Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Мазмұны
Кіріспе 8
1 Банктің пайда болу тарихы мен қалыптасу кезеңдері 10
1.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен
бүгінгі күнгі жағдайы 10
1.2 Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті реттейтін нормативтік
құқықтық актілердің қалыптасу кезеңдері және ерекшеліктері 17
1.3 Қазақстан Республикасының банкілік заңдарының нарық 40
жағдайындағы құқық жүйесіндегі орны 40
2 Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметтерді реттейтін нормативтік-
құқықтық актілер жүйесі 47
2.1. Қазақстан Республикасының банкілік қызметті реттейтін заңдары банкілік
қызметтің құқықтық негізі ретінде 47
2.2 Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігінің нормативтік -
құқықтық актілеріне сипаттама 51
3 Қазақстан Республикасының банкілік қызметті дамыту мәселелері 56
3.1 Банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: казіргі заманғы үрдістері,
тәсілдері және құқықтық негіздері 64
Қорытынды 67
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 69
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарының басымдылығына, жеке меншікті алғандағы
меншіктің барлық нысандарының теңдігіне, кәсіпкерліктің еркіндігіне
негізделген құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның негізін қалауға
бағытталған экономикалық реформалар қарқынды жүзеге асырылып жүргізілуде.
Қазіргі нарықтық типтегі жүйе ретіндегі Қазақстандық несие-банктік
жүйесі бірізділікпен қалыптасу кезеңінде: егер сандық көрсеткіштерді
ескерсек, бұл кезең айтарлықтай жылдам жүріп жатыр (қазіргі уақытта
Қазақстанда екінші деңгейдегі 34 банк жұмыс істеп жатыр) ал сапалық жағынан
бұлардың дамуы өте қарқынды жүруде. Үстіміздегі жылдың 1 наурызында банк
секторының жиынтық есептік меншіктік капиталы 655,4 млрд теңгені құрады.
Бір айдағы өсім 13 млрд. теңге немесе 2 пайыз. Банктердің жиынтық активтері
ақпан айында 143.6 млрд. (3.2 пайыз), теңгеге ұлғайып, 4 655.5 млрд.
теңгеге жетті. Банктердің несие қоржыны (банк аралық қарыз алуларды
есептегенде) бір айда 63.6 млрд. теңгеге өсіп, 3 161 млрд. теңгені құрады.
Әсіресе, бұл жағдайды біздің қаржылық нарық пен банктік инфрақұрылымымыздың
күйінен байқауға болады. Бұл тек өсудің қиыншылықтары емес. Несие-банктік
жүйені қалыптастырудың қарқынды басқарылып отырған үрдісі жүріп жатыр, ал
бұл өз кезегінде, қазақстандық экономиканың дамуына елеулі өз үлесін
қосуда.
Жұмыстың пәні. Қазақстанның банк қызметінің, жеке банк қызметінің
дамуы барысында туындаған проблемалар бірқатар себептермен қамтылған, оның
ішінде елдегі саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құрулардың қарама-
қайшы үрдісі, отандық банк жүйесі мен оның құқықтық қамтамасыз етілуінің
жеткілікті негізделген, қисынды тексерілген, жалпымен танылған
тұжырымдамасының жасалынуы, білікті банк кадрларының қалыптасуы және әрине,
нарықтық экономикаға бара-бар несиелік-банктік жүйені құрудың және құқықтық
реттеудің осы заманғы отандық тәжірибесінің қалыптасуы бар. Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың желтоқсан
айындағы Стратегия Қазақстан-2050 деп аталатын кезекті Қазақстан
халқына жолдауында, еліміздің экономикасын арттыру мәселелерінің бірі
ретінде несие және банктік жүйені одан әрі дамытуға қажетті бағдарламаларды
жүзеге асыру керектігін атап көрсетті[1].
Аталмыш жағдай сонымен қатар, қазақстандық банк жүйесі мен банкілік
заңнаманың қалыптасу үрдісіне - оның онсыз да тарихи тұрғыдан алғанда қысқа
мерзімдерде қалыптасып жатқанына қарамастан, үнемі өзгеретін, нарық
талабына сәйкестендіріп отыру қажеттілігімен күрделеніп отыр десек те, бұл
ұстаным - басым қажеттілік, өйткені басқа да төте жолдармен елді
дағдарыстан шығару мүмкін емес.
Батыс елдердегі банк жүйелері мен оларды құқықтық реттеу негіздері
ғасырлар бойы қалыптасса, Қазақстанда және Ресейде бұл үрдіс тым жылдам,
біздің көзімізше жүріп жатыр. Алайда, банк ісінің дәстүрлері жоғалған,
өзіндік тәжірибеге ұмытылған, ал еліміз үшін бүгінгі таңда қандай банктік
жүйе және қандай банк заңнамасы қажет екендігін ортақ (бірдей) түсіну жоқ
болған жағдайда, қарқынды үдеп өсіп жатқан инновациялар ағымын басқару аса
қиынға соғады. Нәтижесінде банк жүйесінің құрылымы да, банк қызметін
реттейтін заңнама да қоғамның талаптарына қалыптасып үлгермей-ақ, ескіріп
кетеді және өз кезегінде зерттеліп жан-жақты даярланған экономикалық
реформа барысын тежей түседі.
Әрине басқа елдердің тіпті ең мықты, тиімді, оң сипатты және
ғасырлармен тексеруден өткен банктік тәжірибесінің өзі ұлттық-мемлекеттік
ерекшеліктерді жан- жақты ескермей, жай ғана көшіре салудың еш пайдасы жоқ
екенін ұмытпағанымыз жөн, өйткені еліміздің КСРО құрамындағы жетпіс жылдық
өмірі елдегі экономикалық, әлеуметтік-саяси және әлеуметтік- психологиялық
қатынастардың қалыптасуына әкеліп соқтырды(бұл қатынастар батыста
қалыптасқан қатынастардан айтарлықтай ерекшеленеді).
Тақырыптың маңыздылығы. Қазіргі кезеңдегі қалыптасқан жағдайда
нарықтық типтегі банк жүйелері мен банк қызметінің түпкі сипаттамасын
анықтау.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің
тәжирбесін талдау, екінші жағынан, - осы тәжірибені ескере отырып, отандық
банк қызметінің дамуы және оның құқықтық негіздерін құру қағидаларын жасау
және оны жетілдіру.
Дипломдық жұмыстың көлемі кіріспеден, үш тарау және сәйкес
тараушалардан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралады.
1 Банктің пайда болу тарихы мен қалыптасу кезеңдері

бүгінгі күнгі жағдайы
Нарықтық экономика жағдайында өмір сүргенімізге жиырма жылдан асты. Ал
осы уақыт ішінде ел экономикасының құлдырағанында, ақшаның құнсызданып, төл
валютамыз – теңгенің айналымға түсіп, әлемдік қауымдастықта жаңа
мемлекеттің даму жолына түскеніне куәміз.
Нарыктық даму жағдайындағы қоғамдық өмірдегі әр алуан әлеуметтік-
экономикалық мүдделерінің түйісетін жері - банктер жұмыс істейтін банк
жуйесінің ауқымы болғандықтан, сондай-ақ осы жүйе аркылы мемлекеттің
қаржы, ақша-несие, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында
түрлі банктік операциялар жүргізілетіңдіктен, банктер мен олардың қызмет
аялары банктік құқық құзыретімен қамтылатыны бүгінде көпшілікке мәлім.
Осы орайда банктік құқықтың мән-жайын және қажеттілігін негіздеу үшін
банк сөзінің, банктік қызметтің мағынасына қысқаша аныктама беріп, әрі
ашып көрсету дұрыс деп санаймыз. Банктердің алғашқы қалыптасып, олардың
даму кезендері, олардың банктік істері мен қызметі коммерциялық бағдарлы
сипатымен сан ғасырларда тарихтан белгілі.
Ен алғашқы банктер ретіңде тауарлар мен ақша каражаттарын сақтауға
қолайлы қауіпсіз жерлер - храмдар болып есептелген. Осындай операциялар
біздің дәуірімізге дейінгі XXVIII — XXVII ғғ. Мысырда (Египетте) жүзеге
асырылған. Ал көне Вавилон мен Ассирия археологиялық қазбалары кезінде
табылған көптеген қыш тақтайшалар (құжаттар) храмдарда каражат сақтау
нысандары мен қарыз беру операциялары заңмен реттеліп отырғанын, сондай-ақ
ақша каражаттарын сақтағаны үшін заң жүзінде ақы алу көзделгенін
дәлелдейді[10].
Дегенімен аталған банктік операциялар толық мәніңде банктік қызмет
болып табылмаған. Себебі толыққанды банктік істі дамыту негізін банктердің
сақтау функциясына қоса жүргізілген несиелік операциялар қалаған. Ал көне
банктік іс саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырушылар ретіңде
айырбасшылар мен өсімқорлар ғана көрініс тапкан. Банк сөзі итальян
тілінде ваnсо — ақшалы стол, айырбас жүргізілетің орын (дық) деген
мағынада түсіндірілген. Сонымен коммерциялық ұйымдар ретіңде туындап,
дамыған банктер әр даму кезеңінде банко, трапезид, аргираймос, довейстаи,
аргентарий, менсарии, трансферит, кумулярии деп аталған. Ең бірінші банк
Банка ди Сан Джорджо Италияның Генуя қаласында 1407 жылы мамандандырылған
несиелік-есеп айырысу институты ретіңде құрылған.
Дүние жүзіндегі елдердің банктері кезінде Ганзейлік банктер, көнеппен
сауда жасайтын Британ банкі, теңіз саудасына арналған Пруссия банкі, Париж
есепке алу кассасы, Ломбардтар, жиробанктер, Ресей монета канцеляриясы
деген және т.б. аттарымен белгілі болған. Бүгінде Ресей Федерациясының
Орталық Банкі, Францияның мемлекеттік банкі, Австрияның Ұлттық Банкі,
Бельгияның ұлттық банкі, Италияныя ұлттық банкі, АҚШ орталық банкі -
Федералдық резервтік жүйе, Ағылшын Банкі және т.б. елдердің ұлттық немесе
орталық банктері жұмыс істейді[9].
Казіргі уакытта банктер меншік нысандарына карай төмендегіше
бөлінеді: мемлекеттік банк; жеке меншік банк; акционерлік банк;
кооперативтік банк; муниципалдық банк; аралас банк; халықаралық банк болып
бөлінеді. Осы банктер өз өкілеттігі мен қызмет аяларына орай депозиттік
банк, инновациялық банк, коммерциялық банк, жер банкі, ипотекалық банк,
жинақтау банкі, консорциалдық банк, даму банкі, әмбебап банк, трансұлттық
банктер, тұтыну несиелік банкі, мемлекетаралық банк және т.б. банктер
түрінде сипат алады.
Банктер алғашкы кездерде негізінен ақшалай операцияларды, сондай-ақ
сақтау, есепке алу, есеп айырысу және айырбас операцияларын жүзеге асырған.
Кейіннен олар әрбір тарихи кезендерде заем операцияларын, салым
операцияларын, ақшалай есеп айырысу және төлем операцияларын, ақша
белгілерін эмиссиялауды жургізген.
Бүгіңде банктер эмиссиялық, депозиттік, несиелік, төлемдік, кассалық,
лизингтік, трасттық, факторингтік, валюталық және т.б. операцияларды тиісті
заңнама мен лицензиялар негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар ретіндегі
коммерциялық ұйымдар болып табылады.
Банктер негізгі аспектілеріне орай ақша сақтайтын орын; несиелік
мекеме, ұйым; коммерциялық ұйым; экономикалық басқару органы; дилерлік-
делдалдық ұйым; биржалық агент; несиелік кәсіпорын; заңды тұлға; тек
банктік қызметті (операциялар мен мәмілелерді) жүзеге асыратын несиелік
ұйым; мекеме деп және т.б. сипатта аталуы мүмкін[5].
1987—1988 жылдары реформалауға ұшыраған банктер, егемен Қазақстанда
1991 жылы жаңадан құрылып, қалыптаскан болатын. Осы кезден бастап Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі (бұрынғы Мемлекеттік банк), акционерлік-
коммерциялық банк Тұран банкі (бұрынғы Өнеркәсіпкұрылыс банкі),
акционерлік-коммерциялық банк Агроөнеркәсіп банкі (бұрынғы Агроөнеркәсіп
банкі), акционерлік-коммерциялық банк Әлем банк (бұрынғы Сыртқы сауда
банкі), акционерлік-коммерциялық банк Жинақ банкі (бұрынғы Жинақ банкі,
кейіннен Халықтық банк деп аталды) жұмыс істей бастады.
1993 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы және
Қазақстан Республикасындағы банкілер туралы Қазақстан Республикасы
заңдарының қабылдануына сәйкес, барлық акционерлік-коммерциялық банктер
акционерлік банктер ретіңде қайтадан құрылды. Қазақстан Республикасы
Президентінің 1994 жылғы 16-шілденің және 6-қыркүйектегі Жарлығына орай,
Мемлекеттік экспорттық-импорттық банк, Мемлекеттік Даму банкі
құрылды[13].
Бүгінде мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар банктік
қызмет аясынада айтарлықтай ықпалын тигізуде. Осы орайда банктік қызметтің
мақсатты бағыт-бағдарларының жаңаша нарықтық сипат алуы еліміздегі
әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалуда.
Казіргі уақытта банктік қызмет, қоғам мүддесі мен мемлекет
қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін,
қаржы жүйесін және қаржыт нарығын нарықтық жағдайларға сай келтіруге,
несиелік жүйені және инвестициялық белсенділікті дамытуға, әлеуметтік-
экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз етуге ат салысатын, тиісті
заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік-құкықтық актілерге сәйкес жүзеге
асырылатын экономикалық сипатты мемлекеттік Қызмет, сондай-ақ жекеше,
корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделерді қамтамасыз етуге
бағытталған, лицензияланатын банктік операциялар мен мәмілелер ретіңде
көрініс тауып отыр.
Бүгінде қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделерін
қамтамасыз етуді көздей отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму
банкі, Қазақстан Республикасының тұрғынүй құрылысы жинақ банкі жұмыс
істеуде. Мысалы, Қазақстан Ұлттық Банкі ақша айналысы, валюталық реттеу,
несиелендіру және есеп айырысу саласындағы мемлекеттің бірынғай саясатын
жүргізе отырып, сондай-ақ республикалық бюджет мүдделерін және өз шығының
ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі банктік
операцияларды жүзеге асырады.
Коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналымды және қолма-қол ақша
айналымын ұйымдастыру; несиелендіруге қажетті қаражаттарды тарту-жұмылдыру;
негізгі кұралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру; тұрғылықты
халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру, бағалы кағаздар,
вексельдер және чектер шығару, уәкілетті банктер ретіңде түрлі валюталық
операциялар жүргізу сияқты және т.б. қызметтерін тиісті заңнамалық актілер,
заңға тәуелді нормативтік-құкықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге
асырады.
Банктер өз қызметтері (операциялары) барысында барынша пайда табуға
жұимыстарды жүргізеді. Банктік қызметтің затына ақшалар, валюталық
кұндылықтар және өзге де қаржылық инструменттер жатады.
Банктік операциялар мен мәмілелерді тиісті заңнамалық актілер
негізінде және осы заңнамаларға сәйкес берілген лицензияға сай жүргізетін
коммерциялық ұйым, заң жүзінде өкілеттігі белгілеңген заңды тұлға — банк
түрлі банктік құқықтық қатынастардың тұрақты субъектісі болып табылады.
Банктік қызметтің қоғамдық және мемлекеттік маңызы мен мәні
конституциялық, қаржылық, әкімшілік, салықтық және банктік құқық арқылы
көрініс табады. Әкімшілік - рұксат беру жүйесінің қуатты кұралы -
лицензиялау банктік қызметтің мызғымас әрі маңызды белгісі ретіңде
танылады.
Банктік қызмет (операциялар) Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстан
Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау
женіңдегі Агенттігі кұзыретінің ауқымында және коммерциялық банктердің
өкілеттігі шегінде жүзеге асырылады.
Сонымен, банктік қызмет еліміздің экономикасының банктік секторындағы
барлық банктердің қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым және жекеше-
корпоративтік, экономикалық-қаржылық мүдделер мен қажеттіліктерді
қамтамасыз етуге бағытталған, банк жүйесін, мемлекеттік және мемлекеттік
емес банктердің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға
(тиімді пайдалануға) бағдарланған, тиісті заңнамалық актіде көзделген
операциялар мен мәмілелерді заңдық немесе лицензиялық негізде жүйелі әрі
тұрақты жүзеге асыруға байланысты, несиелік-қаржылық мазмұнды экономикалық
қызметтер болып табылады.
Банктік қызметтің және банк жүйесінің айтарлықтай ерекшеленуі және
жанаша дамуы, ұлттық қаржы нарығының оның ішінде ақша, алтын және валюта
нарықтарының халықаралық стандарттарға сай кұрылуы, коммерциялық банктердің
операциялық қызметтері ауқымының ұлғаюы, қоғамдық банктік катынастардағы
мемлекет пен жекеменшік-корпоративтік ая субъектілері мүдделерін қамтамасыз
ету мәселелері сондай-ақ т.б. экономикалық-басқарушы мән-жайлар банктік
құқықтың дербес кұқық саласы ретіңде жаңадан қалыптасуын негіздеді.
Демек, банктік қызметті реттеу, дербес құқық саласы ретіңде жанадан
құрылуы, банк жүйесінің ел экономикасындағы рөлі мен маңызына, қоғам мен
мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделеріне, мемлекеттің қаржы, ақша-
несие(оның ішінде валюталық) саясаты ұстанымдарына, нақтылы айқындалған
құқықтық реттеуге, айрықша құқықтық реттеу әдісіне, тиісті заңнамалық
актілерде бекітілген ереже-қағидаларына, арнайы заңнамалық және заңға
тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілерден тұратын қайнар көздеріне
байланысты ұтымды көрініс тауып отыр.
Банктік қызметті құқықтық реттеу, мемлекеттің экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салысады және нарықтық үлгідегі банк
жүйесінің құқықтық негізін қалыптастырады.
Банктік-құқықтық реттеу ауқымындағы банктік қызмет барынша пайда
табуға бағытталған, тиісті заңнамалық акті немесе лицензия негізінде,
жүйелі сипатта банктер жүзеге асыратын операциялар мен мәмілелер болып
табылады[2].
Банк жүйесінде, банктік қызмет (операциялар) барысында туындайтын
қоғамдық банктік қатынастар банктік, қаржылық, әкімшілік, азаматтық,
валюталық, кедендік және т.б. қатынастар сипатында көрініс табады. Осы
орайда банктік құқық императивтік және диспозитивтік құқықтық реттеу
әдістерін, сондай-ақ осындай әдістерді тиісінше ұштастыру арқылы кешенді
құқықтық реттеу әдісін пайдаланады.
Банктік қызметін кешенді құқықтық реттеу әдісі, банк жүйесінің жұмыс
істеуі және банктік операциялардың жүзеге асырылуы барысында туындайтын
аралас қоғамдық банктік (қаржылық, әкімшілік, азаматтық, валюталық, және
т.б.) қатынастарды реттейді.
Кешенді құқық саласы ретіндегі банктік қызметті құқықтық реттеу
біртұтас құқықтық кұрылым болып табылады.
Демек, банктік заңдары Қазақстан Республикасы экономикасының банктік
секторындағы Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және
коммерциялық банктер тарапынан қоғам мен мемлекеттің, жеке меншік-
корпоративтік шаруашылық субъектілерінің несиелік, ақшалай, инвестиииялық-
қаржылық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, экономикалық-жанама және
әкімшілік-тікелей мемлекеттік басқару (реттеу) ауқымында, ұйымдастырушы-
нәтижелеуші сипатта тоқтаусыз, ұдайы әрі үзбей жүзеге асырылатын банктік
операциялар (мен өзге де банктік іс-әрекеттер) барысында туындайтын
қоғамдық банктік қатынастарды халықаралық банктік құқық қағидалары мен
ережелерін есепке ала отырып реттейтін кешенді құрылым болып табылады.
Бұл сондай ақ, Қазақстанда жаңа мемлекетті құру, экономиканы
тұрақтандыру және нарықтық экономикаға деген бейімділікті қалыптастыру
кезеңі де болып табылады. Соңғы төрт жыл бойы экономиканың жылына орта
есеппен 10,3 % тұрақты дамуы жалпы ішкі өнімді 49% өсіріп отыр, бұл ТМД
мемлекеттерінің ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады (Ресейде- 28%,
Украинада-29%, Молдавада-24%, Қырғызстанда-16%). Жалпы ішкі өнім жан басына
шаққанда, 2008жылғы 1660 доллардан 2009 жылы 2600 долларға дейін өсті.
Қазақстанның алтын валюта қоры 69,3% немесе 16,5 млрд. долларға дейін
көбейген, оның ішінде Ұлттық банктің халықаралық резервтері 7,9 млрд
долларды, ал Ұлттық қордың ақшасы 9,6 млрд долларды құрайды. Осындай
орнықты дамуды мемлекеттік саяси тұрақтылықты, экономикалық, әлеуметтік
бағдарламалардың дұрыс талдап- жасалуы қамтамасыз етуде[2].
Банк жүйесі экономиканың бірден бір негізгі құрамдас бөлігі болып
табылады. Банк - мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында, валюта нарығында,
депозит нарығында күшті позициялар иеленеді. Банк жекешелендіру саласында
белсенді жұмыстар істеуде. Қазіргі таңда елімізде 34 екінші денгейдегі
банктер бар. Мұны 1-кестеден байқауға болады. Банктің құрылтайшылары болып
оның акционерлері табылады. Ол ашық түрдегі акционерлік қоғам болып
құрылғаннан кейін, қосымша жеңілдіктер иелене алмайды және басқа
акционерлермен салыстырғанда қосымша міндеттер жүктемейді.
Кесте-1 ҚР екінші деңгейдегі банктердің сандық құрылымы. 2004-2005 жыл
Екінші деңгейдегі банктердің 34
барлығы.
Соның ішіндегі
Мемлекеттік 3
Мемлекетаралық 1
Шетел капиталының қатысуымен 14 14
Еншілес банктер -
Жоғарыдағы кестеден байқағанымыз, яғни Қазақстан Республикасында
екінші деңгейлі банктердің барлығы 34 банк, оның ішіндегі 3-мемлекеттік, 14-
шетел капиталының қатысуымен жүзеге асырылады.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін- өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ұлттық банк - бұл
ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алатын валюта
резервтерінен, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие
болып табылатын заңды тұлға. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айрысуды
Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырады. Екінші деңгейлі банктердің
капиталының құрылымын 2- кестеден байқауға болады.
Кесте-2
Екінші деңгейлі банктердің капиталы
01.01.2010 01.01.2011 01.01.2012
Банк аттары
Мың$ ПозицияМың$ ПозицияМың$ Позиция
% % %
1 2 3 4 5 6 7
Казкоммерц 175,273 19,7 196,865 19,0 267,660 21,5
банк
Халық банк 101,304 11,4 135,743 13,1 152,936 12,3
Тұран Алем банк 159,247 17,9 197,957 19,1 215,780 17,4
ABN AMRO 23,501 3,8 25,963 3,2 27,025 3,0
Центр кредит 19748 3,4 27,741 3,8 28,454 4,5
Еуразиялық банк 17,375 3,1 20,158 2,7 22,546 2,6
АТФБ 18,166 4,3 20,288 3,9 25,449 4,2
Темір банк 13,078 2,6 18,328 2,5 22,911 2,6
Каspi банк 12,513 1,4 22,927 2,2 27,302 2,2
Наурыз банк 11,227 2,4 15,440 2,0 20,446 1,6
Үлкен банктер 598,257 78,4 823,518 79,5 869,849 80,2
барлығы
Басқада банктер 192,738 21,6 212,428 20,5 245,812 19,8
Банк 790,514 100,0 1,036,060 100,0 1,115,661 100,0
жүйесінедегі
барлығы
Жоғарыдағы кестеден байқайтынымыз, екінші деңгейлі банктердің үш жыл
ішіндегі капиталын салыстырып қарайтын болсақ, 2010 жылы банк жүйесінде
790.541 мың АҚШ долларын құрайтын болса, 2011 жылы 1.036.060 мың АҚШ
долларын құрайды, ал 2012 жылы 1.115.661 мың АҚШ долларын құрап тұр, ал осы
үш жылдың позициясы 100 пайызды құрап тұр. Өткен жылы банктердің жиынтық
меншікті капиталы 38,6 пайызға ұлғайып 1,5 млрд долларға, ал жиынтық
активтері 39,3 пайызға көбейіп 11,2 млрд долларға дейін өсті. Банктік
активтердің 60 пайызы экономикаға кредит түрінде берілген, оның көлемі 6,7
млрд долларды құрайды. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржы 2,5 млрд
долларға жетті[4].
Қазақстандағы банк жүйесінің қалыпты дамуы, бірқатар жағдайларға
байланысты. Біріншіден, ол халықаралық стандарттарды дұрыс меңгере
алмағандығымыздан, есеп және есеп беру, несиелеу және депозиттердің дұрыс
іске аспауында. Екіншіден, Ұлттық банк тарапынан қатаң нормативтік
реттеудің нәтижесінде активпен міндеттеменің, меншікті капиталмен активтің,
акционерлермен банктердің арасындағы шектеулердің дұрыс орындалуына және де
банктер беретін ақпарат көздерінің ашықтығының дұрыс болуында. Үшіншіден,
Депозиттерді сақтандыру кепілдік қорының құрылғандығы. Төртіншіден, екінші
деңгейдегі банктердің соңғы екі-үш жыл көлемінде халықаралық қаржы
институттарынан алып отырған үлкен көлемдегі арзан бағалы және несие
көздерінің болуы, сонымен қатар екінші деңгейдегі банктердің арасындағы
бәсекелестіктің артуында, соның нәтижесінде, соңғы жылдары сыйақы
мөлшерлемесі теңгемен берілетін несиеде 28 пайыздан 20 пайызға, доллармен
берілетін несиеде 20-21 пайыздан 15-16 пайызға дейін төмендеді.
Қазақстанның банк жүйесінің ТМД-ның басқа елдерінің банк жүйесімен
салыстырғанда көш ілгері тұр. Оған халықаралық рейтингтік агенттіктердің
беріп отырған жоғары бағалары дәлел. Еуропа Одағына қабылданған Венгрия,
Болгария, Польша және Балтық мемлекеттерімен бір деңгейдеміз. Біздегі банк
жүйесінің негізгі және басты айырмашылығы - ол жеке меншік капиталымен
бақылануда, ал Ресейде мемлекеттік қатысуы басым. Стратегиялық салалардан
басқа салаларда, жеке меншік капиталының басым болғаны жөн, ол оңтайлы
басқаруға, бақылауға және үлкен жетістіктерге жетуге бейімді. Бұл нарық
заңы. Оған дәлел, орта есеппен алғандағы инфляцияның жылдық көрсеткіші
Ресейде біздегімен салыстырғанда екі есе жоғары, экономикаға берілген несие
көлемі ЖІӨ-нің Ресейде 10 пайызына жетпейді-25,0 млрд. доллар, Қазақстанда
23,5 пайыз немесе 6,3 млрд. долларды құрайды ( Ресейде ЖІӨ-268,0 млрд.
доллар, Қазақстанда -26,7 млрд. доллар)[10].
Жоғарыда атап өтілген оң істермен бірге, банктік жүйенің кемшіліктері
де бар екендігін айта кеткен жөн. Бұл бәрімізге белгілі несиелері бойынша
сыйақы мөлшерлерінің өте қымбаттығы, ұзақ мерзімді несиенің аздығы. Рас,
екінші деңгейдегі банктер тарапынан сыйақы мөлшерлемесін төмендетудің толық
қолдау таппай отырғандығын мойындауымыз қажет, бірақ кейбір банктер несие
көздерінің өзіндік құнының жоғары болуына байланысты бірден төмендету
шараларын қолдана алмайды. Себебі, 1999-2002 жылдар аралығында шығарылған 5-
7 жылдық облигациялық құнды қағаздардың 11-12 пайыздық сыйақы шығындарын
толық төлеп бітірмей, арзан сыйақы белгілеу саясатын әкімшілік жолмен тану,
нарықтық экономиканың негізгі заңдарына қарама-қайшы келетіндігі айдан
анық. Бұл орайда мәселе әділ бәсекелестік жолымен шешілуі керек.
Ал бәсекелестік өз кезегінде кейбір банктердің әкімшілік-шаруашылық
шығындарын азайтуына, қызметкерлер санын қысқартуына, таза пайда таппаған
банктердің жабылуына немесе бірігуіне алып келеді. Міне, осындай ережелерді
сақтаған жағдайда ғана, әділ сыйақы мөлшерлемесін, жылдам алынатын несие
көздерін және сервистік қызметтің жақсаруын күтуге болады.

құқықтық актілердің қалыптасу кезеңдері және ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының
басымдылығына, жеке меншікті алғандағы меншіктің барлық нысандарының
теңдігіне, кәсіпкерліктің еркіндігіне негізделген құқықтық мемлекет пен
азаматтық қоғамның негізін қалауға бағытталған экономикалық реформа
жүргізілуі үстінде.

жүйесі қалыптасу кезеңінде: егер сандық көрсеткіштерді ескерсек, бұл кезең
айтарлықтай жылдам жүріп жатыр, ал сапалық жағынан бұлардың дамуы өте баяу
өтуде. Әсіресе, бұл жағдайды біздің қаржылық нарық пен банктік
инфрақұрылымымыздың күйінен байқауға болады. Бұл тек өсудің қиыншылықтары
емес. Несие-банктік жүйені қалыптастырудың нашар басқарылып отырған үрдісі
жүріп жатыр, ал бұл өз кезегінде, қазақстандық экономикаға кері әсерін
тигізеді.
Қазақстанның банк жүйесінің жеке банк заңнамасының дамуы барысында
туындаған проблелемалар, бірқатар себептермен негізделген, оның ішінде
елдегі саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құрулардың қарама - қайшы
үрдісі, отандық банк жүйесі мен оның құқықтық қамтамасыз етілуінің

тұжырымдамасының жоқтығы, білікті банк кадрларының күрт жетіспеушілігі және
әрине, нарықтық экономикаға бара-бар несиелік-банктік жүйені құрудың және
құқықтық реттеудің осы заманғы отандық тәжірибенің жоқтығы бар.

ұстаным - басым қажеттілік, өйткені басқа жолмен елді дағдарыстан шығару
мүмкін емес.
Нәтижесінде банк жүйесінің құрылымы да, банк қызметін реттейтін
заңнама да қалыптасып үлгермей-ақ, ескіріп кетеді және өз кезегінде
экономикалық реформа барысын тежей түседі.
Қалыптасқан жағдайда бірінші кезекте, басым міндет болып, бір
жағынан, нарықтық типтегі банк жүйелері мен банк заңнамасының түпкі
сипаттамасын анықтау мақсатында, нарықтық экономикасы дамыған елдердің
тәжирбесін талдай, екінші жағынан, - осы тәжірибені ескере отырып, отандық
банк жүйесін және оның құқықтық негіздерін құру қағидаларын жасау және оны
жетілдіру табылады.
Әрине басқа елдердің тіпті ең мықты, оң сипатты және ғасырлармен
тексерілген банктік тәжірибесінің өзі ұлттық-мемлекеттік ерекшеліктерді жан-
жақты ескермей, жай ғана көшіре салудың еш пайдасы жоқ екенін
ұмытпағанымыз жөн, өйткені еліміздің КСРО құрамындағы жетпіс жылдың өмірі
елдегі экономикалық, әлеуметтік- саяси және әлеуметтік- психологиялық
қатынастардың қалыптасуына әкеліп соқты (бұл қатынастар батыста қалыптасқан
қатынастардан айтарлықтай ерекшеленеді).
Аталған жағдай отандық банк заңнамасын жетілдіруді талап етіп отыр.
Оны жетілдіру жолдарына:
• Банк заңнамасының тікелей әрекет ету сипатын күшейту;
• Банк заңнамасы нормаларын қазақстандық заңнаманың басқа
салаларының нормаларымен сәйкестендіру;
• Банкілік тәжірибеде қалыптасқан халықаралық нормалар мен
әдеттерді ескере отырып, банкілік қызметті реттейтін жаңа
заңдардың ауқымды базасын жасау;
• Мемлекеттің коммерциялық банктердің жеке мүдделері аясынан
араласуын заңмен орнатылған шеңберде шектеу;
• Несие-банктік жүйенің құрылымы мен функцияларын, оның
элементтерін нақты құқықтық бекіту, негізгі ұғымдарды анықтау
жатады.
Жалпы алғанда, Қазақстанның банкілік жүйесінің дамуын үлкен екі
кезеңге бөлуге болады;
1) КСРО құрамындағы Қаз КСР-нің банкілік заңдары, яғни Қаз КСР-і
Қазақстан Республикасы болып, тәуелсіздік алғанға дейінгі
банкілік заңдар;
2) Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі, яғни
бүгінгі күнге дейінгі заңдары.
1917- 1921 ж.ж. дейінгі уақыт аралығы банктердің біртіндеп жойылуымен
сипатталды, олардың қолда жоқ қаражат пен есеп айрысу жөніндегі
функциялары орталық бюджеттік есеп-айрысу басқармасына берілді. Жаңа
экономикалық саясатқа өтумен, тауар-ақша қатынастарының өсуіне орай,
тауар айналымының қажеттіліктеріне жауап беретін банкілік жүйені
ұйымдастыруға деген мұқтаждық туды. Нәтижесінде КСРО-ның Мемлекеттік
Банкіне барлық несие мекемелерінің, оның ішінде банктердің де қызметіне
қадағалау және бақылау жүргізу рөлі тиесілі болған банктік жүйе пайда
болды.
Банктер болса, әр түрлі меншік нысандарына негізделіп әрекет етті.
Олар таза коммерциялық кәсіпорындар түрінде туындады, ал олардың
қатынастары азаматтық құқықпен реттелді.
1930 - 1932 ж.ж. орын алған несие реформасының нәтижесіндегі
банктердің құқықтық жағдайындағы күрделі өзгерістердің мақсаты, банктерді
сомды бақылаушы, яғни кәсіпорындардың мемлекеттік жоспарлы міндеттерін
орындауларын бақылаушы органдарға айналдыру болды. Мемлекеттік емес меншік
нысандарына негізделген банктер мүлдем жойылды немесе қайта құрылды.
КСРО-ның Мемлекеттік банкін және арнайы банктерді біріктірген
мемлекеттік банктер жүйесі қалыптасты. Бұлардың барлығы бір мезгілде
мемлекеттік басқару органдары және шаруашылық ұйымдар, яғни шаруашылық
қызметпен айналысатын заңды тұлғалар ретінде көрініс тапты.
Қазіргі уақытта, экономиканың нарықтық қатынастарға бағдарлануы және
реформалануына орай, банк ісі де өзгерді; енді ол мемлекеттік монополия
болудан қалды.
1987 жылға дейін банк жүйесі үш монополист- банкті қамтыды; КСРО-ның
Мемлекеттік Банкі, КСРО- ның Құрылыс Банкісі және КСРО- ның Сыртқы сауда
банкісі. Мұнымен қатар, мемлекеттік-еңбектік жинақтаушы кассаларының
жүйесі де әрекет еткен. Банк жүйесіндегі үстемдік жағдайына КСРО-ның
Мемлекеттік банкісі ие болды. Ол эмиссялық институт бола отырып, сонымен
бір мезгілде қысқа мерзімді несиелеу, шаруашылыққа кассалық және есеп-
айрысу қызметтерді көрсету орталығы болды. Эмиссиялық функциялар мен
клиентерге есептік-несиелік қызмет көрсету функцияларын біріктіру, оларды
бір банкке монопольдық бекітіп беру КСРО-ның Мемлекеттік Банктік
мемлекеттік басқару және бақылау органына айналдырады.
Экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі жағдайында несие
ресурстары формальды сипатта болғандықтан, Мемлекеттік Банк іс жүзінде,
несие ресурстарына шектелмеген монополияға ие болды. Оның шоттарында
мемлекеттік ссудалық қорды қалыптастыра отырып, барлық бос ақша
қаражаттары жиналды. Банк мекемелері болса клиенттердің емес, жоғары
тұрған ұйымдардың алдында жауапты болды.
Нарыққа өту жағдайында экономиканы басқаруды орталықсыздандыру,
экономиканы басқару механизміндегі банк жүйесінің рөлін өзгертуді талап
етті. Оны қайта ұйымдастыру 1987 ж. КОКП ОК және КСРО Министрлер
Кабинетінің 1987 ж. 17- шілдедегі № 82110 Қаулысы қабылдауымен басталды.
Банк жүйесінің ұйымдық құрлымын өзгерту, банктердің рөлін арттыру, олардың
халық шаруашылығының дамуына ықпалын күшейту, несиені әсерлі экономикалық
тетікке айналдыру көзделді.
1988 ж. 26 - мамырда қабылданған КСРО - ның КСРО-дағы кооперация
туралы Заңы ерекше маңызды болды.
КСРО-дағы кооперация туралы Заңды, оның елде басталған экономикалық
қайта құрулары, оның ішінде, банк жүйесін реформалауды тереңдетудегі рөлі
тұрғысынан бағалай отырып, мынаны атап өткеніміз жөн.
Кеңес билігінің бүкіл тарихы бойынша жаңа экономикалық саясаттан кейін
алғаш рет, заң жүзінде жеке тұлғаның еңбек аясындағы еркіндік дәрежесі
айтарлықтай кеңейтілді. Енді заң азаматтарға, олардың қалауы және
қаблеттілігіне сәйкес кооперативтерге бірігуге және заңмен тыйым
салынғандардан басқа қызметтің кез келген түрлері мен айналысу үшін
кедергісіз әрекет етуге рұқсат берді. Мұнымен қатар, Заң мемлекеттік және
коопреативтік органдарға кооперативтің шаруашылық қызметіне араласуға
қатаң тыйым салынады, осылайша, кооперативке өндірісті жоспарлау және оны
жүзеге асырудан бастап, өндірілген өнімді бөлу мен сату және кооператив
мүшелерінің еңбегін төлеу мәселелерін шешу арқылы көрініс тапқан толық
шаруашылық дербестік берілді[6].
Осымен бір мезгілде Заң, азаматтарға берілген құқықтарды іс жүзінде
жүзеге асырудың әсерлі механизімін де қарастырды. Атап айтқанда,
кооперативтік меншікті және кооперативтердің сәтті қызмет етуінің
жағдайларын нығайту және дамытудың заңдық кепілдіктері көзделді. Осы
жағдайлардың қатарына елде кооперативтік банктерді құру туралы мәселені
заң деңгейінде шешу де жатқызылады.
Заңның 23- бабына сәйкес, кооперативтердің одақтары (бірлестіктері)
шаруашылық-есептік салалық немесе аумақтық кооперативтік банктер құруға
құқылы болды.
Сонымен қатар, осы Заңның бірқатар ережелері, әсіресе, кооперативті
банктерді және жалпы кооперативтерді құруға қатысты ережелері жедел жүзеге
аса бастады және КСРО- дағы мемлекеттік емес банктер жүйесінің
қалыптасуына және мемлекеттің банк қызметіне қатысты монополиясын жоюға
бастау болды.
Осының барлығы кәсіпорындар мен ұйымдардың, олардың жоғарыдан
жоспарланбаған қаржылық қаражаттарға деген қажеттілікті тудыра отырып,
шаруашылық дербестігін күшейтті. Нәтижесінде, елде орын алған несие
механизмі мен бүкіл банк жүйесінің жетілмегендігі барынша айқын сезіле
бастады.
КСРО-дағы кооперация туралы Заң қабылдағаннан кейін бірден басталған
кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың жаппай құрылуы, банк жүйесінің
елдегі экономикалық қайта құрулардың барысына сәйкессіздігін айқындай
түсті. Мемлекеттік және кооперативтік ұйымдарды, жеке еңбектік қызметпен
айналысқан халықта, олардың шотта айтарлықтай ақша қаражаттары бола тұра,
қолда бар ақша дефициті қалыптасты, өйткені шоттағы қаражатты қолға алу
қиынға соқты. Осыған орай, кәсіпкерлер үшін аталмыш мәселені шешуді
жеңілдетуге деген қажеттілік, бірінші кооперативтік және акционерлік
коммерциялық банктердің пайда болуын негіздеген факторлардың біріне
айналды. Пайда болған акционерлік коммерциялық банктердің құқықтық негізі
болып, КСРО Министрлер Кеңесінің 1- қыркүйек 1988 жылғы № 1061 КСРО
Мемлекеттік Банкісінің жарғысын бекіту туралы Қаулысы болды. Осы қаулыға
сәйкес, акционерлік коммерциялық банктер алғашқы рет, КСРО-ның несие-
банкілік мекемелерінің тізіміне енгізілді[7].
Кооперативтік және акционерлік коммерциялық банктерді құру сонымен
қатар, көптеген азаматтардың КСРО- дағы кооперация туралы Заңға
байланысты пайда болған ел экономикасындағы кәсіпкерлік ұя- банк қызметін
меңгеруге деген үлкен қалауымен шарттандырылды.
Осылайша, КСРО- дағы кооперация туралы Заңының қабылдануы, елде
кооперативтік және коммерциялық банктердің туындауына мүмкіндік туғызса,
ақша-несие қатынастары аясында жиналған проблемаларды шешудің күттірмес
қажеттілігі бұл мүмкіндікті шындыққа айналдырады.
Уақыты бойынша соңғы болған, КСРО-ның мемлекеттік мамандандырылған
банктерінің қызметін түбегейлі жақстаруға ұмтылыс 1989 жылдың басында
жасалды. Ол кезде наурызда КСРО- ның мемлекеттік мамандандырылған
банктерін толық шаруашылық есепке және өзін-өзі қаржыландыруға өткізу
туралы үкіметтік қаулы қабылданды.
Сонымен, қайта ұйымдастырудың бірінші кезеңінде мемлекеттік банктердің
жаңа құрылымы жасалды: оның үлгісі:
- екі деңгейлі банк жүйесін құру (орталық. Эмиссиялық банк және тікелей
шаруашылыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мамандандырылған банктер);
- мамандандырылған банктерді толық шаруашылық есепке және өзін-өзі
қаржыландыруға ауыстыруды қамитды.
Осылайша, бірінші кезең сәтті аяқталды.
Алайда, банктік реформа тереңдей және нарықтық экономика дамыған
сайын, коммерциялық банктердің саны өсе түскен және олардың халық
шаруашылығындағы рөлі арта түскен сайын екі нәрсе мейлінше айқындала түсті,
ол:
Біріншіден, елде әрекет етіп жатқан мамандандырылған банктердің
мемлекеттік жүйесінің жетімсіздігі, демек, қолданыстағы несие-банктік
жүйені сапалық жетілдіру қажет болды.
Екіншіден, арнайы банкілік заңнаманы құру қажеттілігі туды.
Бұл міндеттерді шешу - КСРО 1990ж. желтоқсанда КСРО-ның Мемлекеттік
банкі туралы және КСРО- дағы банктер және банкілік қызмет туралы
Заңдарды қабылдауымен басталған банктік реформаның жаңа екінші кезеңінің
мазмұнына айналды. Дегенмен, бұл заңдар өзімізге мәлім себептермен банк
қызметіне әсер етіп үлгере алмады. Бұларға қарағанда, РСФСР- дің Жоғарғы
Кеңесі және басқа одақтас республикалардың Жоғарғы Кеңестерімен қабылданған
ұқсас заңдар, өздеріне тән кемшіліктерге қарамастан тарихи мәнге ие,
өйткені олар елдегі нарықтық экономикаға бара-бар несие-банктік жүйені және
банкілік заңнаманы қалыптастыру үрдісінің бастауы болды[14].
Сонымен, қалыптасып жатқан, нарықтық қатынастарға бара-бар ақша –
несиелік реттеу жүйесін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік банктің
мәртебесі мен оның ел экономикасындағы рөлі өзгертілді.
Қазақстан егемендік алған кезде, мемлекеттік банк базасында нарықтық
экономикасы дамыған елдерде қабылданған тұжырымдамалар негізінде Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік банкі құрылды.
Банкілік реформаның екінші кезеңінің барысында, банкілердің құрылымы
қайта құрылып қана қойған жоқ, сонымен қатар, банк қызметін жүзеге асыруды
терең өзгерістер орын алып, оның жаңа әдістері мен нысандары бекітілді.
Нәтижесінде, Қазақстанда іс жүзінде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты:
бірінші деңгей- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, екінші деңгей -
Коммерциялық банктер және жекелеген несиелік операцияларды жүргізетін өзге
де несиелік мекемелер.
Екі деңгейлі банк жүйесінің ұйымдық- құқықтық ресімделуі Қаз КСР- нің
7- желтоқсан 1990 жылғы Қаз КСР- ғы банктер және банкілік қызмет туралы
Заңның қабылдануымен жүзеге асты. Банк жүйесін ары қарай жетілдіру және
қайта құру 1993 ж. 13- сәуірдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы 1993 ж. 14- сәуірдегі Қазақстан Республикасындағы Банктер туралы
Қазақстан Республикасының Заңдарын ҚР- сы Президентінің 1995ж. 15-
ақпанындағы № 2044 Қазақстандағы банк жүйесі 1995 ж. реформалаудың
Бағдарламасын бекіту туралы Қаулысын, ҚР Президентінің заңдық күші бар,
1995 ж. 30-наурызындағы ҚР Ұлттық Банкі туралы Жарлығын, 1995 ж. 31-
қыркүйектегі ҚР- дағы банктер және банкілік қызметі туралы Заңын
қабылдауымен жалғасты 8. Банк жүйесін реформалау үрдісі әлі аяқтала қойған
жоқ және жалғасын табуда. Оған дәлел, 2001 жылы 25- сәуірде № 3178- 2
Қазақстан Республикасының Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңының, 2003 ж.
31- желтоқсанда Қазақастан Республикасының Президентінің № 1270 Қазақстан
Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы Жарлығының,
2003 ж. 4- шілдедегі № 474 Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен
қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы Заңының, 2004
ж. 12- шілдедегі Қазақстан Республикасының қаржы рыногын және қаржылық
ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттік Басқармасының № 197
Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру және банктің
есеп айрысу- касса бөлімдерін ашу, жабу ережесін және банктік, ірі банктер
жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру
және қайтарып алу ережесін бекіту туралы Қаулысының және т.б. бірқатар заң
актілерінің қабылдануы болды[4].
Келесі кезекте банкілік заңнаманы сипаттауға назар аударамыз.
1. Банктік заңнама: мәні-маңызы.
Банктік заңнама мемлекеттік банктік менеджмент және банктердің
банктік қызметі аясында туындайтын қоғамдық банктік катынастарды реттейтін
заңнамалық актілердің (заңдардың) жиынтығы болып табылады.
Банктік заңнама тиісті банктердің, банк жүйесінің және банктік кұқық
институттарының нормативтік -құқықтық базасын кұрайтын, банктік қызметті
және оның аясындағы қоғамдық банктік қатынастарды регламенттейтін,
мемлекеттің қаржы, ақша-несие, валюталық, сыртқы экономикалық саясаты
ұстанымдарын іске асыру мақсатыңда жүргізілетін мемлекеттің монетарлық
билігінің және мемлекеттің банктік менеджментінің нормативтік-құқықтық
негізін қалыптастыратын банктік заңнамалық актілер — арнайы және жалпы
сипатты заңдардың жиынтығынан құралады.
Осындай арнайы банктік заңдар катарына: Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі туралы, Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы, Қазақстан Даму Банкі туралы, Қазақстан Республикасының
тұрғын үй құрылысы жинақ банкі туралы, Қаржы рыногы мен қаржылық
ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы, Қазақстан
Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру
туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері жатады.
Банктік заңнамашылық актілер өздеріне тән мынадай белгілерімен
ерекшеленеді:
1) банктер, банктік қызмет, банк жүйесі, сондай-ақ , оларды
мемлекеттік реттеу туралы заңдар, тек заң шығарушы билік органдары
тарапынан қабылданады;
2) олар әрдайым ерекше іс жүргізу нормаларын сақтай отырып қабылданды
және жоғары заңдық күшке ие болады;
3) олар тек мемлекеттің монетарлық билігі мен банктік кұқығы
ауқымындағы қоғамдық банктік қатыңастарды ғана реттейді;
4) олар заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілерді
қабылдауға кажетгі бастапкы сипаттағы нормалардан тұрады.
Банк жүйесі мен банктердің жұмыс істеу режиміне, қоғамдық банктік
катыңастардың жекелеген тұстарына қатысы бар заңнамалық актілер ретіңде:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының
Бюджет кодексі, Ақша төлемі мен аударьшы туралы, Лицензиялау туралы,
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, Бухгалтерлік есепке алу
және қаржылық есеп беру туралы және т.б. Қазақстан Республикасының заңдары
көрініс табады.
Демек Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы тікелей (арнаулы)
банктік заңнамалық актілерден және құрамында тиісті банктік құқық нормалары
бар өзге де заңнамалық актілерден құралады.
Банктік заңнамалық актілер мемлекеттің банктік менеджменті және ел
экономикасының банктік секторы (банк жүйесі) ауқымында жүзеге асырылатың
банктік қызметтің құқықтық нысаны болып саналады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы
Қазақстан Республикасының заңы: рыноктық — мемлекеттік маңызы,
құрылымы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан
Республикасының Заңы мемлекеттің монетарлық (ақшалай) билігін және
мемлекеттік банктік менеджментті Қазақстан Республикасының қаржы, ақша,
несие, сырткы экономикалық қызмет саясатына сай жүргізуге мүмкіндік беретін
куатты құрал болып табылады.
Қазақстан Республикасының аталмыш заңы түрлі банктік қатынастарға
қатысатын қоғам мен мемлекеттің, корпоративтік және жеке меншік
шеңберіндегі субъектілерінің экономикалық-қаржылық мүдделерінің
мүмкіндігінше тең болуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, осы заң нарықтық қатынастар аясындағы барлық
банктердің қызметтерін халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай
ұйымдастырудың және тиісті реттеу мен қадағалаудың, ел экономикасының
банктік секторын басқарудың мемлекет құзырындағы нақтылы тетігі ретіңде
маңызды көрініс табады, сондай-ақ, баға тұрақтылығын, валюталық жүйе мен
қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және ақша-несие саясатын
тиісінше іске асыруға айтарлықтай зор ықпалын тигізеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы (1995 жылғы 30
наурыздағы) Қазақстан Республикасының Заңы (соңғы өзгерістер мен
толықтырулар 2005 жылғы шілденің 8-індегі Қазақстан Республикасы заңына
сәйкес еңгізілген) 13 тараудан және 74 баптан тұрады[2].

мақсатты бағыт-бағдарларының жаңаша рыноктық сипат алуы еліміздегі

Казіргі уақытта банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет
қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетің,
қаржы жүйесін және қаржылық рынокты нарықтық жағдайларға сай келтіруге,
кредиттік жүйені және инвестициялық белсенділікті дамытуға, әлеуметтік-

заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құкықтық актілерге сәйкес жүзеге
асырылатын экономикалық, сипатты мемлекеттік Қызмет, сондай-ақ жекеше,

қамтамасыз етуді көздей отырып Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму

кредиттеу және есеп айырысу саласындағы мемлекеттің бірынғай саясатын
жүргізу, сондай-ақ республикалық бюджет мүдделерін және өз шығының ақша
қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі банктік операцияларды
жүзеге асырады.

айналысын ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті қаражаттарды тарту-жұмылдыру;

заңға тәуелді норма-тивтік құкықтық актілер мен лицензиялар негізінде

ат салысады. Банктік қызметтің затына ақшалар, валюталық кұндылықтар және
өзге де қаржылық инструменттер жатады.

негізінде және осы заңнамаларға сәйкес берілген лицензияға сай жүргізетің

көрініс табады. Әкімшілік - рұксат беру жүйесінің куатты кұралы лицензиялау
банктік қызметтің мызғымас әрі маңызды атрибуты ретіңде танылады.

Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау

өкілеттігі шегінде жүзеге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz