Азаматтардың экономикалық құқықтарын қорғау
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І. Азаматтардың сот арқылы қорғалуға
конституциялық құқығы
2.Азаматтарды лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен сот арқылы қорғау
2.1.Лауазымды адамдардың түсінігі.
2.2.Лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен азаматтық
-құқықтық қорғау
2.3.Лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен қылмыстық
-құқықтық қорғау
3.Лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттерін алдын алу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Сілтемелер
К І Р І С П Е
Демократиялық құқықтық мемлекетте ең маңызды субьектілердің бірі адам
болып табылып, ал оның құқықтары мемлекеттің қорғауында болады. Бұл адам
құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 8 бабының талабына сәйкес, адам
құқықтарын қорғау органдарының тиімді қызмет ететін жүйесінің болуын
көздеу. Құқықтарын жүзеге асырудың нақты, түсінікті тәртібі болмауы
азаматтардың өз құқықтарын қорғаудың сенімді механизмнің жоқтығына әкеледі,
ал заңмен анықталған, соның ішінде Конституциямен бекітілген нормалар қағаз
жүзінде қалады. Сонымен бірге құқық және адамның құқығы бір-біріне
байланысты дамиды. Осыдан шығатын қорытынды: адам құқықтарының даму
дәрежесі сол қоғамның құқығының даму денгейімен анықталады, 1, 22 бет
яғни адамдардың шынайы көрсететін бірден-бір көрсеткіші. Азаматтардың
құқықтары мен бостандықтары қоғамның демократиялық деңгейін, адамгершілік
дәрежесін анықтайтын критерийге жатады және осыған қарай құқықтық мемлекет
құрудың нәтижесіне баға беруге болады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кейбір жағдайда бұзылу
себептерінің бірі-лауазымды адамдардың заңдарды нашар білуі, ал кейде
саналығының төмендігінен, оның кейбір жекелеген талаптарын тіпті жоққа
шығаруы болып табылады. Өзінің міндеттеріне салақ, жауапсыздықпен қарау
жағдайлары да кездеседі.
Біз диплом жұмысын лауазымды адамдар тарапынан жасалған заңсыз
әрекеттер, олардың азаматтарға тигізер зардаптарының алдын алу, лауазым
иелері мен қызметкерлердің құқықтық білімінің әрекеттерге тосқауыл болуы,
сондай-ақ азаматтардың сот арқылы лауазымды адамдардың заңсыз әрекетінен
қорғану мәселелерін арнамақпыз.
Осы мәселелерге жеке-жеке тоқталмас бұрын осы бір келеңсіз
құбылысының тамыр неде, оны болдырмауға тосқауылды қайдан іздеуге болады
деген сұрақтарға жауап беруге тырыстық.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға сыбайлас жемқорлық
көріністерінен туындайтын заң бұзушылықпен күресу мақсатында 2 шілде 1998
жылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Заңы қабылданды. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы 1999-2000
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекітті, бұдан басқа да
мемлекеттік басқару органдарының қызметін сот бақылауына қоятын көптеген
заңдар қабылданды. Сонымен қатар, бұл тақырыптың өзектілігі әкімшілік-
басқару қатынастары мен қылмыстық істер жүргізу саласында да айқын
көрінеді, себебі онда мемлекеттің атынан адамның кінәлі-кінәлі еместігі,
оның бостандығы туралы, мүлкін ал кейбір жағдайда оның өмірі мен өлімі
туралы мәселелер шешіледі. Бірақ демократиялық соттық-құқықтық реформа
аяқталған жоқ, азаматтардың заңды мүдделерін сот арқылы қорғаудың заңи
кепілдемелерінің тұтас жүйесі әлі толығымен құрылған жоқ. Сондықтан әрбір
азаматтың осы мәселелер туралы заңдарды білуі өте қажетті.
І. Азаматтардың сот арқылы қорғалуға
конституциялық құқығы
Қазақстан Республикасының Конституциясы бірінші орынға адамның және
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қояды. Қоғамның демократиялық
деңгейі Конституцияның, заңның қандай да бір құқықтар мен бостандықтарды
жариялауымен ғана анықталмайды. Ең маңыздысы - азаматтардың сол құқықтар
мен бостандықтарды қалай және қандай дәрежеде пайдалануында. Мемлекет өзі
жариялаған құқықтар мен бостандықтарды қорғауы керек. Азаматтардың заңды
түрде құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы ең бірінші кезекте осы
құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруына жағдай жасап, ықпал ететін
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға байланысты. Азаматтардың
құқықтық сана деңгейінің, яғни олардың өз құқықтары мен бостандықтарын
жүзеге асыруға, пайдалануға қандай дәрежеде дайын болуының маңызы зор.
Барлық адамдар бірдей өз құқықтарын қорғау алмайды немесе қалай қорғауды
білмейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабының 2 тармағына сай
әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы. Сонымен
бірге әр азамат білікті заң көмегін алуға тиіс. Қазақстан Республикасының
Конституциясында заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деп жарияланған. 2
14 бет. Бұл қағидалар Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясының
қағидаларына сәйкес келеді. Декларацияда: Барлық адамдар заң алдында тең
және тең қорғалуға құқылы. Барлық адамдар осы декларацияны бұзатын қандай
да болмасын дискриминациядан және сол дискриминацияға азғырушылықтан
қорғалуда тең құқылы,-деп көрсетілген. 2 Адам құқығынан жалпыға бірдей
декларациясы 7 бап Әрбір азамат өзіне заңдар мен Конституция арқылы
белгіленген құқықтары бұзылған жағдайда құзіретті ұлттық соттар арқылы
құқықтарын тиімді пайдалануға және қалпына келтіруге құқылы (8 бап). Әркім
өзіне тағылған қылмыстық айыптан қорғануға немесе қандай да болмасын
азаматтық іс жүргізуде өзінің құқықтары мен міндеттерін анықтауға, білуге
құқылы. Бұған сотта заң жүзінде ешқандай шек қойылмайды және кез-келген
азаматтық іс әділетті және жариялы түрде сотта талқылануға тиіс. Сот
мәжілісін жариялы түрде жүргізу моральдық қағидаларға сәйкес жүргізіліп, ал
қоғамдық тәртіп ережелеріне немесе демократиялық қоғамдағы мемлекеттік
қауіпсіздікке, тараптардың жеке өміріне нұқсан келтіретін болса, және сот
ерекше жағдайларда сот талқылауы жабық есікте өткізілуі қажет деп тапса,
баспасөз қызметкерлері мен бұқара халық сот мәжілісіне жіберілмейді.
Алайда, қылмыстық, азаматтық іс бойынша шығарылған сот қаулылары мен
шешімдері, жасы толмағандардын мүдделерін қорғағанда балаларға қамқоршы
тағайындауға байланысты істерді қоспағанда, жариялы түрде болуы керек.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 8-бабының 2 тармағына сай
азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз
қалауы бойынша пайдаланады, яғни субьективті құқықты пайдалануға және
оларды жүзеге асыру тәсілдері мен көлемі, субьективті құқықтан бас тарту,
оларды басқа жаққа беруге байланысты барлық сұрақтар өкілеттілігі әр
адамның қалауы бойынша шешіледі. Азаматтардың және заңды тұлғалардың
өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартуы, олардың
құқықтарының тоқталуына әкеліп соқпайды (заң құжаттарында көрсетілген
жағдайларды қоспағанда).
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарын оларды
жүзеге асыру жолымен пайдаланады, заң мен субьективтік құқық иесіне шартпен
берілген мүмкіндіктерді жүзеге асыру, құқықты жүзеге асыру деп
түсіндіріледі. Субьективті құқықтарды жүзеге асыру міндеттерді орындаумен
үздіксіз байланыста болады. Ол негізінен талап ету құқықтарын жүзеге
асырудан, әсіресе, өкілеттілігі бар адам міндетті субьектіден белгілі бір
белсенді әрекет жасауын талап етуді мүмкін жағдайлардан мүлікті беруден,
жұмысты орындаудан, қызмет көрсетуден т.б. көрінеді. Азаматтар мен заңды
тұлғаларға берілген субьективті құқықтарын еркін жүзеге асыру қағидасын
бекіте отырып, қолданылып жүрген заң, сонымен бірге, олардың жүзеге
асырылуын қамтамасыз ету қажет. Ең алдымен азаматтың өз құқықтарын жүзеге
асыруы басқа тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы
керек. Өз құқықтарын жүзеге асыра отырып, субьект басқа да тұлғалардың сол
құқыққа ұқсас немесе сол тектес құқықтары бар екенімен санасуы керек.
Өйткені, олар да заңмен қорғалады және мойындалады. Мысалы, пәтер жалдаушы
осы үйде тұратын басқа тұрғындардың құқықтарына нұқсан келтіретіндей етіп
пітерді пайдалануына болмайды. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне
берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет
жасап, қоғамның адамгершілік қасиеттерін сақтауы керек. Кейбір азаматтық-
құқықтық дауларды шешкен кезде моральдық, атап айтқанда, бірге тұруға
мүмкіндік болмаған жағдайда тұрғын жайдан шығарумен, мүлікті бөлісімен,
мұрадан айырумен т.б. байланысты дауларды шешуде қоғамның моральдық
қағидалардың маңызы зор.
1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданған
Конституцияда Қазақстан Республикасында сот билігін тек қана сот жүзеге
асыратындығы көрсетілген. 2 75 бет. Әрбір азамат және заңды тұлға, шетел
азаматы, азаматтығы жоқ адамдар өзінің бұзылған құқығын қорғау туралы сотқа
арыз бере алады. 3, 3 бет Мамандандырылған орган ретінде сот тұлғаның
құқығы мен мүдделерін қорғау үшін заңда көрсетілген және жүзеге асырылуы
мүмкін шаралардың барлығын қолдануға міндетті. Сот сот мәжілісінде
азаматтық, қылмыстық істі қарау барысында Қазақстан Республикасының
заңдарын, халықаралық шарттарын, қараған іске сәйкес кодекстерді, яғни
Азаматтық Кодексті, Азаматтық Істер Жөніндегі Кодексті, Қылмыстық Кодексті,
Қылмыстық Істер Жөніндегі Кодексті, Неке және Отбасы туралы заңды,
Әкімшілік кодекстерді басшылыққа алады. Сонымен қатар анықтау, тергеу
әрекеттерінің барысында алынған материалдар мен құжаттарға, басқа да
дәлелдемелік күші бар анықтамаларға сүйенеді, куәләрдің де жауаптарының
маңызы зор. Бұзылған құқықты қорғау туралы сотқа мәлімдеу тәртібі Қазақстан
Республикасының сотта азаматтық, қылмыстық істер жүргізу туралы заңдарымен
реттеледі. Сот азаматтық құқықтарды қорғауды, құқықтарды мойындату, құқық
бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру, құқықты бұзатын немесе оның
бұзылуына қауіп туғызатын әрекеттерге тиым салу, міндетті заттай орындатуға
ұйғару, келген залалды, моральдық зиянның өтемін төлетуге шешім, қаулы,
ұйғару шығару мен заңда көзделген өзге де әдістерімен жүзеге асырады.
Адам құқықтары әркімге тумысынан беріледі, абсолютті және бөлінбейтін
болып табылады. Демократиялық дамудың терендеуімен қоғамда өзінің негізгі
қызметі адам құқықтарын қорғау болып табылатын ұйымдар пайда болуда. Сот
жұмысының маңызды жақтарының бірі соттардың азаматтық және қылмыстық
істерді қарауы болып табылады. Соңғы жылдары Республикада тауар ақша
қатынастарын, сондай-ақ азаматтардың жеке мүліктік емес құқықтары мен
міндеттерін жаңаша реттейтін біршама заңдар, президент жарлықтары
қабылданады. Алайда, Республикамыздың құқық салалары бойынша қайшылықтары
мен кемшіліктері жоқ, толық заң әзірше жоқ. Бұл соттар жұмысын, соның
ішінде азаматтық істерді қарауды қиындатады. Соттарға қойлатын негізгі
талаптар оларды заңды қолдануының қиындығына қарамастан істерді заңға
сәйкес қарауды қамтамасыз ету өзгеріссіз болып қала береді. Республика
Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы соттар
мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заң күші бар жарлығы
жарияланды. 4, 3 бет Ол мемлекетіміздегі биліктің бір тармағы сот
билігінің құрылымын анықтайды, оның міндеттерін, соттардың құрылу тәртібін,
олардың қызметін белгілейді. Осы заңға сәйкес Республикада сот билігін тек
сот жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың, мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды жүзеге
асыруда конституцияның, заңдардың, басқа да нормативтік актілердің
халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Осы міндеттерді орындау
соттар жұмысының заңмен арнайы көрсетілген іс жүргізу нысандарында жүзеге
асырылады, олардың шешімдері, үкімдері, басқа да қаулылары, сонымен қоса
өкімдер, талаптар, тапсырыстар және басқа да актілері Қазақстан
Республикасының барлық аумағында, барлық мемлекеттік органдар мен
ұйымдардың лауазымды адамдарымен, жеке тұлғалармен орындалуы міндетті.
Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде адам мен
азаматтық құқығын қорғау.
Қазақстан Республикасы Конституциясы азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын сот арқылы қорғау кепілдігін бекітті. Негізгі Заңның 75-
бабына сәйкес Қазақстан Республикасында іс жүргізуді сот қана асырады. 2
38 бет. Ал, Конституция, Заңдар мен басқа да нормативтік актілер негізінде
пайда болған істер мен дауларға сот билігі жүргізіледі (76 б). Сонымен
бірге Конституция әр адамның заң көмегімен алу құқығына кепілдеме береді.
Заң көмегі заңмен көзделген жағдайларда тегін берілді.
Соңғы жылдары қабылданған барлық заңдар азаматтардың талап арызын
немесе шағымын көрсету түрінде сот арқылы қорғалу құқығын бекітіп келеді.
Азаматтың әрбір құқығы мен бостандығы, заңмен көзделген мүдделері,
оның ішінде саяси (сөз бостандығы, жиналыс өткізу) ақпарат алу құқығы,
өкімет органына сайлау құқығы, т.б.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласында бұрын болған
шектеулердің барлығы дерлік алынып тасталды. Жер қатынастары, салық
қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру саласында сот арқылы қорғау
мүмкіндіктері кеңейді. Тұтынушылар құқығын қорғау туралы, Қоршаған
ортаны қорғау туралы, Психиатриялық көмек және оны көрсетуде азаматтардың
құқығына кепілдеме туралы, т.б. заңдарда сот арқылы қорғалу құқығы
қарастырылған.
Қазіргі уақытта адам азаматтың субьективтік құқықтары мен
бостандықтарын, Заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау негізгі
болып табылады. Сот арқылы қорғалу-адам мен азаматтың конституциялық
құқықтарының бірі. Оның басқа құқықтарынан айырмашылығы-адам мен азаматтың
өзге де құқықтары мен бостандықтарына кепілдеме болуында. Оның ерекшелігі
мен негізгі құндылығы да осында.
Сот арқылы қорғалу құқығын жүзеге асыруға кепілдеме ең алдымен сот
құрылымы мен сот ісін жүргізу туралы Заңдарда, содан соң азаматтық істерді
қарау мен шешуде сот қолданатын заңдардың салаларының бүкіл жүйесінде
бекітілген.
Азаматтардың мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың
заңсыз әрекеттерімен сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Сонымен бірге ар-
намысы мен қадір-қасиетіне, өмірі мен денсаулығына, жеке бостандығы мен
мүлкіне, Конституция мен өзге де заңдар қарастырған құқықтар мен
бостандықтарына кез-келген қол сұғушылықтан сот арқылы қорғалуына құқығы
бар.
Азаматтық істерді қорғау сот, шаруашылық мәселе бойынша алқа немесе
аралық сот арқылы жүзеге асырылады. Ол құқықтарды мойындау, құқықтарды бұзу
мен оны бұзуға қауіп төндіретін әрекеттерді болдырмау; міндеттемені сол
күйінде орындауға мәжбүрлену, т.б. жолымен жүргізіледі.
Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет органына немесе басқару органына
бару құқығын қорғау туралы талап арызбен сотқа баруға еш кедергісіз
болмайды. Осылайша, азаматтық Заң азаматтық құқықтарды қорғаудың соттық
нысанын, қоғамдық нысанына да (аралық сот) рұқсат бере отырып, бекітеді.
Азаматтық құқықтарды қорғаудың қоғамдық және әкімшілік нысандары
соттың бақылауында болады.
Субьективтік құқықтармен заңды мүдделерді қорғаудың соттық нысанын
кеңейту-азаматтардың әрбір заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
қамтамасыз ететін анағұрлым реттелген болып табылады.
Азаматтық ісін жүргізу-бұл азаматтардың субьективтік құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғауға толық бейімделген процесс.
Істердің жеке түрлерін қарау мен бөлу ерекшелігі тұтас сот жүйесі
негізінде судьялардың мамандану жолымен ескерілуі мүмкін.
Азаматтық сот ісін жүргізудің ерекшелігі оның іс жүргізу нысанында.
Азаматтық істерді қарау тәртібі жекелеп реттеу сатыдағы сотта істі қозғау
кезімен бастап орындау ісіне дейін.
Азаматтық істер бойынша әділ сот Конституцияда және салалық заң
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу Кодексінде бекітілген
қағидаларға сәйкес тек сот арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтардың бұзылған немесе даулы субьективтік құқықтарын қорғау
үшін сотқа бару құқығы-кең, нағыз демократиялық құқық болып саналады.
Сот арқылы қорғалу құқығын жүзеге асыру көп жағдайда тиісті құқықтық
тетікке тәуелді болады. Сондықтан азаматтардың субьективтік құқықтарын сот
арқылы қорғауды реттейтін Заң Қазақстан Республикасы Конституциясы
негізінде мәнді жетілдіруін талап етеді.
Жоғарыда айтылып өткендей, Конституцияда жарияланған адам және
азаматтың құқықтары мен бостандықтары тікелей жүзеге асады.
Конституция сыртқы заңи күшке (4-б, 2-б), тікелей әрекетке ие болып,
Қазақстан Республикасы бүкіл аймағында қолданылады. Соттар Конституция адам
мен азаматтық құқықтармен бостандықтарын шектейтін заңдар мен өзге де
нормативтік актілерді қолдануға құқығы жоқ. Ол іс жүргізуді тоқтатып,
актіні конституциялық еместігін мойындау жөніндегі Конституциялық кеңеске
жолдануға міндетті. 2, 78 бет.
Бұл ережелер соттардың азаматтық істерді шешуде маңызды мәнге ие.
1995 жылығы Конституция күшіне енгеннен кейін сот тәжірибесінде
мүдделі адамдардың өз құқықтарын қорғалуына Конституцияға тікелей сілтей
отырып жетуі, ал соттар өз шешімін Конституцияның нақты нормасына негіздеуі
сияқты істер пайда болды.
Азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен субьективтік құқықтарын
қорғау жөніндегі соттың қызметі, яғни әділет тек қана сот арқылы нақты
істерді қарау мен шешу жолымен, сонымен қатар заңмен көзделген жағдайда
мәжбүрлеу шарасын қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Осы жерде Қазақстан Республикасында мемлекеттік бір тармағы ретінде
сот билігі көрініс табады (3 б., 4 б).
Конституцияның 75 б. 2-бөлігінде сот төрелігін тек сот жүзеге
асыратын қағидасы бекітілген, ал осы баптың 2-б сот билігі сотта іс
жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары
арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін
жүргізу алқа заседательдерінің қатысуымен жүзеге асырады-деген.
Конституция 75б 4-бөлігіне сәйкес Республиканың сот жүйесі Республика
Конституциясымен және Конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір
атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді.-делінген.
Қоғамдық қатынастардың жаңаруы, құқықтық мемлекет құру, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасын жүзеге асыру жағдайларында
азаматтық істер бойынша әділ сот ерекше орын алады. Жалпы сот қарауындағы
істердің жалпы санының көпшілігі азаматтық істер.
Жалпы юрисдикциядағы соттар тараптардың бірі азаматтар болатын
істерді қарайтындықтан, азаматтық сот ісін жүргізуде азаматтардың аз
санының субьективтік құқықтары мен заңды мүдделері қозғалады.
Осыған байланысты !азаматтық істер ұғымын қарастыруға болады.
Азаматтық істер үғымы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қаралатын
және шешілетін көп мөлшердегі құқықтық даулар мен ерекше өндірістегі
істерде қамтиды.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде адам мен
азаматтардың құқығын қорғау.
Қылмыстық іс жүргізу арқылы жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын
қорғау Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 75-бабының 2
және 4-бөліктерінде қарастырылған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы
Конституциясы жариялаған: Әркім өзінің құқықтары мен бостандықтарын,
қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен
қорғауға хақылы (13-б, 1-б). Бұл жерде қорғаудың ерекше түрі-өзін-өзі
қорғау белгіленген.5, 37 бет
Мемлекеттік қорғау, құқықтық қорғау, сот арқылы қорғау, адвокат-
қорғаушының заңи көмегі, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау (өзін-өзі
қорғау) түсініктері қылмыстық сот ісін жүргізуде бір-бірімен сәйкес
келетін, бір-бірін толықтыратын әрекеттер.
Конституцияда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын
мемлекет қорғаудың кепілдігін жариялай отырып, Қазақстан Республикасы осы
құқықтар мен бостандықтарды мемлекеттік билік күші арқылы қорғауды өз
міндетіне алады. Осы міндет әрбір адамның билік органынан өз құқықтары мен
бостандықтарын қорғауды талап ету құқығымен сәйкес келеді.
Сот-мемлекеттік билік органы, сондықтан сот арқылы қорғау-мемлекеттік
қорғаудың бір түрі. Сот өз қызметінде Конституция мен Республикалық
заңдарды басшылыққа алады, демек соттың қорғауы-құқықтық қорғау. Сот-
жоғары, бірақ бірегей емес құқықтық қорғау органы. Соттан басқа немесе оның
әрекеттестігімен мемлекеттік қорғауды Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы адам құқығы жөніндегі Комиссия, прокуратура, тергеушілер, милиция
жүзеге асыруға шақырылған.

Азаматтардың лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен қорғалудың
түрлеріне тоқталмас бұрын лауазымды адамдарға кімдер жатады дегенге
тоқталып кетейік.
Лауазымды адамдар дегеніміз тұрақты, уақытша немесе арнаушы өкілеттік
бойынша мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан
Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өкімет өкілінің
міндеттерін жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билік етушілік немесе
әкімшілік-шаруашылық міндеттер атқаратын адамдар.
Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар-мемлекеттің міндеттері
мен мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей атқару үшін Қазақстан
Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық
және өзге де заңдарында белгіленген қызметтерді атқаратын адамдар, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарында
белгіленген мемлекеттік қызметші қызметінің жоғары, бірінші немесе екінші
санаттарына жататын қызметтерді атқаратын адамдар.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңына сәйкес лауазымды адамдарға Парламенттің, маслихаттардың депутаттары,
судьялар, сондай-ақ осы бапта аталған, мемлекеттік міндеттерді атқаруға
уәкілдік берілген өзге де адамдар және соларға теңестірілген адамдар
жатады. 6, 3 бет.
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген өзге адамдарға:
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес
барлық мемлекеттік қызметшілер;
-құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды дамдары
жатады;
Осы заңды қолданған кезде мемлекеттік мемлекеттік міндеттерді
атқаруға уәкілдік берілген адамдарға:
-жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;
-заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілдік
берілген адамдар.
-жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша
жұмыс істейтін, еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы мемлекеттік
бюджетінің, мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару
органдары құратын бюджеттен тыс қорлардың қаражатынан төленетін
қызметшілер;
-мемлекеттік ұйымдардың немесе жарғылық капиталында мемлекеттік
меншіктің жиынтық үлесі кемінде отыз бес процент құрайтын ұйымдардың
лауазымды адамдары теңестіріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік қызмет туралы
1995 жылғы 26 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік
қызметшілердің өкілеттіктері белгіленген. 7, 9 бет
Функционалдық міндеттер борышын өтеумен байланысты мемлекеттік
қызметші: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға,
азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген
тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде қажетті
шаралар қолдануға, өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық
міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға, мемлекеттік және еңбек
тәртібін сақтауға, қызмет этикасының нормаларын сақтауға, басшылардың
бұйрықтары мен өкілдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың
өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға
міндетті. Мемлекеттік қызметші өзінің орындауға алған өкімінің заңдылығына
күмәнданған жағдайда, бұл жөнінде өкімді шығарған өзінің тікелей басшысына
және жоғары тұрған басшыға жазбаша түрде жедел хабарлауы тиіс.
Мемлекеттік қызметшінің заңсыз өкімді орындағаны үшін сол өкімді
мақұлданған басшы жауапты болады, мемлекеттік және заң мен қорғалатын өзге
де құпиялардың, соның ішінде мемлекеттік қызметті доғарғаннан кейін де бұл
жайында қолхат бере отырып сақтауға, қызметтік міндеттерін атқару үстінде
алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты
мәліметтерді құпия сақтауға әрі заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда,
олардан осындай ақпарат беруді талап етпеуге, мемлекеттік меншіктің
сақталуын қамтамасыз етуге, қызметтік міндеттерін ұтымды орындау үшін
өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін көтеруге міндетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік қызмет туралы 1995
жылғы 26 желтоқсандағы, заң күші бар Жарлығының 13-бабына сәйкес
мемлекеттік қызметшінің өкілді органдарының мүшесі болуға, педагогтік,
ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа
жұмыспен шұғылдануға, кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға, соның ішінде егер
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес шаруашылық жүргізуші субьектіні
басқаруға тікелей қатысу өзінің қызметтік міндеттеріне кірмесе, оның
ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, Шаруашылық жүргізуші субьектіні
басқаруға қатысуға, өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағыныстағы немесе
бақылауындағы мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл
болуға, өзінің қызметтік міндетін материалдық-техникалық, қаржылық және
ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа мемлекеттік мүлік пен қызметтік
ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға, ереуілдерді қоса алғанда,
мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді
орындауға кедергі келтіретін іс-қимылдарға қатысуға, лауазымдық міндеттерін
атқаруына байланысты жеке мақсаты үшін азаматтар мен заңды тұлғалардың
қызметтерін пайдалануға хақы жоқ. 8, 2 бет
Өткен жылдың шілде айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, Президент халыққа Үндеу
жариялап, онда жемқорлықпен күрестің аяусыз жүргізілетіндігін қадап айтқан
еді. Бұл заңға сәйкес Елбасы құқық қорғау органдарының алдына күрделі
міндеттер қойған болатын
Облыстық прокуратура органдарымен сыбайлас жемқорлық сипатындағы және
мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы жасалған қылмыстарға қатысты істер
бойынша анықтау, тергеу барысына прокурорлық қадағалау жүргізу күшейтіліп,
әрбір қылмыстық іс бақылауға алынды. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы
қылмыстық істерге алдын ала тергеу жүргізуде заң бұзушылыққа жол бермеу,
азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, сондай-
ақ қылмыс жасаған әрбір адамның сот алдында әділ жазалануы прокурорлардан
талап етілуде. Қылмыстық істер прокурорлармен зерттеліп, қажеттілігіне
байланысты жазбаша нұсқау беру, тергеу амалдарының уақытылы, сапалы
жүргізілуін, істерді тергеу және қамауда ұстау мерзімінің сақталуын
созбалаңға салуға жол бермеу міндеттелді.
Осы мерзімде облыста сыбайлас жемқорлыққа байланысты 42 қылмыс
тіркелді. Прокуратура органдарында 6 қылмыстық іс қозғалып, оның екеуі
сотқа жолданды, 4-еуіне тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, қалған 37
қылмыстық іс арнайы органдармен қозғалған. Облыстық салық комитетінен 1997
жылдың табыс жиынтығы жөнінде декларация тапсырған әрі тапсырмаған лауазым
иелерінің тізімі, әділет басқармасынан акцияларының мемлекеттік пакеті 35
және одан да жоғары пайыз құрайтын мемлекеттік мекемелер мен
кәсіпорындардың тзімі мекемелер мен кәсіпорындарды басқаратын лауазымды
адамдардың, солардын қарамағында жұмыс істейтіндердің тізімі мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру жөніндегі облыстық аумақтық комитетінде
тексерілді.
Сөйтіп, өнеркәсіп және көлік басқармасы, төтенше ағдайлар жөніндегі
басқарма, туризм және спорт жөніндегі комитет, тұрғындардың көші-қоны
жөніндегі комитет қызметкерлерінің осы кезге дейін жылдық табыстарының
жиынтығы туралы жергілікті салық комитетіне декларация тапсырмай
Мемлекеттік қызмет туралы заң талабын өрескел бұзып келгені анықталып,
прокурорлық ықпал ету шаралары қолданылды.
Құқықтық статистика және ақпарат орталығында сыбайлас жемқорлыққа
байланысты құқық бұзушылық, жалған субьектілер туралы мәліметтер банкі
жасалып, мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген, істеп жатқан және 1996
жылдың қаңтар айынан, яғни Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет
туралы заңы шыққаннан бері қылмыстық әрекеттерге, әкімшілік және тәртіптік
құқық бұзушылыққа жол берген адамдар жөнінде мәліметтер жинақталды.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшыларына, мемлекеттік қызметке
алынатын адамдарды арнайы заң талабына сай, алдын ала облыстық прокуратура
жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығынан тексеруден өткізіп
алу қажеттігі жайлы ескерту жасалынды.

мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы жасалған қылмыстарға байланысты
істерді анықтау, тергеу барысына прокурорлық қадағалау жүргізуді күшейтіп,
әрбір қылмыстық іс облыстық прокуратура бақылауына алынды. 9, 2 бет.
Қылмыстық істерге алдын ала тергеу жүргізуде заң бұзушылыққа жол бермеу,

ақ қылмыс жасаған әрбір адамның сот алдында әділ жазалануын қамтамасыз ету
прокурорлардан талап етілуде. Мұндай қылмыстық істер міндетті түрде
прокурорлармен зерттеліп, қажеттілігіне байланысты жазбаша нұсқаулар беру.,
тергеу амалдарының уақтылы, сапалы жүргізілуін талап ету, істерді тергеу
және қамауда ұстау мерзімдерінің сақталуын, созбалаңға салуға жол бермеу
міндеттеліп, орындалуы қадағалануда. 10, 3 бет.
Өкінішке орай, ондай қылмыстарды жасайтындар қылмыспен күресуге
тиісті құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып отыр. 39 қылмыстық іс
бойынша 4 полиция қызметкері, 2 кеден қызметкері, 1 судья жауапқа тартылды.
Бұған қоса, салық инспекциясының қызметкері, нотариустар, басқа мемлекеттік
қызметшілер сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыспен айналысқаны үшін
сотталды.
1999 жылы сыбайлас жемқорлықққа байланысты 12 қылмыстын іс қозғалды.
Заң қабылданғаннан бергі уақытта прокурорлардың жеке қолға алуымен
заң талабының орындалуына байланысты облыс көлемінде 10 тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында 11 заң бұзушылық анықталып, заң бұзушылықты жою жөнінде
126 ұйғарым келтіріліп орындалды. Заң бұзушылықты жою жөнінде шаралар
қолдану үшін 8 ұсыныс қаралды. Осы тексерулер қорытындысымен тәртіптік
жазаға 5 адам тартылып, 3 лауазым иесі және 1 адам атқарып отырған
қызметінен босатылды. жалпы қадағалау, тексеру қорытындысымен 3 адамға
қылмыстық іс қозғалды.
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға байланысты жасасқан
мәмілелерді сот заңда белгіленген тәртіппен жарамсыз деп таниды. Тиісті
актілерді қабылдауға немесе тоқтатуға уәкілеттік берілген органдар немесе
лауазымды адамдар, немесе мүдделі жеке немесе заңды тұлғалардың немесе
прокурордың талап етуі бойынша сот сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар
нәтижесінде жасалған актілердің, і-_әрекеттердің күшін жоюы мүмкін.
2.2.Лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен
азаматтық-құқықтық қорғау.
Көп жағдайларда азаматтар мен заңды тұлғалар өзіне тиісті құқықтарын
оны орындау арқылы жүзеге асырады. Құқықтарын іске асыру дегеніміз
субьективті құқық иесіне заң немесе шартпен берілген мүмкіндіктерін жүзеге
асыру деп табылады.
Субьективтік құқықтарын іске асыру міндеттерді орындаумен тығыз
байланысты болып келеді. Бған көрініс талап ету құқығының жүзеге асырылуы,
әсіресе құзіретті адамдардың міндетті субьектіден белгілі активті
әрекеттерді орындауын талап етуі.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың өздерінің субьективті құқықтарын
еркін жүзеге асыру принциптерін бекіте отырып, заң сонымен қатар орындау
барысында белгілі шарттарды сақталуын талап етеді. Біріншіден, азаматтық
құқықтарды іске асыруда өзге адамдардың құқықтарымен заңмен қорғалатын
мүдделері бұзылмауы тиіс. Өз құқықтарын іске асыра отырып, субьект басқа
адамдардың да осы сияқты құқықтарға ие екенін ескеруі қажет. Азаматтар мен
заңды тұлғалар бірнеше азаматтық құқықтарын іске асыру барысында парасатты
және адал ниетте әрекет ету керек, қоғамдағы қабылданған нормалардан
адамгершілік негіздерін сақтау керек. Қоғамның моральдық принциптері
азаматтық-құқықтық дауларды шешуде негізгі роль атқарады. 11, 25 бет.
Азаматтық құқықтарына ие болумен қатар олар сенімді құқықтық
қорғалуын қамтамасыз ету қажет. Азаматтық құқықтарды қорғау құқықтың дұрыс
жүзеге асыруын қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығынан тұруы қажет. Оған
тек қана құқықтық ғана емес, сонымен қатар экономикалық ұйымдастыру және
субьективтік құқықтарының іске асырылуын, қажет шарттарды қалыптастыруға
бағытталған шаралар жатады. Қорғаудың заты болып тек субьективтік азаматтық
құқықтар емес, сонымен қатар заңмен қорғалатын мүдделер де жатады.
Жалпы тәртіп бойынша азаматтық құқықтар мен заңмен қорғалатын
мүдделер сот арқылы қорғалады. Азаматтық құқықтар мен заңмен қорғалатын
мүдделерді сот арқылы қорғаудың тәсілі ретінде талап болып келеді. Яғни бір
жағынан соттан сот әділдігін жүргізуді талап етуі, екінші жағынан өзіне
жүктелген міндеттерді орындауын немесе құқықтық қатынастың барын немесе
жоғын мойындауын жауапкерден талап ету.
Азаматтық құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау арнайы
тәртіптермен белгіленген. Ол әкімшілік тәртіппен немесе азаматтық-құқықтық,
қылмыстық-құқықтық қорғау арқылы жүзеге асырылады. Әрбір жағдайда ол заңда
қарастырылған қорғау тәсілімен қамтамасыз етілуі қажет. Азаматтық құқықтар
мен заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау тәсілі деп бұзылған құқықтарды
қалпына келтіру және оны бұзушыға шара қолдану арқылы жүзеге асырылатын
мәжбүрлеу сипаттағы заңмен бекітілген материалдық құқықтық шараларды
айтамыз.
Әдеттегідей бұзылған құқық иесі кез-келген емес, нақты құқығын қорғау
тәсілін пайдалана алады. Көп жағдайда бұзылған құқықтық қорғау тәсілі нақты
азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін арнайы заңмен тікелей
көрсетілген. Мысалы, затына ие болу құқықтарынан заңсыз айрылған мүлік иесі
тек қана заңсыз иеліктен затын талап етуге, яғни, құқығын қайта қалпына
келтіруін талап ете алады. Бірақ, көп жағдайларда субьективтік құқық иесіне
бұзылған құқығын қорғау тәсілін таңдауға мүмкіндік береді. Субьективтік
құқықтарды қорғаудың кең тараған тәсілі болып құқықты бұзушы немесе оның
бұзуына қауіп туғызатын әрекеттерді бұлтару болып саналады. Құқықты
мойындау тәсілі басқада тәсілдермен қосылып қолданады. Мысалы, моральдық
зиянды өтеу.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдардың актілерін заңсыз деп табу арқылы жүзеге
асырылады. Бұл дегеніміз заңға немесе басқа құқықтық актіге сәйкес емес,
әкімшілік акт шығарумен, ал кейбір заңмен көзделген жағдайда нормативтік
актмен азаматтық құқықтар заңмен қорғалатын мүдделері бұзылған азамат
немесе заңды тұлғалардың сотқа шағымдануа құқы бар деген сөз. Тиісті актіні
бір жағынан заң немесе құқықтық актіге сәйкес болмағандығын құқыққа қайшы
екенін және екінші жағынан субьективтік азаматтық құқықтар мен заңмен
қорғалатын мүддені бұзғанын анықтағаннан кейін, сот оның толық немесе
жартылай заңсыз екені туралы шешім қабылдайды.
Азаматтық құқықтарды қорғаудың дербес тәсілі ретінде міндеттемені
шынайы түрде орындауды жүктеу жәбірленушінің талабы бойынша құқық бұзушының
өзіне жүктелген әрекеттерді нақты орындауы болып табылады.
Моральдық зиянды өтеу сияқты азаматтық құқықтық қорғау тәсілі оның
құқықтарының бұзылу салдарынан болған зардапты жәбірленушіден ақшалай
өндіру болып табылады. Қорғаудың мұндай тәсілін қолдану екі негізгі
жағдаймен шектеледі:
1.Заңды тұлғалардың физикалық немесе азаптарды сезіну мүмкін
болмағандықтан моральдық зиянды өндіру талабын тек қана нақты азаматтар
бере алады.
2.Бұзылған құқықтар жалпы тртіп бойынша жеке мүліктік емес сипатта
болу қажет.
Азаматтардың экономикалық құқықтарын қорғау.
Қазақстан Республикасы 24 бабына сәйкес әркімнің еңбек ету
бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар деп
белгіленген. Бұл ережені әдетте экономикалық қызмет бостандықтың
Конституциялық кепілдігі деп атайды. Ол елімізде жүріп жатқан әлеуметтік
экономикалық реформалардың, нарықтық қатынастар мен кәсіпкерліктің, яғни
мүлікті пайдалану тауар сату жұмыс істеу немесе қызмет көрсету арқылы
кәсіпкер ретінде заңда белгіленген тәртіппен тіркелген тұлғалардың жүйелері
түрде табыс табуына бағытталған дербес қызметінің іргетасын құрайды.
Нарықтық қатынастар қалыптасып дамып отырған жағдайда кәсіпкерлік және
басқа экономикалық қызметтің заңдық негізі Қазақстан Республикасы Кодексі
болып табылады. Азаматтық Кодексті қазіргі қоғамның экономикалық
Конституциясы деп аталуы да орынды. Бұл кодекс азаматтық айналымға
қатысушылардың құқықтық жағдайын, меншік құқығының басқа да заттық
құқықтардың пайда болу негіздері мен жүзеге асырылу тәртібін,
интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтардың пайда болу
негіздерін анықтайды, шарттар мен басқа міндеттемелерді сондай-ақ басқа
мүліктің және олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Дамыған нарықжағдайындағы кез-келген экономикалық қызмет сияқты
кәсіпкерлік те мемлекет неғұрлым аз араласқан сайын, соғұрлым жақсарып
дамиды. Бұл экономикалық қызмет тыйымдарға емес, заңды рұқсаттарға
негізделген және оның табысты болуы бұл рұқсатқа басқалардың соның ішінде
лауазымды адамдардың кедергі жасамауына байланысты. Мұндай араласуға сот
билігі көмегмен құқықтық механизм арқылы қарсылық көрсету әдістеме де бар.
Әрбір азамат егер мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының, мекемелерінің, кәсіпорындарының және олардың лауазымды
адамдарының құқыққа қарсы бостандықтары бұзылуы деп есептесе, сотқа
шағымдана алады. Мұндай әрекеттерге (шешімдерге) нәтижесінде:
1.Азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруына кедергі
келтірілетін;
2.Азаматқа заңсыз қандай да бір болмасын міндет жүктелсе немесе ол
заңсыз жауаптылыққа тартылатын коллегиялық және жеке әрекеттер мен
шешімдер жатқызылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттік органдар мен лауазымды
адамдардың кәсіпкерлік және коммерциялық қызметке араласуы, әдетте
кәсіпкердің қызметінің бастапқы кезеңінде орын алады (кейінірек мұндай
араласу күрделі болады) және көп жағдайда төмендегі нысандарда кездеседі:
-жеке кәсіпкерді немесе коммерциялық ұйымды тіркеуден негізсіз бас
тарту немесе тіркеуден жалтару;
-экономикалық қызметтің ұйымдық құқықтық нысанына және меншік нысанына
қарау кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу;
-заңмен белгіленген кәсіпкерлік қызметтегі заңмен берілген
экономикалық дербестікті шектеу.
Мұндай араласу және кәсіпкердің жолында жасанды бөгеттер жасау
лауазымды адамдардың коррупциясымен және парақорлықпен байланысты екені
қоғамға құпия емес.
Азамат өзінің экономикалық құқықтарын бұзатын әрекеттерге (шешімдер)
тікелей сотқа немесе бағыныштылық тәртібіне сәйкес жоғары тұрған
мемлекеттік органға шағымдана алады. Шағым берілген ұйым немесе лауазымды
адам шағымды бір ай мерзімде қарау керек. Егер азаматтың шағымын
қанағаттандырудан бас тартылса немесе шағым берілген күннен бастап бір ай
ішінде жауап қайтарылмаса, азамат сотқа шағымдануға құқылы. Бұл кезде
өкілдің атап айтқанда заңгер-адвокаттың қызметін пайдалануға рұқсат
етіледі.
Сотқа шағымданып бару үшін келесі мерзімдер анықталған:
-азаматқа өз құқықтарының бұзылғандығы белгілі болған күннен 3 ай
көлемі;
-азаматқа мемлекеттік орган немесе лауазымды адамның оның шағымын
қанағаттандырудан бас тартатыны туралы жазбаша түсініктеме берген күннен 1
ай көлемі.
Шағым беру мерзімінің белгілі себептерге сәйкес өтіп кетуі сот арқылы
қайта белгіленуі мүмкін.
Шағым қарау үшін қабылдағаннан кейін сот азаматтың өтінішімен немесе
өз бастамасымен шағым түскен әрекетті немесе мемлекеттік орган немесе
лауазымды адамның шешімін орындауды тоқтатуға құқы бар.
Шағым азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады. Жауапкерге
шағымданған әрекетінің заңдылығын дәлелдеу міндеті жүктеледі, ал талапкер
міндетінен босатылады, бірақ өз экономикалық құқықтарының бұзылғандығын
дәлелдеуге міндетті.
Шағымның негізділігін анықтап және оның заңдылығын, азаматтың
экономикалық құқығын шектейтіндігін танып, сот азаматтың талаптарын
қанағаттандыруды міндеттейтін азаматтың талаптарын қанағаттандыруды
міндеттейтін шешім қабылдайды. Ал шағымданған әрекет немесе шешім заңды деп
табылса, онда сот шағымды қанағаттандырудан бас тартады.
Шағымды қарауға байланысты сот шығындары жауапкерге жүктеледі.
Азаматтың шағымын қанағаттандырумен қатар сот азаматтың экономикалық
құқығын бұзуға әкелген әрекеті үшін мемлекеттік орган немесе мемлекеттік
қызметшілердің жауапкершілігі анықталады.
Заң күшіне енген сот шешімі барлық мемлекеттік орган, жергілікті өзін-
өзі басқару органы, мекемелер мен кәсіпорындар, сонымен бірге қоғамдық
бірлестіктер мен мемлекеттік қызметшілер, лауазымды адамдар мен азаматтар
үшін міндетті болып саналады.
Бұл шешім орындалуы үшін атқару органына жіберіледі, сонымен қатар
істі жеңіп шыққан азаматқа оның заңды күшіне енген уақытынан бастап 10 күн
көлемінде жіберілуі тиіс.
Шешімді орындау жөнінде сот пен азаматқа сот шешімін алғаннан кейін 1
ай көлемінде хабарлануы тиіс.
Сот шешімін әдейі орындамау, соның ішінде өкімет өкілдері, мемлекеттік
қызметшілері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметшілері тарапынан
болса, онда ол қылмыс болып саналады (Қазақстан Республикасы Қылмыстық
Кодексі 362-б) орындау тәртібінің төмендеуі салдарынан осы нормаға ерекше
қарау керек. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаматтық экономикалық
құқықтарын бұзып қана қоймай, өз пайдасына шешілмеген сот шешіміне
қаскөйлік танытуы мүмкін. Бұл жағдайда азамат қылмыстық істі қозғау туралы
арызбен прокурорға баруына болады. Ол 3 күн ішінде, ерекше жағдайда 10 күн
ішінде қаралуы тиіс.
Қылмыстық іс қозғалған жағдайда азаматтың өз құқықтарының
шектелгендігі жөніндегі алғашқы шағым қылмыстын іс жүргізудің қатал
формаларындаәрі қарай созылады. Істің әрі қарай қорғалуы тергеуші мен
прокурордың міндеттерін дұрыс орындауына байланысты. Олар істің барлық мән-
жайын обьективті зерттеп, кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тартып, қылмыстық
істі сот қарауына беруіне дайындауы тиіс.
Заңды кәсіпкерлік қызметке қасақана кедергі жасау қылмыс болып
табылады.
Қазақ Республикасының қылмыстық кодексінің 189-бабына сәйкес жеке
кәсіпкерді немесе коммерциялық ұйымды тіркеуден заңсыз бас тарту немесе
оларды тіркеуден жалтару, арнайы рұқсатты (лицензия) беруден бас тарту
немесе жалтару, кәсіпкер немесе коммерциялық ұйымның заңды мүдделерін
шектеу, лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасалынса, сол сияқты
заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып, немесе үлкен залал келтіріп
жасалынса, үш жүзден сегіз жүз айлық есептің көрсеткішке дейінгі мөлшерде
немесе сотталған адамның үш айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысының
немесе өзге де табысының мөлшерінде айппұл салуға, не жүз айлық есептік
көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі
кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының қызметпен айналысу құқығынан
айыруға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға
дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады. 1ҚР Қылмыстық Кодексі А., Жеті жарғы, 1998 жыл
Жеке меншік негізделген жаңа экономикалық рыноктық қатынастар
Қазақстанда қалыптасып жатқан кезде заңды кәсіпкерлікпен қатар, қылмыстық
бизнес дамып келуі. Сондықтан мемлекет құқық қорғау органдарына қылмысты
болдырмау және алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерлік қызметіне араласу
құқығын береді.
Қазіргі заң, оның ішінде Милиция туралы заң милицияға: кәсіпорындар,
мекемелер иемденген үйлерге еш кедергісіз кіру, жеке нәрсемен айналысу
үшін қолданылатын өндіріс орындарына кіруге құқылы меншік иесінің
қатысушымен немесе оның өкілімен өндіріс қойма, сауда т.б. қызмет орындарын
тексеруге құқылы, т.б. Осындай құқықтарға салық полициясы органдары да ие.
Қазіргі заң бойынша салық полициясының қызметкерлері салықтық қылмыстар мен
құқық бұзушылықтарды табу, алдын алу немесе болдырмау мақсатын орындау үшін
әрбір өндіріс, қойма, сауда т.б. орындарға еш кедергісіз кіруіне құқылы.
Әкімшілік басқару саласында келтірілген зиянды өтеу.
Мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе лауазымды
адамдардың Заңсыз әрекеттері нәтижесінде азаматқа немесе заңды тұлғаға
келтірілген зиян Қазақстан Республикасы есебінен өтеледі. Қазына атынан
жалпы ереже бойынша қаржы органдары жүзеге асырады.
Бұл ереже әрбір мемлекет органы және лауазымды адам өз құзырына сәйкес
басқару қызметін атқаратын әкімшілік басқару саласында жұмыс істейді.
Ережеде келтірілген зала үшін мүліктік жауапкершілікке арнайы, ерекше негіз
жоқ.
Қылмыстық әділет саласында келтірілген зиянды өтеу.
Құқық қорғау, құқықтық және әкімшілік әділет саласындағы келтірілген
мүліктік зиянды өтеу туралы ереже басқаша құрылған. Азаматтық кодекске
сәйкес заңсыз соттау, заңсыз жауапкершілікке тарту, заңсыз қамауға алу,
қамау немесе түзеу жұмыстары түріндегі заңсыз әкімшілік өндіру Қазақстан
республикасы қазынасы есебінен жүргізіледі.
Өндіріп алу анықтау, алдын ала тергеу органдары, прокуратура және соттың
лауазымды адамдарына тәуелсіз толық көлемде жүргізіледі.
Азаматтық кодекс Заңсыз әрекет түсінігі ерекше түсіндіруді талап
етеді, Заңсыз дегеніміз, заңға негізделмеген, заңға қарама-қайшы келетін,
заңды бұзу негізделмеген, Заңға қарама-қайшы келетін, заңды бұзу немесе
оның талаптарын орындамау. Бірақ қылмыстық іс жүргізу ерекшелігіне кейбір
жағдайлар орын алу мүмкін. Мысалы, лауазымды адамдардың әрекеті заңсыз деп
айту бармайды, бірақ айыпкерге залал өндіру туралы негіз бар болуы мүмкін.
Қазіргі заң өкінішке орай азаматқа анықтау, алдын алу тергеу
органдары, прокуратура және сот келтірген залал әділетсіз болған
жағдайлардың барлығын қамтылмайды. Мұндай жағдайларға мыналар жатады:
1.Қылмыс жасауға сезікті деп кінәсізді ұстау:
2.Қоғамға қауіпті әрекетті жасамаған азаматты сот медициналық
сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге орналастыру;
3.Қоғамдық лауазымды әрекет жасамаған азаматты заңмен көзделген
медициналық сипаттағы еріксіз шараларды қолдану.
Соттың толық ақтауымен және қылмыстық істің тоқтатылуымен қатар
тәжірибеде көптеген жағдайлар кездеседі. Мысалы, ақтау болмайды, бірақ
әділеттік тұрғысында залады, өндіру үшін жалпы алғы шарттар бар болады.
Сондықтан теориялық негізде айыптауды өзгерту азаматты бірінші айып бойынша
қылмыстық жауапкершілікке тартудың негізсіз екені анықталғанда ғана жүзеге
асады. 12, 125 бет.
Сот төрелігін жүзеге асыруда келтірілген шығынды өндіру.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес анықтау, алдын ала
тергеу, органдары, прокуратура заңсыз қызметтің нәтижесінде келтірілген
шығын заңда көзделген негізде өндіріледі.
Ар-ождан мен қадір-қасиетті қорғау.
Конституциялық құқықтардың бірі-әрбір адамның ар-намысы мен қадір-
қасиетінің қорғалуы. Халқымыз қай кезде болмасын адамның ар-намысын, қадір-
қасиетін жоғары бағалаған. Ерді намыс өлтіреді, Малым жанымның садағасы,
жаным арымның садағасы деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Ар-намыс
тұлғаның рухани және әлеуметтік болмысына берілетін қоғам бағасы. Ар-намыс-
азаматтың немесе ұйымның абыройының, қадір-қасиетінің өлшеуіші. Ал қадір -
қасиет өз қабілетін, дүниетанымы моральдық, кәсптік және тағы да басқа
қасиеттерін, қоғамдағы орнын ұлғаның өзінің іштей бағалауы.
Ұзақ уақыт бойы тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиеті қылмыстық-
құқықтық сипаттағы шаралармен ғана қорғалып келді. Ал қылмыстық құқықтық
қорғау тәсілдері жеткіліксіз болды. Мысалы, газетке жарияланған мақаладан
азаматтың жақындары, достары, таныстары, қызметтестері оның теріс қылықтары
туралы оқып білді. Алайда, жарияланған мәліметтердің жалған екендігі
анықталды, да, мақала авторы жала жапқандығы үшін қылмыстық жауапкершілікке
тартылды. Егер де газет бетінде тиісті хабарлама жасалмаса, тартылған
мәліметтерді жалған екендігін көп адамдардын білмеуі де мүмкін. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz