Сайт құрудың алғышарттары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 8
1 JavaScript-те WEB – cайт жасаудың теориялық негіздері 10
1.1 Интернет технологияның түсініктері. Сайт құрудың 10
алғышарттары 10
1.2 HTML-да сайт құрудың жаңа динамикалық әдістері 20
2 Динамикалық өңдеу әдістерімен WEB-сайт құру 34
технологиясы 34
2.1 JavaScript-те WEB-сайт құрудың инструментальды жабдықтары 34
2.2 JavaScript-те динамикалық WEB-сайт құрудың программалық жабдықталуы 63
Қорытынды 67
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 68
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономика, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену
адамзат баласының білімді тереңірек меңгеруіне, алған теориялық білімдерін
күнделікті тұрмыста, қызметте, өмірде дұрыс қолдана алуына ерекше назар
аудару керек екендігін мойындатып отыр. Ғылым мен білімге айрықша маңыз
берілуде.
Қазіргі таңда ақпаратты пайдалана және жоғары деңгейде талдай білген
маман әрқашан сұраныста. Кез келген маман өз міндетін экономиканың өтпелі
кезеңінде жаңа талаптарға лайықты етіп орындау үшін жаңа ақпараттық
технологиялар арқылы жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білуі қажет. Бұл жаңа
ғасырдың, бүгінгі күннің талабы.
Мұның барлығы тек электрондық техникалық құралдарды көбейтуге емес,
жоғары білікті мамандарды дайындауға да байланысты. Біздің елде осы
мәселелердің маңызды екендігі және оларды шешу қажеттігі туралы жалпы ұғым
бар. Сондықтан да қазіргі кезде әр бір маманның іс-әрекеті ақпараттандыруды
талдай және жаңа ақпараттық технологияларды дұрыс пайдалана білуге көп
тәуелді.
Интернет желiсiнiң мүмкiндiктерiне, қызметiне толығырақ тоқталар болсақ,
Интернет адамға қашықтық деген ұғымды жоққа шығарып, әлемнiң кез-келген
нүктесiнен жылдам хабар алуға, бейнелi түрде байланысуға, информацияның әр
тiлдiң, елдiң ерекшелiгiне байланысты түсiнiктi түрде беруге, қабылдауға
мүмкiндiк туғызып отыр.
Интернеттiң құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары
және қарапайым пайдаланушы адамдар бар.Жалпы айтқанда қазiргi кезеңде әрбiр
бiлiм беру саласының қызметкерi болсын, бiлiм алушы оқушы не студент болсын
Интернет желiсiнде жұмыс iстей алуы заман талабы болып отыр. Пайдаланушы
Интернетте жұмыс iстей бiлумен қатар, онда өзiнiң электрондық поштасын, web
бетiн ашып қоюына толық мүмкiндiк бар. Web бет көмегiмен көптеген iрi
компаниялар, фирмалар, жеке пайдаланушылар өзiнiң кәсiпкерлiк мүдделерiн
iске асыруға мүмкiндiк алcа, олармен қатар бiлiм берушi мекемелер үшiн кең
мүмкiндiктер ашылды.
Web-тің негізгі қызметі-қажетті информацияны іздеу, жинастыру және оны
экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні –мәліметтер Web-
беттер түрінде дайындалып, сақталған электрондық құжаттар. Электрондық
құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы - оның жазылу форматында.
Олар желiде өз Web беттерiн ашу арқылы көптеген басқа бiлiм мекемелерiмен
тәжiрибе, информация алмасуына даңғыл жол ашылды. Сондықтан қазiрге кезде
салмақты оқу орындарының барлығы дерлiк Интернеттен өз орындарын, яғни өз
Web беттерiн ашуға ұмтылуда.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Web бет ашу үшiн Интернетте
программалай бiлу керек. Интернетте программалаудың негiзгi құралы – HTML
(Hypertext Markup Language) - гиперсiлтемелер құру тiлi. Интернетте
гиперсiлтеме көмегiмен Web беттер арасында байланыс жасауға мүмкiндiк
берiледi. Ол сөз, мәтiн не графикалық объект түрiнде болып келедi.
HTML тiлiнде кодтау пайдалануға мүмкiндiгiнше қарапайым, жеңiл етiп
ұйымдастырылған. Ол жоғары деңгейлi программалау тiлiне жатпайды. Сондықтан
оны жай пайдаланушы да оңай үйренiп алуына болады. Ал біз қарастырған
жұмыста Java Script тілімен WEB-беттерді өңдеу.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: HTML-құжатын құрудың негіздерін Java Script
тілінде өңдеу әдістемесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Интернет технологиясын пайдаланып, оны құратын
программалық жабдықтармен пайдаланушыға ыңғайлы WEB-сайт жасауда JavaScript
тілінің технологияларын игеру.
Зерттеу объектісі: Интернет технологиясы, гиперсілтеме құруға арналған
бағдарламалар, сайт жасаудағы жаңа мультимедиялық бағдарламалар.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі кезде қоғамның дамуы адамзатқа
қажетті ақпаратты жедел және нақты түрде бере алатын информациялық
үрдістердің дамуына байланысты болуда. Ақпаратты қашықтан тарату және
жеткізу, желілік технологиялардың дамуы, жылдам ақпарат алмасуды зерттеу
қажеттілігін туындатып отыр.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 JavaScript-те WEB – cайт жасаудың теориялық негіздері
1.1 Интернет технологияның түсініктері. Сайт құрудың
алғышарттары
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен
араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Internet желісінің күрт дамып
кетуі (қазіргі кезде 18 000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе - күн
жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымы жоққа шығарып,
планетамыздың кез келген нүктесін бір - бірімен бейнелі түрде
байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің
соңы пайдалана алатын қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой,
қазір де Internet жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі
ханшалардан күнделікті күңіңізге айналып барады. Оның құрамында
миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым
пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша 100 миллиондай
компьютермен 1 млрд-қа жуық адам жұмыс істеп жатыр. Internet
желісіне күніне 10000 компьютер қосылады екен. Isoc (INTERNET Society -
Internet қоғамдастығы) президентінің жақында Internet желісін
пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда
таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті Internet бізге даналық көзі болып
көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.[11]
Internet желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында
АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады,
онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі
нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен
қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері
бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, жағдайына
келе алатыны айқындалады.
Дегенмен Internet тек желі ғана емес, ол - желілердің желісі. Internet
көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен
компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде,
коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті
мектептерде де орналасқан.
Internet компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығында,
Internet компьютерлерінің - тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген
көпшілігі BBS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер
базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға
рұқсат алады).
Internet-ке қосылу дегеніміз - басқа жерлерді түрған 1000-даған
компьютерлік жүйелерімен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден
өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті
қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді,
суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және тб цифрлық түрге айнала
алатын барлық информацияны ала аламыз.
Internet информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы
арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін Internet - тегі жүйенің нөмірін
теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен
байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз,
NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия
архивтерін де оқуыңызға болады екен.
Internet желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру
қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Internet
компаниясы да тек біреу емес. Дүние жүзілік немесе мемлекеттік телефон
жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер
иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы
ортақ пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ірі телефон компаниялары
бірігіп, телефон жүйесі қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни
әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралақ кабел құнын - кімдер, қалай
бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу
техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Internet желісі де дәл осы
телефон жүйесі тәрізді басқарылады. [2]
Интернет бір жағынан World Wide Web қызметі жұмысын серверлік
программалық құралдар - Web серверлер қамтамасыз етеді. Қолданушы
жағынан бұл қызметті клиенттік программалар - Web броузерлер
атқарады. Ең көп тараған броузерлер – Internet Explorer, Netscape
Navigator, Opera. Барлық броузерлердің функциялары біреу ғана, бірақ
Microsoft Internet Explorer 5.0. броузерінің басқалардан ерекшелігі,
ол Windows 98 операциялық жүйесімен бірге қойлады және оның
бөлінбейтін компоненті болып табылады.
Internet Explorer броузерін іске қосу үшін
Іске қосу ( Программалар ( Internet Explorer (Пуск ( Программы (
Internet Explorer) командасын орындау қажет.
Егер Интернетпен байланыс жоқ болса экранда байланыс орнатуды
басқару сұхбат терезесі пайда болады. Байланыс орнату мүмкін емес
жағдайда бұрынғы жүктелген Web-құжаттарды көру мүмкіндігі сақталады.
Егер байланыс бар болса, онда программа баптауы бойынша таңдалынған
бастапқы бет экранда пайда болады.
Бастапқы бетте барлық мәтіндік, графиктік және мультимедиялық
объектілер бейнеленеді. Көруді басқару меню жолының аспаптар
панелінің гиперсілтемелерінің көмегімен жүргізіледі. Егер сізге қажет
Web-беттің URL-адресі белгілі болса, оны панелдегі Адрес өрісіне
енгізіп, Өту батырмасын басу қажет. Ағымдағы беттің орнына адрес
көрсетілген бет ашылады. Сонымен қатар адрес өрісінен тізімдегі бар
адресті таңдап алуға болады.
Web-құжаттарды қарап шығу үшін аспаптар панеліндегі Кәдімгі батырмалар
(Обычные кнопки) пайдаланылады. Бұрын қарап шыққан бетке қайта
оралу үшін Артқа (Назад) батырмасын басады. Қайта сол орынға қайту
үшін Алға (Вперед) батырмасын басу керек. Егер жүктелу программасы
ұзаққа созылып кетсе Тоқта (Стоп) батырмасын басады. Броузер жұмысын
бастаған бастапқы бетті қайта жүктеу үшін Үйге (Домой) батырмасын
қолданады.
Программамен жұмысты аяқтау, жаңа терезе құру, ашылған құжатты
компьютерде сақтау, оны баспаға шығару, дербес режимді қосу немесе
ағыту жұмыстарын Файл менюінің командалары орындайды.
Құжаттың бөлігін алмасу буферіне көшіру және Web- бетте мәтінді
іздеу Түзету (Правка) меніндегі командалардың көмегімен жүргізіледі.
Аспаптар панелін, қалып - күй жолын, қосымша панелдерді ағытып
қосу, қаріпті таңдау, символдардың кодталуын таңдау, Түр (Вид) менюі
арқылы орындалады. Броузерді баптау интернеттің басқа қызмет түрлерімен
жұмыс істеуге көшу Сервис менюінде орындалады.
Таңдамалы (Избранное) менюі жиі қатынап тұратын беттердің тізімін
жүргізіу үшін және оларға жылдам қатынау үшін қолданылады.
Интернетте жұмыс істеу үшін:
- Компьютерлерді бүкіләлемдік желінің бір торабына жалғау;
- IP – адресті алу (интернетке қосылған адамның тораптық адресі);
- Таңдап алынған интернет қызмет түрінің программа клиентін орнату
және баптау;
Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын
мекемелер интернет қызметін қоюшылар (сервер-провайдер) деп аталады.
Жоғарыда айтылған қызметі келісім-шарт бойынша провайдерлер атқарады.
Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген және
коммутаторлық. Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі
(кабельдік, радиоарналық, спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі
мәліметтерді жіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелер мен өндіріс
орындары ерекшеленіп қосылуы пайдаланады.
Бүгінгі таңда интернет әртүрлі білім салалары бойынша жан –
жақты жинақталған ақпарат көзі болып табылады. Интернет серверлерінен
алынатын құжаттар гипермәтіндік пішімдеу дайындалған. Құжаттарды
тасымалдаумен шұғылданатын итернеттің қызмет түрін World Wide (www)
деп атайды. Бұл сөзің аудармасы бүкіл дүниежүзілік өрмек дегенді
білдіреді. World Wide Web – те қазіргі интернеттің ең көп тараған
қызметі түрі болып табылады. Осы терминнен немесе WWW ортасы деп
өзара гипермәтіндік байланысқа түскен Web құжаттар жиынтығын атайды.
Интернетке тұрақты қосылып тұрған компьютерлерді Web сервер деп
атайды. WWW – дің құжаттары Web серверлерде сақталады. WWW орта
дегеніміз Web серверде сақталған өзара байланысқан электрондық
құжаттардан тұратын ақпараттық кеңістік. Web кеңістікті құрайтын
жеке құжаттарды Web беттер тақырып бойынша топтастырылған Web
беттерді Web тораптар деп аталады (жаргондық термині – Web сайт).
Дайын материалды Web тораптарда орналастыру Web басылым деп аталады.
World Wide Web – тағы жеке құжатты Web бет дейді. Әдете бұл әртүрлі
объектілер жиынтығынан тұратын құжат. Оның құрамында мәтінде
графиктік бейнелерде мультимедиялық және басқа енгізілетін объектілер
болады.
Web беттерді көруге арналған программалар броузерлер деп аталады.
Құжаттың авторы өз мәтініне енгізілген командалардың көмегімен
броузер экранға құжатты шығарып береді. Осы командалар тегтер деп
аталады. Тегтердің жазылу ережесі программалау тіліне жақын тіл
белгілеу тілімен жазылады. Ол гипермәтінді белгілеу тілі - HTML
(Hyper Text Markup Language). Cонымен Web құжат деп отырғанымыз HTML
тегтерінің көмегімен жазылған кәдімгі мәтіндік құжат екен. Осындай
құжаттарды HTML пішімімен жазылған құжат деп атайды. HTML құжаты
броузердің көмегімен экранда бейнеленген кезде тегтер экранда
көрінбейді. Тег құжатты құрайтын мәтін ғана бейнеленеді. HTML
тегтерінің көмегімен жүзеге асырылатын Web беттерінің ең маңызды
сипаты гипермәтіндік сілтемелер болып табылады. Оларды қысқаша
гиперсілтемелер деп атайды. Суретпен немесе мәтіннің кез келген
бөлімен тегтердің көмегімен қандай да бір Web құжатты байланыстыруға
болады. Яғни гиперсілтеме орнатуға болады. Бұл жағдайда гиперсілтеме
болып табылаын мәтін бөлігіне немес суретке тышқанның сол жақ
батырмасын бассақ онда көрсетілген жаңа құжатқа сұраныс жіберіледі.
Бұл құжат өз алдына басқа құжаттарға гиперсілтеме жібере алады.
Сонымен WWW серверіндегі өте үлкен көлемдегі гипермәтіндік электрондық
құжаттардың жиынтығын гиперкеңістік құрайды. Web кеңістіктегі
құжаттардың арасындағы еркін қозғалыс Web Sсер финг деп аталады. Егер
осы кеңістіктегі әрбір құжаттың айрықша адресі болмаса мұндай
гипермәтіндік байланыс түзілмес еді. Бүкіл әлемдік масштабта әрбір
файлдың адресі ресурстардың ерекшеленген нұсқағышымен (URL –
унифцировнанный указатель ресурса) анықталады. URL адрес үш бөліктен
тұрады:
• Берілген қызметке сәйкес қолданбалы хаттаманың атын көрсету.
Мысалы, WWW қызметі үшін қолданбалы хаттама HTTP болып табылады.
(Hyper Text Transter Protocol - хаттама передачи гипертекста):
http:
хаттамның атынан кейін: және белгілері қойылады.
• Компьютердің (сервердің) домендік атын көрсету
http: www.enu.kz
Мысалы, Хабар агенттігінің домендік аты www.khabar.kz , Microsoft
компаниясының Web серверінің домендік аты www.microsoft.com , “Огонек”
журналының Web серверінің домендік аты www.ogonyek.ru , (cоңындағы ru
домені компания сервері интернеттің Ресейлік секторына жататынын
көрсетеді). [13]
• Берілген компьютердегі файлға баратын толық жолды көрсету керек.
(араларына ң символын қою арқылы)
http: www.enu.kz FilesMyfilesxyz.zip
(интернетте бас әріппен кіші әріп әртүрлі символдар болып
есептеледі).
Web – броузерлер
Интернеттің құжаттары электрондық түрде бейнеленеді. Құжаттың
авторы құжат бейнеленетін компьютердің мүмкіншіліктерінен бейхабар
болды. Сондықтан HTML тілі құжатты пішіндеуді қамтамасыз етіп қана
қоймай оның логикалық құрылымын анықтап береді. Құжаттың нақты бір
компьютерде пішіндеу мен бейнелеу броузерлердің көмегімен жүзеге
асырылады.
Броузерлердің негізігі атқаратын қызметі:
• Құжат сақталған Web серверімен байланыс орнату;
• Броузер жұмыс атқаратын компьютердің мүмкіншіліктерін ескере
отырып Web беттерді пішіндеу мен бейнелеу;
• Web беттердің құрамын кіретін мультимедиялық және басқа да
объектілерді бейнелеуге арналған құралдарды ұсыну;
• Web беттерді іздестіру жеделдету мен бұрын ашылған Web беттерге
қатынауды ықшамдастыру;
Интернеттің басқа қызмет түрлерімен жұмыс істеуге арналған дербес
құралдарды ұсыну. [18]
Интернеттің ақпараттық кеңістігінің өлшемі өте ауқымды, шексіз ол
бірнеше миллиардтаған Web-құжаттарды қамтиды. Осы қаптаған ақпараттың
ішінен өзімізге қажетті іздеп табу қиынға түседі. Әрине керек
ақпаратты URL – адресі бойынша тауып алуға болады. Бірақ World Wide
Web қызмет түрінің өз іздестіру жүйелері бар. Қолданушы іздестіру
жүйесіне ізделінді Web-бет жайлы хабар береді. Ал іздестіру жүйесі
қолданушының сұранысын қанағаттандыратын беттерге жіберетін
гиперсілтемелер тізімін шығарып береді.
Іздестiру жүйелерінің екі түрлі моделі бар:
• Іздестіру каталогтары;
• Іздестіру нұсқағыштары.
Іздестіру каталогтарының құрылысы ірі кітапханаларға ұқсас. Ондағы
ақпарат тақырып бойынша каталогтерге топтастырылған. Қандай да бір
іздестіру каталогына кіріп, оның негізгі бетінен ірі тақырыптарға
бөлінген тізімді аламыз. Тізімдегі әрбір жазба гиперсілтеме түрінде
берілген. Қандайда бір тақырыпты алу үшін сол гиперсілтемеге шерту
жеткілікті. Таңдап алынған тақырып бойынша тереңірек ақпарат алуға болатын
келесі бетті ашып аласыз. Дүние жүзіндегі ірі іздестіру каталогтарының бірі
Yahoo!. Ресейдің ең ірі іздестіру каталогы Атрус (Atrus. aport.ru).
Іздестіру нұсқағыштарының жұмыс істеу принципі ақпаратты түйінді сөз
бойынша іздестіруге негізделген. [14]
Қазіргі таңда әлемде он мыңға жуық іздестіру нұсқағыштары бар.
Олардың ішінде кеңінен танымалдары Google (www.google.com) Netscape
Search (Search.netscape.com), Fast Search (www.allheweb.com),
NorthernLight (www.northernlight.com), Go To (www.goto.com) және т.б. Ал
Ресейдің белгілі іздестіру нұсқағыштары Yandex (www.yandex.ru), “Апорт
2000” (www.aport.ru), “Рэмблер” (www.rambler.ru).
Web түйін құру және оны Интеретке қосу мүмкіндігі
XIX ғасырдың 90-шыжылдарында компьютерлік техниканың коммуникациялық
дамуы Internet жүйесінің көп таралауына әсерін тигізді. Сол жылдары
Internet - те Web – беттерді құру үшін мәтіндік редакторларды және
көптеген программалық кодтарды қолдана алу, HTML программалау тілін оқып
үйрену міндетті және оны терең меңгеру қажет болатын. Сондай-ақ HTML
тілінде құрылған жұмыс істеу үшін көп уақыт кететіндіктен көбінесе
онда құрылған Web – беттер өте қарапайым болып келеді. Сондықтан
қазіргі кезде бұл жұмыстарды жеңілдету мақсатында Microsoft Front Page
және Netscape Composer т.б. программалар жасалынды.
Front Page редакторында Web – беттерді HTML тілінде программаламай-ақ
құруға, өңдеуге, кеңінен пайдалануға болады. Мұнда мәтінді
форматтауға, бірнеше тізімдер типтерін, гиперсілтемелер құруға
графикалық объектілерді, фреймдерді, жүгiртпе жолдарды, түрлі
анимацияларды орнатуға және тағы басқа жұмыстарды атқаруға болады. Олар
кәдімгі мәтіндік редеакторда жұмыс істеген секілді дайындалады да HTML
программалау тіліне автоматты түрде аударылады және HTML файл түрінде
сақталады. Ол файлдар кәдімгі мәтіндік файл болатын кез келген
компьютерлерге жөнелтіле алады.
Front Page программасын іске қосу үшін Іске қосу (Программалар(MS
Front Page әрекеті орындалады. Програмам іске қосылғанда экранда оның
терезесі ашылады. Бұл терезелерде программаның тақырып, мәзір қатары,
аспап қатары, форматтау қатары, жұмыс аймағы, қалып – күй қатары
орналасқан. Front Page редакторының көмегімен ашылған терезеге “My Webs”
Web түін құрып көрейік. “My Webs” Web түйінінің құру үшін File (New (
Web ... әрекеті арқылы экранға New сұхбаттық терезесі шақырылады. Бұл
терезедегі тізімнен One Page Web шаблонын таңдап, Specity the Location
of the New Web өрісіне C:\My Webs ком-лық жолы теріліп, Ok
барымасын шерту керек. Броузерде түйін атауы және ондағы беттердің
орналасуы көрініп тұрады. Енді “Менің достарым туралы мәлімет”
кестесін Web бетке толтырайық, яғни жаңа Web – бет құрайық. Алдымен Web
бетке атау беріп, My Webs бумасына файл ретінде сақтауға болады.
Ол үшін File (Save As командасын басу керек. Ашылған Save As
сұхбат терезесіне файлдың атауын new page_1.htm деп теріп және Web
бет сақталатын буманы, яғни Web түйінді таңдап Ок батырмасын басамыз.
Web - бетке мәтіннің атауы “Менің парағым” деп енгізіліп
мәтіннің түсін, өлшемін, орналасуын, шрифтін өзгерте отырып, тартымды
етіп көркемдеуге болады. “Менің достарым туралы мәлімет” мәтiн және
мәліметтер кестесі Web - бетіне енгізіледі. Кесте ақпараттық
құрылымның айқын элементі болғандықтан Web – бетіне бүтіндей ұтымды
құрылымды қамтамасыз етеді. Кесте мәліметтерді жолдар мен бағандар
түрінде көрсетіп ұйымдастыратын HTML – дің құрамы болып келеді.
Front Page редакторында кесте құрудың төмендегідей үш әдісі бар:
1. Insert Table (кестені қою) пернесі арқылы;
2. Table (Insert (Table (кесте ( қою ( кесте) мәзір командасы арқылы;
3. Draw Table (кестені салу) құралын қолдану арқылы.
Көрсетілген үш әдісте кестеледі тез және қарапайым түрде құруға
мүмкіндік береді. Алдын ала Web - беттің жалпы дизайнын және
кестенің сайт бетінде қалай шығатынын қатарлар мен бағандар санын
анықтап алу қажет.
Table ( Insert Table мәзір командасы арқылы құрылатын кестенің көрінісі
көрсетілген. Құрылған Web – беттегі кестенің көрінісі көрсетілген.
Бұл кестедегі әрбір ұяшықты мини беттер деп қарастыруға болады.
Ұяшықтың фон түсін өзгеруге, ал ұяшықтың өзіне кез келген
элементтерді, яғни графикалық объектілерді, гиперсілтемелерді және
басқа да кетелерді орналастыруға болады. New_Page_1.htm бетін
гиперсілтемелер арқылы басқа да цуи беттермен байланыстыруға болады.
Гиперсілтеме құру үшін:
1. Құрылған мәтіндік Web түйінді ашу;
2. Web түйінiн енгізген бетіне элементтер басқа бетке өту үшін
қолданылатын мәтіндік тізім орнату.
3. Тізімнен керекті элементті яғни мәтінді белгілеп алып, келесі іс
әрекеттерді орындау. Insert мәзірінен Hyperlink командасын орындау
нәтижеде экранда Great Hyperlink сұхбат терезесі ашылады.
4. Edit hyperlink сұхбат терезесі Look in өрістеріне ашылған Web
түйінінің атауынан және төменде орналасқан аймақтан тұрады.
Аймақта барлық бумалар мен беттер тізімі ашылады. Осы
тізімнен гиперсілтеме жасалатын Web – бетті таңдау қажет. Таңдаған
Web – бет атауы URL өрісіне көшіріледі.
5. Ok батырмасын шерту керек.
“My Webs” Web түйінінің екінші Web – беті құрылып, ол new_page_2.htm
түрінде сақталады. Құрылған Web түйінді көптеген интернетті
қолданушылар пайдаланған, оны интернетте жарияламас бұрын тестілеу
қажет. Сонымен бірге Web – беттерді құрғанда кеңінен таралған
Internet Explorer, Netscape Navigator шолушылары арқылы тексеріп
шыққан жөн.
Web түйінді сайт түрінде жариялау үшін Интернет серверінен қажеті
орынды таңдау қажет. Көптеген првайдерлер мен таратушы мекемелер
өздерінің серверлеріне пайдаланудың Web – сайтын орнатуға мүмкіндік
жасайтыны белгілі.
Web – сайтты жар-у үшін провайдерден мына мәліметтерді алу керек:
- Web – сайт орналасатын сервердің URL адресін;
- Серверге мүмкіндік беретін пайдаланушының аты – жөні мен паролін;
- Сервердегі бума атауын, оның ішіндегі Web – сайт орналасатын
файлдар тізімін;
Web – сайттарды жариялау технологиялық Web – сайтты файлдар
диспечері FTP сервері және Netscape Composer секілді қолданыстағы
бірнеше түрлері бар. Web - сайтты Netscape Composer арқылы
жариялауды ашып көрсетуге болады. Ол үшін программа терминін Файл (
Публикация командасын беру керек. Ашылған сұхбат терезелерге
сәйкесінше қажет мәліметтерді яғни сервердің URL адресін,
апайдаланушының аты – жөнімен паролін, орналастыратын файлдарын және т.б.
енгізу қажет. Сондықтан Internet – тегі Web – сайтты жариялауға арналған
Web түйіндерді құру үшін MS Front Page программаларын қолдану әрі
тиімді, әрі жеңіл болғандықтан, оны қолданушылар саны күннен күнге
көбеюде. Сондықтан осы программаны қолдану арқылы Web түйін және оны
интернетке қосу мүмкіндігін пайдалану ұсынылады.
Web парақты қалай жасауға болады?
1. Web парақтағы мәліметтерді орналасуы қарапайым әрі логикалық
түрде қарап шығуға оқуға ыңғайлы болуы тиіс.
2. Экрандағы ақпараттарды тізім немесе кесте түрінде жасауға тырысу
керек. Сонда маңызды мәліметтерді оңай тауып алуға болады.
3. Бір суреттен кейін екінші сурет орналаспағаны дұрыс. Олардың
көлемдерін, ара қашықтықтарын біркелікі етіп, араларында мәтіндік
ақпараттар берген дұрыс.
4. Ақпарат бөліктерге бөлініп берілсе оларды оқу түсіну жеңіл
болады.
Абзатцтардың да өте ұзын болмағаны дұрыс. Олардың көлемдерін
бірнеше шағым абзатцтарға бөлген дұрыс.
5. Егер Web парақ көлемі үлкен болса, онда құжат бөлімдеріне
жылдам ауысуға мүмкіндік беретін сілтемелер жасау қажет. Кейде бір
мәселеге арналған ақпараттарды тақырыптарға бөліп, оның мазмұнын
негізгі парақтарға жазып, ал әр тақырыпты беттерге сілтемелер арқылы
орналастыру керек.
6. Суреттер мен графикалық бейнелерді пайдалану көптеген
тұтынушыларды қызықтыруы мүмкін. Бірақ суреттерді желі арқылы
қабылдау ұзақ уақыт алатыны есте болуы керек. Егер бір суреттерді
көру үшін 5-минуттай уақыт кететіндігі болса, оның әдемілігі
ешкімді қызықтыра қоймас.
Сайтты даярлау кезеңі
Қазіргі кездегі қолданыстағы Web - беттер мен Web түйіндер құруға
арналған арнайы програмалардың бірі – MS Office 2000 құрамына кіретін
Front Page программасы. Web түйін бір тұтас информациялық блок болып
табылатын, өзара байланысатын Web – беттер қорларынан тұратын
жиынтық. Көбіне Web түйін бір серверде орналасқандықтан, Web –
түйіннің негізігі бетіне (home page) нақты бір файлдың атын
көрсетпей, желіге қосқан кезде өзі автоматты түрде ашылатындай болып
даярланады. Бұл Web сайт даярлаудағы жауапты, әрі маңызды кезең. [1]
Web жүйесімен қатынас құру тәсілі
Web жүйесін жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNIX ол арасында
сервистік қызмет көрсететін, компания жасап қойған, арнайы команда
арқылы WWW броузерімен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін
www немесе linx сөздерін енгізу керек. Егер тұрақты қызет атқару
қажет болса немесе тікелей теру арқылы байланыс орнату керек
болып жатса, өз www броузеріңізді пайдалану мүмкіндігі де бар.
Қолданылып отырған тәсілге қарамастан біз гипермәтіндік файлдарда
мәліметері іздеп таба алатын броузермен сіздерді таныстыралық.
Әрине бұдан басқа да броузерле бар, мысалы, Nets Cape Navigator,
бірақ Windows 98 жүйесі өз Internet Explorer програмасының ішкі
броузерімен жабдықталады. Windows жүйесінің басқа түлерде де арнаулы
бірден бектіліп берілетін ішкі броузерлер болады, олармен жұмыс
істеу де ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз Internet Explorer мен
жұмыс істегіңіз келмесе, онда Nets Cape Navigator броузеріне немесе
басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы ұмыс істеу ережелері
бір – біріне ұқсас болады. Сондықтан FTP – серверімен жұмыс істеуді
меңгерсеңіз және Web жүйесінің бірнеше адрсін білсеңіз, онда желіге
кіріп жұмыс істеу қиын болмайды. Адресті білмесеңіз де, өзіңізге
керекті информацияларды тақырыбы арқылы іздеу ісіне кіріп кете
бересіз.
Internet Explorer және Navigator іске қосылса, броузер автоматты
түрде сіз араласпай – ақ өзі серверімен байланыс орната береді.
Ал, егер де Internet Explorer жүйесімен жұмыс істейтін болсаңыз,
она бірден MS компаниясының www сервері парағымен байланысатыныңыз
есіңізде болсын. Оған мынадай мәлімет енгізілсе.
http:www.home.microsoft.comintr u
Internet Explorer терезесі мұнан кейін лифтң көмегімен парақтың
төменгі жағына өтіп, өзіңізге керекі ақпаратты таңдай аласыз.
Курсорды ерекше мәтінге алып барып, тышқанды бір рет шертесіз, броузер
таңдап алынған жаңа мәтін беріп сіздің өз машинаңызға жеткізеді.
Internet Explorer – дегі информация іздеу жүйесінің жиі қолданылатын
бірнеше адресі компьютерге келесі парақты шығарады да, сіздің іздеу
шарты көрінетін информация енгізіуіңізді және іздеуң батырмасын
басуыңызды өтінеді. Web – каталогы кітапхананың жүйелік каталогы тәрізді
жасалып, олар Спорт, Компьютер, Ойындар секілді рубликаларға
жіктелген. Каталогтың сізге керекті жақтарын тауып алып, оның ішінен
Web – тің түйінді сөздер тізімінен іздеуді бастауға болады. Көптеген
серверлердегі тізімдерде әрбір түйінді тақырып қысқаша сипаттап
отырады да, одан негізі тақырыпқа өту жолы көрсетіліп тұрады.
Бірақ Web каталогы мәтін парақтарының тек өз бөлігін көрсетеді, ал
одан басқа толып жатқан мәліметтер жиыны бар екені түсінікті.
Мұнда AltaVista, Hot Bot, Lycos сияқты іздеу серверлері іске қосылады,
оларда серверге өзіңізге қажетті тақырыпты көрсетіңіз. [4]
Web парақты тексеріп тестіден өткізу
Серверге өз Web - парақтарыңызды орналастыру алаңында оларды тест
арқылы тексеріп алған жөн. Жасалған құжат алғашқы тексеруді, яғни
жергілікті тексерудің өз қатты дискіңіздің аумағына өтуі тиіс. Тексеру
кезінде әртүрлі броузерлерді пайдаланған абзал. Олардың бір-бірінен
айырмашылығы әжептеуір болуы ықтимал.
Web – құжатты тексеруден өткізу кезінде мынадай жайттар есте
болсын:
1. Емле қателерін тексеру. Мәтіннің жазуын автоматты тексеру арқылы
толық қарап шығу керек. Ол үшін MS Word редакторын пайдалануға
болады, қазақша мәтінді тексеретін мүмкіндіктер де бар немесе басқа
біреуді қатесін тексеріп қарап шығуға шақырыңыздар.
2. Навигацияны (ауысуларды) тексеру. Әрбір парақта басқа
құжаттарға, парақтарға ауысу мүмкіндігі болуы тиіс, олардың дұрыс
жұмыс істемейтініне көз жеткізіңіздер.
3. Сыртқы файлдармен қатынасу, тәсілдерінің дұрыстығын текеру.
Граф, дыбыстық және бейне файлдарының өз орындарында тұрғанын
қарап шыққан абзал, олардың сол орындарынан дұрыс жүктелетіндігіне
көз жеткізіңіздер (файлдар адрестері дұрыс көрсетілуі тиіс).
Графикалық мүмкіндігі жоқ броузерлерге арналған ауыспалы мәтіндік
хабарламалардың бар екенін қарап шыққан артық болмайды.
4. Құжаттың жүктелу уақытының шамадан тыс болмағанына көз жеткізу.
5. Басқа кісілердің сіздер жасаған Web – парақтарды қарап
шығуын қамтамасыз етіңіздер. Сіздің құжаттарыңызбен таныс емес
адамдардың парақтарыңызды бастан аяқ тексеріп шығуын өтіну керек.
Кейде өздеріңіз ешқашан да таба алмайтын қателерді сыртқы көз
жылдам байқайды.
Web – құжаттарды командалар арқылы тек қарапайым мәтіндік
редакторларда ғана емес, басқа да көптеген HTML – редакторларында
дайындауға болады. Олардың бірнешеуін атап өтейік:
Corel Web Desinger, Frontpage, Home Site, HotDog Webmaster, Hot
Metal. [19]
Сайтты алға жылжыту кезеңі
Сайттағы жылжыту жұмысының көлемі мен ауқымы әр түрлі болуы
мүмкін. Ол қарапайым тіркеуден өтумен басталып, ұзақ уақытқа
есептерін іс – шаралар жиынтығына дейін кеңейтіле алады. Бірақ бұл
кезеңнен бас тартуға болмайды. Сайтты саналы түрде іздеу жүйелері
мен бумаларын тіркеуден өткізу оны алға жылжытудың қажетті алғы
шарты болып табылады. Сондықтан сайтты тіркеу процесіне аса көңіл
аударылуы қажет.
Интернетке оның қолданылуы арасында, сайтты жылжытуының нақты
анықтамасы жоқ десе де болады. Алайда, жалпы жағдайда, сайтқа
қандай да бір мақсаттарды жүзеге асыру функциясы мен мәселелері
жүктелінеді. Оны алға жылжытудың ұсыныстары ескертілуі тиіс. Өрістер
мен жаңалықтар міндеті түрде жаңаланып отырады. Жақсы нәтиже тек
негізігі мақсатта, алдыға қойған мәселені жақсы біліп, жұмыс
әдістемесі мен маркетингтік сайманды тани білу, әрі оны пайдалану
нәтижесінде ғана пайда болуы мүмкін.
Провайдер интернет (Internet Service Provider) - интернет қызмет
көрсету провайдері. Желімен байланысты келетін компьютерді
олардың талабы бойынша интернетке тікелей қосуды, олардың сериясын
қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Хост компьютер (қожайын деген ұғым) (host)
1. Желідегі басқа компьютер пайдалана алатын программалар мен
файлдарды сақтайтын орталық компьютер.
2. Желі жүйесімен (мысалы, интернет желісімен тікелей байланысын
өзіндік жеке адресі бар компьютер. Тұтынушылар үшін бұл адрес ішкі
мазмұны сандарымен кескінделетін домен аты. (Domen name) туралы
болады.) Желідегі қызмет ету команиясының, яғни провайдердің (Service
provider) компьютері және де желімен тұрақты байланыстағы компьютер
(Permanent Connection) Хост компьютер ponix аталады. Терілетін
терминалдық байланыстағы компьютер (Ailal – in terminal connection) соң Х
– компьютері жалғасқан терминал ретінде жұмыс істейді. [20]
1.2 HTML-да сайт құрудың жаңа динамикалық әдістері
Web-құжатта СSS технологиясынан пайдалану
Интернетте көп тараған HTML 3.2 гипермәтін құжаттарды физикалық
форматтау атты әдіспен ұйымдастырады. Web-форматтаудың бұл әдісінде тэгтер
мен олардың атрибуттары әрбір жаңа абзацта қайталанады. Бұл Web-құжаттардың
бастапқы кодтағы мәтін көлемінің ұлғаюына әкеледі. Физикалық форматтауда
Web-құжаттың құрылымына талдау жасау, браузерлерге, ақпаратты іздеу
жүйелеріне көп уақыт талап етеді, нәтижеде Web-құжат монитор терезесінде
өте жай бейнеленеді.
Қазіргі таңда Web-құжат құруда логикалық форматтау әдісін қолданған
қолайлы. Бұл әдісті Интернет консорциум ұсынған HTML 4.0 тілінде
қарастырамыз. Логикалық форматтау Web-құжаттың құрылымы мен сипаттауын
бөлектеуге әкеледі. Нәтижеде Web-құжаттың көлемі мен оның жедел жадыға
жүктелу уақыты қысқарады және Интернеттегі ақпаратты іздеу жүйелері оларды
жеңіл талдай алады, қажетті гипермәтін мультимедия-жобаға берілген
форматта жеткізіледі.
Интернет немесе локалдық жүйеде Web-сайттар ұйымдастыруда Web-құжаттардан
пайдаланамыз. Егер Web-құжаттар бір-біріне тәуелсіз компьютерлерде
сақталатынын және оларды виртуал жинақтау керектігін еске алсақ, онда Web-
құжаттарға жалпы стильдерді, шрифттерді, форматтарды, фильтрлерді, т.с.с.
енгізуге қажеттілік туады. Web-құжаттарда барлық гипермәтіндер бір түрлі
форматта, стильде болуы тұтынушыға қолайлылық тұғызады. Web-құжаттардағы
дизайн мен анимация да көп роль ойнайды.
Әдетте Web-құжаттарды құрудың бастапқы қадамдары былай орындалады.
Тұтынушы NotePad немесе MS Word-та мәтін жазады, Adobe PhotoShop-та сурет
салады, ал Web-құжатты ProntPage немесе Web-редакторларының біреуін
пайдаланып құрастырады. Сонан соң Web-редакторын пайдаланып анимация
енгізеді, дизайнді өзгертеді және объекттерге сілтемелер ұйымдастырады.
Әрине бұл айтылғандар Web-құжаттарды құруда классикалық әдіс болып
есептеледі. Бірақта Интернетте Web-сайттарды құруда, коллекциядағы
гипермәтіндерді жинақтауда, басқа әдістер қолданған жөн. Web-кеңістікті
дұрыс пайдалану мәселесіне де көңіл бөлу қажет. Визуалды Web-редакторлар
Web-құжаттарды құруда тэгтерден өте көп пайдаланады, бірақ оларды тиімді
пайдаланбайды. Web-құжаттардың бастапқы кодтағы мәтіндерін тұтынушының өзі
қарапайым редактормен тиімділейді.
Web-құжаттың құрылымы мен сипаттауын бөлектеуді CSS (Cascade Style Sheets
– каскадты стильдер кестесі) технологиясын қолдана отырып орындаймыз. CSS
технологиясы Web-құжатты сипаттауда қосымша файлдардан, шаблондар мен
стильдерден пайдалануға көмектеседі. Бұл технологияны NetsCape Navigator
мен Internet Explorer браузерлері қолдайды.
CSS технологиясы HTML тілінің кез келген тегіне өзіндік стильді визуалды
(inline style) енгізе алады. Егер енгізілген стиль HTML-дің body тегіне
орналасса, онда бұл стильден басқа абзацтар мұрагерлік қасиетімен
автоматтық түрде пайдалана алады. Егер абзацта font тегі және оның
colour, size атрибуттары айқын сипатталса, онда абзац полиморфизм
қасиетімен сипатталған стильді аладі.
Әдетте Web-құжаттардың негізгі бөлімдерінде жалпы стильдерден
пайдаланылады. Мысалы: гипермәтіннің барлық абзацтары 12 пункт өлшемді,
Times New Roman шрифтты, жасыл реңді болсын. Бұл үшін негізгі форманың
body тегіне Style атрибутын енгіземіз:
body
style="font-family: "Times New Roman",serif;
font-size: 12 pt;
colour: green;"
Жоғарыдағы мысалда Times New Roman шрифты Serif эффектімен берілген. Егер
пайдаланушының компьютерінде бұл шрифт болмаса, онда ол браузермен Serif
эффекті бар басқа шрифтпен алмастырады. Браузер Times New Roman шрифтіне
сәйкес шрифтты автоматтық түрде таңдайды.
Енді Web-құжаттарда бірнеше стильді қолдану мәселесін көрейік. Бұл үшін
стильдер кестесін (CSS) құрамыз.
head
style
body{
font-family: "Times New Roman", serif;
font-size: 12 pt;
color: red;
font-weight: bold;
font-style: italic;
}
.fon1
{
background-image: url("filesfon1.gif");
background-color:"#e0e0e0";
font-family: "Times New Roman", shadow;
font-size: 12 pt;
color: "#000080";
}
h2
{
font-family: Helvetica, shadow;
font-size: 14 pt;
colour: yellow;
font-weight: normal;
}
style
head
Көрсетілген мысалда негізгі мәтін 12 пунктті Times New Roman шрифтімен,
бас тақырып 18 пунктті Arial шрифтімен, ал II-сатыдағы тақырып 14 пунктті
Helvetica шрифтімен берілген. CSS-кестесі Web-құжаттардың бастапқы кодының
басына енгізіледі. СSS-кестесінің ішіндегі h1, h2 таңдамасы деп, ал
фигуралық жақшанің ішіндегілері оның анықтамалары деп аталады.
Жоғарыдағы әдісті CSS технологиясын HTML-ге енгізу деп атаймыз. Енді CSS
технологиясын HTML-ге енгізу және байланыстыру әдістерін қарап шығайық. Бұл
әдіс сипаттау стилін бірнеше құжатта қолдану қолайлы. Мұнда CSS-кесте .css
файл кеңеймесімен файлда сақталады.
Мысалы: my.css файлының мазмұны:
Body
{
font-family: "Times New Roman", serif;
font-size: 12 pt;
colour: green;
}
.fon1
{
background-image: url("filesfon1.gif");
background-color:"#e0e0e0";
font-family: "Times New Roman", shadow;
font-size: 12 pt;
color: "#000080";
}
h1
{
font-family: Arial, sans-serif;
font-size: 18 pt;
colour: red;
font-weight: bold;
font-style: italic;
}
h2
{
font-family: Helvetica, shadow;
font-size: 14 pt;
colour: yellow;
font-weight: normal;
}
tizim
{
font-family: "Times New Roman", shadow;
font-size: 12 pt;
color: "#000080";
}
Байқасаңыз style тегі CSS-кестесінде көрсетілмейді. Браузер файл атының
кеңеймесіне қарап, стильдер кестесін автоматтық түрде таниді. CSS-файлын
бір уақытта бірнеше Web-құжаттармен байланыстыруға болады. Бұл үшін Web-
құжатты стильдер кестесімен төмендегідей байланыстыру қажет:
head
link rel="style sheet" type = "textcss" href="my.css"
head
Бұл қатарда документтің стильдер кестесін (rel="stylesheet") файл
форматымен (tyre = "text CSS") ағымдағы бумадан (href = "my. CSS")
байланыстыру көрсетілген. Бірақта my.css файлының адресі басқа URL- адресте
болуы да мүмкін.
Web-құжатқа стильдер кестесін басқа құжаттан енгізу үшін төмендегі
қатарды қолданамыз.
head
style
@import: url-адрес (my.com);
style
head
Бұл жерде енгізілетін стильдер кестесімен қатар өзіміз де қалағанша
таңдама мен оның анықтамаларын қоса аламыз.
Браузерлер пайдаланылатын стильдер тізбегін олардың орындалу приоритетіне
қарай төмендегіше қолданады:
• inline-стильдер - құжатқа style тегінің атрибуттарымен енген
стильдер;
• енгізілген стильдер - құжатқа body тегімен енген стильдер;
• импортталған стильдер - құжатқа style тегінің @import қасиетімен
енген стильдер;
• байланысқан стильдер - құжатқа link тегімен енген стиль.
Браузерлер Web-құжаттарды талдау жасағанда мәтінді форматтау стильдерін
осы приоритет бойынша таңдап алады. Сондықтан бас серверде мультимедия-жоба
үшін тек қана бір CSS-кесте құрылады.
Біз жоғарыда Web-сайттарды ұйымдастыруда Web-құжаттар үшін HTML 4.0
версиясын қолданып, CSS-технологиясын пайдаланудың кейбір мәселелерін
қарастырдық. CSS-технологиясы Web-құжаттарды графикалық пернелерсіз
қарапайым құрастырады. Нәтижеде Web-құжаттардың көлемі кішірейіп, жедел
жадыға жүктелу уақыты азаяды. Web-сайттарда мыңдаған гипермәтіндерден
пайдалану мүмкіндігін қарастырсақ, бұл айтарлықтай жетістік.
СSS технологиясының қасиеттері

стильдерден пайдалануға көмектеседі.
Стильді анықтау құжаттың түрін стиль қасиеттерін енгізу арқалы
өзгертетеді. Стиль қасиеттерінің мәні ретінде кілттік сөздер алынады.
Кілттік сөздер арасында кездесетін │ символы, қасиеттің осы немесе келесі
мәнді қабылдайтынын білдіреді. Төменде осы технологияның негізгі
қасиеттерін қарастырайық.
Font-family: [шрифттер тізімі] – Шрифттер немесе олардың типтері үтірмен
бөлетеніп көрсетіледі. Браузер шрифттерді көрсетілген ретпен компьютерде
кездескенше іздеп, табылған шрифтті пайдаланады. Қасиеттің шрифт типтері
түрінде төмендегі мәндер алынуы мүмкін:
• serif – түртпесі бар шрифттер, мысалы: Times;
• sans-serif – түртпесі жоқ шрифттер, мысалы: Helvetica;
• cursive – курсивті шрифттер, мысалы: Zarf-Chencery;
• fantasy – декоратив шрифттер, мысалы: Western;
• monospace – моношрифттер, мысалы Courier.
Егер шрифт типі бірнеше сөзден тұрса, онда шрифт типін тырнақша ішінде
жазу қажет, мысалы: “Times New Roman Cyr”.
Егер бірнеше шрифт │ белгісімен көрсетілсе, браузер олардың біреуін
үндеместен алу принципі бойынша таңдайды.
Font-style: normal │italic│ oblique – шрифт стилдерін көрсетеді.
Үндеместен normal алынады. Мұндағы:
• normal – қалыпты;
• italic – курсив;
• oblique – қиғаш.
Font-size: [абсолют]│[салыстырмалы]│[нақты]│[п айыз] – шрифт өлшемін
анықтайды. Қасиеттің мәні ретінде абсолют, салыстырмалы, нақты өлшемдер
немесе пайыз көрсетіледі. Үндеместен normal алынады.
Font-weight: normal│bold│bolder│lighter – шрифттің енін анықтайды.
Үндеместен normal алынады. Мұндағы:
• normal – қалыпты;
• bold – жартылай жуан;
• bolder – жуан;
• lighter – жіңішке.
Font-variant: normal │small-caps – шрифттің бас қаріпінің өлшемін
анықтайды. Үндеместен normal алынады. Мұндағы:
• normal – қалыпты;
• small-caps – кіші бас қаріп.
Font: [font-style]║[font-variant]║[font-w eight]║[font-size]║[font-
family] – жоғарыда сипатталған қасиеттердің жалпыламасы, яғни шрифт
қасиеттерін стильдер кестесінің бір жерінде анықтау мүмкіндігін береді.
Қасиеттердің қабылдайтын мәндері жоғарыдағыдай. Егер кейбір қасиеттер
көрсетілмесе, онда олар үндеместен алу принципі бойынша таңдалады.
Мысалы:
h1 {
font-family: Arial;
font-size: 30 pt;
font-weight: bold;
font-style: italic
}
p {
font: bold italic large Times New Roman, serif
}
word-spacing: normal│[ұзындық] – сөздер арасындағы аралық беріледі.
Үндеместен normal алынады.
Letter-spacing: normal│[длина] – қаріптер арасындағы аралық анықталады.
Үндеместен normal алынады.
Text-decoration: underline │overline │line-through │blink │none – Қаріп
гарнитурасы көрсетіледі. Мұндағы:
• underline – астын сызу;
• overline – төбесін сызу;
• line-through – үстін сызу;
• blink – жанып-өшу;
• none – алдынғы орнатылған мәндерді жою.
Text-transform: capitalize│uppercase│lowercase│none – мәтінді бейнелеуде
регистрді түрлендіруді анықтайды. Үндеместен none алынады. Мұндағы:
• capitalize – әрбір сөздің бірінші қаріпі бас қаріпке түрленеді;
• uppercase – барлық әріптер бас қаріпке түрленеді;
• lowercase – барлық әріптер кіші қаріпке түрленеді;
• none – алдынғы орнатылған мәндерді жояды.
Text-align: left│right│center│justify – мәтінді терезе шеттеріне
теңестіреді. Мұндағы:
• left – солға;
• right – оңға;
• center – ортаға;
• justify – екі шеттен.
Тext-indent: [абсолют бірліктер]│[пайыз] – мәтіннің шегінуін көрсетеді.
Әдетте шегіну абзацтың бірінші қатарының сол жағына ғана тиісті. Егер
бірлік мәні сол таңбалы болса, онда салыстырмалы түрде солға қарай
жылжыйды. Абсолют бірліктер төмендегідей анықталады:
• px – логикалық пиксельдер;
• pt – логикалық пункттер;
• em – шрифт өлшемінің бірліктері;
• cm – сантиметрлер;
• mm – миллиметрлер.
Мысалы: text-indent: -3еm.
Vertical-align: baseline │sub │super │top │text-top │middle │bottom │text-
botton │[пайыз] – элементтің тік орналысуын анықтайды. Үндеместен baseline
алынады. Мұндағы:
• baseline – элементті негізгі элементтен төменге орналастырады;
• middle – элементтің орта сызығын негізгі + жартылай биіктікке
теңестіреді;
• sub – элементті қатар астына теңестіреді (әдетте font-size: smaller
қасиетімен бірге беріледі);
• super – элементті қатар төбесіне теңестіреді (әдетте font-size:
smaller қасиетімен бірге беріледі);
• text-top – элементің жоғарғы шетін негізгі элементтің төбесімен
теңестіреді;
• text-bottom – элементтің төменгі шетін негізгі элементтің астымен
теңестіреді;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz