Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесінің бағдарламалық құралдарының істен шығуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 жоба алды бөлімі 7
1.1 Техникалық-экономикалық негіздеме 7
1.2 Техникалық тапсырма 11
1.3 Құрылатын жүйеге қойылатын талаптар 12
2. жобалық бөлім 19
2.1 Техникалық жоба 19
2.2 Ақпараттық қамтамасыздандыру 26
2.3 Бағдарламалық қамтамасыздандыру 32
2.4 Лингвистикалық қамтамасыздандыру 34
2.5 Техникалық қамтамасыздандыру 38
3 Эксплуатацияға ендіру бөлімі 43
3.1 Автоматтандырылған жүйені құруға кететін шығындарды есептеу 43
3.2 Бағдарламалық жүзеге асыру 51
3.2.1 Бағдарламаның атқаратын қызметі және орындалу шарттары 51
3.2.2 Бағдарламаның орындалуы 52
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65
Қосымша А 67

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы талапқа сай банктерде болатын амалдар жалпы ақпараттық
жүйемен байланысты болып табылады. Дамудың әрекеті кешенді талдауда
банкілердің өзекті тақырыпта несиелік жөнге салу өткізуі салыстырмалы
болады.
Қазақстан тәжірибесіне негативтік жақтың барлық өз жолы айналып келсе
де жүйелік экономика құрылымдық жағы пайдалы әрекет үстінде. Өзіне тән
банкілік операциялардың өткізуі нақтылана түседі. Несиелік ретке келтіру
ұғымдары, сараптық жүйе сияқты банктер болады. Банктік операциялардың
өткізу механизмі мәселесіне дұрыс жақын келу несие беру, баға кесулердің
түрлері, банктік амалдардың үлгілері банктік құрылым мамандарына
көмектеседі. Басында келтірілген үлгілерде есеп-қисаптар банктік
тәжірибелерде қолданылған амалдардың өткізуі жанында, сондайлардың жедел
келісімдер сияқты анықталады. Бастапқы бөлімдегі берілген мәселелер жалпы
банктік амалдардың байланыстық сипатын анықтайды. Оның ішінде пәндік
облысқа байланысты болатын кейбір ерекшеліктер қамтылып кетеді. Осы
жағдайлар әрбір мүмкіншілікті өздігінен сақтап, барлық банктік амалдар
арысында байланысты анықтап отырады. Банктік амалдардың құрылымы өте
күрделі болып табылады. Оның негізі басқа да банк немесе ірі клиенттердің
арасындағы байланыстарды үнемі бақылап отыру үшін керекті шарт болып
табылады. Банктік амалдар қазіргі уақытта өзінің үлкен және банктің негізгі
бөлінбес элементі ретінде сақталып отыр. Осылардың негізі өзінің статусын
сақтап отырады. Қабылданушы мен заңды тұлғалар, резиденттердің және
сәйкесінше Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларының Қазақстан
Республикасының жұмыс істейтін заң шығаруымен айналысатын жерлерінде
осындай ақпараттық жүйелердің жұмыс процестері болып тұрады.
Банкте компьютерлік есеп өзінің ерекшелігі мен радикалдығын иемденген.
Компьютер тек қана есепке алуды жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар
құжаттарды қалыптастыруда, уақытты қысқартуда, деректерді жинауда талдау
үшін ипотекалық несиеге байланысты амалдарды есепке алуда негізгі рөл
атқарады. Несиелік амалдарды іске асыру барысында төлемді жүзеге асыру
барысында компьютер көмегімен математиканың көмегі аз қамтымалады.
Бағдарламалық қамтамысыздандырулар компьютерлерде бұрыннан қолданылып
келеді. Бірақта бұл бағдарламалар деректерді элементарлы сақтау немесе
қосымшаларды жасау құрылғыларын игерген жоқ. Сондықтан да олар қиын және
күрделі болды. Компьютер мамандары да бағдарланған қосымшаларға қол
жеткізбей, жұмыс істеуді шектетіп отырды. Батыстағы кәсіпкерлер банкілік
амалдарды бизнестік сала ретінде атайды. Әрбір банк мақсаты – тиісті
пайдаға ие болу, табысқа жету. Қорытындылай келгенде, технологиялық
революцияға байланысты банктік қызмет көрсету, қаржылық салаларының даму
деңгейі күн сайын көтеріліп отыр.
Бұл жұмыста құрылған қосымша банк және қандай да болмасын қаржылық
ұйымның қызметкерлері үшін зор үлесін тигізеді деп ойлаймын. Себебі бұл
қосымша арқылы, қолданушы өте тез уақытта қаржылық хабарлама мазмұнын
көріп, қателер болған жағдайда алдын-ала ескертіліп, қаржылық амалдар
кезіңде құжаттардың дұрыс толтырылмауына байланысты пайда болатын
келіспеушіліктерден сақ болады. Қазіргі замағы бағдарламалар
автоматтандыруға байланысты негізгі қызметтерін атқаруда. Бағдарлама жасау
барысында ірі бағдарлама жасаушы компаниялар жұмыс сапасының артуы мен
бәсекеге қабілеттілік деңгейлерінің артуы күрделі жұмыс атқаруда. Соның
нәтижесінде барлық қызметтік жұмысы жалпы банктік сипатта жақсы немесе
бәсекелестік қабілетін айқындайтын болып табылады. Олардың өздерінің арнайы
сипаты бар. Сондықтан, байланыстарын нақты сипатты қарастырады.
Ақпараттық жүйенің негізгі мақсаты банк қызметтерін автоматтандыру
болып табылады және олардың құжат айналымындағы барлық сәйкестіктерді іске
асыру болып табылады. Оның көрінісі қазіргі заман талабына сай негізгі
білім базаларының толықтылығы мен жедел, әрі жылдам жұмыс атқаруында болып
отыр. Негізгі қорытынды кезеңнің негізгі мағынасы несиелік амалдардың
банкілік салада болатын қызметтері ерекшеліктері қазіргі кездегі банктік
саладағы болатын процестер негізі қарастырылады. Аталған амалдардың негізгі
ерекшеліктері ақша аударымның айналымы кезінде қаражаттың жеке
қасиеттерінің сақталуы негізгі ақпараттық жүйеде технологиялық негізге
сәйкестендіріліп жасалған шарт болып табылады. Олардың негізгі қызметі ақша
аударымының немесе кез келген ипотекалық несие амалдары мәнінің
элементтерінің мағынасын ашу болып табылады. Аталған амалдардың ақпараттық
қамтамасыздандырылуы қазіргі кездегі автоматизацияға байланысты болатын
құжат айналымдарының айналысы өрісінің кеңеюі байқалуда. Қызметтердің және
халыққа арналған қызметтердің банкілік бөлшек қызмет ету ақпараттық
технологияларының дамуында жаңа жолдар қаралыптастырылуда. Банктер өз
қызметін пайдаланушы адамдардың барынша көп болуын сақтайды. Сондықтан да
олар амалдар арасындағы байланыстардың жедел және тез арада іске асырылуын
қамтамасыз етеді. Дәстүрлі банктік қызмет ету мүмкіншіліктерінде банктер өз
қызметін адамдардың барынша көп болуын қамтамасыз етуге ат салысады. Мүмкін
өнімдердің және халыққа арналған қызметтердің банктік бөлшек саудалары
болады. Қызмет ету ақпараттық технологияларының дамуы жаңа жолдардың
ізделуімен байланысты. Бәсеке қажеттілігі шарттарында, әсіресе нарықта
банктермен барлық елге шығарылғанда банктік қызметтердің автоматтандырылуы
ең көп таралған тәсілімен болады. Банкілік амалдардың экономикалық
тиімділігі мен жұмыстың экономикалық тиімділігі көрсетіледі.
Ипотекалық несиелендіру жұмысын автоматтандыру тапсырмасында жедел
жинақтылық, ақпараттың бүтінділігі және сақтанушылығы, ақпаратты
уақытысында өңдеу, ақпаратты рұқсатсыз қатынаудан сақтауды
қамтамасыздандыру, ақпаратқа қатынау мүмкіндігін жоғарылату тапсырманың
негізгі өзектілігі ретінде қабылданады.
Курстық жұмыстың мақсаты банктерде ипотекалык несиелер бойынша
ақпараттық жүйесін жасау болып табылады. Осыған байланысты несиелік
амалдарды есепке алуды автоматизациялау үшін келесі есептің қойылымын шешу
қажет болып табылады:
– Kaspi bank АҚ туралы материалдарды зерттеу;
– несиелік амалдарда болатын ақша аударымының дұрыстығын және
ипотекалық несие мәнін талдау;
– ипотекалық несиенің есептелу барыстарын қарастыру;
– жобада барлық несиелік амалдарға қатысты қамтамасыздандыруларды
талдау;
– кіріс, тұрақты, аралық және нәтижелік ақпараттарды сипаттау;
– таңдалған жоба нұсқасын жүзеге асыру;
– ипотекалық несие ақпараттық жүйесін құрастыру;
– шығыс есеп берулер мен анықтамаларды жетілдіру;
– аппараттық және бағдарламалық құралдарды таңдау және негіздеу;
– жобаның экономикалық тиімділігін есептеу және негіздеу.
Банктік жұмысқа талқылаудың тап осы мәселесі орындауы алып жүреді.
Пәндік аймақ ретінде Kaspi bank алынған. Банк ақпараттық жүйесінде
ипотекалық несие амалдары негізгі рөл атқарады. Құрастырылатын ақпараттық
жүйе ипотекалық несиемен байланысты жұмысты оңтайландыруға, мәліметтерді
белсенді күйде қолдауға, нормативтік-анықтамалық ақпараттарды енгізуді
жүзеге асыруға, әр түрлі есеп берулерді дайындауға, сонымен қатар сенімді,
әрі толық ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

1 жоба алды бөлімі

1.1 Техникалық-экономикалық негіздеме

Банктік несиелік амалдарды есепке алу негізгі процесі банк арасындағы
сипаттамада болады және олар өздерінің жүйесі жағынан қаржылық сипатты
бейнелейді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы ақпараттық жүйенің
даму кезіңінің белең алуы, банктік амалдарының автоматтандыру жұмысында
белең алуда. Банктік амалдар ақша қозғалысы мен олардың аударымына
байланысты болады. Амалдар қозғалысын есепке алу нарық байланысында болатын
негізгі қаржылық мағынадағы белгілі клиент арасындағы байланысты зерттейді.
Олардың ішінде негізгі амалдарды депозиттік және несиелік амалдар алады.
Қазақстан Республикасының банктері ішіндегі байланыстар негізінде қаржылық
хабарламалар негізінде банктік несиелік амалдардың даму процесі негізінде
болады. Негізгі амалдар банктер арасында өздерінің қаржылық байланыстарын
ретке келтіруде негізгі рөл атқарады. Банктік депозиттік және несиелік
амалдарда ақпараттық жүйенің негізгі белең алуы қазіргі кездегі ақша
аударымдарының және төлем жүйелерінің даму қадамы болып отыр. Банктік
амалдарда ақша негізгі қызмет атқарғандықтан, оның айналым жасау процесі
толық деңгейде осы жаңа технологиялардың қатысуымен байланысты болып
табылады. Олар ақпараттық жүйеде құжат айналымының саясатындағы маңызды
факторлар ретінде болатын несиелік амалдар негізгі рөл атқарады. Олардың
маңызы банк саясатында да, басқа да қаржылық хабарламаларда да маңызды
болып табылады. Банктік амалдар негізгі мақсаттарда қолданылады. Оларды
тіркеу мақсатында барлық уақытта ақпараттық жүйелер негізінде қатысады.
Аталған амалдар өздерінің нақты әрекеттерін әрқашан сақтайды және оларды
өзгерту ол амалдардың белгілі уақытта аяқталғандығын білдіреді.
Иоптекалық несиеге байланысты амалдар түсінігінің мазмұны мен мәнін
толық ашу үшін негізгі терминдерге анықтама беру қажет.
Банктер өзінің активті амалдарын жүргізу үшін пассивтi амалдарды өткізу
нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады. Коммерциялық
банктің пассивтi амалдары келесi нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн:
– банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы
есебiнен аударулар;
– басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
– несиелік операциялар.
Несиелік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған
қаржылары бойынша белгiлi бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша
банктердің амалдары.
Несиелік операцияларды жүргізу кезiнде кез келген банк өздері
дайындаған несиелік саясатты ұстанады және олар өз кезегiнде келесi
ережелерге негiзделедi:
– несиелік амалдар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда
табуға мүмкіндік жасауға негiзделiп ұсынылады;
– несиелік амалдарды ұйымдастыру үдерiсiнде несиелік амалдар
субъектiсiнiң әр түрлiлiгiне және несиелердің әр түрлi нысандардың
үйлесiмдiлiгiне ұмтылыс болады;
– несиелік амалдарды жүзеге асыру барысында осы және несиелiк
салымдардың мерзiмдерi мен сомалары бойынша несие ұсыну амалдары
арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын
қамтамасыз ету қажет;
– несиелік амалдарды ұйымдастыру үдерiсiнде банк балансының
өтiмдiлiгiн жоғары деңгейде қамтамасыз ететiн мерзiмдiк несиелерге
ерекше назар аударған жөн;
– несиелік амалдарды ұйымдастыра отырып, банк несиелік шоттардағы
бос қаржы резервтерінің ең аз болуына талпынуы керек;
– несиелерге тартуға әсер ететiн банктiк қызметтерді дамыту және
қызмет керсету сапасы мен мәдениетiн жоғарылату шараларын
қарастырған жөн.
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін несиелер ақша қаржыларының басты
көзi болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретiнде басқа
кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының
iрi сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиiмдi пайдаланып,
олардың сақталуын қамтамасыз етедi және қарыз алушыларға табысты негiзде
ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, iскер фирмалар, акционерлiк компаниялар
және кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмет мекемелерi,
мемлекеттiк кәсіпорындар, жергiлiктi органдар өз қаржыларын коммерциялық
банктерге салады.
Kaspi bank Қазақстан Республикасындағы бұрыннан жұмыс істеуші банктер
қатарына жатады. Банк негізі 1991 жылы құрылған. Банк негізі Аль Барака
Казахстан бірігуі негізінде мұраға қалған 80-нен астам филиалдар негізінде
жобаланған. Банкте шағын бизнесті дамыту мақсатымен ЕББР, АБР, ИБР дамыған
банктерінен несиелік желілер алынды. Банктің негізгі жұмыс Lotus Notes
пакетінің жұмыс істеуінде жүзеге аса бастады. 1997 жылдан бастап банк
жоғары деңгейлі ендіру мәселесін ендіру керек болды. Қазіргі кездегі ең
дамыған банктер қатарында Kaspi bank коммерциялық банк болып табылады.
Орталық банк есептеуі бойынша күн сайын 14432 ақша аударымы бойынша
транзакциялар түседі.
Сурет 1-де көрініп тұрғандай, банк құрылымы өте күрделі болып табылады.
Ондағы қаржылық амалдар өздерінің бағыныштылық деңгейін иерархиялық жобада
жасаған.
Банк құрылымына жеке тоқталып кетсек:
Директорлар кеңесі – негізгі акцияларды ұстаушы, жалпы банк жұмысын
қадағалау істерін қадағалап отырады. Кеңес жұмыстары банктің жұмысына
тікелей әсер етеді.
Ішкі аудит тобы – жалпы банк жұмыстарын тәуелсіз деңгейде тексеріп
отырады. Олардың жұмыстары нәтижесінде банк жұмыстары бағаланады және
кемшілік болса дұрыс бағыт таңдалуына көмек береді.

Сурет 1. – Банктің құрылымы

Басқарма – банк жұмыстарын қадағалап отырады. Басқарма өкілі көмекші
тұлға болып табылады. Негізінде жарғы капиталының дұрыс жүруін қадағалап
отырады.
Клиенттерге қызмет етуді басқару бөлімі – жалпы клиенттермен келісім-
шарттарды, олардың жалпы қызметтік байланыстарының дұрыс жүруін қадағалап
отырады. Заңды және жеке тұлғалармен жұмысты қадағалайды.
Жинақ бөлімі – жалпы кіріс және шығыстарды ретке келтіріп отырады.
Төлем карталарына қызмет ету бөлімі – тұлғалардың төлем карталарын
пайдалану барысындағы негізгі функциялық деңгейлерін қадағалайды.
Есептеу бөлімі – шетел валютасындағы, ұлттық валютадағы, төлем
карталарды пайдалану барысындағы айырмашылықты есептеп, олардағы ұтылысты
тексеріп отырады.
Құжаттық операция бөлімі – бэк офис деп аталады. Бухгалтерге немесе
заңгерге нақты тікелей бағынады.
Кассалық операция бөлімі – кассада төлім қабылдау немесе шоттағы
аударымдық ақшаларды реттеп отырады.
Несиелік басқару – несиені беру кезіндегі ұтылыс пен ұтысты талдайды.
Жобалық талдау бөлімі – қабылданған несиелік шешімді жалпы негізде
жобалайды. Сонымен қатар, шағын немесе орта бизнесте дамыту барысындағы
несие беру шарттарын қадағалап отырады.
Автоматизация бөлімі – амалдарды жалпы автоматандыру жұмыстарын
ұйымдастырады.
Бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімі – банктік қызметтегі жалпы
бағдарламалардың қолданудағы жұмыстарын қадағалап отырады.
Банктік амалдарды қадағалау бөлімі – амалдардың дұрыс жұмыс жасауын
қадағалап отырады.
Банктік технология және әдістеме бөлімі – банктік жалпы амалдардың жүру
шарттарындағы қазіргі заманғы жаңа технологияларды қолдану жұмыстарын
басқарады. Жалпы банктік автоматизация осы бөлімге де қатысты болып
табылады.
Қаржылық есеп беру бөлімі – жалпы банктегі қаржы капиталының жағдайын
қадағалап отырады. Олардың нәтижесін жоғары өкіл топтары мен бөлімдеріне
тапсырады.
Ішкі банктік есеп – жалпы банк ішілік қаржылық талдау, яғни басқа
шоттардағы банк дебиторлары мен кридиторлары есепке алынбайды.
Ашық нарықтағы операция бөлімі – банктің жалпы бағалы қағаздарды,
акцияларды сатып алу немесе шығару жұмыстарын қадағалап отырады.
Тәуекел бөлімі – банктік қаржы салымындағы есептеулер деңгейлерін алдын-
ала зерттейді.
Жарнама бөлімі – банк жұмыс жақсарту мақсатында негізгі банк жұмыстарын
халыққа жарнамалау жұмыстарымен айналысады.
Қызметкерлерді басқару бөлімі – кадр тарту немесе қызметкерлердің жалпы
жұмыстарын қадағалайды.
Мұрағат – жалпы банктік құжаттамаларды сақтайды.
Операциялардың құрылымына қатысты себептерге байланысы өздерінің
бағалық немесе банк аясына қатысты қажеттілігін сақтап отырады. Осы
амалдарды өңдеуде амалдық жүйелер қатысады. Олардың нақты себебі
аударымдарда және есептеу жүргізулерде қолданылады. Банктік амалдарда үнемі
есептер жүргізіледі.
Олар өздерінің тіркелуінде арнайы базаға тіркеліп отырады. Осы тіркеліп
отыру негізінде негізгі жұмыс клиентке қызмет көрсету негізінде болатын
барлық ақпараттар өздерінің сақталу формасын көрсетеді, яғни олар файлдық
негізде іске асады. Яғни, жүйе аралық байланыс негізінде болатын байланыс
банктік несиелік амалдардың сенімділігін арттырады. Банктік амалдар
өздерінің ауысымдық бейнелерін де білдіреді.
Валюталық бөлімнің негізгі мақсаттары мыналар:
1) физикалық және заңгерлік тұлғалардан шетел валюта сатып алу
(резиденттік және резидент емес тұлғалар);
2) шетел валютасының сатылуы физикалық тұлғалар мен заңды тұлғаларға
(резиденттік және резиденттік емес тұлғалар) сату;
3) жол ақы төлеу және нарықта (банкіліктердің) чектердің және шетел
валютасына төлеудегі құжаттар;
4) American Express жол чектерінің сатылуы;
5) несие карточкалармен есеп-қисаптардың басқарылуы;
6) ақша аудару бөлімдеріне қызметкерді дайындау;
7) Қазақстан Республикасында ақша айырбастау пунктерімен қамтамасыз
ету және олардың қыметтеріне бақылау жасауды іске асыру;
8) Уәкіл етілген ұйымдардың айырбас бөлімдеріне арналған
қызметкерлерді дайындауы (олардың негізінде өтініштері және ақы
төлеудің мөлшерлері тарифтармен анықталады);
9) жеке валюталық шоттарды ашу және жабу, енгізу немесе олардың
салымдарын қалыптастыру;
10) шетелден немесе шетелге аударымдар жасау;
11) ағымдағы шотпен қорларды есепке алу немесе есептен шығару;
12) шотты иемденушілер тапсырысымен жеке қорларды ауыстыру;
13) клиенттердің шоттары бойынша амалдардың өткені туралы жазба жасау;
14) валюталық несие беруді басқару;
15) қатарға енгізу және шетел валютаға құралдардың көшіріп жазып алуы
ағымдағы шоттар.
16) жеке құралдардың аудармасы шекараның артынан есептердің иелерінің
тапсырмасы.
17) дайындау және жазып алулардың бағыты амалдардың өткізуімен
клиенттердің шоттарымен және басқа мәлімдеулердің (есептердің
иесілерінің сауалдарымен).
Банктің валюталық бөлімінде салыстырмалы дербес валюталық бағыт арқылы
маңызды әсер және халықаралық экономикалық сипаттар нәтижелілігін
көрсетеді. Елдердің төлеу теңдігі, несие беру тәртібі арқылы және
халықаралық есеп-қисаптардың реттілігі ақталып отыруы қарастырылады.

1.2 Техникалық тапсырма

1. Жалпы мәліметтер
1.1. Жүйенің толық атауы және оның шартты тағайындалуы
Kaspi bank АҚ-ның банк бөлімшесінің жұмысын автоматтандыруға арналған
Ипотекалық несиелендіру модулі автоматтандырылған жұмыс орнын құрастыру
қажет. Бұл жүйенің шартты тағайындалуы – Ипотекалық несиелендіру
ақпараттық жүйесі.
1.2. Жүйені құрастырушы мен бұл жүйеге тапсырыс берушінің атаулары.
АЖО-ға тапсырыс беруші – Kaspi bank АҚ-ның Қарағандыдағы филиалы.
Мекен-жайы: 100009, Қарағанды қ., Алиханова көш., 16. Реквизиттер:
РНН 301920473560
БИН 190501722
КБЕ 17
ИИН KZ16722S000000649939
БИК CASPKZKA
Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесінің құрастырушысы –
Алибекова Асем ЖК, Мекен-жайы: Қарағанды қ., Гоголь көш., 58 үй.
Реквизиттер: СТН 301220145418, ӘЖК 456VF1X24GSS5.
1.3. АЖ құрылатын құжаттар тізімі:
- Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесін құрастыру туралы
келісім-шарты (15.10.2012 ж.);
- Kaspi bank АҚ ипотекалық несиемен айналысатын бөлімді зерттеу
материалдары;
- Автоматтандырылған жүйенің концепциясын құрастыру.
1.4. Жүйені құрастыру бойынша жоспарлық жұмыс мерзімінің басы мен соңы:
- Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыс
мерзімінің басы – 16.10.2012 ж.;
- Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыс
мерзімінің соңы – 05.12.2012 ж.;
1.5. АЖ құрастыру бойынша жұмысты қаржыландыру көзі.
Kaspi bank АҚ; қаржыландыру реті – келісімді.
1.6. АЖ-ны құрастыру бойынша жұмысты рәсімдеу мен оның нәтижелерін
тапсырыс берушіге ұсыну реті: жұмыс аяқталғаннан кейін комиссия Ипотекалық
несиелендіру ақпараттық жүйесінің тапсырыс берушінің талаптарына
сәйкестілігін айқындайды және жүйені эксплуатациялау туралы актіге қол
қойылады.
2. Автоматтандыру объектісінің эксплуатациялау шарттары туралы
мәліметтер.
Аталған жүйе Kaspi bank АҚ ипотекалық несиемен айналысатын бөлімнің
ішінде функционалданады. Ақпараттық жүйе қалыпты жағдайларда, яғни
конструктивті температурада, қысымда, шаңданудың шекті деңгейі кезінде
функционалдау керек. Аталған жағдайлар Өндірістік мекемелердің
микроклиматқа қойылатын гигиеналық талаптар атты СанПин-ге сәйкес келуі
қажет.

1.3 Құрылатын жүйеге қойылатын талаптар

1. Жүйеге тұтасымен қойылатын талаптар
1.1. Жүйенің құрылымына және оның функционалдануын қойылатын талаптар.
Жүйе бірыңғай ақпараттық кеңістікте функционалдау қажет, деректерді
өңдеу мен ұсынудың бірыңғай технологиясын қолдауы керек, деректерді бір рет
енгізу принципі бойынша жүзеге асырылуы қажет, жүйені қолдану процесі
аспаптық құралдардың бірыңғай жиынтық жүйелері шеңберінде болуы керек, жүйе
ақпаратты сақтау құрылымының ашықтылығын қолдауы қажет.
Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесі келесідей ішкі жүйелерден
тұрады:
- ақпараттық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- бағдарламалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- лингвистикалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- математикалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- құқықтық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- әдістемелік қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- ұйымдастырушылық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- техникалық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі;
- технологиялық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі.
1.2. Жүйе компоненттері арасында ақпараттық алмасуға арналған байланыс
құралдары мен әдістеріне қойылатын талаптар.
Жүйе компоненттері арасында ақпараттық алмасу үшін клиент-сервер
архитектурасы бар жергілікті желісі ұйымдастырылуы қажет. Бұл қажеттілік
келесідей маңызды факторлармен түсіндіріледі: ақпаратты параллельді өңдеу
мүмкіндігі; деректер мен құрылғыларды бірге қолдану мүмкіндігі; ақпаратқа
оперативті қатынау; ақпаратпен алмасу мен қызметкерлер арасындағы өзара
әрекеттілік процестерінің жақсаруы.
1.3. Құрылатын жүйенің өзара байланыс сипаттамаларына қойылатын
талаптар, оның үйлесімділігіне қойылатын талаптар.
Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесінің деректері ипотекалық
несиемен айналысатын бөлімде қолданылуы қажет. Ипотекалық несиелендіру
ақпараттық жүйесі мен бөлім арасындағы ақпараттың алмасу процесі сәйкес
құжаттарды жіберу жолымен жүргізілуі қажет. Сыртқы серіктестіктермен
(кадрлық агенттілікпен, еңбек биржасымен және т.б.) ақпаратты алмасу
процесі интернет көмегімен жүзеге асырылуы керек.
1.4. Жүйенің функционалдау режиміне қойылатын талаптар.
Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесін қолдану банктің жұмыс
уақытысы кезінде жүзеге асырылуы қажет.
1.5. Жүйенің диагностикасына қойылатын талаптар.
Техникалық құралдардың диагностикасы мен профилактикасы айына бір бір
жүргізілуі керек. Деректер базасының диагностикасы бірқатар жазбаларды
таңдау жолымен аптасына бір рет жүргізілуі керек. Деректердің тұтастығын
тексеру қажет жағдайда жүргізіледі. Бағдарламалық қамтамасыздандыруды
тексеру қажет жағдайда жүргізіледі.
1.6. Жүйенің перспективасы, жүйенің модернизациясы.
Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесінің модернизациясы екі
бағытта жүргізілуі мүмкін: Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесінің
бағдарламалық қамтамасыздандыруының модернизациясы және оның техникалық
қамтамасыздандыруының модернизациясы. Бағдарламалық қамтамасыздандыруының
модернизациясы кезінде АЖО-мен жұмыс істеу үшін құрылған бағдарламаларда
өзгертулер енгізілуі мүмкін немесе толықтырулар жүргізілуі мүмкін (мысалы,
жаңа есептерді енгізу кезінде), сонымен қатар сатып алынатын бағдарламалық
құралдар алмастырылуы мүмкін. АЖО-ның техникалық қамтамасыздандыруының
модернизациясы жаңа техникалық құралдарды сатып алу жолымен немесе ескі
техникалық құралдарды модернизациялау жолымен жүргізілуі керек.
1.7. Қызметкерлер саны мен квалификациясына қойылатын талаптар.
1.7.1. АЖ қолданушылар санына қойылатын талаптар.
Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесінің қызметкерлер саны
штаттық кесте бойынша анықталады.
1.7.2. Қызметкерлер квалификациясына, оларды дайындау процесіне және
олардың білімдері мен дағдыларын қадағалауына қойылатын талаптар.
Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесі қолданушыларының білімі,
атап айтқанда, банк қызметкері үшін білім жоғарғы мамандандырылған болуы
қажет, ал қалған қолданушылар үшін – орташа мамандандырылған, егер
қолданушы деңгейінде дербес компьютерді білу шарттары кезінде, яғни олар
сәйкес бағдарламалық пакеттермен жұмыс істеуді білу қажет, сондай-ақ жаңа
бағдарламалық өнімдерге оңай үйрену керек. Білімдер мен дағдыларды
қадағалау процесі қызметкерді жұмысқа қабылдау процесі кезінде, сонымен
қатар Қарағанды филиал бойынша банк басшысының бұйрығы бойынша жұмыстарды
жүргізу кезінде немесе басқа себептермен жүргізілуі қажет.
1.8. Қызметкер жұмысының талап етілетін режимі.
Банк қызметкерлері жұмысының талап етілетін режимі – 900-ден 1800-ге
дейінгі толық жұмыс күні. Негізгі үзіліс уақыты 1 сағатты құрау керек.
Демалуға арналған қосымша үзілістер қажығандық деңгейіне байланысты берілуі
қажет.
1.9. Жүйе сенімділігіне қойылатын талаптар.
Аталған жүйе құралдардың істен шығу процесіне, сондай-ақ электр
көздеріне тұрақтылыққа ие болуы қажет. Жүйенің сенімді жұмыс істеуі үшін
жоғарғы сенімді техникалық құралдар қажет. Сондай-ақ аса маңызды блоктарды
автоматты резертеу құралдары қажет.
Сенімділіктің құрамдас бөліктерін сипаттау үшін келесідей көрсеткіштер
қолданылады:
- дайындық коэффициенті

Кг = Т(Т+Тв),

мұндағы Тв – қалпына келудің орташа уақыты, Т – ақаусыз жұмыс істеудың
орташа уақыты.
- техникалық қолдану коэффициенті

Кт.н. = Т(Т+Тв+Тпр((),

мұндағы, Тпр – бір профилактикалық қызмет көрсету сеансының орташа
ұзақтылығы, (=nr, n – профилактика саны, r – бас тарту саны.
Сенімділікке қойылатын талаптар келесідей апатты жағдайлар үшін
тағайындалуы қажет:
- Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесінің техникалық құралдарының
істен шығуы;
- электр көзінің жоқ болуы;
- Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесінің бағдарламалық
құралдарының істен шығуы;
- Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесі қолданушыларының қате
әрекеттері;
- өрт, жарылыс және т.с.с.
Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесінің техникалық және
бағдарламалық қамтамасыздандыруларының сенімділігі жоғарыда көрсетілген
көрсеткіштерге сәйкес келуі керек.
Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесін құрастырудың әр түрлі
кезеңдерінде сенімділік көрсеткіштерін бағалау және қадағалау әдістері
келесідей ерекшеліктерге жауап беруі қажет:
- көп функционалдылық;
- АЖО компоненттерінің өзара байланысының күрделі формалары;
- АЖО жеке компоненттерінің істен шығуының уақытша арақатынас рөлі;
- бас тартуынсыз және қалпына келу жұмысының орташа уақытты үлестіру
заңдары.
1.10. Жүйенің қауіпсіздігі бойынша қойылатын талаптар.
Жүйенің техникалық құралдарын монтаждау, қызмет көрсету, ремонттау және
эксплуатациялау кезіндегі қауіпсіздік шаралары ретінде келесідей
стандарттармен орнатылған талаптар сақталуы қажет:
- СаНПиН 2.2.42.8056-96 Радиожиілікті диапазонның электромагниттік
сәулеленуі;
- МемСТ Р 50377-92 (МЭК 950-86) Ақпараттық технология құралдарының
қауіпсіздігі, соның ішінде электрлік конторлық құралдар;
- МемСТ 27954-88 Дербес есептеу машиналарының бейнемониторлары.
Типтері, негізгі параметрлері, жалпы техникалық талаптар;
- МемСТ 27201-87 Есептеуіш электрондық дербес машиналар. Типтері,
негізгі параметрлері, жалпы техникалық талаптар.
1.11. Жүйе компоненттерін эксплуатациялауға, техникалық қызмет
көрсетуге, ремонтқа және сақтауға қойылатын талаптар.
Жүйенің техникалық құралдарына қызмет көрсетуге уақыт бөлу қажет (айына
бір күн).
Ақпараттық жүйенің қызметкерлері мен техникалық құралдарын орналастыру
үшін жұмыс орындарын төле бөлмелерінде орналастыру рұқсат етілмейді. ДЭЕМ
бар бір жұмыс орнына бөлінген аудан мөлшері 6,0м2-ден, ал көлемі 20,0м3-ден
кем болмауы қажет.
Энергия жабдықтау желісі келесідей параметрлерге ие болу қажет:
кернеу – 220 В, жиілік – 50 Гц.
Ақпараттық жүйенің техникалық құралдарына қызмет көрсету үшін инженер-
электронщик керек. Оның білімі орташа мамандырылғаннан төмен болмауы тиіс
(мүмкіндігінше жоғары). Инженер-электронщик жоспар бойынша техникалық
құралдарға қызмет көрсету үшін айына 1 күн немесе Ақпараттық жүйе
қолданушыларының өтініші бойынша техникалық құралдар істен шыққан жағдайда
бөлу керек.
Жоғары білімі бар инженер-бағдарламалаушы Ипотекалық несиелендіру
ақпараттық жүйесінің бағдарламалық қамтамасыздандыруына қызмет көрсетуді
бағдарламалық құралдардың істен шығуы кезінде, бағдарламалық құралдарды
дұрыс қолданбаған жағдайда немесе жоспар бойынша бағдарламалық құралдардың
тестілеуін жүргізу үшін айына 1 күн жүргізу керек.
Ақпараттық жүйенің ремонтқа жарамдылығын қамтамасыздандыру үшін
техникалық құралдардың қосымша жабдықтарын сақтау қажет.
1.12. Рұқсатсыз қатынаудан ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар.
Ақпаратты қорғау мынадай болуы қажет:
- бағдарламалық (құжаттарды тек оқу үшін ғана ашу және т.с.с.);
- техникалық (электрондық кілттер);
- ұйымдастырушылық (парольдер, құлыптар, мекемелердегі сигнализациялар).
1.13. Ақпаратты сақтауға қойылатын талаптар.
Ақпаратты сақтау процесі келесідей жағдайларда қамтамасыз етілуі қажет:
- АЖО техникалық құралдарының істен шығуы;
- табиғи апаттар (өрт, су тасқыны, жарылыс, жер сілкінісі және т.б.);
- ақпарат тасымалдаушыларын, жүйенің басқа да құралдарын ұрлау;
- бағдарламалық құралдардағы қателер;
- қолданушылардың қате әрекеттері.
Ақпаратты сақтау үшін электр көзінің өшуі кезінде деректерді бұзылудан
қорғау үшін үзіліссіз электр көздерінің блоктарын қолдануды қарастыру
қажет, деректерді сенімді сақтау үшін бірнеше дисктерде деректер базасының
күнделікті резервті көшірілуін жүргізу қажет.
1.14. Сыртқы ықпалдардан қорғайтын қорғаныс құралдарына қойылатын
талаптар.
Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесінде радиоэлектрондық
қорғаныс құралдары болуы қажет. Жұмыс кезінде техникалық құралдармен
құрылатын, сондай-ақ қосу және сөндіру кезінде пайда болатын
радиокедергілер деңгейі радиожиілік бойынша Мемлекеттік комиссиясымен
мақұлданған мәннен аспауы тиіс. Сонымен қатар ақпараттық жүйенің сыртқы
ықпалдардан (найзағайдан, жарылыстан және т.б.) қорғайтын арнайы қорғаныс
құралдары қажет. Мекемені өндірістік бөгеттер мен электромагниттік
өрістерден экрандау құралдарын пайдалану керек.
1.15. Стандартизация мен унификация бойынша талаптар.
Ақпараттық жүйені функционалдау процесінде банкте қолданылатын
классификаторлары мен формалары бар құжаттар қолданылуы қажет. Сонымен
қатар, ақпараттық жүйе шеңберінде бағдарламалық және техникалық құралдарды
қолдану ыңғайлылығы есебімен аталған құралдарды қолдану қажет.
2. Қамтамасыздандыру түрлеріне қойылатын талаптар
2.1. Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талапатар.
- деректерді сақтау, өшіру, іздеу мүмкіндіктері, сонымен қатар деректер
базасына қатынауды шектеу;
- барлық функционалдық міндеттердің құрылымдық-бірыңғай ақпараттық
базасын ұйымдастыру (әдістемелік нұсқаулар, қосымша материалдар және
т.б.);
- деректерді оперативті өңдеу, жеке анықтамалықтарды беру, ақпараттық
базаны өзгерту, деректерді сенімді сақтау есебімен жүйенің тиімді
функционалдауын қамтамасыз ету;
- Классификаторлардың бар болуы.
2.2. Лингвистикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар.
- Бағдарламалау тілі – Borland Delphi 7;
- MS Access ДББЖ;
- Деректерді енгізу-шығару шрифті – кириллица;
Қолданушылық интерфейс келесідей талаптарға жауап беру қажет:
- ыңғайлы интерфейс айқын болуы керек және өзінің қолданушысына
қадағалау сезімін білдіру керек.
- ыңғайлы интерфейс қолданушыны жүйемен жасалатын ішкі өзара
әрекеттермен алаңдатпауы тиіс. Қолданушыға кез келген уақытта кез
келген әрекетті қайтару мүмкіндігін ұсына отырып, жұмыстың үздіксіз,
әрі ұқыпты сақталуын қамтамасыз ету;
- ыңғайлы қосымшалар неғұрлым көбірек жұмысты орындау қажет, бұл
жағдайда қолданушыдан неғұрлым аз ақпарат талап етуі тиіс.
2.3. Бағдарламалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар.
Сатып алынатын бағдарламалық құралдар:
- Windows 7 амалдық жүйесі;
- Дискілерді және тұтасымен амалдық жүйені тестілеу және оларға қызмет
көрсету құралдары (Windows 7 құрамына кіреді);
- Windows 7 басқаруымен ZIP немесе RAR архиваторлары;
- Microsoft Office қолданбалы бағдарламалар пакеті.
2.4. Техникалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар.
Келесідей техникалық құралдары пайдалануы қажет: дербес компьютер
(жүйелік блок, монитор, пернетақта, тінтуір). Сипаттамалары: процессордың
нұсқасы Pentium- III-800EB-ден төмен емес, 256 Мб жедел жады, 15 дюймдік
монитор, винчестер көлемі 80 Гб, дискілерге арналған диск жетектері.
LaserJet 1200 типті лазерлік принтерлер, Canon GP-160 көшірме аппараты.
2.5. Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар.
Ұйымдастырушылық құрылым келесідей талаптарға жауап беруі қажет: жеке
жауапкершілік пен дара басшылық принциптерін сақтау; еңбекті тиімді
үйлестіру; ақпараттық жүйенің сенімді функционалдауын қамтамасыз ету; нақты
ақпараттық байланыстар.

2. жобалық бөлім

2.1 Техникалық жоба

Есептің қойылымы несиелік амалдарды есепке алуда, жедел және
статистикалық есепке алудың жиынтығын құрайды. Басқару функциясының негізгі
керекті жұмысы есепке алу болып табылады. Есептің негізгі ерекшелігі
көрсеткіштердің үлкен массалық және біртекті кіріс болуы немесе нәтижелі
болуы. Нәтижелік көрсеткіш көп топтамалардың шығыс бастапқы дерек көздері
бойынша қиын есептеуді қажет етпей қалыптасады. Банк кез келген клиентпен
жұмыс істеу үшін онымен келісім-шарт жасайды. Негінде депозиттік амалдарда
банк клиентпен келісім-шартқа отырады, яғни негізгі құжат болып табылады.
Негізі есеп қойылымда депозитті салушы арнайы банкпен келісімге отырғаннан
соң құжаттар кіріс құжаты болып енгізілу барысында сақталу массивтерінің
қалыбы жасалады. Шешім нақты және шығыс құжатының бейнесін жасау керек.
Несиені рәсімдеу барысында клиент өтініш толтырады. Банк клиент өтем
қабілетін сараптап, шешім шығарады. Валюталық амалдар бөлімі керекті
құжаттарды клиенттен қабылдап алады. Несиелік амалдар кезінде тұлғаның мына
құжаттары қарастырылады: өтініш толтыру дұрыстығы, құжатты толтыру заңды
ісі қалыптастырылуы, құжатқа бас бухгалтер қолының және мөрдің болуы,
операция жасаушы шарт көшірмесін тіркеп алады.
Аталған операция нәтижесінде қазіргі аударым жүйесін қолдану барысында
ондағы клиент деректерінің дұрыс енуі сақталуы керек. Егер қате кеткен
болса арнайы тексеру өте қиынға түседі. Онда негізгі жасалған бағдарлама
көмегімен деректер базасындағы файл тексеріледі.
Есепте кіріс ақпараты төмендегі болып табылады:
– несие рәсімдеушінің өтініші;
– банк-несие рәсімдеуші жарғысы;
Кіріс ақпараты шартты-тұрақты және жедел-есептік болып табылады. Шартты-
тұрақты ақпарат банк туралы ақпараттарды иемденеді. Жедел-есептік ақпарат
деректері депозит рәсімдеушінің өтінішінен және банк – депозит рәсімдеуші
жарғысынан алады.
Ипотекалық несие модулі есебінде 2 машинограмма беріледі:
– Операцияны тіркеу журналы;
– Несиелік аударым;
Сақталатын ақпарат магниттік дискке жазылады.
Кіріс ақпаратының жазылуы
Операцияны тіркеу журналы машинограмма мазмұны кесте 1-де
көрсетілген.
Машинограмма мазмұны

Кесте 1
Операцияны тіркеу журналы
КлиКлиенттің Несие атауы Салым Валюта
ентаты-жөні мөлшері курсы
код
ы
1 2 3 4 5
1 Клиент коды ВО01 ККd 9(5)
2 Клиент аты-жөні ВО01 КА А(20)
3 Валюта курсы ВО02 VKurs 9(5)
4 Валюта түрі ВО02 VTur А(20)
5 Клиент CTН ВО01 KCTN 9(6), 9(2)
6 Есеп айырысу шоты ВО01 EASH 9(5), 9(2)
7 Несие көлемі ВО01 VNKol 9(5), 9(2)
8 Мөлшерлеме көлемі ВО02 VNAKol 9(6), 9(2)
9 Банк ВО02 B А(20)
10 Алғашқы өтемақы пайызы ВО01 AOPz 9(5), 9(2)
11 Алғашқы өтемақы суммасы ВО01 AOPSum 9(5), 9(2)
12 Жылдық қайтарылым ВО01 JKai 9(10)
13 Мерзімі ВО01 M 9(6)
14 Ай сайынғы төлемақы ВО01 AsTol 9(6), 9(2)
15 Айлық пайыздық қойылым ВО01 APzKm 9(6), 9(2)
16 Факт жүзіндегі жылдық пайыз ВО01 FjJPz 9(6), 9(2)
17 Факт жүзінде барлық пайыз ВО01 FjBpPz 9(5), 9(2)
18 Жіберуші ВО02 JB А(20)
19 Бенефициар коды ВО02 BenKd 9(6)
Кесте 3-тің жалғасы
20 Рәсімдеу күні ВО02 VKun 9(6)
21 Қабылдаушы ВО02 KSH А(20)
22 Құжат нөмірі ВО02 KNom 9(6)

Шығыс ақпаратының сипаттамасы
Банктерде ақпараттық қамтамасыздандыруда шығыс ақпараттары тез және
сенімді түрде жетуі үшін шығыс ақпараты қазіргі заман талабына сай
толтырылған, реттелген және қолданушы үшін тиімді болуы шарт.
Шығыс ақпараты керекті бөлшектермен қамтылып, белгілі адрестелуі шарт.
Оның барлығы банктегі автоматтандырылған басқару жүйесімен реттелуі керек
және ақпарат сұрыпталуы қажет.
Шығыс ақпараты сақталып отырады және басқа ортағы жіберілуіне қарай
өздерінің ішкі функцияларын еш өзгертусіз сақтап отырады. Алғашқы
ақпараттың мәлімдемелеріне қарап, олар шығыс ақпаратының негізгі көзі деп
санауға болады. Алғашқы құжаттар ДЭЕМ пернетақта көмегімен енгізіледі
(Несие рәсімдеушінің өтініші, банк-депозит рәсімдеушінің жарғысы).

Кесте 4
Шығыс мәліметтерінің жазылуы мен тізімі
№ Атауы Идентификаторы Таныстыру Түсу жиілігі
қалыбы
1 2 3 4 5
1 Клиентке несиені KVNS құжат күн сайын
рәсімделуіне шешім
2 Клиенттік несие KVA құжат күн сайын
аударымы

Кесте 5
Шығыс мәліметтерінің реквезиттер тізімі және жазылуы
№ Реквизит аты Кіріс мәліметінің Шартты Реквизит
идентификаторы белгілері ұзындығы
1 2 3 4 5
1 Клиент коды ВО01 ККd 9(5)
2 Клиент аты ВО01 КА А(20)
3 Валюта курсы ВО02 VKurs 9(5)
4 Валюта түрі ВО02 VTur А(20)
5 Есеп айырысу шоты ВО01 EASH 9(5), 9(2)
6 Несие көлемі ВО01 VNKol 9(5), 9(2)
7 Мөлшерлеме көлемі ВО02 VNAKol 9(6), 9(2)
8 Ай сайынғы төлемақы ВО01 AsTol 9(6), 9(2)
9 ИИК ВО02 IIK 9(5)
10 ТСН ВО02 TCN 9(5)
11 Жіберуші ВО02 JB А(20)
12 Бенефициар коды ВО02 BenKd 9(6)
13 Валюталау күні ВО02 VKun 9(6)
Кесте 5-тің жалғасы
14 Қабылдаушы ВО02 KSH А(20)
15 Құжат номері ВО02 KNom 9(6)
16 Қор атауы ВО01 КAT А(20)
17 Банк ВО01 B А(20)
18 Мерзімі ВО01 M Х(20)

Ипотекалық несие модулі есебінде сақталатын ақпараттың кіріс
мәліметінен 2 массив қалыптасады:
– VNA – несие рәсімдеуші туралы массив;
– VA – несие аударым туралы массив.

Кесте 6
VNA массивінің сақталатын ақпараттың сипаттамасы мен реквизит
№ Реквизит аты Шартты Реквизит Ақпарат Ақпарат көзінің
белгі ұзындығы көзі идентификаторы
1 2 3 4 5 6
1 Клиент коды ККKP 9(5) MD VNA
2 Несие көлемі VNKol 9(5), 9(2) MD VNA
3 Факт жүзінде FjJPz 9(6), 9(2) MD VNA
барлық пайыз
4 Есеп айырысу шоты EASH 9(5), 9(2) MD VNA

Кесте 7
VA массивінің сақталатын ақпараты сипаттамасы мен реквизиттер
№ Реквизит аты Шартты Реквизит Ақпарат Ақпарат көзінің
белгі ұзындығы көзі идентификаторы
1 2 3 4 5 6
1 Құжат номері NT A(20) MD VA
2 Жіберуші JB JB MD VA
3 Бенефициар коды BenKd 9(6) MD VA
4 Валюта күні Sena 9(6),9(2) MD VA
5 Несие көлемі VNAKol 9(6),9(2) MD VA
6 Несие рәсімдеуші KSH А(20) MD VA

Нормативтік-анықтамалық ақпаратының сипаттамсы
Нормативтік-анықтамалық ақпараты ретінде (НАА) есеп қойылымын шешу үшін
мына анықтама қолданылады:
– клиенттер анықтамасы;
– клиенттік аударым анықтамасы.

Кесте 8
Клиент анықтамасының реквезиттер тізімі
Р\қ Массив атауы Массив мәні
1 2 3
1 Клиент анықтамасы KLA
Р\қ Реквизит атауы Жазылуы Ұзындығы
1 2 3 4
1 Клиент аты КА А(20)
2 Мекен-жайы MJ X(20)
3 ИНК IIK 9(5)
4 Есеп-айырысу шоты EASH 9(5), 9(2)

Кесте 9
Клиенттік аударым анықтамасы реквезиттер тізімі
Р\қ Массив атауы Массив мәні
1 2 3
1 Клиенттік аударым анықтамасы KAA
Р\қ Реквизит атауы Жазылуы Ұзындығы
1 2 3 4
1 Клиент аты-жөні КА А(20)
2 Несие аударымының көлемі VNAKol 9(6), 9(2)
3 Есеп айырысу шоты EASH 9(5), 9(2)
4 Қабылдаушы KSH А(20)

Кесте 10
Қолданылған кодтар тізімі
№ Номеклатура Жүйе Код Код құрылымы
есебінің атауы ұзынды-ғы
Классифика-циясыКодталуы
1 2 3 4 5 6
1 Клиент коды Иерархиялық Реттік 5 Клиент шотына
байланысты
2 Бенефициар Иерархиялық Реттік 5 Банк бекіткен
коды
3 Банк коды Фасеттік Позициялық 5 Халықара-лық
келісім

Деректерді сызбада көрсету кезінде сурет 2-де кескінделіп тұрғандай оны
үш негізгі блоктарға бөлеміз.
Бірінші деректер блогы тұрақты ақпаратты көрсетеді. Бұл жүйеде екі
негізгі және екі көмекші анықтамалар бейнеленген. Клиент және аударым жасау
анықтамалары – негізгі болып табылады олар кіріс және шығыс құжаттарына
негіз болады. Көмекші анықтамалар негізгі анықтамаларға негізгі дерек
көздері болып табылады.

Сурет 2. – Деректердің сызба блогы

Кіріс ақпаратының сипаттамасы
Кіріс ақпараты есепті шешу үшін керекті болып табылатын негізгі ақпарат
көзі болып табылады. Олар түрлі тасымал көздерінде болуы мүмкін: алғашқы
құжатта, машиналық тасығышта, сондай-ақ дербес компьютер жадында болады.
Кіріс ақпараттары ақпараттардың тіркелуіне, жиналуына әсер етеді. Олардың
құрылымы клиенттермен байланыс жеделділігіне немесе басқару әсеріне
байланысты. Кіріс ақпараты дипломдық жұмыста автоматтандырылған жобада
төмендегідей суреттеледі:
Операцияларды тіркеу немесе келісім-шарт қолмен іске асырылуы мүмкін.
Бұл құжат операцияның ары іске асырылуына әсер етеді және банктік
аударылымдарда базаны тексеру үшін керекті болып табылады. Операцияны
қалыптастыру үшін клиент туралы барлық деректер қалыптасу керек болып
отырады. Негізгі анықтама функциялары төмендегі болып табылады:
1) деректерді енгізу кезінде белгілерді тексеруді қамтамасыз ету;
2) белгілерді енгізу дисплей экранға енгізу кезінде оларды декодтау;
3) белгілердің мәндерін анықтаумен байланысты ақпараттардың
тұрақтылығы;
4) есеп кешенін шешу кезінде түсініктемелік мәтіннің қалыптасуы.
Нәтижелік ақпараттың сипаттамасы
Кіріс ақпаратының нәтижесінде алынған клиенттік депозиттік рәсімделуі
кезінде банкпен жасалған келісім-шарт жасалуы ақша аударымына әсер етеді.
Бұл құжат клиентке депозитті рәсімдеу шешімі, депозиттік амалды тіркеу
журналы, клиенттік аударым ақпараттарын талдау кезінде болады. Бұл құжаттар
банкте қалады және базаға тіркеліп, мұрағатқа өткізіледі.
Аралық ақпараттың сипаттамасы
Аралық ақпарат кейбір шешімі негізінде ДЭЕМ-де қалыптасады.
Ақпараттарды амалдық журналға тіркеп отыру керек. Аударым жасау кезіндегі
клиенттік ақпараттар өздерінің негізгі формасын сақтап қалады. Олардағы
аударымдық деректер аударым жасау кезінде жеке қалыптасып отырады. Банк
өзара қатынастарының жөндеу процесі клиентпен инкассациялауы қызметтерінің
көрсетуімен келесі процедуралар үміттенеді:
1) Әңгімелесу потенциялы клиентпен. Бірақ оларға оның есепке алуы
қызмет тілектерді, шарттарда жабылады. Ұтыс тігулер және тарифтар
ерекше болады;
2) Дайындауы және келісу. Келісім-шарт.
3) Нәтижесі.
4) Өңдеу және инкассациялау қызмет графикасы клиент тілектерімен
болады.
5) Қамтамасыздандыру заттық клиент несиесі.
6) Өткізулері. Клиентке ақшалар.
7) Қабылдау. Кассаға пломбаланған клиентпен.
8) Ақшалар.
9) Тапсыруы үшін шоттар. Ақшалы құралдар.
10) Жиыншылардың жеткізу шоттары.
11) Есеп-қисаптар.
12) Салыстырып тексеру. Кіріс құжаттар.
13) Дайындау. Клиент шотындағы ақшалар.
14) Қатарға енгізу. Комиссия.
15) Көшіріп жазып алуы клиент банк табысына инкассациялау қызметіне
арналған.
Төлеу жүйесі туралы да кіріс құжаттарына кірістіріледі. Хабар
бірлігімен хабарлау келеді. Есепті шешу барысында депозиттердің жүру
шартары мен олардың банк аумағында базада сақталу процестері айтылып кетті.
Деректердің негізгі алатын орны мен олардың нақты деректер сипаты
келтірілді. Банктік аумақта құжат айналым реті күрделі болып табылады.
Ондағы негізгі реквизиттердің мәні ауыспалы келеді және оларды сақтау
барысында нақты дәлділік қажет болып табылады.

2.2 Ақпараттық қамтамасыздандыру

Ипотекалық несие модулі ДБ архивін жүргізу есебін шешу барысында
сақталатын ақпараттың үлкен мөлшерін қалыптастырады, ол оның қатал
ұйымдастырылуы мен қорғалуын талап етеді. Сақталатын ақпарат мөлшері
деректер базасына қалыптастырылады.
Экономикалық жағынан берілген бағдарламалық өнімнің құрылу мәні
деректерді бақылау бойынша жұмыстарды өндіруге кеткен шығындарды
төмендетуде және автоматтандыру жолымен деректер базасын құру мен қол
еңбегінен деректерді өңдеудің автоматтандырылған әдісінде және алынған
деректер базасы негізінде есептердің құрылуында жатыр.
Деректер базасының жұмыс істеуі, анықтамалар мен есептердің берілу
мерзімі жұмыс уақытына байланысты болып келеді. Құрылатын болашақ АЖ
деректер базасын құру және кіріс пен шығыс ақпаратын өңдеуге негізделеді,
ол банк жұмысын ұйымдастырудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кредиттік комитетінің қарауына құжаттар даярлау
Коммерциялық банктерде қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін талдау тәжірбиесі («Қазақстан халық банкі» ақ-ның мәліметтеріне сүйене отырып)
Банк пайдасы мен табыстылығы
Бөлшек сауданы кредиттеу
Ауыл шаруашылық өндірісін несиелендіру жүйенсін талдау. Қазақстан Республикасының аграрлық секторында несиелендірудің болашақтағы дамуы және жетілдіру жолдары
Ипотекалық несиелендірудің нарықта алатын орны, халықты тұрғын үймен қаматамасыз етудегі негізгі құралы ретінде қолданылуы және қазіргі таңдағы еліміздегі ипотекалық несиелендірудің жүзеге асу тәртібі, басты мәселелері мен оларды шешу жолдары
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
АҚШ-тың мемлекеттік каржысын ұйымдастыруын, қаржы несиелік жүйесін талдау
Маркетингтік қызметті басқару негіздері
Несиелік бюро ұйымының банк секторына әкелетін тиімділіктері мен артықшылықтарын зерттеу
Пәндер