Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржының негізгі принциптері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 Өндіріс тиімділігін арттырудың теориялық негіздері 5
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы 5
1.2 Өндірісті тиімді қамтамасыз етудегі қаржы механизмі 7
1.3 Шетел тәжірибесіндегі өндірістің тиімділігін арттырудағы қаржылардың ролі
10

2 Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржының негізгі принциптері 14
2.1 Өндіріс тиімділігі экономикалық өсу мен қоғамның дамуының негізі 14
2.2 Өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудағы ынталандыру 17
2.3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері 22


3 Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржылармен орын алатын мәселелер мен шешу жолдары 27
3.1 Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржылық маңызды мәселелер 30
3.2 Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржылармен шешу жолдары
35

Қорытынды 37
Пайдаланған әдебиеттер 39
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді.
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.
Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау, жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек. Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан, «еңбек» деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендету барысын жеңу.
1 Еңбекке ынталандыру мен ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі //Халықаралық ғылыми-тәжірибелік видео-конференция материалдары. ХБУ. -Алматы, 2006. – 0,44 б.т.
2 Қазақстандағы өндіріс тиімділігін арттыруда материалдық ынталандыру жүйесін дамытудың бағыттары //Қаржы-қаражат журналы. –Астана: 2006, №3-4. – 0,46 б.т.
3 Өндіріс тиімділігін басқарудың маңызды элементі фирма қызметінің нәтижесін бағалау //Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: «Тұран» университеті, 2006. – 0,34 б.т.
4 Экономикалық ынталандыру жүйесінің қағидаларын әзірлеуді сапалы экономикалық өсу тұрғысынан қамтамасыз ету //Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Астана: Д.А.Қонаев атындағы Университет, 2006. – 0,39 б.т.
5 Ғылыми-техникалық прогресті экономикалық ынталандыру принципі өндіріс тиімділігін арттыру факторы //Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет, 2006. – 0,14 б.т.
6 «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін бағалау //Экономикалық «Аль-Пари» журналы. - Алматы, 2007. - №1. – 0,38 б.т.
7 Қазақстан кәсіпорындарында материалдық ынталандыруды ұйымдастыру //Информациялық-аналитикалық «Саясат» журналы. - Алматы, 2007. - №4. – 0,44 б.т.
8 Экономическое стимулирование повышения эффективности производства //Международный ежеквартальный научно-экономический журнал «Реформа». - Бишкек, 2007. – 0,41 б.т.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық
орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік
экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет.
Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның
әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс
жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және
әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы
жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының
өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың
басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке
экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел
жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті
көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді.
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға,
біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде
мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.
Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен
ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау,
жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы
аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек.
Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне
қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір
жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне
байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан,
еңбек деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендету барысын
жеңу.
Өндірісті тиімді қамтамасыз етудегі қаржы механизмінің экономикаға
және әлеуметтік аяға ықпалы, бір жа¬ғынан, қаржы механизм құрылымының және
оның түрлі бөліктері¬нің нақты міңдеттерді шешу¬ге және нақты нәтижеге қол
жеткізуге бағытталуы арқы¬лы, екінші жағынан, шаруа¬шылық жүргізуші
субъектілер мен мемлекеттің қарамағында құралатын және қо¬ғамның
(мемлекеттің, оның аумақтық құрылымдарының, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, азаматтардың) қажеттерін қанағаттаңдыруға жұмсалатын қаржы
қорлары арқылы жүзеге асырылады.
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген
ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында.
Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер,
өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін
ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер,
ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын
болып табылады.
Қазiргi заманғы және дамыған ғылыми-инновациялық және өндiрiстiк
инфрақұрылымды құру, бiлiктiлiгi жоғары басқарушы, ғылыми, инженерлік,
техникалық кадрлар мен жұмысшы кадрларын даярлаудың тиiмдi жүйесiн құру
есебiнен инвестициялар, технологиялар трансфертi, ғылыми жетiстiктермен
алмасу үшiн Қазақстанның тартымдылық деңгейi жоғарылайды.

1 Өндіріс тиімділігін арттырудың теориялық негіздері

3 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы

Өндіріс – адам қоғамының өмір сүру негізі. Экономика екі іргелі
экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі
ресурстар. Мұқтаждықтар – бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы
игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды
қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер
шектеусіз мөлшерде болады, ал екіншісі – шектеулі. Соңғылары экономикалық
игіліктер деп аталады. Өндірістің түпкі мақсаты – тұтыну болып табылады,
яғни әр түрлі мұқтаждықтарды қанағаттандыру үрдісі. Дамуы бойынша
мұқтаждықтар сан жағынан да, сапа жағынан да түрленеді. Олардың осы
ерекшелігі өндіріс дамуының ынталандырушы құралы болып табылады, мұның өзі
жаңа мұқтаждықтардың пайда болуын негіздейді.
Отандық ғылымда өндіріс тиімділігін көтеруге ынталандыру мәселесіне
қызығушылық соңғы жылдары айқынырақ байқала бастады. Бұл мынадай екі
себепке байланысты: біріншіден, 70-ші жылдарда дамыған елдердің көптеген
кәсіпорындарында еңбек қатынастары қақтығысқа толы болды, еңбекті
ынталандыру мен ұйымдастырудың гуманистік тәсілдері жұмысшылардың
дәстүрлі еңбек уәждемесінің әлсіреуіне әкелді, екіншіден, экономистер
дамыған капиталистік елдердің тәжірибесін көбінесе қолданбалы көзқарас
тұрғысынан зерттеді.
Өндіріс тиімділігін экономикалық теориялық негізгі құрамдас бөліктері:
экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны; оның сапалық сипаттары; шығарған
өнімнің отандық және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін көтеру және
сапасын жақсарту; халықтың материалдық жағдайын көтеру; жаңа
технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық жұмысының әсерін күшейту,
адам капиталын нәтижелі пайдалану.
Кеңестік экономикалық ғылым ұзақ уақыт бойы жұмысшылардың өндіріс
құралдарымен тікелей бірігуі туралы тұжырымдамасын дамытып келді, өндіріс
тиімділігін арттыруға ынталандыру мен уәждеме мәселесі жоққа шығарылды,
өйткені жұмысшы мен кәсіпорын мүдделерінің сәйкес келуі автоматты түрде
іске асты, бұл қоғамдық меншікке негізделіп орныққан экономикалық
қатынастарға байланысты болды.
Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының
рөлін 3 бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:
1) ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы кездерімен
қамтамасыз ету тұрғысынан;
2) қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану
тұрғысынан;
3) қаржының әлеуметтік экономикалық дамудың ынталані дырмасы ретінде
пайдалану тұрғысынан.
Қаржы ресурстарын өсірудің маңызды факторы өндірістің өнімділігін
арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс процесінде ұлттық табыстың артуын
білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нәтижесінің өсуіне
жеткізеді. Еңбек өнімділігімен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа
көрсеткіші қор қайтарымы тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржы
ресурстарын қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың негізгі көзі - таза
табыстың өсіміне сөзсіз әсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай-
ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен жалақы мен амортизациялық аударымдарды)
үнемдеудің нәтижесінде артады және керісінше, қор қайтарымының төмендеуі
қаржы ресурстарын азайтады.
Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді арақатысын белгілеуде, ұдайы
өндірістің заттық және құндық элементтерінің тепе-теңдігіне жетуде, өндіріс
тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Қаржының экономикалық рөлі мына
бағыттардан көрінеді:
- қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың,
фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай
жасайды;
- кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы
кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып,
дамытады;
- қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық
өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;
- қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу
тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
- қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және
шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын
қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және
әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара
тендестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық
ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі
қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай
жасайды.
Бүгінгі таңда отандық ғалымдар тиімділікті арттыруға ынталандыру
жүйесінің жаңа түрі пайда болғанын жариялап отыр, олар жұмыскерді машинаның
қосымша бір бөлшегі ретінде қарастыратын теориялық көзқарастан бас тартып,
материалдық және бейматериалдық ынталандыру жүйесіне көшуді қолдайды.
Демек, жалдамалы еңбек уәждемесін және классикалық жалдамалы жұмысшыға
тән емес жаңа қажеттіліктерді анықтауға талпыныс күшейіп келеді, бұл еңбек
нәтижелерін, шығармашылық қызметтің рөлін мойындауда, өндірістік
қызметтерді күшейтуде, т.б. жағдайларда жүзеге аспақ.

1.2 Өндірісті тиімді қамтамасыз етудегі қаржы механизмі

Өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыру механизмінің негізгі
құрамдас бөліктері: экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны; оның сапалық
сипаттары; шығарған өнімнің отандық және әлемдік нарықта бәсекеге
қабілеттілігін көтеру және сапасын жақсарту; халықтың материалдық жағдайын
көтеру; жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық жұмысының
әсерін күшейту, адам капиталын нәтижелі пайдалану.
Қаржы механизмі - экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы
жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру
нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің
жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және
әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.
Өндірісті тиімді қамтамасыз етудегі қаржы механизмінің элементі болып
қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың
мүдделері айрықша түрде білінеді. Әрбір элемент біріңғай қаржы механизмінің
құрамды бөлігі болып табылады. Бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық
элементтер келісуді талап етеді. Қаржы құқығы қаржы саясатын қалыптастыру
мен жүргізудің тетігі болып табылады және экономикалық саясатқа әсер етеді.
Қаржы механизмдерін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің
қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге
тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың
кепілі болып табылады.
Өндірісті тиімді қамтамасыз етуде оның ерекшеліктеріне қарай және
қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы
механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ
мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бұл сфералардың
әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының
механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып
бөлінеді.Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті
органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде өндірісті тиімді қамтамасыз
етудегі қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен
демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен,
шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен
байланысты болып отыр. Өндірісті тиімді қамтамасыз етудегі қаржы
механизмінің экономикаға және әлеуметтік аяға ықпалы, бір жа¬ғынан, қаржы
механизм құрылымының және оның түрлі бөліктері¬нің нақты міңдеттерді шешуге
және нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталуы арқы¬лы, екінші жағынан,
шаруа¬шылық жүргізуші субъекті¬лер мен мемлекеттің қарама¬ғында құралатын
және қоғамның (мемлекеттің, оның аумақтық құрылымдарының, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің, азаматтардың) қажеттерін қанағаттаңдыруға
жұмсалатын қаржы қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қатынастарын
ұйым¬дастыру түрлері мен нысан¬дарының алуан түрлілігіне байланысты қаржы
механизмінің құрылымы өте күрделі болып ке¬леді. Ол қаржының экономикалық
мазмұнын көрсететін үш топ¬қа бөлінеді, бұл топтарға мемлекеттік және
жергілікті қаржы тетігі, кә¬сіпорынның қаржы тетігі, сақтандыру тетігі
жатады. Бұл топтардың одан әрі бөлінуі жалпы ішкі өнімнің құнын және ұлттық
табыстың бір бөлігін бөлу мен қайта бөлу әдістерінің ерекшеліктеріне
байланысты. Мұның өзі ақшалай қорлану нысандарына, бюджетке төленетін
төлемнін түрлеріне, бюджеттен қаржы¬ландырудың бағыты мен ны¬сандарына,
қаржы сақтық қорларының құралуына, т.б. ықпал етеді. Осы ерекшелік¬терді
ескере отырып, өндірістің қаржы механизмінің түрлі бөліктерінін қоғамдық
өндіріс пен оның нақты салаларына ықпалын күшейтеді не бәсеңдетеді. Сонымен
қатар қаржы механизмінің құрылымында атқарымдық буындар да болады, олар:
қаржы қорларын жұмылдыру, қаржыландыру, ынталандыру, т.б. Қаржы механизмін
ұйымдық-басқарушылық топтарға бөлу де қолданылады, оларға қар¬жыны
жоспарлау мен топ¬шылау, оңтайлы басқару, қаржы бақылауы жатады. Қаржы
механизмінің жұмыс істеуі нақты мақ¬саттарға арналып бөлінетін қаржы
қорларының сомасына, қаржы қорларының құралу тәсілдеріне, сондай-ақ,
ақша¬лай қаражат қаңдай нысаңдар¬да және қаңдай арналармен қозғалатынына,
қандай шарт¬тармен бөлініп, пайдаланылатынына байланысты.
Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақты
нәтижелерге – қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен
сфераларындағы қоғамдық өнімдерінің, матриалдық емес игіліктердің,
қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері
құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып,
іске асырады.

3. Шетел тәжірибесіндегі өндірістің тиімділігін арттырудағы қаржылардың
ролі

Шетел тәжiрибесiнде өндірістің тиімділігін арттыруда мемлекеттің
экономикасын реттеудегi күштi тетiктерiнiң бiр қаржы - бюджет ресурстарын
және салық жинау механизмi болып табылады. Қазіргі кезде отандық өнеркәсіп
кәсіпорындардың көпшілігі шетелдік өндірушілердің тәжірибесін ескере
бермейді. Мысалы, тарифтік жүйе мерзімдік және кесімді еңбекақының
үйлесімділігіне негізделген. Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінде бұл жүйенің
қолданылу аясы кең, бірақ оған қол жеткізу өндірістің технологиялық және
қуаттылық деңгейіне байланысты.
Бiрiншiден, бюджеттiк қаржымен қаржыландыру арқылы (субсидиялар,
дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық шаруашылығының
басымдылықтарын және бiлiмдi көп қажет ететiн салаларды жылдам дамыту
мәселелерi шешiледi. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда, Белгияда және
басқа да мемлекеттерде мемлекеттiк бюджет арқылы бөлiнетiн ұлттық табыстың
үлесi 50 % жоғары, ал Францияда, Австрияда және ФРГ-де 50 % шамасында. Бұл
көрсеткiш АҚШ пен Жапонияда 30% ғана.
Екiншiден, құрылымдық – инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн салық
салу механизмi үлкен рөлдi атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң қызығушылығын арттыруға болады, өйткенi олар
өндiрiс және өнеркәсiп салаларының тез дамуына әкеледi. Ол деген импортты
ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлi тауарларды шығару. Жапонияның
экономикалық ғылымының патриархы Сабуро Окита “Известия” (25.02.92)
газетiнде: “Шенеулiктердiң (әкiмдердiң) ақылдығы телефон арқылы немесе
ведомстволық ережелер арқылы экономиканы басқару емес, салық
жеңiлдiктерiмен және инвестициялық саясат, салалық байланыстардың тиiмдi
және дұрыс тұжырымдамасын анықтау, бәсекенi күшейту арқылы басыңқы
салаларды дамыту” деген. Бұл нәтижелер құлдыраушылық (стагфляция) жағдайына
душар болған мемлекет үшiн қолайлы. Дағдарыстан шығу үшiн фискалдық саясат
арқылы ынталандыру қажет. Бұл саясаттың негiзiнде: а) мемлекеттiк
шығындардың өсуi; ә) салық ставкасының және мөлшерiнiң азаюы; б)
мемлекеттiк шығындардың өсуi мен салықтың азаюы үлестiр пайдалану жатыр.
Бұл әдiстiң бiреуiн таңдап алу алға қойған мақсатқа немесе объектiнi
реттеуге байланысты.
Үшiншiден, мемлекеттiк әлеуметтiк және ғылым салаларына шығындарын
азайтпауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты
қанағаттандара алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбүр болады және бұл жерде
екiншi шығын бiрiншi шығыннан өте үлкен болады. Шығындар мен салықтар
арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың,
өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Австрия, Италия, Франция, Оңтүстiк Корея, Жапония және тағы басқа
елдердiң үкiметтерiнiң баға деңгейiн реттеу АҚШ елiмен салыстырғанда өте
қатал тәртiппен және арнаулы экономиканы басқару органдарымен жүзеге
асырылады. Мысалы, Францияда мемлекеттiк баға реттеу қызметтерi
бәсекелестiк Кеңес арқылы жүргiзiледi және халық шаруашылығындағы бағаның
бестен бiр бөлiгiн қамтиды. Австрияда мұндай қызмет баға туралы арнайы заң
арқылы жүзеге асады. Ол мемлекеттiң экономика өрiсiнде туындайтын төтенше
жағдайын болдырмауын реттеуде үлкен рөл атқарады. Осы мемлекетте баға
ырықтандыруының бастапқы кезеңi соғыстан кейiнгi (1946 –1947) 3-4
онжылдыққа созылды. Бiрақта, әлi күнге дейiн Экономика министрлiгi мен
үкiметтiң тарапында сол елде өндiрiлген және импорттық тауарларға баға
деңгейiн реттеу кең өрiс алуда. Бiрiншi топтағы тауар туралы сөз болса,
онда оларға деген бағаны реттеу ең алдымен өндiруге кеткен шикiзат материал
ресурсының бағасы төмендеу фактiсi ескерiледi, ал егер екiншi топтағы
болса, онда ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiмдi елге өткiзу кезiнде
қолданылатын баж салығын төмендету фактiлерi ескерiледi. Мемлекеттiң
осындай бақылау жасау функцияларын күшейту, әсiресе экономикалық
дағдарыстан шығу кезiнде қолдану пайдалы екенi тәжiрибе жүзiнде
дәлелденген. Бiздiң жағдайымызда француз үкiметiнiң шағын және орта
бизнестi жеңiлдетiлген несие, салық салу механизмдерi арқылы және бағаны
құруда арнайы құқықтар бойынша басқару iсiн жүргiзу тәжiрибесi пайдалы
болар едi.
Қытай Халық Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі
белгілі бір қызығушылық туғызады. 70-жылдардың соңында ҚХР –да басталған
экономикалық реформалардың алғашқы қорытындыларына жасалған талдау
негізінде бірқатар тұжырымдамалар жасалған, бұл тұжырымдамалар, социалистік
тауарлы экономиканы, социализмнің бастапқы сатысын, меншіктің мемлекеттік,
қоғамдық және жеке түрлерін пайдалану және т.б. проблемаларды қамтиды.
Қытай компартиясының шешімдеріне сәйкес жоспарлы тауарлы экономика болып
табылатын экономикада реформалаудың басты бағыты нарыққа бағыт ұстаған
макродеңгейде бақылауға болатын социалистік экономиканы құру болып
табылатыны көрсетіледі.
Қытайдағы экономикалық реформалардың стратегиясы ұйымдық аспектіде
болғанмен ауылдан қалаға деген қағидаға негізделініп ерекшеленеді. Осы
қағидалар бойынша реформалардың алға басуы ауылдағы нарықтық қатынастар
элеметтерінің пайда болуы мен олардың мемлекеттік жоспарлар арқылы реттеу
қамтамасыз етеді. Қытайдың жоспар мен нарықты біріктіру варианты шаруашылық
жүргізудің үш деңгейлі жүйесін пайдалануды білдіреді. Осы үш деңгейдің
әрқайсысы өзіндік модельге сай келеді: жоғарғы деңгей үшін негізгі
өндірістік көрсеткіштерді дирекивті (экономика құрылымы және даму қарқыны
мемлекеттік резервтер, тұрақты тауар сұранымы, мемлекеттік бюджет)
жоспарлау қолданылады, екінші деңгей шаруашылық деңгейі, экономиканың
алғашқы саласын қамтиды. Мұнда шығаратын өнімді өткізу және кешенді
проблемаларды минималды-техникалық қамтамасыз етілуінің жоспарлауымен
айқындалады. Шаруашылықтың үшінші деңгейі жергілікті және мерзімді өндіріс
тауарларымен әр түрлі қызмет көрсетулерімен жәнен нарық механизмдерін
қолданумен реттеледі. Салық салу жүйесіндегі аса маңызды тәжірибесі салық
жеңілдіктерінің капиталдық салымдардың екі сфераға - өңдеуші өнеркәсіптің
дамуы мен экспорттық потенциалдың өсуіне бағытталуын ынталандырады.
Көптеген экономикалық реформаларды бастан кешірген басқа елдерге
қарағанда, қытайдың реформасы мемлекеттік реттеудің күшті құралдарын
(директивті жоспарлау, салалық және аймақтық жоспарды үйлестіру, ғылым-
өндіріс циклін жоспарлау, несие-салық және баға саясатын жүйемен жүргізу)
қолданды. Сол сияқты нәтижелер бір қатар Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде –
Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Филиппинде, Сингапурда, Тайландта және т.б.
елдерде байқалады.
Жапония мен Оңтүстік Кореяда мемлекеттік реттеу ішкі, жалпы ұлттық
өнім, жинақ көлемі және қор, еңбек ақының өсуі, еңбек өнімділігі т.б.
көрсеткіштерді қамтитын экономикалық жоспарлау арқылы жүргізіледі. Әлемдік
шаруашылық интеграцияға кіру статегиясында қаржы-банк, салық баға және
сыртқы экономикалық саясатты жүргізу шаралары қолданылды.

2 Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржының негізгі принциптері

2.1 Өндіріс тиімділігі экономикалық өсу мен қоғамның дамуының негізі

Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген
ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында.
Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер,
өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін
ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер,
ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын
болып табылады.
Қазақстанда тұрақтылықтың негізгі нақты шамалардың бірі болып әлемдік
ғылым мен техника – жетістіктеріне қол жеткізу, өндірісті ұйымдастыру мен
басқару тәжірибесін үйрету қойылған.
Қазіргі кезеңдегі біздің еліміздің даму кезеңі барлық қоғамдық
өрісінде динамикалық және сандық өзгерістермен ерекшелінеді. Жаңарту және
демократия процесттері барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік
институттарды қозғайды. Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса
маңызды бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің таза табысы болып
табылады. Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтары неғұрлым
толық бейнеленеді. Соңдықған таза табыс өндіріс тиімділігінің маңызды
құндық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Шаруашылықты әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен бас тартып,
біртіндеп қатаң орталықтан жоспарлану мен шаруашылық қызметкерлерінің
кейбір түрлеріндегі монополия үстемдігін жоя отырып, экономикалық қарым-
қатынаста және ресурстарды пайдалануда икемделіп туындады. Нарықтық
экономикаға көшу кезеңі басталды. Нарықтық қатынастарды ынталандырып және
реттейтін көптеген заңдар мен қаулылар қабылданды.
Отандық ғылымда өндіріс тиімділігін көтеруге ынталандыру мәселесіне
қызығушылық соңғы жылдары айқынырақ байқала бастады. Бұл мынадай екі
себепке байланысты: біріншіден, 70-ші жылдарда дамыған елдердің көптеген
кәсіпорындарында еңбек қатынастары қақтығысқа толы болды, еңбекті
ынталандыру мен ұйымдастырудың гуманистік тәсілдері жұмысшылардың
дәстүрлі еңбек уәждемесінің әлсіреуіне әкелді, екіншіден, экономистер
дамыған
капиталистік елдердің тәжірибесін көбінесе қолданбалы көзқарас тұрғысынан
зерттеді.
Қазақстан Республикасының өндіріс ресурстары сферасындағы рөлін
жоғарлату үшін мемлекеттік ресурстық потенциалын толығымен жүзеге асыру
қажет, сонымен қатар өнеркәсібі дамыған елдерден тәуелділік жағдай болмас
үшін дайын өнім өндіретін салалардың ролін жоғарлату керек. Бұған, елге
жаңа серіктестіктерді тарту жолы, сонымен қатар экспорттық-импорттық
саясатты жақсарту және Қазақстанды ғылыми сыйымды өнімдер нарығына тарту
арқылы жетуге болады.
Өндіріс тиімділігі экономикалық өсу негізі мен қоғамның дамуының
кезінде мына төмендегі қорытындыларды жасауға болады:
1. Өндірістің даму көрсеткіштері мен ынталандыру механизмінің болмауы.
Осыған сәйкес, тиімділікті көтеру үшін көрсетілген кәсіпкерлік
компоненттерін есепке алу жүйесін құру қажет.
2. Өндірістің қызметінің экономикалық салық жүйесін ырықсыздандыру.
Өндірістің құрылған бірінші 3 жылда барлық салық түрлерінен босату шетел
қатысуымен құрылған ұсақ және орта кәсіпорындар санының өсуіне ықпал етеді.
Мемлекеттің ғылыми-техникалық талаптарын сай негізгі принципке сәйкес
салықтан босатудың жекелеген тәсіолдерін қамтиды бағдарлама қалыптастыру
қажет.
3. Валюталық және кедендік саясаты ырықсыздандыру біріккен
кәсіпорындарда шетел капиталдың қолдануды және пайдалануды ынталандыруға
ықпал етеді. Осыған байланысты, кедендік режимді ырықсыздандыру
инвестициялық тауарларды импорттауда кедендік бажға өз әсерін тигізеді.
Әкелінетін жабдықтар мен технологияларға баждық жойылуы, өндірістің
өндірістік процесінен қолайлы әсерін тигізеді, себебі көрсетілген
кәсіпорындардың айтарлықтай көпшілігі өндірістің жарлық қорына ақшалай

емес активтерді салады.
4. “Қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастыру үшін салық жүйесін
оңайлату қажет. Сол үшін салық салудың жеңілдетілген механизмін қолдану,
инвестициялық салық үзілісін қамтамасыз ету қажет, сонымен қатар
стратегиялық, технологиялық, техникалық экономика потенциалына және
инфрақұрылымды жетілдіруімен байланысты жобаларды салықтан босату тиіс.
5. Мемлекеттік басқару құрлымын оңайлату мақсатты көрініс табады.
Бүгінгі таңда басқару органдарын рационализациялау бағыты үстем болып отыр,
сонымен қатар бірккен кәсіпкерлік процесін реттеу министірліктер,
жергілікті ведомстволар үстемдігінде қалып отыр. Орталық органдар жүйесінде
де бірқатар проблемалар кездесуде. Қазіргі кезде халықаралық кәсіпкерлікті
екі мемлекеттік органдар басқарады: Сыртқы қарыз жөніндегі комитет және
Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитет. Өндірісті басқарумен айналысатын
әкімшілік органдар санының қысқаруы Қазақстандық және шетел серіктестерінің
бірігіп жобаны жүзеге асыруына қолайлы жағдай тигізер еді. Осыған
байланысты халықаралық кәсіпкерлік пен капиталдардың қозғалысын реттеп
отыратын біртұтас мемлекеттік орган құру ыңғайлы болар еді. Бұл орган
бақылау, ынталандыру және мәлімет жеткізуші функцияларды қамтитын, кең
қызмет көздерін қамтуы қажет. Нақтылы мұндай қызмет атқарушы орган
бюрократияның тежелу көзі болып табылады.
6. Мемлекеттің тарифтік саясат жетілдіру қажет. Ол – экономикалық
ақуал құрушы компоненттердің бірі. Бұл бағытта қажетті шаралардың бірі
сыртқы экономикада инвестициялық тауарлар үшін жеңілдік режим қалыптастыру
үшін қажет.
Кеңестік экономикалық ғылым ұзақ уақыт бойы жұмысшылардың өндіріс
құралдарымен тікелей бірігуі туралы тұжырымдамасын дамытып келді, өндіріс
тиімділігін арттыруға ынталандыру мен уәждеме мәселесі жоққа шығарылды,
өйткені жұмысшы мен кәсіпорын мүдделерінің сәйкес келуі автоматты түрде
іске асты, бұл қоғамдық меншікке негізделіп орныққан экономикалық
қатынастарға байланысты болды.
Бүгінгі таңда отандық ғалымдар тиімділікті арттыру жүйесінің жаңа түрі
пайда болғанын жариялап отыр, олар жұмыскерді машинаның қосымша бір бөлшегі
ретінде қарастыратын теориялық көзқарастан бас тартып, материалдық және
бейматериалдық ынталандыру жүйесіне көшуді қолдайды. Демек, жалдамалы еңбек
уәждемесін және классикалық жалдамалы жұмысшыға тән емес жаңа
қажеттіліктерді анықтауға талпыныс күшейіп келеді, бұл еңбек нәтижелерін,
шығармашылық қызметтің рөлін мойындауда, өндірістік қызметтерді күшейтуде,
т.б. жағдайларда жүзеге аспақ.

2.2 Өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудағы ынталандыру

Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға,
біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде
мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.
Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен
ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау,
жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы
аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек.
Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне
қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір
жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне
байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші
жағынан еңбек деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу
барысын жеңу.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық
ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-
инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін
еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты
жолдары анықталуы қажет.
Алайда, экономикалық әдебиетте еңбекке ынталандыру мәні анықтауда
ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде экономикалық мүддерлер,
қажеттілік, ынталандыру, материалдық ынталандыру, уәж, уәжділік
сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы
да бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі
түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, ынталандыру категориясын
нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді, зерттеу
шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени,
құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын
экономистерді қолдаймыз.
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек,
ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке
талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, еңбекке ынталандыру
дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың
күшті құралы.
Экономикалық ынталандыру материалдық ынталандыруға қарағанда кең
мағыналы категория. Экономикалық ынталандыру – адамдарды өнімді әрі табысты
еңбекке қызықтыратын, олардың мүдделік белсенділігін арттырудың әртүрлі
үрдістері мен әдістерін қамтиды. Сонымен, экономикалық ынталандыру
дегеніміз өндірістік қатынастар субъектілерінің мүмкіндіктерін толығымен
пайдалану мақсатында қолданылатын, олардың экономикалық және әлеуметтік
жауапкршіліктерін нықтайтын материалдық және материалдық емес тетіктердің
жиынтығы. Нарықтық қатынастар жағдайындағы өндірісті тиімді жүргізудің
ынталандыру жүйесі өнімді еңбек қызметіне талаптандырудың тағы
бір тобын қарастырады, олар әкімшілік және либералды болып жіктеледі.
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудағы ынталандырудың қазіргі
постиндустриялық жағдайында құндық бағдарлар мен қажеттіліктер,
қызметкерлердің еңбек белсенділігінің даму барысындағы оңды өзгерістер
мұқият ескерілуі тиіс. Бұлар:
- материалдық ынтаны тұлғаның өзі іске асыруы, зияткерлік әлеуетті
дамыту, адамның шығармашылық қабілеттері мен білімін үдету;
- өнімді еңбек пен мол табыстың кепілі – жұмыскерлердің іскерлік
қабілеті мен біліктілігін арттыру;
- барынша көп тұтынудан гөрі, өмір сүру мен еңбек қызметінің әлдеқайда
жоғары сапасын қамтамасыз етуге бой ұру, қазіргі заманғы жаңа ынталар
жүйесіндегі өзін-өзі дамытудың басыңқылығына ден беру;
- сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуде еңбек белсенділігін
ынталандыру міндеті қызметкердің еңбекке негізделген басым уәждерімен,
әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырумен сипатталады, демек материалдық
ынталандыруда әлеуметтік фактордың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс саласындағы қаржының рөлі
Кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы ынталандыру
Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС материалдары негізінде)
Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары
Кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы ынталандырудың мәні
Кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру
Инновациялық технологиялардың нарықтық тұрғыда сұрыпталуы
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару
Ғылыми-техникалық прогресс және қаржы
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Пәндер