Астық тұқымын себуде қолданылатын аппараттар


Мазмұны
Кіріспе . . .
Өндірістік кооперативтін сипатамасы . . .
1 Астық тұқымдарын себуге арналған құрылғылардың
құрылымына шолу жасау . . .
1. 1 Астық тұқымдарының физикалық-механикалық қасиеттері . . .
1. 2 Астық тұқымдарын себуге қойылатын агротехникалық талаптар . . .
1. 3 Сепкіш машиналар құрылымына шолу жасау . . .
1. 4 Астық тұқымын себуде қолданылатын аппараттар . . .
1. 5 Себу кезінде күмбез пайда болуының себептері . . .
2 Астық тұқымын себуге арналған сеяканы жобалау және есептеу . . .
2. 1 Себкіштін технологиялық сүлбесін негіздеу . . . … . . .
2. 2 Сыйымдылықты есептеу. . . .
2. 3 Тарту кедергісін есептеу . . . . . . …… . . .
3 Күмбез бұзғыш орнатылған сепкіш аппаратын жобалау және есептеу . . .
3. 1 Күмбез бұзғыштардың құрылымына шолу жасау. . .
3. 2 Сепкіш аппараттың құрылысы мен жұмыс принципі.
3. 3 Астық тұқымдарына арналған сепкіш аппараттың
өнімділігін есептеу . . .
3. 4 Сепкіш аппарат жетегін есептеу . . .
3. 5 Конустық тісті берілісті есептеу . . .
3. 6 Білікті бұралуға есептеу . . .
4 Еңбек қорғау шаралары . . .
4. 1 Механикаландырылған жұмыстарды орындау кезінде
еңбек қауіпсіздігі мен жағдайын талдау . . .
4. 2 Еңбек қауіпсіздігі мен жұмыс жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар . . .
4. 3 Жобаланған сепкіштің қауіпсіздіқ талаптарына сәйкестігі . . .
4. 4 Қауіпті аймақтарды залалсыздандыру . . .
5 Қоршаған ортаны қорғау шаралары . . . …… . . .
5. 1 Қоршаған ортаны қорғау шараларының маңызы… . . . ……… . . .
5. 2 Табиғатқа кері әсер ететін объектілер……… . . . . . .
5. 3 Қоршаған ортаны ластануын төмендетуге бағытталған шаралар . . .
6 Экономикалық тиімділікті есептеу . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауларының бірінде біздің еліміздің өнімдерінің сапасына ерекше көңіл аударған болатын. Сапалық көрсеткіштерінің төмендігінен көптеген тауарлар, мысалға астық және ет шет елдік нарыққа шыға алмайтындығын атап өткен.
Қазіргі нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы саласында аса маңызды көңіл аударатын мәселелердің бірі астық дайындау мәселесі болып табылады. Соңғы уақыттарда халық шаруашылығын астықпен қамтамасыз ету бағытында Республикада көптеген шаралар қарастырылып отыр.
Солардың бірі астық алқаптарының көлемдерін ұлғайту және астықтың өнімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар. Қазіргі кезде егіс жұмыстарында қолдналып жүрген сепкіш машиналар астық тұқымдарын себу жұмыстарына қойылатын агротехникалық талаптарға сай толығымен жауап бере алмайды. Әсіресе сусымалылығы төмен тұқымдарын себетін машиналар жұмыстарында көптеген қиыншылықтар кездеседі. Сусымалығы төмен тұқымдарын себу кезінде себу нормасын реттеу өте қиын. Оның себебі сусымалығы төмен тұқымдарының себу процесі кезінде жәшік ішінде бір бірісен жабысып тұқым күмбезін құруы, соның садарынан тұқым сепкіш аппараттарға біркелкі жекізілдмейді де себудің сапасы төмендейді. Сонымен бірге сусымалы емес тұқымдардың физикалық-механикалық қасиеттері жағынан бір бірінен үлкен айырмашылықтары болуы оларды себу үшін әмбебеп құралдарды жасап шығаруда көп қиыншылықтар туғызады.
Дипломдық жобада астық дақылдары және сусымалы емес тұқымдарды сепкіш құрылғының құрылымын шолу және жасау, оның құрылымдық және технологиялық параметрлерін негіздеу арқылы орындап отырған жұмысымыз көтерліп отырған мәселенің щешіміне әкелетін күмбез бұзғыштың құрылымын жасап, оның сепкіш аппараттың құрылымыдық және технологиялық параметрлеріне үйлестіру болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы “Жеңістік” өндірістік кооперативі сипаттамасы
"Жеңістік" өндірістік кооперативі 1991 жылы құрылған. Шаруашылық облыс орталығы Шымкенттен 100 км қашықтықта орналасқан. Бұл шаруашылық негізінен егін, жеміс-жидек, мал шаруашылығымен айналысады.
Өндірістік кооператив үш еңбек сатысынаң тұрады:
- Егін шаруашынығы және жеміс-жидек
- Мал шаруашылығы
- Механизация
Өндірістік кооператив бригадалары бидай, арпа өнімдерін өндірумен шұғылданады. Жаздық бидай, шөп (жем) өнімдерін дайындайды.
Мал шаруашылығында ірі қара қой малдары, жылқы және шошқа өсірумен айналысады. Ірі қараға сауьш сиыр, бойдақ тана, бұзау малдарына бөлінеді.
Сауьш сиыр сүтін уақытында базарға апарыльш сүт және қаймақ өнімдері сатьшады, қазіргі жағдайға байланысты. Еркек таналары жұмысшыларға айлық есебіне беріледі, себебі қолма қол еңбек ақша берілмеген (есебі) соң жылқы малы да осы тәсілмен шешіледі. Малшыларға мал өсіру, мал азығыи өндіру өте қиын жағдайда.
Механизация бөлімі.
- Орталық машина трактор жөндеу шеберханасы.
- Автокөлік бөлімшесі.
Өндірістік кооператив ауылшаруашылық техникамен жақсы қамтыған, жеке талдап айтқанда К - 701, К - 700, МТЗ - 80, 30; ДТ - 75, Т - 150, Т - 28, Т - 70 барлығы 40 дана. Бұл техникалар әр өнім өндіру саласына байланысты пайдаланады.
Техниканы тиімді пайдалану мен еңбек өнімдерін артуы көбінесе механизатордың дәрежесіне байланысты.
"Жеңістік" өндірістік кооперативінде ауьлшаруашылық тракторлармен ауылшаруашылық, машиналарының саны.
1. К-701 2 дана
2. К-700 Здана
З. Т-150 2 дана
- ДТ - 75 3 дана
- МТЗ - 80 21 дана
- Т - 70 2 дана
Ауылшаруашылық машиналары
- Соқа ПЛН-8-35 4 дана
- Культиватор КГІШ - 9 2 дана
- Соқа ПЛН 4-35 4 дана
- Сока ПЛН 3-35 З дана
- Тырмалар 130 дана
- Тіркемелер С - 11 5 дана
- Сепкіштер
СЗС-3, 6,
СЗС-2, 0
СЗУ-3, 6,
СЗА-3, 6,
СЗП-3, 6,
СЗО-3, 6,
СЗЛ-3, 6,
СЛТ-3, 6,
СРН-3, 6. Барлығы 40 дана
1 Астық тұқымдарын себуге арналған құрылғылардың
құрылымына шолу
1. 1 Астық тұқымдарының физикалық-механикалық қасиеттері
Астық тұқымдары мен шөптер тұқымдарының бір бірімен ұқсастығы сондай оларды ажырату өте қиын. Тұқымдардың негізгі қасиеттері екі топқа бөлінеді:
- технологиялық процестерді орнықтыруда тікелей пайдаланбайтын тұқымның өнгіштігі, көктеп шығу күші, химиялық және тағы да басқа қасиеттері жатады.
- тұқымды тазарту, өңдеу, себу сияқты технолгиялық процестердің орнығуына тікелей қатысты: тұқым мөлшері (ұзындығы, ені және қалыңдығы), салмағы (меншікті және көлемдік), қабаттық қасиеттері, пішіні, қалқандылығы және тағы басқа қасиеттері жатады.
Астық тұқымдары және шөп тұқымдары сусымалдық қасиеттеріне байланысты үш топқа бөлінеді:
- сусымалы;
- сусымалығы төмен;
- сусымалы емес.
Бірінші сусымалы емес астық және шөптер тұқымдарына мыналар жатады: шалғындық қарабас шөп, оқ суаты және үй бидайық.
Екінші сусымалығы төмен шөптер тұқымдарына: жима тарғақ, қызыл бетеге, еркек шөп тұқымдары жатады.
Үшінші сусымалы емес шөп тұқымдарына қызыл ат арпабас, тамырсыз бидайық, шалғындық қоңырбас, түлкі құйрық және үй бидайық және жаздық бидай сияқты тұқымдар жатады.
Тұқымның физикалық механикалық қасиеттеріне оның формасын, сызықтық өлшемдерін, бетінің сипаты үйкеліс коэффициентін, қалқандылығын, сусымалылығын, серіппелігін, ылғалсіңіргіштік, жылу өткізгіштік және тағы басқа қасиеттерін жатқызуға болады, соңғы кезде оның электромагниттік түсі мен мөлдірлігі сияқты қаситеттеріне де көңіл аударылуда.
Уақыт өткен сайын қоршаған орта жағдайының өзгеруіне байланысты тұқымның физикалық-механикалық қасиеттері де өзгеріп отырады. Тұқым формасы мен өлшемдері, оның бункер тесігінен сусып түсуі.
1. 2 Астық тұқымдарын себуге қойылатын агротехникалық талаптар
Жалпы себу үрдісіне келесідей үш негізгі талаптар қойылады:
- берілген мөлшердегі тұқымдарды танап ауданының бірлігіне орналастыру;
- аудан бойынша тұқымдарды біркелкі орналастыру, тарату;
- белгілі тереңдікке тұқымдарды біркелкі сіңіру.
Топырақтары жел эрозиясына ұшыраған аймақтар үшін қосымша талап қойылады - себуден кейін топырақты тығыздау. Тұқымдарды жалпы себудің берілген нормадан ауытқуы 3 % аспау керек.
Бөлек сепкіш аппараттардың арасындағы себудің орташа біркелкі еместігі дәнді дақылдарды себу кезінде 3 % аспауы керек, бұршақты дақылдарды - 4 %. Қатар аралық енінің ауытқуы негізгі сепкіштерде
1 см артық болмауы керек, құрама сепкіштерде
2 см, берілген сіңіру тереңдігінен ауытқу 15 % аспау керек. Танап бетінде сіңірілмеген тұқымдар болмау керек. Бұрылыс алаңдары толық себілген болуы керек. Дәл себу кезінде бір бір дәннің 80 % бір-бірінен берілген қашықтықта орналасуы керек. Бос қалған жолдардың саны қатарлар санынан 2 % аспау керек.
Мұқият егіс алдында өңдегеннен кейін арам шөп баспаған топырақтарға шөптерді жаппай қатар себу тәсілдерінмен себеді. Бұларды тұқымға арнап егіп өсіргенде кейбір аудандарда шөптерді кең қатарлы тәсілмен себеді.
Астық және шөп тұқымдарын себуге әзірлеудің зор маңызы бар. Астық және шөп тұқымдарын дәрілеген пайдалы болады. Бұршақ тұқымдас шөптерді себу алдында нитрагинмен өңдеу пайдалы болады.
Бір жылдық шөптерді себу мерзіміне қарай ерте және кеш себулетін дақылдарға бөлінеді. Ерте пісетін дақылға сиыр жоңышқаны, сераделланы, бір жылдық райграсті және басқаларды, кеш себетін дақылдарға - судан шөбін, могарды жатқызады. Ерте себулетін дақылдарды 8-10 см тереңдікте себуді топырақ температурасы 5-6 0 С болғанда, ал жылылық сүйетін дақылдарды топырақ 10-12 0 С дейін қызғанда жүргізген қолайлы болады.
Тұқым себу нормасы тұқымнығ көлеміне, егін өсіретін ауданына, себу тәсіліне, себу мақсатына (пішенге немесе тұқымға), тұқымның өнгіштігіне байланысты болады.
Жаппай қатарлап сепкенде үлгі себу нормасы шөп үшін әртүрлі болады. Могра 1 гектарға - 10-15 кг, судан шөбін - 15-20 кг, бір жылдық райграс пен соргоны - 20-30 кг, сераделланы 40-50 кг, сиыр жоңышқаны, ноқат пен мал бұршақты 150-180 кг, қызыл жоңышқаны - 14-16 кн себеді.
Астықты және шөптерді кең қатарлы тәсілмен сепкенде сенбу нормасы 40-60 % азайтылады.
Могар, бір жылдық райграс, сераделла тұқымдарын сіңру тереңдігі 2-3 см, судан шөбінікі, мал бұршағінікі, жоңышқанікі - 2-3 см.
Шөптерді себу үшін астық-шөп сеялкаларын қолданады.
1. 3 Сепкіш машиналар құрылымына шолу жасау
Қазіргі кезде қолданылатын сепкіштер: С3-3, 6 типті дән - тыңайтқыш әмбебап сепкіші, СЗС-2, 0 типті сепкіш - култиваторы және орталықтандырылған мөлшерлегішті және тұқымдарды сіңіргіштерге пневмотасымалдағышты кең алым енді құрама әмбебап сеялкасы.
СЗ-3, 6 дән тыңайтқыш сепкіші және оның модификациялары дәнді, азық, зығырлық және техникалық дақылдар тұқымдарын қатарлап, тарқатарлап және кең қатарлап себуге, сонымен қатар түйіршектелген минералды тыңайтқыштарды енгізуге арналған. Ол жоғарғы жылдамдықтарда жұмыс істейді, тіркелмелі, гидрофицирленген. Оны бір сеялкалы агрегаттарда 0, 9 және 1, 4 тарту класты тракторлармен, ал көп сеялкалы кең алым енді агрегаттарда 3 және 5 тарту класты тракторларға гидрофицирленген тіркемелермен агрегаттайды.
Сепкіш тіркеу құрылғысы және аяқ астына арналған тақтайы бар пісірілген рамадан; екі тірек - жетек пневматикалық доңғалақтардан 4 (сур. 1. 1) ; тұқым мен тыңайтқышқа арналған бөлімдері бар екі дән - тыңайтқыш жәшіктен 1; 24 тұқым сепкіш катушкалы - науалы 3 және осынша тыңайтқыш-сепкіш катушкалы-штивті аппараттардан; гофрленген резеңкелі тұқымөткізгіштерден; екі-дискілі сіңіргіштерден 7 және саусақты тегістеуіштерден тұрады.
Әрбір сіңіргіш раманың брусымен топсалы түрде жетекпен жалғанған, ал басқыш серіппеленген штанга мен вилка арқылы сіңіргіштер жүрісінің тереңдігін топтап реттейтін және көтеру механизмнің төрт бұрышты 11 және шеңберлі біліктермен жалғанған.
1 - дән-тыңайтқыш жәшігі; 2 - катушкалы-штифтті аппарат; 3 - катушкалы-науалы аппарат; 4 - доңғалақ; 5 - шлейф; 6 - загортач; 7 - сіңіргіш; 8, 11 - біліктер; 9 - реттеуіш болт; 10 - гидроцилиндр; 12 - контржетекті білік
Сурет 1. 1 - СЗ-3, 6 дән-тыңайтқыш сеялкасы (базалық)
Қырғыштың төрт бұрышты білігі рычаг пен серіппеленген штанга көмегімен, гидроцилиндрмен 10 қозғалысқа келтірілетін, сіңіргіштерді көтеру механизімімен жалғасады. Қажет болған жағдайда сеялкада саусақты қырғыштар орнына шынжырлы шлейфтер 5 орнатылуы мүмкін.
Тұқым және тыңайтқыш сепкіш апараттарының біліктері айналысқа орталықта орналасқан берілістің тісті - шынжырлы механизмі мен өзу муфтасы мен айырғышы бар контр жетекті білік арқылы тірек доңғалақтарынан келтіріледі. Озу муфталарының болуы аппараттарға екі доңғалақтан да айналысты беруге мүмкін береді, ал айырғыш сіңіргіштерді көтергенде беріліс механизмін ажыратып тастайды.
Жұмыс процесі келесі тәртіп бойынша өтеді. Жәшіктің сәйкес бөлімдеріне толтырылған тұқымдар мен тыңайтқыштар өзіндік ағын әсерімен сепкіш аппараттардың қабылдау камераларын толтырады. Сіңіргіштері жұмыс жағдайына түсіріліп сеялка қозғалған кезде дән және тыңайтқыш аппараттарының айналмалы катушкалары себу материалын алып тұқым өткізгіштердің воронкаларына түсіреді.
Тұқым өткізгіштер бойынша сіңіргіштің дискілер арасындағы кеңістікке түседі, бағыттауыштар бойыншат домалайды да топырақта сіңіргіштің дискілерімен жасалынған бороздасына келіп орналасады. Тұқым мен тыңайтқышты сіңіру, сонымен қатар топырақ рельефін тегістеу қырғыштармен орындалады. СЗ - сеялкасының келесідей модификациялары бар: СЗУ-3, 6, СЗА-3, 6, СЗП-3, 6, СЗО-3, 6, СЗЛ-3, 6, СЛТ-3, 6, СРН-3, 6.
СЗТ - 3, 6 дән шөп сепкіші дәнді дақылдар мен шөптің ұсақ тұқымдарын себумен қатар түйіршіктелген минералдық тыңайтқыш енгізуге арналған. Дәнді дақылдардың тұқымдарын шөптердің сусымалы емес тұқымдарына ауыстыруға болады.
СЗТ-3, 6 тіркемелі дән-тыңайтқыш сеялкасы және дәнді-бұршақты дақылдар тұқымын, сондай-ақ шөптің сусымалы, орташа сусымалы және сусымайтын тұқымдарын себумен бір мезгілде олар себілетін қатарға түйіршікті минералды тыңайтқыштар енгізуге арналған.
СЗТ-3, 6 сеялкасы СЗ-3, 6 сеялкасының өзгертілген түрі болып табылады. Оның дән-тыңайтқыш және шөптің сусымайтын тұқымына арналған дән-тыңайтқыш шөп жәшігі, сонымен бірге кейінгі жәшігінің артына орналасқан шөптің сусымалы, орташа сусымалы тұқымына арнлған шөп жәшігі бар. Дән тыңайтқыш шөп жәшігінің дән-шөп бөлімінің ішінде айдаушы және аударыстырғышы бар біліктер орналасқан. Үш қалақшалы айдауыштар сепкіш аппараттары саңылаурының алдына қондырыған. Ал екі қалақшалы аударыстырғыштар айдауыштар аралығында болады. Аударыстырғыштар мен айдауыштар шөп тұқымының бір орынға жиналып қалуына жол бермей, оның сепкіш аппарттарға үздіксіз түсіп тұруын қамтамасыз етеді. Дәнді дақылдардың тұқымы мен шөптің сусымайтын тұқымын себу үшін төменгі сепкіші, топтап босатқышы және түбінің орналасуының топтық реттеуіші бар катушкалы сепкіш аппараттары, ал шөптің сусымалы және орташа сусымалы тұқымын себу үшін кішірейтілген катушкалы, тыңайтқыш себу үшін катушкалы штифттелген сепкіш аппаттары қолданылады. Бұл сеялканың резеңкелі гофрленген 23 түтіктері және екі дискілі 24 сошнигі, шөп тұқымына арналған спиральды-ленталы 23 тұқым өткізгіші мен қыртөсті 23 сошнигі бар.
СЗО-3, 6 тіркемелі бір дискілі дән-тыңайтқыш сеялкасы дәнді дақылдар мен дәнді бұршақты дақыолдары тұқымын себумен бір мезгілде тұқым себелітені қатарға түйіршікті минералды тыңайтқыш енгізуге арналған. СЗО-3, 6 сеялкасы СЗ-3, 6 базалық сеялкасының өзгертілген түрі болып табылады. Одан айырмашылығы - екі дискілі сошниктердің орнына бір дискілі сошниктер қондырылған. Екі дискілі сошниктері бар сеялкаға қарағанда бір дискілі сошниктері бар сеялканың конструкциясы ықшам болып келеді, салмағы да жеңіл, дискілерін бекіту үшін тартуға қосымша уақытты да көп керек етпейді, топырақ қабатының ылғалдылығы 26 %-тен аспаса, жиналып та қалдмайды.
Сошник радиусы 790 мм сфералық дискіден тұрады. Дискі радиалды (тарамдалған) шарикті екі подшипниктен айналатын күпшекке шегеленіп тасталынған. Күпшек тізгіншеге арнайы гайкалы болт арқылы бекітіледі. Дискінің сыртқы жағына корпус-бағыттағыш қондырылған. Оған тұқым өткізгіштің төменгі ұшы жалғанады. Дискілерді жабысқан топырақтан тазарту және борозданы қатар келе жатқан сошниктің мезгілінен бұрын топырақты баспауы үшін тізгінше кронштейндеріне болттармен тазалауыштар бекітіледі. Сеялкаға он екі оң жақ тізгіншесі, он екі сол тізгіншесі бар 24 сошник қондырылған. Тізгіншелерінің имектігіне байланысты сошниктер сеялканың бойлық осінің қалпы бойынша 10 0 бұрыш жасай орналасады.
Сошниктерге тұқымдарды ауамен тасымалдайтын сеялкасы . Дәнді және бұршақты дақылдарды себуге арналған машиналар кешеніне тұқымдарджы орталықтан мөлшерлейтін және сіңіргіштерге тұқымджы ауамен тасымалдайтын кең алымды секциялық сепкіштерді де жатқызуға болады. Мұндай типті сепкіш (сурет 1. 2) төмендегідей бөліктерден тұрады: бункер 2, сепкіш аппарат 4, желдеткіш 12, таратқыш қалпақша 1, тұқымөткізгіштер 5 және 7, сіңіргіштер 9, таптауыштар 8, тірек-жетке доңғалақтары 11. Бункер 2 сепкіштің орталық бөлігінде орналасқан, араластырғышпен 3 және сепкіш аппараттқа ірі заттардың түсуіне жол бермейтін тормен 4 жабдықталған. Тұқымдарды орталықтан мөлшерлеу үшін катушкалы типті үлкен өлшемді сепкіш аппарат 4 қолданылады. Таратқыш құралға желдеткіш 12, орталық түтік 5 және жеке тұқым өткізгіштерге арналған мундштіктары бар таратқыш қалпқаша жатады. Алым ені 6 м астам болған кезде екі сатылы таратуды қолданады, яғни орталық таратқыш қалпақшадан 1 тұқымдар топтық тұқым өткізгіштер арқылы қосымша таратқыш қалпақшаларға бағытталды, содан соң сіңіргіштерге таратылады.
1 - таратқыш қалпақша; 2 - бункер; 3 - араластырғыш; 4 - катушкалы сепкіш аппарат; 5 - орталық тұқым өткізгіш; 6 - сопло; 7 - тұқымөткізгіш; 8 - таптауыш; 9 - сіңіргіш; 10 - дросселді қалқан; 11 - тірек-жетек доңғалағы; 12 - желдеткіш.
Сурет 1. 2 - Тұқымдарды ауамен тасымалдайтын сепкіш
Сепкіштің жұмыс үрдісі төмендегідей өтеді. Тұқымдар бункерден 2 араластырғыш 3 арқылы сепкіш аппаратқа келіп түседі. Катушка 4 оларды орталық тұқым өткізгішке 5 береді. Желдеткішпен 12 туғызылатын ауа ағыны тұқымдарды алып орталық тұқым өткізгіш бойымен таратқыш қалпақшаға тасымалдайды. Ауа ағынының жолында дросселді қалқан орнатылған, оның көмегімен ауа ағынының жылдамдығы реттеледі. Орталық тұқым өткізгіштің жоғарғы гофрленген учаскесінен тұқымдар өтіп оның қабырғаларына бірнеше рет соғылады, осының нәтижесінде ағын тегістеледі де орталықтандырылады. Қалпақшаның конусына соғылып тұқымдар тұқым өткізгіштер бойынша біркелкі таратылады да 3 . . . 5 м/с жылдамдығымен сіңіргіштермен жасалған қарықшаларға клеіп түседі.
Мұндай сепкіштердің алым ені 18 м дейін болады. Олар әмбебап болып табылады, себебі әртүрлі дақылдарды себуге арналған.
Жел эрозиясына ұшыраған аймақтарда агротехникалық шаралар дәнді дақылдардың тез және бірге шығуын қамтамасыз етуге бағытталған. Тұқымдардың борозданың тығыздалған ылғалды түбіне біркелкі етіп орналастыру қажет, қатараралықтарда максималды мөлшерде аңызды сақтау керек, себілген бороздаларды катоктап тығыздау керек. Сақталған аңызды танап бетіндегі желдің жылдамдығын азайтады, топырақтың жылжитын бөлшектерін тоқтатады.
СЗС-6 және СЗС-12 сепкіштері, СЗС-2, 0 модулінің екі және алтауынан құрастыралады, дәнді дақылдар тұқымдарын қатарлап себуге, өсіп кеткен арам шөптер тамырларын кескілеп, сонымен қатар түйіршіктелген тыңайтқыштарды қатарларға енгізіп, себілген қатарларды тығыздауға арналған.
СЗС-2, 0 (сур. 1. 3) сепкішінің алдыңғы бөлігі себу кезінде өздігінен орнатылатын пневматикалық дыңғалыққа 1 тіреледі, артқы тірек ретінде тегістеуіш катоктар 14 қызмет етеді. Сеялкасына транспорттық жағдайға аудару үшін тірек доңғалағы 1 мен катоктар гидроцилиндрмен рама астына көшіріледі.
1 - доңғалақ; 2 - тіркеу құралы; 3 - тартқыш; 4 - рама; 5 - катушкалы-науалы аппарат; 6 - тұқым-тыңайтқыш жәшігі; 7 - катушкалы-штифтті аппарат; 8 - тұқым өткізгіш; 9 - көтеру механизмі; 10 - кронштейн; 11 - арқалық; 12 - жетек механизмі; 13 - рамка; 14 - каток; 15 - сіңіргіш
Сурет 1. 3 - СЗС-2, 0 сеялка культиваторы
Тұқымсепкіш аппараттарды - катушкалы, тыңайтқыш сепкіш- катушкалы - штифті, сіңіргіштер 15 түтікті культиваторлық табандары мен шеңберлі наральниктері бар. Әрбір сіңіргіш екі амортизациялық серіппемен бекітіледі, олар өзін өзі тазалауға мүмкін береді және сынудан сақтайды.
Сіңіргіштер үш қатарда орналасқан, қатараралықтар ені 22, 8 см. Сына тәрізді катоктар 14 диамнтрі 55 см сіңіргіштерден кейін топырақты тығыздайды және тұқымдар қатарларының үстінен бороздаларды жасайды.
Құрама беріліс көмегімен катоктар тұқым сепкіш және тыңайтқыш сепкіш аппараттарды қозғалысқа келтіріледі. Тіркеу құрылғысы 2 сеялка рамасына шынжырмен ілінген. Сіңіргіштердің 15 топыраққа кіру тереңдігін гидроцилиндр штогындағы тіреуді жылжыту және көтеру механизмінің жұдырықшасымен тартуды жалғастыратын тартқыш гайкамен реттейді.
СЗС-6 сепкішінің алым ені - 6 м, СЗС-12 - 12 м, сіңіргіштердің кіру тереңдігі - 4-12 см, жұмыс жылдамдығы - 9 км/сағ дейін.
Кең алымды құрама әмбебап сепкіші дәнді, дәнді -бұршақты және көкөніс дақылдары, мақта, т. б. дақылдар тұқымдарын себуге, сонымен қатар түйіршіктелген минералдық тыңайтқыштар мен улы химикаттарды енгізуге арналған.
Сепкіш тұқымдарға арналған сыйымдылықтан 2 спиральді науалары бар үлкен габаритті (өлшемді) катушкалы сепкіш аппараттан, желдеткіш 12 түрінде жасалған таратқыш құрылғыдан, орталық құбырлы түтіктен 5 және тұқым өткізгіштерге 7 арналған мундштуктары бар таратқыш қалпақшасынан 1, сіңіргіштерден 9 және сіңіргіш құрылғылардан 8 тұрады.
Сепкіш аппарат тірек - жетек доңғалақтарынан 11 қозғалысқа келтіріледі.
Тұқымдар сыйымдылықтан араластырғышпен 3 сепкіш аппаратқа беріледі, оның катушкасы оларда орталық түтікке бағыттайды. Желдеткіштің ауа ағыны тұқымдарды орталық түтік бойымен таратқыш қалпақшаға 1 бағыттайды. Дроссельді ысырма 10 арқылы ауа ағынның жылдамдығы 27 ден 68 м/с дейін реттеледі сопло арқасында катушка астында сирету жағдайы туады, тұқымдардың жақсы тасымалдануына мүмкіндік береді. Орталық түтіктің гофрленген учаскесінде 13 тұқымдар ағыны теңгеріліп, орталықтандырылады. Таратқыш қалпақшаның конусты қақпағына соғылған кезде тұқымдар тұқым өткізгіштер 7 бойынша біркелкі таратылады, 3…5 м/с жылдамдықпен сіңіргішпен 9 жасалған бороздаға тасымалданады және құрылғылармен 8 сіңіріледі.
1. 4 Астық тұқымын себуде қолданылатын аппараттар
Қазіргі кезде құрылысы бойынша, сонымен қатар атқаратын қызметі бойынша да ерекшеленетін көптеген сепкіш аппараттар конструкциялары бар. Сепкіш аппараттар жіктеген кезде зерттеушілер төмендегідей қасиеттерге негізделеді конструктивтік пішін, тұқымға келетін әсерінің түрлері, себудің технологиялық процесі. Тұқымға әсер етуі бойынша сепкіш аппараттар үш типке бөлінеді:
1. механикалық;
2. пневматикалық;
3. пневмомеханикалық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz