындағы экономикамыздың берiктiк қорын қамтамасыз еттiк.
Өмiрге қабiлеттi және икемдi экономика жасау үшiн бiз дәйектiлiкпен күрделi құрылымдық реформаларды жүргiзiп, экспорттық әлеуеттi ұлғайттық және әртараптандыруды бастап кеттiк.

Нақ сондықтан да бүгiнде бiздiң айтарлықтай мүмкiндiгiмiз бар және ойластырылған әрi тиiмдi дағдарысқа қарсы саясат жүргiзуге жағдайымыз жетедi.
Көптеген мемлекеттердiң пайда болған жаһандық дағдарысқа жауап берген шарасы ынталандырушы экономикалық шаралар пакетiн қабылдау болды.
Қазақстан әлемдiк экономиканың өскелең турбуленттiлiгiне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын iске асыруға кiрiскен әлемдегi алғашқы мемлекеттердiң бiрi болды.

Иә, жаңа қаражат қажет. Осы мақсатта дәстүрлi түрде Ұлттық қорға есептелiп келген шикiзаттық сектордың табыстарын 2009-2010 жылдары жаңа жоспарды жүзеге асыруға жұмсау дұрыс болады деп санаймын. Тұтастай алғанда бұл Ұлттық қордан бекiтiлiп қойылған трансферттерге қосымша шамамен 600 миллиард теңгенi құрайды.
Бұл - уақытша, бiрақ та қажеттi шара. Бұл ретте бiз қазiргi сәтте бар елдiң жалпы резервiнiң сол көлемiн, яғни 47 миллиард американ долларын сақтаймыз. Бұл бiзге осы дағдарыс жалғасқан жағдайда тұрақтылыққа деген сенiмдiлiк бередi.

Қаражаттың басқа бiр көзi - бұл бюджеттiң барлық шығындық баптары бойынша қатаң үнемдеу жене аса қатал қаржы тәртiбi. Осыны ескере отырып Үкiметке республикалық бюджет шығындарын оңтайландыруды және апта сайынғы мониторинг режимiнде бюджеттiк қаражаттың жұмсалуын жiтi бақылауды тапсырамын. Осыған сондай-ақ бiздiң депутаттарды да шақырамын.
Қауырт өсу кезеңiнде үйреншiктi болып кеткен ысырапқорлық ойлы тұтынумен және үнемдеумен ауыстырылуы тиiс. Ашығын айтайық, бiзге ақша пайда болған осы жылдары сұраныс көбейiп, штаттар қампиып кеттi және iссапарлар саны, әрқилы ауқымды мәдениет күндерiн өткiзу ұлғая түстi. Осы мәселеде баршаның ойланғаны керек.

Қаржы тәртiбiн бұзушыларға дағдарыс уақытының заңы бойынша қатал сұраныс қойылуы тиiс. Барлық басым емес шығындар - әкiмшiлiк, инвестициялық және басқа шығындар - нөлге теңестiрiлуi тиiс. Бұл жергiлiктi бюджеттерге де қатысты.

Босаған қаражат бiзге, ең алдымен, қазақстандықтардың еңбекпен қамтылу стратегиясын iске асыру мүмкiндiгiн бередi. Ол бiзге дағдарыс ауыртпалығын еңсеруге ғана көмектесiп қоймайды, сонымен бiрге дағдарыстан кейiнгi уақытта экономиканың тиiмдi дамуын қамтамасыз етедi. Ол әрбiр қазақстандық отбасына жаңа мүмкiндiктер беруi тиiс.
Жұмыс орындарының жеткiлiктiлiгi Үкiмет мүшелерi мен әрбiр әкiмнiң Қазақстан экономикасының тұрлаулы дамуын қамтамасыз етуге қабiлеттiлiгi айқындалатын негiзгi көрсеткiш болуы тиiс.

Әрбiр әкiм, әр министр апта iшiнде қанша жұмыс орнының қысқарғанын және жергiлiктi орындарда қаншасын ашқанымызды бiлуi тиiс. Нақ осы тұрлаулы дамудың негiзi болып табылады.

Өңiрлiк жұмыспен қамтылуды және кадрлардың қайта даярлануын қамтамасыз ету үшiн мен Үкiметке кем дегенде 140 миллиард теңге бөлудi тапсырамын.
Жергiлiктi бюджеттерден де жұмыспен қамту стратегиясын бiрлесе қаржыландыруға ресурстар бөлiнуi тиiс.

Жұмысынан айырылғандар үшiн жаңа жұмыс орындарын құратын боламыз. Бiз кем дегенде 350 мың қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ете аламыз, бұл қазiргi қоғамдық жұмыстарды есептемегенде.
Бiзде еңбек рыногын дамыту үшiн мүмкiндiктер бар, оларды ойлап табу керек емес. Нақ осыған бiз қосымша бөлiнген қаражатты жұмсаймыз.
Бiрiншiден, бұл коммуналдық желiлердi қайта жарақтандыру және жаңғырту. Бұл - сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, энергетика мен кәрiз сулардың нысандары мен желiлерi.

Үкiметке әкiмдермен бiрлесiп осы мақсатқа кететiн қажеттi шығындарды анықтауды, жұмыстарды қаржыландыруды ғана емес, сонымен бiрге бюджеттен бөлiнген әрбiр теңгенiң пайдаланылуын қатаң бақылауды тапсырамын.
Бұл көзге көрiнбейтiн жұмыс, бiрақ та бiзге оны бәрiбiр iстеуге тура келедi. Ол - болашақ дамудың негiзi. Бұл қалалар мен жергiлiктi орындарда орасан көп жаңа жұмыс орындарын ашудың мүмкiндiгi. Бiз халқымыздың сатып алу қабiлетiн арттырамыз. Егер парасатпен жұмыс iстей бiлсек, босаған адамдарды жаңа мамандықтарға үйрету керек.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты әлдеқашан-ақ ретке келтiру керек едi. Келiңiздер, қазiр осымен айналысайық.

Екiншiден, бұл жергiлiктi мәндегi автомобиль жолдарын салу, қайта жарақтандыру және жөндеу, сондай-ақ әлеуметтiк инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңарту.

Бұл ендi ӘКК-лердiң мiндетi, олар халықтың барынша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Мәселенiң қаржылық жағы - Үкiмет пен әкiмдердiң құзырында.

Бiз қазiр халықпен келiсiп, тура айтуға тиiспiз: құрылысы басталған мектептер мен ауруханаларды салып бiтiремiз. Жағдай осылай болып тұрғандықтан, бiз жаңаларын кейiнге қалдыра тұрамыз, алайда қаражатты қолданыстағы мектептердi, ауруханаларды, медициналық пункттердi жөндеуге жұмсаймыз. Осылай жұмыс орындарын да құрамыз.
Сондай-ақ, бiз салуды белгiлеген магистралдық автомобиль және темiр жолдарын да тоқтата тұруға тура келедi. Мұның орнына ақшаны облыс орталықтарының, қалалардың төңiрегiндегi жолдарды, ауданаралық жолдарды ретке келтiруге жұмсаймыз. Осылайша бiз тылымызды бекiте түсемiз.
Үшiншiден, әрбiр нақты елдi мекендегi жергiлiктi мәндегi нысандар. Бұл жергiлiктi билiктiң шешуi бойынша жолдарды, клубтарды немесе басқа нысандарды абаттандыру мен көгалдандыру, жөндеу. Бұл мақсаттарға атаулы трансферттер бөлiнуi тиiс.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары ретiнде аудандық мәслихаттарға қаражат бөлiнуi тиiс. Жұмыспен қамтудың жергiлiктi проблемалары мен мәселелерiн шешу үшiн бұл қаражатты қайда жұмсау керектiгiн олардың өздерi шешетiн болсын.

Бұл жұмыстың тиiмдiлiгi үшiн дербес жауапкершiлiктi тұтастай әкiмдерге жүктеймiн.

Аталған барлық жобаларды iске асыру үшiн бiз жергiлiктi өндiрiсшiлердiң әлеуетiн барынша пайдалануға тиiспiз. Егер қажеттi өндiрiстер бүгiнде жоқ болса, оларды құру керек, мұның өзi бизнес үшiн жаңа мүмкiндiктер ашады.

Бiз Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығының қарсаңында тұрмыз. Осы датаға орай бүкiл Қазақстанда кең ауқымды жұмыс өрiстеуi керек. Бұл бiздiң ұрпағымыз үшiн, бiздiң халқымыз үшiн ұмытылмас жылдар. Қазақ ұлтының және бүкiл Қазақстанның тарихында мұндай кезең болған емес.
Осының барлығына тереземiз тең, керегемiз кең ел болғанның арқасында қол жеткiздiк, ел ретiнде, қазақ ретiнде, мемлекет ретiнде мұндайлық сәулелi күннiң басымызға тәуелсiздiктiң арқасында ғана қонғанын бiздiң ұрпақ ұмытпақ емес. Ел шежiресiндегi ерекше бұл белеске бiз барынша дайындықпен баруымыз керек. Қазiрден бастап әр ауылдың кем-кетiгiн қалпына келтiрiп, көгалдандырып, жолдарымызды жөндеп, үйлерiмiздiң iшi-сыртын әрлесек, елдiң де көңiлi көтерiле түседi.

Сондықтан бұл жұмысты бiз қазiрден бастауға тиiспiз. Әр ауыл әкiмiне шамамен 50-100 миллион теңгедей аздап ақша бөлсек, олар аудандық мәслихаттардың бақылауымен қандай да бiр қиындық көрiп жатқан тұрғындарға қажеттi мәселелердi шешер едi, шағын несиелер берер едi.
Осылайша бiз жұмыспен қамтылу мәселесiн шешiп қана қоймаймыз, сонымен бiрге бiздiң елiмiзде жаңа өндiрiстердiң пайда болуы үшiн ынталандыру жасаймыз.

Төртiншiден, бұл әлеуметтiк жұмыс орындарын кеңейту және жастар практикасын ұйымдастыру.

Халықты жұмыспен қамту туралы қолданыстағы Заң бiзге бюджет қаражатын осы мақсатқа пайдалануға мүмкiндiк бередi. 2008 жылы 13 мыңнан астам адам осы бағдарламалар бойынша өз мүмкiндiктерiн iске асырды.
Бiздiң бүгiнгi мiндетiмiз - қазiргi бар бағдарламалардың аясын кеңейту.
Осы мақсатқа қосымша 8, 6 миллиард теңге бөлудi тапсырамын. Сонда бiз 96 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етемiз.
Осымен бiр мезгiлде бiз Әлеуметтiк сақтандырудың мемлекеттiк қорынан жұмыссыздығы бойынша жәрдемақы төлеудiң барынша ұзақ мерзiмiн 4-тен 6 айға дейiн ұлғайтуға тиiспiз.

Әлемдiк дағдарыс жағдайында бiздiң жұмыспен қамту стратегиямыз кадрларды қайта үйрету және қайта даярлау жөнiндегi толық ауқымды жұмысқа бағытталған.

Үкiметке әкiмдермен бiрлесiп қазiргi бар оқу орындарының базасында мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыруды тапсырамын.
Бiздiң адамдарымыз оқып-үйренуге тиiс, бүкiл әлемде адамдар өмiр бойы оқумен өтедi. Мына жағдайда қайта оқуға, сөйтiп бүгiн қажет болып отырған мамандықты игеруге мүмкiндiк те бар, қажеттiлiк те бар.
Бiз қазiр барлық iрi құрылыс кәсiпорындарын адамдарды басқа мамандықтарға оқыту үшiн қарыз бөлуге мiндеттеймiз. Барлық жерде осылай болуға тиiс. Егер Үкiмет пен әкiмдер жұмысты ойдағыдай ұйымдастыра алса, адамдар оқуға отырады да, жаңа мамандықтарды игерiп алып кетедi.
Кадрларды қайта даярлау және қайта оқыту жөнiндегi жүйелiк жұмыс мынадай мақсаттарды көздеуi тиiс:

- Жаңа мамандық бойынша жұмыс iстегiсi келетiн әрбiр адамның оқу мүмкiндiгi болуы тиiс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жол картасы бойынша әлеуметтік нысандардың дамуы
Атырау мұнай өңдеу зауыты
Туристік қызметтерін брондауды дамыту жолдары
Жалпы мемлекеттік сипатта жұмсалатын бюджет шығыстарын жоспарлау және қаржыландыру
Дүниежүзінің саяси картасы
Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы
Жамбыл облысындағы ортағасырлық қалалардың тарихы виртуалды картасын пайдалану саласы
Индустрияландырудың қарқыны
Жұмыспен қамту бағдарламасындағы жұмыспен қамтудың көрсеткіштері
Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз жəне лайықты жұмыстың түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz