Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Е- learning электронды оқу жүйесіне жалпы сипаттама 5
1.1 Е- learning анықтамасы 5
1.2 Электронды оқыту технологиясы, құралдары және қолдану шеңбері 7
1.3 Электрондық оқытудың маңызы 10
1.4 Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы 14
2 Е- learning электронды оқу жүйесін орта мектепте енгізудің негізгі
мәлелелері, даму қарқыны 22
2.1 ҚР-дағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты
ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е- learning) 22
2.2 Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі 43
2.3 Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру 47
2.4 E- learning жүйесін ендіру мәселелері және даму перспективалары
51
3 E- Learning электронды оқу жүйесіне әдістемелік құрал 54
3.1 Macromedia Flash ортасында жасалған әдістемелік құрал 54
3.2 E- Learning оқыту жүйесін орта мектептерде енгізу жағдайы 61
3.3 Электрондық оқыту жүйесін дамыту бағытындағы практикалық тапсырмалар
63
Қорытынды 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі 74
Кіріспе
E- learning жүйесі бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінің білім беру
жүйесіне үлкен қарқынмен енгізіліп жатқан алдыңғы қатарлы үлгілердің бірі
болып табылады. Электронды білім беру бойынша жүзеге асырылатын ауқымды
жоба Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандырудағы серпіліс болады.
Бұл жүйені ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді Білім берудегі жаңа
ақпараттық технологиялар орталықтары жүзеге асыратын болады.
Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат – білім
беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен
технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге
асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет.
Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы
ортамен ақпараттық кірігуін арттырады. Білім беру жүйесін басқаруды
қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру
ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол –
білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы,
екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді
орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау
құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық
мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды
қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.
Электрондық оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және
олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, е- learning жүйесі білім беруді
жаңғыртуға арналған негізгі құралдардың бірі болып табылады. Оңтүстік
Корея, Финляндия мен Ирландияда электронды білім беру жөнінде арнайы ұлттық
бағдарламалар жүзеге асырылады. Францияда балабақшадан бастап үлкендерді
оқытуға дейін білім беру үрдісінің барлық саласына ақпараттық-
коммуникациялық технология енгізілген. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа
Зеландия, Канада елдерінде электронды білім беру күнделікті өмірдегі
тәжірибе сияқты көрініс тапқан
E- learning – білімді дамытудың және көптеген дамыған елдерде
экономиканы көтерудің негізгі құралы болып отыр. Электронды оқыту – Білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы
басты міндеттердің бірі.
Қазақстанда электронды оқытуды білім беру жүйесіндегі негізгі бағыт
ретінде таңдаумен ақпараттандырудың жаңа сатысы басталды. Алға қойылған
мақсаттарға жету үшін, яғни 2020 жылға дейін 90% e-learning электронды оқу
жүйесіне көшу үшін ең басты кедергі – осы жүйені насихаттайтын қазақша
әдістемелік құралдардың жоқтығы болып табылады. Қазақстанның барлық
мектептері осы жүйемен жақсы танысқан болса, бұл үрдіс әлдеқайда тез
қарқынмен жүрген болар еді.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде ойлаудың жаңа ақпараттық мәдениетінің
дамуы мен қалыптасуы, ақпараттық қатынастық технологиялар саласындағы білім
беру сферасы мамандары біліктілігінің қалыптасуы мемлекеттік маңызды міндет
болып саналады. Білімдік процесте АКТ мен e-learning электрондық оқыту
жүйесін пайдалану бойынша тиісті біліктілікке қол жеткізбейінше, білім беру
ұйымдарын техникалық жарақтандыру құралынсыз және оған күш салмайынша,
оларды ауқымды және жергілікті желіге қоспайынша, білімдік цифрлық
ресурстарды әзірлемейінше және т.б.-сыз мұғалімдер тиісті нәтижеге қол
жеткізе алмайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: E- Learning электрондық оқу жүйесіне
көшуді орта мектеп мұғалімдеріне насихаттау, үйретуге арналған әдістемелік
құралын ұсыну.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алға қойылды:
1) E- Learning электронды оқу жүйесіне жалпы түсініктеме беру
2) Қазақстандық орта білім беру мекемелерінің E- Learning электронды оқыту
жүйесіне көшу кезіндегі мәселелерін зерттеу.
3) E- Learning электронды оқу жүйесіне толық сапалы көшу әдістерін
құрастыру.
1 Е- learning электронды оқу жүйесіне жалпы сипаттама
1.1 Е- learning анықтамасы
Оқу үрдісін сауатты және жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін, кез келген
ұйым ең алдымен, оқыту кімге бағытталғандығын, яғни қандай аудиторияға
арналғандығын анықтап алуы қажет. Білім алушыларды жас ерекшелігіне
байланысты, 3 негізгі дифференциалданған топқа бөлуге болады, олар: мектеп
оқушылары, студенттер, ересек тыңдаушылар (аспиранттар, докторанттар,
магистранттар және т.б.)
Мектеп оқушыларына қарағанда, студенттер мен ересек білім алушылар,
пәнді оқыту барысында алынған теориялық білімді, практикада қолдану
дағдысын үйренуі қажет. Осы айтылғандарды ескере отырып, оқыту үрдісін
ұйымдастырушылар әрбір топтың білім алушылары үшін не, қалай, кім үшін
оқыту керектігін, сонымен қатар, оқыту мақсаттары мен міндеттерін анықтауы
қажет. Дәстүрлі оқытуда білім алушы дәрісте теориялық мағлұматты алып,
семинарда белгілі бір практикалық дағдыларды меңгереді. Қашықтан оқытуда
мұғалім мен оқушы арасында тура және ішкі байланыс орнатылмайды, себебі
әрбір білім алушы материалды өз бетімен оқиды, ал практика барысында
қолданатындығына күмән бар, мысалы жоғары білім алу барысында. Бұл
мәселенің шешімі ретінде бүгінгі күнде ілгері дамып отырған және қашықтан
оқытудың революционды бағыттарының бірі e- Learning жүйесін айтуға болады.
Бұл міндетті шешудің бір жолы – e- Learning жүйесі іштей оқыту формасын
толықтыратын оқыту технологияларының бірі болып табылуында, сонымен қатар,
дәстүрлі оқытудың тиімділігі мен білім сапасын арттыру үшін, оқытуға
арналған электронды оқулықтарды әзірлеуде де аталған жүйенің орны ерекше.
Ең алғашқы қашықтықтан оқыту – Ашық университеті 1969 жылы
Ұлыбританияда королеваның бұйрығымен ашылған. Е- learning жүйесінің уақыт
бойынша даму сызбасы төмендегі суретте көрсетілген.
Сурет 1. E- learning жүйесінің даму тарихы
Е- Learning (электронды оқу жүйесі) термині ең алғаш 1999 жылы Лос-
Анжелесте болған CBT Systems семинарында қолданылды. Одан бері 10 жылдан
артық уақыт өткеніне қарамастан e- Learning-ге нақты анықтама берілмеген.
Россияда қолданылған қашықтықтан оқыту терминінне байланысты әр түрлі
ұғымдар қалыптасты. Бірі e- Learning-ді қашықтықтан оқыту терминіне ұқсас
деп түсінсе, біреулері қашықтықтан оқыту терминіне қарағанда өте тар
мағнада деп қарастырса, кейбіреулері өте кең мағнада деп қарастырған.
Мамандар e- Learning-ді интернет – технологияның көмегімен жасалатын
оқыту жүйесі деп қарастырады. Төменде осы қағидаға негізделген e-Learning –
нің бірнеше анықтамасы берілген:
− Жұмыс желінің көмегімен жүзеге асады;
( Соңғы пайдалануға оқу контентін жеткізу компьютердің және стандартты
интернет технологияларды пайдаланудың көмегімен жүзеге асады.
2001 жылы Rossett Allison e- Learning – ді серверге салынған және
интернет желісіне қосылған курс ретінде қарады.
Ал ЮНЕСКО мамандарының анықтамасы: e- Learning – интернет және
мультимедияның көмегімен оқытылатын оқу жүйесі – деп анықтама берген.
e- Learning-нің басқа аспектілеріндегі өзгешеліктерін беретін тағы да
басқа бірнеше анықтамалары бар. Солардың бінешеуі:
( e-Learning – web-технологияларды пайдаланудың көмегімен
құрылатын оқу үрдісін, дербес компьютердің және виртуалды сынып бөлмелерін
қолданатын оқу жүйесін, және желі арқылы өзара байланысатын ұйым құралдарын
қамтамассыз етуші қосымшалар мен процестердің жиынтығы. e-Learning –
интернет, интранет, аудио және видео жазбалар, спутниктік хабарлаламалар,
интерактивті теледидар және CD-ROM арқылы білім контентін жеткізуді жүзеге
асырады.
( e-Learning – ақпараттық және телекоммуникациялық
технологияларды қолданудың көмегімен құрылған оқу жүйесі. Ол оқу жүйесіне
ықпал етуден бастап тыңдаушыларға оқу контентін жеткізу әрекеттерін
қамтиды.
e-Learning жүйесі өз бетімен оқуды қамтамасыз етуімен қатар, қашықтан
оқытудағы тәрізді ол дәстүрлі оқытудың ішкі оқыту формасына келесідей
міндеттерді қояды:
( үлкен қатынау еркіндігі – кез келген жерде отырып, яғни бүкіл
әлемдік ақпараттық желі арқылы білім алушылар интернеттен электронды
курстарға қатынай алады;
( оқытуға қатынау үшін кететін ең төменгі баға – электронды оқыту
үрдісінде білім алушы оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алмайды, оқуға
қажетті білім көздерін ақпаратпен алмасу арқылы интернеттен тегін алады;
( электронды курс мазмұнын модульдерге бөлу мүмкіншілігі – ақпараттың
үлкен емес блоктары оқу пәнін анағұрлым тереңірек және қажетті материалды
табу мүмкіншілігін арттыруға мүмкіндік береді;
( оқытудың тереңдігі – тыңдаушы өз қажеттіліктері мен
мүмкіндіктеріне бейімделе отырып, оқыту материалының тізбектілігі мен
ұзақтылығын өзі таңдайды;
( уақыт өте келе даму мүмкіндігі – электронды ресурсты
қолданушылар, оқытушылар, студенттер өз дағдылары мен және білімдерін
қазіргі заманғы жаңа стандарттар мен технологияларға сәйкес дамытып
отырады. Сонымен қатар, электронды курстар өз уақытылы және оперативті
түрде оқыту материалын жаңартуға мүмкіндік береді;
( білімді бағалау критерийлерін анықтау мүмкіндігі – электронды
оқытуда оқыту үрдісінде студенттердің алған білімін бағалайтын, нақты
критерийлер қою мүмкіндігі бар. Бұл объективті емес және кері әрекеттерді
жюға мүмкіндік береді.
Электронды оқу курстары – жаңа ІТ-шешімдерді қолдану негізінде
құрылатын, жоғары технологиялық өнім.
1.2 Электронды оқыту технологиясы, құралдары және қолдану шеңбері
Техникалық тұрғыдан e- Learning шешімі бүтін бағдарламалық өнімдер
қатарынан құрылады. Оқу контентін әзірлеу құралы (Authoring Tool), оқытуды
басқару жүйесі (Learning Management System) – термині Ресейде қабылданған.
Қашықтан оқыту жүйесі (ҚОЖ), ақпаратппен алмасу жүйесі. Контентті басқару
жүйесі – оқу порталы. Қашықтан оқыту жүйесі e- Learning жүйесінің бастамасы
болып табылады.
Оқытуды басқару жүйесінің функциялары келесі 2-суретте көрсетілген.
Сурет 2. Оқытуды басқару жүйесі
E- Learning технологиялары мен құралдары
e- Learning ортасы бүгінгі таңда электронды оқыту жүйесін пайдалануға
арналған технологиялар мен қүұралдардың өте үлкен диапозонын ұсынады. e-
Learning ортасының ең негізгі технологиялары мен құралдарына келесілерді
жатқызуға болады:
( Электронды почта;
( МР3 плеерлер;
( CD-ROM;
( Web-сайттар;
( Блогтар;
( Чаттар;
Сурет 3. e- Learning технологиялары мен құралдары
e-Learning технологиялары мен құралдары келесілерге мүмкіндік береді:
– Синхронды, асинхронды, және аралас оқытуды пайдалана отырып
оқытуды әр түрлі формада өткізу;
– Қашықтықтан оқыту жүйесінің барлық қатысушыларының өзара қарым-
қатынасын ұйымдасыру;
– Оқытудың жаңа құралдарын қолдану (тренажерлер, симуляциялар);
– Тиімді оқыту жүйесін орнату;
– Электронды ресурстар қоймасына қатынау мүмкіндігін жақсарту;
– Электронды оқу жүйесінің тыңдаушыларымен коллективті бірлескен
жұмыстар жүргізу;
– және т. б.
Оқу контентін әзірлеу құралдарының көмегімен оқу материалдары және
тесттер құрылып, содан кейін олар оқытуды басқару жүйесінің мәліметтер
қорына орналастырылады. Ол арқылы тыңдаушылар оқу материалдарына қатынай
алады. Ақпаратпен алмасу жүйесі білім алушыларға, оқытушыларға, эксперттер
мен оқыту процесіне қатысушыларға өз араларында шынайы уақыт ржимінде және
аснхронды түрде ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Оқыту үрдісін басқарудың
вэб-интерфейсі ереже бойынша контентті басқару құралдары арқылы жүзеге
асырылады.
e - Learning- ді қолдану шеңбері
e- Learning технологиясының қолдану шеңбері өте үлкен, барлық салада
кеңінен қолданылады деуге де болады. Әсіресе қызметкерлер біліктілігін
арттыруда кеңінен қолданылады. Бұл e- Learning технологиясының
тыңдаушыларына пайдалануға берген артықшылықтармен қамтамассыз етілген.
Соның ішінде:
– Қашықтықтан оқыту;
– Оқытудың дербестігі;
– Өндірістен қол үзбей білім алу мүмкіндігі;
– және т.б.
e- Learning технологиясын қолданудың тағы бір бағыты жоғарғы білім алу
шеңберінде кеңінен қолданылуда. Әсіресе екінші жоғарғы білім алуда кеңінен
қолданылады. Екінші жоғағы білім алушылар бұл технологияның шаруадан қол
үзбей оқу мүмкіндігін өте бағалайды. Сондай-ақ бұл технологияны мектеп
оқушыларын оқытуда да пайдалану кең етек жайып келеді. Бірақ бұл
технологияны қолдануды қауіпсіздік ережелерін сақтанған жөн. e-Learning
технологиясының мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытуда маңызды рөл атқарады.
1.3 Электрондық оқытудың маңызы
Қоршаған болмыстың зерттелінетін құбылыстары мен процестерінің маңызы
олардың бетінде жатпайды, тікелей бақылауға көнбейді. Сол уақытта мектепте
электрондық оқыту теориясын дайындау көзқарасы тұрғысынан оның сыртқы
жақтары мен белгілерін сипаттаумен шектелместен, оның маңызды терең
сипаттамаларына жетуге ұмтылу қажет.
Кез келген процестің немесе құбылыстың маңызын айқындау үшін:
− осы процессқұбылыстың басқалармен байланысын талдау және
осылайша оның ерешелігін анықтау;
− осы процесқұбылыстың қызметін анықтау;
− зерттелінетін процестіңқұбылыстың құрылымын ашу;
− талданатын процесқұбылысты динамикада, дамуда қарастыру
қажет.
Электрондық оқытудың маңызын және оның құрылымдық құрамдас бөліктерін
жан-жақты қарастыру үшін келесі міндеттерді шешілуге тиісті:
1) электрондық оқытудың әдіснамалық негізін анықтау;
2) электрондық оқытуды оқытудың басқа түрлерімен салыстыру және
осылайша оның айрықша ерешеліктерін айқындау;
3) электрондық оқытудың қызметін анықтау;
4) электрондық оқытудың құрылымын қарастыру;
5) электрондық оқытудыі қозғаушы күшін айқындау;
6) электрондық оқытудың даму логикасын талдау.
Электрондық оқытудың маңызын анықтаудан бұрын ең алдымен оқыту
ұғымын қарастыру қажет.
Бағдарламаланған оқытудың пайда болуы осы процестті басқару есебінен
оқытудың тиімділігін аттыруға 1954 жылы педагогикалық қоғамды шақырған
Б.Ф. Скиннердің атымен байланысты. Басқару санаты бағдарламалау үшін
орталық ретінде қарастырылады. Бағдарламаланған оқытудың негізіне
бірізділіктің, ұғынықтылықтың, жүйеліліктің, өзіндіктің жалпы және
дидактикалық қағидалары жатады. Осы қағидалар оқытуды бағдарламалаудың –
міндеттердің реттелген тізбегі болып саналатын үйретуші бағдарламаның басты
элементтерін орындау барысында іске асырылады. Бағдарламаланған оқыту үшін
дидақтикалық машинаның (немесе бағдарламаланған оқулықтың) бар болуы
маңызды. Осы оқытуда белгілі бір шамада үйретуші бағдарламаны меңгеру
сипатын есепке алу ретінде дербес амал іске арырылады. Алайда басты болып
меңгеру процесі қалады, біліктіліктер өнімі бағдарламамен басқарылады.
Қазір білім беру тарихының жаңа орамында айтарлықтай өскен
психологиялық-педагогикалық білімдерімен және дербес компьютерлердің
ғаламат мүмкіндіктерімен бағдарламаланған оқыту идеясына қайта оралу XXI
ғасырдағы білім берудің шынайылығы мен талаптарына бір ғана тиімді жауап
болып саналады деген В.П. Беспалькомен келіспеуге болмайды.
Электрондық оқыту процесінің ұйымдастырушылары жүйе ретінде оқыту
мақсатын, оқыту мазмұнын, білімдік процес субъектілерінің интерактивтік
өзараәрекеттестігін, оқытудың материалдық базасы мен нәтижелерін айтады.
Егерде жүйенің элементтері өзгеретін болса, онда ол өзінің қасиеттерін
өзгертетіні белгілі. Электрондық оқыту ақырғы мақсатты және білімдік
процестің негізгі мазмұнын сақтайды, бірақ таратушылық формаларының түрін
сұхбаттықтарға, яғни негізделген өзара түсіністік пен өзара әрекетке
өзгертеді.
Электрондық оқыту, сондай-ақ, бүтіндей оқыту процесі сияқты білімдік,
тәрбиелік және дамытушы міндеттерді жүзеге асыруға бейімделген.
Оқыту процесінің осы міндеттерін бөлу шартты түрде жүргізілген,
өйткені білім беру, тәрбиелеу мен тұлғалықты дамыту процестерінің
арасындағы қыры салыстырмалы, және олардың кейбір жай-жапсарлары ортақ
болып саналады. Осы міндеттер электрондық оқыту жағдайында тек оқушыға ғана
емес, мұғалімге де бағытталған.
Электрондық оқытудың білімдік міндеті тұлғалық ғылыми білімдерді
меңгеруді, арнайы және жалпы оқу біліктері мен машықтарын, оның ішінде тек
пәндік қана емес, ақпараттық қоғамда өмір сүруге, табысты түрде оқуға
немесе жұмыс істеуге көмектесетін әмбебап біліктер мен машықтарды ұйғарады.
Электрондық оқытудың дамытушы міндеті тұлғаның жалпы және арнайы
қабілеттерін – рухани, денелік және еңбек қабілеттерін, сондай-ақ мінез-
құлықтық процестерді дамытуды анықтайды, оқытуды ұйымдастырудың
интерактивтік формаларын жүйелі пайдалану арқылы әрбір оқушының табиғи
таланты мен қабілетіне байыпты түрде, жеке, өктемдік қысымсыз тұлғаның
парасаттық, қатынастық, әлеуметтік және жалпымәдени дамуын қалыптастырады.
Электрондық оқыту, оқушылар өздері саналы түрде шешімдер қабылдағанда,
оқытудың өз траекториясын анықтағанда, өзінің көзқарасын баяндағанда,
ұсынылған шешім үшін жауапкершілікті өзіне алғанда оларды белсенді
ұстанымға аударатын үйретуші жағдаяттарды жасау есебінен тұлғалық даму
тетіктерін іске қосатынын атап өту маңызды. Сонымен, оқитындар тұлғалық
тәжірибеге ие болады.
Электрондық оқытудың тәрбиелік міндеті ғаламшарлық ойлауы, әлемдік
көзқарасы, ізгіліктік бағытталушылығы бар, шығармашылық белсенді және
әлеуметтік жетілген әлем азаматын тәрбиелеу үшін тұлғаның әлемге,
ақпаратқа, өзараәрекеттестікке, өзінің оқу-танымдық немесе кәсіптік іс-
әрекетінде және т.б. АҚТ-ды пайдалануға құндылық-эмоциялық қатынастар
жүйесін қалыптастыруға саяды.
Электрондық оқыту незізгі дидактикалық қағидаларды, атап айтқанда:
ғылымилықты, жүйелілікті және бірізділікті, ұғынымдылықты, көрнекілікті,
саналылықты, тәрбиелеуші оқытуды, оқытудың практикамен байланысын,
модульдікті, интерактивтікті және б. тек жаңа, жоғары деңгейде аса толық
іске асыруға мүмкіндік береді.
Оқытудың ғылымилық қағидасы, бірінші кезекте, соңғы ғылыми
жетістіктерді ескеріп, оқу материалының мазмұнын жеткілікті тереңдігі мен
әдептілігін білдіреді. Оқытудың ғылымилығын табысты іске асыру үшін,
М.В. Данилов жазғандай:
тиісті оқу пәнінің логикасын басшылыққа ала отырып, оқып білетін ғылымның
ең маңызды мазмұнын іріктеу қағидаларын табу;
диалектикалық көзқарас негізінде, яғни оның дамуын және басқа пәндермен
немесе құбылыстармен өзараәрекеттестігін ескеріп, әрбір жаңа оқып білетін
пәнді немесе құбылысты қарап шығуды қамтамасыз ету;
дұрыс түсініктер мен ұғымдардың және пайда болуы үшін және оларды осы
ғылымда қабылданған анықтамалар мен терминдерде дәл айту үшін жағдайды
қамтамасыз ету;
сол немесе басқа ғылыми ұғымды сәйкес ғылыми теорияның немесе болжамның
мәтін мәнінде баяндау және оқып білетін ұғымды қарама-қарсы ұғымдармен
салыстыру;
оқып білетін құбылыстардың ашылу тарихын ашу;
оқып білетін құбылыстың ашылуын ғылыми іздестірген әдістер туралы түсінік
беру қажет.
Оқушыларға электрондық оқытуды пайдалану кезінде олар үшін материалды
оқып білудің ең қолайлы дара ырғағын таңдау, ақпаратты және т.б. ұсынудың
әр түрлі формаларының алуан түрлі жинағын шебер пайдалану жағдайы кезінде
оқу материалының күрделі сәттерін аса түсінікті баяндау есебінен оқытудың
ұғынымдылығы артырыла алатын болады, яғни білім алушының білімдері мен
біліктеріне, дара мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктеріне оқыту
процесін бейімдеу қамтамасыз етіледі.
Электрондық оқыту кезінде ақыл-ой әрекеттерін және ұғымдарды кезең
бойынша қалыптастыру теориясын іске асыру білімдерді меңгеру, қателіктерді
өз уақытында түзету, білім алушы тарапынан өзіндік бақылауды ұйымдастыру
процестерін басқаруға мүмкіндік туғызады. Сол немесе басқа әрекетті
орындауда айқын бағдар білім алушылардың өз күштеріне сенімділігін
қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, бұл қалыпты жағдайда сасқалақтайтын және
оқу міндеттерін шешуге шамасы келмейтін оқушылар үшін ереше маңызды болады.
Электрондық оқыту жағдайында оқушыға ақыл-ой әрекеттерін өзіндік
қалыптастырудың барлық кезеңінен өту мүмкіндігі ұсынылады. Оған
материалданған деп аталатын оқып білу объектілерімен әрекеттерді орындауға
мүмкіндік беретін шынайы объектілердің виртуальдық орынбасарлары беріледі.
Электрондық оқыту кезінде қазіргі заманғы АҚТ-дың техникалық сипаттамалары
оқушыға өз әрекеттеріне түсініктеме беру, мәтінді дауыстап оқу, компьютерге
жауаптарын сөйлеп айту оқу материалын жақсы түсінуге және оны еске сақтауға
көмектесетін мүмкіндікті ұсынады.
Оқытудың көрнекілік қағидасын іске асыру талабы оқып білетін
объектілерді, олардың макеттерін немесе модельдерін сезімдік қабылдау және
оларды өздік бақылау дегенді білдіреді. Алғашқыда оқытудың көрнекілігі
нақтыдан дерексіздікке таным жолы ретінде түсіндірілді. Қазіргі уақытта
оқытудың көрнекілік қағидасының әр түрлі түсініктемелері бар.
М.А. Данилов: Сезімдік таным сыртқы әлем туралы оқушылардың барлық
білімдерінің көзі болып саналады. Алайда сезімдік танымның өзі дерексіздік
ойлауға бағытталған... деп атап өтеді. Осыдан оқытудағы көрнекілік пен
алаңдатушылықтың, нақты мен дерексіздіктің өзара байланысы туралы қорытынды
шығады.
Электрондық оқыту кезіндегі оқытудың көрнекілік қағидасының
айырмашылығы оның дәстүрлі оқытудағы түсінігінен ерекшеленеді. Біріншіден,
АҚТ-дың мүмкіндігі оқу материалын полисенсорлық қабылдауды қамтамасыз
етеді, ал әдеттегі кітаппен, плакаттармен, кестелермен және т.б. жұмыс
істеу кезінде тек көру қабылдауы пайдаланылады, яғни дәлме-дәл
көрнекілік. АҚТ-дың мүмкіндіктері тек көру ғана емес және де есту
түйсігін тудыруға мүмкіндік береді. Оқу ақпаратының бір мезгілде
оқушылардың бірнеше сезім органдарына әрекетінің қажеттілігін әлдеқашан
Я.А. Каменский атап өткен болатын: Сезім мүшелерімен қабылдау үшін мүмкін
болатынның барлығы ұсынылуы керек, атап айтқанда: көрінетінді – көзбен,
естілетінді – есіту сезімімен, иісті – иіс сезімімен, дәмге жататынды –
дәммен, сипап сезілетінді – сипау арқылы қабылдау керек. Егерде қандайда-
бір заттарды немесе құбылыстарды бірнеше сезім мүшелерімен бірден
қабылдауға болса, онда бірнеше сезім мүшелеріне мүмкіндік беру керек.
Екіншіден, АҚТ құралдары көрінерлік ақпараттың сапасын айтарлықтай
арттырады, ол өте ашық, бояулы, динамикалық болады. Осы жағдайда ақпаратты
үшөлшемді компьютерлік график, бейне, анимация түрінде ұсынатын
мультимедиа технологиясы ғаламат мүмкіндіктерге ие болады. Мультимедианың
бар болуы (multi – көп, media – орта) – оқып білетін құбылысты безендіру
тәсілдерінің өте бай жинағы. Мультимедиа өнімдерін алуан түрлі ақпаратта:
компьютерлік мәліметтерде, теле-, бейнеақпаратта, сөз бен әуенде қолданады.
Үшіншіден, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану
кезінде көру ақпаратын қалыптастыру тәсілі түбегейлі түрде өзгеруіне
байланысты көрнекі дерексіздікті жасау мүмкін болады. Дәстүрлі оқытуда
аталған объектілерді мұғалімнің демонстрациялайтын практикасынан
өзгешелігі, кезең бойынша қалыптастыру теориясы осы объектілермен
оқушылардың меншікті іс-әрекетін: көшірмелеуді, жан-жақты мақсатты
қарастыруды, өзгертуді, ұйымдастыруды талап етеді.
Сонымен, электрондық оқытудағы көрнекілікті қамтамасыз ету талабы,
зерттеушілердің пікірі бойынша, табанды түрде жаңа, аса жоғары деңгейде
іске асырылады.
Қажеттілік қағидасы: егерде бұл қағида қандайда бір параметр бойынша оқу
процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін болса ғана, компьютерді
қолдану.
Ақпараттылық қағидасы: оқу процесін анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету
құралы ретінде компьютердің басымдылығын ашады, өйткені компьютер қысқа
уақыт ішінде ақпараттың максималь мөлшерін алуға миүмкіндік береді. Одан
басқа, оқытудың барлық құралдарының ішінде компьютер шетел тілін оқытудың
ақпараттық сөйлеу сипатына ең барынша сәйкес келеді.
Сенімділік қағидасы: оқытуға арналған әрбір компьютерлік бағдарламаға
эксперименттік тексеру жүргізу қажеттілігін, сондай-ақ компьютерді
пайдаланып сабаққа дайындықты ұйымдастыру кезеңінің бар болуын көрсетеді.
Электрондық оқытудың ерекшелігі біртұтас педагогикалық процестің
білімдік және дамытушы міндетін іске асырудағы ерекше үлесімен сипатталады.
Оқыту процесін іске асырудағы айтарлықтай басымдылықты типтері бойынша:
бағытталған ақпараттық процесс, автоматтандырылған тұйық басқару оқуды
басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық пен
ақпарқатынастық технологиялардың кірігуін әкеледі.
Оқытудың тиімділігі ішкі жіне сыртқы өлшемдермен анықталады. Ішкі
өлшемдер ретінде оқытудың табыстылығы мен академиялық үлгерімін, сондай-ақ
білімдердің сапасын және біліктер мен машықтардың жұмыс істеушілік
дәрежесін, оқитындардың даму деңгейін, сәуле қабылдаушылық пен оқып
үйренушілік деңгейін пайдаланады. Оқитындардың академиялық үлгерімі оқу іс-
әрекетінің шынайы және жоспарланған нәтижелердің сәйкес келу дәрежесі
ретінде анықталады, Академиялық үлгерім балдық бағалауда көрініс табады.
Оқытудың табыстылығы – бұл сондай-ақ барынша аз шығындар кезінде жоғары
нәтижелерді қамтамасыз ететін оқу процесіне басшылық жасаудың тиімділігі.
1.4 Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы
Жалпы орта білім беруді ақпараттандырудың жетекші факторларының бірі
оның контенттік жасақтамасы болып саналады.
Контент, білім берудің контенттік жасақтамасы ұғымдары қазіргі
заманғы педагогиканың ғылыми базасына ену кезеңін тек енді ғана бастан
кешіріп жатыр, дегенмен контент термині (ағылшынның content сөзі – бары,
мазмұны, мән-мағына) әлдеқашан әлемдік практикада цифрлық форматта оқыту
мазмұны көздерінің жиынтығы мәнінде жеткілікті түрде кеңінен пайдаланылады.
Ақпараттандыру жағдайында білім берудің мазмұны – бұл істің мәні
бойынша оқушыға түсінікті болатын ақпараттың шектеусіз көлемі. Электрондық
оқытудың материалданған негізі әр түрлі технологиялардың (кейстік (СD,
DVD), ТV-технологиялар, желілік (Ғаламтор- және Ғаламтор-ресурстар, LMS
және т.б.), әлбетте бұл қатар үнемі жаңарып, толықтырылып отырады, өйткені
оны жаңарту ақпараттық-қатынастық технологиялардың дамуымен және білімдік
процес қатысушыларының қажетттіліктерін өзекті етумен де байланысты)
көмегімен дайындалына, таратыла және пайдаланыла алатын цифрлық білімдік
ресурстар мен қолданбалы бағдарламалық өнімдер.
М.Г. Мур білім беру мазмұнын іске асыратын қазіргі заманғы АҚТ-ды
келесі түрде топтастырады:
− Сақтау технологиялары: білімдік ресурстары бар, әр түрлі орындардан
қатынауға қолайлы, орталықтандырылған немесе үлестірілген мәліметтер
базасы; тасымалданатын аналогтық ақпарат тасуыш (аудио- немесе
бейнеқұндақ); тасымалданатын цифрлық ақпарат тасуыш (цифрлық ақпараттың
үлкен көлемін сақтай алатын және де сол уақытта әдеттегі тәсілдермен,
мысалы, пошта бойынша, тасымалдауға болатын шағын-диск);
− Жеткізу технологиялары: оқу ресурстарын тасымалдау үшін, немесе
нүктеден нүктеге дейін байланыс орнату үшін: жер үстіндегі телефон
қоңырауы жағдайында мыс сымды (жер үстіндегі сөзі жер үсті бойынша
жүргізілетін кәбілге сүйенетін дәстүрлі байланыстың серіктік, және
жылжымады ұялы телефониядан айырмашылығын көрсету үшін қызмет етеді,
солай болғандықтан соңғысы қатынастық мәліметтерді жеткізу үшін басқа
тасуыш технологияларды пайдаланады); кеңжолақты байланысты және
цифрлық мәліметтерді жеткізу үшін пайдаланылатын оптоталшық;
кеңхабарлық радио таралымын немесе тіпті цифрлық мәліметтерді таратуды
таситын радиотолқындар; цифрлық мәліметтердің кеңхабарлық таралымы
үшін, мысалы, телефония, теледидар, немесе Ғаламторға қатынас құру үшін
пайдалануға болатын цифрлық серіктік байланыс пайдаланылады;
− Қабылдау технологиялары (ұсыну технологияларын да, осылай және
интерактивтікті жасақтауды да енгізе отырып) – жаңғырту, алу мен
бейнелеу үшін пайдаланылатын құралдар, сондай-ақ әр түрлі орындардан
интерактивтік байланыс үшін пайдаланылатын цифрлық тасымалданатын
телефондық жинақ; кеңхабарлық сигналды қабылдауға арналған теледидарлық
радиобекет; әр түрлі тасуыштарда жазылған материалды жаңғырту жүйесі,
мысалы, бейнеплеерлер, мультимедиалық компьютерлер (жаңғыртудың
интегралданған жетектерімен жабдықталған DVD және электрондық поштаны,
бейнеалқалы жиынды, чаттағы синхрондық қарым-қатынасты, сондай-ақ
пікірсайыс форумдарындағы асинхрондық қатысуды жөнелту мен қабылдау
үшін пайдаланылатын жинақы-дискілер); аудиоалқалы жиын үшін құрылғылар;
аудио графикалық жүйелер, пошта қызметін және хат-хабардың басқа
мысалдарын айтпағанның өзінде бейнеалқалы жиындар үшін тәуелсіз
жүйелер.
Әр түрлі АҚТ-дың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері уақыттың өтуімен
өзгереді. Алайда, білім берудің мазмұнын сақтаудың, жеткізу мен ұсынудың
негізгі педагогикалық міндеттері, сәйкес технологиялардың көмегі кезінде
берілетін технологиялар мен мәліметтердің арасындағы айырмашылықтар сияқты,
өзгеріссіз қалады:
мәтіндік мәліметтер оқудың педагогикалық әдісін ұйғарады;
аудио мен бейне тыңдау мен қарап шығудың педагогикалық әдістерін ұйғарады;
интерактивтік мәліметтер сұқбаттық педагогикалық әдісін ұйғарады.
Ақпараттық ресурстар деп қандайда бір тасуышта жазып қойылған және оны
сақтау мен пайдалануға жарамды ақпарат қорының бар болуы болатын
Ресейдің Білім беруді ақпараттандыру жүйесі жобасында алғаш рет
цифрлық білімдік ресурстар термині қабылданған болатын. С. Поляковтың
пікірі бойынша, цифрлық анықтамасы электрондық дегенге қарағанда
дәліректеу, өйткені соңғыға сондай-ақ электрондық құралдардың көмегімен
дайындалынатын және ойналатын бейне- және аудиожазбаларды апаруға болады.
Ол болашақта электрондық пен цифрлық ресурстардың кірігуі болады деп
санайды: енді қазір толық метражды фильмдерді жеткілікті түрде оңай
компьютердің ішкі жадына орналастыруға болады, процессордың параметрлері
оны экранда қиналмай ойнатуға мүмкіндік береді. Бірақ бүл кірігу барлық
бейне мен аудионың цифрлық болуымен байланысты болатын болады. Одан басқа,
цифрлық термині қазіргі заманғы жалпы әлемдік үрдістермен аса сәйкес
келеді.
Ресурстар сөзіне не жатады, ол келесі негізгі үш құрамдас бөлікті
қамтитын саланы жақсы сипаттайды:
– оқушылар жұмыс істеуге арналған ақпарат көздері (безендірулер,
фото- және бейне материалдар, мұражайлық құжаттар және т.б.);
– көмегімен оқушылар әлде-нені өздері жасай алатын, сапалы түрде
жаңа білімдік нәтижелерге қол жеткізетін жұмыс құралдары (мәтіндік
редактор, геоақпараттық жүйелер, мектеп үшін автоматтандырылған жобалау
жүйесі, физика, геометрия және т.б. бойынша виртуальдық зертханалар);
– ақпарат көздерін және аспаптарды белгілі бір дәйектілікпен
құрамдастыратын білімдік процесті басқару жүйесі, оқыту әдісін береді,
зерттеу тапсырмаларын, тестілейтін бағдарламаларды және т.б. енгізеді.
Ресурс сөзі тек аса бейтарап болып қана естіледі, бірақ білім
берудің іс-әрекеттік сипатын айрықша атап көрсетеді. Мұнда терминологиялық
нәзіктік жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері қандай білімдік
парадигмада пайдаланатынын көрсете отырып, философиялық-педагогикалық мәнге
ие болады.
Жалпы орта білім беруді ақпараттандырудың қазіргі заманғы практикасы
педагогикалық процестің жүйелік сипаты мен білімдік процестің тұтастығы мен
сабақтастығын ескерместен, оқу процесінде контенттік жасақтаманы дайындауды
және енгізуді жекеленген, жиірек әдістемелік пен әдіснамалық негізделмеген
талаптанулардың арасында терең қайшылықтар бар екенін көрсетеді.
Ақпараттық жағдайларында білім беру мазмұнының педагогикалық
әдіснамасын дайындау мәселесі ашық қалады. Өйткені көбінесе білім беруді
ақпараттандырудың контенттік жасақтамасын дайындауға әдіснамалық амалдарды
таңдаудан оны енгізуден күтулерді іске асыруға байланысты болады.
Цифрлық білімдік ресурстардың типологиясына не жатады, Ю.И. Шемакин,
А. А. Романов білімдік энциклопедиалық өнімдердің топтастырылуын, танымдық
мүмкіндіктері бар ойындық өнімдерді, әр түрлі пәндерді оқып білу үшін
білімдік өнімдерді, табиғи шындықты модельдеу үшін білімдік өнімдерді,
виртуальдық шындықтың білімдік өнімдерін енгізеді.
Мектептік білім беруді ақпараттандырудың контенттік жасақтамасына
сондай-ақ белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған әр
түрлі құралдар жатады:
– жалпыпайдаланушылық аспаптар: мәтін, графиктер, бейне және дыбыс
редакторлары;
– мектепке дейінгі білім беру және бастауыш мектеп – сөздік, графиктік,
арифметикалық, логикалық және алгоритмдік сауаттылықты меңгеру үшін
виртуальдық әлемдер;
– математика – алгебра, геометрия, информатикалық математика,
ықтималдық, мәліметтерді өңдеу бойынша виртуалдық зертханалар;
– физика – механика, оптика, молекулалық физика бойынша виртуалдық
зертханалар; процестердің бейнежазбаларын және олардың модельдерін
үйлестіру құралдары, бейнежазбалар бойынша графиктер құру;
– химия – виртуалдық үшөлшемді молекулалық құрастырушы;
– биология – өсімдіктерді анықтауыштар;
– география – геоақпараттық жүйелер;
– тарих – уақыт таспасы, геохроноақпараттық жүйе, тұқымдас ағаштардың
редакторы;
– технология – автоматтандырылған жобалау жүйелері;
– білімдік процесті ұйымдастыру – мектептің ақпараттық ортасын
қалыптастыру мен қолдау жүйесі.
Педагогикалық ғылыммен параллель электрондық оқу өнімдерін дайындау
практикасы белсенді етілді. Белгілі сұраныс ұсынысты тудырады деген
экономикалық формула бойынша барған сайын бірлестіктердің көпшілігі
мектептер үшін цифрлық контентті жаппай дайындауға кірісті. Егерде 5 жыл
бұрын мұндай ұйымдар Ресейде 10-ға жуық, Қазақстанда 5-ке жуық болса,
қазіргі уақытта олардың саны еселеп артты.
Сөзсіз, қазіргі заманғы ауқымды Ғаламтор желісінің жер шарының тіпті
екінші жағында орналасқан бірегей білімдік ресурстарға қатынас құруды
ұсынуының оң мүмкіндігін айрықша атап көрсету қажат.
Ғаламтор желісіне орналастырылған ақпараттық-анықтамалық көздер жалпы
ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл энциклопедиялар, анықтамалар,
сөздіктер, хрестоматиялар, географиялық және астрономиялық атластар,
нормативтік-құқықтық және экономикалық жинақтар және т.б. Олар белгілі бір
курсқа, бағдарламаға, дидақтикалық схемаға байланбаған, алайда шығармашылық
оқу міндеттерін, оның ішінде оқу бағдарламаларының шегінен шығатындарды
шешу үшін алғашқы материал ретінде пайдалануға бағытталған.
Сондай-ақ Ғаламтордың ақпараттық білімдік ортасын жалпы мәдени
сипаттағы ЦБР құрады: әлемнің мұражайы бойынша виртуальдық серуендеу,
қалалар, елдер және құрлықтар бойынша саяхат, әлемдік мәдениет
классиктеріне, архитектура жауһарларына, бейнелеу өнеріне, әуендерге
арналған басылымдар. Олардың мақсаты – тұлғаның жалпы мәдениетін, барлық
оқушылардың әлемдік көзқарас кеңдігін дамытудың тең мүмкіндіктерін ұсыну.
Орта мектептің жоғары сатыларында бейіндік оқытуды жасақтау кезінде
кәсіптік білім беруде келешек кәсіптік іс-әрекетпен байланысты біліктер мен
машықтарды, іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруда өте маңызды виртуальдық
ақиқатты жаңадан жасау үшін мультимедиалық үйретуші бағдарламалардың
әлуетін пайдалану қажет.
Виртуальдық тренажерлер оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін
белсенді етудің кең педагогикалық мүмкіндіктерін иемденеді, өйткені
оқытудың келесі ерекше қағидаларын іске асыруға мүмкіндік туғызады:
бейімделушілік, интерактивтік, оқитындардың интеллектуальдық әлуетін
дамыту, оқытудың дидактикалық циклінің тұтастығы мен үздіксіздігі.
Виртуальдық тренажерлерді пайдалану күрделі құрастырылымдарды,
машиналардың бөлшектері мен тетіктерін, шынайы және виртуальдық объектілер
мен процестер туралы оқу ақпаратын модельдеуді қамтамасыз етеді, қымбат
тұратын зертханалық жабдықтарға ие болу шығындарын қысқартады, оқу
зертханаларындағы жұмыстардың қауіпсіздік деңгейін арттырады.
Виртуальдық тренажерлердің ерекшелігі сонда, олар оқушыларға әр түрлі
жабдықтармен жұмыс істеудің практикалық машықтарын алуға және сол немесе
басқа біліктер мен машықтардың толық қалыптасушылығына дейін қандайда бір
өндірістік міндеттерді әлденеше рет қайталауға мүмкіндік беруінде.
Компьютер әрбір кезеңді бақылайды, сондықтан өңдеудің барлық технологиясын
басынан аяғына дейін көрнекі түрде өтуге болады. Виртуальдық шеберханадағы
мұндай жұмыс нағыз (шынайы, материалданған) жабдықтармен жұмыс істеген
кезде мүмкін болатын қателіктердің алдын алады, алдымен тренажерде
технологияны баптауға мүмкіндік береді және шынайы өндірістік жағдайларға
бейімделу процесін жеңілдетеді.
Сонымен, виртуальдық тренажерлерді бейіндік оқытуда пайдалану
мамандардың жетіспеушілігін, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен жабдықтардың,
зертханалар мен шеберханалардың қатшылығын жеңуге, жоғары технологияларды
еңбек біліктерін дағдыландырудың көп еңбекті процесімен үйлестіруге
көмектеседі, танымдық процесті белсенді етудің мүмкіндігін қамтамасыз
ететін ақпараттық, әлеуметтендірушілік, білімдік және когнитивтік
міндеттерді, оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемі мен алуан түрлігін
арттыруды, алынған білімдерді көкейкесті етуді және оларды қолдану
әдіснамасын іске асырады.
Контенттік жасақтаманы дамытудың жалпы үрдісі мультимедиа
технологияларын қолдану болып саналады. Н.С. Анисимованың пікірі бойынша
оқытуда мультимедиалық технологияларды пайдалану әдіснамасы ақпараттық
тасуыштардың алуан түрлерінің кірігуін ұйымдастырады. Мультимедиалық
технологияларды пайдалану техникалық, математикалық, бағарламалық,
ақпараттық, әдістемелік, ұйымдастырушылық жасақтамаларға сүйенеді.
Сонымен, білімдік мультимедиа индустрияны дамыту – бұл ең әр түрлі
мәселелермен сүйемелденетін өте күрделі көпфакторлы процесс. Алайда, бұл
ақпараттық қоғам жағдайында енді қашып құтылуға болмайтын сол жол.
Электрондық оқыту жүйесіне цифрлық білімдік ресурстар орналастарылатын
болады. Оларға қатынас құру логин мен құпия сөздің негізінде жүйеге кіру
арқылы жүзеге асырылады.
Цифрлық үйрететін контенті дайындаудың жаңа деңгейі оны сабақ бойынша
жоспарлаумен анықталады.
Цифрлық білімдік ресурстар (ЦБР) – бұл сабақта электрондық оқытуды
немесе оқушылардың үйде өзіндік дайындықты іске асыру үшін арналған цифрлық
форматтағы дидактикалық материалдар. ЦБР-дың мазмұны пән оқу бағдарламасына
және Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпы
міндетті стандартына сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл оқу материалының
мазмұнын цифрлық форматта абсолютті аударып алды дегенді білдірмейді.
Электрондық оқыту оқытудың дәстүрді әдістерімен кірігуді білдіреді және
мұғалімнің түсіндіруін, оқушының кітаппен, карталармен жұмыс істеуін,
ауызша және жазбаша жауаптарын және т.б. өзгертпейді.
ЦБР-дың электрондық оқулықтардан айырмашылығы сонда, электрондық
оқулықтар оқу курсы үшін пән бойынша білімнің барлық жүйесін қамтиды, ал
цифрлық білімдік ресурстар ықшам білімдерді береді, бір нақты оқу тақырыбы
бойынша біліктер мен машықтарды қалыптастыруға көмектеседі. Сондай-ақ
электрондық оқулықтар, әдеттегідей, кейстік технология бойынша (СD-да)
әзірленетінін және таратылатынын, сол уақытта ЦБР қалай порталда
орналасатын және желі бойынша берілетін болатынын, бұл ресурстың көлеміне
белгілі бір шектеулер қоятынын ескеру керек.
2011 жылы пилоттық жоба ауқымында Қазақстан тарихы пәні бойынша
қазақ және орыс тілдерінде 5-11 сыныптар үшін ЦБР-ды дайындау жоспарланады.
ЦБР-дың жалпы саны – 468 (олардың 234 – қазақ тілінде, 234 орыс тілінде),
оның ішінде 5 сынып үшін – 49, 6 сынып үшін – 20, 7 сынып үшін – 20, 8
сынып үшін – 30, 9 сынып үшін – 30, 10 сынып үшін – 29, 11 сынып үшін – 56
ЦБР (сәйкес түрде қазақ және орыс тілдерінде).
Әрбір ЦБР 4 құрамдас бөліктен тұрады (Сурет 4).
Сурет 4. ЦРБ құрылымы
Цифрлық білімдік ресурстардың құрамдас бөліктері өзіндік бірліктер
ретінде дидактикалық мақсаттарға сәкес сабақтың әр түрлі кезеңінде: жаңа
материалды түсіндіру кезінде, өзіндік жұмысты бекіту кезінде, қорытынды
қайталау кезінде және т.б. пайдаланылатын болады. Бір сабақта барлық 4
құрамдас бөлікті пайдалану тіпті міндетті емес: мұғалім ЦБР-ды пайдалануға
байыпты түрде қарауы және оларды сабақтың нақты мақсатын, дидактикалық
міндеттерін, нақты сыныптың дайындық ерекшеліктерін ескеріп қолдануы тиіс.
1-құрамдас бөліктің – мультимедиалық дыбысталған таныстырылымдардың
негізгі мақсаты – оқытудың мақсаты мен жаңа оқу материалының мазмұнын
оқушылардың жете түсінуіне, пәнге қызығушылығын арттыруға, жаңа білімдерді
толық меңгеруіне қол жеткізуге көмектесу. Бұл – ақпараттық-қатынастық
технологиялардың техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып білімдерді жанды,
ашық, қызықты, әсершең баяндау. Мультимедиалық таныстырылымдардың көмегі
кезінде деректерді, оқиғаларды, өзара байланыстарды, құбылыстарды және т.б.
бейнелі баяндау жүзеге асырылады. Мультимедиалық таныстырылым
анимацияланған оқиға желісінің, бояулы безендірулердің, анимацияланған
тарихи карталардың, мұрағаттық құжаттардың көмегімен тақырыптың мазмұнын
ашады, бұл оқушыларды виртуальдық тарихи әлемге шомуға, нақты тарихи
кезеңнің ерекшеліктерін жаңадан жасауға және т.б. мүмкіндік береді. Ол,
мұғалім осы көлемде өзі таңдауына қиын сол материалды оқушыларға дейін
жеткізу үшін арналған.
2-құрамдас бөлік – мәтін оқытудың мазмұндық құрамдас бөлігін
қамтамасыз етеді, ол оқу материалын мәтіндік баяндау ретінде, мұрағаттық
құжаттардан үзінді, алғашқы көздерден үзінді, логикалық-құрылымдық схемалар
және т.б. ретінде де ұсыныла алатын болады. Оның мақсаты – оқушылардың
танымдық іс-әрекетін белсенді ету және оларды қажетті оқу ақпаратын тауып
алудың өзіндік процесіне тарту, оқушыларды зерттеушілік іс-әрекетке ояту
және қатыстыру.
Оқу мәтіндерімен жұмыс істеу – әрбір мектеп оқушысының ие болуы тиіс
өзіндік білім алудың маңызды білігі. Бұл құрамдас бөлік оқушылардың
ақпаратпен әлденеше рет жұмыс істеуіне мүмкіндік береді: оқу мен түсіну,
есте сақтау, жинақтау, оқығанды салыстыру және т.б.; жадты дамытуға, жад
бойынша жаңғыртуға, жалпы оқу біліктеріне (саналы, жұмылдырылған машықтар,
мәтін жоспарын құру, тезистер жазу, схемалар мен графиктер құру,
зерттелетін құбылыстардың, деректердің салыстырмалы сипаттамасын құру, оқып
білетін материалда негізгіні, маңыздыны атап көрсету білігі) ие болуға
мүмкіндік туғызады.
3-құрамдас бөлік – оқушыларды белсенді өзіндік жұмысқа қосуға,
материалды меңгеруді ынталандыруға, өзіндік білім алуға үйретуге мүмкіндік
беретін интерактивтік тапсырмалар. Қазақстан тарихы бойынша әрбір ЦБР-та 4
тапсырма бар. Бұл картамен жұмыс істеуді, хронологиялық оқиғаларды
даталармен сәйкес қалпына келтіруді, тарихи қайраткерлердің есімдері мен
өмірінің даталарыфактылары арасындағы сәйкестікті орнатуды, тарихи
терминдерді бекітуді, кроосвордтарды шешуді, шығармашылық міндеттерді
орындауды және т.б. ұйғаратын алуан түрлі үйретуші және тексеруші
тапсырмалар. Интерактивтік тапсырмалардың маңыздылығы мезеттік кері
байланысты орнатады, мысалы, оқушы өз жауабының дұрыстығын бірден тексере
алады. Сондай-ақ басып шығаруға болатын оқушылардың жазба жауабын
білдіретін тапсырмалар бар – бұл жағдайда жауаптарды автоматтық тексеру
жүзеге аспайды.
4-құрамдас бөлік – тестілер – оқып білген тақырып бойынша оқушылардың
оқу жетістіктерін әділ бақылау мен бағалауды қамтамасыз етеді. ЦБР-дың
тестілейтін бағдарламасында 5-9 сыныптар үшін 10 сұрақтан, 10-11 сыныптар
үшін 15 сұрақтан бар.
ЦБР жиынтығы білімдік процесс қатысушыларының интерактивтік
арақашықтықтық өзараәрекеттестігі ретінде электрондық оқытудың
ақпарқатынастық білімдік ортасын жасауды қамтамасыз етеді.
Білім беруді ақпараттандырудың контенттік жасақтамасы оқытудың жаңа
парадигмасына өту тетігі болып саналады, өйткені өзінің міндеті бойынша
ортақ мақсатқа – ақпараттық қоғам жағдайында бүкіл ғұмыр бойы табысты
әлеуметтендіруге, кәсіптік өзін-өзі анықтауға, өзіндік білім алуға және
өзін-өзі іске асыруға дайын тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызатын білім
берудің қазіргі заманғы сапалы мазмұнын қамтамасыз етуге біріктірілген
педагогикалық пен ақпараттық-қатынастық технологиялардың кірігуін
бейнелейді.
Білім беруді ақпараттандыру контенті оқыту технологиясын қамтамасыз
етеді. Цифрлық контентті пайдалану, әдістемені дайындау жағдайларында
оқытудың әр түрлі типтері кезінде білім алушылардың белсенді танымдық іс-
әрекетін ұйымдастырудың дидактикалық тәсілдері мен білімдік процесс
субъектілерінің ақпарқатынастық өзараәрекеттестігін ұғыну және жүйелеу

мәлелелері, даму қарқыны

ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е- learning)
Қазақстанда алғаш рет электрондық оқыту жүйесін (e- learning) енгізу
міндеті анықталған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Жарлығымен бекітілген Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
қабылданған болатын. Білім және Ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың бағалауы
бойынша – бұл білім берудің барлық деңгейін қамтитын қағида түріндегі жаңа
ортақ жүйелі көзқарас.
Жүйені құрудың мақсаты – жаппай сапалы білімге бағытталған озық
білімдік ресурстар мен технологияларға білімдік процестің барлық
қатысушыларының тең қатынас құруын қамтамасыз ету.
Жасы мен әлеуметтік жағдайына тәуелсіз түрде барлық халыққа техникалық
пен кәсіптік оқыту, жоғары білім беру жүйелерінің әр түрлі формалары мен
жеке меншіктік білімдік қызметтерді жеткізушілер (оның ішінде
арақашықтықтан оқыту) арқылы базалық машықтарды жетілдіру мен ие болу
мүмкіндіктері ұсынылатын болады. Оқу мекемелерімен, сондай-ақ әлеуметтік
әріптестермен бірлесіп, өндірістен қол үзбестен оқыту қарастырылатын
болады. Адам оқытудың түрін, ырғағы мен мерзімін, білім алу процесін
дербестендіруді өзі таңдай алады.
Сертификаттар беретін тәуелсіз агентіктерде білім алушылардың алған
мамандығының деңгейін бағалаудан өткізу арқылы, білімдік қызметтерді
мемлекеттік пен жеке меншіктік жеткізушілердің оқыту нәтижелерін мойындау
бойынша тиімді шаралар дайындалатын болады.
Ғұмыр бойы оқыту оқытудың қалыпты және қалыпты емес формаларын қамти
отырып, мектепке дейінгі жастан бастайтын және зейнеткерлік жаспен
аяқтайтын (6-65 жас) оқытуды қамтиды.
Жоғары кәсіптік білім беру саласында еңбек нарығының мұқтаждығын,
елдің индустриалдық инновациялық даму міндеттерін және тұлғалық мұқтаждықты
қанағаттандыратын сапа деңгейіне қол жеткізу, жоғары білім беру мазмұны мен
құрылымын Болондық процестің параметрлеріне сәйкес келтіру арқылы еуропалық
аймаққа кіріктіруді қамтамасыз ету мақсаты қойылады. ЖОО-ның кеңжолақты
Ғаламторға қатынас құруы 100%, университеттік порталдардың құрылуы (жоо-ның
2015 жылға 50%, 2020 жылға 100%) қамтамасыз етілетін болады. Республикалық
жоо-ның аралық электрондық кітапханасына жоо-ың қосылуы жоо-ның техникалық
дайындығының шамасына қарай (2015 ж. – 80%, 2020 ж. – 100%) жүзеге
асырылатын болады.
2015 жылға электрондық оқытуға білім беру ұйымдарын 50% қамту, ал
2020 жылға бұл көрсеткішті 90% жеткізу жоспарланады. Жоспар келесі суретте
көрсетілген.
Сурет 5. 2011- 2020 білім беруді жақсарту бағдарламасының жоспары
Қойылған мақсаттың жетістігі оқыту сапасын, білім беруді басқару
тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуді арттырады және:
– білім беруді басқару жүйесін автоматтандыру үшін;
– білімдік процесті технологияландыру үшін;
– Отандық цифрлық білімдік ресурстарды (ЦБР-ды) дайындау үшін
– жағдайлар жасайды.
Білім беру жүйесіне электрондық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz