Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 4
КІРІСПЕ 6
1 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 8
1.1 Ақпараттық технология туралы ұғым 8
1.2 Ақпараттық технологияның жалпы қолданылуы 12
1.3 Оқу үрдісінде АКТ-ны қолдану 17
2 МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА АКТ-НЫ ПАЙДАЛАНУ 22
2.1 Мектепте математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық -
коммуникативтік технологияларды қолданудың тиімділігі 22
2.2 Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану 29
2.3 Математика сабақтарында қолданылатын ақпараттық технологиялар түрлері.
39
3 МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА АТ-НЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ 48
3.1 Бағдарлама мазмұны 48
3.2 Оқушыларға қойылатын талаптар 52
3.3 Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау 54
3.4 Сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар 57
ҚОРЫТЫНДЫ 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 72
ҚОСЫМША А 75
ҚОСЫМША Ә 83
ҚОСЫМША Б 84

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Ұсынылған дипломдық жұмыста қысқартулар бойынша келесі терминдер
қолданылады:

АТ – ақпараттық технология
АКТ – ақпараттық коммуникативтік технологиялар
ҚБП – қолданбалы бағдарламалар пакеті
ПКБҚ – педагогикалық компьютерлік бағдарламалық құралдар

КІРІСПЕ

Компьютерлік технологияны оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың ғылыми-
теориялық негіздемесін қазақстандық ғалым Ж.А.Қараев ұсынғанын атап айтуға
болады. Алайда, біріншіден, қарастырып отырған жұмыстар мазмұны он жылдан
астам уақыт бұрынғы компьютерлік технология мүмкіндіктеріне арналғандықтан
(бағдарламалық-ақпараттық мүмкіндіктері төмен), екіншіден, бұл жұмыстарда
интернет желісі, электрондық оқулықтар мен виртуальды лабараториялар
мүмкіндіктері қарастырылмағандықтан, үшіншіден, танымдық белсенділікті
компьютерлік технологияны пайдалану арқылы арттырудың тұтастай
дидактикалық шарттары да, тіптен мүмкіндіктері анықталмағандықтан.
Осыған байланысты ХХІ ғасыр ақпараттанған қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу
көзделіп отыр. Олар: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі,
электрондық және телекоммуникациялар құралдарды, электрондық оқулықтарды
оқу процесіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру және
танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды
қолдану мен енгізуге байланысты ашылған болатын. Бұл тақырып маңызды,
себебі нақты пәндерді оқыту біртіндеп компьютерлендіруге көшіп жатыр.
Оқыту оқу үрдісінде үнемі мұғалім мен оқушының байланысы болады. Ашық
тұлға бояуымен көрінетін оқу әр оқушыда әр түрлі іске асады: біреу алынған
білімді көрсете алмаса, екіншісі бұрын алынған тәжірибе негізінде
керісінше феноменальды қабілеттерді көрсетеді, ал үшіншісі пәнге деген
нақты стильді игеріп, оқығысы келмейді [1].
Зерттеудің өзектілігі: 7 сыныпта математиканы оқытуда ақпараттық
технологияларды меңгерудің тиімділігін арттыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты: оқушыларға математиканы оқыту кезінде
ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесін құрастыру.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:
• оқушыларды оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі
бойынша ғылыми-практикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;
• математика сабағында ақпараттық технологияларды қолдану;
• 7 сыныпта математиканы оқыту негізінде ақпараттық технологияларды
қолдану бойынша әдістемесін құрастыру.
Зерттеу обьектісі: оқушыларды оқыту кезінде ақпараттық
технологияларды қолдану және математика оқыту үрдісі болып табылады.
Зерттеу әдістері: ақпаратты талдау және жинау, практикалық әдістері.
Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі замандық жағдайын бағалау: 7
сыныпта математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану барысында
білімді игеру деңгейін көтеріп, танымдық іс әрекеттерін, шығармашылық
ізденістерін белсенділендіріп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Ғылыми жаңашылығы:
• мектеп оқытушыларының ақпараттық мәдениетінің қазіргі қалыптасу
жағдайының анықталуы;
• пән бойынша білімі мол оқушыларды білім беруге қоятын талаптарының
айқындалуы;
• жаңа ақпараттық технологияны математика сабағында қолданып, білім
беруді дамыту, бiлiмнiң сапасын көтеру;
• білім беру жүйесінде қазіргі салыстырмалы негізгі рөл ойнайтын,
математиканы оқыту кезінде ақпараттық технологияларды қолдануын
зерттеуі;
Автордың қорғауға шығаратын негізгі ережелері: студент дипломдық
жұмыстың мәселесін өз бетімен жеке қарастыра алды және әдістемелік
ұсыныстарды құрастыруда шығармашылық жағын ұстанды, оқушылардың танымдық
белсенділігін компьютерлік технология көмегімен қалыптастырудың теориялық
негіздері; математикадан тақырыптық сабақтар үшін компьютерлік
бағдарламалық құралдар пакетін жасауда қажетті талаптар және оларды
қолдану әдістемесі.
Жұмыстың тәжірибелік мәні: оқу-тәрбие үрдісінде оқушыны жан-жақты
қалыптастыру үшін білімді жаңа технологиялармен біріктіріп беру, білім
сапасын бағалау.
Қолдану нәтижесі: математика сабақтарында мұғалімге компьютерлік
бағдарламаларды қолдану оқытудың дәстүрлі түрлерін алмастырумен қатар, әр
түрлі міндеттерді шешуге көмектеседі: оқытуда көрнекілік пен мотивацияны
жоғарылату, дайындық жаттығуларын орындау кезінде оқушылардың жұмысын
дифференциалдау.
Жұмыс тақырыбы бойынша мақалалар:
1. Инновационные технологии преподавания в средней и высшей школе
атты I аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференция Математиканы
оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдану атты мақаласы басып
шығарылды, Петропавл, 2011ж., (Қосымша А).
2. Дипломдық жұмыстың нәтижелері № 1 арнайы (түзету) мектеп
интернатында математика пәнін оқытуда оқу процесіне ендірілген
(Қосымша Ә).
Жұмыс көлемі және құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
әдебиеттер мен қосымшалар тізімінен тұрады. Бірінші тарауда математика
сабағын жүргізуде ақпараттық технологияларды қолданудың теоретикалық
негіздері ұсынылды. Екінші тарауда педагогикалық практикада ақпараттық
технологияларды қолданудың мәселелері қарастырылды, үшінші тарауда
математиканы оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесі
құрастырылған. Қосымша материал ішіне АКТ қолдануымен математика сабағының
жоспарлы жұмыстары келтірілген.

1 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

1.1 Ақпараттық технология туралы ұғым

Технология – өндіріс процестерінде шикізаттарды өңдеу тәсілдері мен
өнімдерді дайындау жолдарының өзара байланысты жүйесі. Процесс дегеніміз
қойылған мақсатқа жетуге бағытталған нақты әрекеттер жиыны. Процесс адам
таңдап алған стратегиямен анықталуы керек және әр түрлі әдістер мен
құралдар жиынтығы арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Технология гректің teche- өнер, шеберлік және logos- ғылым
деген сөзінен шыққан, яғни шеберлік туралы ғылым деген мағынаны
білдіреді. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде
ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске
асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі
мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық
технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа
ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет [2].
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде
ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін
математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар
жиыны. Ақпаратты мұнай, газ және т.б. материалдық ресурстар түрлерімен
салыстырғанда, қоғамның бағалы ресурстарының бірі болып табылады.
Сондықтан, материалдық өндіру процесіне қарағанда, оның өндіру процессін
технология ретінде қабылдауға болады. Онда келесі анықтама әділ.
Ақпараттық технология (АТ) – ақпараттық ресурстарды қолдану процесін
жеңілдетуге, олардың қауіпсіздігі мен жылдамдығын арттыруға бағытталған,
ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату жұмыстарын атқаратын
технологиялық тізбекке біріктірілген әдістердің, өндірістік процестердің
және программалық – техникалық құралдардың жиынтығы.
АТ-ның мақсаты – адамға талдау жасау және оның негізінде қандай да
бір әрекеттің орындалуына шешімді қабылдау үшін ақпаратты өндіру.
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ
ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай
қолданылуы керек. Сыртқы эффектіні қуып кетпей, оқыту программасының тек
сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген дұрыс.
Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті
бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады,
оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.
Ақпаратты оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дердi пайдалану
мүмкiндiктерi мен олардың жұмыс iстеу принциптерiн түсiндiрiп қана қоймай,
қоғамдық өмiрде және адамдар арасында ақпаратты кеңiнен тарату заңдары мен
тәсiлдерi туралы түсiнiктерiн бередi.
Ақпараттанудың негiзгi объектiсi, яғни шикiзаты мен беретiн өнiмi
ақпарат болып саналады. Сондықтан “ақпарат” ұғымы ақпараттану мен ЭЕМ-де
жұмыс iстеудiң ең түбегейлi атауларының бiрi болып есептеледi [3].
Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық
мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады.
Мұндай мәліметтерге физикалық формулалар, физикалық шамалардың өлшем
бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық құбылыстардың
динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімі, аспаптардың
сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады.
Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар
беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу
уакыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде акпараттың толықтығын
жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе құрамында электрондық
құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын математика пәнінің
кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық,
интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу
дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық
мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда,
оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.
Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік
дүниетанымын қалыптастырады:
• өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
• құбылыстарға модельдер құра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады,
бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардың еңбек ету мен
дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын
қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жалпы ақпараттық технологияның мақсаты:
• ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу
жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
• мазмұндық, процессуалдық және бағалау компоненттері негізінде
мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың
категорияларын таңдауды болжау;
• білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың
біліктілігін көтеру;
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттер қарастырылады:
• білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу
және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
• педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз
қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау;
• ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу
процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін
тарату.
Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі
жаңа тарихи - әлеуметтік жағдайлардың талабы болып отыр. Компьютерлік
технологиялардың дамуы мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығына тағы
бір көрсеткіш, компьютерлік сауаттылық көрсеткішін енгізіп отыр. Ақпараттық
технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық
тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық –
технологиялық құралдардың жиынтығы. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны
қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі [4].
Жаңа ақпараттық технология – дербес компьютерлер мен
телекоммуникациялық құралдарын қолданатын, пайдаланушының достық
интерфейсімен жұмыс жасау ақпараттық технологиясы.
"Компьютерлік" сөзін тіркеу оны жүзеге асырудың негізгі техникалық
құралдары компьютер болып саналатынын көрсетеді.
Жаңа ақпараттық технологияның үш негізгі принципі бар:
• компьютермен жұмыс істеудің интерактивті режимі;
• басқа бағдарламалық өнімдермен өзара байланысы;
• мәліметтер, сондай – ақ есеп қойылымының өзгеру процесінің икемділігі.
Шамасы, компьютерлік ақпараттық технология термині емес, жаңа термині
дәліректеу болады. Өйткені, оның құрлымында компьютерді қолдануға
негізделген технологияны ғана емес, басқа да техникалық құралдарда, әсіресе
теллекоммуникацияны қамтамасыз ететін құралдарда негізделген
технологияларды бейнелейді [5].
Мұғалімнің басты мақсаты – оқушылардың білім сапасын арттыру. Сабақта
қолданылатын оқытудың жаңа технологиялары оқушылардың білім сапасын
арттыруға және пәнге қызығушылығын, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін
жетілдіруге өзіндік дамуына мүмкіндік береді. Сабақты түрлендіріп өтудің
маңызы өте зор. Сабақта әртүрлі ойын элементтерін пайдалану – оқушылардың
іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп, олардың өзіне деген сенімін
қалыптастырады.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін
қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып отыр. Ал біз өмір сүріп отырған
ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру
саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі,
электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін
күшейту және білім сапасын көтеру керек болып отыр [6].
Жаратылыстану – математика пәндерін оқытуда ақпараттық технологияны
пайдалану оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-
өзі бақылауына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар бұл кезде оқытудың
мынандай технологиялық аспектісінің маңызы зор екендігін ескеру қажет:
• оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелерін
сәйкес талдаулармен және ұсыныстармен бірге көреді;
• интербелсенді тақта мүмкіншілігін пайдаланып,
компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық
қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі мен
ықыласын көтереді.
Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынандай
нәтижелерге қол жеткізеді. Мұғалім сабақта ақпараттық технологияны қолдану
арқылы білімнің тереңіне бойлай алады, әрі оқытудың бүкіл мазмұнының
өзгеруіне мүмкіндік береді.
Ең бастысы, ақпараттық технологияларды жаратылыстану және математика
пәндерінде қолданудың оқыту әдістемесін әлі де дамыта түседі. Білім берудің
кез-келген саласында қол жеткен табыстар Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына қалуына мүмкіндік туғызатыны анық.
Еліміздің білім берудегі саясаты, білім жүйесіне түбегейлі өзгерістер жасай
отырып әлемдік білім кеңістігіне бірігу екені дәлелі. Оның мақсаты оқу
үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беру арқылы ұстаздар
қауымының белсенділігін арттыру.
Осыған орай, бүгінгі күні мектеп-лицей мұғалімдерді оқушыларға
берілетін білімнің сапалы, оқушыны меңгеруіне жеңіл де тиімді болуына және
соны оқушы бойына қалыптастыру жолында өзінің педагогтық шеберлігі мен
сабақ өткізу әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыруға ерекше мән береді,
оқытудың ақпараттық технологияларын өз тәжірибелеріне көптен енгізуде.
Ақпараттық оқыту технологияларын меңгермегенше, жан-жақты білгір
маман болу да мүмкін емес.
Ақпараттық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтың және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
Жыл сайын оқушылардың математика-жаратылыстану пәндеріне деген
қызығушылықтары артып келеді. Мұны да мұғалімдердің еңбегімен
байланыстырады. Өз кезінде А.Байтұрсынов ағамыз: Мектептегі оқу-тәрбие
үрдісінің нәтижелі жүргізілуі 3 түрлі нәрсеге: ақшаға, құралға, мұғалімге
келіп тіреледі екен. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін
ақпараттандыру бойына Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда,
мұғалімдердің жұмыс жасауына жағдай тудыруда да біршама жұмыстар атқарылды.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін
арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық
құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық
желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру
мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау,
білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-
жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну
керек.

1.2 Ақпараттық технологияның жалпы қолданылуы

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-
қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа
еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру
қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері –
жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында
тұрған ең басты міндет.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну,
оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат
сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі
керек [7].
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат.
Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге
айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің
артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат
таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара
жатқаны байқалады.
Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді
таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс
анықтайтын уақыт. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және
мәдениетімен анықталады. Сондықтан, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде
дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті
мәселесі.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру
ғасыры деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің
негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының
негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке
жүктеледі.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология
ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі
білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай,
өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне
қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім
алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарына білім дамуының
мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. Тез өзгеріп жүрген әлемнің және
ақпарат ағындарының ұлғаю жағдайларында іргелі пәндер бойынша білімдер
білімнің міндетті, бірақ жеткіліксіз мақсаты болып табылады. Оқытылатындар
қазақстандық білім жүйесі бағытталған білімдер, іскерлік және дағдылар
сомасын ғана меңгеріп алмай, қоғамда барынша өздігінше жүзеге асыру және
пайдалы қатысу үшін ақпаратты өз бетімен табу, талдау жасау және тиімді
пайдалануға ұластыру қажет. Қазіргі мектептің негізгі мақсаты әрбір
оқушының оның бейімділіктер, қызықтар және мүмкіндіктеріне сәйкес
қанағаттандыратын, тапқырлық пен зейінділікті ынталандыратын, оқытылатын
материалдың толық шығармашылық ұғып алуына және оқушының парасатын
дамытатын оқыту жүйесін құру болады. Оқушы өзі оқу керек, ал оқытушы
оқушының танымдылық әрекетінің ұйымдастырушы рөлінде болу керек. Мұғалім
оқушының жұмысын координациялауға, ең қиын сұрақтар бойынша кеңес беріп
және оның білімдерін бақылауға қажет. Қазіргі педагогикалық технологиялар
осы міндетерінің орындалуын шешеді [8].
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі
өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік
жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі
проблемаларының бірі – Білім-бүкіл өміріне қағидасынан Білім бүкіл өмір
бойына қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу
болып табылады.
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп.
1.1 суретке сәйкес оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары келтірілген.

Сурет 1.1 Жаңа ақпараттық технологиялар

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысына;
• уақытын үнемдеуге;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
• шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру
арқылы жүзеге асыру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде
(би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі
тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін,
сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар,
атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық
және дипломдық проектілерге нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын
электрондық оқу құралы.
Сонымен қатар, электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде
оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық
тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар
мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика
тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі
суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады.
Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі
әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға
ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады. Осылайша оқыту
құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа
информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік
бақылауға арналған бағдарламалық құрал [9].
Математикаға оқыту үшін қолданбалы бағдарламалық қамсыздандырудың әр
түрлі сипаты.
Электронды кестелер. Математикалық пакеттер (MathCAD, Derive және
басқалар). Оқыту бағдарламалары (жанды геометрия және т.б.).
Электронды кесте немесе кестелік процессор ақпараттың бір түрі –
сандық ақпаратты өңдеуге арналған бағдарлама болып табылады.
Ол математикалық операциялар мен есептеулерді жеңілдетуге
қолданылады, түрлі пәндік аймақтардағы кең спектрлі есептерді шешуге
мүмкіндік береді.
Windows операциялық жүйесі үшін көбірек танымал пакеттердің бірі -
Microsoft Excel.
Excel кестенің деректері негізінде әр түрлі диаграммалар құруға,
деректер базасын құруға және олармен жұмыс істеуге, сандық эксперимент
қоюға және т.б. мүмкіндіктер береді.
Оқыту үрдісінің айнымалылығы оқыту үрдісінде ақпараттық
технологияларды белсенді қолдануда байқалуы тиіс. Ақпараттық
технологияларды білім беруге ендірудің бір бағыты оқыту үрдісінде
қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыруды қолдану болып табылады.
Қолданбалы бағдарламалар пакетін (ҚБП) қолдану білімді игерудің
тиімділігін арттырады. Бұл тиімділік айтарлықтай үлкен көлемді білімді тез
игеру мүмкіндігінде көрініс табады. Сонымен бірге қолданбалы бағдарламалық
қамсыздандырудың өзі ғылыми білімнің элементі болып табылады [10].
Математикалық және экономикалық мамандықтарға қатысты оқыту үрдісін
уақыт талабына сай жетілдіру MathCAD, MATLAB, Maple, NAG FORTRAN LIBRARY
қолданбалы бағдарламалық өнімдерін, статистикалық пакеттерді көбірек
қолдануды көрінуі тиіс. Әрі алғашқы төрт пакетті математика, алгебра,
математикалық анализ және т.с.с., ал статистикалық пакеттерді – ықтималдық
теориясы және математикалық статистика, статистика және т .б. курстарды
жүргізгенде қолданған дұрыс.
Статистикалық пакеттер нарығы жеткілікті түрде кең және бірнеше
мыңдарға жетеді. Бұл профессионалды пакеттер (SAS, BMDP), универсал
пакеттер (STADIA, OLIMP, STATGRAPHICS, SPSS, STATISTICA,...), арнайы
(BIOSTAT, MESOSAUR, DATASCOPE,...). StatSoft (USA) өндіруші компаниясының
дилері болып табылатын Софтлайн корпорациясының қызметінің арқасында
STATISTICA деректерді қолданбалы статистикалық талдау пакеті Ресейдегі
танымал пакеттердің бірі.
STATISTICA ҚБП – бұл талдау процедураларының жиынтығынан тұратын,
ғылыми зерттеулердің түрлі бағыттарында, техникада, бизнесте, оқу үрдісінде
қолдануға арналған, деректерді статистикалық талдауға және
визуализациялауға арналған әмбебап ықпалданған жүйе.
Басқа статистикалық пакеттердің алдындағы оқыту үрдісінде STATISTICA
ҚБП-н қолданудың мақсатқа сәйкестілігін атап көрсететін артықшылықтары
келесі:
• STATISTICA жүйесінде жүзеге асырылған арнайы қолдау құралдарымен
жабдықталған бағдарламалау тілдерінің (SCL, STATISTICA BASIC)
көмегімен қолданушының аяқталған шешімдері оңай жасалады және басқа да
түрлі қосымшаларға немесе есептеу орталарына қосылады;
• орыс тіліне аударылған және лицензиялық, русификацияланған нұсқасын
сатып алуға болады, STATISTICA 5.0 жүйесінің толық сипаттамасымен көп
кітаптар шығарылды, STATISTICA 6.0 пакетінің 6-шы нұсқасы сипатталған;
• атқаратын қызметтер кітапханасы қолданушымен кеңейтілуі мүмкін, бұл
ықтималдықтар теориясы бойынша есептердің көп бөлігін шығаруға
мүмкіндік береді, мысалы, егер теруді, орын ауыстыруды, орналастыруды
есептеу процедураларын қосса, ықтималдықтың классикалық анықтамасына
есептер шығаруға болады;
• STATISTICA және Windows қосымшаларының арасында деректер алмасу жүзеге
асырылады;
• студенттер математикалық көзқарас тұрғысынан едәуір көп еңбекті қажет
ететін, қиын және көпшамалы талдаудың әдістерін жүзеге асыруда үлкен
есептерді шешкенде ерекше актуалдылыққа ие болады;
• STATISTICA-дағы кез-келген графикалық және текстік ақпарат файлға
Microsoft Office Word-та ашып редакциялауға болатын RTF (Rich Text
Format – кеңейтілген текстік формат) форматында шығарыла алады.
Қашықтан оқыту – ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар
және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Бүгінгі таңда
осы технология өте кең тараған, ол сырттай оқу жүйесіне балама, нақтырақ
айтқанда, қосымша роль атқарып келеді [11].
Қашықтан оқыту жүйесіндегі негізгі формаларға мыналар енеді:
• бекітілген дәрістер, консультациялар;
• телеконференциялар;
• түрлі деректер қорындағы білім деректерімен тыңдаушылардың жұмыс
жасайтын ақпартатық сеанстары;
• имитациялық модельдер формасындағы практикалық сабақтар, іскерлік
ойындар, жобалар мен рефераттарды қорғау нақтылықтың виртуалдық
моделімен білімдер деректерін жасақтау, пікірталастар.
Аталған формалар жеке тұлғаның өзіндік білім алуын жүзеге асырады.
Қашықтықтан оқыту компьютерлiк техника мен телекоммуникациялық
желiлердi қолдану барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер
мұғалiм мен үйренушi арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел
байланысты ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары
материалдарды әр түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео)
пайдалануға мүмкiндiк бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау
программалары тыңдаушыға, бiр жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге
көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу материалдарын қандай деңгейде жедел
меңгергенiн бақылауға көмектеседi.
Оқыту процесiн қашықтық режимiнде ұйымдастыру барысында барлық
ақпараттық қызмет типтерi пайдаланылады:
• мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер);
• электрондық пошта телеконференция;
• гипермәтiндiк орта (WWW-сервер);
• интернет желiсiнiң әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер қоры,
ақпараттық iздеу жүйелерi);
• видеоконференциялар.
Аталған типтердiң көмегiмен тыңдаушы мен мұғалiм арасында оқыту мен
дидактикалық мiндеттер шешiледi. Бұл құралдар WWW-сервер арқылы хаттар мен
файлдарды жiберу мен телеконференция типi түрлi талқылауларды жүзеге
асырады.
Электрондық пошта көмегiмен мұғалiм мен тыңдаушы арасында оқу
материалдарын жiберу мен мұғалiмге өздерiне түсiнiксiз болған материалдар
бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол мұғалiмнiң
жұмысын жеңiлдетедi. Бұл жағдайда, мұғалiмнiң жұмысы материалдар мен
тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптарына жiберу қызметтерiн атқарумен
шектеледi [12].
Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы
пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң
басқаруымен өткiзiледi. Мұғалiм пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi,
конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға
қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң
хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.
FTP-серверлерiнiң қызметi өте үлкен көлемдегi файлдарды
(ақпараттарды) жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру
мен оны бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар
орналасады. Ал WWW-серверi оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк
бередi. Бұл материалдар гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылатын болады.
Гипермәтiн материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының
бөлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды
бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк бередi. WWW-құжаттарында тек
мәтiндiк ақпаратты ғана емес, сонымен бiрге, графиктiк, дыбыстық және
видеоақпараттарды да орналастыруға болады.
WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсында гипермәтiн түрiнде көрнекi және
анықтамалық материалдар орналастырылады. Мұғалiм iздеу жүйелерiнiң
көмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы
сiлтемелер жинағын дайындауға болады. Педагог мамандардың үйренетiн
материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жөнiнде оған хабарлама
берiледi. Егер олар Интернетке шыға алатындай мүмкiндiк алса, онда ол осы
берiлген материалдарды оқи алады.

1.3 Оқу үрдісінде АКТ-ны қолдану

Компьютерді оқу барысында оқушының қолдануы дегеніміз - оқушының жеке
басына көп байланысты. Қажетті тетікті басып үйренген оқушы бір жағынан
білімді игеріп жатса, екінші жағынан интеллектімен тіл табысып жататыны
анық. Оқу процесінде дыбыс құралдарымен экранды қолдану оқу материалын
тереңдетіп,оның мазмұнын байытады. Экранды және дыбыс құралдарын қолдану
мұғалімнің оқу материалын түсіндіргенде уақытты дұрыс бөлуіне байланысты.
Техникалық құралдар көп жағдайда оқытудың көрнекілігін арттырып, оқушыларды
сабаққа қызықтырады. Оқушылардың жұмысына жүйелі бақылау жасау процесін
жеделдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімді көптеген қосымша жұмыстардан
босатады. Осыған орай оқытудың қазіргі кезеңінде оқу - тәрбие процесінің
техникалық көрнекілігін арттырудың бірқатар проблемалры бар. Ол –сабақта
оқытудың техникалық құралдарының ролі мен орны, оларды ұтымды пайдалану.
Көптеген тәжірибелерге сүйене келіп, психологтар есту каналы бойынша
хабардың - 10 проценті, ал көру каналы бойынша 25 проценті игерілетінін
анықтаған. Егер екі каналмен бір мезгілде берілсе, онда хабардың 65
проценті игеріледі екен. Техникалық құралды пайдаланып өткізген сабақтар
нәтижесі мұғалімнің кәсіптік даярлығына байланысты болатынын көрсетеді.
Техникалық құралды пайдаланудың келесі сатысы - оны көрсетудің дәл уақытын
белгілеу. Техникалық құралды сабақтың бас кезінде қолдану оқушылардың
назарын бірден өзіне аударады да, олардың шаршауын 5-10 минутқа тездетеді.
Ал оны сабақтың орта шенінде қолдану оқушылардың ынтасын арттырып, олар тез
шаршамайтын болады. Сабақ соңында қолдану сабақтың мазмұндылығын арттырады.
Техникалық құралмен жаңа материалды түсіндіру жан-жақты ізденуді қажет
етеді. Бұл оқу материалының және сыныптың ерекшесі. Оны сабақта қолдануды
жоспарлағанда төмендегі жағдайды ескерген жөн:
1. техникалық құралдар ішінен қажеттісін таңдау,қажеттісін таңдап алу;
2. құралдың сабақта көрсететін орнын айқындау;
3. құралмен істелетін методикалық жүйені ойластыру.
Техникалық құралды сабақта пайдалану оқушылардың таным қабілеттерін
арттырып, қабылдауын жетілдіреді. Техникалық құралды ұзақ уақыт не 3-4
сабақ бойы қатар қолдану, оқушыларды жалықтырып жібереді. Сондықтан ондай
құралдарды қолдану мезгілдері алдын-ала жоспарлануы тиіс. Сонымен қоса, бұл
әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден-
бір әсер етеді. Мұғалім мен оқушылар бірлесіп оқи отырып, субъект-субъект
ретінде болады. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы, топ
басшысы, оқушылардың ынта-ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді.
Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибиесіне, біліміне
сүйенулеріне негізделген.
Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мақсатты нақты белгілеу
шарты орын алуы тиіс. Мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының
мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық
сенімді болу керек. Ұжымның өздеріне тән ерекшеліктері мен есептесіп
олардың бірлесіп жұмыс жасауға дайындық деңгейіне сай ұйымдастырылуы қажет.
Бұл әдістің мақсаты мен міндеттерінің маңызы әдісті қандай мақсатта
таңдағанын көз алдына еслестете білу керек [13].
Кейінгі кезде интерактивті әдіс өмірге етене кірді. Оқушылардың
математикаға қызығушылығын арттыру үшін көптеген әдіс-тәсілдер
пайдаланылады. Бұл оқушылар үшін өте қажет. Оқушылардың жас ерекшелігіне
қарай ақпараттық технологияның атқарар рөлі зор. Өмірдің талабы жаңа өнім
дайындап шығару.
Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі.
Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай
қажет. Қазіргі акпараттық технологияның озық жетістіктерін математика
сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып
оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.
Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интерактивті тақта ерекше орын
алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы
программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат - оқушының әзірше
ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс
істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігімен
өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады.
Математиканы оқытудағы негізгі талап - оқушыға есептер шығара білу
жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде
мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда
компьютер ойыны үрдістер арқылы қозғау салып, шәкірттердің кұзіреттілігін
дамытуға әсер етеді. Ең алдымен оқушының ойлау қабілеті мен білімін
арттыруға үйретеді. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді
салыстырмалы түрде тани білуге тырысады. Математика сабағында оқушылар өз
бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі
[14].
Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға
қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет.

Математика сабағында сын тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа
акпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз
бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік
дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың кұзыреттілігін арттыру арқылы
шығармашылықтарын дамыту.
Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары:
1. түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте
сақтау процесі үшін тиімді;
2. әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым,
сөйлесім, оқылым, жазылым;
3. әр сабақ төмендегілерді қамтиды:
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;
ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың
арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі;
4. компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады;
5. оқушымен жекелей жұмысты іске асырады;
6. компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін
табысты байланыстырады.
Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен
сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне
енуі жаңа тарихи - әлеуметтік жағдайлардың талабы болып отыр. Компьютерлік
технологиялардың дамуы мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығына тағы
бір көрсеткіш, компьютерлік сауаттылық көрсеткішін, енгізіп отыр. Яғни
бүгінгі таңда мектеп түлегінің білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын
жоғарлату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, барлық пән
сабақтарында, соның ішінде математика сабағында ақпараттық технологияларды
тиімді қолдану міндет болып отыр.
Егер бұл технологияларды бұрынғы білім беру жүйесіне бұлжытпай
кірістірсек, компьютер сабақта тек қана техникалық құрал ретінде қолданылып
қала береді. Компьютерді - білім беретін бағдарламалық педагогикалық
құрал ретінде қарастыру қажет. Яғни компьютерді тек қана техникалық жағынан
қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана қолданып қоймай, оқушымен
сұхбаттасатын таза білім “сақтаушысы” ретінде қарастырған жөн.
Сонда ғана мультимедиа жүйесі:
• қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайдағы жеке тұлғаны дамытуға
арналған міндеттерге сәйкес білім мазмұнын, оқыту әдістері мен
ұйымдастыру түрлерін іріктеу әдіснамасын жетілдіруге;
• тілді белсенді оқытудың әртүрлі үдемелі әдіс-тәсілдерін жүзеге
асыруды қамтамасыз етуге;
• оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу
біліктіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін
ұйымдастыруға;
• оқушының оқуға деген қызығушылығын қазіргі кездің кешенді ұсынатын
және көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін
құралдарды қолдану арқылы арттыруға мүмкіндік береді.
Сабақта келесі бағдарламаларды қолдануға болады:
1. тренажер – бағдарламалар;
2. бақылаушы - бағдарламалар;
3. тәлімгерлік бағдарламалар;
4. көрнекіліктер бағдарламалары;
5. ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар.
Тренажер – бағдарламалар оқушының білімін, білік-дағдысын бекітуге,
пысықтауға арналған.
Бақылаушы - бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты,
көпнұсқалықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасынан және тағы да
басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру үрдісінің
сапасын жоғарылатып, оқытушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін
жоғарылатады.
Тәлімгерлік бағдарламалар - оқушылардың жауабын өңдейтін
бағдарламалар.
Көрнекілік - бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы
ретінде қолдана отырып оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен
таныстыруға болады.
Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар керекті ақпаратты алуға
арналған. Оқушы компьютер арқылы кез келген ақпарат қорынан ақпарат жинай
алады.
Педагогикалық компьютерлік бағдарламалық құралдарды (ПКБҚ) құрастырып
қолданып мұғалім келесі талаптарды ескеру керек:
1. ПКБҚ базистік курстың бағдарламасын қамту керек;
2. ПКБҚ жүйелі түрде де, эпизодтық түрде де қолданылу керек;
3. ПКБҚ оқыту, бақылау, ізденіс функцияларын орындау керек;
4. ПКБҚ мазмұнының көлемі ресми оқулықтардың көлемінен асып түсу керек;
5. ПКБҚ дидактикалық мазмұнын компьютерсіз оқытуда да қолдану үшін,
бағдарлама басып шығаратын өніммен қамтамасыз етілуі керек.
Әрине, бұл тақырып бір мақаламен толық ашылмайды. Сондықтан,
математика сабағында ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану
мәселесі аясында жұмыс істейтін қалалық шығармашылық топ құруға да болар
еді.
ХХІ ғасыр – ақпарттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру білім
мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпараттық технологиялар маңызды рөл
атқарады. Қоғам дамыған сайын адамдардың өмірге деген көзқарастары
өзгеруде, білім алуға тілдерді үйренуге деген ынтасы арта түсуде. Білім
беруді ақпараттандыру, пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту
мақсаттары алға қойылуда. Кез – келген мемлекеттің дамуы ақпарат
мәдениетінің деңгейіне байланысты. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты
– жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамытып және
дистанциялық (қашықтан) оқыту, жеке тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі
мен сапасын көтеруді көздейді. Интернет желісі мен электронды поштаның
кеңеюі, оның күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі оқушылардың ойлау
жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр.
ҚР Білім туралы заңының 8 бабының 7-ші тармағында: Оқытудың жаңа
технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық 
коммуникациялық желілерге шығу міндеті қойылған.
Қазақстан — 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық
моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім
беру кеңістігіне кіріктіруімен сипатталады. ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам
қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей
міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет,
компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды,
электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын
көтеру [15].
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында республика білім жүйесі әлемдік деңгеймен үндеспей
отырғандығына көңіл бөлініп, білім саласының алдына үлкен міндеттер
қойылды. Қазір білім беру кеңістігінде интерактивті құралдардың түрлі
жиынтығы бар. Гипермәтін, жоғарғы сапалы графиктер, слайдтар, бейнероликтер
оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін, ақпараттық мәдениетін
дамытуда маңызға ие болды.

2 МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА АКТ-НЫ ПАЙДАЛАНУ

2.1 Мектепте математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық -
коммуникативтік технологияларды қолданудың тиімділігі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер
–бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр деген болатын.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи
танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық
білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана
қоймай өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне
қажеттілік тудыру.
Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісіне ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты
бағыттарының бірі деп атап көрсетілген. Орта білім беру жүйесін
ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық педагог
жұмысын атқара алатын білім беру процесі субьектілердің диалогтық жұмыс
режимі. Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім алу
үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы
ақпараттық технологиялар мен әрбір оқушының өзіндік білім алу траекториясын
таңдауына жол беретін ашық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының
бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үрдісінің
біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін
компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде оқушылардың оқу
үрдісіне танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу
технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.
Мектеп оқушысының ақпараттық мәдениетін дамыту көзқарасы тұрғысынан
да мұғалімге кез келген пәнді информатика заңдары негізінде түсіндіру
мүмкіндігін беру маңызды. Сондықтан да мектепте қазіргі уақытта
фундаменталдық пәндерді, соның ішінде математиканы да, оқытуды
компьютерлендіру, оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі маңызды мәселелерінің
бірі болып табылады.
Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды пайдаланудағы басты мақсаты –оқушыларға
білім алу процесінде көмектесу. Бұл мақсаттарға оқыту программалары,
дәрістерді қолдауға арналған электрондық оқулықтар, тексеру программалары
сияқты программалық өнімдер қызмет етеді.
Математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық
мақсаттары:
• қолданушы мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы
жылдам байланыс;
• оқытылу ақпаратының компьютерлік көзге елестетілуі;
• ақпараттық-әдістемелердің оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылаудан
автоматтандыру.
Математиканы оқыту әдістемесі оқушының өзіндік тұлғасын қалыптастыру
үшін, оның дүниетанымын және интелектін дамытуға, іргелес пәндерді
зерттеуге, білімін жалғастыруға және болашақ мамандық қызметі үшін қажетті
математикалық білімі мен іскерлігін қалыптастыруға және жүйелендіруге
бағытталған. Бірақ, көпшілік жағдайда мұғалімге оның әр түрлі бөлімдерінің
байланыстарын талқылауға және көрнекі бейнелеуге уақыт жете бермейді.
Мұғалімнің назары негізінде белгілі бір типті есептер шығарудың практикалық
дағдысын қалыптастыруға жұмсалады.
Қазіргі уақытта математика сабағында тек қана иллюстрация тестілеу
үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық
кезеңдерде қолданылуы қажет жаңа сабақты түсіндіуде, бекітуде, қайталауда,
білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде және үлгерімді тексеру және
оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында ақпараттық технологияларды
пайдалану; біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу
нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден
обьективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды
жүзеге асырады; үшіншіден бақылау технологиясына ғылыми элементтер енгізіп,
оны кейіннен де пайдалануға болатындай етіп, білім мекемелерінен алынатын
білім мен дағдылану деңгейлерін нақты түрде стандарттау технологиялары
жайлы айтуға негіз бола алады [16].
Бұл процестің негізі мынада мұғалім тексеру нәтижесі жайлы толық
ақпарат ала отырып, балалардың әрқайсысына олардың қатесіне байланысты
қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. Бұлардың орындау нәтижесін тағы
да компьютерлік тест немесе мұғалімнің өзі тексеріп шығады. Мұндағы
негізгі мақсат оқушыға баға қою мақсатында емес, оқушының қай тақырыпты
қалай меңгергені жайлы мәлімет беретін дидактикалық тест алу.
Математика және информатика пәндеріне бірнеше кіріктірілген сабақтар
жүргізуге болады. “Microsoft Office” пакетінің құрамындағы “MS Excel”
бағдарламасын оқыту және қолдану әдістемесі құрылды. Бұл бағдарламаға
ерекше көңіл аударудың негізгі себебі оның төмендегі ерекшеліктерімен
анықталады:
• “MS Excel” инструменталдық құралдары ерекше тиімді топтастырылып
тақталарға жинақталған және әрқилы қимылдар орындауға мүмкіндік береді;
• қуатты формулалар мен функциялар ақпараты бар;
• алғашқы мәліметтердің өзгеруіне байланысты айнымалы шамаларды қайта
есептеудің қауырт жұмысын автоматтандыруға таблицалық шамалар түрінде
беруге мүмкіндік береді;
• әртүрлі графиктер мен диаграммалар көмегімен мәліметтерді және олардың
өзгерісін көркем, түсінікті түрде кескіндеуге береді.

“MS Excel” бағдарламасымен жұмыс істеу негіздері информатика пәні
сабақтарында танысса, ал математика сабақтарында белгілі бір тақырыптарды
оқыту барысында практикалық қолдану дағдыларын қалыптастыру оқушылардың
танымдық қызығушылығын арттыруға, зерттеушілік тиімді шешімді қабылдай алу
іскерліктерін қалыптастыруға, оны тақырыптардан білім сапасы мен
үлгерімдерінің жоғарлауына әсер етеді. Бұл тақырыптар:
• арифметикалық (геометриялық) прогрессияның n-ші мүшесін және қосындысын
табу;
• квадраттық функциялардың графиктерін тұрғызу және зерттеу;
• сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер әдісімен шешу;
• екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу;
• интегралды есептеу.
Сонымен іс-тәжірибеде жүзеге асырылған ақпараттық технологиялар
мүмкіндіктерін оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру,
ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыру және дамыту, оқу үрдісін дараландыру
мақсатымен олардың танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру үшін келесі
тұжырымдарды қорытындылауға болады:
• оқу үрдісінде компьютерді фрагментті түрде емес, үздіксіз
қолдану қажет;
• үлкен көлемді бағдарламалауды қажет ететін және жылдам
ескіретін жеке компьютерлік бағдарламадан кетіп, белгілі бір
математикалық пакеттерді қолдану, тек қана оларды жаңа
әдістемелік мазмұнмен жабдықтап отыру қажет;
• белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын бағдарламалық-
әдістемелік демеудің болуы қажет;
• компьютерлік практикум барысында мұғалім мен оқушының белсенді
ролін қамтамасыз етеді;
• инструменталдық ортаның рухани ескіруіне байланысты;
• толықтырулар мен өзгертулерге икемді.
Кейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Бастауыш мектепте математика пәнін оқыту процесі
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
Бастауыш сынып математикасында ақпараттық-коммуникативті технологияны қолдану
Оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану әдістемесі
Бастауыш сынып математика сабағындағы интерактивті тақтаны қолдану тиімділігі
Математиканы оқытуда АКТ қолдану
Пәндер