Ата - аналар функциясы


Мазмұны
Кіріспе3
І Психология ғылымындағы отбасы мәселелерінің зерттелуін теориялық негіздеу
1. 1 Шетел және Кеңес ғалымдарының отбасы туралы зерттеулері……6
1. 2 Отбасы пихологиясы туралы түсінік және оның атқаратын функциялары . . . 17
ІІ Бала психикасының қалыптасуына отбасындағы психологиялық климаттың әсері мен онда кездесетін келеңсіздіктер
2. 1 Бала психикасының отбасында қалыптасуы мен оған әсер етуші факторлар25
2. 2 Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала психикасына тигізетін әсері31
2. 3 Отбасындағы психологиялық климаттағы қиыншылықтар мен дағдарыс……… . . . . 43
ІІІ Бала психикасына отбасындғы психологиялық климаттың әсерін экспериментальді сынақтан өткізу
3. 1 Отбасындағы психологиялық климаттың қалыптасуын анықтау… . . . …. 55
3. 2Отбасындағы психологиялық климатқа бағытталған түзету жаттығуларын жүйелеу және қолдану . . . …64
3. 3 Отбасындағы психологиялық климатты зерттеу нәтижесі. 74
Қортытынды. . 77
Пайдаланған әдебиеттер . . . 79
Қосымша
Кірсіпе
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т. с. с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» № 528 Бұйрығына сәйкес«Психологиялық қызметтің құрамына педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілер және ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді». Психологиялық қызметтің мақсаттары білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру әдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету» болып табылады.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
- білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін
- -өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
- білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тҧрғыдан жәрдем көрсету;
- білім алушылардың тҧлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тҧрғыдан ықпал ету;
- психологиялық диагностиканы жҥргізу және білім алушылардың
- шығармашылық әлеуетін дамыту;
- психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын
- шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жҥзеге асыру;
- білім алушылардың психологиялық денсаулығынсақтау;
- психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының
- қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық
- көмек көрсету;
- білім беру субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А. В. Мудрик, А. В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж. Ы. Намазбаева, С. М. Жақыпов, М. Мұқанов ) [1, 8-9]
Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған.
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А. Г. Харчев, А. Н. Антонов, З. И. Файнбург, Д. Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г. М. Свердлов және В. Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А. Ю. Гавит, Э. А. Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған [64-65] . Д. Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады [6, 17] . А. Н. Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды [3, 65] . Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А. Г. Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша - «отбасы - бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады» [63] . «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено» - деп берген А. Б. Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде болып табылады.
Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын «Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері» деп анықтадық.
Зерттеудің мақсаты: Бала психикасының қалыптасуына отбасындағы психологиялық клиаматтың әсерін анықтау және ондағы келеңсіздіктерді жою.
Зерттеу міндеті:
- отбасының психология саласында зерттелуін теориялық және практикалық тұрғыда қарастыру;
- бала психиксына отбасында әсер етуші фактроларды анықтау;
- отбасында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесін сипаттау
- отбасындағы психологиялық климаттың бала психикасына әсерні отбасындағы қарым-қатынасқа негізделген әдістемелер арқылы зерттеі мен түзету жұмыстарын жүргізу.
Зерттеудің нысаны: Отбасы климатында жеткіншектер психикасының қалыптасуы мен дамуының процесі
Зерттеу пәні: Бала психикасның қалыптасуына отбасындағы психологиялық климаттың әсері.
Зерттеу әдісі: «Отбасылық қобалжуды анықтау», «ата-ана мен бала өзара қатынасы» сауалнамалары, социограмма, эмоционалды қатынасты анықтау, қажеттілік базасын анықтау нәтижесі, жеке тұлғаның қақтығысын анықтау тесттері, психологиялық тренингтер.
Зерттеудің болжамы: Егер отбасында ата-аналардың арасында қарым-қатынас пен балаға деген тәрбие дұрыс берілсе, және отбасындағы келеңсіздіктерге байланысты психологиялық көмектер көрсетілсе онда бала психикасы дұрыс қалыптасар еді.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: педагогика, психолгия, тәрбие және білім беру мәселелері туралы теориялық-әдіснамалық еңбектер жатады, ғалымдарының, яғни Л. С. Выготский, Н. Л. Коломинский, В. Н. Мясищев, Б. И. Пинский, С. Я. Рубинштейн, К. С. Лебединская, Г. В. Грибанова пікірлері бойынша мінез-құлқында жастардың ауытқушылығы бар балалардың тұлғасының дамуы қалыпты жағдайдағы жасөспірімдердің тұлғасының даму заңдылықтарына сай болып келетін мәселелері. Біздің жұмысымыздан алынған нәтижелер мен жасалынған қорытындылар арқылы отбасындағы психологиялық климаттқа көмек көрсету, шиеленістерді болдырмау негізінде әртүрлі тренингтік жаттығулар өңдеп шығаруда пайдасы бар.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - бет, қолданылған деректер тізімі - әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
Зерттеудің базасы: Семей қаласының №2 жалпы білім беретін орта
мектеп.
І Психология ғылымындағы отбасы мәселелерінің зерттелуін теориялық негіздеу
1. 1 Шетел және Кеңес ғалымдарының отбасы туралы зерттеулері
Адамзат баласының отбасындағы тәрбиесі қай ғасырдың болсын өзекті мәселелерінің бірі болды. Ежелгі антикалық дәуірден бастап ойшылдар отбасылық тәрбие мен отбасылық өмірге дайындық жасау мәселесіне ерекше мән берген. Соның бір дәлелін грек ойшылы Платонның көзқарастарынан табамыз. Оның пікірінше, адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет деген тұжырым жасайды . Ал, белгілі ойшыл Аристотель болса, «отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған .
Отбасы мәселесін көптеген шетел философ ойшылдары жан-жақты қарастыруға тырысты. Солардың бірі классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасындағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген. Ал, Фихте отбасының негізі-махаббат десе, Гегель бірінші болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен.
ΧΙΧ ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасы мәселесіне деген тарихи көзқарастар мен зерттеулер толықтырыла түсті. Мәселен, Л. Морганның 1877 жылы шыққан «Ежелгі қоғам» атты кітабында отбасының тарихы, оның некелі қарым-қатынасы, экономикалық, әлеуметтік дамуы және қызметі қарастырылған [47] . Әлеуметтік және отбасылық тәрбиенің өзара байланысын дәлелдейтін зерттеулер де бар (А. Н. Ганичева [43] ) . Бұл еңбектерде отбасын тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысын және даму жолдары көрсетілді.
Француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо, швейцарлық И. Г. Песталоцци, орыс педагогтары К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская [47], А. С. Макаренко [48] т. б. еңбектерінде өздері өмір сүрген замандарына сәйкес отбасы тәрбиесін қарастырған.
Философиялық тұрғыда отбасы ұғымын қарастырсақ, қоғамның ажырамас құрамдас бөлігі, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйым деп есептесе, әлеуметтану ғылымында отбасы - некеде және қандас туыстар негізінде құрылған кішігірім топ ретінде көрсетілген. Отбасының мүшелері бір-бірімен тұрмыстық және құлықтық жауапкершілікте бола отырып, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынас сипатына ие, сонымен қатар, әлеуметтік құрылым ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгеріп, жекелей дербестікке ие болады деп көрсетеді [26] .
Педагогикалық - психологиялық тұрғыда отбасы ұғымына сипаттама берсек, ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да оның мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде отбасына - неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ деп анықтама берілген [49] . Отбасының ерекшелігі мынада: тұрмыстық жағдайдың ортақтығы, өзара көмек пен қолдау және өзара рухани жауапкершілік арқылы байланысқан.
Кез-келген отбасының өмір жағдайы материалдық және рухани құрылымдармен, тіпті құндылықтармен сипатталады. Оның табиғи-биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары материалдық жағын білдірсе, ал, руханилықты құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Отбасы мәселелері бұрынғы Кеңес ғалымдары В. И. Зацепин, В. Д. Цимбалюк [50], Ю. Е. Алешина [51], Г. К. Матвеев [52], Ю. И. Семенов [53], М. Земска [54], А. Г. Хрипкова [55], Р. Зидер [56], ал Қазақстанда С. Қалиев [57], Қ. Б. Жарықбаев [58], Ж. Б. Қоянбаев [59], С. Қоңырбаева [60], Д. Б. Оспанова [61], Қ. Ғ. Жүнісова-Елшібаева [62] секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Жоғарыда аталған ғалымдардың отбасы туралы тұжырымдаларын қорытатын болсақ, ол қарсы жынысты адамдардың, яғни некелік негізде қосылған еркек пен әйелдің, олардың туған немесе тумаған балаларының, кей кезде басқа да бірге тұратын жақын адамдарының қарым-қатынастық және бірлестік формасы деген анықтама жасауға болады. Аталмыш авторлардың пікірінше бұл анықтама барлық отбасының кез-келген даму кезеңдерінің мәні мен сипаттарын білдіреді.
Дүниежүзіндегі әрбір халықтың салт-дәстүріне негізделген отбасылық өмір тарихы бар болатыны сөзсіз. Осы сияқты, қазақ отбасы да өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Қазақтың отбасы мәселесіне орай бұрын-соңды жазылып, өз кезегінде баспа бетінде жарық көрмеген үлкенді-кішілі еңбектер, әдеттік құқық туралы жинақтар мен қазақтың ауыз әдебиеті мен фольклорындағы деректер де көптептің қасы.
Отбасы бір жағынан адамдардың өзінің ішкі өмірін, құпияларын, сырларын, қарсы тұрған сыртқы әсерлерден қызғанышпен қорғайтын тұйықталған бірлестік. Егер отбасының ішкі өмірін әлеуметтік ортаға ашық етсе, онда ол бірден ыдырап, дағдарысқа ұшырауы мүмкін, ал екінші жағынан, отбасы адамдардың бірлескен өмірінде қоршаған ортаға, қоғамға ашық және айқын бірлестігі болып табылады. Мұндай отбасының ішкі жағдайлары қоғам мәселелерімен қатар қарастырылса, онда оның шешімін ыдыратпайды. Бұл жағдай керісінше, отбасының дамуына қауіпсіздік және сақтану сезімдерін қамтамасыз ететін мүмкіндік туғызады.
Кез-келген отбасы қанша жерден тұйықталған, жабық және кейбір өмір сұру жағдайлары жеке, тіпті жасырын сипатта болғанымен ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Себебі, оның кез-келген мүшесі жан-жақты әлеуметтік топтарға, яғни өндірістік, оқу ұжымдарына, балалар және қоғамдық ұйымдарға, сонымен қатар сауда және денсаулық орындарына қатысты қарастырыла отырып, ондағы адамдармен өзара тығыз және кері байланыста болады.
Әлеуметтік маңызды институттардың бірі ретінде отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа түседі және оның барлық өмір ағымына ықпалын тигізе алады. Отбасында адамдар тек қажеттіліктерін қанағаттандырып ғана қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар орындайды. Сондай-ақ, қоғамның әлеуметтік құрылымы мен оның бір бөлшегі болып табылады.
Отбасының әрбір мүшесі бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық пен сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің жеке өміріне және тағдырына елеулі түрде ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасының құрылымы мынадай: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңілілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.
Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы мен сезімдер сипатына ешкімнің шүбәсі болмауы тиіс. Отбасылық қарым-қатынаста оның әрбір мүшесінің рөлі ерекше болып табылады. Отбасында ана баланы өмірге әкеледі, оны ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді және мәпелеп өсіреді. Анадан бала эмоциялық жылық пен махаббат сезімін сезінсе, ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Бір көзқарастарда балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоциялық қолдау деп есептесе, үшіншілері әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы- олардың анасын сүюі деген тұжырымдарды ұсынады [63] . Қазіргі таңда әкенің рөлі қалай болса да ананың рөлінен кем болмауы керек. Бұл жағдай тек әр адамның жауапкершілік сезіміне тәуелді болып келеді. Себебі, қазіргі таңдағы жаһандану жағдайында, әсіресе еуропалану уақытында ұлттық құндылықтарымыз арқылы баланы тәрбиелеу басты мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Отбасылық дағдарыстардың белең алуы көп жағдайда еліктеушілік қасиетімізге байланысты екені ешкімге күмән туғызбас. Сондықтан бала тәрбиесіндегі мәселелер, әсіресе отбасылық өмірге тұлғаның дайындығы ғылыми тұрғыда негізделуі керек. Бұл жағдайлар жоспарланбаған сәбилердің дүниеге келуінен, жас отбасылардың дағдарыс жағдайларының, жауапсыздық сезімдердің алдын алуға мүмкіндік беруі тиіс.
Көптеген еңбектерде ғалым-педагогтар мен психологтар балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін дүние жоқ деп есептейді. Осы орайда, балалардың рухани үйлесімді тұлға ретінде қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т. б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болып табылады.
Сонымен, қандай да болсын, мейлі ол толық не жартылай болсын әрбір отбасының өзіндік даму тарихы бар. Жоғарыдағы айтылған ойлардан туындайтыны отбасы - бұл кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда, бүгінгі күні оның сипаты мен мәні өзгеруде. Дегенмен ерте кезден-ақ, отбасын құру күнкөріс қамынан, ерлі-зайыптылық қарым-қатынастан және ұрпақ әкелуден бастап туындаған.
Бүгінгі күні отбасы құрамын анықтау мәселесінде отбасыға психологиялық көмекті ұйымдастыру теориясы мен тәжірибесі біршама күрделі сипатта болып отыр. Отбасы туралы танымал американдық отбасылық психотерапевт С. Минухин оның мүшелерінің дара биопсиходинамикасына қарағанда неғұрлым кең дүние деп есептеген [26] . Аталмыш ғалымның пікірінше отбасы мүшелерінің өзара әрекеті олардың трансакцияларын басқаратын нақты бір заңдылықтарға тәуелді болып табылады. Сонымен қатар, осы заңдылықтар отбасы құрылымын құрайды деп тұжырымдаған.
Белгілі ғалым Л. Б. Шнейдер бойынша, отбасылық топтың маңызды интегралдық сипаттамасы оның қызметі, құрлымы және динамикасы болып табылады [17] .
Келесі мәселеде отбасының жүйелеріне тоқталамыз. Отбасы жүйесінің динамикасы оның өмірлік циклімен тығыз байланысты. Біріншісі-жұптар немесе ерлі-зайыптылар жүйесі болып табылады. Бұл некеге отырумен жүзеге асады. Мұнда ерлі-зайыптылар өзара әрекет жасайды және атқаратын рөлдерді қабылдауға не қабылдамауға бейімделу (аккомодация) процесі басталады.
Ата-аналық жүйе ерлі-зайыптылардың балалары дүниеге келген соң пайда болады. Өз кезегінде ата-аналар жүйесі өзгеріп отырады, сонымен қатар, балалардың жасерекшелігіне қарай бейімделеді. Сондай-ақ, ата-аналар жүйесі отбасындағы барлық өсіп келе жатқан балалардың қажеттіліктерін ескеруге міндетті болып табылады. Өз кезегінде жоғарыда аталған жағдайлар, әрине тек жасерекшеліктік ғана емес, дара - психологиялық сипаттамаларымен және жыныстық ерекшеліктерімен негізделген бірқатар қиындықтармен тығыз байланысты.
Ал, балалар жүйесі балаға тек «бала болу» мүмкіндігін тудырады, қатарластарының қарым-қатынасы енгізілмейтіндей құзіреттіліксіз және жауапкершіліксіз тәжірибелі қарым-қатынас жасауға болады. Балалардың қарым-қатынасы қатарластарымен және ересектермен өздігінен байланыс орнату үшін оған қажетті дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін ерекше тәжірибе алаңына айналады.
Жоғарыда атап отырған жүйелердің бөлініп шығуы олардың ішкі және сыртқы байланыстарын анағұрлым анық көрсетуге мүмкіндік береді. Ал бұл байланыстар отбасы құрылымын оның шекарасы тұрғысынан сипаттайды. Осы шекаралардың жүйелері олардың арасындағы және ішіндегі қарым-қатынастарды реттеуге жағдай жасайды. Мұндай шекараларды С. В. Ковалев қарастырды [56] .
Отбасылық мәселе бойынша еңбектерін ұсынған Э. Г. Эйдемиллер бойынша, отбасының шеңберінде шекараның үш типі кездеседі: нақты, ригидтік, дуффуздық [14] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz