Лоренц


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Лоренц Хендрик Антон 1853 - 1928

Х. А. Лоренц 1853 ж. Голландияның Арнем қаласында дүниеге келген. Он жетi жасында Лейден университетiне түсiп, бiр жылдан кейiн ғылым кандидаты дипломын алады, ал 1875 ж. докторлық диссертациясын қорғайды.

1878-1913 ж. ж. Лейден университетiнiң профессоры болып және теориялық физика кафедрасын басқарады. 1913 ж. бастап Гарлемдегi Тейлор музейiнiң физика кабинетiнiң директоры болады.

Лоренц еңбектерi термодинамика, оптика, атомдық физика салаларымен байланысты. Оның негiзгi еңбегi - классикалық физика заңдары - электромагниттiк өрiс пен заттардың өзара әсерлесу теориясына негiзделген классикалық электрондық теорияны жасау болып табылады. Ол диэлектрлiк өтiмдiлiктi диэлектрик тығыздығымен байланыстыратын формуланы, заттың шағылу көрсеткiшiнiң оның тығыздығына байланыстылығын қорытып шығарды, электромагнитiк өрiстегi қозғалатын зарядқа әсер ететiн күш өрнегiн бердi (Лоренц күшi), заттың электр өткiзгiштiгiнiң жылу өткiзгiштiгiне байланыстылығын түсiндiрдi, жарық дамытты.

Сонымен қатар Лоренцтiң зерттеулерi газдардың кинетикалық теориясына, қатты денелердiң кинетикасына және 1904 ж. құрылған металдардың электрондық теориясына арналған.

Электромагниттік индукция

Тоқтардың магниттік әсерлесуі, электр тоғының магнит өрісінтудыру қабілеті ашылғаннан кейін көп ғалымдар кері процес - магнит өрісі әсерінен электр тогын тудыру мүмкіншілігін іздестірді . Осы мәселені 1831 жылы М. Фарадей алғашқы болып шешті . Ол өткізгіштен жасалған катушканың ішіндегі магнит өрісі өзгергенде, катушкада ток пайда болатынын анықтады. Бұл құбылыс электромагниттік индукция деп аталады.

Электромагниттік индукция нәтижесінде пайда болатын электр тогын индукциялық ток деп атайды .

Тәжірибелер катушкадағы индукциялық токты әр түрлі әдістермен тудыруға болатынын көрсетті: катушкаға магнитті кіргізуге немесе одан шығаруға болады, катушканы магнитке кигізуге немесе магниттен суырып алуға болады . Индукциялық токтың ешқандай механикалық қозғалыс болмағанда да туындауы мүмкін . Ол үшін жақын тұрған екі катушканың біреуін ток көзімен қосу керек . Егер бірінші катушкадағы токтың магнит өрісі екінші катушканың орамдарын олардың жазықтарынан перпендикулярлы өтетін болса, онда кез келген бірінші катушкадағы ток өзгерісі екінші катушкада индукциялық ток тудырады .

Кез келген тұйық контурда электростатистикалық күштердің жұмысы нөлге тең .

Бірақ катушканың тұйық тізбегінен өтетін магнит өрісінің кез келген өзгерісі индукциялық токты тудырады, бұл магнит өрісі өзгергенде, катушканың сымдарындағы электр зарядтарына табиғаты элекростатикалық емес күштер әсер ететіндігін көрсетеді . Осы бөгде күштердің жұмысы индукцияның электроқозғау-шы күші (ЭҚК) арқылы сипатталады .

Тәжірибенің көрсетуінше индукциялық токтың бағытын ылғи Ленц ережесі аталатын жалпы ереже анықтайды : индукциялық токтың магнит өрісі осы индукциялық токты тудыратын магнит өрісінің өзгерісін компенсациялауға тырысады .

Мысалы, катушкаға магнитті енгізгенде, катушкадағы магнит өрісі өсе бастағанда, катушкадағы туындаған индукциялық токтың магнит өрісінің бағыты кері болады және ол катушкадағы магнит өрісінің өсуін бөгейді . Оған қоса пайда болған индукциялық ток өзінің магнит өрісінің әсерімен магниттің катушкаға енуіне кедергі істейді, сондықтан индукциялық токты тудыру үшін бөгде күштер жұмыс істеу керек . Сонымен Ленц ережесі энергияның сақталу және айналу заңымен байланысты . Индукциялық электр тогының энергиясы өз бетімен пайда болуы мүмкін емес, ол мөлшері тең басқа энергиясының түрленуі арқылы пайда болады .

Индукцияның ЭҚК мәнін έ і тауып алу үшін келесі мысалды қарастырайық . біртекті магнит өрісінде индукция В векторына перпендикулярлы жазықтықта екі параллель металдық стерженьді l қашықтыққа орналасып, бір жақтағы екі ұшын байланыстырайық . Стержньге перпендикулярлы жылжымалы түзу өткізгіш олармен жанасып тұрсын .

Осы өткізгіш солдан оңға бір қалыпты жылдамдықпен қозғалғанда, өткізгіштегі әрбір электронға өткізгіш бойымен магнит өрісі жағынан Лоренц күші әсер етеді: FM = eυB

Лоренц күші әсерінен қозғалған өткізгіштегі барлық еркін электрондар қозғала бастайды және қозғалған AB өткізгіштер, екі BC мен DA стерженьнен оларды байланыстыратын тыныштықтағы CD өткізгіштен құралатын тұйық электр тізбегінде индукциялық ток пайда болады . Бір электронның B нүктеден A нүктеге орын ауыстыруында Лоренц күшінің істеген жұмысы: AAB =FM l = eυB l

Тізбектің BC, CD және DA бөліктерінде электрондардың қозғалыс бағыты Лоренц күші векторына перпендикулярлы болғандықтан, бұл бөліктерде Лоренц күшінің жұмысы нөлге тең .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салыстырмалы теорияның негізі
Ампер күші
Арнаулы салыстырмалық теориясы
Зарядталған бөлшектер үдеткіштері
Эйнштейн постулаттары
Хаосты радиотехникалық генераторлардың жасыру деңгейін анықтау
Лоренц кеңістігі үшін Харди-Литтлвуд тәрізді теңсіздіктер
Магнит өрісін оқытудың әдістемесі
Жарық жылдамдығының жарық көзінің жылдамдығына тәуелсіздігі
Электромагниттік индукция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz