Жер учаскелерін кадастрлық құнын анықтау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны:
Мазмұны: Кіріспе . . . …. . . .
6
Мазмұны: 1 Жер кадастры және жерге төлем түрлері туры шолу . . .
8
Мазмұны: 1. 1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жер кадастрының мақсат, мазмұны және қағидалары . . .
8
Мазмұны: 1. 2 Жерге төлем түрлері . . .
23
Мазмұны: 1. 3 Жер учаскелерін кадастрлық құнын анықтау . . .
31
Мазмұны: 2 Жобалау объектісіне сипаттама . . .
39
Мазмұны: 2. 1 Астана қаласының тарихы . . .
39
Мазмұны: 2. 2 Табиғи жағдайлардың сипаттамасы . . .
42
Мазмұны: 2. 3 Әлеуметтік-экономикалық жағдайға сипаттама . . .
46
Мазмұны: 2. 4 Астана қаласы жер қорының сипаттамасы . . .
48
Мазмұны: 3 Жер учаскесінің бағалық құнын анықтау . . .
53
Мазмұны: 3. 1 Жер учаскелерін кадастрлық бағалау (1-нұсқа) . . .
53
Мазмұны: 3. 2 Жер учаскелерін нарықтық бағада белгілеу (2-нұсқа) . . .
56
Мазмұны: Қорытынды . . . . . .
61
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . .
63

Кіріспе

Жер ресурстары - бұл кез келген елдің ұлттық байлығы, халықтардың әлеуметтік - экономикалық қолайлығының негізі. Оның өзі Қазақстан халқының игілігіне, болашақ ұрпақтарына пайдалану тиіс. Осы қағиданың негізінде, елдің бүкіл жер қорын тиімді, әрі қолайлы пайдалануды және де қорғауды қамтамасыз етуге арналған жер ресурстарын басқарудағы мемлекеттің алатын орны мен рөлі туындайды. Нарықтық экономика жағдайында жер тек жылжымайтын мүлік объектісі ғана емес, табиғи ресурсы, өндіріс құралы кеңістік базисі.

Осы орайда, айтарымыз ауыл шаруашылығы жеріне жеке меншік енгізу турасындағы мәселеге біздің еліміз аяқ астынан тап болып отырған жоқ. Бұл шешімге эволюциялық жолмен, яғни өтпелі кезең жағдайына сәйкес өзінің жер жөніндегі заңдылықтарын бірте-бірте жетілдірумен бірге, оларды нарық қатынастарына бейімдей отырып жетіп отыр. Біз социолистік экономикадан нарықтық экономика жүйесіне бағыт алғаннан бастап, жер қатынастарына өзгеріс енгізудің объективтік қажеттілігі пайда болды. Жер реформасын жүргізу үшін жер қатынастарын реттеу жолында алғашқы шыққан «Жер кодексі», «Жер реформасы туралы», «Шаруа қожалықтары туралы», «Жер салығы туралы», т. б. заңдар арқылы жер реформасының жүргізудің бағыттары белгіленді, жерде мемлекеттік емес шаруашылықтардың құрылуына жол ашылды, жерді төлем ақылы пайдалану мәселесі, жер салығы енгізілді, жер құнын бағалайтын әдістемелер бекітілді.

Жерге жеке меншікті енгізу ең маңызды мәселелердің біріне айналды. Ал оны шешу үшін Конституцияға өзгеріс енгізу қажет еді.

Міне, осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң Күші бар «Жер қатынастарын реттеуді одан әрі жетілдіруге қатысты» Жарлықтары қабылданып, ТМД елдерінің жер туралы заңдарының тарихында алғашқы рет Қазақстанда жер пайдалану құқығын сату институты енгізілді.

Міне, тек осы сәттен бастап республиканың жер заңдылықтарын нарық экономикасына шынайы бейімдеу шаралары басталды, жер нарығы мен оның нарықтық бағасын қалыптастырудың алғашқы белгілері пайда болды.

Алайда, жер қатынастарын реттеу мен жерге меншік түрін енгізудің түбегейлі шараларын айқындау 1995 жылғы Конституция мен Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Жер туралы» Жарлығы қабылданғаннан кейін барып мүмкін болды. Соған сәйкес, жекелеген жер санаттарына жеке меншікті енгізудің негізі мен шарттары және шектері белгіленді.

Жер қатынастарын дамытудың жаңа кезеңі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншік құқығын заңды түрде бекіткен және жерге меншіктің әртүрлі нысандары жағдайларында аграрлық секторда жер құқық қатынастарын реттеу нормаларын белгілеген 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексімен байланысты.

Бұл ретте жеке меншік құқығындағы секілді, жер пайдалану құқығында да жерді пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Яғни, жеке меншікті енгізу жер учаскелерін тек жеке меншік құқығында алу міндеттілігін көздемейді. Екі институт қатар жұмыс істейді: жеке меншік және жер пайдалану құқығы.

Заңда аграрлық сектордың әлеуметтік факторлары ескеріледі, яғни жер учаскелерін меншікке берудің икемді жағдайлары белгіленген:

толық кадастрлық құны үшін;

жеңілдетілген баға бойынша;

төлеу мерзімін ұзарту.

Жер құнының әділ бағасы, экономиканың дұрыс жұмыс істеуі мен дамуының маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Көптеген елдерде жердің құны мемлекет пен жер иелерінің және жерді пайдаланушылардың арасындағы жер мәселесін реттейтін негізгі механизм ретінде саналады.

Жер құқығы қатынасының өзгеруі, жылжымайтын мүлік объектісі ретіндегі жер учаскесінің заңнамалық анықтамасы, нарықтық экономика шарттарына, яғни оның құқықтық және фискальды бөлігіне сәйкес келетін жер кадастрын құруды қажет етеді.

Жер учаскілерінің кадастрлық құнының республика қалалары үшін маңызы зор. Атап айтқанда, жер учаскілерінің кадастрлық құны туралы дұрыс ақпарат алу үшін, жер бағасы бойынша қатынастар мен әдістерді жетілдіру қажет.

Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына сәйкес, жер учаскесінің кадастрлық (бағалық) құны жер учаскесіне төленетін негізгі мөлшерлемеге сәйкес анықталады.

Жер учаскесіне төленетін негізгі мөлшерлеме - жер учаскесінің кадастрлық бағалық құнын анықтайтын негіз, атап айтқанда, экономикалық жағдайларда жер рентасының орташа мөлшерінің мәнін білдіретін, жердің нормативтік бағасы.

Көкшетау қаласы бойынша бағалардың динамикасын талдау барысында, жылжымайтын мүлік бағасы ғана емес, сондай-ақ оның бір бөлігі болып келетін жер бағасының да өскені байқалды, бұл қолданыстағы негізгі мөлшерлемені білуді қажет етеді.

Дипломдық жұмыс «Астана қаласы Есіл ауданы жерлерінің кадастрлық құнын анықтау» тақырыбы бойынша жасалды.

Бірінші бөлім: жер учаскелерінің бағалық құнын анықтау бойынша теоретикалық негізден тұрады.

Екінші бөлім: бағалау объектісінің сипаттамасын қамтиды.

Үшінші бөлім: бағалау объектісінің, бағалық құнын анықтау ұсыныстарын көрсетеді

  1. Жер кадастры және жерге төлем түрлері туралы шолуҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік жер кадастрының мақсат, мазмұны және қағидалары

Қазақстан Респуликасының 2003 жылғы Жер кодексінің 152 - бабына сәйкес мемлекеттiк жер кадастры Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастрына жер учаскелерiне құқықты субъектiлер туралы ақпарат та енгiзiледi.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес жер мемлекет меншігінде. Бірақ жер заңында белгіленген шегінде жер жеке меншікте бола алады. Заңға сәйкес меншік иесі жерді келісім баға бойынша сатуға, жарна ретінде шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына беруге және жер учаскесін кепілдікке беруге, сый ретінде тартуға, мұралыққа қалдыруға құқылы. Жер кадастрының мазмұны және оны жүргізудің белгіленген тәртібі еліміздің барлық аймақтарына міндетті. Мемлекеттік жер кадастрының объектісі Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік жер қоры болып саналады.

Қазақстанда жер мемлекеттің меншігінде болғандықтан, оған барлық жер қорының табиғи, құқықтық, шаруашылық жайы туралы мәліметер қажет. Экономикалық тұрғыда жерді өндірістің ең басты құралы ретінде есепке алу, бағалау туындайды. Мемлекттің даму жоспарларын, бағдарламаларын, бол-жамдарын ғылыми негіздеп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы жағдай адам қорын, материалдық, табиғи қорларды (соның ішінде, әсіресе, жердің маңызы зор) есепке алу қажеттілігін туындатады.

Жер қорын ұтымды және тиімді пайдалану - халық шаруашылығының маңызды мәселесі. Ол халық шаруашылық салалары арасында жерді дұрыс үлестіруді, қоғамға керек ауыл шаруашылығы өнімін толық алуды, топырақ-тың құналылығын сақтауды және жүйелі түрде жоғарлатуды көздейді. Ұйым-дастыру-шаруашылық қызметін атқара отырып, мемлекет біріңғай жер қорын басқаруды жүзеге асырып, жер кадастрына ерекше мемлекеттік мәнді береді.

Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биік-тіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор, код, кіру және шығу форматтарының біріңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкетендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.

Кадастр мәліметтері топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, карто-рафиялық, жерді үйлестіру, инвентаризациялық топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жұыстарын жүргізу арқылы қалыптасады. Кадастр мәліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген, тұйық шекарада бөлінген жер учаскесі болып табылады.

Кадастр мәліметтерін, бірінші кезекте жерді тіркеу мәліметтерін мемле-кет тек қана жер қорын басқаруды әрі қарай дамыту мүддесінде емес, сонымен қатар жерге ресми мемлекеттік меншікті жүзеге асыру, қорғау мақсатында, сондай-ақ жер пайдаланушылар, иеленушілердің құқықтарын қорғауда қолданады. Сондықтан жер кадастры мәліметерінің құқықтық маңызы да зор.

Жерді мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер үшін бөліп берудің ең қолайлы жолын негіздеуде кадастрлық мәліметтердің атқаратын ролі зор. Осы мақсаттар үшін бірінші кезекте ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз немесе аз жарамды, сондай-ақ пайдалануға, иеленуге берілмеген жерлер бөлінеді. Сондықтан жер қорын пайдалану, үйлестіру, жердің нақты-лы жай-күйі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардың өнімділігі туралы мәліметтер қажет.

Мемлекет жерді кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, азаматтарға пайдалануға, иеленуге беретіндіктен, кадастрлық мәліметтер жерлердің нысыналы, ұтымды пайдалануын, қорғалауын мемлекеттік тұрғыда бақылауды жүзеге асыру үшін керек.

Өндіріс дамыған сайын оның төңірегіне табиғи қордың шоғырлану үлесі өсе береді де, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, биологиялық процестердің өзара байланысы күшейе түседі. Өндіріс тек қана материалдық игілік жасаумен шектелмей, қоршаған ортаны қорғауы, табиғатта эколо-гиялық тепе-теңдікті сақтауы тиіс. Табиғат қорларын, соның ішінде жер қорларын қорғау халық шаруашылығының ең маңызды мәселесі, сондықтан оған мемлекеттік назар аударылады. Топырақтардың құнарлылығын арттыру, су және жел эрозиясынан, қайта тұзданудан, құрғаудан, өнеркәсіп тастандыларымен ластанудан сақтау және жерлерді бастапқы қалпына келтіру шараларын белгілеп, жүзеге асыру үшін еліміздің жер қорларының сапалық жай-күйі туралы толық, сенімді ақпарат жинақталуы және болуы керек.

Жекелеп салық салу мәселесі де жеке табиғи-экономикалық аймақтар бойынша жердің сапасын есепке алуды, бағалауды талап етеді. Кадастрлық мәліметер жерлердің жай-күйін жақсарту, оларды пайдалану бойынша шара-ларды жоспарлау үшін де керек.

Материалдық игілікті құруда жердің маңызы өте зор. Ол қоғамдық өндірістің материалдық негізі, байлықтың көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры пайда болды. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды.

Сондықтан қоғамның белгілі бір даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындайды.

«Кадастр» сөзі (латын. «capitastrum») «салық салынатын заттар тізімі» деген ұғымды береді. Осыған байланысты әуелгіде кадастр деп салықтана-тын заттардың тізімі тіркелген кітап (реестр) аталды. Бұл кітаптар есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т. б. кадастры деп бөлінді. Сонымен, біржақты түсінікте жер кадастры - жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте - жерге салық салу үшін жер туралы мәліметтерді мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттер жүйесі. Кадастрдың басқа түрлерінен жер кадастры өзінің объектісімен (жер - өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшеленеді. Жер кадастры әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерекшеліктер келесідей:

  1. Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ол қай болмасын өндіріс процесінің шарты. Бірақ оның ролі қоғам өндірісінің әр түрлі саласында бірдей емес. Өндеуші өнеркәсіпте және құрылыста ол ерекше қойма ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығы жер тек қана өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес, еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында - өндірістің ең басты құралы.
  2. Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ештенемен ауыстырыла алмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстрыла алады.
  3. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.
  4. Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше - жақсартады, сөйтіп, оның құнарлығы жоғарлайды.

Жердің айрықша ерекшелігі - ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайда-лану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері өсірі-леді.

Жердің осындай ерекшеліктері жер кадастрының мазмұнын, оны жүргізу әдістерін және тәсілдерін алдын ала есептейді. Жалпы жер кадастрына келесі әрекеттер тән:

  1. Жерді есепке алу;
  2. Жерлерді баяндау;
  3. Жерлерді бағалау.

Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері, құрамы және сапасы анықталады.

Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс-тарихи және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады.

Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы және пайдалылығы анықталады.

Кадастрдың осы аталған әр әрекеті өзінше бірқарат техникалық тәсіл-дерден тұрады. Ал олар барлығы бірге жердің санына, сапасына, негізгі қасиеттеріне, нышандарына ең толық сипаттама береді және шаруалау, салық салу объектісі ретінде салыстырмалы құндылығын көрсетеді. Кадастрды жүргізуде әр әрекеттің маңызы туралы сұрақ әр кезеңде және әр елде әр түрлі қойылған. Бір жағдайда кадастрде ең басты көңіл жерлерді есепке алуға, басқа жағдайда - жерлерді жаратылыс-тарихи немесе экономикалық баяндауға, ал үшінші жағдайда - жерлерді бағалауға немесе әрекеттерді қалай болса да үйлестіруге бөлінген. Барлық жағдайларда жер кадастрының құрамдық бөліктері болып, жерлердің сөзсіз есепке алу және бағалау жататын. Міндетті түрде жерлердің кеңістік жайлары ескеріледі. Сондықтан әр елде әр уақытта жүргізілген жер кадастрлары бір-бірінен мазмұны және жүргізу техникасы, ұйымдастырылуы бойынша ерекшеленеді. Кадастрдың барлық әрекеттері бірден және бір уақытта пайда болып жүргізілген емес. Қоғамның ең ертедегі даму сатыларында жерлер тек қана есепке алынса, кейіннен оларды бағалау басталды.

Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамқтану үшін пайдалана бастағаннан (егіншілік пайда болғанда) туындады. Егіншіліктің және мал шаруашылығының дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты (жыртылған жер, жайылым), яғни, алқаптардың түрлері бойынша есепке алуды талап етті.

Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдарды табу тәсілдерінің әрі қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің, жеке меншіктің, мүліктік теңсіздіктің пайда боуына және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді.

Құлдық мемлекет шаруаларға көп салық салып, әр түрлі міндетемелерді орындауға мәжбүр етті. Жердің көп ауданы мемлекет иелігінде болды. Сон-дықтан құлдық құрылыста жерлер және иеленген жерлер есепке алынып, қайта саналды, жоспарлар құрастырылды, жерлердің және алқаптардың аудандары туралы мәліметтер көрсетілетін арнайы құжаттар құрылды. Құл-дық қоғамның тиісті даму сатасында жерлерді сапа бойынша есепке алу басталды. Жерлердің сапасын салыстырмалы бағалау қажеттілігі пайда болды. Сонымен, жерге жеке меншіктік пайда болумен жерге салық салу үшін жер-лерді есепке алу мәліметтерінің қажеттілігі туындады.

Жер кадастры салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болды. Уақыт өте кадастрдың құқығын рәсімдумен байланысты болды және сол арқылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.

Қоғамның даму кезеңдері басында негізінен жер көлемдері туралы мәліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық күйі бойынша есепке алу қажеттілігі пайда болды. Содан соң алқаптарды топырақ және құнарлылығы бойынша сипаттай бастады. Жер кадастры мәліметтерін тек мәтіндік құжаттарда ғана белгілей бастады. Сапасына қарай топырақтар топтарға (кластарға ) бөлінді. Көне ескерткіштер бірнеше жүздеген жылдар бұрын жерді және топырақтарды сапасы бойынша топтастыру туралы мәліметтерден тұратын жер кадастрының болғандығын куәландырады.

Мысалы, Қытайда біздің дәуірімізге дейін 3 мыңыншы жылдары топырақтарды 9 класқа бөлген. Мұндай мәліметтер Ежелгі Греция, Египет, Римнің көптеген ескерткіштерінде бар. Ежелгі Римнің жер кадастрында жер учаскелерінің көлемдері бойынша олардың сапасы, пайдалылығы, қолданатын өндеу тәсілдері туралы мәліметтер баяндалған. Сонымен қатар жер бетінде дәл өлшеулердің жүргізілгендігі және сапасын анықтау туралы карталардың жасалғандығы келтіріледі. Жер иелері өздерінің жерлері, шаруа жабдықтары туралы толық мәліметтерді беріп отыруға міндетті болған.

Жер кадастры арнайы шара ретінде феодалдық өндіріс тәсілі жағдайын-да әрі қарай дамыды, рәсімделді. Жерге жеке меншіктік күшейген феодалдық қоғамда әр түрлі жер иелеріне салық салу мөлшері бірдей болған жоқ. Ірі жер иелері жер салығын төлеуде көптеген жеңілдіктерді пайдаланған.

Дамып келе жатқан капиталистік мемлекеттер өсіп кеткен мемлекеттік аппатаратын, армиясын қамтамасыз ету мақсатымен және басқа да мәселерді шешу үшін қаражат көбейтуге мәжбүр болды. Сондықтан феодалдық-басы-байлы қатынастардың жойылуына, жер пайдаланушылардың, иеленушілер-дің салықтанатын санын көбейтуге, пайдаланатын жерлердің бәріне салық салуға мүдделі ретінде жерді есепке алушы, зерттеуші, баяндаушы және бағалаушы жер кадастры қызметі қажет болды.

Жер кадастрының қазіргі түсініктегі негізгі түрлері капиталистік қоғамда қалыптасқан. Сондықтан салық салу мақсаты жерді бағалау мәні және тәсілдері бойынша айырылады.

Капиталистік мемлекеттерде жер кадастрымен қатар жерді заңды тіркеу жүргізіледі. Оның міндеті жерді иелену және меншіктеу құқығын рәсімдеу болып табылады. Жерді тіркеу жерге жеке меншік құқығын қорғауға көздел-ген. Ол мәліметердің құқықтық маңызы бар. Олар тұлғалық және мүліктік болып бөлінеді. Біріншісі жер иелері бойынша, екіншісі - пайдаланатын жер-лер бойынша жүргізіледі. Заңды жерді тіркеуді жүзеге асыру нәтижесінде жер иесінің жерге құқығы рәсімделеді. Ол нотариалдық мекемелерде арнайы құжатармен заңдастырылады. Көпшілік капиталистік елдерде жерді заңды тіркеу арнайы жер кітаптарында жүргізіледі. Көптеген мемлекеттерде жер кадастры мен заңды жер тіреку арасында тығыз байланыс бар.

Жер кадастры бойынша материалдар жер-құқықтық мәселелерді шешуде кеңінен қолданылады. Олар тек қана салық салу мүддесінде емес, басқа да қажеттіліктер үшін (жерді сату, сатып алу, жалға беру, пайдалану және топырақтар эрозиясымен күресу бойынша ұсыныстарды жасау) пайдаланылады. Жер кадастрының негізгі міндеті жер иелері алатын пайда-ның бір бөлігінің мемлекетке түсуі мақсатында тиісті мәліметтермен қамтамасыз ету болып қала берді. Бұл капиталистік жер қатынастарының мәнімен есептеледі - әр елде және әр уақытта жүргізілген жер кадастры жұмыстарының мазмұны мен әдістемелерінің ерекшеліктері болса да, жалпы оларға жер туралы мәліметтерді алу тән болған.

Жерді арнайы есепке алып, бағалау шарасы ретінде қоғам дамуының бір сатысында пайда болған жер кадастрының зерттеу, есепке алу, бағалау, ал-қапты түрлері және сапасы бойынша топтастыру әдістері, тәсілдері жетіле түсті. Жаңа әдістерді, құралдарды қолдану арқасында жүйелі түрде жер ка-дастры ақпараттарының дәлдігі жоғарладын, құжаттардың рәсімі, мазмұны жетілді. Жер кадастры арнайы дайындықты, білімді талап ететін күрделі ша-раға айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жердің кадастрлық құнын бағалау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалау
Жерді кадастрлық бағалау
Жер учаскесінің құны
БҚО, Жәнібек ауданының Жасұлан ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау
Жерді бонитеттеу және оны бағалау
Қазақстан Республикасындағы жер кадастрыны жайлы
Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі
Жер учаскелерінің кадастрлық құнын бағалау
Қазақстан Республикасының жер және өзге заңдары бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жер нарығының құқықтық табиғатын қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz