Кирилов Әбілқайыр ханның кепілгер тұтқындары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . . . 3 1. XVIII ғасырдағы Қазақстан территориясындағы ғылыми экспедициялар . . . 101. 1. Қазақстанда ғылыми - зерттеу экспедицияларды ұйымдастырудың себептері мен алғышарттары. . …… . . . ……. . . . 10

1. 2. Орынбор («қырғыз-қайсақ») экспедициясының қызметі . . . …… . . . 11

1. 3. Азиялық Ресейді зерттеу мен игерудегі XVIII ғасырдағы академиялық экспедициялардың мәні. . . . … . . . 24

2. XIX ғасырдағы Қазақстан территориясындағы ғылыми экспедициялар . . . 33

2. 1. XIX ғасырда Қазақстан табиғатын физикалық - географиялық зерттеу және өңірдің территориясын картаға түсіру жұмыстары (картографиясы) . . . 33

2. 2. А. Бутаковтың Арал теңізін ашуы және зерттеуі . . . . . . 39

2. 3. Г. Н. Потанинның Шығыс Қазақстанға саяхаты . . . . . . 47

2. 4. Ф. А. Щербин (1896-1903) экспедициясының Қазақстанның дала аймақтарын статистикалық зерттеуі . . . . 50

2. 5 Ғылыми экспедициялардың негізгі нәтижелері . . . 53

Қорытынды . . . . . . … . . . 56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . ……58


Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тарихты зерделеу, одан тағылым алу - ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, әрі оны дамыту, рухты шыңдау жолдарының бірі. Тарихтың адам бойына берер рухы - өткен өмірде болған шындықты ашу, оның жай-күйін, сипатын анықтау. Тамары терең қазақ тарихының түрлі кезеңдерін зерттеп, зерде танымына түйінделетін қорытындыларды саралап, бағамдап отыру - ұлт ісінің бір парасы. Себебі ел бірлігін сақтау және оның болашақтағы даму арналарын болжау өткен тарихты зерделемей, одан тағылым алмай жүзеге аспайтынын адамзат баласы әлдеқашан түйсінген. Әсіресе, өзге елдің отарында болған ұлттың тарихтан алар сабағы отаршылдық езгісінде болмаған ұлттарға қарағанда ерекше болуы тиіс. Ал ондай «сабақ» тек азаттық алғанда ғана мүмкін болады. Қазақ халқының азаттыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел болуы еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар өз мәдениеті мен тарихын саралауға, одан рухани күш алуға жол ашты. Төл тарихтың ең бір күрделі кезеңі - Қазақ хандығының Ресей империясының құрамында болған дәуір. Қазақстанды жаулап алу процесінің және отаршылдық саясатының ерекшеліктерін қалпына келтіру заманауи тарихи ғылым үшін маңызды болып табылады. XVIII - XIX ғғ. Қазақстан территориясында табиғи байлықтар мен пайдалы қазбаларды, климат ерекшеліктерін анықтау мақсатымен жүргізілген ғылыми экспедициялардан алынған мәліметтердің маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда Қазақстанның табиғи және мәдени тарихын зерттеуге қызығушылық жылдан жылға артып келе жатыр. Орта Азия, Қазақстан мен Алтай халықтарының Батыс және Шығыс елдерімен әскери- саяси және мәдени байланыстарын, сауда-экономикалық дамуын, табиғи-географиялық байлықтарының түрлі қырларын ашатын көптеген зерттеулер мен мақалалар жарық көрді. Ресей тарапынан жүргізілген отарлық саясаттың тарихын, сан алуан қыр-сырын, амал-айласын, тіпті, ұлт дамуына тигізген пайдасын да тану - азаттық дәуірді кешіп отырған бүгінгі таңның өзекті істерінің бірі деп санауға болады.

Мәселенің тарихнамасы. Ғылыми экспедицияға қатысушылар ғылыми экспедиция тарихының алғашқы зерттеушілері болды. Олардың қатарында Башқұртстанға экспедиция есепшісі ретінде келген П. И. Рычков болды. Сол жерде қызмет бойынша біртіндеп жоғарылап, Оралдың қазынашылық зауыттарының бастығы лауазымын иеленді. Ол Башқұртстанның тарихы, географиясы мен экономикасы туралы көптеген еңбектер жазды. «История Оренбургская» және «Топография Оренбургская, то есть обстоятельное описание Оренбургской губернии» ең маңызды еңбектері болып табылады.

Автор «История Оренбургская (1730 - 1750 жж. ) » еңбегін Орынбор губерниясының қалануымен бастаған. Еңбектің кіріспе бөлімі 1744 жылдың 11 наурыз күнімен қойылған. Бұл еңбектің бастапқы атауы «Известие о начале и состояние Оренбургской комиссии» деп аталды. Атауының жанында «Собрано из происходивших по той комиссии и дел в Оренбурге в 1744 году» деп жазылған. П. И. Рычковтың бұл зерттеуі 1759 жылы академик Г. Ф. Миллердің «Сочинения и переводы, к пользе увеселению служащих» журналында алғаш жарияланды. Бұл еңбек 1896 жылы Орынборда жеке кітап түрінде басылып шықты.

«История Оренбургская» еңбегінде Ресейдің оңтүстік - шығыс шекарасындағы жағдай сипатталады және І Петрдің Қазақстан мен Орта Азияға қатысты жоспарлары туралы, қазақтардың Кіші жүзінің ханы Әбілқайырдың Ресей бодандығын қабылдау арманы туралы, А. И. Тевкелевтің Кіші Жүзге өкілдігі туралы, Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы туралы, И. К. Кирилловтың қызметі туралы, Башқұртстандағы жағдай туралы және т. б. баяндалады. П. И. Рычковтың еңбегінің экспедицияның ресми мәліметтері негізінде жазылуы еңбектің жағымды қыры болып табылады. Сонымен қатар автор экспедиция шенеуніктерінің бірі ретінде суреттелген жағдайлардың бақылануын өз борышына алды. Бұл еңбектің құндылығын арта түседі. Бірақ еңбекте көптеген кемшіліктер бар. Яғни, экспедицияның қызметі толық сипатталмаған және автордың кей сындарымен келіспеуге де болады [1] .

П. И. Рычковтың «Топография Оренбургская, то есть обстоятельное описание Оренбургской губернии» еңбегі үлкен қызығушылық тудырады. Оның бірінші бөлімінде губернияның атауы түсіндіріледі, аймақтың халық құрамы және табиғи - климаттық жағдайы сипатталады. Башқұрт, қазақ, қалмақтар мен басқа халықтарға қатысты тарихи мәліметтер құнды болып табылады. Автор аймақтың түрлі этникалық топтарының әлеуметтік құрылымын және шаруашылығының ерекшеліктерін қарастырады. «Топография Оренбургской . . . » еңбегінің екінші бөлімінде аймақтың үкіметтік отаршылдығы назар ортасына алынады. Бұнда Рычков бекіністердің іргетасын сипаттайды, гарнизондардың шаруашылық өмірін талдайды, әскери қызметкерлердің санын анықтайды.

Сонымен П. И. Рычковтың еңбектері кемшіліктердің болуына қарамастан Орынбор экспедициясының тарихы бойынша алғашқы ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады. Және бұл еңбексіз үкіметтік іс - шараның қызметін қайта құру мүмкін емес.

И. Дебудың «Топографическое статистическое описание Оренбургской губернии в нынешнем ее состоянии» шығармасы П. И. Рычковтың еңбектерінің жалғасы болып табылады. Біздің мәселеміз үшін кітаптың «Положение и первоначальное основание военных заселений» бөлімі қызығушылық танытады. Бұл бөлімде 1837 жағдай бойынша Орынбор губерниясының бекіністері мен қала бөліктері сипатталады және әр «мақаланың» басында автор соңғылардың пайда болуы туралы қысқаша тарихи анықтама береді. Олар П. И. Рычковтың «Топография» материалдары мен мұрағатта Дебу тапқан фактілер бойынша құрастырылған. Автордың ойы бойынша «тұрғындарды өзге халықтардың шапқыншылығынан» қорғау Орынбор экспедициясын ұйымдастырудың басты себебі болып табылады. Бұл сынның айқын дәлелі болмағандықтан, онымен келіспеуге болады. Автор Орынбор аймағының өз тіршілігі үшін И. К. Кириловке борышты деп есептейді. Автордың ойы бойынша И. К. Кириловтың өлімі «қажет көркеюді» соңына жеткізуге кедергі болды [2] .

Бұл кезеңде В. С. Юматовтың «Мысли об истории Оренбургской губернии» еңбегі жарық көрді [3] . Автор Әбілқайыр ханның орыс бодандығын қабылдауын терең зерттеді. Бұл Экспедицияны зерттеудің себебі болып табылады. Автордың ойы бойынша Экспедиция жоспарының жүзеге асуы көптеген қиыншылықтар тудырды. Оның ішінде башқұрттардың көтерілісін де атап кетуге болады. Башқұрттардың азық - түлік керуеніне шабуыл жасауы басты шығын болды және осылайша жаңа салынған бекіністерде аштық тудырды. B. C. Юматов И. К. Кириловтың аталған қиыншылықтарға қарамастан Орынбор қаласын салғаны туралы жазды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Башқұртстан тарихы бойынша бірқатар ірі зерттеулер пайда болды. Бұл зерттеулерде Орынбор экспедициясының жеке аспектілері қарастырылады. Осылайша В. М. Черемшанский «Описание Оренбургской губернии в хозяйственно-статистическом, этнографическом и промышленном отношениях» [4] атты еңбегінде Ресей империясының жаңа жерлерді игеру бойынша саясаты толық сипаттайды. Бұл саяси бағыт І Петрмен жүзеге асырылды. Автор ресей императорының Қазақстан мен Орта Азияда қалаларды негіздеу, Арал теңізінде кеме қатынасын ашу мен кемежайды құру қажеттілігі туралы ойды алғаш ұсынғанын айтады. Оңтүстік - шығыста бұл мақсаттардың өмірде жүзеге асуы XVIII ғ. 30 жж. басталды және И. К. Кириловтың атымен байланысты болды. Сенаттың обер - хатшысы барлық күштің басты мақсатын келесідей анықтады: « . . . орта азия жерлеріне сауда жолдарын ашу және ұйымдастыру».

Экспедицияның қатысушылары туралы қызықты ақпараттармен П. П. Пекарскийдің «Новые известия о В. Н. Татищеве» еңбегінде танысуға болады [5] . П. П. Пекарский аймақтағы Экспедицияның қызметін зерттеу арқылы И. К. Кириловтың өз мақсатына толық жете алмағандығын жазады. Азияда сауданы кеңейту мен мемлекетті байыту үшін кен орындарды іздеудің орнына жергілікті халықпен қажырлы күрес жүргізу қажет болды. Себебі халық өз байтақ елін дербес билеу құқығын қорғау шешімін қабылдады.

XIX ғғ. 80-90 жж. біздің тақырыбымызға қатысты көптеген еңбектер жарыққа шықты. Орынборлық экспедиция Ф. М. Стариковтың «Историко-статистический очерк Оренбургского казачьего войска» [6] еңбегінде І Петр жоспарының жүзеге асырылуының көрінісі болып табылады. Бірақ бұл іс толығымен И. К. Кириловпен және оның қызметкерлерімен жүзеге асты. Қызметкерлер өздерін императордың мұрагерлері ретінде есептеді. Автор Орынбор экспедициясын ұйымдастыруда Әбілқайырдың орнының маңыздылығын айтады. Себебі Әбілқайыр өз басына түскен ауыр жағдайлардың салдарынан орыс бодандығын алу үшін Ресейге жүгінді. Кирилов Әбілқайыр ханның өтінішін қолдану арқылы үкіметке өз жобасын ұсынды. Автор Орынборды сауда - өндірістік қала ретінде орнатылуына ерекше назар аударды. Ф. М. Стариков Башқұртстанды орыстандыру мен отарлауды күшейтуді Орынбормен байланыстырғандығын ашық жазып көрсетеді. Кітапта Кириловтың жобасы да сипатталады. Автор Кириловтың өз жоспарына оңай жеткісі келетінін, бірақ өмір өзінің түзетулерін енгізгені туралы айтады.

В. Н. Витевскийдің «И. И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г. » [7] еңбегі үлкен қызығушылыққа ие. Автор Орынбор аймағындағы И. И. Неплюевтің қызметін сипаттау арқылы біздің тақырыпқа басты назар аударады. Еңбек мұрағаттық және жарияланған материалдар негізінде жазылған. Автор Орынбор экспедициясының қызметі мен ұйымдастырылуын толық ашты. Тарихнамада ең алғаш болып Орынбор экспедициясының пайда болуын Башқұртстанның тарихымен тығыз байланыстырады. Орыс қоныстанушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен башқұрттардың бағынуын орнату Орынбор экспедициясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. І Петр бұл міндетке алғаш назар аударды. Бірақ күтпеген өлім жоспарды жүзеге асыруға кедергі тудырды. І Петрдің мақсаты «Азияға жолды толық ашу және башқұрт халқын бағындыру» болды. Бұл мақсатты оның сыбайластары И. К. Кирилов пен В. Н. Татищев жүзеге асырды. Витевский Орынборды әкімшілік және өндірістік қала ретінде орнату қажеттілігін Орынбор арқылы Бұқар жерлерін жаулап алу мақсатымен байланысты болғанын айтады. Қиыншылықтарға қарамастан Кирилов пен Татищев өз мақсаттарына жетті деп айтуға болады.

А. Алекторованың «История Оренбургской губернии» [8] зерттеуінде Орынбор экспедициясын ұйымдастыру себептері, Орынбор мен Верхояицктің қалануы қарастырылады. Автор Орынбор экспедициясын ұйымдастыруда үкіметті мәжбүрлеудегі Әбілқайырдың рөлін ерекше атайды. Еңбекте Орынбор мен Верхояицктің салынуы туралы материал талқыланады. Алекторов азық - түлікті дайындауда қияншылықтардың болғандығын анықтады.

Орынбор тарихшысы А. И. Добромысловтың еңбектері назарға тұрарлық. «Тургайская область» [9] еңбегінде Орынбор экспедициясының қызметі мен ұйымдастырылуын, Ресейдің Шығыста жандану себебін ашып сипаттайды.

Қорыта келгенде қазанға дейінгі кезеңде аталған тақырып бойынша көптеген әдебиеттер жарыққа шықты. П. И. Рычковтан бастап барлық авторларда ортақ концепция болды. Олар Ресей өз шекарасын табиғи түрде кеңейткенін, ал Кирилов І Петрдің ұлы істерін жүзеге асыру үшін бар мүмкіндікті жасағандығын айтады. Авторлар И. К. Кириловты өз елінің патриоты мен ұлы географы деп атап ерекше бағалайды. Бірақ көп жағдайда олар тақырыпты біржақты баяндады. Көтеріліске дейінгі авторлар башқұрттардың І Петрдің ұлы істерінің жүзеге асуында кедергі жасағандығын айтады. Авторлардың бұл еңбектерінде тақырыптың барлық аспектілері толық баяндалмаған.

Профессор В. В. Цыбульский өзінің «Научные экспедиции по Казахстану» еңбегінде Алтай мен заманауи Қазақстан территориясының кейбір бөлігінде өткен ғасырдың екінші жартысында өз зерттеулерін жүргізген үш әйгілі ғалымдар мен саяхатшылардың қызметімен таныстыруды мақсат етті. Кітап Қазақстанның ғылыми зерттеу тарихының қызықты оқиғаларына арналған. Яғни, жаратылыстану, этнография және басқа да ғылымдардың дамуында үлес қосқан ХІХ ғасырдың әйгілі ғалымдары А. Гумбольдт, П. Чихачев пен Г. Щуровский. Бұл кезде тұңғыш рет бұл саяхатшылардың бағыт картасының түпнұсқасының үзіндісі мен біздің республикамыздың сол кездегі жағдайының сипаттамасы жарияланды[10] .

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Отандық тарихн ғылымында аталмыш тақырыптың зерттелу деңгейін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңге ХХ ғасырдың бас кезіндегі Ә. Бөкейхан, С. Асфендияров, Қ. Кемеңгерұлы, М. Тынышпаев, Ә. Ермеков, С. Садуақасов т. б. сынды Алаш зиялыларының Ресей отаршылдығын сипаттап жазған еңбектерлері мен зерттеулерін жатқызуға болады. Екінші кезең - кеңестік дәуірде жарияланған ғылыми зерттеу еңбектер. Үшінші кезең - тәуелсіздік алғаннан кейінгі жаңа дәуірдің ғылыми зерттеулері.

Көк жүзіндегі Үркер шоқ жұлдызындай шоғыр топ-Алаш зиялылары Ресей отаршылдығының тарихын тануға үлкен еңбек сіңірді. Алаш қаламгерлерінің еңбектеріне патша өкіметінің қазақ жерін жаулап алу себептері оның салдарын сипаттау орын алды. Мысалы, Алаш зиялысы Қошке Кемеңгерұлы: «Үкіметтің тарихи зорлықтарының жемісі қазақтың құбыжығы, қорқатын құдайы - «протокол», не «жылтыр түйме», не «картоз» болды. Осы үшеуі жүрген жерде қазақ албастыдан қашқандай зымырап қашатын болды» [11, 57], -деп отаршылдық бұғауында болған қазақ халқыны қандай күй кешкенін ашына жазды. Алаш оқығандарының мақалалары мен монографиялық еңбектерінің басым көпшілігінде Ресей отарында болған елдің ауыр жай-күйі сипатталды.

Тотаритарлық жүйенің толық орнаған ХХ ғасырдың 30-50 жж. аралығында кеңес үкіметі құрамындағы жекелеген ұлттардың тарихын зерттеу жұмысына көп зиян тигізді. Бұл саясаттың салдарынан қазақ халқы да тыс қалмады. Дей тұрғанмен,, ХХ ғасырдың 40-жылдарында қазақтың Ресей империясы тұсында орын алған ұлт-азаттық қозғалыстарды зерттеген бірнеше іргелі зерттеулер жарық көрді. Олар: М. П. Вяткиннің «Батыр Сырым» [12] және Е. Бекмахановтың «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдары» [13] атты монографиялық еңбектер еді.

Кеңестің дәуірдің 50-60-жылдары, әсіресе, билікке сталинизмді сынай келген Н. Хрущевтің тұсында орнаған «жылымық» кезінде қазақ тарихшылары Ресей империясының құрамында болған кезеңіне қайта оралып, жаңа зерттеулер жүргізе бастады. Ондай зертеулердің қатарына Н. А. Халфиннің [14], Н. Г. Апполованың [15] еңбектерін атауға болады. Айталық, Г. Н. Апполованың «Экономические и политические связи Казахстана с Россией в XVIII - начале XIX веков» атты монографиясында Орынбор өлкесіне орыс халықтарын орналастыру және Орынбор шекара комиссиясының (алғашқыда Орынбор экспедициясы) Ресейдің шаруашылық қызметіне қазақтарды тарту үшін қандай іс-шаралар қолданылғаны көрсетілді.

Кеңестік кезеңнің 60-80 жж. аралығы тарихи-этнографиялық зерттеулер сериясының жариялануымен ерекшеленді. Атап айтқанда, Э. А. Масановтың «Очерк истории и этнографического изучения казахского народа в СССР» атты еңбегінің [16] ғылыми мән-маңызы зор болды. Аталмыш еңбекте автор орыс және бірнеше шығыс тілдерінде сақталған қазақтар жайлы алғашқы этнографиялық мәліметтерді саралаудан бастап ХХ ғасырдың ортасына дейінгі зерттеулерді сараптаған. Мұндай бағыттағы зерттеулер кейінгі толқын тарихшылардың арасында көріне бастады.

ХХ ғасырдың 70-90 жылдар аралығында С. Зимановтың, Н. Э. Масановтың, М. Қ. Қозыбаев, Н. Е. Бекмаханованың еңбектері жарық көреді. Жалпы, кеңестік дәуір тұсында қазақ тарих ғылымы өз нысанасына, негізінен, саяси идеология өлшемімен қарады. Кез-келген мұра таптық қалыпқа салынып, оның социалистік мұраттарға қатысы барлығы, әлде жоқтығы жағынан қарастырылды.

90-жылдардан бастап қазақстандық тарихшылар жүріп өткен жолдың «ақтандақ» беттерді анықталып, жаңа зерттеулер жарық көріп, тарих ғылымының дамуына сүбелі үлестер қосылды.

Касымбаева Ж. К., Бейсенова А. С., Оглезневой Г. Н., Шалгимбеков А. Б., Апполовой Н. Г., Андреева И. Г., Кабульдинов З. Е., Сулейменов Р. В., Басин В. Я., Артыкбаева Ж. О., т. б. кеңес және заманауи зерттеушілердің еңбектері Қазақстанды ғылыми-зерттеушілік зерттеу ерекшеліктеріне арналды.

Зерттеу пәні - Қазақстанды зерттеу бойынша XVIII -XIX ғасырлардағы ғылыми экспедициялардың қызметі.

Зерттеу объектісі - Қазақстанның табиғи - климаттық, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін зерттеу бойынша XVIII-XIX ғасырлардағы ғылыми экспедициялар.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты -XVIII-XIX ғғ. Қазақстан территориясында Ресей тарапынан жүргізілген экспедициялардың ерекшеліктерін зерттеу және талдау.

Қойылған мақсат бойынша мынадай міндеттер анықталды:

  • Орынбор («қырғыз - қайсақ») экспедициясының қызметін талдау;
  • І Академиялық экспедицияның ерекшеліктерін анықтау;
  • ІІ Академиялық экспедицияның нәтижелерін айқындау;
  • XIX ғасырда Қазақстан табиғатын физикалық-географиялық зерттеу кезеңдерін қарастыру;
  • А. Бутаковтың Арал теңізін зерттеу қызметінің ерекшеліктеріне сипаттама беру;
  • Г. Н. Потанинның Шығыс Қазақстанға саяхатының мәнін анықтау;
  • Ф. А. Щербин (1896-1903) экспедициясының Қазақстанның дала аймақтарының статистикалық зерттеуін ұйымдастыруының негізгі кезеңдерін талдау;
  • Қазақстанды ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелерін айқындау.

Жұмыстың әдіснамалық негізін оқиғалардың диалектикалық келісі, объективтілік және тарихи принциптер құрайды. Біздің мәселеміз үшін жалпы және жеке, жалпы ресейлік және аймақтық ерекшеліктерді салыстыру әдісін қолдану маңызды болды. Себебі бұл әдіс Ресей мемлекетінің жүйесінде оңтүстік - шығыс аймағының орнын терең түсінуге мүмкіндік береді. Біздің мәселемізді зерттеудің арнайы әдістері ретінде салыстырмалы - тарихи және мәселелі - хронологиялық келістер, талдау мен синтез таңдап алынды.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері XVIII - XIX ғ. ғ. қамтиды. Бұл кезең Қазақстанды зерттеу бойынша ғылыми экспедициялар жанданып, аймақтағы отарлау саясатының билігінің күшеюімен сәйкес келеді.

Диплом жұмысының құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

XVIII ғасырдағы Қазақстан аймақтарындағы ғылыми экспедициялар

  1. Қазақстанда ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру себептері және алғышарттары

Қазақстан және Орта Азия тұрмыс тіршілігі мен мәдениетіөте ежелден келе жатқан маңызды өлке болып табылады. Бұл өлке арқылы халықаралық сауда, алыс-беріс жолдары өтті. Қазақстан аймағын мекендеген әртүрлі халықтар егіншіліктің өсіп-өркендеуіне ие болғандығын археологтардың қанжығысына ілінген суландыру құралдары дәлелдейді. Сонымен қатар сол бір жұмбақ халықтардың өңдеген кен орындары мен басқа да тайпалар туралы таңғажайып нарселер табылған.

Александр Македонский жорығына дейінгі ежелгі европалық ғалымдардың осы өлке туралы бұлыңғыр болжамдары Гомердің Каспий теңізіндегі финикиялықтардың жүзуінде, ежелгі грекиялық тарихшы Герадоттың (б. э. д. 490-425 жж. ) колхидяндардың Орталық Азия және Үндіге тауарға барып, оларды Еуропаға тасығандығы жөнінде «Тарих» атты классикалық еңбегінде баяндалады. Грек және рим жазушылары Аристобул, Патрокл, Эратосфен, Полибий (б. э. д. ), Мела, Арриан, Птолемей, Курций, Дионисий, Марцеллин (б. э. б. ) Оксус (араб. Жейхун, қазіргі Әмудария) еңбектерінде аталады. Орталық Азия арқылы Азия мен Еуропа арасындағы сауда-саттықтың жандануы Страбонның (б. э. д. 64-63 ж. - э. б. 23-24 ж. ) «География» енбегінде айтылады.

Араб ғылымы мен мәдениеті өркендеген дәуірде араб географы және IX жазушысы Ибн Хордадбехтің жазбаларында орыс көпестері құндыз және қара күзен түлкі терілерін Волга, Каспий бойымен Орталық Азия арқылы Үнді және Қытай елдеріне тасығандығы айтылған. Еуропалық елдердің ішінен Ресей Орталық Азиямен, Қазақстанмен және онымен іргелес елдермен ертеден тығыз байланыста болды. Қазақстан арқылы Қарақорымға (монғол хандарының астанасы) өтетін жол болды. Сол жол арқылы орыс князі князь Ярослав Всеволодович, ол уланып өлгеннен кейін оның атақты ұлы Александр Невский ұлы Күйік ханға аттанды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбіш Кекілбаевтың Елең – алаң романындағы монолог пен көркем диалогтың қызметі
Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі
«Әбіш Кекілбаев – жазушы, қоғам қайраткері»
Кейіпкерлерді бейнелеудегі көркемдік амал - тәсілдер
Қазақ халқының дүниетанымы (Хронологиялық, космологиялық, географиялық)
Тіл - көркем әдебиеттің негізгі құралы. Әбіш Кекілбаев шығармашылығы
XVIII ғасырдың 70 жылдарындағы Қазақ хандығы және оның ішкі, сыртқы саясаты
Көркем шығармадағы ішкі монологтың зерттеу нысандары
Орта Азия халықтарының Ресеймен қарым - қатынасының басталуы
«Аңырақай», «Орбұлақ» және өзге де шайқастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz