Ашаршылық жылдарындағы баспасөздер


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Ашаршылық жылдарындағы баспасөздер
1. 1 «Мұны басқа ұмытса да, қазақ ұмытпауытиіс» . . .
1. 2. Аштықтың ауыр зардаптары . . . 2 .
1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықтың сол кездегі баспасөздегі көрінісі
2. 1Өзіміздікі дегенде өгіз қара күшім бар, Өзгенікідегенде онда менің не ісім бар . . .
2. 2 Алтын күміс- тас екен, Арпа- бидай- ас екен . . .
3. Күштеп ұжымдастыру және баспасөзге қойылған цензура 3. 1« Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» 3. 2 Екі еліауызға төрт елі қақпақ.
ҚОРЫТЫНДЫ . . . ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда біз қазақтар 10 милионнан әрең асып отырмыз. Егер қазақ даласында алапат аштық болмағанда біз 32 млн боп отырар едік дейді Мұхтар Шаханов ағамыз, ал осы саланы терең зерттеп жүрген адамдардың бірі Мектептегі Аманқос ағамыз радиода сөйлеген сөзінде тіпті 50-60 млн -ға жетіп қазақтың кең байтақ даласында балпаң басып жүрер едік дейді. Біз үшін 50-60млн түгілі 32млн-нын өзі арман болып тұрған жоқ па? Сонау өз баласының етін жегізген аштық қазақтың сан жағынан да, рухани жағынан да аздырды. 1921 жылғы аштықтағы адамдарды көрген Ахаң(Ахмет Байтұрсынов) : «Аштықтан адамның тәні азып еді, жаны да азып, ес кетіп, адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман боп кетті» деп еді-ау. Қойша қыратындай қазақ Құдайға, Кеңес үкіметіне не жазып еді?Осы секілді сан мыңдаған сұрақтарға жауап табу үшін сол кездерде халықтың көзі һәм тілі болып тұрған баспасөзге жүгіндім. Біраз сұрақтардың жауабы табылып, шындықтың пердесі түріле бастағандай. Қазақ тарихын жасауда дерек көзіне айналып отырған басылымдар «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Известия» газеттерінің материалдарына сүйене отырып ұлтымыздың аштан қатуының себебін, салдарын анықтауға тырыстым. Нәтижесі (аштық салдарының емес зерттеудің ) жаман емес сияқты. Кеңес үкіметі тарихты бұрмалады, өз қылмыстарын жарияға жар салатын деректердің көзін құртты, кейбірін жасырып тастады . Қазақ тарихының шындығын ащы болса да, тырнақтың ұшындай болса да сол замандағы баспасөз материалдары арқылы қалпына келтіруге үлес қосу -осы
Бітіру жұмысының мақсаты . Бітіру жұмысының мақсаты аштық жылдарында жарық көріп тұрған газет материалдарына сүйене отырып тарих шындығын ашу, ең болмаса сол шындыққа соқпақ салу.
Бітіру жұмысының нысаны . Бітіру жұмысы «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Известия» басылымдарының материалдары негізінде жазылып шықты. Бар салмақ та ондағы материалдар мен авторларға түсті.
Бітіру жұмысының ғылыми-әдістемелікнегізі. Бітіру жұмысы жоғарыда атап өткен газет материалдары мен тарихшы Талас Омарбеков пен жазушы Смағұл Елубаевтың кітаптарындағы деректерге сүйене отырып жазылды.
Бітіру жұмысының жаңалығы . Ашаршылықтақырыбы тарихшылардың зерттеу нысанына айналса да, журналистердің қаламының ұшына іліге қойған жоқ. Дерек іздесек те сол тарихшылардың еңбегіне сүйенеміз. Кеңес заманында жазылған тарих-басшылар жаздырған диктант. Егер сол диктант пен баспасөз материалдарын салыстыра отырып қарасақ, ақиқаттың да ауылы алыс болмас еді. Журналистер мен тарихшылар бірлесе жұмыс істеу әдісін қолдансақ тарихтың сандығын аққу, шортан, шаянша жан-жаққа тарпамас едік.
Тәжірбиелік құндылығы . Журналистика факультетінің студенттері 20-30 жылдардағы қазақ баспасөздерін қарастырғанда, Қазақстандағы сауатсыздықпен күрес, мәдени даму жағы ғана айтылып, баспасөздегі аштық мәселесін айналып өтеді. Оған материалдардың аздығы қол байлау. Менің бұл еңбегім осы саладағы теңізге тамған тамшыдай болса да, біраз дүниені қамтыды.
Зерттеу әдісі. «1921-1922 және 1931-1932 жылдардағы ашаршылықтан сол кездегі баспасөздің көрінісі» тақырыбын ашу барысында талдау, саралау, салыстыру әдістері қолданылды.
Бітіру жұмысының құрылымы . Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім, екі тараудан, қорытынды, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 65 бет.
Бітіру жұмысының мазмұны . Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, мақсат- міндеттері айқындалса, бірінші бөлімінде сол « 1921-1922 және 1931-1932 жылдардағы баспсөздерге және ашаршылықтың ауыр зардаптары мен салдарына » жалпы сипаттама беріліп кетеді. Келесі тарауында «өзгенікі дегенде өгіз қара күшім бар, өзгенікі дегенде онда менің не ісім бар» деген принципті ұстанған « Известия» газеті мен ашыққандарға қалай көмек берсем екен деген « Ақ жол», « Еңбекші қазақ», газеттерінің материалдары талданады. Үшінші тарауында 1932 жылдары баспасөз аштық туралы жұмған аузын неге ашпады деген сұрақтарға жауап ізделінеді. Осыдан он алты жыл бұрын қолымызға қонған баққа біреулер бөркін лақтыра қуанса, біреулер күдікпен қарады. Өйткені бұл егемендік -жарты ғасырдан астам уақыт біреудің «әй» дегенімен қадам басып, «қой» дегенімен тізгін тартып келген халықтың асау тайға тақым басқанымен бірдей еді. Қайратың мен күшің жетпесе ерден бір-ақ сәтте аунап түсесің. Ал біздің қайратымыздың қажалып, күшіміздің сарқылуы үшін сол кездегі басқарушы ұлт аз нәрсе жасаған жоқ . Ғылым тілінде бір ұлттың екінші бір ұлтты құртуға, жоюға бағытталған әрекетін геноцид деп атайды Өздерін өзгелерден тым артық көретін немістердің еврей халқына жасаған қастандығына, байлық атаққұмар европалықтардың үндістерге жасаған озбырлығына, ата -бабасының өшін алғысы келген орыс халқының Орта Азияны мекендеген көшпенділерге жасаған «жақсылықтарына» бір сөзбен геноцид деген анықтама беруге болады . Сауаттылығы мен көргендігі өздерінен артық ұлтты неміс «ұлтжандылары» ауыл-ауылымен өртеп жіберсе, ал үш ғасыр бойы айдауында келген елді Патшалы Ресей, одан кейінгі КСРО аз қырғынға ұшыратқан жоқ. Сол қырғындардың ең сорақылары өткен ғасырдың еншісінде. 1916 жылдың 25 маусымындағы Патша жарлығы, 1921-1922 жылдардағы ашаршылық, күштеп ұжымдастыру (оның соңы 1932 жылғы ашаршылыққа ұласты), 1937-1938 жылдардағы қазақтың бас көтерер азаматтарын қойша қыруы, бас-аяғы елу жылдың ішінде Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек батырлардың, Керей, Жәнібек, Абылай хандардың, бүкіл халықты аузына қаратқан Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің ұрпақтарын алдағы бір ғасырда да еңсесін көтерместей етіп тұралатып тастады. Ең сорақысы, осы қырғынның бәріне қазақтың өзін кінәлады: бір тудың астында өмір сүреді екенбіз, 18-41 жас аралығындағы азаматтардың орыс әскерінің қалқаны болмаса адамдыққа жатпайдыға санады, 1921-1922 жылдардағы аштыққа «ұжымдасу, отырықшылық» дегеннен мүлдем бейхабар қазақтың өзі жауапты, ал репрессияға ұшырағандардың бәрі -елге іріткі салушылар. Өзге түгілі өзіміз де дәл осылай ойлап келдік емес пе? Мен бұл ғылыми жұмысымда 1921-1922, 1932 жылдардағы ашаршылықтың себебі-ауа райы елдегі қиын жағдай немесе байқаусызда кеткен қателік емес, бір империяны билеген адамдардың жұртын жұтып, жерін иемденсем деген арам пиғылы екенін сол кездерде халықтың естір құлағы, көрер көзі, айтар аузы болған газет-материалдарына сүйене отырып дәлелдеуге тырысамын.
Қазақдаласында жүргізілген жаппайұжымдастыру, отырықшыландыру және кәмпеске науқанының салдары қазақ жеріне үлкен қоғамдық-экономикалық және әлеуметтік өзгерістер әкелгені, тіпті ашаршылыққа ұрындырғаны тарихымыздан жақсы белгілі. Осынау асыра сілтеушілік- 30 - жылдар басындағы ашаршылық сияқты ауыр қасіретке апарып ұрындырады. Бұл кезең халқымыздың тарихындағы ең ауыр трагедиялардың бірі екендігі туралы тек соңғы 10-15 жылдың көлемінде ғана ашық айтыла бастады. Өйткені бұл ақтаңдық кезең жарты ғасырдан астам уақыт бойы айтуға, жазуға, зерттеу нысаны болуға рұқсат етілмеген тақырып ретінде жабық болып келді. Екі ел ауызға төрт елі қақпақ жабылмайтын заман туғанда ызғары әлі де ұмытыла қоймаған осынау бір аласапыран кезең туралы анығын біліп, ақиқатына жету тек тарихшылардың ғана міндеті емес, кез-келген уақытта, кез-келген жағдайда қаламын қарулай білген журналист қауымының да міндеті. Тарихшының объектісі -өткен шақ журналистің-объектісі бүгінгі күн десек қатты қателескен болар едік.
Партия өзінің өрескел қателіктерін бетіне басатын «ақтаңдақтардың» ізін жасыруға тырысты. Тарихшылардың екі ел аузына төрт елі қақпағын қойса да, сол кездерде шығып тұрған баспасөзге, олардың басқарып отырған қазақ зиялылардың басын кессе де тілін кесе алмады. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарық көрген «Ақжол» «Еңбекші қазақ», орыс басылымдарынан Ташкентте шығып тұрган «Известия» газеттерінде 1921 жылғы аштық туралы жазылған дүниелердің өзі біршама. «Ақжол» газетінде «Ашыққандар үшін» деген айдармен М. Дулатовпен, Ғ. Қаналиннің Т. Ибрагимовтың, Шамғали деп қойған Шамғали Сарыбаевтың проблемалық материалдарын жарық көрсе, «Еңбекші қазақта» Жөнеу деген лақап атпен Аманғали Сегізбаевтың «А. Ш» деген бүркеншік есіммен бірге (Кім екені белгісіз) автордың ашыққанелден жіберген хабарлары, аштықтан қалай құтылсақ болады деген мақсаттағы проблемалық мақалалары жарияланған. Міне осы материалдарға сүйене отырып, сол кездегі жағдайды аштықтың себебін, оның салдарын, зардабын анықтауға болады. Себебі баспасөзде жарияланған материалдарға, цифрларға қарап тарихшыларымыздың демографтарымыздың шешімін таппай жүрген көп күрмеудің шетін шығаруға мүмкіндік туады. Бір жағынан алып қарар болсақ, бүгінгі таңда орын алып отырған рухани, демографиялық тіптен саяси проблемалардың тамыры барып сол нәубет заманының тасына тіреледі. Халқымыздың «бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама» деген сөзі бар, осы мақалды алға тартар болсақ, онда айналасыон жылдың ішінде екі бірдей алапат аштықтыбасынан өткізген халықтың қашан есін жинап, оң-солын тануға шамасы келетінін есептей беріңіз. Баспасөзге материалдарын талдамас бұрын ең алдымен ашаршылыққа себеп болған жағдайлардың бетін ашып алайық. Халықтың үштен бір бөлігі қырғынға ұшырағын бұл нәубеттің себебін тарихшы ғалым Талас Омарбеков:«Қазақстандағы 1921-1922 жылғы ашаршылық шындығына келсек, ауа -райы, құрғақшылық емес, өздері өкіметті бір түнде басып алған соң, көп кешікпей азамат соғысы тұтанатынын, ал одан шаруашылық күйзеліп, халық аштан қырылуы мүмкін екенін біле тұра, қатерлі бағыттарынан қайтпай қойған большевиктер және олардың партиясының біржақты саясаты кінәлі»[1] деп түсіндірсе, ал 1932 жылғы ашаршылықтың себебін публицист Сапабек Әсіпов анықтау үшін «Коллективтендіру саясатында сен орыс, сен қазақ, сен армян демей, жалпыға бірдей жүргізілген жоқ па еді? Коллективтендіру зардабын шекпеген облыс өлке, республиканы іздеп табу қиын екені рас. Бірақ Қазақстандағыдай соғыссыз қырғын ешқайда болған жоқ. Сол нәубет туралы сөз бола қалғанда, ашаршылықтан адамы көп қырылған жалғыз Қазақстан емес, Украина да көп шығындалды ғой дейтіндер бар. Ол рас, бірақ Украина халқы дәл Қазақстандағыдай жаппай қырылған жоқ. Аштан өлген адамдардың саны біршама анықталған деректерге қарағанда 8-9 проценттен аспайды. Ендеше қазақтың елден ала бөтен, осынша зор қырғынға ұшырауының себебі не?» деген сауалды қоя отырып, оған 1920 жылдардың аяғы мен 30 жылдардың басында ҚазЦИК-тің хатшысы болған, 1937 жылы «халық жауы» атанған А. Асылбековтың сөзімен жауап береді: «тағы бәр мәселе, бұл қазақ кадрларын тұрақтандыру мәселесі жөнінде. Менің ойымша, шындығында \ешқандай тұрақтандыру болған жоқ. Қазақстанды орыс басшылары басқарып келеді, толық дайындығы бар қазақ басшылары елді басқарудан шеттетілуде, тұрақтандыруды бетке ұстап, бұрынғы саясат жалғасып келеді . . . »[3]
Сонау хандық дәуірден бері белең алып келе жатқан билік үшін туған бауырын да бауыздай салатын әдетіміз өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында, қазаққа басшы қою кезінде аяғымызға тұсау болған жоқ па? Содан кейін таласқанға тас та жоқтың кебін киіп билікті өз қандасынан қызғанған пысықайлар 1919 жылдың жазында Коммунистік партияның Орталық комитеті мен Халық комиссарлары Кеңесі, ВЦИК Қазревкомның құрамын бекіткен кезде билік тізгінін «бейтарап ұлт»қолына тапсырды да жіберді[4] . Бертіндегі, 1986 жылы қазақ жастарының «Әр ұлтты өз басшысы басқарсын» деп шырылдағандағы мақсаты не деп ойлайсыз? Әрине басқа ұлтттың баласы білімсіз, ел басқарудың білмейді деуден аулақпыз, бірақ сол басқарудың ар жағында ұлтқа, халыққа деген жанашырлық, ұлтты сүю деген мәселе тұр емес пе?! Қазақ ұлтының билігінің тізгінін «бейтарап ұлтқа» ұстатудың соңы оңайға соққан жоқ . Сол 1919 жылы Қазревком төрағалығына Ә. Жангелдин тағайындалса, кейін оны бір қазақ ауыстрып, елді қазақтың басқаруы дәстүрге айналс, 1932-1933 жылғы ашаршылықтың, 1937 жылғы қанды қырғынның, 1986 жылғы жауыздықтың болмауы да мүмкін еді ғой. «Біз Жангелдинге қарсы емеспіз. Үш жүзге бөлінеміз ғой . Басымыздың бірігуі қиын. Бейтарап бастық керек» деп көсемдік көрсетіп, сөз бастаған адамның кім екенін табу қиын[5] . Қазақ өз ішінен шыққан осындай «көсемдердің» кесірінен қанша рет қан қақсады. Бұл жолғы «көсемшілдіктің» соңы бір ұлттың тең жартысының бұратылып аштан қырылуына, зиялылырдың жазықсыз жала жабылып атылуына әкеп соқты. Өйткені өз ұлтының ішінен шыққан басшы, ғана халқына жаны аши алады ал сырттан келген басшылардың «жақсылықтарын» тарих та, қазақ та ұмытқан емес.
1 Ашаршылық жылдарындағы баспасөздерге жалпы сипаттама
- «Мұны басқа ұмытса да, қазақ ұмытпауы тиіс»
Қазақ даласында 1921-1922 жылдары ғаламат аштық болған. Бұл туралы ғалым Тұрсын Жұртбай ғана қадау- қадау айтып һәм жазып жүр. Басқаларымыз үнсізбіз. Өйткені біздің бодандық сана ұлықсат еткен тақырыпты ғана қаузап үйренген. Мұхтар Мағауинше айтсақ шетімізден: «жау жоқ заманның көзсіз батырымыз» . . .
Сол аштық жылдарынан жеткен бір жазбада : «Ит пен мысықты ұрлап, сойып жеу, » шын мәнінде індетке айналды. Осынау « бір кесім ет үшін» бірінің жағасын бірі жыртқандар жыртылып айырылды. Қу, құлқыны үшін, бір хайуанның соңынан бірнеше адам жүгіріп бара жатады. Қалайда тірі қалдық қамын жасап жансебілдікпен жанталасқан әлгі адамның өмірге құштарлығын түсіну үшін оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезіндегі қуанышын көрсеңіз ғой, аштықтың қасіреті сайқымазағын сонда түсінесіз. Жол жиегіндегі өліп жатқан әлгі «жан себілірдің» өзі қарауға қорқады, өйткені келесі сәтте оның өзі де соның кебін кешуі мүмкін. Иә, ол да ғажап емес. Сотта, бірде аштық сотта тұрақты түрде адамның етімен қоректенген үш адамның ісі қаралып жатса, келесі де адамның ісі қаралып жатса, келесі де адамның етін пұттап сатқанға үкім шығарып жатады. Міне, дәл осындай көріністен мағлұмат берген Орал губерниясындағы Елек аудандық аштарға қөмек комитетінің 1922 жылғы 14 қаңтарындағы есебінде: «Кешке жақын көшеге шығу, қорқынышты, адамдарды, әсіресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар. Аштар өлгендердің етін жеп жатыр» - деп жазылған.
Құрбан болған сәбилердің бейіті . . .
Әңгімені ары қарай сабақтасақ: Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 1, 5 миллион қазақ аштан қырылған. Ұлты үшін күйінген қайраткерлер - Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезов дабыл қаққан. Нәтижесінде, 1921 жылы 10 желтоқсан күні осы аштық мәселесі бойынша қазақтың оқығандары бас қосты. Олар Жангелдин, Әуезов, Алманов, Асылбеков, Кенжин, Байтұрсынов, Байділдин, Төлепов, Жаманмұрынов, Сарымолдаев, Абдеев, Найманбаев т. б қатысқан. Жиынды Ә. Жангелдин басқарған. Күн тәртібінде: Қырда аштыққа ұшырағандарға көмек көрсетуді ұйымдастыру және қазақ қызметкерлерін осы жұмысқа тарту туралы екі мәселе қойылған.
Ұлтшыл- ғалым Тұрсын ағамыз 1921-1922 жылдары аштық жайлы Ақынжан Игенбаев деген зерттеушінің назарына ілінген: «Аштарға көмек комиссиясының жұмыс қортындысы» атты құжатты жариялап жүр.
Осында келтірілген деректе: Қазақ автономиялы республикасының бес губерниясында 1 миллион 559 мың адам аштан өлген. Ай далада қаңғып, жетім қалған балалардың саны: 1921 жылы 1 желтоқсанда -128 мыңға, 31 желтоқсанда- 158 мың, 1922 жылы қаңтар айында- 333 мыңға, наурыз айында-408 мыңға жеткені айтылады.
Міне осындай жан түршігерлік деректерден кейін тарих қойнауында жатқан шындықты ашуға деген зор ынтаң ашылады екен. Ата -бабаларымыздың көрген ауыр, азап-зардаптарынан кейін шынымен де сол кезде үкімет қайда қараған, бүкіл ұлттың осыншама қырылуына қалай жол берді деген ой келеді екен. Ең бастысы адамдарды осындай азғындатарлық деңгейге жеткізген аштық туралы көптеген деректер әлі де болса, ашылмаған, айтылмаған десек те болады. Міне, ендігі жерде мен осы еңбегім арқылы біраз дүниені ашып көрсеткім келеді. Әрине бұл теңізге тамған тамшыдай ғана болсада, өз үлесімді шындықты ашуға қосып жатырмын десем де болады
Біз ашаршылықтың саяси- әлеуметтік үрдістердің, табиғаттағы, қолайсыз ахуалдарының салдарынан болатынын білеміз. Енді осы әлеуметтік апаттың ашық және жабық түріне талдау жасасақ, оның алғашқысы-мүлдем үнемсіз қалу да, екіншісі - үнемі шала құрсақ болып жүру екенін ұғамыз. Ең бастысы, бұлардың қай- қайсы да адамды ауруға, індетке ұрындырды, қырғынға ұшыратады. Ашаршылық сонымен, жеке адамның, жеке отбасының қорексіз қалуы ғана емес, ол бір аймақтың, халықтың, мемлекеттің нәубетке түсуі. Халықтың жаппай қырылып, азаюына әкеліп соқтыратын ашаршылық адамзат баласының тарихында болып тұрған. Оған қуаңшылық, жұт, соғыс, қолдан жасалынған дағдарыстар мен күйзелістер, геноцидтер тағы да басқа жағдайлар себеп болды. Қытайда, Үндістанда, Ресейде, Африка елдерінде алапаташаршылық жиі орын алды. Ашаршылық жұт жайлаған жылдары қазақ даласында да мал мен адамдарды қырып салды, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» тәрізді жаугершілік заманда ашаршылық, соғыстан қазақ халқының саны мүлдем кеміп кетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz