Бастауыш сыныптың оқу - тәрбие үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдалану


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-5 бет

  1. Арнайы мектепте бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздеріОйынды педагогикалық және психологиялық тұрғыда зерттеу . . . 6-9 бетБала тәрбиесіндегі дидактикалық ойынның мәні мен маңызы . . . 10Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық-әдістемелік тұрғыда шешу . . . 15
  2. Арнайы мектепте математика сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану. Арнайы мектепте бастауыш сыныптың оқу тәрбие үрдісінде қазақтың дидактикалық дидактикалық ойындарын пайдаланудың мүмкіндіктері . . . 24Арнайы мектепте бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде дидактикалық дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесі . . . 30

Педагогикалық эксперимент және оның қорытындылары . . . 44

Қорытынды . . . 46

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 48

Тіркеме


Кіріспе

Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай іс-әрекеттің бір саласы - ойын әрекеті. Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті - оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу - білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас - бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын - пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек - қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.

Я. А. Коменский "Ұлы дидактика" деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды [23] . Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы ретінде "ойынды" айтуға болады.

Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.

Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.

Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық "деректіден дерексізге. жеңілден ауырға, жақыннан алысқа" деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.

Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мүғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.

Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықтапған білім, білік, және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде "ойын" түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екінші ден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Деседе, бүгінгі таңда қоғамның әлеуметтік объективтік сұранысын орындауда бастауыш мектепте оқушылардың танымдық, адамгершілік және сабаққа қызығушылығын, белсенділігін дамыту педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттігін, дамытудың бір саласы дидактикалық ойындарды пайдалану өз деңгейінде болмағандығы арасында қайшылықтар бар екендігі орын алып отыр.

Демек, осы айтылған қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыру біздің зерттеуіміздің көкейтестілігі болып табылады. Осыған орай бұл зерттеудің тақырыбы: “Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдалану” .

Дипломдық жұмыстың мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, оқуға деген ынтасын жоғарлататын құрал екенін айқындау.

Дипломдық жұмыстың объектісі - бастауыш сынып оқушыларының оқу тәрбие үрдісінде дидактикалық ойндарды пайдалану жүйесі.

Дипломдық жұмыстың пәні - бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдалану мүмкіндіктері.

Зерттеудің міндеті - бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық негіздерін айқындау, бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланылатын дидактикалық ойындардың мазмұнын, мүмкіндігін саралау;

  • дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемесін құру.

Зерттеудің болжамы - бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдалану тиімді болар еді, егер:

  • дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі жасалынса;
  • дидактикалық ойындар оқу бағдарламасына жүйелі енгізілсе;
  • дидактикалық ойындар өтілетін тақырыпта пән аралық байланыс болса.

Зерттеу базасы: Сарқанд қаласындағы көмекші мектеп

Дипломдық жұмыс 2 тараудан экспериментпен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.


I. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздері

1. 1 Ойынды педагогикалық және психологиялық тұрғыда зерттеу.

Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағлымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесімен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын танып біледі.

Жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой иесі - адам баласының ойын әрекеті бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірбиесінің нәтижесі болып саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезіде кеңінен дамып, баланың өсіп жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.

Ойынды психологогиялық дамудың әр жағдайында коррекциялық бағытта қолдану мәселесінің теориялық және әдістемелік негіздері: Фрейд:А., Роджерс К., Леви Д., Торф Д. және т. б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады [25] .

Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатынын ертеден-ақ дәлелденген. Тіпті XVIII-ғасырда Ж. Ж. Руссо былай деп жазған: “Баланы жақсы тану және түсіну үшін, оны ойын кезінде бақылау керек” - деген.

Ойын әрекетінің бала психологиясынан дамуына шешуші қызмет атқаратындығы жайында Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердіұлы т. б. қоған қайраткерлерінен бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады [32] .

Кеңестер одағында жалпы ойын теориясы: Г. В. Плеханов, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко [25] сынды атақты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты. Дидактикалық ойындарды ғылыми түрде зерттеу ісіне: П. П. Блонский, С. П. Шацский, В. Г. Марц, А. В. Сухомлинский, В. Г. Яковлев, Т. Е. Конникова, Э. В. Яновскаялар сияқты ғалымдар да назар аударды [26] .

“Ойын арқылы бала дүниені таниды” - дейді Т. Тәжібаев [32] . Шынында да, бола үшін ойын өмір сүрудің белсенді формасы сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады.

Ойынның теориясы мен мазмұндылығы, өмірде алатын орны туралы К. Д. Ушинский, П. Ф. Лесгафт, В. А. Сухомлиский, С. П. Шацкий және Н. К. Крупская да атап көрсеткен [25] .

Сабақ барысында ойынның басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа әрекеттерін айқындайды.

Ойынның педагогикада, оқыту процесінде алатын орны Платон заманынан белгілі болған. Ойынның оқу процесіндегі маңыздылығы жөнінде Я. А. Коменский былай деген екен: “Мектепте, ойынға асыққандар бар, ол сондай ғанибет”. Ал XVIII. Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Песталоций: “Ойын балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек” - деп түсіндірген [23] .

Бастауыш мектеп оқушыларының ойындарына да көптеген еңбектер бағытталған. Бір тобы рөлдік, творчествалық ойындардың теориясын зерттеген Л. С. Выготский [48], С. Л. Рубинштейн [50], А. Н. Леонтьев [48], И. А. Фраукина, А. П. Усова, Д. Б. Эльконин, Р. И. Жуковская, Т. А. Маркова т. б. келесілері педагогикалық процестерде дидактикалық және қозғалыс ойындарының ерекшеліктері, алатын орны және маңызына тоқталды. Ғалымдар: Е. А. Радина, А. И. Сорокина, Е. И. Удальцова, Э. М. Богусловская, В. Н. Аванесова т. б. ал үшінші бір тобы оқшылардың көкемсурет тәрбиесіндегі ойынның маңызын анықтауға бағытталған еңбектер Н. А. Ветлугина, Н. П. Сакулина, Н. В. Аванцова және т. б [46] . .

Тәрбилік үрдістегі ойынның маңызы туралы кеңес педагогтары А. С. Макаренка, Н. К. Крупская және т. б. арнайы зерттеу еңбектерінде терең де жан-жақты айқын талду жасаған[25] .

А. С. Макаренканың айтуынша: “Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса” деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды рөл атқарады. Ойында бала қандай болса, өскенде жұмыста көбінесе сондай болады [25] .

Ойын дегеніміз не? Бір қарағанда ол қарапайым құбылыс не әрекет сияқты. Ойын міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері қисынды ой қабілетінің даму, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктермен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты - жеңіске жету болса да, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып бір-біріне деген сенімін арттырады.

Ойын арқылы бала өздігінен жұмыс істеуді үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры байиды. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып, лексико-фонетикалық материлды берік меңгеру. Сондай-ақ ойын үстінде балалардың тілін дамытып, ойын жүйесін айта беруге үйрету - мұғалімнің басты парызы. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын көрнекі педагог А. С. Макаренко кезінде атап көрсеткен.

Педагогикалық процесті жетілдіруде ойынның алар орнын Қазақстандағы ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі іс-әрекет және оның жеке өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша [4], ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану - баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі - басты педагогикалық мақсаттар. Ойындар баланың қисынды ойлау қабілетін және қиялдау қабілеттерін дамытуға жетелейді. Ғалымдар: “Бала ойында шынығып жұмыс жасап шынығып өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатыныас жасау мүмкіндігі артады” - деп атап көрсеткен. Сол сияқты, бала өміріндегі ойынның алатын маңызды орны туралы педагог М. Жұмабаев өз көзқарасын қалдырған: “Ойын бала үшін өмірлік тәжірбие. Ойын барысында бала өзін қоршаған орта туралы алған білімін пайдаланады[32] . Ойын кезінде бала терең әсер алып, үлкен белсенділік көрсетіп, қисынды ойлау қабілеті күшейеді, ойынды баланың тілінің дамыту үшін де пайдалану керек ” - деп баса айтқан.

“Ойын - бала дамуының негізі” - деп Ж. Пиаже, К. Левин, Л. С. Выгодский[48], Д. Б. Эльконин, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, С. А. Шмаков өз еңбектерінде атап айтқан [25] .

Ал С. А. Шмаков өз монографиясында ойынды екі жағынан қарауға болды деген. Біріншісі - ойын ересектерге еліктеу болса, екіншісі - ол қуаныштың, сергектіктің, ширақтылықтың, өмірдің жоғары әуезділігінің негізі болады екен.

Сонымен, педагогикалық процесте ойын арқылы баланың білімі, жеке тұлғалық қасиет-қабітеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Енді осы мүмкіндіктерді бүгінгі педагогикада үлкен орын алып отырған модульдік жүйемен ұштастыру ғылыми тұрғыдан қаралмай тұрған мәселе. Ал модульдік жүйеде балалар арасындағы еркін қарым-қатынас жасап сабақ барысында сайысты ұйымдастыру арқылы ойынның барлық тиімді мүмкіндіктерін қолданса, топ балаларының оқу нәтижесін арттырар еді. Әсіресе орыс топтпарында қазақ тілін оқытуда барлық балалардың тілін игеруге модульдік технологияның ойын әдістерімен ұштастыру кезегі күттірмейтін проблемаға айналды. Өйткені, жаңа технология - оқыту процесін жетілдіруге, баланың белсенділігін арттыруға көмектеседі.

Қазіргі замандағы жоғарғы білім қоғамның дамуы үшін, шығармашылық ақыл-ой дамуында басты рол атқарады. Болашақ мамандықтарды әлеуметтік және экономикаолық тұрғыдан даярлау интегралды ойлаудан, құбылыстар мен фактілерді талдай және бақылай білу творчесволық ойлау қалыпсыз қабылдауынан көрінеді. Балардың жай күйін, ынта-тілегін, дербес ерекшеліктерін ескере отырып, жас мамандарды даярлудың сапысын аттыруда, “өңдеулер мен ойындар” деген жалпы терминмен белгіленді. “Ойында мен өңдеулер” зерттеу дәстүрлі оқыту әдістерінің алдындағы артықшылықтарын:

а) балаларға қиын мәселелерді өздерінің шешуіне мүмкіндік береді;

ә) қиын пәндердің өзінен ойындар мен өңдеулер арқылы нәтиже шығарады;

б) ойындар мен өңдеулер икемді, оқу мақсатына сәйкес күрделенеді.

Ойынның әлуметтік зерттеушісі, белгілі психолог Д. Б. Элькониннің сөзімен айтсақ: “Ойын - ол адамдардың арасындағы әлеуметтік арақатынас, практикалық білімдері және қызметі” [25] .

Американдық зерттеуші И. Мартин ойынға: “Ойын - өңдеуді көрсететін техникалық термин, бір топтың нәтижесіне тікелей тәуелді” - деп анықтама береді. Осыған ұқсас анықтаманы Д. Чейвин: “Ойын - ол мақсатты жеңу және жарысу элементтері көрсетілген ойынға қатысушылардың іс-әрекеті” - деп көрсетеді [20] .

“Ойын” анықтамасының ұғымы әлі жалпы шешілмеген болса да, П. И. Пидкасистыйдың “Проблемалық модельді оқыту: теория және технологи мәселелері” кітабындағы анықтама толығырақ сияқты: “Ойын - пәндік және әлеуметтік шындықты бағыттауға және түсінуге арналған адамның ерекше іс-әрекеті”.


Қорытынды

Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағлымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесімен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын танып біледі.

Жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой иесі - адам баласының ойын әрекеті бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірбиесінің нәтижесі болып саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезіде кеңінен дамып, баланың өсіп жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.

Ойынды психологогиялық дамудың әр жағдайында коррекциялық бағытта қолдану мәселесінің теориялық және әдістемелік негіздері: Фрейд:А., Роджерс К., Леви Д., Торф Д. және т. б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады.

Ойын әрекетінің бала психологиясынан дамуына шешуші қызмет атқаратындығы жайында Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердіұлы т. б. қоған қайраткерлерінен бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады [32] .

“Ойын арқылы бала дүниені таниды” - дейді Т. Тәжібаев. Шынында да, бола үшін ойын өмір сүрудің белсенді формасы сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады.

Ойын арқылы бала өздігінен жұмыс істеуді үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры байиды. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып, лексико-фонетикалық материлды берік меңгеру. Сондай-ақ ойын үстінде балалардың тілін дамытып, ойын жүйесін айта беруге үйрету - мұғалімнің басты парызы. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын көрнекі педагог А. С. Макаренко кезінде атап көрсеткен [25] .


1. 2 Бала тәрбисіндегі дидактикалық ойынның мәні мен маңызы

Қазіргі жас ұрпақты жаңа тарихи жағдайларда тербиелеу жүйесін ұйымдастыру және жаңа мазмұнын іздеуге педагогика ғылыми тәрбиелеу әдістерін, формалары мен тәсілдерін жаңа тұрғыда қарастыруда. Тәрбие формаларымен әдістері қатарында ойын айрықша орын алады.

Қаншама заман өтсе де мағынасын жоймаған ойынның тәлім-тәрбиелік маңызы оқытуды, тәрбиелеуді мектеп жасына дейінгі жас бүлдіршіндерді жан-жақты дамытуды ұйымдастырудың барлық түрінде балалардың қызығушылығын арттыра отырып жүзеге асырылады.

Ойын ақыл-ойдың белсенді жұмыс істеуіне дүниетанымның кеңеюіне, қоршаған өмірге деген көзқарасын нақтылауға, барлықпсихикалық процестерді жетілдіруге мүмкіндік жасайды.

Ойындарда әзіл, қалжың, сықақ-көңіл көтерулер көп кездеседі және олар көңілді сәттермен өлең тақпақтармен, санамақтармен толықтырылады. Олар құнды ойын фольклорын құрайды және эстетикалық маңызын сақтайды.

Ойын үстінде бала достыққа, тапқырлыққа, іскерлікке, ептілікке, адамгершілікке баулынады. Жас бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар. Ол - ұрыншақ, секіріп жүруді қалайды. Мәселен, «баланың істегені білінбес», «баламен ойнама шаршарсың», «қыз қуыршақ дейді, бала құлыншақ дейді», «ойнай білмеген, ойлай да білмейді» деген мақал-мәтелдерде баланың сана-сезімі, ақыл-ойы өсіп жетілетіндігі дұрыс көрсетілген. Мектеп жасына днйінгі балалар бойында шығармашылық қабілеттердің бастауларын қалыптастыру. Білім беру, тәрбиелеу түрлерін ізгілік, білімділік, адамгершілік жақсы қасиеттерді жүректеріне ұялату, олардың өз тіліне отанына халқына деген сүйіспеншілігін арттыру бойына сіңіру. Пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру, дүниетанымын қалыптастыру. Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтөанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуыда жоқ және болуыда мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың, рухани сезімін жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын білімге құмарлықпен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамның қиялына қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз. Ойын үнемі жаңа ол тотбаспайтын ескірмейтін нәрсе, күн сайын келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап сезімдерін аялайтын, дене қуатын, жанға, рухани азық болатын да осы ойын мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Оның жетекші іс-әрекет болуы баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданыпүлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптың оқыту процесі
Бастауыш сыныптарда математика пәнінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар жүйесі
Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесінде ойынды қолдану ерекшелігі
Мұғалімнің жұмысы - балалар
Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар
Дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесі
Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдалану
Дидактикалық ойындар және олардың түрлері
Ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz