Бағалаудың табиғаты, құрылымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе Бағалау категориясының зерттелуіне шолу . . . 3

  1. Бағалау категориясының құрылымдық-семантикалық сипаты

1. 1 Бағалау категориясының табиғаты, құрылымы . . . 10

1. 2 Бағалау типологиясы, оның ішкі құрылымдық-мағыналық

жіктелімі . . . 18

  1. Бағалау категориясының жасалу жолдары

2. 1 Лексикалық жасалу жолы:

2. 1. 1 Фразеологизм . . . 28

2. 1. 2 Мақал-мәтел . . . 30

2. 1. 3 Метафора . . . 32

2. 1. 4 Энантиосемия . . . 37

2. 1. 5 Тырнақша . . . 43

2. 2 Фонетикалық жасалу жолы:

2. 2. 1 Интонация . . . 45

2. 3 Грамматикалық жасалу жолы:

2. 3. 1 Сөз таптары . . . 47

2. 3. 2 Сөйлеу құрылысы . . . 54

2. 4 Паралингвистикалық жасалу жолы . . . 56

Қорытынды . . . 62

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64

Кіріспе

Жұмыстың тақырыбы: Бағалау категориясының жасалу жолы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Кіріспе бөлімде бағалау категориясының зерттелуіне жалпы сипаттама берілген. Бағалау категориясының философия, логика, тіл білімі тұрғысынан зерттелуі, ғалымдардың бағалау категориясы жайлы түрлі ой-пікірлері айтылған.

Бірінші бөлімде бағалаудың табиғаты, типологиясы, құрылымына тоқталынса, екінші бөлімде бағалау категориясының жасалу жолдары іштей жікке бөлініп (лексикалық, фонетикалық, грамматикалық) сөз етілген. Ал қорытынды бөлімде екі бөлімге тұжырымдама берілген.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі лингвистикалық зерттеулер объективтік шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға тән ең жоғарғы формасы оның ақыл-ойы, санасы, ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз байланысты зерттеуге бағытталады.

Кейінгі кезде тілдің фактілерін семантикалық, прагматикалық, этнолингвистикалық, когнитивтік, функционалдық тұрғыдан қарастыруға көп көңіл бөлінуде. Осы негізде көптеген лингвистер бағалауыштық мағынаның құрылымдық жүйесін зерттеу нысандары ретінде алды.

Қазіргі лингвистикалық еңбектерде бағалауды зерттеудің әр түрлі аспектілері ұсынылған. Қазіргі қазақ тілінде баға, бағалау, бағалауыштық мәселелері толық зерттелді дей алмаймыз. Бағалауыштық мағына жайында публицистика стиліне, прагматикалық аспектіге, газет мәтініне (М. Серғалиев, Ш. Нұрғожина, Б. Момынова, А. Алдашева, О. Бүркітов, З. Ерназарова, Ф. Жақсыбаева т. б. ) арналған зерттеулерде ғана сөз қозғалған.

Мәселені зерттеудің басқа аспектілерін айтпағанның өзінде, семантикалық бағытта бағалауыштық мағынаны анықтау, яғни бағалау мағынасының табиғатын, құрылымын, типологиялық мәселелерін қарастыру, бағалаудың коннотациялық элемент ретіндегі басқа компоненттермен арақатынасын анықтау және т. б. жайындағы көзқарастардың өзі әр түрлі болып келеді.

Бағалауыштық мағынаның табиғаты, құрылымы, олардың ерекшеліктері мен өзара қатынасы туралы зерттеулердің қазақ тілтанымында аздығы бұл сұрақтарға арнайы тоқталуды қажет етеді.

Қазақ тіл білімінде бағалауыштық мағына жайында біртұтас ғылыми көзқарас жеткілікті қалыптаспаған. Сондай-ақ бағалау мағынасының ішкі құрылымы да толық анықталмаған. Бағалауыштық, бағамдауға қатысты ой-пікірлер лексика аясында экспрессивтілікке қатысты сөз болып келеді. Қазақ тіл біліміндегі бағалауыштық категорияға қатысты мәселелердің жан-жақты зерттелуі сөз мағынасындағы бағалауыштық сипатты кеңінен ашуға үлесін қосатыны сөзсіз. Осындай жайттарды ескерсек, аталған мәселе толыққанды зерттеу нысаны бола алады.

Зерттеудің нысаны. Бағалау мағынасының құрылымдық жүйесі және жасалу тәсілдері.

Зерттеудің пәні.

Зерттеудің дереккөздері. Диплом жұмысына дереккөз ретінде Ж. Айма- уытов, М. Әуезов, О. Бөкей, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, М. Мақатаев, Момышұлы, Ғ. Мүсірепов, Ә. Нұршайықов, С. Мұқанов, І. Есенберлин шығармалары негіз етіп алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Қазіргі қазақ тіліндегі бағалау мағынасын және оның құрылымдық жүйесін зерттеудегі басты мақсат - жалпы тіл біліміндегі бағалауыштық жөніндегі пікірлерді жүйелеу, бағалаудың мағыналық құрамын анықтау, категория ретіндегі мәртебесін және қолданылу ерекшеліктерін анықтау. Осы аталған мақсаттар шешімін табу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • бағалау категориясы жайлы логикалық, философиялық, лингвистикалық анықтамалар сипатын зерделеу;
  • Бағалау категориясының мағыналық және қолданыстағы ерекшелігін және соған сай категориялық мазмұн аясын белгілеу;
  • Бағалауыштық мән білдіретін сөздердің құрамын анықтау, құрылымындағы ерекшеліктерді ашу.

Зерттеудің әдістері. Диплом жұмысын жазу барысында баяндау, сипаттау, салыстыру әдістері, талдау амал-тәсілдері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық, әдістемелік негіздері. Әдіснамалық негізге жалпы тіл біліміндегі аксиологиялық тұжырымдар, қағидаттар алынды. Теориялық негізге қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері А. Байтұрсынов, К. Аханов, М. Балақаев, І. Кеңесбаев, А. Ысқақов, ғалым зерттеушілер М. Оразов, М. Серғалиев, Б. Қасым, Б. Момынова, Г. Смағұлова, М. Ешимов, Д. Бекзат т. б. және орыс тіл біліміндегі Е. М. Вольф, Н. Д. Арутюнова, В. И. Шаховский т. б. еңбектеріндегі ғылыми-теориялық көзқарастар, пайымдаулар алынды. Дипломдық жұмыста ғылыми тұжырымдар жасауға, тілдік талдауларға қазақ жазушыларының әдеби көркем шығармаларынан, қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық сөздіктерінен алынған мысалдар дәйек болды. Сондай-ақ диплом жұмысымның тақырыбының мазмұнына сай келетін салалық ғылымдар, логика, философиялық сөздіктері, лингвистикалық терминдер сөздігі, тіл білімінің энциклопедиялық сөздіктері пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Адам өмірден алған, жинаған тәжірибесі негізінде заттардың табиғи қызметтерін ашады, құбылыстарды жіктей отырып әлемді таниды. Өмірдің шынайы құбылыстарын мейірімділік пен жауыздық, пайда мен зиян, жақсы мен жаман, т. б. бағалық қасиеттер тұрғысынан сипаттайды.

Тілдік қарым-қатынаста өмір сүретін ерекше лингвистикалқ категория, бағалау қоғамдық мәні зор құбылыс. Белгілі бір зат я құбылыс жөнінде ой-пікір пайымдау - бағалау тән негізгі қызмет. Бағалау негізінде анықталатын құндылық бағдар аясы арқылы жұртшылық мойындаған, құрметтеген, сыйлаған кең ауқымдық, жалпы адамзаттық құндылық, өркениет құндылығы, қоғамдық пікір, имандылық сияқты әлемдік категориялар пайда болады.

Тіл білімінде бағалау категориясы табиғи тілдерде әр түрлі тәсілдермен берілетін жалпы сөздер тобына тән деп танылатын ұғымдық категорияларға жатады. Ұғымдық категория негізінен барлық тілдерге тән категория ретінде танылады. Осы қасиетіне байланысты олар әр түрлі жүйедегі тілдерді сипатаудың жинақтау негізі ретінде көрінеді. Ұғымдық категориялар мәртебесіндегі бағалау әмбебап (универсалды) категория қатарынан орын алады. Логика-философиялық негізі бар басқа да ұғымдық категориялар сияқты бағалауды да жалпы сипаттағы мағыналық компоненттер қатынасында концептуалды, когнитивті, онтологиялық, психологиялық, философиялық немесе логикалық деп атайды.

Алдымен бағалау логика-философиялық категория ретінде антикалық кезеңдегі философтардың еңбектерінде өз көрінісін тапқан. Адам табиғаты туралы белгілі философтардың трактаттарында «ізгілік» пен «мейірімділікке» қатысты негізгі ұғымдардың дефинициялары бар. Осы жөніндегі негізгі мәселелердің шеңбері Аристотельдің еңбектерінде айқындалған. Еңбектерінде ойшл бұл мәселелерді екіге бөліп қарастырады: 1. бағаны қабылдайтын объектінің түрлері және 2. оларға қосақтала берілетін бағалау предикаттарының мағынасы.

Шығыс философы Әбу Әли ибн Сина өзінің жан туралы ілімінде органикалық әлем шеңберіндегі қызмет деп түсінетін «күштерді» сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы күштерге ол сезу, иіс түйсігі, дәм, есту қабілеті, көру қабілетін жатқызады. Ішкі күштерге қиял, елес күшін, елестету мен бағалауыш күшін жатқызады. Ибн Синаның айтуы бойынша, бағалауыш күші тікелей сезім арқылы қабылдаудан дерексіз, жеке дене мен заттарда маңызды және бұл жалпы бағалауға сәйкес ұғынылады. Ізгілік категориясының көпмағыналылығы, бағалау мәнінің субъектілігі туралы Т. Гоббс жазған болатын. Жаман мен жақсының гедонистикалық концепциясы ФЖ. Локктың еңбектерінде көрсетілген. Бағалау мен талдауға норматив ұғымын енгізген Б. Спиноза болды. Бағалау теориясын утилитарлық бағытта И. Кант қарастырды.

Бағалау категориясына қатысты негізгі философиялық тұжырымдамалар Н. Д. Арутюнованың «Типы языковых значений:Оценка. Событие. Факт» іргелі зерттеу жұмысында қарастырылған. Осы бағытта жете зерттелетін тақырыптарды автор екі негізгі мәселе айналасында топтастырады: бағалау мағынасының анықтамалары және баға берілетін пікірде фактіге негізделген ақпараттың және иллокутивті функциялардың арақатыстары [2] .

Бағалау мағынасының логика-философиялық бағытта жеткілікті дәрежеде қарастырылуы бағалаудың модальдық сипатына лингвистердің назарын аударды. Логикалық және философиялық ойлардың нәтижелері тілдік құбылыстарда тиімді пайдаланылатыны еш күмән тудырмайды. Бұл тұрғыдан қарастырудың тиімділігін логика мен тіл білімі салаларын зерттеудегі еңбектер дәлелдей алады.

ХХ ғасырдан бағалау категориясы тіл білімінің зерттеу нысаны бола бастады. ХХ ғасырдың 2-жартысында жалпы мағына мәселесінің бөлігі ретінде бағалау мағынасының мәселесі ерекше өзекті болып табылады.

Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, тұңғыш қазақ тіл маманы А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегінің «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деген тарауында сөз, ұғым, мағына табиғаты қарастырылады. Зерттеуші ойлаудың екі түрін көрсетеді: «ойлау екі түрлі сипатта болады. Ол сипаттардың біреулері бойына біткен сипат болса, екіншілері адамның қосқан, таңған сипаттары болады. Мәселен, нәрсенің бірін жылы, бірін суық, бірін тегіс, бірін бұдырмақ, бірін қатты, бірін жұмсақ дейміз. Бұл сипаттар нәрсенің бойында бар сипаттар. Бұл сипаттаудың біреулері адамға ұнайтын болар да, біреулері ұнамайтын болар» [3, 209] . Біздің зерттеу нысанымызға қатысты ұғымдар мұнда ұнау, ұнамау - жағымды, жағымсыз деген сөздермен беріледі.

Зерттеуші М. Оразов «Қазақ тілінің семантикасы» атты еңбегінде эмоциялық мағынаға талдау жасай келе, әрқашан да объектив дүниедегі заттардың түйсік арқылы қабылданған информацияны адам ойының, санасының елегінен өтіп жататындығы, оған белгілі баға берілетіндігі шындық деп атап көрсетеді. Егер адамзат айналасындағы дүниені, дүниеде болып жатқан құбылыстарға баға бере алмаған болар еді [4, 107] .

«Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» атты еңбекте соны сөздерді өмірге келтіріп отырған факторлардың бірі «бағалауыш» сөздерді қажет етуімізге байланысты деген орынды пікір айтылады. «Әдетте атауыш сөздер қолданылу мақсатына қарай термин сөздер және бағалауыш сөздер болып ажыратылады. Алдыңғылары белгілі бір ұғымның нақты (ресми, тұрақты) атауы болса, соңғылар кейбір заттар мен ұғымдардың образды (ресми емес) атаулары болып келеді. Мысалы, дүниеқоңыздық, топжарғандар сөздерін көрсетуге болады. Бұларда белгілі бір бағамен атау сипаты бар: экспрессия (топжарғандар, дүниеқоңыздық) х, көтеріңкілік (мақсаткер) т. т. Бір сөзді қайталай бермеу үшін де «бағалауыш» қосалқы сөздер оңтайлы соғады» [5, 5] .

Қазақ тіл білімінде коммуникативті бағдары айқын газет мәтініне, публицистика стиліне арналған зерттеулерде бағалау мәні арнайы қарастырылған. Бағалауыш лексика терминін тілші ғалымдар А. Алдашева, О. Бүркітов, Б. Момынова т. б. газет тілінің ерекшеліктеріне қатысты қолданған. Б. Момынова «Газет лексикасы: жүйесі мен құрылымы» атты еңбегінде газет тіліндегі бағалауыштық лексикаға арнайы тоқталады. Ғалым бағалауыштықтың әлеуметтік сипатының өзіндік қырларын көрсетеді. Бағалауды тілдік құрал орнында жұмсау барысында газет қоғамдағы жағымды, жағымсыз құбылыстарға, өмір өзгерістеріне идиологиялық қарсылас ретінде жекелеген адамдар мен басқа да қоғамдық құрылымдарға әлеуметтік және саяси тұрғыдан баға беру мүмкіндігіне ие болатындығын атап көрсетеді [7, 134] .

З. Ерназарова «Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі» деген зерттеу еңбегінде мынадай тұжырым жасайды: «Бағалау сөйлеу актісі үстінде дүниеге келеді. Сонықтан бағалау мәнді сөйлеу актілері бірден-бір прагматикалық мәнге ие болады. Адамзатқа тән құндылықтар тұрғысынан құбылыс-әрекеттерді бағалаушы мақсатта жұмсалатын сөйлемдердің қалыптасуына прагматикалық мәнерлер әсер етеді. Бағалау жағымды-жағымсыз тұрғыда берілетін болса, сөйлеу тілінде осы мақсатқа икемделген бірліктер бар»[9, 169] .

Зерттеуші Ш. Нұрғожина сөздердің бағалауыштық қасиеттері А - В деген құрылым арқылы жақсы // жаман деген екі мағынада жұмсалатындығын айтады. Бағалауыштық ұнату // ұнатпау; қуану // ренжу сияқты сөздер арқылы субъектісінің эмоциясын білдіреді деген тұжырымға келеді [10] .

З. А. Құрманәлиеваның «Реңк мәнді туынды зат есімдердің мағыналық құрылымы» деген зерттеу еңбегінде зат есімнің реңк мағынасына объектіні бағалауға қатысты сөздер де, эмоцияға, сезімге, стилистикаға, ауызекі тілге қатысты туынды сөздер де кіретіндігін айтады. Оларды объектіні бағалауға қатысты реңк мәнде туынды сөздер және сезімдік мәнді туынды сөздер деп үлкен екі топқа бөліп қарастырады [11] .

Б. Ұ. Сағынова «Қазақ тіліндегі адам интелектісіне қатысты лексика /этнолингвистикалық зерттеу/» атты кандидаттық диссертациясында адамдар арасындағы сыйластық сезімі адамның ішкі сезім дүниесінен туындап, бағалау сипатын білдіретіндігін айтады [12] .

Д. Б. Бекзат «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық-прагматикалық аспектісі» атты кандидаттық диссертациясында мақал-мәтелдерге тән ерекшеліктердің бірі олардың бағалауыштық танытуы деп атап көрсетеді. «Мақал-мәтелдер кез келген жағдайда, соның ішінде адамға қатысты оның мінез-құлқына, іс-әрекетіне т. б. қасиеттеріне баға береді» [13, 20] .

Ғ. Ө. Танабаев субъектив мәнді етістіктердің семантикалық құрылымын зерттеген еңбегінде бұл етістіктердің мағыналық құрамы эмоциялық және бағалау семасына бағынатындығын, олардың мағынасы амал-әрекетке, болған қозғалыс пен субъектінің қалпына баға беру мәнін білдіретіндігін көрсетеді [14] .

А. Т. Бақытов «Француз және қазақ тілдеріндегі бағалай сөйлеудің ұлттық-мәдени ерекшіліктері » атты еңбегінде француз және қазақ тілдеріндегі жағымды және жағымсыз бағалауды білдіретін сөздер мен сөйлесімдерді коммуникативтік, прагматикалық және когнитивтік бағытта салғастыра зерттеген [15] .

Логика-филасофиялық және лингвистикалық түсінікте де бағалауды сөздің кең және тар мағынасында ажырата білу қажет. Бағалау кең мағынасында берілген затты таңдап алынған эталонмен салыстыруға сүйенетін зат туралы танымдық субъектіні байымдау деп анықталатын жіктеу арқылы берілген [16, 81] . Бағалау кең мағынасында «мөлшерлік бағалау», «көлемнің бағалануы» бірліктерімен беріледі. Бағалау тар мағынасында субъекті мен объекті арасындағы бағалауыштық қатынасы анықталған «жақсы/жаман» белгілеріне байланысты болады. Н. Д. Арутюнованың, А. А. Ивиннің, Н. А. Лукьянованың еңбектерінде бағалаудың лингвистикалық, философиялық және логикалық сипаты тар мағына тұрғысынан зерттеледі.

Бағалау мағынасын кең және тар көзқарас тұрғысынан ажырата білу мәселені жеңілдетеді, бірақ оны анықтауды толығымен шеше алмайды. Е. М. Вольф дәстүрлі бағалауды сөйлеушінің сөйлеуге қатынасының эмоционалды-субъективті көрінісімен, ал бағалаудың көріну мүмкіндігін кез келген сөзге тән ерекше экспресстивті атмосферамен байланыстырады [17] . Ал В. Н. Телия, Н. Д. Арутюнова сынды ғалымдар тіл білімінің қазіргі даму тұрғысынан бағалауды жиі логика-семантикалық категория ретінде қарастырады. Олар бағалаудың сипаты, оның табиғаты бағалауыш атаулардың ерекшелігін, олардың семантикалық құрылымын және олардың арасындағы қатынастардың түрлерін байланыстырады деп есептейді [2; 18] . Н. Д. Артюнова бағалауды бағаланатын нысандардың белгісі ретінде берілген қатынас деп түсінеді [19, 230] . С. С. Хидекель және Г. Г. Кошель бағалау - бұл тілді қолданушылардың тілден тыс нысандарға және тіл мен сөйлеу фактілеріне бекітілген қоғамдық қатынасы («жақсы-жаман») деген анықтамаға тоқталады [20, 7] . Е. М. Вольф бағалау семантикалық ұғым ретінде «А (бағалау субъектісі), ал Б (бағалау объектісі) жақсы // жаман» деп түсіндіруге болатын тілдік көріністердегі мағынаның бағалауыш аспектісі деп түсіндіреді.

Соңғы кездерде, ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында, тіл білімінде бағалаудың экспрессивті-стилистикалық қызметтері, жеке тіл категориясы екендігі жөніндегі монографиялар, зерттеу жұмыстары жарық көрді. Бағалауыштық лексика орыс тіл білімінде М. Ф. Скорнякова, А. М. Родимкинаның еңбектерінде қарастырылған. «Рассматривая категорию оценки как категорию языковой, что является единственно правильным, приходится очертить ее границы комплексом тех значений, которые выражаются ее суффиксами, независимо от привходящих моментов контекста», - деп жазады В. М. Никитевич [43, 84] .

Бағалауыштық мағыналар тіл жүйесінің түрлі деңгейлерін қамтиды. Бағалау семантикасы лексикалық деңгейдегі сан түрлі бірліктердің семантикасының ажырамас бөлігі болып саналады. Бағалауды білдіретін сөз тудырушы құралдарды талдауға В. В. Лопатиннің «Словообразовательные средства субъективно-оценочной прагматики высказывания и текста», З. А. Құрманәлиеваның «Реңк мәнді туынды зат есімдердің мағыналық құрылымы» атты зерттеу еңбектері арналған . Бағалаудың тұлғалық көрсеткіштерін Н. А. Лукьянова, В. Н. Телия т. б. ғалымдар қарастырса, морфологиялық деңгейдегі бірліктердің бағалауыштық мәнін Г. А. Золотова, Н. Н. Холодовалар зерттеген.

Жалпы сөздердің бағалауыштық қызметін В. В. Виноградов байқаған болатын. Шақ, рай, жіктеу сияқты морфологиялық категориялардың жағымсыз бағаны экспрессивті-ирониялық түрде қолданылуын Д. Н. Шмелев жазады. Л. А. Капанадзенің еңбектерінде бағалау ишараларының кейбір түрлері қарастырылады. Бағалауды білдіретін тілдің прагматикалық құралдарының ішінде интонация мен сөйлеу тонының мәні ерекше. Олардың көмегімен алуан түрлі бағалау эмоцияларын көрсетуге болады.

Бағалау мағынасының синтаксистік деңгейде пайда болатындығын айта келе В. В. Виноградов «оценка нередко определяет выбор и размещение всех основных элементов высказывания» [22, 18] деп тұжырымдайды. Бағалауыштық сөз тіркестері мен сөйлемдер мәселесінің зерттелуі А. А. Шахматовтың «Синтаксис русского языка» деген еңбегінен бастау алады. Ғалым толымсыз сөйлемдердің ішінде өздеріне ғана тән грамматикалық және интонациялық ерекшеліктерімен сипатталатын ерекше топ - субстантивті баяндауышты, бастауышсыз сөйлемдерді көрсетеді. «Бағалауыштық сөйлемдер» термині 50 жылдардың басынан, И. А. Попованың «Неполные предложения в современном русском языке» еңбегінен бастап қалыптасты.

  1. БАҒАЛАУ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

1. 1 Бағалаудың табиғаты, құрылымы.

Адамның қоршаған ортамен түрлі қатынастарын көрсететін «бағалау» термині кең және тар мағынада қолданылады деп айтқан едік. Бірінші жағдайда оң және теріс баға арасындағы айырмашылықтар белгіленсе, екінші жағдайда «бағалау» сөзінің мағынасы «оң баға» немесе «қолдау» терминдерінің мағынасымен бірдей. Сөйтіп, баға заттың сапасының белгілі бір құндылық критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан бағалығын тану немесе жоққа шығарумен байланысты жағымды //жағымсыз сипаттама ретінде анықталады. Философиялық, логикалық және лингвистикалық ғылыми еңбектерде бағалау субъект пен объект арасындағы қатынастың бағалауыштық сипатымен байланыстырылады [2; 1; 63] . Яғни бағалаудың маңызды ерекшелігі - онда объективті фактормен өзара қарым-қатынаста болатын субъективті фактордың әрқашан бірге болуында. Бағалауыштық көзқарас, бағалау субъектісі тура білдірілмесе де, субъект пен объект арасында құндылық қатынастың бар екенін тұспалдайды. Кез келген бағалауыштық пайымдау баға беретін тұлғаның (жеке адам, қоғам), яғни субъектінің пікірін және бағаланатын зат немесе құбылыс, яғни объектіні талап етеді.

Субъективті компонент бағалау субъектісінің объектіге деген жағымды немесе жағымсыз қатынасын көрсетеді (кейде оны «ұнату // ұнатпау, «бағалау // бағаламау», «мақұлдау //мақұлдамау», т. б. қатынастар ретінде көрсетеді), ал бағалаудың объективті (дескриптивті, белгілік) компоненті негізінен бағаланатын заттың немесе құбылыстардың өз қасиеттеріне бейімделеді. Сөйлеу барысында бағалаудың субъективті және объективті аспектілері былай бөлінуі мүмкін: мысалы, Маған осы фильм ұнайды деп айтқанда баға беретін субъект фильмнің қасиеттері туралы емес, өзінің оған деген көзқарасы туралы ғана айтады. Мұндай субъективті қатынасты көрсету етістіктерден байқалады: мысалы, жақтау, қолдау, жақсы көру, бағалау, жақтырмау, бір нәрсеге қуану, жек көру, т. б. : Меңтай оны иттің етінен жек көреді (Ә. Нұршайықов) . Механизаторлар істің мәнін түсінгеннен кейін бірден қолдап, қостап кетті (Ә. Нұршайықов) . Әмірқанды жұрт мақтайтын. Бір естуге мен де ынтық едім (Ж. Аймауытов) . (Объектінің белгілері кейде дәлелдер түрінде қосымша енгізілуі мүмкін, мысалы: Маған осы фильм ұнайды, ол шебер түсірілген) .

Бағалау анықтамалары әрқашан объектінің қасиеттерін тұспалдайды. Мысалы, Баланың жақсысы - қызық , Жаманы - күйік (Абай) . Әзімбай анығында әкелерінен әлдеқайда айлакер, көреген боп шықты (М. Әуезов) . «Осындай көрікті, ақылды, адамгершілігі мол қызға қолы жетіп, жар еткен жанның арманы болар ма екен, сірә», - деп іштей күрсініп, ынтыққан үстіне ынтыға түстім (Ә. Нұршайықов) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекелдің деңгейі
Информатиканың теориялық негіздері
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері туралы
Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этномәдени факторлардың әсері
Әртүрлі территориялық деңгейдегі жерлерді тұрпаттау және агроэкологиялық бағалауды картографиялау
Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні
Банктік тәуекелдердің Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылуы мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибе
Тараз қаласының жерлерін кадастрлық бағалау жүргізу
Дәлелдеме ұғымы туралы
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz