Көлік құралдарының иелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе7

1 Техника - экономикалық негіз9

1. 1 Ақтөбе қаласына қысқаша сипаттама9

1. 2 Қала көше - жол торабының сипаттамасы11

1. 3 Автокөлік паркінің статистикалық анализі14

1. 4 Жол көлік оқиғасын сараптау15

2 Диплом жобасын шешудегі теориялық және әдістемелік сұрақтар32

3 Зерттеу бөлімі34

3. 1 Жол қозғалысын зерттеу әдістері мен сипаттамалары34

3. 2 Құжаттық зерттеу35

3. 3 Табиғи зерттеу36

3. 4 Көлік ағыннының сипаттамалары38

3. 5 Көлік құралдарының реттелген қиылысудағы іркілісін оқып білу39

3. 6 Қозғалыс қарқындылығы мен құрамын зерттеу42

4 Практикалық шаралар50

4. 1 Жол қозғалысын автоматты басқару жүйесі50

4. 2 Жүйелер құрылымы және қозғалысты басқару әдістері52

4. 3 Үздіксіз қозғалысты жолдардағы басқару жүйесі60

4. 4 «СТАРТ» басқару жүйесі62

5 Жобаның экологиялық тазалығы және қауіпсіздігі67

5. 1 Автомобиль көлігінің қоршаған ортаға әсері67

5. 2 Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы70

5. 3 Қоршаған ортаға көлік ағымының зиянды әсерлерін төмендету71

шаралары71

6 Экономикалық бөлім72

Қорытынды75

Қосымша77

Кіріспе

Автокөлік процесі жылдан - жылға дамып халық шаруашылығында және жеке мақсаттарда кеңінен қолданылады. Қоғамның әлеуметтік дамуына жағымды және ойдағыдай әсер қалдыру үшін бірқатар проблемалардың шешілуі талап етеді. Бұл мәселелерді шетел және отандық тәжірибе көрсеткендей автомобилизация мемлекетіміздің экономикасына адамдардың ыңғайлылығына және жайлылығы секілді бірнеше жағымды жақтармен қатар бірнеше жағымсыз жақтар тудырады: адамдардың өлімі, жол көлік апаты нәтижесінен оразан зор материалдық шығындар, шумдардың артуы, қаладағы ауа бассейндерінің ластануы және қозғалыс жылдамдығының күрт төмендеуі.

Казіргі кезде тез және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету, архитекторлы жобалау және ұйымдастыру мінезді кешенді шараларды қолдануды қажет етеді:

- архитекторлы жобалау шараларына жаңа жолдарды салу және бар жолдарды, магистральдарды қайта өңдеу, әр түрлі деңгейде көліктер қиылысуын, жаяуларға тоннелдерсалу және қала сыртында транзиттік автокөліктер ағынына жол салу жатады.

Ұйымдастыру шаралары бар көше-жол торабындағы қозғалысты реттеу үшін қолданылады. Оған:

- бір бағыттағы қозғалысты, қиылысуда айналмалы қозғалысты енгізу, жаяулар өткелдерін, автокөлік тұрақтарын, қоғамдық көліктер аялдамасын ұйымдастыру жатады.

- ұйымдастыру шараларын қолдануда негізгі болып техникалық құралдар есептеледі, олар - жол белгілері мен таңбалары, бағдаршаммен реттеу құралдары, жол қоршаулары және бағыттаушы құрылғылар.

Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер мен тәжірибе автокөліктендіру туғызатын қолайсыз жағдайларды жою немесе олардың себептерін азайтуды түсіндіре алады. Оның ішінде қозғалыс қауіпсіздігін арттыру жолдарына баса назар аударады.

Қозғалыс қауіпсіздігі мен жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін инженерлік қызметтің негізгі қызмет бағыты мыналар болып саналатын: жол қозғалысының жағдайын зерттеу, реттеудің техникалық құралдарын зерттеу, ендіру, жол қозғалысын ұйымдастыру шаралары бойынша болжау және оны жетілдіруді қамтитын үлгілі деңгейдегі жол қозғалысы қызметімен жүзеге асырылады.

Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша кез келген деңгейдегі шараларды белгілеу алдында ол техникалық-экономикалық жағынан мұқият негізделуі қажет. Жол қозғалысын ұйымдастыру кезінде тұрақты түрде ЖКО себептерін көліктердің, жаяулардың, жолаушылардың кідірістерін талдау талап етіледі. Ол жолдарда аз қаражат жұмсап қозғалыс жағдайын жақсартудың тиімді жолдарын табуға көмектеседі. Бұндай талдау жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсартатыны бірінші кезектегі шараларды белгілеп, экономикада пайдаланылмай жатқан қаражат көздерін қарастыруға мүмкіндік береді.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен қатар көше жол торабында кездесетін проблемалардың бірі - көлік құралдарының іркілісін азайту мақсатында қозғалысты автоматты басқару жүйесі қолға алынды.

Жол қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесі (ҚАБЖ) қиылыстарда іркілісті азайтады, ЖКО санын біршама төмендетеді.

Диплом жобасының мақсаты - оқу процесі кезіндегі теориялық білім мен практикалық ілімді ұштастыру болып табылады, оның ішінде сапаны бағалау, көшелер мен автокөлік жолдарының жағдайын көше-жол торабында ЖКО-сының алдын алу және оқиға болғаннан кейінгі оның ауырлығын азайту мақсатында жол қозғалысын дұрыс ұйымдастыру шараларын белгілеу.

1 Техника - экономикалық негіз

1. 1 Ақтөбе қаласына қысқаша сипаттама

Ақтөбе қаласы Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс өңірінде орналасқан Ақтөбе облысының орталығы болып табылады. Облыс 1932 жылы құрылды.

Ақтөбе облысы солтүстігінде - Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында Атырау және Батыс Қазақстанмен, шығысында-Қостанаймен, оңтүстік шығысында Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Облыс территориясы солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырымға дейін созылған 300 шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс хром рудалары, никель-кобальтты, фосфор рудалары, түсті металдар, калий тұзы, мұнай және газ, тас көмірлер, бокситтерге бай.

Климаты шұғыл континентальды және құрғақ. Ең суық қаңтар айының орташа температурасы -15, 16С, ал ең ыстық шілде айының орташа температурасы +22, +25С. Жауын шашынның орташа жылдық саны 125-350 мм. Ірі өзендері: Торғай (825км), Ойыл (800км), Жем (712км), Ырғыз (593км) .

Ақтөбе облыстық көлік коммуникациясы темір жол, автомобиль, әуе жолы, құбырлық, байланыс желісі және телекоммуникация түрлеріне бөлінеді. Облыстың географиялықтиімді орналасуы жүк және жолаушы тасымалдауды 4 бағыт бойынша жүргізетін және халықаралық қатынаста транзиттік тасымалды жүзеге асыратын темір жол көлігімен жүйенің негізі болуға мүмкіндік береді.

Ақтөбе қаласы Елек өзенінің жағасында орналасқан, ол 1869 жылы құрылды. Астанаға дейінгі қашықтық 1678 км. Ақтөбе қаласы Қазақстанның басқа да қалалары сияқты дамуы мен өркендеу үстінде. Бұл ескі үйлер мен жаңа кварталдар, қысқа көшелер және үлкен даңғылдар қаласы.

Ақтөбені шын мәнінде Қазақстанның батыс қақпасы деп атайды, өйткені бұл жерден Орта Азия елдерін Европамен және Орал Сібірдің өнеркәсіп аймақтарымен байланыстыратын маңызды темір және автокөлік жолдары өтеді. Ақтөбе аэропорты халқаралық мәртебеге ие, және ол облыс орталығын тікелей рейстер арқылы Қазақстанның, Ресей мен Батыс Европаның қалаларымен байланыстырады.

Сонымен бірге, географиялық орналасу жағдайына және экономикалық маңызына сәйкес, дамыған сан түрлі көлік қатынасы жүйесі бар Ақтөбе қаласы Қазақстанның еуразиялық сипаттағы ірі де стратегиялық маңызы зор қаланың бірі болып табылады. Өндірістік-экономикалық, ғылыми-техникалық, рухани-мәдени қуаты зор Ақтөбе еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуында үлкен рольге ие және Батыс Қазақстан аймағының ірі орталығы болып табылады.

Қалалық әкімшіліктің құрамына 5 селолық округ: Новый, Сазды, Қарғалы, Курайлы, Благодар селолық округтері кіреді. 2009 жылғы мәлімет бойынша қалада 310 мыңнан астам адам тұрады. Қала экономикасы дамыған өнеркәсіп өндірістерімен, құрылыс кешенімен және көлік-коммуникация инфрақұрылымымен сипатталады. Қала өнеркәсібінде қара металлургия, хмимя өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, машина құрылысы және металл өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді.

Қаланың ірі кәсіпорындары: еліміздің металлургия өнеркәсібіндегі байырғы кәсіпорындардың бірі болып табылатын «Феррохром» АҚ және химия өнеркәсібінің ардагері болып саналатын «Хром қосындылары зауыты» АҚ өз өнімдері арқылы әлемнің ондаған елдеріне танымал болды.

«Феррохром» Ақтөбе қаласының өзінің негізгі қызметінен басқа силикат кірпішін, оттегі, әк, сүт өнімдерін шығаруды жолға қойып, үш мыңға жуық адам үшін қосымша жұмыс орындарын ашты. Кәсіпорын экономикадағы өтпелі кезең қиындықтарына қарамастан, металлургтердің мәдениет үйі, спорт базасы, санаторий-профилакторий сияқты барлық әлеуметтік инфрақұрылымды сақтап қалды.

«АЗХС» ААҚ жағдайын дайын өнімдерді өткізу, өндірістік қуаты, өндірістік кадрлармен қамтамасыз ету және шикізаттың негізгі түрлерімен, отын-энергетика ресурстарымен қамту сияқты сипаттары бойынша айтуға болады. Қазіргі кезде зауытта екі мыңнан астам адам жұмыс істейді.

1. 2 Қала көше - жол торабының сипаттамасы

Көше - жол торабы дегеніміз - қаланың жобасында көше мен жолдарының бір-бірімен байланысып тор түзуі. Осы тордың геометриялық суретіне қарап отырып, қаланың көше-жол торабын төрт схемаға бөлеміз:

  1. Еркін схема
  2. Төрт бұрышты схема
  3. Төрт бұрышты - диогональды схема
  4. Радиальды - сақиналы схема

Еркін схема ескі оңтүстік қалаларға тән. Барлық көшелерінің ені өзгермелі және тар бір жақты қозғалыс болып келеді. Мұндай көшелерді қайта өңдеу үшін сол жердегі құрлыстарды бұзу керек болады.

Төрт бұрышты схема өте кең таралған схемалардың бірі. Артықшылығы: қаланың орталығы анық көрінбейді. Сондықтан да көлік ағымы қала территориясына бірдей таралған. Бұл схеманың кемшілігі: бір жолда қозғалыспен жүктелген қиылыстардың саны, қаланың шеткі нүктелерімен тура байланыс жоқ.

Төрт бұрышты - диогональды схема - төрт бұрышты схеманың дамыған дамыған түрі, қаланың шеткі нүктелерін бір-бірімен тура байланыстыру мақсатында диогональды-хордалы жолдар жүргізілген. Бір өзекті мәселені шешкенмен екінші мәселе туындайды. Ол қиын қиылыстардың пайда болуы.

Радиальды - сақиналы схема - өте ірі, ірі қалаларға тән. Екі түрлі магистральдан тұрады: радиальды және сақиналы. Радиальды магистраль автокөлік жолдарының жалғасы болып табылып, көлік ағымының қалаға тереңірек кіруіне қызмет етеді. Сақиналы магистраль көбіне таратушы магистраль болып табылады, бір радиальды магистарльдан екіншісіне өту үшін қарастырылады. Мысалы, Мәскеу қаласына тән. Кемшілігі: қаланың орталығы нақты көрінген, сондықтан да қала орталығына жақындаған сайын көлік ағымының қарқындылығы арта түседі.

Ақтөбе қаласының жоспарлық құрылысы көше-жол торабының тікбұрышты жоспарлы схемасы түрімен құрылған.

Қаладағы және қала маңындағы автокөлік жолдарының ұзындығы 548 км; яғни 305 көше 839 қиылысулар бар. Соның ішінде 235 көшеге техникалық құжат берілген.

Жалпы автокөлік жолдары «Құрылыс нормалары мен ережелеріне»сәйкес (ҚН мен Е - 2. 05. 02. -85) қозғалыс қарқындылығына байланысты бес категорияға бөлінеді.

Қала көше жолдары қозғалыс қарқындылығына қарай емес, қызметіне қарай жіктеледі. Қала көше жолдарының жіктелу қажеттілігі қала территориясында көліктің барлық түрінің қозғалысын қамтамасыз етуден туындап отыр. Жіктеудің мақсаты көшенің атқаратын қызметіне қарай біртекті көлік ағымын ұйымдастыру. Көше-жол торабын қаланың бас жобасын 50-100жылға болжап, арнайы территория қалдырады. Көше территориясын құрылыс территориясынан бөліп тұратын шекараны қызыл сызық деп атайды. Көшенің барлық элементтері осы қызыл сызық арасында орналасады.

Атқаратын қызметіне қарай көше жолдары төмендегідей түрлерге бөлінеді:

1. Жылдамдықты магистральды жолдар - қала көлігінің үздіксіз және жоғары жылдамдықты қозғалысын қамтамасыз ету үшін арналған. Бұл жолдар өте ірі және ірі қалаларда болады, қаланың шетінде орналасқан өндіріс ауданы және қаладан тыс автокөлік жолдары көліктік байланысын қамтамасыз етеді. Қала мен қала сыртындағыны байланыстырады, әуежай мен демалыс орнын байланыстырады, қиылысу әртүрлі дейгейде жүргізіледі, көлік түрі - жеңіл автокөлік және қоғамдық-экспресс жолаушы автобусы. Техникалық параметрі: Есептік жылдамдығы 80-100км/сағ, жүріс жолағының ені 3, 75метр, жолақтар саны -4-8.

  1. Магистральды көшелер - бұл екіге бөлінеді:

а) жалпы қалалық маңыздағы б) аудандық маңыздағы.

Жалпы қалалық маңыздағы магистральдық көше - қаланың орталығын жалпы қалалық маңыздағы объектілермен, өндіріс ауданымен, сырт жолмен, сонымен қатар тұрғын, өндіріс және қойма аудандарын өзара байланыстыратын жол. Қозғалыстың мөлшеріне және қиылыстың жергілікті шарттарына байланысты басқа көшелермен байланыс бір және әртүрлі деңгейде болады. Есептік жылдамдығы 80км/сағ., ені 3, 5метр, жолақ саны 4-8, бойлық еңістігі 50‰. Аудандық маңыздағы жол жобалық аудан шекарасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етеді: өндіріс мекемелерін қоғамдық орталықпен, демалыс орындарымен байланыстырады. Магистральды көшелер мен бір деңгейде: жүк автокөліктер қозғалысы болады. Есептік жылдамдығы 60 км/сағ, ені 3 метр, жолақ саны 2-4, бойылық еңістігі - 60‰-ге дейін.

3. Жергілікті маңыздағы көше мен жолдар.

а) тұрғын зонадағы - тұрғын аудан территориясындағы көліктік және жаяулар байланысы, магистральды жолдарға шығу және реттелген қозғалысты жолдарға шығу. Техникалық параметрлері: есептік жылдамдығы - 40км/сағ, жолақ саны - 2-3, ені - 3метр, бойлық еңістігі - 70‰-ге дейін.

б) өндіріс қойма жолдары - көбіне жүк автокөліктерінің қозғалысына арналған жолдар, магистраль жолдарға шығу байланысын атқарады, қиылысу бір деңгейде. Техникалық параметрлері: есептік жылдамдығы - 50км/сағ, жолақ саны - 2-4, ені - 3, 5 метр.

в) жаяулар жолы - жаяулардың аялдамаға дейін, еңбек мекемелеріне дейін, демалыс орнына дейін, қоғамдық орталыққа дейін байланысын қамтамасыз ететін жолдар. Техникалық параметрлері: бір жолақтың ені - 1 метр, ең үлкен бойлық еңістігі - 40‰.

Ақтөбе қаласы автокөлік, әуе, темір жол көліктерінің шоғырланған түйіні болып есептеледі.

Қаладағы негізгі магистральдар мыналар:

  • Абылқайыр хан даңғылы - бойында қаланың қоғамдық орталығы орналасқан қаланың бас көшесі. Ол қала орталығының мөлтек аудандармен және Москва ауданымен көліктік байланысын қамтамасыз етеді.

- 312 - ші атқыштар дивизиясы көшесі арқылы Құрмыш ауданымен Солтүстік өнеркәсіп зоналарымен көліктік байланысты және Орынбор (Ресей) қаласына шығуды қамтамасыз етеді.

- Сәңкібай батыр даңғылы батыс өнеркәсіп зоналарының 12 мөлтек ауданмен көліктік байланысын қамтамасыз етеді және оңтүстікке автокөлік ағындарын айналма жолға шығарады.

  • Асау барақ көшесі − бұрынғы М. Горкий көшесі, 19ғ. отаршылыққа қарсы күресті ұйымдастырушылар, халық батырлары Барақ пен Асаудың құрметіне арналған. Шернияз, Әйтеке би, Жанғожа батыр, Сазды, Құлымбетов көшелері қиып өтеді. Көшеде «Өмірбек» акционерлік қоғамы, Ұлттық банктің облыстық бөлімшесі, орта мектеп орналасқан.
  • Қаланың шығыс бөліктерінде ірі магистральдар болып автовокзалмен көліктік байланыстарды және шығыста автокөлік ағындарын айналма жолға шығаруды қамтамасыз ететін Алтынсарин, Ломоносов, Уалиханов көшелері табылады. Сонымен қатар бұл көшелер жаппай жолаушылар көлігінің айтарлықтай жүктемесін көтереді.
  • Зинченко көшесі қаланың ескі бөлігінің байланысын іске асырады және оңтүстікте автокөлік ағындарын Алға қаласы, Атырау қаласы айналма жолына шығарады.
  • Некрасов көшесі Елек өзенінің көпірі арқылы Қарғалы ауданының оңтүстік бөлігіне, одан әрі Ақтөбе - Орск жолына көліктік қатынасты жүзеге асырады.

- Ә. Молдағұлова Ақтөбе қаласының орталық көшелерінің бірі. Ол қалаға Орал қаласы жағынан кірісті орталықпен байланыстырады және әрі қарай жол өткел арқылы автокөлік ағындарын айналма жолға шығарады.

Жол қозғалысында басқару объектісі болып көліктер мен жаяулар ағыны саналады. Басқару дегеніміз бір немесе басқа объектіге әсер етіп, оның жұмыс істеу қабілетін жақсарту. Қозғалысты басқарудың мақсаты - бұл жүргізушілер мен жаяулардың міндеттеп, жылдамдық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларға тыйым салу немесе ұсыну.

Жол қозғалысын ұйымдастырудағы техникалық құралдар тағайындалуына байланысты екі топқа бөлінеді.

Бірінші топқа көрсеткіштері қалыптасу үшін көліктер мен жаяулар ағындарына тікелей әсер ететін техникалық құралдар жатады. Оған жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам мен бағыттаушы құрылғылар жатады.

Қалада көшедегі қозғалысты реттеу үшін 1450 жол белгісі, оның 209 іштен жарықтанған көлемді, 1241 жарық қайтарғыш пленкалы жол белгілері, көліктер мен жаяулар бағдаршамдары, жүру бөлігінде бағыттаушы таңбалар мен қоршаулар орнатылған. Ондағы 68 бағдаршамды объектінің 66-і, немесе 97% жұмыс істеуде. Соңғы бес жылда ЖКО-сын саралауда анықталғаны, барлық ЖКО-ның 27%-ы қиылысуларда болады, сондықтан да бағдаршаммен қамтылған объектілерді іске қосу қажет.

Екінші топқа бірінші топтағы құралдардың берілген алгоритм бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз ететін құралдар жатады. Оған жол бақылаушылары, көлік детекторы, қозғалысты басқаруды автоматтандыру жүйесінің басқару пунктерінің жабдықтары, диспетчерлік байланыс құралдары жатады.

Биыл мемлекетіміздің қала жолдарына байланысты шығарылған «жол картасы» бағдарламасы бойынша қаламыздағы бірнеше көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы бағдарлама көлемінде жөндеу жұмыстарына көлік және жол жөндеу мекемелері ат салысты. Жөндеу жұмыстары барысында қала көшелерін кеңейту, жасыл желек, жаяулар тратуарларын, қоғамдық көлік құралдарына арналып жолдың кейбір бөліктеріне қалталар және т. б. өзгерістер енгізілді, яғниқаладағы 6 көшеге құрылыс және реконструкция, 13 көшеге күрделі, 2 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Бұл өзгерістер сол көшелердің өткізу қабілетін көлік және жаяулар қарқындылығына және де жолдың басқадай көрсеткіштеріне қалай әсер етілгенін көруге боладыЖаяуларға арналған 1127 км тротуарлар және 13680 п. м. қоршаулар бар. Негізгі магистралдарда 16 км бардюрлер жаңартылды. Қазіргі 3 темір жол өткелі, 2 жол өтпелі бар. Қаланың ескі бөлігіндегі негізгі магистраль көшелерінің ені 9, 0 метр, сондықтан Көкжар және Шернияз көшелерінде көліктердің бір бағыттағы қозғалысы қарастырылған.

Жөндеу жұмыстары жүргізілсе де туындаған барлық проблемаларды шешуге әлі де мүмкіндік болмай отыр. Жолды ұзақ уақыт пайдалануы, атмосфералық жауын-шашынның әсері, жауын суы ағатын канализацияның жоқтығы, автокөлік паркінің көбеюі, жолдарды ұстауға және оларды жөндеуге бөлінетін қаржының жеткіліксіздігі асфальтты жамылғылардың ескіруіне әкеп соғады.

Автокөлік құралы адамның қызметінің барлық саласындағы тасымалдаудың көп көлемін қамти отырып, қазіргі заманғы өміріне нақты кірді.

1. 3 Автокөлік паркінің статистикалық анализі

Қалада жылдан жылға автокөлік саны көбейіп өсуде. Көлік саны артқан сайын, көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіріп, іркілістің пайда болуына себеп тудырады.

Төменде облыстың статистика департаментінен алынған автокөлік паркінің 2005 - 2010 жыл аралығында өсу динамика мәліметтері келтірілген.

Кесте 1. 1

Ақтөбе қаласының соңғы 6 жылғы автокөлік паркініңөсу динамикасы

Жылдар
Барлығы
Жеңіл автокөліктер
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар
Жүк автокөліктер
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар
Автобустар
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар
Жылдар: 2005
Барлығы: 82256
Жеңіл автокөліктер: 65488
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 60400
Жүк автокөліктер: 13273
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 6658
Автобустар: 3495
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 2157
Жылдар: 2006
Барлығы: 113279
Жеңіл автокөліктер: 94205
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 86900
Жүк автокөліктер: 15526
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 7110
Автобустар: 3548
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 2078
Жылдар: 2007
Барлығы: 133521
Жеңіл автокөліктер: 111619
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 103503
Жүк автокөліктер: 18098
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 039
Автобустар: 3804
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 2205
Жылдар: 2008
Барлығы: 140476
Жеңіл автокөліктер: 117907
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 109269
Жүк автокөліктер: 18709
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 9394
Автобустар: 3860
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 2185
Жылдар: 2009
Барлығы: 144542
Жеңіл автокөліктер: 121715
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 112900
Жүк автокөліктер: 18885
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 9468
Автобустар: 3942
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 2125
Жылдар: 2010
Барлығы: 148608
Жеңіл автокөліктер: 125523
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 116531
Жүк автокөліктер: 19061
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 9542
Автобустар: 4024
Соның ішінде жеке иеліктерге қарайтындар: 2145

1. 4 Жол көлік оқиғасын сараптау

Көлік құралдарының жолда жүруі белгілі бір физикалық заңдылыққа бағынады, ал оны бұзу үлкен қауіп қатерге ұшырату мүмкін. Сондықтан көлік жүргізушілері жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы заңдылықты дұрыс түсініп, қатаң сақтаулары тиіс.

Көлік құралдарына қатысты барлық апаттардың статистикалық деректеріне сүйенсек олардың көбі «автомобиль - жүргізуші - жол» жүйесіндегі басты тұлғаның бірі - адамдарға байланысты. Жүру қауіпсіздігін сақтау мәселесін жол жағдайынан және онда жүруді реттеуді ұйымдастыру мен көлік құралдарының күйінен бөліп қарауға болмайды. Жол көлік оқиғаларын азайту үшін жүргізілетін барлық шаралар негізінен жол қозғалысына қатыса бар адамдардың тәртібіне, көбінесе жүргізушілердің жүру ережесін дұрыссақтамауына байланысты. Сондықтан да көлік құралдарын техникалық жағынан жетілдіру шараларымен қатар, апатты болдырмау үшін, барлық жүргізушілердің жүру ережесін және жол қозғалысына қатысы бар басқа да адамдардың жүру тәртібін қатаң сақтауын әдетке айналдыру керек.

Жол көлік оқиғасын зерттеу кезінде екі әдіс қолданылады: дәлелді және техникалық.

Дәлелді әдіс жол көлік оқиғасына тиісті заңнамаларды қолдануға мүмкіндік береді. Әрі жол көлік оқиғасының қалай болғандығын және оның салдарын бағалауға болады.

Техникалық әдіспен жүргізілген зерттеу жол көлік оқиғасын бөлшектеп қамтиды. Мысалға тежеу жүйесінің істен шығуы, жүргізушінің мас болуы, дұрысжүргізе алмауы. Техникалық әдісте апаттылық жағдай қаралмайды, әр жол көлік оқиғасы ерекше анықталады. Жеке жауапкершілікті анықтау үшін жол көлік оқиғасы себебінің зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жұмысты сараптау процесінде анықтайды, ол сол сараптауымен байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру
Шиналарды стационарлық жөндеу
Республикасының кеден аумағына әкелінуі
Салық төлеушілер
Кедендік төлемдер
Алматы қаласының 29 бағдар автобусын спутниктік бақылау жүйесімен жабдықтау жобасы
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі көлік салығы
Көлік құралдарына салынатын салық
Кеден туралы мәліметтер
Көлік құралдарына салынатын салық жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz