Дене тәрбиесі дайындығы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І тарау . . . 6
1. 1 . Болашақ мамандардың кәсіби - қолданбалы дене тәрбиесінің дайындығы . . . 6
1. 2. Еңбек жағдайының сипаттамасы және физиктердің, химиктердің, математиктердің кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесіне қойылатын талаптар
. . . 13
1. 3. География, биология факультеттеріне. Кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесін берудің шарттары, еңбек сипаты және тәсілдері.
. . . 16
ІІ-тарау . . . 26
2. 1. Қоғамдық факультеттер (журналистка, тарих, филология) студенттернің дене тәрбиесі процесіндегі кәсіби-педагогикалық дайындық . . . 32
2. 2. Дене тәрбиесінің болашақ мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық бағыты
. . . 41
2. 3 . Заң факультеті студенттернің кәсіби. Дене тәрбиесі дайындығы
. . . 46
ІІІ-тарау . . . 43
3. 1. Салауатты өмір салты . . . 55
Қорытынды . . . 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62
Қосымша . . . 71
Кіріспе
Қазіргі кезеңде әрбір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарын, сапалық қасиеттері мен рухани күшін үйлестіріп, олардың еңбек, оқу қабілетін арттыруға, белсенді өмірін ұзартуға бағытталған дене тәрбиесіне зор көңіл бөлініп отыр. Дене тәрбиесі бала-бақшадан бастап, мектеп орта және жоғары оқу орындары мен өндірістік ұжымдарда өткізіліп, оған тиісті бағасы берілуде.
Әрбір адам өзін келешекте өмір сүруге әзірлеп отырады. Алайда, ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстары ой еңбегімен алмастырылып, денелік қимыл-қозғалыстар азаяды. Соның салдарынан адам ағзасы көптеген өзгерістерге ұшырап әртүрлі аурулар орын алуда. Сондықтан адамды мұндай күйден арылтудың бірден-бір жолы қимыл-қозғалыс, яғни дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға ынталандыру.
Біз ұсынғалы отырған оқу әдістемелік құралы осы тұрғыда біршама мәселелерді, игі істерді қолға алып отыр. Егеменді елімізде дене тәрбиесі барысындағы жұмыстарды қайта құруда. Әсіресе, дене тәрбиесі мен спорт саласында оқушыларға, студенттерге ана тілімізде сабақ беретін, бәсекеге қабілетті мамандарды қажет етуде. Әрине, мұндай мамандарды дайындау педагогикалық дене тәрбиесі институттары мен университет, колледждер үлесіне тиеді.
Оқу әдістемелік құралында арнаулы оқу орындарында өтетін дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі бағдарламалар туралы мақсат пен талаптары жөнінде әдістемелік нұсқаулар берілген. Атап айтқанда: І-ші тарауда арнаулы оқу орындарындағы ол жұмыстардың маңызы, мәні, көпшілік дене тәрбиесі және спорттық сауықтыру жұмыстары жөнінде айтылса, ІІ-тарауда дене жаттығуларының гигиеналық негіздері, спортшылардың жеке тазалығы, денені өз бетінше шынықтыру амалдары, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы тамақтану тәртіптері, дене тәрбиесі мен спорт киімдеріне қойылатын тазалық талаптары туралы жан-жақты, тиянақты әдістемелер берілсе, ІІІ-ші тарауда дәрігерлік бақылаулар мен спорт көрсеткіштерінің қарама-қайшылықтары, сабақтар, оқу-жаттығу барысында студенттердің өзін-өзі бақылау жолдары, дене дамуын бақылау әдістері (салмағын, кеуде қуысының қоршауын, өкпенің өмірлік сыйымдылығын, бұлшықет күшін бақылау, қимыл тездігін, иілгіштігін бақылау, спортшы ағзасының кейбір жағдайлары жөніндегі сабақ барысында спорт жарақаттары және оны болдырмаудың алдын-алу әдістері, емдік дене тәрбиесі туралы материалдар толығымен қамтылған.
Оқу әдістемелік құралында ұсынылып отырған нұсқаулар болашақ спортшылар үшін арнайы дайындық жүргізуге, салауатты өмір сүруге ынталандыруға, оларды жылдамдыққа, шыдамдылыққа және әдіс-тәсілдерді жете меңгеруге өте қажет деп ойлаймыз.
Ал оларға бұл мәселені жеткізу және тиімді үйрету үшін арнайы мамандардың тәжірибелі болғаны жөн.
Зерттеу объектісі: Әр түрлі мамандықта оқитын студенттердің дене тәрбиесі және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру. Көрнекі құралдар арқылы оқыту ықпалын анықтау.
Зертту пәні: Әр түрлі мамандықта оқитын студенттердің дене тәрбиесі және сауықтыру жұмыстарын оқыту негізі.
Зерттеу мақсаты: Оқу әдістемелік құралында ұсынылып отырған нұсқаулар болашақ спортшылар үшін арнайы дайындық жүргізуге, салауатты өмір сүруге ынталандыруға, оларды жылдамдыққа, шыдамдылыққа және әдіс-тәсілдерді жете меңгеруді қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Спортшылар мен студенттерге дене тәрбиесі және сауықтыруға арналған қажетті мүмкіндіктер арқылы оқыту ;
- Әр студенттің жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашу
- Студентке әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Ұсынылып отырған әдіс-тәсілдер арқылы әр түрлі мамандықта оқитын студенттерге дене тәрбиесі және сауықтыру жайлы меңгертуге оңтайлы ұйымдастыруға болады.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша педагогика, психология, физиология әдебиеттері, тақырып бойынша теориялық талдау жасау; баға беру.
Зерттеудің практикалық мәні: Зерттеу барысында жинақталған материалдарды әр түрлі мамандықта оқитын студенттерге өз тәжірибесінде қолдануға болады.
Зерттеу кезеңдері:
- зерттеу мәселесі бойынша материалдар жиналды;
- зерттеу нәтижелері жүйеге келтірілді;
- сараптама жасалды;
- Диплом жұмысының құрылымы:
1. 1. Болашақ мамандардың кәсіби - қолданбалы дене тәрбиесінің дайындығы
Студенттердің кәсіби - қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы деп таңдаған мамандығын ойдағыдай игеруге және жоғары өндірістік өнімді еңбек дайындығына бағытталған дене тәрбиесінің формалары, әдістері мен тәсілдері міндеттері мыналарды қамтамасыз етуден тұрады:
- Таңдаған кәсіби қызыметінің ерекше талаптарына жауап беретін ( яғни, « кәсіби қасиет » құрамына жататын қаблеттер ) тұлғалық қаблеттерді дамыту
- Таңдаған мамандығында қолданылатын, не оны игеруде жәрдемі тиетін икемділік пен машықты қалыптастыратын және жетілдіру;
- Кәсіби қызыметтің ерекше жағдайларының қолайсыз әсеріне ағзаның бөкемділігн қалыптастыру;
- Дене тәрбиесі дайындығының тәсілдері арқылы даңдаған кәсіпке қажетті ерік-жігер мен басқа да психикалық қасиеттерді дамыту
- Дене тәрбиесі тәсілдері арқылы мектептерде болашақ тәрбие жұмыстарын жүргізетін мұғалімдер даярлау.
Өндірістегі техниканың бүгінгі өсу дәрежесі мен мқмкіндіктері еңбектің қай саласының болса да қызыметтерінен тек өндірістік біліктілігі, жоғары білімді, саяси және мәдени сауаттылықты, сонымен қаттар, берік денсаулықты, оларды белгілі бір мақсатқа бағытталған, кәсіби-қолданбалы сипаттағы дене тәрбиесі жаттығулар арқылы қамтамасыз етуге болады. Өндірістік еңбектің тиімділігін:
- Өнім шығаруға жұмсалатын уақытты азайту;
- Адамдардың тұлғасын дамыту және денсаулықтарын нығайту ( бюллень-порцентпен, өндірістік еңбек-порцентпен ) негізінде жұмыс қабілеттерін арттыру;
- Жұмыс уақытының шығынын төмендету;
- Адамның еңбек тіршілігінің ұзақтығын өсіру ( зейнеткерлер) арқылы арттыруға болатындығын зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсетіп береді
Осы порблемеларды шешуде, сөз жоқ, мидың жұмыс қабілетінің тұрақтығына, жұмысқа деген ықыласты сақтауға, ойлау қызыметі және қозғалыс әрекетінің дәлдігі мен шапшаңдығына қабілетін, у-шуға, ауаның ластануына, қысымның, температураның және басқалардың өзгерісіне қарсы тұра алатын қабілетін айқындайтын адамның денсаулығы, оның тұлғалық және психикалық қасиеттері шешуші маңызға ие.
« Медициналық атасы» саналатын Гиппократтың өзі дені саулық пен ұзақ өмір үшін гимнастика мен серуен қажет деп есептеген. Атақты Аристотель былай деп жазған: « ұзақ уақыт жұмыссыздықтан басқа ешнәрсе де адамды титықтатып жан күйзелте алмайды » .
Өздеріңізге белгілі ғалымдар мен философтар сонау көне дәуірде, барлық өндірістің 96-98 проценті адамнің қарапайым қолдарымен, ауыр еңбекпен атқарылатын кезде өмір сүрген. Ал бүгін адамдардың тұрмыстағы және өндірістегі қолеңбегінің үлгісі небәрі 4-6 процент қана. Қазіргі ғылми-техникалық прогресс қзінің құрлымы жағынан және күш-өкат шығыны жағынан сан түрлі мамандықтарды ғана емес, сонымен бірге белгілі бір арнайы дайындық дәрежесін көрсете білу қажеттілігін де туындатады.
Бүгінгі студенттер-халықшаруашылығы кез келген саласының болашақ командирлері, олар да кәсіби -қолданбалы дене тәрбиесі дайындығының ғылыми негізделген жүйесіне зәру.
Студент еңбегінің сипаты- айқын гиподинамия жағдайында орындалатын басым ой еңбегі
Ой еңбегі кәсібін шартты түрде ойлау қызыметінің екі саласына бөлуге болады
- Жоспарланған перспективалы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешетін ойлау қызыметі ( студенттер, ұстаздар, жазушылар, ғалымдар, т. б. )
- Күрделі механизімді басқару мен кейде жедел де қатесіз шешім қабылдап, шұғыл шара қолдануды қажет ететін төтенше жағдайларға кез болатын, уақытқа қарай тұрақты өзгеріп тұратын процестерге бақылау жасауды жүзеге асыратын операторлық ( диспечрлік, операторлар, бақылаушылар ) қызымет.
Оқу процесі мен болашақ кәсіби еңбектің түрлі мамандық бойынша оқып жүрген студенттерге қояр шартына орай, ағзаның тұлғалық және психофизиологиялық мүмкіндіктеріне, оның функциалдық даярлығына әртүрлі талаптар қойылады.
Шартты түрде мынадай маамандықтар топтарын атауға болады:
Бірінші- (физика, хмия, математика) ;
Екінші-(далада істейтін мамандықтар-биологтар, гегрофтар, т. б. )
Үшінші- (заңгерлер)
Төртінші- (қоғамдық ғылымдар)
Бесінші- (инженерлік-техникалық)
Алтыншы- (көліктік)
Жетінші- (әскери) және т. б.
Еліміздің арнаулы оқу орындары (педагогикалық, медициналық, техникалық институттар, университттер, колледждер) дайындауда маңызды роль атқарады. Бұлар өндірістік, білім беру, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету жұмыстарына мамандар мен ұйымдастырушылар даярлайды, ауылшаруашылық мамандарын толықтырады, сонымен бірге білім берудің жалпы міндеттерін орындауға қатысады. Қазіргі таңда еліміздің әртүрлі арнаулы оқу орындарында ауыл шаруашылығының қазіргі қажет мамандықтардың түрлі салалары бойынша мыңдаған түлектері бітіріп шығады.
Еліміздегі көптеген арнаулы оқу орындарында көпшілік спорт және дене тәрбиесі-сауықтыру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Оқу орындарының түлектері жақсы шынықтырылған, әрі дене дамуы жағынан да алдыңғы қатарда. Бұл көптеген түлектер мен тәрбиеленушілерге спортшы болуға мүмкіндік туғызады. Мысалы, бокстан Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері М. Ділдәбеков, Москва олимпиадасының чемпионы Ж. Үшкемпіров (грек-рим күресі), Москва олимпиадасының күміс жүлдегері С. Қонақбаев (бокс) . Сондай-ақ арнаулы ойындардың жүлдегері мен жеңімпаздары және Европа, Әлем біріншіліктерінің чемпиондары болды; Б. Жұмаділов (Жамбыл), Е. Ибраймов (Ақтөбе), Г. Головкин (Астана), А. Д. Жафаров (Ақтөбе), Т. Хромова (Оңтүстік Қазақстан), Б. Саттарханов (Оңтүстік Қазақстан) және басқалар.
Олардың әрқайсысы өз кезегінде арнаулы оқу орындарының дене тәрбиесі ұжымдарында спортпен айналысуды бастаған, яғни сонда қажетті дене дайындығын алып ерік-жігерін шыңдаған. Қазіргі таңда еліміздің арнаулы оқу орындарында да студенттердің дене тәрбиесі мен спорттың дамуына көп көңіл бөлінуде. Көптеген түлектер оқу орнын бітірген дипломымен бірге, олар дене дамуы мен дене дайындығының жеткілікті деңгейін көрсетіп, спортта да әлем деңгейінде ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді.
Болашақ түлектерімізді тәрбиелеуде, оларды жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетелеуге көптеген арнаулы оқу орындары жемісті еңбектер атқаруда. Атап өтетін болсақ Қазақ спорт және туризм академиясы, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және тағы басқалары, сондай-ақ арнаулы орта оқу орындары арасынанда үздік спортшылар мен командалар дайындауда бірнеше колледждер тынбай еңбек етуде. Айтар болсақ қазіргі таңда жоғары топта өнер көрсететін Оңтүстік Қазақстанның "Ордабасы" футбол командасы кезінде Шымкент гидромелиораторлық құрылыс техникумы базасында құрылған болатын. Оның құрамында сол кезде КСРО бойынша белгілі болған ойыншылар Ю. Горбунов, И. Зайцев, Б. Байсейтов, С. Радке, А. Толмачев, Т. Иксанов т. б. сынды белгілі футболшылар өнер көрсетті.
Арнаулы оқу орындары арасында қазіргі танда спорттың дамуына көп көңіл бөлінуде. 1976 жылдан бастап әдетке айналған (КСРО кезінен бастап) орта арнаулы оқу орындары студенттерінің Бүкілодақтық спартакиадасы өткізіледі. Оның бағдарламасында жеңіл атлетикадан, жүзу, футбол, күрес түрлерінен, баскетбол, волейбол және т. б. спорт түрлерінен жарыстар бар. Мысалы: 2003 жылғы республикалық студенттер спартакиадасында көптеген арнаулы оқу орындары өнер көрсетіп, біршама табыстарға жетті. Атап айтқанда 1-ші орын М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2-ші орын Қараганды мемлекеттік университеті, 3-ші орын Павлодар мемлекеттік университеті, 4-ші орын Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті т. б. алды.
Сонымен бірге арнаулы оқу орындарының спортшылары облыстық, қалалық, аудандық жарыстарға белсенді атсалысады. Көптеген оқу орындарының ішкі спартакиадалары жоғары спорттық деңгейде өтеді.
Орта арнаулы оқу орындарына арналған дене тәрбиесі бағдарламасы студенттердің бірнеше теориялық тақырыптарды үйренуін және сонымен бірге тәжірибеде спорттың әр түрінен дене жаттығуларымен шынығып, меңгеруін қарастырады.
Қазақстандағы «Дене тәрбиесі және спорт», «Жеке және қоғамдық гигиена» т. б. басқаларынан студенттер сынақ тапсырады.
Дене тәрбиесі мен спорттық идеологиялық, ғылыми, әдістемелік және ұйымдастыру негіздерін үйрену, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды меңгеру студенттерді алдағы жұмысында қоғамдық-инструктор немесе оқу орнында және жұмыс орнының дене тәрбиесі ұжымындағы спорт төрешісі ретінде болуына керекті біліммен және дағдымен қаруландырады.
Бағдарламаның тәжірибелік бөлімі оқушылардың гимнастикадан, жеңіл атлетикадан, шаңғы спортынан, жүзуден, туризмнен, сонымен бірге Президенттік тест кешені мөлшерінің нормативтер мен бақылау жаттығуларын орындауын қарастырады. Яғни, мектептерде дене тәрбиесінен жақсы бағалар алған студенттер үшін де тұрақты жаттықтыруды қажет етеді. Негізінен гимнастикадан нормативті: тартылу, аунау көпшілігі орындай алмайды. Бұл Президенттік тест кешені мөлшерінің басқа да нормативтеріне қатысты: 100м. жүгіру, кросс, ұзындыққа немесе биіктікке секіру, граната лақтыру, шаңғымен сырғанау, жүзу және туристік жорық. Бұл нормаларды орындау үшін өзіңді-өзің дайындап, шынықтыру қажет.
Дене тәрбиесі бағдарламасының негізгі мазмұнын қимыл қозғалыстардың, жалпы дамытушы және қолданбалы дене жаттығуларының өмірге қажетті түрлерін құрайды. ДТ бағдарламасына баскетбол, волейбол, гандбол, футбол сияқты студенттерге танымал көпшілік спорт ойындары және қозғалыс ойындарының жеке түрлері енеді. Студенттер оқу сабақтарында спорт ойындары бойынша құнды қимыл дағдылары мен дене сапаларын меңгереді. Спорт ойындарынан сынақ нормативтері болғанымен, қозғалмалы-спорт ойындарының жеке тәсілдік элементтерін меңгеру дене тәрбиесінен баға қоюда есепке алынады.
Дене тәрбиесі бойынша оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі жаңа материалды үйрететін, меңгерілген қимыл дағдыларын жүзеге асырып, бекітетін оқу сабақтары болып есептеледі. ДТ бағдарламасы әрбір студенттің күн тәртібін сақтауын, белгіленген уақытта тексеруден өтуін, өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізуін, өз денсаулығы мен дене жағдайын қарап, оны жақсарту шараларын қолдануды талап етеді.
«Дене тәрбиесі» пәні бойынша қорытынды баға студенттерге бір рет семестрде теориялық тақырыптардан алған білімдері, оның тәжірибелік нормативтерді орындауда көрсеткен нәтижесі, сонымен бірге оқу-жаттығу сабақтарға қатысуы және тәртібі бойынша қойылады. Сабаққа себепсіз қатыспаған студенттер сынақ жарыстарына қатысуға жіберілмеуі мүмкін, әрі пәннен жақсы қорытынды баға алмайды.
Денсаулық жағдайына қарай арнайы медициналық топтарға кіретін студенттер тәжірибелік нормалар мен жарыстардан босатылады. Оларға дене тәрбиесі пәнінен бағалар теориялық білімі мен дәрігерлік нұсқау бойынша жеке дене жаттығуларын орындауына байланысты қойылады. Дене тәрбиесі оқытушысының ұйғаруы бойынша сынақ кітапшасына дифференциялды бағасы сияқты «сынақ» деп те қоюға болады.
1. 2. Еңбек жағдайының сипаттамасы және физиктердің, химиктердің, математиктердің кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесіне қойылатын талаптар
Физика, химия, математика, қолданбалы математика мен механика мамандарының жұмысындағы елеулі ерекшелігі миға түсер салмағында. Ұзаққа сөзылған қауырт ой еңбегі көне лабораторияда апараттар қасында отырған, не түрегеп тұрған күйде атқарылады. Оларды басқару оған басқа назар аударуын, мойынның, арқаның және иықтардың ширыққан бұлшық еттердің бір қалыпта болуын қажет етеді. Шарасыз жұмыс жағдайы, жұмыстың бір келкілігі, жоғары температура (химиктерде) , әртүрлі жиліктегі электромагнитті толқындар, жоғары қуатты тоқ, тітіркендіргіш у-шу, ультракүлгін толқындар және лазар саулелер (физиктерде) - осының бәрі адамның қажуына әсер етеді.
Студент материктердің арасына мергендер, шахматшылар жеткілікті. Орындалатын аспаптық және математикалық жұмыстардың дәлдігі студенттердің жауапкершілік сезімдерін оятып, көру анализаторының қызыметін барынша іске жұмылдырады және нервтің шиеленсіуін күшейтеді. Тіпті, тұлғасы жақсы жетілген студенттердің өзі жалпы шаруаға шалдықтырып және бас ауырыуының пайда болуына химиялық қоспалардан ауаның бұзылуы әсерін тигізетін (химия факультетінің спортпен айналысатын 3 -курс ) ұзаққа созылған лабораторияның жұмыстар жасау кезінде үлкен қиындықтарға кез болады екен. Ал денсаулық жағдайында ауытқушылығы бар және дене тәрбиесі дайындығының дәрежесі төмен студенттер тым тез шаршағыш және көп жағдайда қатты әлсірейтін болады, олай болса, олардың қозғалыс режіиімін айрықша жандандыру қажет.
Уақытты үнемдеу үшін студенттердің өздерінің ағзаларына қосымша психо физологиялық салмақ түсіріп, еңбек пен демалыс режіиімінің қарапайым бұзатыны белгілі. Ол, әсіресе, емтихан сессиялары мен жоғары курыс студенттернің диплом жұмыстарын жазу кездеріндежиі байқалады. 10-12 семестр бойы өткізетін айырады, мұның өзі олардың ағзасының тіршілік қызыметі мен жұмыс қабілетін ежептәуір төмендеп жіберді. Аталған мамандықтардың оқу процестерін талдау оларды сапалы тұрде игеру студенттерден қосымша, дербес лабораториялық жұмыстар және әдеби шығармаларын жұмыс жасауды талап ететіндігін көрсетіп береді. Мұның өзі ой еңбегіне ерекше назар аударады және күн сайын денеге түсер салмақ көлемін төмендетеді.
Біз қарастырған мамандардың еңбек ерекшелігі жағдайында жоғары жұмыс қабілетін сақтау үшін, ең алдымен, студенттерге жан-жақты дене тәрбиесі дайындығымен айналсуға, төзімділігі мен іске ықыласын дамытуға, у-шудың және газданудың зиянды әсерлеріне қарсылығы мен тұрақтылығын арттыруға жағдай туғызу қажет. Денеге салар салмақ ретінде гимнастикалық, жеңіл атлетикалық, спорт ойындары, шаңғы спорты және туристік жаттығулардан алып қолданылған орынды.
Студенттердің дене тәрбиесі процесі мындай ұйымдық педагогикалық бағыттарды ескеруі мүмкін.
Бірінші- дене мәдениеті саласында мектептердегі болашақ тәрбиешілік қызыметтерге үйрету үшін студентерді кәсіби-педагогикалық жағынан дайындау.
Екінші- бұқаралық сауықтыру шараларын ұйымдастырудың теориялық білімі мен практикалық тәжірибелерін игеру.
Үшінші - халық шаруашылығы саласындағы өндірістік қызыметіне қажетті арнаулы тұлғалық қасиеттер мен қозғалыс әрекеті дағдыларын дамыту.
Төртінші - халық арасында дене мәдениеті мен спортты үгіттеу мен насихаттаудың әдістері мен тісілдерін менгеру (журналистика, тарих және филогогия факультеттері үшін)
География, биология факультеттеріне.
Кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесін берудің шарттары, еңбек сипаты және тәсілдері.
География және биология факультеттеріне дайындалып жатқан мамандардың оқу және өндірістік қызыметінің басым көпшілігі далалық жағдайларда өтеді және қоршаған ортаның адам ағзасына тигізер әсеріне байланысты көп ұқсастықтары бар. Жартылай құрғақшылық даладан мұз тауларына дейін әртұрлі климаттық жағарапиялық аймақтарға тап болып, геоморфологтар қазбабайлықтарын іздейді, көлдгрдің және мұздардың су баланыстарын зерттейді, ал ол тұста оларға температура мен барометрикалық қысымдардың өзгерісінен туындайтын талай табиғый кедендер мен қыиындықтарды бастан өткізуге тура келеді. Ұзақ сапар бойы жер бетінің бедерін, өсімдік және жануарлар әлемін, су қоймаларының тіршілігін зерттеу биолктардың жалпы және арнаулы дене тәрбиесі дайындығына үлкен талап артады. Далалық жағдайда ұзақ уақыт болу көптеген және әртүрлі табиғи жағдайдағы кедергілерден өту олардың жоғары дәрежелі төзімділігі мен тірек қозғалыс аппараттарының әзірлігін қажет етеді. Денеге түсер ауыр салмақ пен салқын тиіп ауыру әсеріне, сыртқы тыныс жолдарының бұзылуы сияқты дерттерге ұшырататын ауа райының өзгермелі жағдайы қосарлана жүреді. Аталған мамандардың оқу жоспары бойынша аудиториялық және лабораториялық жағдайларда алған теориялық білімдерін орнықтыру үшін оқу-далалық практикада көп орын беретін, оны сапалы өткізу көп жағдайда студенттердің денсаулығы мен жан -жақты тұлғалық дайындығы мен, жер жағдайына және табиғаттың қандай да болмасын кездейсоқ құбылысына бейімделе біліуімен айқындалады. Бақылау көрсеткендей таулы жерлерден шөп далаға ауысқанда және керісінше, жағдайда адам ағзасының қызыметі сол ерекшеліктеріне кендіру барысында күрт өзгеріске ұшырап, адамның жалпы көңіл-күйі нашарлайды және қан құрамында биохимиялық өзгерістер, әсіресе, республикалық солтүстк аймақтарынан келген адамдар да болады екен.
Сөйтіп, «тау климатының күрт өзгермелі өзіндік ерекшелігі жағдайындағы таудағы өмір мен жұмыс ағзада күрделі өзгеріс туғызып, оны барынша ширығуға жәбұр етеді, функцианалдық жүйелер сөйтіп, арнайы шарттарды сақтау қажеттілігіне: жұмыста, демалыста, тамақтануда айрықша күн тәртібі мен режіиім сақтауға итермелейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz