Прокурордың қадағалау сот сатысына қатысуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ПРОКУРОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 8
- Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізудегі ролі 8
- Прокурор азаматтық іс жүргізу құқығының субъектісі ретінде 16
- Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысу мақсаты, негіздері жәненысандары 19
2 ПРОКУРОРДЫҢ БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТҚА ҚАТЫСУЫ 27
- Прокурордың азаматтық сот отырысына талап қою жолымен қатысуы . . . 27
- Прокурордың іс жүргізушілік жағдайы 30
3 ПРОКУРОРДЫҢ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ САТЫЛАРЫНА ҚАТЫСУЫ 36
- Прокурордың апелляциялық сатыдағы сотқа қатысуы 36
- Прокурордың қадағалау сот сатысына қатысуы 38
ҚОРЫТЫНДЫ 50
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 52
ҚОСЫМША . . . 55
КІРІСПЕ
Казақстан Республикасының біртұтастығы мен беріктігін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі - құқықтық тәртіп. Ал кұқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде прокуратураның ролі ерекше. Прокурордың азаматтық іске қатысуы заң бұзушылық фактілерінің орын алуына жол бермеуге ықпал етеді. Диплом жұмысы осы мәселеге арналған.
Бүкіл әлемдік өркениет көшіне ілескен егемен еліміздің күн санап қарышты қадам басуы, алдыңғы қатардағы мемлекеттер қатарынан көрінуі көп жағдайда оның ішкі тұтастығына, әсіресе әлеуметті құрылымдарының қуаттылығына тікелей байланысты.
Мемлекет тұғырының беріктігін сипаттайтын, сондай салмақты мәселенің бірі заңдылықты бұлжытпай сақтап, заң бұзушылық фактілеріне жол бермеу, қандай да болмасын қылмыстың алдын алып отыру болып табылады.
Прокурор - өз құзыреті шегінде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және де нормативтік құқтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы және зандарына қайшы келетін зандар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады. [1]
Жалпы диплом жұмысын жазу барысында Қазақстандык, Кеңестік және "жақын шетелдік" ғалымдардың прокуродың азаматтык процеске қатысу мәселелері бойынша А. Ф. Козлов, В. Н. Аргунов, З. Х. Баймолдина, Болат Сембин, М. С. Шакарян, М. А. Викут, М. К. Треушников, С. С. Караманов, К. С. Банченко - Любимова, В. А. Ивановтың ғылыми еңбектері қолдаланылды. Сонымен бірге қазіргі кезде қолданып жүрген Қазақстандық нормативтік құқықтық актілер басшылыққа алынды.
Біз прокуратура туралы сөз қозғамастан бұрын прокуратураның шығу тарихына қысқаша тоқтала кетейік. Прокуратура термині латынның "procure " - қамтамасыз етемін, алдын аламын деген сөзінен бастау алады. Прокуратураның шыққан жері негізінен Франция болып есептеледі.
Прокуратураның шығу тарихы жөнінде З. Х. Баймолдина өз еңбегінде былайша сипаттайды. Прокуратура алғаш рет Ресейде 1722 жылы 12-қаңтарда І-Петр патшасының жарлығы бойынша құрылды. Біраз уақыт қана жұмыс атқарған прокуратура органы 1725 жылы І-Петр қайтыс болғаннан кейін жабылып қалады. Енді бұл орган 1730 жылы ІІ -Екатерина кезінде қайта құрылып жұмыс істей бастайды.
Бұл кезде прокуратура ең жоғарғы орган ретінде саналды. Ал 1922 жылдың мамыр айынан бастап прокуратура Совет мемлекетінің органы ретінде қайтадан құрылды. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының өткен тарихына да тоқталып өтелік.
Қазақстанда прокуратура органы 1922 жылы құрылды. Прокуратура туралы тарихи құжатқа Орынбор қаласында қол қойылды. Орынбор қаласы ол кезде Қазақстанның астанасы болатын. Ал, 1936 жылы КазАССР Әділет комиссариатынан бөлінген дербес прокуратураны басқару С. Есқараевқа жүктелген болатын. 1937 жылдары прокурордың қызметін атқарғандар Сүлеймен Есқараев, Нығмет Нурмаков, Боран Айтмағанбетов т. б. еді. Бұлардың бәрі 1937 жылы репрессияға ұшырап, жазықсыз кінә тағылып өмірден озған жандар еді". Қазақстан мемлекеттінің дамуымен қатар республикалық органдар жүйесінде прокуратураның рөлі де өзгеріп отырды, яғни оның қызметі жаңа мазмұнмен толығып, прокуратураның функциясы да жаңа арнаға түсті. Ал тоқсаныншы жылдардың бас кезі айтулы өзгерістерге толы болды, егемендік алған елімізде толып жатқан тың үрдістер мен заң саласындағы жаңалықтар адамды қоғамның жоғары құндылығы ретінде бірінші кезекке шығарылып, азаматтардың сотпен қорғалу құқығы кеңейе түсті. Тұлғаның кұқықтық қорғалуы Республика Прокуратурасы органдары кызметінің басты мазмұнына айналды.
Қазіргі таңда прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілген заң актісіне сәйкес прокуратура Қазақстан Республикасының Президентіне бағынады. Қазақстан Республикасының Бас прокурорын Парламент Сенатының келісімімен Президент тағайындайды. Бас прокурорды қызметінен босатуға тек Президент ғана құқылы. Прокурорлық қадағалауға қадағалаудың жаңа түрі, адамның және азаматтың құқығы мен бостандығының сақталуын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің қорғалуын бақылау қосылды.
Диплом жұмысында азаматтық процеске прокурордың қатысу «мәселелерін қарап, осы уақытқа дейін қол жеткізген прокуратураның жетістіктеріне тоқталайық. Мемлекет тұғырының беріктігін сипаттайтын сондай салмақты мәселенің бірі заңдылықты бұлжытпай сақтап, заң бұзушылық фактілеріне жол бермеу, қандай да болмасын қылмыстың алдын алып отыру дер едік. Ал, бұл орайда прокуратура органдарының алатын орны ерекше де, маңызды. Әлбетте, елімізде тәртіп пен заңдылықтың мүлтіксіз сақталуы ең алдымен тәртіп пен заңдылықтың ұштасып, прокуратура органдары кадрларының біліктілігі мен білімділігіне көп қатысты. Демек, мұның өзі еліміздің демократия жолындағы даму барысына да өзіндік ықпалын тигізеді. Еліміз егемендігін алып, өз жолымен дербес даму жолына түскен алғашқы кезде, прокуратура органдарының қызметінде де, елеулі қиындықтар болып, мұның өзі кей жағдайда жұмысты ұйымдастыруда бірқатар мәселелерді алға қойғаны жасырын емес.
Оған мысал ретінде, Кеңес өкіметі тұсында қызмет жасаған жоғары деңгейде даярланған кадрларының сол кезде прокуратура органдарынан жаппай кету үрдісін айтар едік, оған прокуратура қызметкерлері еңбек ақыларының төмендігі мен жалпы қызмет аясының біршама тарылуы сияқты субъективті факторлар көп себеп болды. Бұл қиыншылықтарға қарамастан прокуратура өтпелі кезеңде өз нығына түскен жүкті қайыспай көтеріп, өзіне тапсырылған конституциялық міндеттерін абыроймен орындап шықты.
Прокуратура органдарының бұгінгі талап дәрежесіне сай жұмыс істеуі және де оның жақсаруына, олардың біліктіліктері мен кәсіби даярлығына моралдық сипаттары мен адамгершілік қасиеттерінің жоғары деңгейде болуына тығыз байланысты. Осыған орай, Бас прокуратураның кадрлар жұмыстары жөніндегі басқармасы Бас Прокурордың тікелей басшылығымен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің қызметтік Әдеп Кодексінің талаптарын талқылап, оны Бас Прокурордың арнайы бұйрығымен бекітті. Қызметтік Әдеп кодексінде Қазақстан Республикасы прокуратурасының беделі, оның әрбір қызметкерінің іскерлік, адамгершілік қасиетіне тікелей қатысты екендігі қаралып, айтылған. Прокуратура органдарындағы прокурорлык қадағалау жұмыстары да өз деңгейінде жасалып жатыр десек қателеспеген болар едік. Прокурорлық қадағалау жұмыстары заңда белгіленген негіз бен тәртіп бойынша жүзеге асырылуда. Бұл жерде бар күш-жігер Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету, адамның және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Президент жарлықтарының және де өзғе де нормативтік құқықтық актілердің дәл, әрі бірыңғай қолданылуына қадағалау жүргізу мақсатында жұмсалды. Прокуратура заңның бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын жолдануы, заңда белгіленген тәртіп пен қылмыстық қудалауды, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырып және де сотта мемлекет мүддесін білдіреді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін құқықтық актілерге наразылық жасап, заңның бұзылуына тосқауыл қойып, қылмысқа қарсы күресті күшейтеді. Сөйтіп прокуратураның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған.
Диплом жұмысының обьектісі - прокурордың процессуалдық жағдайын реттейтін азаматтық іс жүргізу заңнамасы. Жұмыстың пәні болып прокурордың азаматтық процеске қатысуының кұқықтық реттеу мәселелері жатады.
Диплом жұмысының мақсаты - азаматтық іс жүргізу құқығының "прокурордың азаматтық іске қатысу" институтының мәселелеріне қатысты теорияда және тәжірибеде кездесетін мәселелерді ашып көрсету.
Диплом жұмысының міндеттері:
1) прокурордың азаматтық процеске қатысу жөнінде азаматтық іс жүргізу заңнамасына талдау жасау;
2) прокурордын азаматтық іске қатысуда құқықтық жағдайын анықтау;
3) прокурордың азаматтық процеске қатысу институтының мәселесіне қатысты теорияда және тәжірибеде кездесетін мәселелерді ашып көрсету;
4) қарастырылып отырған мәселеге байланысты ғылыми зерттеу жүргізуші ғалымдардың көзқарастарын, пікірлерін салыстырып талдау жасау.
Жұмысты жазу барысында мынандай терминдер, ұғымдар қолданылды:
"сот өндірісі", "талап", "субъект", "прокурор", "сатылар". "азаматтық іс қозғау", "процессуалдық талапкер", "қорытынды", "апелляция" } "прокурорлық қадағалау".
Жұмыс құрамы кіріспеден, негізгі бөлімнен, корытындыдан және қолданылған әдеиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда азаматтық іс жүргізуге прокурордың құқықтық жағдайының мәселелерін қарастырдым. Екінші тарауда прокурордың бірінші сатыдағы сотқа қатысуы қарастырылды. Үшінші тарауда прокурордың апелляциялық және қадағалау сатыларына қатысуы қарастырылды.
1 АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ПРОКУРОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізудегі ролі
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру демократиялық тұғырнаманы бекітуден, тереңдетуден және дамытудан басталады. Елдің құқықтык саясатының басымдылығының ортасы - адам, азамат және оның құқығы мен бостандығы болып табылады. Бірақ демократиялық процесті кұру басқа бастамалар сияқты шығынсыз болмайды. Осы сияқты кейбір шығындар құқықтық нигилизм, кейбір мемлекеттік субъектілердің (мемлекеттік субъектілердің мемлекеттік аппараттары, құрылымдары, азаматтар) құқықтық нормаларды қабылдамауы болып табылады. Осындай жағдайларда жеке азаматтар мен мемлекеттің мүддесін, құқықтық статусын, заңдылықты қорғауда прокуратураның ролі арта түседі. Прокуратураның қызметін, құзіретін және оның қазіргі қоғамда алатын орны туралы ғылыми тұрғыда зерттеу 1995 жылғы Конституцияны қабылдағаннан бұрын да, кейін де, яғни кеңес кезінде де ғалымдар мен практиктердің арасында тартыстар туғызып отырған мәселе. Осы мәселе барысында ғалымдар биліктерді бөліу жүйесінде - заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарымен арақатынасын зерттеуден бастаудың маңызы зор деп есептейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz