Жабағылы өзенінің ұзындығы


- Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Қазақстанда қорықтық жұмыстарды ұйымдастыру ерекшелігі.
2. 2. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы
2. 3. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығындағы жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары.
2. 4. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы
2. 5. Оңтүстік Қазақстандағы табиғи қорықтар мен қорғалатын аймақтар
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер:
Кіріспе
«Оңтүстік Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аймақтар» атты дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, оның географиялық орнына сипаттама толық беріліп, оның нақты территориясын айқындап алдық.
Мемлекеттік қорықтардың немесе ұлттық саябақтардың болсын басты мақсаттары - табиғи ландшафтылар этолонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау болып табылады.
2001 жылы Қазақстандағы және Орта Азиядағы ең алғашқы қорыққа 75 жыл толды. Осы аралықта Батыс Тянь-Шанның кішрек өзендері Арыс - Ақсу -Жабағылы - Орта Азия халықтарына кеңінен таныс болды. Қорық туралы 500-дей ғылыми мақалалар, жинақтар, ғылыми-зерттеу жұмыстары, бейнефильмдер - қорық табиғаты туралы басылды.
Осы аталғандардың болмай қалуы да ықтимал еді, өз уақытында, 1922-19233 жылдары Орта Азия университетінің гидробиологы Л. А. Бродский, топырақтанушы Н. А. Димо, зоолог Д. Н. Кашкаров, ботаниктер Е. П. Коровин және М. В. Культиасов - осы ғалымдар қорық территориясын зерттеп, олардың жасаған ғылыми-зерттеу жұмыстары Батыс Тянь-Шанның «табиғат этолонын» құрып берді.
Сонымен қатар қорықтың алғашқы директоры Б. П. Тризна қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстарын өзі тікелей араласып, ұйымдастырып отырған. Өзінің табиғат байлықтарын сақтап, қазір қорықта 9 ғылыми зерттеу еңбектері басылды.
Б. П. Тризнаның және көптеген зерттеушілердің асыл арманы қазіргі таңда орындалып отыр. Ақсу-Жабағылы қорығы қазіргі кезде дүниежүзілік ғалымдарды да қызықтырып отыр.
Биологиялық ресурсқа деген адамның қызығушылығы бүгінгі таңда күннен күнге артып келеді. Бұған себеп болатын дүние жүзінің жақандануы, атап айтсақ адам қажеттіліктері, сауда-саттық, ауыл шаруашылығы, халықтың өсуі.
Биологиялық әртүрлілікті сақтауда қорықтардың немесе саябақтардың рөлі ерекше. Орта Азиядағы көне қорыққа 2006 жылы 80 жыл толды.
Бұл жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы бүкіл әлемге танылды. Көптеген қазақ-орыс тілерінде кітаптар, жинақтар, альбомдар басылды. Қорық дүниежүзілік туристік каталогта және жарнама агентіктерінде белгілі. Әр жыл сайын отандық және шет елдік туристер келіп, қорықтың әсем табиғатын тамашалайды.
Қорық құрылғаннан бастап көптеген табиғат комплекстері туралы ғылыми мәліметтерді, биологиялық әртүрлілікті сақтап келді.
Қазақстан Үкіметі қорықтың дамуына үлкен септігін тигізіп отыр, Үкіметтегі ағаларымыздың көмегімен жаңа қорықтар, ұлттық саябақтар, жаңа территориялар қорғалуға алынуда.
А. Н. Меңлібеков ағамыздың басшылығымен қорықта қазір экотуризмнің дамуы өте жақсы деңгейде деп айтуға болады. Болашақта Қазақстандағы туристік инфрақұрылымның дамуына Ақсу-Жабағылы өз үлесін қосып қана қоймай, елімізді дүние жүзіне танытуға үлесін қосары анық.
Қазақстанда қорықтық жұмыстардың ұйымдастырылуының бір ерекшелігі - табиғат ландшафтыларын сол қалпында сақтап, қорғалатын аймақтағы өсімдіктер мен жануарларды барынша қорғап, биологиялық әртүрлілікті сақтау.
Ақсу-Жабағылы қорығына физгеографиялық сипаттама беріп, оның негізгі ерекшеліктерін айқындап алдым.
Оның жер бедеріне және тектоникалық құрылымына сипаттама жазу барысында, оның геохронологиялық кесте бойынша өзінің қалыптасу уақытына мәлімет жазылды. Жер бедерінің қай бағытта созылуына, ерекшелігіне мәлімет жазылды.
Оның әсем табиғат климатына сипаттама жазуда, оған әсер ететін табиғи факторларды, яғни, жылдық климат көрсеткіштеріне сипаттама берілді.
Қорықтың ішкі суына, яғни, қоректенуі, режимі, бастауы, оны шаруашылық көзінде пайдалануына мәлімет жазылды.
Қорықтың топырағы мен өсімдік жамылғысына толық сипаттама беріліп, топырағының биіктік белдеулік заңына бағынуын, олардың түрлеріне сипаттама жазылып, сол биіктік белдеулерге байланысты қандай өсімдік түрлері тән екені де ескерілді.
Оның жануарлар дүниесіне ғылыми түрде топтастырып, олардың қорық аймағының қай жерінде мекен ететіні де жазылды.
Ақсу-Жабағылы қорығының табиғи ерекшеліктерін, қорықтың ірі табиғи объектілер мен салыстырылып, негізгі ерекшеліктеріне тоқталдым.
Қазіргі кезде жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстар мен қорық территориясының мемлекет тарапынан қорғалуы туралы жазылды. Қорыққа шет ел ғалымдарының қызығушылықтары ашылып, оны зерттеуге мүмкіндігі мейлінше қарастырылып отыр.
Сонымен қатар Қаратау қорығы болсын, ұлттық табиғи саябақтар болсын біз олардың негізгі табиғат ландшафтыларын қорғауымыз керек.
Сөз соңында қорытындылап, өзімнің тың пікірлерімді және де қорық территториясын қорғауда болашақта өз үлесім тигізу арқылы оның әсем де сұлу көркін сақтап қалуға өзіме жеке міндеттер жүктедім.
Жалпы қорыққа физгеографиялық сипаттама беріліп, оның саң қилы жақтарына тың пікірлердің ұштасу арқасында курстық жұмыс орындалды.
Өз тарапымнан да тың пікірлер қосып, оның гүлденуіне, жандануына өзімнің «табиғат анамызға» деген сүйіспеншілік көзқарасымды білдіріп, алдағы уақыттарда өз үлесімді қосамын деген ойдамын.
... жалғасы2. 1. Дүние жүзінің көптеген елдерінде халықаралық табиғат қорғау одағының ұсынысы бойынша жалпы мемлекет аумағының 10 пайыз жерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға айналдыру көзделген. Осыған байланысты біздің елімізде де соңғы жылдары ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемін ұлғайтуға ерекше мән беріліп отыр. 2006 жылдың 7-шілдесінде «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңның қабылдануының өзі және «Табиғат қорғау мен табиғат байлықтарын ұқыптылықпен қарауға белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басты міндеттерінің бірі ретінде танылды» (Қазақстан Республикасы экология Кодексінен. 9 қаңдар, 2007 жыл) кодексі елмізде табиғат қорғау мәселелеріне басты назар аударылып отырғандығының нақты дәлелі бола алады. Қазіргі таңда Қазақстан жерінде осындай ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 10 мемлекеттік табиғи қорық, 9 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, 5 мемлекеттік ботаникалық саябақтар, 57 мемлекеттік табиғи қорықшалар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 5 мемлекеттік қорық аумақтары ұйымдастырылған. Мұндай ерекше қорғалаттын табиғи аумақтарға бөлінген жалпы жер көлемі өлкемізде 17 млн 874 мың гектар алқапты алып жатыр. Бұл көрсеткіш республикамыздың жалпы жер көлемінің 6, 5 пайызына тең. Таяу жылдарда еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемінің тағы да 1 млн. 800 мың гектар алқапқа ұлғайту жоспарланып отыр.
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондары, реликтілері ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризм мен рекреацияға арналған объектілері ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтардың жиынтығы.
Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін қажет. Осыған байланысты Қазақстандағы қорықтардың даму ерекшеліктері туралы қысқаша түсініктер бере кетсем.
Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылды. Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 74 мың га-дан астам жерді алып, төрт биіктік белдеуді қамтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу - өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар дала, 1500-2300 м-лік далада шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі.
Мұндағы қорық көріктерінен ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 аралығында), бадам бұтасы, жабайы алма және басқа да оңтүстіктің өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, қарақұйрық, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты аю және т. б. кездеседі.
Наурызым қорығы 1934 жылы ұйымдастырылған. Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 87 мың ге жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала қорғауға алынып зерттелуде, көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ қарағай сақталып келген. Қорық көлеміне Наурызымдағы қарағай мен Тіпсек орманы да кіреді. Оңтүстіктегі сұр топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы сор топырақта алуан түрлі қайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі.
Алматы қорығы 1931 жылы құрылған. Аумағы 91 мың га-ға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «Әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құм төбе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары қарлы-мұзды белдеуде субальпі және альпі шалғындары болады. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 60 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстың түрлері бар.
Қорғалжын қорығы 1958 жылы құрылған. Қорық Ақмола облысының 237 мың ға-дан астам жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжын және Теңіз ( 199 мың гектар) көлдері кіреді. Бұл жерлер дүинежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген.
Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 71 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Өкінішке орай, шығысында 1, 5 мың га жер көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса, қорыққа енбеген.
Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін қаңтардың ең төмен орташа температурасы -26°С, -27°С, кейде аяз -55°С-қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы +14°С, +17°С, ең жоғарғысы +30°С-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық. Көлге 27 кішігірім өзен, жылға құяды, ал одан Ертістің оң саласы Қалжыр өзені ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен алтын тамыр кездеседі.
Үстірт - республикадағы ең жас қорықтардың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылған. Республиканың ең үлкен қорығы Үстірт жерінде орналасқан. Климаты солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын-шашын мөлшері тым аз ( жылына 120 мм) . Қорықты ұйымдастырудағы мақсат - Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелген шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құсты қорағу және сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататындар: жабайы қойдың ерекше түрі үстірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан.
Батыс Алтай қорығы 1997 жылы құрылған, ауданы 30, 7 мың га. Қорық Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесі қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс жағын, Холзун, Көксу және Иванов жоталарын қамтиды. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі ( қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары) сақталған. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 145 түрі, құстардың 108 түрі, сүтқоректілердің 28 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар және т. б. сирек аңдар кездеседі.
Алакөл қорығы 1998 жылы құрылды. Ауданы 3, 3 мың га. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық су-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 98 түрі, өсімдіктердің 107 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 4 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты - Алакөл жүйесіне енетін көлдерде мекендейтін су құстарын (аққу, реликті шағала, қаз және т. б. ) қорғау.
Қаратау қорығы 2004 жылдың 1-наурызында құрылды. Жалпы көлемі 34300 га. Солтүстік, солтүстік-шығыс және Созақ аудандарымен шекаралас. Өсімдіктердің 540-тан астам түрі, сүтқоректілердің 20 түрі. Құстардың 118 түрі, буынаяқтылардың 125 түрі кездеседі.
Кейінірек ерекше қорғалатын табиғи аймақтың жаңа түрі болып ұлттық саябақтар ашыла бастады. Ең бірінші 1985 жылы Баянауыл мемлекеттік ұлттық саябағы, ал басқалары - 90 шы жылдардың екінші жартысында құрылды. Қазіргі таңда ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жалпы көлемі 14 млн 48 000 га немесе мемлекетіміздің 5, 2 пайызын алып жатыр. Дегенмен де бұл көрсеткіш басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен.
Қазіргі таңда бар мемлекеттік табиғи қорықтар: Үстірт, Барса-келмес, Алматы, Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Марқакөл, Батыс Алтай, Қорғалжын, Наурызым, Қаратау.
Болашақта ашылатын қорықтар: Ерементау, Торғай, Сытас, Балхаш маңындағы, Каспий маңындағы, Тарбағатай, Бетпақдала, Урдық, Миргород, Орталық Қазақстан, Қызыл бор, Жабайыұшқан, Жаңа жол, Сырдария, Новин.
Тағы да мемлекеттік табиғи ұлттық саябақтары: Алтын Емел, Іле-Алатау, Қатон-Қарағай, Қарқаралы, Баянауыл, Бурабай, Көкшетау, Шарын құз-шатқалы.
Болашақта ашылатын ұлттық саябақтар: Жоңғар аймақтық, Достық, Көлсай көлі, Ситин, Орал, Ақтау, Атырау, Согров.
2. 2. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы Батыс Тянь-Шаньның Талас Алатауы жотасының батыс сілемдерінде орналасқан. Қорықтың солтүстік және батыс шекарасы Талас Алатауы, Жабағылытау және Өгем жотасының баурайымен өтеді (1300-1600 метр биіктікте), оңтүстік және оңтүстік-шығысында қорық Талас және Өгем жоталарының биік тауларымен, Қырғыстан және Өзбекстан елдерімен шекараласады. Қазіргі физгеографиялық аудандастыру бойынша қорық аумағы Орта Азиялық таулы жердің Батыс Тянь-Шань провинциясында орналасқан. Қорық орналасқан Піскем-Өгем округінің жотасында әктас, тақта тас, кварцит кең тараған. Қорық Талас Алатауы жотасының солтүстік-батыс бөлігін, Угам жотасын алып жатыр. Солтүстік-батысқа 120 км қашықтықта қорықтың 2 палеонтологиялық учаскісі: Қарабастау, Әулие орналасқан.
Қорық 1926 жылы 14 шілде айында ұйымдастырылды. Ақсу-Жабағылы Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы ұйымдастырылған қорық болып табылады.
Жер жаннаты - Ақсу-Жабағылы қорығының тарихынан
Талас Алатауының осы әсем өңірін, оның өсімдігі мен жан-жануарлар дүниесін зерттеу ХІХ ғасырдың аяғында басталған болатын.
1805-1908 жылдары атақты ботаник Б. А. Федченко осы жердің өсімдіктері жөнінен біраз материалдар жинап, «Түркістан өсімдіктері» деген еңбегін жазды. Сол кездері бұл маңда белгілі ғалымдар Н. А. Северцев пен Н. А. Зарудный болып, осында мекендейтін аң, құстар туралы деректер жинады.
1921-1923 жылдары мұнда Орта Азия университетінің ғалымдары Д. Н. Кашкаров, Е. П. Коровин, В. П. Курбатовтар сүт қоректілер мен құстарды зерттеумен айналысты. 1936-1939 жылдары А. П. Масальский «Ақсу-Жабағылы қорығының өсімдіктері», «Жеміс-жидек бақтары» деген тақырыпта ғылыми жұмыстарды іске асырды. Қорықта тіршілік ететін құстарды биология ғылымының докторы бұрыңғы қорық қызметкері А. Ф. Ковшарьдың «Талас Алатауының құстары» деген көрнекті еңбегінде көрсетті. Сондай-ақ осы өңірдің өсімдік дүниесін зерттеумен 20 жылдай уақыт биология ғылымының докторы Н. Х. Кармышова айналысты. Көп жыл қорықта еңбек еткен биология ғылымының кандидаты А. А. Иващенко шипалы өсімдіктер жайында ғылыми жұмыстар жүргізген.
Талас Алатауының батыс бөлігінде қорық ұйымдастыру мәселесін Орта Азия мемлекеттік университетінің профессоры А. Л. Бродскийдің ұсынысы бойынша 1922 жылы ескі заман ескерткіштерін табиғатты және өнерді қорғаудың Түркістан комитеті көтерген болатын. Бұл орайда қазақтың біртуар перзенті, аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың тереңнен болжаған кемеңгерлігі, игі әсері, тікелей ықпалы болғаны белгілі. Бұл өңір табиғатының сұлу көріністеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің көп екендігін ескеріп, Тянь-Шань тауының осы бөлігін қорыққа айналлдыру керек деген қорытындыға келді. «Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында қорық боларлықтай біраз артықшылықтар бар: мұнда тек осы өңірге тән, әлі ешқандай кәсіптік мақсатқа пайдаланылмаған өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі тіршілік етеді. Ландшафтысы сондай әсем, сәулетті және ғылыми тұрғыдан алғанда, үлгі боларлықтай», -- деп жазды зерттеген ғалымдар.
1926 жылғы 14 шілдеде «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат - Батыс Тянь-Шанның (Тәңіртау) ландшафтық ерекшелігін сол табиғи қалпында сақтап, осы тау жүйесіндегі табиғат комплекстерінің даму заңдылығын жан-жақты зерттеу еді.
Міне, Қазақстандағы тұңғыш қорық осылайша келген болатын. 1927 жылы 28 мамырда РСФСР Халық Комссарлар Советінің «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік қорығы бүкілодақтық маңызда деп есептелсін деген қаулыда төрағасы М. Калинин мен төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов қол қойды.
Тянь-Шань Орта және Орталық Азиядағы орасан зор тау жүйесі. Ол 2, 5 мың шақырымға созылып жатыр және бір қатар тұтастай тау жоталарынан құралғанын білеміз. ТМД мемлекеттері аумағында Тянь-Шань Солтүстік, Орталық, Ішкі және Батыс Тянь-Шань болып бөлінеді. Соңғысының ең шеткі таралымы болып Талас Алатауы саналады, оның солтүстік-батыс сілемінде Орта Азия мен Қазақстандағы ең байырғы қорық - біздің «Ақсу-Жабағылы» қорығымыз орналасқан. Солардың бәріне ортақ, кемшілік осы қорықтың ұйымдастырылуы мен құрылуының басы-қасында болып, әрі оны бекітіп қол қойған Тұрар Рысқұлов сынды халқымыздың ардақты ұлының есімінің аталмай қалуы. Туған халқы үшін жанын қиған, елінің тағдырына тікелей араласып, оның тәуелсіздік болашағын аңсаған, даңқты, ұлы ағамыздың, ата-бабасының кіндік қаны тамған өлкесінде құрылып жатқан Ақсу-Жабағылы қорығына көңіл бөлмеуі мүмкін емес деген сенімді, сәулелі ой бізді мұрағат құжаттарына тереңірек үңілуге жетеледі.
Тұрар Рысқұлов 1921 жылдан 1922 жылдың қыркүйегіне дейін бұрыңғы РСФСР Ұлт істері комиссариатының қызметкері, коллегия мүшесі және халық комиссариатының 2-ші орынбасары, 1922 жылдың қыркүйегінен 1924 жылдың сәуіріне дейін Түркістан Республикасының Халық комиссариаты Кеңесінің председателі болып істеген. 1926 жылдан 1937 жылғы шілде айына дейін бұрыңғы РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесі председателінің орынбасары болып қызмет атқарған. Бүкіл Ресейлік Орталық Атқару Комитеті (ВЦИК) пен бұрыңғы РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1925 жылғы 5-ші және 24-ші қазандағы қаулысының негізінде, 1926 жылы 14 шілдеде Қызыл Орда қаласында Ақсу-Жабағылы Мемлекеттік қорығын құру туралы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің және Халық Коммссарлары Кеңесінің қаулысы шығады. 1927 жылғы 28 мамырда РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Ақсу-Жабағылы Мемлекеттік қорығы Бүкілодақтық маңызда есептелсін деген қаулы бар. Осы қаулыға М. Калинин мен Т. Рысқұлов қол қойған.
Тұрар ағамыздың қорықтарды Бүкілодақтық көлемде, соның ішінде Қазақстан қорықтарын ұйымдастыруда өлшеусіз еңбегі, ықылас арманы сайрап жатыр. Сексен бес жылдан аса өмір сүріп келе жатқан әлемдік ғылымға үлкен үлес қосқан Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығының тарихында, оның қайнар бастауында, халқымыздың мақтаныш тұтар ұлы Тұрар Рысқұловтың тікелей ат салысуы, әсіресе болашақ жастар үшін биік мәртебе болып қала бермек.
Сол уақытта қорықтың көлемі 30 мың гектар болатын. Қорықтың алғашқы директоры Б. П. Тризна Батыс Тянь-Шань (Тәңіртау) тауында құрылған алғашқы қорықтың штатында әуелде жеті-ақ адам болды.
Көліктен тек қана екі ат қана бар болатын. Б. П. Тризна бастаған бұл ұжым қорықтың алдына қойған мақсаты мен міндеттерін жақсы түсініп, табиғат байлықтарын қорғауда зор жұмыстар атқарды.
Қазіргі таңда қорықтың директоры Айтбек Меңлібеков мырза, ағаның ұжымында 42 адам қорық қызметтерін атқарады. Оның ішінде 15 инспектор, 6 ғылыми қызметкерлер, 3 лаборант, қору бөлімі, әкімшілік бөлімі және экологиялық қызмет бөлімі бар.
«Ақсу-Жабағылы » қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Орта Азия мен Қазақстанда құрылған тұңғыш қорық осы жердің табиғатын бізге және келешек ұрпақтар үшін бәз қалпында сақтап қалуға еңбек сіңірген адамдардың есімдерін естен шығармауымыз қажет.
Күні бүгінге дейін «Ақсу-Жабағылы» қорығы Қазақстандағы бірегей қорықтардың бірі болып қалып отыр. «Ақсу-Жабағылы» қорығы Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төлеби және Бәйдібек аудандары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz