Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерінің ашықтығыы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 7

1. Қазақстанда және шетелдерде жер кадастры ұйымдастыру мәселелері . . . 9

2. Іле ауданының табиғи - климаттық жағдайлары . . . 17

3. Іле ауданында жер пайдалану мен жеке меншік құқығын (жер учаскелерді) тіркеу және жер есебін жүргізу . . . 21

3. 1 Жер учаскелерін тіркеудің мазмұны мен міндеті . . . 21

3. 2 Жер учаскелерін тіркеу мақсаты үшін есепке алу . . . 27

3. 3 Аудан жерінің есебін жүргізу . . . 31

3. 4 Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі «Жомарт» бау-бақша серіктестігінің №1099 жер учаскесіне жер-кадастрлық істі қалыптасыру әдістемесі . . . 41

4. Кадастрлық жұмыстарды экономикалық негіздеу . . . 56

4. 1 Жер учаскесін бағалау жұмыстары . . . 56

4. 2 Бағбандық кооперативтер жерінде сандық жер-кадастрлық карталарды дайындау . . . 58

5. Еңбек қорғау және тіршілік әрекеті қауіпсіздігі . . . 63

Қорытынды . . . 70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 72

Қосымшалар . . . 73

КІРІСПЕ

Жер мәселесі әр елдің саясатында, экономикасында, экологиясында және әлеуметтік саласында басты болған және болады да- ол тек ұлттық деңгей ғана емес, сонымен қатар әлемдік деңгей проблемасы.

Жер - ерекше өндіріс құралы. Басқа өндіріс құралдарына қарағанда оның ең кемінде 4 ерекшелігі бар.

  1. Жер - табиғи зат, ол адам еңбегінің нәтижесі емес.
  2. Жер - мәңгі және басқа құралдармен алмастыруға келмейтін өндіріс құралы. Ол әрқашанда аса құнтты және ұқыпты пайдаланылуға тиісті.
  3. Жердің өндіріс құралы ретіндегі тағы бір ерекшелігі орнының тұрақтылығы. Жер жылжымайтын мүлік ретінде өзімен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарымен бірге, нарықтық келісімдердің объектісі болып табылады.
  4. Басқа өндіріс құралдары ескіріп тозатын болса, жер ғылыми ұсыныстардың негізінде пайдаланымына үнемі жақсара береді. Адамзаттың даму болашағы түптеп келгенде топырақтың құнарлылығын сақтап қалу және арттыру мәселесіне айналып келеді.

Жер кодексінде жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін мемлекеттік жер кадастры жүргізіледі деп көрсетілген. Кадастр бір жүйеде жүргізіледі. Жер кадастрын енгізу, құжаттардың формасы мен мазмұны, кадастрлық мәліметтерді жаңарту және оны бекітуді Қазақстан Республикасы Үкіметі жүзеге асырады.

Мемлекеттік жер кадастры, Қазақстан Республикасы жерлерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, орналасқан орны, нысаналы пайдалануы, ауданы мен шекарасы, сапалық жағдайы, жер пайдалануды есепке алу мен жер учаскелерін бағалау туралы және т. б. мәліметтерден тұрады. Мемлекеттік жер кадастры мәліметтері жер пайдалануды жобалау мен қорғауда, жерге орналастыру және жермен байланысты жұмыстар жүргізілгенде, жер учаскесіне төленетін төлемдерді анықтау кезінде негіз болып табылады.

Материалдарды, жер учаскесі туралы мәліметтерді жаңартуды мемлекетік жер кадастрына сүйене отырып Жерге орналастырудың Мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы жүргізеді. Жер кадастрлық құжаттар мәтіндік және пландық-картографиялық болып бөлінеді. Мәтіндік кітаптар, карточкалар, тізімдер ведомостері, түсіндірмелер жатады. Пландық картографиялық құжаттар жер учаскесі территориясының графикалық көрінісін береді. Оған пландар, карталар, картограммалар жатады. Басқа есепке алу түрлерімен салыстырғанда жер кадастрын тек пландық-картографиялық материалдар түрінде ғана енгізуге болады.

Пландық-картографиялық материалдарда кадастрға қажетті мәліметтер графикалық түрде көрсетіледі. Қазақстанда жер кадастрын енгізу мәліметтері автоматтандырылған компьютерік жүйеге енгізілген, мәліметтерді сақтауға және онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалар орнатылған, картографиялық мәліметтер де компьютерге енгізіліп электрондық карта ретінде беріледі.

Негізгі жер кадастрлық құжаттар: жер учаскесінің жер кадастрлық ісі, ауданның (қаланың) мемлекеттік жер кадастрлық кітабы және жер кадастрлық карта болып табылады.

Жер - кадастрлық іс -жаңа жер учаскелерін құру және бұрынғы жер учаскелерін қайта құру туралы іс. Онда жер учаскесі туралы құжаттар болады.

Мемлекеттік жер - кадастрлық кітап - жер учаскелері есепке алынатын құжат. Сонымен қатар жердің кеңістіктік, табиғи, шаруашылық жағдайы туралы нақты мәліметтерден де тұрады.

Жер-кадастрлық карта - жер учаскелерінің орналуы, мөлшері мен шекарасынан тұратын картографиялық материал. Оларды өзара біріктіргенде және бөлгенде өзгерістер ескеріледі.

1. ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕРДЕ ЖЕР КАДАСТРЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасының жер қоры 272, 5 млн. га құрайды. ТМД елдерінің арасында оның территориясы Ресей Федерациясынан кейін 2-ші орын, ал дүние жүзі бойынша 9-шы орын алады. Қазақстанның бүкіл жер қоры өте қуаң климатпен сипатталатын табиғи аймақтарда орналасқан. Қоғам тарихында жер иелену және жер пйдалану формаларының алмасуы әрқашанда жерге орналастыру арқылы жүзеге асып отырады.

Қай елде болмасын жер қоғамның негізгі байлығы болып табылады. Материалдық өндірістің үрдісі тікелей жерді кеңістік базисі және өндіріс құралы ретінде пайдалануыға байланысты. Қазақстан Республикасы жер ресурстарын қорғауға, жердің құнарлығын көтеруге және нысаналы мақсатына байланысты пайдалануына көп көңіл бөледі.

ТМД елдеріндегідей, Республикамызда да тәуелсіздік алғанға дейін негізінен ауылшаруашылығына арналған жерлерді қамтыған және социалистік жоспарлы экономиканың қажеттіліктерін ақпараттармен қамтамасыз етуді, жер ресурстарын басқаруды мақсат тұтатын жер кадастры жұмыс істеді. Республиканың әлеуметтік-экономикалық бағытының өзгеруіне байланысты мемлекеттік жер кадастрын құру мәселесі және оның жаңа жер құрылымдарының және нарықтық экономика жағдайында жерді пайдалану қатынастарының мүлде өзгеше концептуалды негіздерінде жұмыс істеу қажеттілігі туындады. Елдің нарықтық экономикаға көшуі жағдайында МЖК қалыптастыру (жетілдіру) келесі шарттарға сүйенеді:

  • масштабтары орасан зор мемлекеттің меншігіндегі жерді және онымен тығыз байланыстағы жылжымайтын мүлікті қайта үлестіру;
  • кадастр жердің барлық категорияларын, республиканың әртүрлі сипатталынатын барлық жер учаскелерін қамтуы керек: шаруашылықтық, құқықтық, экономикалық, экологиялық және табиғи күйдегі;
  • жер және онда орналасқан жылжымайтын мүлік туралы ақпараттардың қалыптасуына тікелей немесе жанама түрде қатысы бар әртүрлі ведомостволар арасында жер кадастрына билік жасау, әсер ету сфералары үшік күрес жүріп жатыр;
  • МЖК жүргізуді, мемлекеттегі жер қатынастарын анықтайтын заң-нормативтік актілердің жетілмегендігі;
  • Кадрлардың жетіспеушілігі, мемлекеттің қаржылық қиыншылықтарына байланысты техникалық тұрғыдағы жетіспеушілік.

Республикадағы жер-ақпараттық жүйенің құрылуы жер реформасымен және жерді жекешелендірумен байланысты, сондықтан басынан-ақ біз бір ғана мемлекеттік органға бағынатын, жер туралы ақпараттың бірыңғайланған кешенді жүйесінің моделін құруға бағытталған ұтымды шешім қабылдауымызға болады. Ондай тәртіп процестің барлық қатысушыларының арасында барынша тиімді координацияның болуына, ұлттық мүдденің сақталуына, құжаттардың бірыңғай стандартын жасауға және қолданушылар арасында ақпараттырмен алмасуға, тұтынушылармен барынша тиімді қатынас жасауға кепілдік береді. Жер туралы ақпараттарды басқару үшін Агентствоның ішінде құрамына сәйкес министрліктердің, ведомостволардың және қолданушы-ұйымдардың өкілдері кіретін координациялық кеңес құру керек.

Мұндай жүйені енгізу күрделі және бейнетті жұмыс. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы келесі аспектілердің орындалуын талап етеді: сәйкес заң жобасын құру, ұйымдастыру құрылымын жетілдіру, қаржылық механизмдер мен техникалық шешімдерді анықтау, терең зерттеулер жүргізу және мұқият жоспарлау. Нарықтық экономикалы елдердің тәжірибелері көрсеткендей, техникалық проблемаларға қарағанда, заң, ұйымдастыру құрылымдары және қаржыландыруға байланысты сұрақтарды шешу күрделірек. МЖК жаңа жүйесін құруға ондаған миллион доллар қаражат қажет, ал ондай жүйені құру және енгізу процесінің өзі 5-10 жылға созылуы мүмкін. Бірақ ондай қаражат пен уақыт шығыны тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету тұрғысында өзін-өзі ақтайды. Жердің жаңа ақпараттық жүйесін құруды инфрақұрылымға ұзақ мерзімді мемлекеттік капитал салу ретінде қарастыру қажет. Ағымды шығындардың орны пайдаланушылар есебінен толтырылуы керек.

Қазір, “Жер кодексіне” және заң актілерінің қабылдануына байланысты осы мәселені шешуге мүмкіндік туды. Бірақ, заң жүзінде шешілетін біраз сұрақтар бар:

  • Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге жауапты етіп ГосНПЦзем-ді және оның ішкі кәсіпорындарын олардың базасында сәйкес кадастрлық Орталықтар құра отырып тағайындау керек;
  • Жер құрылысы жұмыстарын лицензиялау туралы сұрақтарды қайта қарастыру керек. Ондай жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру барысында жинақталған тәжірибе - кері жағдайда бізде жер кадастрын құруда проблемалар болатынын көрсетеді. Жер кадастрын жүргізуді қамтамасыз ететін жерқұрылысы жұмыстары бәсекелестік негізге берілмеуі керек, өйткені онда жер учаскелерін техникалық бұру және графикалық есепті жүргізуді бақылау бұзылады, жер учаскелерін тіркеу мен бірыңғай мәліметтер қорын жасау бағдарламасы бұзылады, мұрағат материалдарын сақтау қиындығы туады. Ол жұмыстар жер құрылысы қызметінің мамандандырылған кәсіпорындар жүйесі арқылы атқарылуы керек. Сондықтан, жерқұрылысы, кадастрлық және карта жасау жұмыстарының мазмұны мен құрамы нақты бөлінуі және мемлекеттік монополияға тиісті кадастрлық жұмыстардың түрлері анықталуы тиіс;
  • Барлық кадастрлық құжаттар мен материалдардың қазіргі заман талабына сай рәсімделгендігін (көптеген құжаттар автоматтандырылмаған болуы мүмкін) тексеру керек;
  • “МемҒӨОжер”-нің, оның құрамындағы кәсіпорындардың және аудандық филиалдардың автоматтандырылған кадастр жүйесін құру бойынша әр деңгейге беретін нақты тапсырмаларының іс-әрекет жоспарын құру қажет. Яғни қазірден бастап, әр облыс МЖК ААЖ -ның жалпы жүйесін құру бағытында жұмыс істеуі керек;
  • Жер учаскелерінің шекараларын түсіру кезіндегі жылжымайтын мүліктің барлық объектілерін түсіру - жер-кадастрлық түсірудің құрастырушысы болуы қажет және тіркеу жүргізу органдары кадастрлық жоспарларды пайдаланулары қажет. Тек қана жер учаскелері емес, жылжымайтын мүліктің барлық объектілерінің орналасуы жайлы мәліметтер қорын құруға мүмкіндік беретін ондай процедура дамыған елдердің көпшілігінде пайдаланылады. Біздің қазіргі жағдайымызда жерқұрылысы кәсіпорындары жер учаскелерінің “жалаңаш” жоспарын береді;
  • Тағы бір маңызды проблема - жер кадастрының бірыңғай автоматтандырылған жүйесін қаржымен қамтамасыз ету. Казіргі уақыттағы МЖК ААЖ құрудағы артта қалушылық қаражаттың жетіспеушілігінен. Қаржылық және материалды-техникалық ресурстардың қатаң шектелуі жағдайында проблеманы шешудің бір жолы - аталған мақсаттарға инвестициалық жобаларды тарту немесе жеңілдікпен ұзақ мерзімді кредиттер алу. Нарықтық экономика дамыған елдерде көпмақсатқа арналған жер кадастры кең таралған. Оған: заңгерлік (құқықтық) кадастр (жер учаскелерінің меншік иелерінің тізімі) ; салықтық (фискальды) кадастр (жер учаскелерінің бағасы көрсетілген тізім) ; жер пайдалану кадастры (жер пайдалану тізімі) ; көпмақсатты кадастр (жер учаскелерінің түрлі сипаттамаларын қамтитын тізім) .

Мұндай жүйе ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында құрылады: экономиканың қаржылық секторының (жер нарығы) ; жер салығы және басқа да жерге төленетін төлемдер жұмыс істеуі үшін; ауылшаруашылығындағы жер саясатын және жерді қолдануды жүргізу мақсатында, қалада және ауылдарда табиғатты қорғау қызметін жүргізуде; басқа да жер учаскелерін игеру, пайдалану және үлестірумен байланысты қызметтерде пайдалану үшін.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қызметі келесі талаптарға сай жүргізіледі:

  • Мемлекеттің барлық территориясындағы жер кадастрын жүргізу жүйесі мен технологиясының бірлігі;
  • Жер учаскелерінің өзгеріске ұшырайтын сипаттамаларын мемлекеттік жер кадастрына енгізудің үзіліссіздігі;
  • Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерінің ашықтығыы;
  • Мемлекеттік жер кадастрының деректерінің басқа жер туралы, онымен байланысты табиғат ресурстары және жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтер бар мемлекеттік немесе өзге кадастрлар және реестрлар туралы мәліметтермен салыстыруға болатындағы және бірлігі.

Мемлекеттік кадастрлық есепке мақсаттық тағайындауларына, жердің меншік түріне тәуелсіз ел территориясында жатқан барлық жер учаскелері кіреді. Мемлекеттік кадастрдың негізгі құжаттары болып, мемлекеттік біртұтас жер реестрі, кадастрлық іс және кезекші кадастрлық карталар, жоспарлар табылады. Мемлекеттік жер кадастры туралы мәліметке мемлекеттік ақпараттық ресурс кіреді.

Мемлекеттік кадастр - жер учаскелері туралы мәліметтерді жинау, құжаттандыру, сақтау, өңдеу, есепке алу және сақтау сияқты тізбекті іс-әрекеттерді қамтитын бірыңғай әдістеме және технологиямен жүргізіледі. Бұл проблема ГИС - технология негізінде жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы шешіледі.

Ұйымдастырушылық тұрғысында Мемлекеттік жер кадастры вертикаль және горизонталь құрылымы бар мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынның көпдеңгейлі бірыңғай жүйесін береді.

Сондықтан, толыққанды мемлекеттік жер кадастрының моделін мелекеттің шекарасындағы жердің шаруашылықтық, құқықтық және табиғи ережелері жайлы мәліметтерді жинау, құжаттандыру, сақтау, өңдеу, есепке алу және сақтауға бағытталған мемлекеттік шаралардың бірыңғай жүйесі ретінде сипаттауға болады. Бұл жүйеге жерге деген құқықты - жердің саны мен сапасын, кадастрлық бағасын оны рационалды қолдану және қорғау, елдің экономикалық дамуымен басқару, салық салу, құқығын сақтауға кепілдік беру мақсатында тіркеу кіреді.

Шығыс және батыс Еуропа елдерінің тәжірибесі барлық батыстық кадастрлар жүйесі және жерді тіркеу ұзақ уақыттар бойы автоматтандырылған әдіспен емес, қол күшіне сүйенген дәстүрлі жағдайда қалыптасқанын көрсетеді. Осыған байланысты жер-ақпараттық жүйелер бірнеше түрге бөлінуі мүмкін:

  1. Компьютерленген;
  2. Компьютерлену процессіндегі аз компьютерленген;
  3. “Қол” жүйесі;

Компьютерленген көпмақсатты кадастр - бұл салыстырмалы түрде жаңа концепция. Ол басқару органдарының, қызығушылық танытқан әртүрлі ұйымдар, ведомстар, заңды тұлғалар және жеке азаматтарға жер ресурстары және жерге деген жекеменшік құқықтары туралы ақпараттық, есептеу және аналитикалық қызмет көрсетуге арналған маңызды инструменттердің бірі.

Әлемде осындай моделді құрудың екі әдісі бар: интегралданған кадастрлық жүйелер (комплексті жүйелер) және ведомствалық жүйелер (екілік жүйелер) . Бірінші моделге яғни бір базалық кадастрлық жүйе аумағына оның құқықтық, фискалды және көпмақсатты құраушылары біріктірілген. Екілік жүйеде пайдалану құқығын тіркеу (меншік шекаралары және салық мекемелеріне берілетін мәліметтер) жаңартылған кадастрлық жүйеде бекітіледі, ал меншік құқығы - дәстүрлі нотариалдық жүйе шеңберінде жүргізіледі, яғни жерді тіркеуге байланысты құқықтық сұрақтар заңгерлер арқылы шешіледі, ал сәйкес жазбалар жер-есептеу кітаптарына, реестрларға жазылады. Бұл қызметтердің бірін - бірі қайталауына, артық қаржылық шығындарға және қажетті жер ресурстарын басқару механизмдерінен де күрделі механизмнің пайда болуына әкеледі.

Бірінші әдістің болашағы зор. Оның артықшылықтары: жылжымайтын мүлік және жерді басқару сұрақтарын кешенді түрде шешу мүмкіндіктері; интегралданған кадастрлық жүйені жазуға кететін шығындарды төмендеру; бірыңғай базаны құруға рационалды түрде жақындау т. с. с. Батыс Европаның дамығңан елдерінің бәрі қазір осы әдіске ұмтылады. Ол территориялық құрылымдардың жер комитеттері (ведомство), техникалық инвентаризация бюросы (жылжымайтын мүлікті тіркеу органдары), архитектура органдарын біріктіріп, жер ресурстарын басқаруға жауап беретін бір басқару органын құруды көздейді. Жер ресурстарын басқару жүйесінің жұмыс істейтін барлық аспектілері, оның ішінде саясатты құру және ақпараттарды жалпы бақылау осы орган арқылы жүзеге асады. Ауыспалы кезеңде пайда болған экономикалық жағдайларда ведомстволық жүйені құру үрдісі де өміршең болып қалады. Ол барлық ТМД елдерінде қолданысқа еніп жатыр. Осы бағытта Ресей Федерациясының тәжірибесін қарастырайық.

Ресей федерациясының мемлекеттік жер кадастры мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының (МЖМК) функционалды жеке бөлігі ретінде қарастырылады. Ресей федерациясының жұмыс істейтін заңдары МЖМК-ны әрқайсысы өз мәліметтер қорында жылжымайтын мүлік жөніндегі деректердің жеке топтарын тіркеп отыратын әртүрлі жүйелердің жиынтығы және оларға сәйкес органдар ретінде құрады:

  • Жылжымайтын мүлік объектілерінің құқықтық сипаттамаларын жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу және келісім-шарт жасау жөніндегі әділет мекемелері Біртұтас мемлекеттік құқық реестрінде (БМҚР) тіркейді. ;
  • Ресейдің жер кадастрының федеральды қызмет органдары жерді есепке алуды жүргізеді және олардың кеңістікті-аудандық, физикалық және бағалық сипаттамаларын Біртұтас мемлекеттік жер реестрінде (БМЖР) бекітеді;
  • Техникалық инвентаризация органдары (БТИ) - жылжымайтын мүлік объектілері және ғимараттарды техникалық инвентаризациялау жүргізеді және олардың техникалық және құндық сипаттамаларын ғимараттар мен үйлер реестрінде тіркейді.

Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәліметтердің шашыраңқылығы біраз келеңсіз факторларды тудырады:

  1. Жылжымайтын мүлік объектісі жөнінде толық ақпаратты жылдам алу мүмкіндігінің болмауы.
  2. Жылжымайтын мүлік объектісін жинақтау және сақтауға кететін шығындардың көбеюіне әсер ететін, ақпараттардың қайталануы; осы мәліметтерге түсінік берудегі қарама-қайшылықтардың кездесуі.
  3. Жылжымайтын мүлік объектілерін қалыптастырудағы қиыншылықтар.

Яғни, құқықтарды мемлекеттік тіркеу органдары БМҚР-ны жүргізу үшін жылжымайтын мүлік объектілерінің өлшемдері мен орналасқан жерлері туралы мәліметтерді алуы және сақтауы керек; Ресейдің жер кадастрының федеральды қызмет органдары жер учаскелерінің көлемдері мен шекараларын белгілеу үшін құқық иелерінен құқықтарын қорғайтын документтерінің көшірмелерін талап етеді; БТИ органдары ғимаратты есепке алу барысында осы ғимараттың орналасқан жер учаскесі жайлы және осы ғимараттың иелері жайлы мәліметтерді есепке алуы қажет.

Осыған байланысты, Мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрын қамтамасыз ететін үш құрылымның екеуі (БТИ және жер кадастры қызметі) құрылып, жұмыс істеп жатуына байланысты, Ресей Федерациясында дәл қазір жер кадастрының бірыңғай құрылымын құруға дайындық жасалып жатыр. Атап айтқанда, Ресей Федерациясы Үкіметінің жарлығымен 2001 жылдың 11 қаңтарында шығарған үкімі бойынша, Ресейдің жер кадастрының Федеральдық қызметінің негізгі бір бөлігі болып, МЖК оның компетенциясы аясында жүргізу, жер учаскелерінде орналасқан және онымен тығыз байланыстағы жылжымайтын мүлікті мемлекеттік кадастрлық есепке алу, жер учаскелерін және олар арқылы жасалынатын келісім-шарттарды мемлекеттік тіркеуге алу, жердің кадастрлық бағасын белгілеу (оның ішінде салық салу мақсаттары үшін) .

2. ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ - КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Климаты

Іле ауданы аумағының климаты континентальды, жылдық және тәуіліктік ауа температурасының үлкен ауытқуымен сипатталады. Қысы суық, жазы ыстық және құрғақ болып келеді. Табиғи-климаттық жағдайды сипаттайтын көрсеткіштер:

  • Жылдық жауын-шашын түсімі 367. 0 мм;
  • Ауаның орташа жылдық мөлшері +7. 2;
  • Ауаның қантар айындағы орташа мөлшері-12. 5
  • Ауаның шілде айындағы орташа мөлшері+22. 8
  • Ауаның жылдық абсолюттік максимум көрсеткіші С0+40. 8
  • Ауаның жылдық абсолюттік минимум көрсеткіші С0-45. 9
  • Қолайлы температура жиынтығы (IV-X) 00С жоғары3431
  • Тиімді температура жиынтығы (IV-X) 50С жоғары3068
  • Активті температура жиынтығы (IV-X) 100С жоғары2831
  • Вегетациялық кезеннің ұзақтығы (орташа) күн212

Іле ауданы шөлейтті тау бөктері мен далалы жазықтық аймақ агроклиматтық ауданда орналасқан. Жазық - далалы аймақта жылдық жауын-шашын түсімі 300-330 мм аязсыз кезең ұзақтығы 135-175 күн аралығында, жайлы температура 29- 31с-қа тең. Ауданның шөлді бөлігінде климат өте құрғақ және ыстық. Жауын-шашынның жылдық түсімі мұнда 120 - 170 мм ғана, оның көпшілігі көктем мен күз кезінде түседі. [7]

Қыста суық кезең ұзақтығы 4 - 4, 5 айды құрайды. Ең суық ай қаңтар болып табылады. Ең суық қыс ауданның қиыр солтүстігінде байқалады (қаңтар айының орташа температурасы -13с) . Қысқы кезеңдегі ең жайлы табиғи жағдай ауданның оңтүстік бөлігінде байқалады, онда континентальдылық аз. Қарлы кезең ұзақтығы ауданның жазық бөлігінде 2 - 3 ай көлемінде сақталады. Ауданның солтүстік бөлігінде қардың қалыңдығы жұқа болады, онда қыстың соңында небәрі 7 - 10 см болады. Массивтерде аздаған қармен су қоры қар еру кезіне дейін 30 - 40 мм болады.

Көктемде жайлы температураның өтпелі айлары ақпан мен наурыз айларында болады. Қардың еруі аудан аумағының үлкен бөлігінде наурыз айының басында аяқталады. Көктемгі температураның интенсивті өсуі, сонымен қатар оның тәуліктік амплитудасының жоғарылауы байқалады. Ауданның солтүстік бөлігінде наурыздан сәуірге қарай температура 10 - 13с-қа дейін көтеріледі. Көктем мезгілінде температура 0 немесе 0с - тан төмен болуы да сирек кездеспейді. Суық ауа орта есеппен сәуірдің ортасында аяқталады, кей жылдары тіпті суық ауа мамыр айының аяғында да байқалады. Жауын-шашын ауданда наурыз және мамыр айында 35 - 40мм құрайды және орташа жылдық жауын-шашының 367мм 37. 7% пайызы осы көктем айыны тиесілі.

Көктемде жауын-шашын мөлшерінің көптігіне қарамастан, күн сәулесінің интенсивті инсаляциясының арқасында айдын соңына қарай ауа ылғалдылығының түрлі деңгейде төмендеуі байқалады. Наурыз айында ауа ылғалдылығының орта қатынасы ауданның жазық бөлігінде күндіз 50 - 60 % - ды құрайды. Көктемде біраз мөлшерде жел байқалады. Желдің орташа жылдамдығының ең жоғарғы көрсеткіші сәуір мен мамыр айларында көрінеді. Бұл уақытта ауданның солтүстік бөлігінде желдің орташа жылдамдығы 5 м/сек, осының нәтижесінде мұнда жер қыртысы дефляциясы кең төрінде жетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік жер кадастры міндеттері мен сипаттамасы және оны жүргізу тәртібі
Жер кадастрының принциптері
Жер кадастры жайлы мәліметтер
Жер кадастры туралы
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУА ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖОЛЫ
Қазақстан Республикасындағы жер кадастрыны жайлы
Жер учаскелерін кадастрлық құнын анықтау
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі
Ақмола облысы Шортанды ауданының жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz