Апелляциялық шағым наразылық беру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . .

1 Апелляциялық сотта іс жүргізудің түсінігі . . .

1. 1 Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің түсінігі және даму тарихы . . .

1. 2 «Апелляция» институтының Қазақстан Республикасы және шет мемлекет құқық салаларында даму тарихы . . .

2 Апелляциялық шағым, наразылық беру . . .

2. 1 Апелляциялық шағым және наразылық келтіру құқығы . . .

2. 2 Апелляциялық шағымның, наразылықтың мазмұны және оны беру . . .

3 Апелляциялық сатыда істі қарау . . .

3. 1 Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі . . .

3. 2 Апелляциялық сатыдағы соттың істі қарастыру мерзімі мен процессуалды тәртібі . . .

3. 3 Апелляциялық тәртіппен сот шешімін өзгерту немесе күшін жою негіздері . . .

3. 4 Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына шағымдану, наразылық келтіру . . .

Қорытынды . . .


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Сот жүйесінің реформалануын, азаматтық процессуалдық ғылыми ойлардың және азаматтық істер бойынша әділеттілікті жүзеге асырушы сот қызметін ескере отырып, апелляциялық және қадағалау тәртібінде сот шешімдерін күшін жою тәртібін, сонымен қатар бірінші сатыдағы сотта соттың шешімдерін күшін жою өзіндік тәртібін дұрыс анализдеу қажет.

Сот шешімінің күшін жою - жоғары тұрған соттардың негізгі өкілеттіктерінің бірі болып табылады.

Жұмыстың мәні. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу қазіргі кезде өте маңызды орын алады. Тараптардың арасындағы заңдық қатынастарын анықтайтын сот шешімдері материалдық шындығына сәйкес болмауы мүмкін. Сондықтан заң мүдделі тұлғаларға жоғары тұрған инстанцияға шешімді шағымдану құқығын береді. Шағымдану наразылық келтіру құқығын жүзеге асыру өзімен бірге заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдары мен шешімдерінің заңдылығын мен негізділігін тексеру мақсатында қайта қарауға әкеледі. Бұл бекітілген заңнама актілермен және әдістермен соттың бірінші сатыдағы азаматық істерді қараумен шешкендегі жіберілген қателерді түзеуге мүмкіншілікті туғызады. Осындай әдістердің бірі апелляциялық іс жүргізу болып табылады.

Зерттелу деңгейі. Апелляция институты заң әдебиеттерінде әртүрлі жақтардан зерттеліп, көптеген заң саласындағы ғалымдардың қызу және сан алуан талқылауына түскен заңи институттың бірі. Айтатын болсақ, Баймолдина З. Х. Қазақстандағы апелляциялық сот ісін жүргізу сатысын зерттеген. Арсентьев О. В. Апелляция институттың түсінігін жауапкершілігіне терең теориялық зерттеулер жүргізген. Ресей басылымындағы В. А. Мусин, М. А. Чечина, Д. М. Чечота және М. С. Шакарян және т. б. авторлардың әдебиеттерін пайдаландым, сонымен қатар «Заң», «Фемида», «Право и государство», «Заңгер», «Правовая реформа в Казахстане» және т. б. журналдарындағы Т. Б. Табылды, Т. Айтмұхамбетов, С. А. Акимбекова, Р. С. Нургалиева және т. б. авторлардың еңбектерін пайдаландым. Бұл тақырыпты толық зерттеп ашқан З. Х. Баймолдина және С. А. Акимбекова болып табылады.

Сонымен, біздің еліміздегі көлік міндеттемелеріне байланысты көптеген ғалымдардың бірқатар пікірлері мен түсініктері қалыптасқан.

Жұмыстың мақсаты. Бұл тақырыпты зерттеудегі басты мақсатым апелляциялық сатыдағы іс жүргізу институтына теориялық аспектіде толық және жан-жақты түсінік беріп және оны басқа іс жүргізу сатыларынан айырмашылығын ескере отырып, оны ерекшелендіру және осы ғылыми зерттеу жұмысымды болашақта өз жұмыс тәжірибемде оны дұрыс қолдану болып табылады.

Тақырыпты ашуда қойылған міндеттер:

  • Апелляциялық іс жүргізудің түсінігін және «апелляция» институтының Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде даму тарихын зерттеу;
  • Апелляциялық шағым мен наразылық беруге түсінік беру;
  • Апелляциялық сатыда істі қарауда соттың өкілеттігін анықтау;
  • Апелляциялық сатыдағы соттың істі қарастыру мерзімі мен процессуалды тәртібіне тоқталу;
  • Апелляциялық тәртіппен сот шешімін өзгерту немесе күшін жою негіздерін қарастыру.

Жұмыстың әдістемелік негізі. Зерттеу барысында осы уақытқа деін дейін жарық көрген ғалым-заңгерлдердің еңбектері мен ғылыми малаларын және нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, жинақтау, талдау, қорыту, анализдеу, салыстырмалы түрде талдау жасау жүргізіледі.

Жұмыстың құрылымы. Жоғарыда көрсетілген авторлардың еңбектерін басшылыққа ала отырып мен осы тақырыпты толық және жүйелі түрде ашу үшін келесідей жоспар құрдым. Бұл зерттеудің жоспары үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады: 1) Апелляциялық сотта іс жүргізудің түсінігі; 2) Апелляциялық шағым наразылық беру; 3) Аплляциялық сотта істі қарау. Өз кезегінде Апелляциялық сотта іс жүргізудің түсінігі бөлімі үш тараудан құралған: 1. Апелляциялық сотта іс жүргізудің түсінгі және даму тарихы. 2. «Апелляция» институтының Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде даму тарихы. Ал, апелляциялық шағым, наразылық беру бөлімі екі тараудан тұрады: 1. Апелляциялық шағым, наразылық келтіру құқығы. 2. Апелляциялық шағымның, наразылықтың мазмұны және оны беру. Үшінші, апелляциялық сатыда ісьті қарау бөлімі төрт тарауға бөлінген: 1. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі. 2. Апелляциялық сатыдағы соттың істі қарастыру мерзімі мен процессуалды тәртібі. 3. Апелляциялық тәртіппен сот шешімін өзгерту немесе күшін жою негіздері. 4. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына шағымдану, наразылық келтіру.

1 Апелляциялық сотта іс жүргізудің түсінігі

1. 1 Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің түсінігі және даму тарихы

Тараптардың арасындағы заңды қатынастарын анықтайтын сот шешімдері материалдық шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін, сондықтан заң мүдделі тұлғаларға жоғары тұрған инстанцияға шешімді шағымдану құқығын береді.

Шағымдану (наразылық келтіру) құқығын жүзеге асыру өзімен бірге заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы сот ұйғарымдарымен шешімдердің заңдылығы мен негізділігін тексеру мақсатында қайта қарауға әкеледі. Бұл бекітілген заңнама актілерімен әдістермен бірінші сатыдағы соттың азаматтық істерді қарау мен шешкуі жіберілген қателіктерді түзеуге мүмкіншілік туғызады. Осындай әдістердің бірі апелляциялық іс жүргізу болып табылады1.

Апелляция латын тілінен «appelatio» аударғанда шағым, наразылық дегенді білдіреді2.

АІЖК соттың апелляциялық инстанциядағы істерді жүргізуді азаматтық процессуалды заңаманың жаңа институты ретінде ғана емес сонымен бірге азаматтық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қарастырады3.

Апелляциялық шағымданудың (наразылық келтірудің) азаматтық іс жүргізу заңамасына оны енгізуді қажет еткен бір қатар мәнді моменттерін белгілеуге болады.

Біріншіден, апелляция институты ол істі мәні бойынша екінші рет қарастырғандықтан соттық қорғалу құқығын толығырақ жүзеге асыруға кепілдік береді.

Екіншіден, апелляция институты әділдіктің жүзеге асыруына тездігін және нақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл бірінші инстанциядағы соттың шешімін өзгертуге немесе істі екінші рет қарау мен шешудің нәтижесінде жаңа шешім шығару апелляциялық өкілеттіктен шығып тұр.

Үшіншіден, апелляция институты сот практикасын бірдей құрастырылуын қамтамасыз етеді, себебі апелляциялық соттың актілері бірінші инстанциядағы соттар үшін бағыт бағдар болып қызмет етеді, бұл соттардың қателерін азайтуға мүмкіндікті береді. (Е. А. Борисова) .

Апелляциялық институт-заңды күшіне енбеген бірінші инстанциядағы соттың шешімдері мен ұйғарымдарынның заңдылығы мен негізділігін тексеру қызметін, сонымен бірге істің мәні бойынша екінші рет қарау мен шешілуін реттейтін азаматтық процессуалды нормалардың жиынтығын білдіреді4.

Процесстің сатысы ретіндегі апелляциялық сот өндірісі - бұл өздік соңғы мақсатына жету үшін бағытталған процессуалды әрекеттердің анықталған шеңберін біріктіретін сот өндірісінің бөлігі болып табылады.

Апелляциялық шағымдану (наразылық келтіру) институтының мақсаттары:

- бірінші инстанциясы бойынша шығарылған заңды күшіне енбеген сот шешімдерінің немесе ұйғарымдардың заңдылығы мен негізділігін тексеру;

- бірінші инстанциядағы соттың дұрыс шешімді шығаруын қамтамасыз ету;

- іске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауына кепілдік беру;

Шығымдану институтының негізгі мақсаты болып қайта қарау функциясы табылады, яғни бірінші инстанциядағы соттың істің фактілі мән-жайын бекітуінің дұрыстығын тексеру, материалды құқығының нормаларын қолдану мен талқылауын, істі қарау мен шешіу кезінде азаматтық іс жүргізу құқығының сақталуын тексеру.

Апелляциялық сатыдағы сот мәлімделген талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, тараптың дәлелді себептер бойынша бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкіндігі болмағанда жаңа дәлелдемелерді зерттей алады.

Апелляциялық сатыда қарау кезінде сот іс бойынша жаңа фактілі мән-жайларды анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы. (АІЖК 345 баптың 2 тармағы) .

Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың істі дұрыс шешуін, құқықтық жағын болсын, фактілі жағы болсын тексеру сонымен бірге жаңа дәлелдемелерді зерттеу мен бағалау жолымен жаңа фактілерді анықтау, бұл апелляциялық инстанцияның істі мәні бойынша қайтадан қарау мен шешілуін көрсетеді.

Апелляциялық сатыдағы сот мәлімдеген талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, тараптың дәлелді себептер бойынша бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкіндігі болмаған жаңа дәлелдемелерді зерттей алады.

Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымның шегінде шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексереді, ол шағымда немесе наразылықта көрсетілген мән-жайлар мен себептермен байланысты болады. Істі толық көлемінде тексеру және шағымның шегінен шығу тек қана заңды мүддені қарау үшін ғана мүмкін болады.

Апелляциялық іс жүргізу сатысындағы пайда болған азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары әділдіктің жоғары сапасын қамтамасыз етуі тиіс:

А) қайта қарауда дұрыстығы анықталған шағымдалған немесе наразылық келтірілген шешімдердің заңдылығы мен негізділігін жариялау;

Ә) істің мәні бойынша бөлшектеп немесе толық шешілуімен сот өндірісін аяқтау (бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгерту немесе жаңа шешім шығару) ;

Б) өндірісті шешілуінсіз аяқтау, оның тоқтатылуы немесе қараусыз қалдырылуы;

В) бірінші инстанциядағы соттың заңсыз шешімдерін жою және істің мәні бойынша жаңа қарауға жіберу. Сот қаулыларын қайта қарауды жүзеге асыруда берілген қатынастардың рөлін есептей, әсіресе апелляциялық сатыдағы сот өндірісіндегі заңды байланыстардағы жиынтықта оларды басты ретінде қарастыру керек5.

Берілген процесстің сатысы азаматтық процессуалды құқық қатынастарының ерекше спецификалық субъективті құрамымен сипатталады. Апелляциялық өндіріс сатысындағы азаматық іс жүргізу құқық қатынастары апелляциялық инстанциядағы сотпен апелляциялық өндірісіндегі әрбір қатысушының арасында пайда болады. Апелляциялық инстанцияның соты ретінде облыстық және оларға теңестірілген соттар болады, яғни АІЖК 333 бабына сәйкес заңды күшіне енбеген шешімдерге апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар болып:

А) аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге - облыстық және оларға теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы;

Б) облыстық және оларға теңестірілген бірінші сатыдағы соттар шығарған шешімдерге - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы қарайды6.

1. 2 «Апелляция» институтының Қазақстан Республикасы және шет мемлекет құқық салаларында даму тарихы

Еліміз Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, жаңа демократиялық дамушы ел қатарына қосылып, өзін таныту үшін және құқықтық мемлекет егемендігін айқындау үшін құрылымы жағынан жаңару бағытын ұстады.

Мемлекеттің негізі болып, табылатын заң жобаларының механизімін жүргізу үшін 1994 жылы 12 ақпанда Президентіміз Республикада құқық реформасының мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Құқықтық реформаның алғашқы қадамдарының бірі 1995 жылы бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданған. Ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Жаңа сот жүйесінің Конституциямен бекітілуі іс жүргізу өндірісіне апелляциялық шағымдану институттарыныңенуі қажет болды. Себебі, қазіргі қоғам мен экономиканың даму кезеңінде, сот жүйесі мен судьялардың алдына жаңа талаптар мен міндеттемелері пайда болды. Осы себептерге байланысты соңғы кезеңде Республикамыздың іс жүргізу өндірісіне апелляциялық шағымдану институты пайда болып, заң жүзінде инстанция ретінде өз қызметін атқаруда.

Ежелден сот жүйесіне белгілі, сот шешіміне шағымдану институтының үш түрі бар. Олар кассациялық, апелляциялық, ривизия түрінде болған. Көптеген елдердің іс жүргізу өндірісінде шағымдану институттары өз негіздерін алған. Енді алдымен осы институттарының бірі апелляциялық шағымдану институтының пайда болу тарихымен танысып өтсек7.

Апелляциялық институты өзінің жалпы негіздерін, Ежелгі Рим мемлекетіеің дамуы мен Батыс Еуропа елдерінің мемлекет және құқық негіздерінен тапты.

Ежелгі Рим мемлекетінің ертерек даму кезеңінде, орталық үкіметтің даму сатысында, сот шешіміне шағымдану сот жүйесінде болмады. Римде іс жүргізудің екі кезеңі болды, біріншісі, «injure», екіншісі, «in judico». Бұл кезеңдердің өз айырмашылықтары болған. Жоғарыдағы кезеңдерді «legis actiones» жүйесіне енгізді. Уақыт өте келе бұл жүйенің іс жүргізу өндірісіне ыңғайсыз болуы, жаңа қоғамдық экономикалық қатынастардың дамуына сәйкес келмеді.

Эбуция заңы мен Юлия заңдарының нәтижесінде Римде іс жүргізу өндірісінің жаңа реформасына шағымдану институтының жаңа формуласы енгізіліп, анықталынды.

Сот шешіміне шағымдану өтінішін апелляция ( appellatio-шақыру) деп атады. Дәл осы уақытта, яғни біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырда шағымдану институты апелляция түрінде пайда болды.

Император Августтың билік ету кезеңінде сот шешіміне шағымданып, іс барлық инстан облыстық циялардан өткен жағдайда іс императордан шешімді дұрыс шығарылмағандығын тексеру үшін, өтініш ретінде жіберді. Бұл кезеңде бір іс бойынша, шағымды бірнеше рет беруге рұқсат еді. Император Юстианның билік ету кезеңінде, апелляцияны бір іс бойынша екі рет қолдануға рұқсат етілді. Бастапқы кезде ретсіз болған апелляциялық өндіріс, бірте-бірте өзінің белгілі бір ұйымдастырушылық негізін қалады. Сот шешіміне шағымдану, апелляциялық институт ретінде, Император Юстинианның патшалық ету кезеңінде шағымданудың негізгі тәсілі ретінде толығымен заң жүзінде бекітіліп (527-565 жылдары. ) апелляцияның түрлері менн жоғарғы инстанцияларға берілу мерзімдері анықталды.

Апелляциялық жүйе өзінің пайда болуымен көптеген мән-жайларды қиындатты. Мысалы: өндірістің тежелуін, шағымдануға баж салығы тағайындалып, оның қымбат болуы. Алайда, бұл қиындықтар істің әділ шешілуіне кедергі жасай алмады. Апелляциялық шағымдану тәсілі, Рим правосының маңызды элементтінің біріне айналды және ол әлемдік тарихтағы юриспреденцияның ролін айқындай түсті.

Ежелгі Рим мемлекетінде пайда болған апелляциялық институттың, азаматтық іс жүргізу өндірісіндегі заңдылықтары, Еуропа елдерінде де дамуға кең көлем алды. Германияда ХІV ғасырдың аяғы мен ХV ғасырдың басында Рим құқығының нормалары ене бастады. ХІV ғасырдың өзінде, дамушы қоғамды әдет-ғұрып құқықтары қанағаттандырмады. Бұл жағдай соттық тәжірибеге Рим құқығының толығымен енуіне мүмкіндік беріп, сот жүйесінде апелляция институты пайда болды.

Германияның 1877 жылғы азаматтық іс жүргізу кодексінде, апелляция -сот шешіміне шағымданудың негізгі тәсілі болып қабылданды.

Францияда апелляция ұғымы ХІІІ ғасырдың аяғында пайда болды. 1667 жылы шыққан Ордоносовтың заңында апелляция шағымдануды, судья өзіне емес, оның шығарған шешіміне шағым келтірілетіндігі бекітілді. Сонымен қатар Францияда басқа да сот шешіміне шағымдану инстанциялары пайда болып, түрлі тәсілдерін қолданды. Мысалы: Франциск І (1515-1547) ХVІ ғасырда Король Советінің Парламент үстіне ривизиялық инстанция ретінде қарауын және егерде олар процессуалды нормаларды бұзған жағдайда, шешімді қайта қарауды белгіледі.

Көптеген мемлекеттердің іс жүргізу өндірісінде қолданатын кассация инстанциясы жылғы Людовик указының негізі бойынша құрылды. Сот шешіміне шағымдану тәсілінің кассациялық (Француз тілінен kasser сөзі - бұзу) инститьуты алғаш рет Францияда қолданылды. Осылайша Францияда сот шешіміне шағымдану тәсілінің кассациялық және кейінгі апелляциялық институттары ұйымдастырылып, Францияның 1807 жылғы АЧЖК-не заңды түрде енді.

Алғашында шағымдану, құқық негіздерін Рим құқығынан ала отырып, екі тәсілге бөлінді:

- құқық бұзушылыққа қолданылатын апелляция яғни оның мақсаты соттың құқықтық қателерін түзету;

- фактілерді қолданылатын апелляция мақсаты - дәлелдерді қарауда, үкім шығарушыдан істің мән-жайын анықтау.

Жоғарыдағы Батыс Еуропа елдерінде пайда болған апелляция институттарының Рим апелляциялық институттарынан әлде қайда айырмашылықтары бар еді.

Ресейдің құқықтық жүйесін қарастыратын болсақ, ол ұзақ уақыт өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен ерекшеленеді. ХVІІІ ғасырдың басында Петр І-нің Ресей құқық жүйесіндегі реформасына, Батыс Еуропа елдерінің құқықтық жүйелері әсер етті. Апелляциялық институттың даму сатысы, Петр І-нің патшалық құру кезеңінде болды. 1720 жылы 17 қыркүйекте, апелляциялық шағым беру тәртібі туралы указ шығарылды. Жергілікті соттардың шешімдеріне пара алушылық, қасақана істің шешімінің дұрыс шешілмеуі және іс жүргізудегі қате жіберу салдары, төменгі сот үстінен күшті, білікті, сапалы шешім шығаратын талапкер инстанцияның қажеттілігі, апелляция институтарының өндіріске енуін тездетті8.

Апелляциялық өндіріс ХVІІІ ғасырдың аяғымен ХІХ ғасырдың ортасында мазмұны бойынша ривизиялық болды. 1864 жылғы сот реформасы бойынша АЧЖ Уставына соттың үш инстанциясы бекітілді. Уставтың түсіндірме жазбаларында инстанциялардың бірі апелляция инстанциясының қажеттілігі ерекше атап өтіліп, жаңа заң жобасына енгізілген.

1917 жылғы революциядан кейін, апелляция институты азаматтық іс жүргізу өндірісінде өз тіршілігін тоқтатты. 1917 жылға 22 қарашадағы «Соттар туралы» халық комиссарлар советінің Декреті бойынша, жергілікті сот шешімдері ақырғы сот шешім болып, апелляциялық шағымдануға жатпайтындығы бекітілді. Бұдан кейін, іс жүргізу өндірісінің немесе совет үкіметінің апелляциялық институттан бас тарту себебі неде деген сұрақ туады. Сұраққа жауапты үкімет басының көзқарасымен жаңа қоғамның талабынан көруге болады. Себептердің бірі болып, Совет үкіметіне буржуазиялық сот аппаратын бұзып, пролетарлық жаңа сот жүйесін құру, сот өндірісін жеңілдету, бірінші инстанцияның қызметінің сапасын артыруда, апелляцияның кедергі болатындығын атап айтып, сот өндірісіндегі маңызды институттардың бірі апелляция институтының жойылуына әкеліп соқтырды.

Азаматтық іс жүргізу құқығының теориясына апелляцияның екі түрі бнлгілі, олар жартылай апелляция және толық апелляция. Енді осы апелляцияның түрлеріне жеке-жеке қысқаша сипаттама берейік.

Жартылай апелляциялық шағым дегеніміз - қатысушы жақтардың ұсынған негізгі фактілеріне сүйене отырып, бірінші инстанцияның шешімін қайта қарау. Істі қайта қарауда, жартылай апелляцияның негізгі ережесі бойынша фактілер мен дәлелдерге істі қарау кезіңде жаңадан талдау жасап, белгілі бір шарт бойынша, жаңа дәлелдер мен маңызды жағдайлар ашылып, өндірісте қолданылуы мүмкін. Жартылай апелляцияда, заңда көрсетілген реттер бойынша, кей жағдайларда істі жаңадан қарап шешім шығару үшін бірінші инстанцияға қайта жіберіледі.

Толық апелляция кезінде, іске қатысушы жақтарға апелляциялық сотта қарау үшін, бірінші инстанцияның қолданылған фактілері мен дәлелдеріне қосымша жаңа фактілер мен дәлелдер ұсынуға рұқсат етіледі. Апелляцияның мақсаты тек соттың жіберген қателігін тексеру ғана емес, жақтардың да қателіктерін түзету. Апелляциялық ереже бойынша толық апелляция шағымын соттың бірінші нистанциясына қайта қарауға жіберуге құқығы жоқ. Апелляциялық сот өз шешімін шығару қажет.

Жоғарыдағы апелляцияның түрлерінің қайсысы біздің дамушы қоғамға ыңғайлы болар еді?

Қоғамдағы жаңа экономикалық, құқықтық қатынастарды реттеу үшін, жалпы құқықтарды қорғауда, менімше апелляция институты, оның ішінде, азаматтық істерді өндірісінде қажеттілігі бүгінгі күн талабына сай туып отыр. Бізге тарихы мен өндіріс ерекшеліктері белгісіз апелляция институты келешекте құқық қорғау өндірісінде, өзіне лайықты орын алады деп сенеміз және де оны уақыт көрсетеді.

Бөлімді қорытындылай келетін болсақ, мұнда апелляциялық сотта іс жүргізудің түсінігі қарастырылды, оның өзін екі тарауға бөліп қарастырылды: апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің түсінігі және даму тарихы ; «Апелляция» институтының Қазақстан Республикасы және шет мемлекет құқық салаларында даму тарихы атты тараулар.

Тараптардың арасындағы заңды қатынастарын анықтайтын сот шешімдері материалдық шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін, сондықтан заң мүдделі тұлғаларға жоғары тұрған инстанцияға шешімді шағымдану құқығын береді.

Шағымдану (наразылық келтіру) құқығын жүзеге асыру өзімен бірге заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы сот ұйғарымдарымен шешімдердің заңдылығы мен негізділігін тексеру мақсатында қайта қарауға әкеледі. Бұл бекітілген заңнама актілерімен әдістермен бірінші сатыдағы соттың азаматтық істерді қарау мен шешкуі жіберілген қателіктерді түзеуге мүмкіншілік туғызады. Осындай әдістердің бірі апелляциялық іс жүргізу болып табылады.

Апелляция латын тілінен «appelatio» аударғанда шағым, наразылық дегенді білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдар, наразылық білдіру құқығы
Сот қаулыларына апелляциялық шағымданудың қағидалары
Апелляциялық іс жүргізудің мәні, маңызы
Апелляциялық шағымдану
Сот шешіміне шағымдану немесе наразылық келтіру
Апелляциялық сатыда іс жүргізу
Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі
Қылмыстық іс жүргізудегі апелляция
АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ӨНДІРІС
Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz