Допты билел техникасы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І тарау . . . 6
1. 1. Баскетбол ойынының пайда болу тарихы . . . 6
1. 2. Баскетбол бойынша өткізілген Қазақстандық және халықаралық турнирлер . . . 13
1. 3. Доп беруге оқыту методикасы . . . 21
ІІ-тарау . . . 49
2. 1. Баскетбол ойынының тәртібі мен түрлері . . . 49
2. 2. Баскетболшылардың дайындық құралдары . . . 59
2. 3. Баскетболшылардың спорттық жаттықтыру жақтары . . . 62
ІІІ-тарау . . . 74
- 3. 1. Баскетболдан жарыстарды ұйымдастыру және өткізу . . . 74
Қорытынды . . . 79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 80
Қосымша . . . 78
Кіріспе
Баскетбол (ағылш. Basket - тор және boll - доп ) - биіктікте (3, 05м) орналасқан шеңберлі ұяға қолмен доп түсіретін командалық спорт ойыны. Ойын ережесін 1891 ж. Америкалық Джеймс Нейсмит жасаған, кейіннен басқа елдерге кең тараған. Баскетбол ауданы 6x14 м. арнайы жабдықталған, секторларға бөлінген алаңда өтеді. Ойын добының шеңбері 75-80 см, салм. 600-650 г. Қарсылас екі команданың әрқайсысының құрамындағы 12 ойыншының бір мезгілде 5-еуі ғана алаңдағы ойынға қатысып, қалғандары матч барысында белгілі ереже бойынша алмастырылып отырады. Баскетболмен айналысыу адам бойындағы күшті, шапшаңдылықты, төзімділікті арттырады. 1932 жылы Халықаралық баскетболшылар одағы (FIBA) құрылды. Ол 177 ұлттық федерацияшылдарды біріктіреді. Қазақстан Баскетбол федерациясы да FIBA-ға мүше (1995) . Баскетбол олимпиада ойындарының бағдарламасына енген (Мюнхен, 1936) . 1950 жылдан ерлер, 1953 жылдан әйелдер командалары дүниежүзі чемпионаттары өткізіліп келеді. Қазақстанда 20ғ-дың 30-жылдарынан бастап, баскетбол секциялары ашылды. Баскетбол командалық спорттық ойын, оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру, сонымен қатар қарсылас командаға допты салдырмау әрекетін жасайды. Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды. Бұл суретті көріністің казіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төрт бұрышты алаң табылған. Алаңды қоршаған таста соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы төрілген. Сонымен қатар 1603ж Дитрих Брустың салынған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған. 1818жылы Фата энциклопедиясында Флориада тұрғындарының ойыны жазылған, онда бағанаға ілінген торға допты көздегені тұр. 1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойының негізгі принціптерін құрастырды олар осы күнге дейін маңызын сақтады. Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихы даму қорытындысы. Уақыт өте келе, тәсілдердің саны да өзгерді. Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көп деген ұтымды тәсілдерді ұсынды. Сондықтан, қәзіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қәзіргі заманғы ең тиімді әдістердің бастысын анықтайтын ойының даму тенденция арсеналын білуі қажет. Жіктеу-ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдер бөлім мен топ бойынша танықталған белгі негізінде топтастыру. Техника-ол ойынның тәсілі, ойыншылардыңқорғаны мен шабуылда нәтижені әрекеттерін қамтамассыздандырып, команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады. Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасымен әдісінің тарихи даму қортындсы. Уақыт өте келе, тәсілдердің саны да өзгерді. Ойынның белсенді түрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан түрлілігіне алып келеді. Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуылын сипаты жай және рационалды, ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық, тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді.
Қазіргі уақытта белгілі бір шарадағы тактика әдістердің дұрыс орындалуы сипатын анықтайды, соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайдағы ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы керек.
Зерттеу объектісі: Спортшылар мен жасөспірімдерге баскетболдың техникалық тәсілдерін оқыту;
Зерттеу пәні : Келешек баскетболшыларды, дене шынықтыру пәнінің көрнекі құралдары арқылы оқытудың негізінде;
Зерттеу мақсаты: Жасөспірімдерге еліміздегі ең таралған спорт түрі «баскетболға» деген сүйіспеншілігін арттыру;
Зерттеу міндеттері:
- әр спортшыға қажетті мүмкіндіктері арқылы баскетболдын техникалық тәсілдерін оқыту;
- баскетболшының жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашу;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Ұсынылып отырған әдіс тәсілдерді жасөспірімдерге баскетболды меңгертуде оңтайлы ұйымдастыруға болады.
Зерттеу көздері: Шетелдік, Қазақстандық спортшылар, баскетболшылардың еңбектері. Бүгінгі танда спорт және спорт дидактикасы салаларында жарық көрген еңбектер.
Зерттеу әдістері : Зерттеу мәселесі бойынша психология, физиология әдебиеттері, тақырып бойынша теориялық талдау жасау.
Зерттеудің практикалық мәні : Зерттеу барысында жинақталған материалдарды спортшыларға өз тәжірибесінеде қолдануға болады.
Зерттеу кезеңдері:
- зерттеу мәселесі бойынша материалдар жиналды;
- зерттеу нәтижелері жүйеге келтірілді;
- сараптама жасалды;
Диплом жұмысының құрылымы : Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қортынды және әдебиет тізімінен тұрады.
1. 1 БАСКЕТБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
Баскетболдың даму тарихы. Баскетбол ағылшын тілінен аударғанда»basket»себет және»boll»доп деген сөзді білдіреді. Баскетбол командалық спорттық, оның мақсаты қарсыластың торына доп түсіру, сонымен қатар қарсылас команда допты торға салдырмау әрекетін жасайды. Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында, бағытта, түрлі жылдамдықпен орындай отырып, адам ағза жүйесінде және ішкі құрлыстарына жақсы әсер алады. Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоционалды жүктелген және үлкен қуанышқа бөленіп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор. Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды иемден отырып, өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге, денсаулықты сақтауға, көңіл көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар. Баскетбол ойынымен балалар 9-10 жасынан бастап айналысуына болады(өз жастарына лайықты құрал жабдықтарды қолдана отырып)
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды. Бұл суретті көрінісінің қазіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төр бұрышты алаң табылған алаңды қоршаған тастан соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы тро ілінген.
Майя және кейінірек ацтек құдайшыларды бұл ойынды өз тілінде»Пок-то-пок»деп атаған. Бұл ойын ұнемі құдайдың құрметіне арнаған мейрамдарда өткізілген. Доп резеңкеден жасалған, ішіне шөппен толтырылған допты қарсыласының торына түсіру қажет болған.
Сонымен қатар1603жылы Дитрих Брусьтың салған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған. 1818жылы Фата энциклопедиясында Флорияда тұрғындарының ойыны жазылған, онда бағанаға ілінген торға допты көздегені туралы жазылған. 1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойынның негізгі пинціптерін құрастырды, олар осы күнге деиін маңызын сақтады. Бұл пинциптері төмендегідей:- Қолмен доп ойнауға болады, бірақ допты ұстап жүгіруге болмайды:- Екі команданың барлық ойыншылары қай уақытта, қандай қалыпта болсын допты ұстай алады. - Екі команда да алаңның бір бөлігінде бола алады:- Ойыншылар бір-бірінің денесіне қай жері болмасын тиісуге болмайды. - Допты тастайтын орын көлденең жерде және белгілі бір биіктікте орналасқан. Баскетбол ойыны өте жылдам тарай бастады және бұл ойынды дүние жүзінің түкпір-түкпірінде ойнай бастады. 1-ші халықаралық кездесу 1919 ж АҚШ, Италия, Франция елдедер армиясының командаларының турнирінде болды. 1923 ж Франция, Италия, Чехословияның әйелдер командасының турнирі өтті. 1932 ж Халықаралық баскетбол федерациясы құрылды. 1935 ж Женевада 1-ші Европа чемпионаты өтті, Ливия құрама командасы жеңінпаз атанды. 1938 жылынан бастап әйелдер 1-шілігі өте бастады. Италия командасы 1-ші чемпион атанды. Қазір Европа чемпионаты 2 жылда 1 рет өткізіліп тұр.
1950 жылы ерлер арасында әлем 1-шілігі өткен, 1953 жылынан бері әйелдер арасында өткізіліп келеді. Ерлер арасында әлем біріншілігінің 1-ші жеңінпаздары Аргентина ал әйелдер арасында АҚШ құрамалары болды. Қазіргі кезде әлем 1-шілікгі 4 жылда 1рет өткізілді. 1936 ж Берлинде өткізілген олимпиадалық ойындарда ерлер арасында АҚШ құрамасы чемпион атанды. 1976 ж Монреонда әйелдер арасында КСРО құрама командасы чемпион атанды. Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Қазіргі заманғы баскетбол ойынын еске түсіретін ойын сипаты ежелгі нормандық және «колумбиялық америкаға» дейінгі көптеген мәдениеттерде кездеседі. Осындай ойындардың қазіргі заманғы үлгісі пок-та-пок деп аталады. Әуелгіде діни салт болып саналатын бұл ойын түрі қазіргі кезге дейін мексиканың солтүстік штаттарында кездеседі және спорттық көңіл көтеру құралы спеттес. Баскетбол ойынына дейінгі оған ұқсас ойын санатында XIX-ғасырда кейбір елдерде кең өріс алған «Құз басындағы қаз» балалар ойынын Джеймс Нейсмит (1861-1939 ж. ж) жақсы білетін және ол туралы өз пікірін былай жеткізеді: ойын шарты бойынша ойыншы қолындағы кішігірім таспен құз басындағы анағұрлым үлкен тасқа дәл тигізуі тиіс. Нейсмит өмірбаянын жазушылардың пікірінше, жас Нейсмиттің ойына «баскетбол ойынының жалпы концепциясы» осы «құз басындағы қаз» ойынын ойнау барысында келген. Кейіннен докторлық ғылыми дәрежесі бар Нейсмит ҮМСА Халықаралық жастар тренингтік колледжінде анатомия мен дене шынықтыру сабақтарын өткізе бастаған кезінде әлгі балалық ойы пісіп жетіліп, гимнастикалық дәрістерге зауқы соға бермейтін студенттерді жаңа, ерекше іс-қимылды қажет ететін ойын түрімен, яғни баскетболмен айналыстыруды жөн деп шешті. Осылайша, спорт залының екі тарапына периметрі бойынша балкондар, ал балкондарға жеміс-жидектерден қалған себеттер (корзиналар) бекітіліп жаңа ойын түрі дүниеге келді. Студенттер сол себеттерге допты дәл түсірулері керек болатын. Алғашқы ресми түрде тіркелген баскетбол жарысы 1891жылдың желтоқсанында өткен. Ол жарыс бізге таңсық болып көрінері айқын. Өйткені, Нейсмиттің тобы екі тарапта да 9 адамнан тұратын (доктор қарапайым түрде өз студенттерін екі топқа теңдей бөле салған болатын) және футбол добымен ойналған. Осы жаңа спорттық ойын туралы ақпарат бүкіл Америка тез жайылып, кейін рек Нейсмит сабақ беретін колледжге ойын тәртібін үйретуді өтінген көптеген хаттар келіп түсе бастайды. Көптеген тармақтары қазірге кезге дейін қолданылатын, 13-тармақтан тұратын баскетбол ойынының ережесі жайындағы алғашқы кітап 1892 жылы жарық көрген. « Нейсмиттің ережесінің» қазіргі кездегі ережелерден ерекшелігі көп. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Дисеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.
Баскетболдың этимологиясы ( баскет - себет, болл - доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Дисеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан. 1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан. Он тоғызыншы ғасырдың аяғына қарай әртүрлі қалалар мен студенттік кампустер арасындағы жарыстар ұдайы өткізіліп тұратын болды. Алайда бұл бәсекелік жарыстар әуесқойлық тұрғыда болатын. Тек 1896 жылы американың шағын бір Трентон деген қалашығында өткен баскетбол сайысында жеңген командаға ақшалай сыйақы тағайындалып, осылайша жиырмасыншы ғасырдың феномені болған -кәсіпқой баскетбол дүниеге келді.
1898жылы командалардың алғашқы кәсіпқойлық тұрғыдағы бірлестігі -Ұлттық баскетбол лигасы (ҰБЛ) құрылды. Алайда бұл ұйым бес маусымдық қызметінен кейін кішігірім лигаларға бөлініп кетті. Міне жобамен осы уақыттан бастап ҮМСА аймақтық бөлімшесінің де өз баскетбол лигасы бой көтерді. Әу дегеннен аяқ алысы жаман емес болып, тіпті ҮМСА жетекшілері Ассоциациададағы алдыңғы орында тұрған спорт түрі -гимнастика деген машықтанушылардың қызығушылығын жоғалтып, баскетболға көңілі ауып кетер ме екен деген қауіппен бұл лиганы таратып жіберуге дейін барған болатын. Бірақ, бұл баскетбол ойынының одан әрі ел ішінде абыройын асқақтатты: Тарап кеткен лиганың ойыншылары өздерінің жинақтаған тәжірибесін үйрету арқылы нан тауып жейтін халге келді. Америка провинцияларының бірінен соң бірінде жаңа кәсіпқой баскетболдың лигалары бой көрсете бастады. Ал 1994 жылы алғашқы үлкен қаладағы баскетбол командасы құрылып, бүгінде ол «Бостон селтикс» деген атпен әлемге танымал. Сол кездері АҚШ-та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис аумағында американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир өтті. Сондай-ақ 1924, 1928 жылдары баскетбол олимпиада бағдарламасынан орын алды. Жиырмасыншы жылдары алғашқы халықаралық кездесулер ұйымдастыра бастаған ұлттық баскетбол федерациялары жұмыс жасады. Осылайша, 1919 жылы АҚШ, Италия мен Францияның әскери командалары арасында турнир өткізілді.
1923 жылы Францияда әйелдер арасындағы халықаралық кездесу тұсауын кесті. Оған Англия, Италия, АҚШ-тың командалары қатысқан. 1932 жылы Халықаралық баскетбол федерециясы (ФИБА) құрылды. ФИБА-ның алғашқы құрамына 8 мемлекет енді. Атап айтса, Аргентина, Грекия, Италия, Латвия, Португалия , Румыния, Швеция, Чехословакия . 1935 жылы халықаралық Олимпиадалық комитет баскетболды олимпиада ойындары қатарына қосу жөнінде шешім шығарды. 1936 жылы Берлинде өткен олимпиада ойындары аясында баскетболдың бағдарламасы дайындалды. Онда аталымыш ойын түрін ойлап тапқан азамат Д. Нейсмит доданың құрметті қонағы болды. Теннис алаңында өткен матчқа 21 ел қатысты. Олимпиада өтіп жатқан кезде ФИБА-ң алғашқы конгресі өтті. Онда халықаралық ойынның ортақ ережелері айқындалды.
Ал, Ресейде баскетбол 1906 жылы қалыптасты. Сол жылдары Петербор қаласында «Маяк» қауымдастығы жұмыс істеген. Қауымдастықтың гимнаст шеберлері алғаш рет баскетбол командасын құрып, кейіннен «Богатырь» қоғамына айналған. Алайда, 1917 жылы орнаған Қазан төңкерісіне дейін баскетбол ойыны тек сол кездегі Ресей астанасы - Петерборда ғана танылған. Ал, 20 жылдары бұл ойын қарқынды дамыды. Бастапқыда әскери мектептерде жаттықтырылған еді. Көп ұзамай Мәскеу институты баскетболды денешынықтыру факультетінің бағдарламасына енгізілді. Бұл оқу ошағының түлектері кәсіби баскетболшы атанды. Ресей құрамасы алғаш рет 1923 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мерекесіне орай кездесу өткізді. Сәл осы кезде КСРО құрыла бастаған еді. КСРО-ң екінші біріншілігі 1924 жылы өткізілді. Ал, 1934 жылдан бастап КСРО-да баскетбол спартакиадасы өткізіліп тұрады. 1946 жылы ФИБА шеңберінде жалпы одақтық баскетбол секциясы қабылданып, бір жыл өткен соң ерлер командасы Еуропа біріншілігінде бақ сынап, чемпион атанады. Ал, баскетболдан әйелдер құрамасынан олимпиадалық ойын 1976 жылы сарапқа салынды. Олимпиадалық ойынның чемпиондары төмендегідей: 1976 ж. - КСРО, 1984 ж. -АҚШ, 1988 ж. - АҚШ, 1992 ж. - Тәуелсіз достастық мемлекеттерінің құрама командасы, 1996 ж. - АҚШ. Әлем бойнша АҚШ-ң спортшылары мықты баскетболшылар деп саналады. Олар 1936 жылдан бері келе жатқан барлық олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған. Ал, соңғы жылдары ұтылыс тапқан тұстары саусақпен санарлық. Мәселен, 1987, 1988, 1990, және 1991, 1992 жылдары американ ойыншылары сәтсіз ойын көрсетіп, ұтылыс тапқан. 1992 жылы олимпиада ойындарына тек білікті спортшылрдан жасақталған ұлттық баскетбол қауымдастығы шеңберінде алғаш рет ұжымдық құрама құрылды. Бұл Америкада «Дреам Теам», «ұжымдық арман» деп аталған. Оның құрамында Барселон ойындарында 40 ұпайдан жинап, жеңімпаз атанған Майкл Джордан, Мэджик Джонсон, Чарльз Баркли және Ларри Берд алынды. Олар 1994 жылы әлем чемпионатында, 1996 жылы Атыланта олимпиадасында тұғырдан көрінді.
Ал, АҚШ-тың әйелдерден құралған баскетбол командасы 1992 жылғы сәтсіздіктен кейін, олимпиадалық чемпион атағын 1996 жылы қайтарып алды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды. Көптеген жаңа елдер өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетіндей жарыстардың жарыстардың жаңа түрлерін жасағысы келді. 1948 жылғы тамыз айында Лондонда он төртінші Олимпиада ойндарының барысында Үндістан Олимпиада комитеті Гуру Дутт Сонди тұлғасында Азия спорт командаларының басшыларына «Азия Атлеттік Федерациясын» құруға келіскен Азия ойндарын өткізу идеясын талқылауды ұсынды. 1949 жылы ақпанда «Азия ойындарының федерациясы» формалды құрылып аталды. Бірінші Азия ойындарын Нью-Делиде өткізуге шешім қабылданды.
1. 2. Баскетбол бойынша Қазақстандық және халықаралық турнирлер
2008 жылы Индонезияның Медан қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионаты ьолып өтті. Онда қазақстандықтар қарсыластарының дерлігін ойсырата ұтып, «А» тобына тағы бір жолдаманы жеңіп алды. Алдымен құрлықтың мықтылары сапында өнер көрсетуге қол жеткізген қыздардың есімдерін атай кеткен артық болмас. Еліміздің құрамасы: Тамара Серегина, Юлия Ударнова, Нина Моштакова, Индира Әбділдаева, Марина Борисова, Наталья Попова, Дильноза Аминова, Оксана Иванова, Кристина Далидович, Ольга Әбдреупова, Рауан Тұтқышова, Гүлдана Рахметова, Наталья Федянина, Надежда Дапнайте секілді дарынды спортшылардан жасақталды. <<Б>>тобында Филиппин, Тиланд, Ганконг, Индонезия жане С ингаур құрамаларымен сынға түскен қазақстандықтар жүйелі ойын өрнегін көрсете білді. Олар Сингапур құрамасын 89; 44, ал алаң иелері индонезиялықтарды 81:61 есебімен жеңілістің ащы дәмін татуға мәжбүр еткеннен кейін, алды қарсылас Тай елінің құрамасы күтіп тұрған-ды. Жерлестеріміздің жеңісті жолы туралы Қазақстан баскетбол федерациясының вице-президенті Марат Шәріпов: «Федера-Цияның ұйғарымымен Индонезияға бір апта бұрып барып, жерсініп, бейімделіп үлгерген біздің қыздарға жеребе де сәтті түскендей. «Б» тобындағы осалдау екі командамен алғашқы кездесулерін өткізуі - команданың бабына келуінің алғышарты еді. Қазақстандықтардың тегеурінді шабуылына Тай қыздары да төлеп бере алмай, 81:74 есебімен басымдық таныттық. Шешуші ойын Филиппин құрамасымен өтті. Төрешілер де Филиппиндіктерге бүйрегі бүратынын ашық дәлелдеп-ақ бақты. Дейтұрғанмен қыздарымыздың қайсарлығы арқасында таразы басы теңесіп ғана қоймай, 71:68 есебімен жеңіс тұғырына көтерілдік», деді. Ақыры айқас Гангонг құрамасымен өтетіндіктен Қазақстан ойыншыларының жеңісіне ешкім де шүбә-ланбад. Есеп 93:62 . Бұл - «А » тобында соңғы орынға ие болған Үндістанмен күш сынауға жолдама еді. Үнді қыздары ақырғы мүмкіндікті уыстан оңай шығарғсы келмей, тіпті алғашқыда ұпай санымен алға шықты. Кристалин Далидович пен Оксана Иванованың үш ұпайлық дәл соққылары, шабуылшы Тамара Серегина мен команда капитаны Зоя Демиденконың өз әріптестерін жеңіске жігерлендіруі, әр ойыншының өз орнынан табылуы-командалық ғажап ойын үлгісі болды. «Жеке шабуылшыға иек артқан үнді командасынан 85:67 есебімен басым түсуіміздің де бар құпиясы осында ғой деп ойлаймын. Команданы жұдырқтай жұмылдыра білген бапкер Лариса Будниктің еңбегі өз алдына бір төбе. Бұдан бұрын 18 жақа дейінгі бозбалалар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдесіне қол жеткізсек, сондай мүмкіндік қыздарымызға түсіп отыр. Бұл- ел баскетболының Азиядаңы беделдігінің арта түскендігінің белгісі. Ендігі міндет -күштілер Дивизионында алғашқы үштіке табан тіреу », - дейді Шәріпов.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz