Қазақ - Ресей саудасы


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ . . . 3
1 XVIII ғ. Қазақстан экономикалық қатынастары
1. 1 XVIII ғасырдағы қазақ даласындағы сауданың дамуы . . .
1. 2 Қазақстан - Ресей арасындағы сауда қатынастары . . .
2 XIX ғ. Қазақстандағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуы
2. 1 XIX ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі . . .
2. 2 Жәрмеңкелік сауда . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ТІЗІМІ . . .
КIРIСПЕ
Диплом тақырыбының өзектілігі. Қазақстанны қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінде өзгерістер болып жатқанда, оның өткен тарихи кезеңдерін түсіну мен зерттеудің маңыздылығын артатындығы белгілі. Еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер, жаңарулар болды. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығынын бері ел экономикасын қазіргі заман талаптарына сәйкес дамыту шаралары жүргізілуде. Осыған орай, нарықтық шаруашылықтың ұлттық жобасын құрудың белсенді ізденістері басталды. Бүгінгі таңда ел экономиксына кең ауқымды қолдау көрсету, оның аясын кеңейту мәселелері жолға қойылып отыр. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: «Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз - егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты экономикамызды дамытуды жалғастыру» [1, 4 б. ] . Бұл міндетті жүзеге асыруда әлемнін дамыған елдерінің тәжірбиесіне сүйенумен қатар, отандық экономикамыздың даму тарихына да аса назар аударудың мәні зор. Қазақстанға ресейлік отарлау процесімен қатар енген капиталисттік қатынастардын ерекшеліктерің анықтау, бүгінгі нарықтық қатынастардың заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан, Қазақстанның экономикасының қалыптасуы мен дамуы тарихын терең зерттеу - заман талабынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі болып табылып отыр.
Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелерінің бірі, отандық экономикасына тигізген әсері негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады.
Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халыктарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасан қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды
Патша үкіметінің қазақ даласынын нарығындағы жүргігін саясатының бірі ұлт ретінде бөлініс болып табылып отыр. Мысалы З. С. Абдирасилованың еңбегіне сүйенетің болсақ, «XIX ғасырдың екінші жартысында кейбір қазақ жеріне түрлі ұлт өкілдерінің қоныс аударуы нәтижесінде, экономикалық ортының әлеуметтік және ұлттық құрамы әр түрлі блды. Әлеуметтік және ұлттық әр түрлілігіне қарамастан, олардың кәсіпкерлікпен айналысуларына үкімет тарапынан кедергілер туындаған жоқ. Дегенмен, орыс сауда-кәсіпкерлері ерекше қолдауға ие болды» [2, 23 б. ] . Қазіргі танда Ел басымыздың салихалы саясаты, мемлекет ішінде көп ұлттардын басын қосып, мәдени, әлеуметтік, сонын ішінде экономикалық бағыттары бойынша ешқендай ұлтық бөлініске жол бермеуі, ел ішіндегі бейбітшілік пен экономикалық климаттың қолайлы жағдайларының болуының белгісі.
Қазіргі танда жапы қазақтар туралы, олардың мемлекеттің ішкі, сыртқы экономикасының жүйесі туралы көптеген сынпікірлер, сонымен қоса қазақ экономикасының құлдырау себебі, қазақ халқының менталитетіңде «жалқаулық» қасиетінің болуы туралы айтылып жатыр. Менің ойымша, мұндай көзқарасты қалыптастыруға бағатындар Қазақстанның мемлекеттігін де, оның тарихын да мойындағысы келмейтің кердең кеудемсоқтар дер едім. Тұғыры биік еліміздің тәуелсіздік алғанымызбен, тарихи деректерді, соның ішінде экономикалық деректерді дұрыс талқылау тақырыптың өзектілігін тнытады.
Егеменді мемлекеттің аймақтық саясатын анықтай түсу өте қажетті зандылық. Осы саясаттың негізгі қөрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен шығармашылық іскерлігі есептеледі. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы алдында ғана экономикалық жауаптымын деп есептеуі керек [3, 7 б. ] .
Аймақтар мен шаруашылық бірліктерінің өзін-өзі дамытудың міндетті түрдегі жағдайлары мыналар болып есептеледі: өзін-өзі басқару, серіктік қалаудағы бостандық, өндіріс құрал-жабдықтар рыногы, валюталық қаражат және басқа элементтер.
Қазақтардың XVIII-XIX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталады. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті.
Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ [4, 52б. ] .
Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шарушылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды; құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т. б. дайындалды [5, 88 б. ] .
Барлық осы айтылған қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды.
XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан аумағында суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды.
Мәселен, тіс ағаш, мала, егін оратын орақ, ағаштан жасалған аша, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына жатады. Егісті суару үшін суды көтеріп шығаратын әртүрлі аспаптар - атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды, оларды жергілікті ұсталар өздері істеді[4, 58 б. ] .
Соңғы кездері Қазақстанның саяси-экономикалық және қоғамдық өмірінде болып жатқан сан-алуан өзгерістер іскерліктің көптеген түрін тудырып, оларды жүзеге асырумен қоғамдыжанталастыруда. Шетелдіктердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, олардың капиталдарының нығаюының бір көрінісі - ол сақтандыру нарығының дамуы болып табылады.
Сақтандыру нарығы тек жеке капиталды ғана емес елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне де әсерін тигізуде. Мысалға, сақтану дәрежесі оның сақтанушысының мәртебесін көрсетеді.
Тіпті, қазіргі кезде шетелдегі сақтандыру түрлері көптігі соншалық, соған байланысты олардың тұтынушыларының көлемін де көрсетеді.
Бірақ өкінішке орай, сол кезде олардың дамып кетуін тежеген - заңнаманың нашар дамуы болды. Олардың заңнамасы тұрақты емес, әр жыл сайын өзгеріс енгізілуде, не үкімет тарапынан еш жағдай қарастырылмаған, тіпті сақтандыру саласының дамуын көздейтін бағдарламалар жасалынбаған. Тақырып осы аталған және дипломдық жұмыстың барысында әлі де қозғалатын мәселелермен өзекті болып келеді [5, 89 б. ] .
Ақшасыз айырбас саудасы ХVIIІ ғасыр және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында бүкіл дала өңірінің, сонымен қатар, Ертіс жүйесі тау-кен зауыттарының оң жағасын қамтыды.
ХVIIІ ғасырда қазақтармен екі арадағы айырбас саудасына негізінен Сібір казактары қатысты.
Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде әлем таныған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны, жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі.
Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады.
Сондықтан, ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады.
Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Біз бұл жұмысымызда еліміз тәуелсіз алғаннан кейінгі тарихи ой жүйесіндегі түбірлі өзгерістер негізінде мәселенің өзектілігі мен қажеттілігін айқындай отырып, екі ғасырдан астам (XVIII- XIX ғ. ғ. ), Қазақстанның экономикалық даму мәселелерінің зерттелу дәрежесін талдау мен бағалауды және алда тұрған проблемаларды анықтап, оларды нақты деректік мәліметтер негізінде шешу жолдарын ұсынуды мақсат еттік. Бұл мақсаттарға жету үшін төмендегі мәселелерге басты назар аудардық:
- XVIII ғасырдағы қазақ даласындағы сауданың дамуыy зерттеу;
- Қазақстан - Ресей арасындағы сауда қатынастарына талдау жасау;
- XIX ғасырдағы сауда сипатының өзгеруін анықтау;
- Жәрмеңкелік сауданың рөлін анықтау;
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейi. Қазақстанның XVIII - XIX ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
Қазақстанның экономикалық даму ерекшелігі әр түрлі аспектілері бойынша қарастырылады. XVIII - XIX ғасырда қалыптасқан тарихнаманы, жалпылама эклномикалық мәліметтер беретін Г. В. Колмогоровтын А. И. Левшин, А. Н. Тетеревников, еңбектері құрайды. Г. В. Колмогоров қазақ қоғамындағы экономикалық қатынастарға, қазақ даласындағы сауданың дамуына сипаттама жасады.
Қазақ өлкесінің отар аймаққа айналуы, патша әкімшілігінің отарлау саясаты жөніндегі еңбектер XIX ғасырдың соңында жарыққа шықты. Оның ішінде стратегиялық маңызды аймақтар мәселесі, оларды игеру жолдары И. В. Аничков, И. И. Гейер еңбектерінде зерттелгені атап айтқан жөн [2, 5 б. ] . Аталған авторлардың еңбектері сол кезеңдегі қазақ қоғамына капиталисттік қатынастардың енуі, экономиканың тарихына қатысты фактілік деректер береді. Отар өлкедегі тұрпайы экономикалық қанауды тоқтатып, еркін капиталисттік дамуды ұсынған авторлар да кездеседі.
XVIII - XIX ғасырдағы орыс зерттеушілерінің Қазақстанның экономикалық жағдайын талдауға арналған еңбектері біраз зерттелді. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы орыстардың тарихнамасында Қазақстанның Ресеймен экономикалық байланыстарының көрсетілуіне және XIX ғасырдың бірінші жартысында орыстардың қазақ халқымен және Орта Азия иеліктерімен саудасының орталығы ретінде Орынбордың дамуы туралы революцияға дейінгі зерттеулерге И. В. Ерофеева мен Ж. Қ. Қасымбаевтың мақалалары арналады. XVIII - XIX ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстан халықтарының шаруашылық тарихы тарихнамасының мәселелері және Қазақстандағы осы уақыттағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы Б. В. Лунинның мақаласы мен О. М. Мұхатованың докторлық дисертациясының арнайы зерттеу объектісі болды [6, 3 б. ] .
Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болғаны, болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастағаны туралы М. Тынышпаевтың еңбектерінен байқауға болады.
XIX ғасырдың басы мен ортасы аралығында Е. Бекмаханов қазақ жерін отарлау саясатын күшейуі, өз енбектерінде анық көрсеткен. Мысалы, Аға Сұлтан Мұса Шорманов Сібір үкіметі орындарының талабы бойынша аронайы берген жазбасында қазақтардын қонысын былай сипаттайды: «Ірі қара мал қысқы уақытты қамысты, селеулі, шилі шабындықтарда, қойлар мүгі, жусан бар таулы алқаптарда және ойпаң, сорта жерлерде, түйелер шиі, қияға, көгі бар таулы өңірлерде жайылады, ал жылқа жазда шөбі тапталмаған жерлерге бағылады. » [7, 59 б. ] . Араға ұзақ уақыт салмай, патша үкметі қазақтардан жайлымы мол, құнарлы жерлерді тартып алады.
Жоғарыдағы аталып өткен Ж. Қ. Қасымбаевқа оралатын болас, ол Қытаймен сауда қатынастары туралы қажетті ақпараттар қалдырған, «Азия департаментіне Құлжадағы Ресей консулының табыс еткен мәліметтер бойынша, 1882 жала олар Шыңжаннан: 12000 қой, жылқы және түйе терісі, 45000 елтірі, 600 пұт жылқы қылын, 400 пұт ешкі түбітін, 8500 пұт жүн, түлкінің 800, бұлғының 200 терісін алып келген» [8, 503 б. ] .
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. - XVIII ғасырдың басын және XIX ғасырдың соңына дейіңгі уақытты қамтиды.
Диплом жұмысының ғылыми жаналығы. Қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстан жеріндегі экономикалық ерекшеліктер ескеріле отырып, жергілікті экономикалық жағдайының қалыптасу және даму тарихына кешенді түрде талдау жүргізілді. Сонымен бірге:
- қазақ даласындағы жергілңкті кәсіпкерлікті дамытудағы әлеуметтік және этникалық құрылымының ықпалына талдау жасалынды.
- XVIII - XIX ғасырлар аралығын қамтитын, Қазақстанның экономикалық тарихына байланысы бар дереккөздеріне зерделеу жүргізіліп, талдау жасалынды.
Диплом жұмысының әдіснамалық негізі. Экономикалық теориядағы сауда және кәсіпкерліктің әдістері мен теориясы мәселелеріне байланысты айтылған тұжырымда Г. Ө. Жолдасбаева, А. Қ. Мейірбеков, Қ. Ә. Әлімбетовтардың зерттеулері экономикалық ой тұрғысынан отандық нұсқасын жасауға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңдағы кең таралып отырған фундаменталдық әдіснамалық бағыттар мен ықпалды ілімдік тарихи экономикалық еңбектерге талдау жасау мен баға беру тәсілдері болып табылады. Орыс зерттеушілерінің тұғырнамалық көзқарастарын ерекшелеу, оның қалыптасу себептері мен барысын талдау және оның түрлері туралы әдіснамалық пайымдаулары негізге алынды. Алдыға қойылған мақсаттарға жету мен міндеттерді шешу жалпы ғылыми тәсілдер мен әдістерге (топтау, және типологиялау, талдау және синтез жасау, жүйелеу) сүйену арқылы жасалды.
Диплом жұмысының құрылымы. Бұл дипломдық жұмыс құрылымы кіріспе бөлімінен, 2 тараудан, әр тарауы 2 тармақшадан, қорытынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
1 XVIII ғасырда Қазақстан экономикалық қатынастар
1. 1 XVIII ғасырдағы қазақ даласындағы сауданың дамуы
Дүниежүзілік экономиканы құрайтын ұлттық шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық экономикалық байланыстар жүйесімен тығыз байланысқан. Бұл байланыстар халыкаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде дамиды[5, 102 б. ] .
Алғашқы мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың ең байырғы түрі - сыртқы сауда қатынастары орнай бастады. Дамыған елдер жаппай өнім өндіре бастаған индустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңызы күрт артты.
Қазіргі заманда кез келген ел экономикасының ажырамас бөлігіне айналған сыртқы экономикалық байланыстардың құрылымы күрделеніп, аясы кеңейе түсті [8, 87 б. ] .
Соған қарамастан, сыртқы сауда халықаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрі болып табылады. Халықаралық экономикалық байланыс жүйесі сыртқы саудадан басқа несие-қаржылық қатынастар, жұмыс күшімен алмасу, халықаралық туризм, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты камтиды.
XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық - феодалдық қалпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді[9, 55 б. ] .
Қазақ қоғамының экономикалық базисі негізікөшпелі мал шаруашылығы Қазақстан территориясында мемлекеттің дамуы мен нығаюының алғы шарттарының жасалуына едәуір кедергі болды.
XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға тап болды. Қазақ хандығына үстемдік еткен әскери феодалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс пен алауыздық ұлғая берді. Қазақ хандығы өз ішінен үш жүзге (үлкен жүз, орта жүз, кіші жүз) жіктелетін еді[8, 72 б. ] .
Бұл дәуірде әр жүзді билеген кіші хандар үш жүздің ұлы ханына (Қазақ хандығының ханына) сөз жүзінде бағынғанымен, іс жүзінде өз алдына жеке саясат жүргізе бастады. Әрбір жүздің қарауындағы ұлыстарды билеген сұлтандар да дербестікке бой ұрды.
Сөйтіп, қазақ хандығы XVIII ғасырдың басында негізінен саяси жағынан бытыраңқы ел болып қала берді [8, 91 б. ] .
Саяси берекесіздіктің экономикаға тигізген зардабы күшейіп, жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар бұрынғыдан да әлсіреді. Жоңғарфеодалдарының шапқыншылығы салдарынан көшпелі және жартылай көшпелі аймақтармен қала-қыстақ арасындағы шаруашылық байланыс және сыртқы базарлармен сауда-саттық байланыс үзіліп қалып отырды.
Бұл жағдайлар халықтың шаруашылығы мен тұрмысына қыруар қиыншылықтар туғызды. Елдің экономикалық өмірінде үлкен рөл атқарып келген Оңтүстік Қазақстандағы қолөнер мен сауда орталығы болған қалалар құлдырап кетті.
Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi шаруашылықтың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды.
Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады[9, 102 б. ] .
Сонымен, XVIII ғасырдың 20-жылдарында Қазақ хандығының бөлшектенуі және қазақ жоңғар қатынасының шиеленісуі қазақ халқын қатты күйзелтті.
Қазақ жерлерін Ресейге косуды тездетуге байланысты стратегиялық міндеттерді шешу, Кіші жүздің солтүстік-батыс аудандары мен Ұлы жүздің бір бөлігін империяның шаруашылық дамуы жүйесіне біртіндеп тарту, Ресей мануфактуралық өндірісінің өнімін өткізетін арзан, колайлы, жақын рыноктар іздеу ішкі және сыртқы сауданың дамуы үшін қолайлы жағдай қалыптастырды.
Әскери-тірек пункттері ретінде құрылған Орск, Орынбор, Петропавл, (Семей, Өскемен, сондай-ақ, бекіністер мен баска да қоныстар, көшпелі қазақхалқы мен қазаққоныстарының тұрғындары арасында шаруашылық, қатынастардың орнатылуына қарай Ресейдің Қазақстанмен, Орта Азия иеліктерімен, Цин империясымен жөне Орталық Азияның басқа да елдерімен сауда байланыстарын кеңейтуде барған сайын маңызды рөл атқара бастады.
Сол кездегі Қазақстанның тарихи-географиялық жағдайлары себепті екі сауда орталығы: бір жағынан солтүстік-батыста Орск, Орынбор; екінші жағынан Өскемен, Семей, Омбы, Петропавл, Ямышевск, Железинск және басқалары кұрылып, шектес елдермен сауда да солар арқылы жүргізілді. Сондықтан аталған орталықтар аркылы шет елдермен сауда дамуының кезеңдерін, мөлшерін, мән-жайларын аймақтағы халықаралық қатынастардың ықпалымен өзгерістерге ұшыраған сауда мәмілелерінің жағдайлары мен ауқымын анықтау, салыстыру тұрғысынан қарастыру әбден дұрыс тәрізді.
Оңтүстік Оралдың аса ірі экономикалық орталығы ретінде Орынбор қаласы маңызының артуы қайран қаларлық бекіністі қала ретінде пайда болып, бастапқыда империяның аймақтағы мүдделерін қамтамасыз етуге арналған ол көп уақыт өтпей-ақ үкімет ойлаған үмітті ақтады. Қазақстанның қазіргі шекарасына неғұрлым жақын орналасқан Орск бекінісі де, басқаларымен, ең алдымен саяси жағдайлармен қоса, саудаға арналды. Өзі ірге тепкен кезден-ақ бекініс Ресейдің ішкі губернияларынан ортаазиялық елдерге тауарлар жеткізуді қамтамасыз еткен келешегі зор өткізу пункті ретінде дамыды, ал ортаазиялық елдердің керуендері өз тауарларын одан әрі көршілес Орынборға жеткізіп отырды.
Тастан және ағаштан салынған бекіністі екі үйден тұратын керуен-сарай, Орта Азия көпестерінің мүлкі мен тауарларының қауіпсіздігін, сақталуын камтамасыз етті. Ресей және Азия саудагерлерінің арасындағы делдалдар, сондай-ақ приказчиктер болып негізінен татарлар қызмет етті, олар «бұхаралықтармен діндес болатын, олардың сеніміне ие болуда неғұрлым ұтып шығатын, сауданы өз қолдарында ұстау үшін барлық амалды қолданып, орыстарды жібермеуге тырысты». Әкелінетін тауар үшін алынатын баж алымдары мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін кебейтуде елеулі көмек болды. Мысалы, 1738-1742 жылдарда қазынаға 3872 сом 39 тиын түсті, сома көп болмағанымен, оны содан кейінгі жылдарда көбейтуге үміт артқызды.
Орынбор губернаторы И. И. Неплюевтің «сауда-кәсіпшілік ісін, шын мәнінде, ақылмен және шеберлікпен жүргізгені сондай», Орта Азия көпестері, әсіресе хиуалықтар өздері қазақ даласы арқылы жүріп өткен кезіндегі қиындықтар мен қауіп-қатерге қарамастан, Орынборға тауарлардың түр-түрін әкеле бастады.
Орынбор өлкесіндегі айырбас сауданың негізгі түрі мал мен астық болды. 1745-1759 жылдар аралығында қазақтар Орынборға 49 697 жылқы мен құлын, 238 өгіз, 195 447 кой, 774 ешкі әкелді. Алайда айырбасталатын мал саны «әрқашанда ведомостарда әр түрлі себептермен толық көрсетілмеді, демек жоғарыда келтірілген деректер, шынына келгенде, мұнан көбірек болды». Н. И. Рычковтың деректеріне карағанда, айырбастау үшін қазақтар жыл сайын 30 000-нан 50 000-ға дейін қой, 10-15 мың жылқы айдап апарып отырған.
Айырбас сауданың ұлғаюына қарай үй малына жаңа тарифтік баға қалыптасты: өгіз - 2 сомнан 4 сомға дейін, ешкі - 30 тиыннан 60 тиынға дейін, қой 70 тиыннан сатылды, түйе 40 сомнан арзанға сатылмады. Қазақтар малға, мал терісі мен аң терісіне айырбастап барқыт, мәуіті, камка, жібек маталар, орамалдар, зер, кенеп, әсіресе, астық алды.
Азия халықтарымен бірден-бір сауда базары ғана Орынбор мен Орск болған жоқ. Жоңғар хандығының әлсіреуі салдарынан 1750 жылы Троицк бекінісінде айырбас сауда базары ашылды. XVIII ғасырдың 50-жылдарына қарай ойраттар жасаған жексұрындықтар» жүзінде тыйылған еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz