Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. МҰҒАЛІМНІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЙНЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Мұғалімнің тұлғалық
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 5
1.2.Мұғалімдік шеберлік – негізгі
сапа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2 ТАРАУ. Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық-технологиялық әлеуетін
қалыптастыру жолдары
2.1. Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық-технологиялық әлеуеті
ұғымының мәні,
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 13
2.2. Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық-технологиялық әлеуетін
қалыптастырудың педагогикалық
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .49
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап
көрсеткендей, жоғары білім берудің мақсаты - еңбек нарығының, еліміздің
индустриялық-инновациялық даму міндеттерін және жеке тұлғаның
қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік
әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне
қол жеткізу [1].
Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты - білім сапасын арттыру, еңбек
нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттерін және жеке
тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы
үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін білім сапасының жоғары деңгейіне
қол жеткізу, білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету,
педагог мамандығының мәртебесін көтеру.
Педагог мамандығының беделін арттыру кез келген мемлекеттің білім беру
саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.
Жаңа тұрпатты мұғалімдерді дайындау үшін педагогикалық жоғары оқу
орындары жаңаша жұмыс жасауы тиіс:
✓ оқу –тәрбие процесін жаңа талаптарға сай жетілдіру;
✓ жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің
параметрлеріне сәйкестендіру;
✓ білім беру жүйесін толықтай ақпараттандыру, е-learning электрондық
оқыту жүйесіне көшу;
✓ білім берудің сапа- менеджмент жүйесіне көшу;
✓ үш тілде оқытатын педагогтарды даярлау және т.б.[2]
Егеменді еліміздің ұрпағына саналы тәрбие, сапалы білім беретін болашақ
мұғалім мамандарын даярлайтын республикамыздағы педагогикалық оқу
орындарының қатарында алпыс жылдан астам тарихы бар Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогика институты да бар. Институт ректоры, профессор
Ш.Беркімбаеваның басшылығымен қазақ мектебінің тарихы мен тәжірибесі,
қазіргі қазақ мектебі, тәрбие жүйесінің этнопедагогикалық негіздері мен
оқытудың инновациялық технологиялары, жаңа формациядағы мұғалім даярлау
және ХХІ ғасырдағы қазақ мектебінің моделі жөніндегі көкейкесті мәселелер
жүзеге асырылуда.
Дидактикалық әдебиеттерде инновациялық іс-әрекет - деп педагогикалық
еңбектің өнімділігін сапалы өзгертуге ықпал ететін оқыту мен тәрбиелеудің
жаңа модельдерін, әдістерін құрудың үлгісі деп анықтайды. Бұл жүйе ұдайы
өзгеріп отырады, олардың қарама-қайшылығы мұғалімнің инновациялық іс-
әрекетімен шешіледі.
Мұғалімнің кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетін біз оның
мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесінде кездескен мәселені инновациялық
жолмен шешуі ретінде қарастырамыз.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру.
Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша
біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие.
Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технологияны
өз қызметтеріне пайдалануға жан-жақты дайындық курстарын ұйымдастыруымыз
қажет.
Мұғалiм–ақпараттанушы емес, оқушының жеке-тұлғалық және интеллектуальды
дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық
қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық
бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті:
-мұғалімнің тұлғалық бейнесін анықтау;
-мұғалімдік шеберлік –негізгі сапа
-жаңа заман талабына сай мұғалім моделін қарастыру;
-моделдеу технологияны қолдану саласы бойынша педагог мамандардың
біліктілігін артыру кезеңдеріне тоқталу;
-білім беру жүйесіндегі педагогоикалық жаңа үрдісті қарастыру.
- Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық-технологиялық әлеуеті
ұғымының мәні, ерекшеліктерін түсіндіру;
-бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық-технологиялық әлеуетін
қалыптастырудың педагогикалық алғышарттарын қалыптастыру;

1.1.Мұғалімнің тұлғалық бейнесі
Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушы және іске асырушы жеке тұлға
бұл мұғалім болып табылады. Ол тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін іске
асырады, оқушылардың жан-жақты жеке тұлғалық сапаларды дамыту мен
қалыптастыруға бағытталған, белсенді оқу-танымдық, спорттық сауықтыру және
көркемдік-эстетикалық қызметін ұйымдастырады.
Білім беру мен тәрбие берудегі мұғалімнің шешуші қызметін мектеп
тәжірибесінен алынған көптеген мысалдар мен белгілі педагогтардың айтқан
қағидалары дәлелдейді.
Ян Амос Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық қызметті
атқаратын мұғалімді өте жоғары бағалады. Ол мұғалімнің ролін жоғары бағалай
келіп, былай деп жазды: мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен
қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын
иесі, мұғалімдерге тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш
нәрсе болмақ емес.
Қазақ халқының белгілі ағартушы –педагогі, қазақ топырағында тұңғыш
Педагогика оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев осы аталмыш оқулықтың
кіріспесінде мұғалім туралы: Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы-
мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың
баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі- деп, қазақ мұғалімдерінің
рөлін ерекше бағалады.
Мұғалім- арнайы мамандығы бар және педагогикалық қызметпен кәсіби
айналысатын адам. Кәсіби емес педагогикалық қызметпен барлық адамдар
айналысады, ал тек ғана мұғалімдер педагогиканың заңдылықтарына сәйкес
шәкірттерді қалай, қайткенде дұрыс тәрбиелеуге болады, өзінің кәсіби
борышын сапалы орындау жауапкершілігін белгіленген тәртіппен алып жүруге
болатындығын біледі. Мұғалімдік мамандық әрбір шәкірттің, жас жеткіншек
ұрпақтың, қоғамның және мемлекеттің тағдырына жауапкершілікпен сезінумен
сипатталады.
Тәуелсіз елдің тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің тәртібінде
тұрған күрделі мәселе- білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі
білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім
ордасы- мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім екендігі баршаға мәлім.
Қазақ педагогикасының көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы мұғалім
туралы былай деген болатын-ды: ...мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай
болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көп білім алып
шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді педагогика,
әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Қазіргі мектеп
жағдайында оқыту мен тәрбиенің соңғы тәсілдерін игерген, педагогикалық-
психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты
тәжірибелілік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл
педагог-зерттеуші, сондай-ақ интегративті ойлауға бейім мұғалім қажет.
Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни жас ұрпақты
оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты.
Өйткені ұстаз алдында егеменді еліміздің болашағы- жас ұрпақты оқыту және
тәрбиелеу міндеті тапсырылған.
Халық мұғалімі- жасөспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің
ең қымбаттысы, ең құндысы- балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп
тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін
арнаған адамнан тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор
жан жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап
етеді.
Әркім өзінің мұғалімдерін біледі және есінде сақтайды, ең алдымен
тәжірибесі жоқ абыржыған сәбиге таяқша сызуды, ал сонан кейін әріптер мен
сөздер жазуды, оқып, санауды үйреткен, оның алдынан кітаптар мен
білімдердің құпия да тамаша дүниесін ащқан өзінің тұңғыш мұғалімін біледі
және есінде сақтап жүреді.
Бұдан кейін оқушының жолында көптеген мұғалімдер кездеседі. Олардың
ішінде жақсы көретіндері де, жақсы көрмейтіндері де, баланың жүрегінде
қайсыбір із қалдыратындары да, із қалдырмайтындары да болады.
Нағыз мұғалім деп тәрбиелеушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды
айтамыз. Бұл бас әріппен жазылатын мұғалім, оған сенгің келеді, ауыр
минуттарда онымен ақылдасқың келеді. Бәлкім, әрбір адамның мектеп
қабырғасында өткен өмірінде бейнесі көз алдында мәңгі-бақи сақталып қалған
әлгіндей мұғаліммен кездескен де болар.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі жан-жақты. Ұстаздық қызметтің ең
негізгі міндеті- шәкіртті оқыту, тәрбиелеу, дамыту және қалыптастыру
үрдісін басқару. Оны оқу тәрбие үрдісіндегі басты тұлға ретінде
қарастыруымыз керек.
Мектеп оқушыларының дене және психикалық даму ерекшеліктерін, ақыл-ой
және адамгершілік тәрбиелілік деңгейін, сыныптық және жанұя тәрбиесінің
жағдайын, т.б. білмейінше, дұрыс мақсат қоюды іске асыру, оған жетудің
тәсілдерін таңдау мүмкін емес.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі сан-салалы.
Мұғалімнің еңбегі өзінің мақсаты, мазмұны мен қоғамдағы алатын орны
жағынан ең құрметті деп есептеледі.
Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық
шеберлік, идеялық шыныққандық, саяси-моральдық қасиет, табанды ерік-жігер,
парасатты мінез-құлық талап етіледі.
Мұғалім еңбегінің негізгі объектісі әрі субъектісі бала, ал оның
дамуының, тәрбиесінің заңдылықтарын жете білу бірінші кезектегі міндет.
Осыдан мұғалімді адамтану мамандығының иесі деуге де болады. Мұғалім еңбегі
өте-мөте ептілікті, сезгіштікті, шыдамдықты әрі сергектікті талап етеді.
Мұғалім- бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге
болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам.
В.А.Сухомлинский Менің өмірімдегі ең басты нәрсе не болып еді? Деген
сұраққа ойланып жатпастан-ақ балаларға сүйіспеншілік деген болатын-ды.
Жоғары педагогикалық білім берудің қазіргі жүйесінің мақсаты жаңа
тұрпатты мұғалімнің үздіксіз, жалпы және кәсіптік дамуын қалыптастыру. Ол
төмендегі бағытта сипатталады: [4]
-жоғары азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілік. Ондай ұстаз
еліміздің тыныс-тіршілігіне, балалардың тағдырына қалай болса солай қарай
алмайды. Оның қызметіндегі негізгі бағдары жоғары кәсіби борыш сезімі;
-баланы сүю, балаға жүрек жылуын сыйлауға бейімділігі мен қабілеттілігі.
Баланы сүйе де, түсіне білетін ұстаз олармен, ата-аналармен, әріптестерімен
педагогикалық ынтымақтастыққа бейім келеді;
-шынайы интеллигенттілік, рухани мәдениеттілік, ұжымдық педагогикалық
шығармашылықта өз күші мен қабілетін орынды пайдалана білуге бейім тұратын
ұстаз ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасай білуге
көмектеседі. Ондай ұстаздар балалар үшін үлгі-өнеге болып табылады.
-өз пәнін жете білетін, ғылыми-педагогикалық ойлау стилінің жаңалығы,
жаңа құндылық пен шығармашылық шешімдерді алуға бейімділігі бар. Бір
сарандылық пен формализмге табиғатынан жат, шәкірттермен жұмыста әр уақытта
да дәстүрлі емес шешім алуға даяр тұратын, ізденіс үстіндегі ұстаз.
Қоғамды демократияландырумен қатар бүкіл жоғары педагогикалық білім беру
жүйесін түбірімен жаңартуды қажет етеді. Оның негізіне төмендегі идеялар
мен ұсынымдар жатады:
• жоғары педагогикалық білім берудің үздіксіздігі;
• кәсіптік-педагогикалық бағдарлау, базалық-кәсіптік даярлау,
мұғалімді кәсіптік жетілдіру;
• шығармашылық қызметке бағдарлау, әрбір мұғалімді
қайталанбайтын тұлға ретінде қарастыру, оны даярлауда
саралап, жеке шығармашылықпен қарауды қамтамасыз ету;
• жоғары педагогикалық білім беруді жаппай ізгіліктендіру
жағдайында мұғалімнің жеке басының әлеуметтік адамгершілік,
жалпы мәдени және кәсіптік дамуының бірлігі;
• жоғары педагогикалық білім беруді ізгіліктендіру, қарым-
қатынас, әлеуметтік шығармашылық субъектісі ретінде жеке
тұлғаға құрметпен қарау;
• қазіргі уақыт талабы болашақты жобалауға сәйкес мұғалім
даярлаудың мазмұны, түрлері мен әдістеріндегі өзгерістерінің
ашықтығы, икемділігі, әрнұсқалылығы.
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде
тұрған келелі мәселе- білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі

ордасы- мектеп, ал мектептің жаны мұғалім екендігі бәрімізге мәлім.

оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Өйткені
ұстазға егеменді еліміздің болашағы- жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу
тапсырылған. Сондықтан ХХІ ғасырдың мұғалімін даярлауға қойылатын талаптар
студенттерді- ертеңгі ұстаздарды оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра
отырып, қазіргі уақыттағы мектеп талабына сай кәсіптік дағдыларын игеруге
бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.
1.2.Мұғалімдік шеберлік – негізгі сапа
Ерекше педагогикалық таланты бар мұғалімдер, тумысынан дарынды
мұғалімдер бар, мұндай мұғалімдер өздерінің оқу-тәрбие жұмысындағы бүкіл
жолында табысқа жетіп отырады.
Тәжірибеде кез-келген мектептің ұжымымен балаларды қызықтыра білетін,
сабақтарында әрдайым тамаша тәртіп болатын, мектепте бәрі солардың айтқанын
істейтін, қисық-қыдыр оқушыларды соларға жөнге салуға жіберетін талантты
мұғалімдерді табуға болады. Олардың шәкірттері әйтеуір бұлардың беделін
бірден мойындап, түйсігімен сезінеді, оған мойын ұсынады. Әрине, мұндай
мұғалім баланың жүрегінде айтарлықтай із қалдырады. [5]
Шеберлік дегеніміз- қол жеткізуге болатын нәрсе,- деп жазды А.С.
Макаренко, - атақты шебер токарь, тамаша шебер дәрігер болатыны сияқты,
педагог та тамаша шебер бола алады және болуға тиіс те. Біздің бәріміз
де бірдей адамдар екенімізге кәміл сенімдемін. Мен 32 жыл жұмыс істедім, ал
азды-көпті ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген әрбір мұғалім, жалқау болмаса,
шебер болып алады. Ал сіздердің, жас педагогтардың әрқайсысы біздің
ісімізді тастап кетпесе, міндетті түрде шебер бола алады, ал оның
шеберлікті қаншалықты меңгеруі- оның өзінің табандылығына байланысты
болмақ.
Әрине шеберлік жылдар өткеннен кейін барып келеді. Педагогикалық
стаждың әрдайым белгілі дәрежеде мұғалімнің кәсіптік шеберлігін
сипаттайтыны тегін емес.
Адамның бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы
педагогтік шеберлікті меңгеруге көбіне көп әсер етеді.
Мұғалімдік бейімділік дегеніміз өз пәнін жете білетін, психологиялық-
педогогикалық теорияны және оқу-тәрбие ептілігі мен дағдысын жақсы
меңгерген, сонымен қатар біршама дамыған кәсіби-тұлғалық қасиеттері мен
сапаларының жиынтығы, сайып келгенде, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді іске
асыра білетін мұғалімнің кәсіби шеберлігінің деңгейін айтамыз.
Мұғалімдік бейімділік- кәсіби шеберлігінің негізі А.С.Макаренко дауысты
ұстай білу өнері, сыңай білдіру, көз тастау өнері, тағы сол сияқты
оқытылатын актерлер даярлайтын оқу орындарының тәжірибесінен үйренуге кеңес
береді.
Мұғалім үшін дауысты билей білудің зор маңызы бар. А.С.Макаренко
дауысты мұғалімнің жұмыс аспабы деп атады, ал бұл аспапты арнайы түрде
ұштап отыру керек.
Мұғалімнің кәсіби қызметінің ең жоғарғы деңгейі педагогикалық
жаңашылдық – адамдардың жаңа жасампаздық қызметі. Осы ұғым латын тіліндегі
novato сөзінен шыққан, қазақшалағанда жаңарту, яғни адамдардың белгілі бір
іс-әрекет саласында адамның жаңа, прогрессивті принциптерді, идеяларды,
тәсілдерді енгізеді және іске асырады.
Бұл анықтама педагогикалық жаңашылдыққа тікелей қатысы бар. Ол оқу-
тәрбие үрдісіне жаңа, прогрессивті идеяларды принциптер мен тәсілдерді
енгізу және іске асыру болып табылады. Мәселен, жаңашыл-педагог Игорь
Петрович Волков – орта және жоғары сынып оқушылары үшін шығармашылық
тапсырмалар әдістемесін жасады. Оның мәні мынада: мұғалім оқушыларға
көптеген шығармашылық тапсырмалар береді, ол негізінен қағазбен, картонмен,
ағашпен , металмен, пластмаспен жұмыс істеу, сурет пен картиналарды жасау,
әдебиетте, өнерде өз күшін байқап көруді қамтыды.
Бұл тапсырмаларды орындау ерікті сипатта болды, әрбір оқушы тапсырманың
түрін өз жүрек қалауымен өздерінің бейімділігіне сәйкес таңдай алады.
Осындай жұмыстың түріне араласа отырып, олар бірте-бірте өз қызығушылығын
анықтайды, қабілеттері мен талантын дамытады.
Мұғалімнің кәсіптік өсуінің келесі сатысы педагогикалық шеберлік.
Шеберлік- бұл әр уақытта да жетілдіріліп отыратын тәрбие және оқыту өнері.
Өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті маман, өз пәнін жетік білетін, ғылым
мен өнердің белгілі салаларынан хабардар, жалпы психология, әсіресе,
балалар психологиясын жақсы меңгерген, оқыту және тәрбие әдістемесін терең
білетін педагог. [9]
Мұғалім шеберлігінің негізінде сондай-ақ оның өз пәнін және оқыту
әдістемесін терең білуі де жатады. Өз пәнін еркін білуі ғана оқушылардың
білімге деген ынтасын туғызып, мұғалімге және оның талаптарына құрметпен
қарата алады. Оқушылар мұғалімнің нашар білетінін, оның сабақ бере
алмайтынын ешқашан кешірмейді.Әлбетте, мұның орнын еш нәрсемен толтыруға
болмас.
Жақсы шебер мұғалім дегеніміз баланың психологиясын, балалардың жас
ерекшеліктерін және тіпті әрбір баланы жеке-жеке жақсы білетін ойлы,
байқағыш психолог.
Балалар мұғалімнің әділдігі мен адалдығын, сөзінде тұра алатынын,
уәдесін орындайтынын өте бағалайды.
Әділеттілік бәрінен де гөрі баға қоюдан, көтермелеу және жаза беруден,
қоғамдық тапсырмаларды бөлу мен бағалаудан айқын көрінеді. Балалар
әділетсіз атаулыны өте сезгіщ келеді. Ал әділетсіздіктің көзі екінің
бірінде балаларды, олардың тұрмыс жағдайларын, белгілі бір тәртіпсіздіктің
шығуына себеп жағдайларды нашар білуден болады.
Педагогикалық әдеп- мұғалімнің аса бағалы педагогтік қасиеті, бұл
қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз
эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді, ең алдымен оқушылардың психологиясын
терең біліп, түсінуге негізделеді.
Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техниканы меңгерудің өте зор
маңызы бар. Осы ұғымға байланысты мәселелер А.С.Макаренконың еңбектерінде
неғұрлым толық, әрі айқын талданған. Педагогикалық институттардың болашақ
мұғалімдерді даярлаудағы кемшіліктеріне тоқтала келіп, А.С.Макаренконың
ойынша, жоғары оқу орындарында оқитын педагогтарды басқаша тәрбиелеу керек
еді деп көрсетті.
Ол қалай тұру, қалай отыру, столдан қалай тұру, дауысты қалай көтеру,
қалай жымию, қалай қарау сияқты.
Жақсы шебер мұғалім оқушылармен қарым-қатынастарда белгілі сыңай да
жасай алады.
Ұжымдағы қатынас, стиль сыңай деген еңбегінде А.С.Макаренко былай деп
жазды: Балалармен сөйлескен кезде мұғалім жадырап, жымиып тұруы тиіс, ал
бұл күлкісі жасанды болмай, сезімге толы жұмсақ күлкі болуы тиіс.
Ол мұғалімнің сыртқы кейпіне ерекше мән берді: Мен сыртқы кейпіне баса
назар аудардым. Сыртқы кейпі адамның өмірінде зор маңыз алады. Лас, салдыр-
салақ адам өзінің жүріс-тұрысын қадағалап жүреді деп ойлау қиын.
Педагогикалық шеберліктің мәні-мұғалімнің жеке мәдениетінің, білімінің
және ой-өрісінің өзіндік жиынтығы, оның жан-жақты теориялық даярлығы, оқыту
және тәрбиенің тәсілдерін, педагогикалық техника мен алдыңғы қатарлы озат
тәжірибені меңгеру. [12]
Педагогикалық техника жекеленген оқушыларға, сонымен қатар жалпы
балалар ұжымына педагогикалық әсер ету, әдістерін тәжірибеде тиімді қолдану
үшін педагогке қажетті білімнің, ептіліктің, дағдының кешені.
Педагогикалық техниканы меңгеру- педагогикалық шеберліктің құрамды
бөлігі. Педагогика мен психологиядан терең де арнаулы білімді, сонымен
қатар тәжірибелік даярлықты қажет етеді.
Педагогке ең алдымен, балалар мен қарым-қатынас мәдениетін меңгеру, тон
және қатынас стилін таңдай білу ептілігі қажет. Балалармен қарым-қатынаста
қарапайымдылық, табиғилық керек.
С.А.Назарбаеваның Ұстаздан ұлағат атты кітабында: Тәрбие
дегеніміздің өзі ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту,
сезімді тәрбиелеу-баланың қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін
қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз.
Мұғалімнің шеберлігін дамытуға қажетті факторлардың бірі-біліктілікті
артыру ісін оның өзін-өзі дамытатындай етіп ұйымдастыру. Ол үшін мына
төмендегі ережелерді еске алу қажет:
-тұлға –қайталанбайтын ерекше тұтастық, оны сол тұтас күйінде зерттеу
керек;
-адам табтғатында оның өзін-өзі жетілдіру, дамытуға ұмтылысының негізі
қаланған (А.Маслоу).
-тұлғаның өзін -өзі дамытудың қозғаушы күші – оның алдында үнемі жаңа
мақсаттар қойып, оған жетуге ұмтылдырып отыратын мотивтер, құндылықтар.
Барлық мотив ішіндегі ең ернкешеленетіні –өсу мотиві Оларды үнемі қолдап
құнарландырып отыру қажет.
-адамның ішкі әлемі сыртқа әсер етушілерге қарағанда оның мінез
құлқына әлдеқайда күштірек әсер етеді (Г.Олпорт).
-тұлғаға жанама әсер ету керек, ол тұрпайылықты көтермейді.
Біліктілікті артыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеті білім беру
жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуына құрал болып
табылады. Мұғалімдердің шеберлігін, біліктілігін артыру барысында
шығармашылық әлеуетін дамыту білімнің акмеологиялық, синергетикалыұқ,
аксиологиялық, андрогогикалық негіздерінің жиынтығын жүзеге асыру
жағдайында нәтижелі болады.
Педагогикадан, негізінен, оқыту тәрбиелеу және дамыту әдістеріне,
сондай-ақ оларда білік пен дағдыларды қалыптастыруға көбірек көңіл
бөлінеді. Әрине, олардың мәнділігін кемітуге болмайды.
Бірақ , педагогтер өз әрекетінде бірдей әдістеріді қолданғандығына
қарамастан, бірдей нәтижелерге жете бермейтіндігіде белгілі.
Оқыту әдістері педагогтың тұлғалық сапаларымен тығыз байланыста өзара
әсерлесіп отырады.
Мұғалімнің тұлғалық сапалары сабақта төмендегідей көрініс береді.
▪ оқушыны тұлға ретінде қабылдау, оның табысқа
жететіндігіне сендіру және мүмкіндіктерін көре білу оны
нығайтып отыру;
▪ мәлімметерді қысқаша түрде беру арқылы оған әлсіз
оқушының да , күшті оқушының да қол жеткізуіне мүмкіндік
туғызу;
▪ жаңа жағдайларға тез бейімделіп, сабақты оңтайлы қайта
құра білу;
▪ мейірімді бірақ талап қоя білу;
▪ оқушыны білім алуға жұмылдыра білу;
▪ оқудағы қиындықтарды алдын-ала білу, сол қиындықтарды
жеңуге бағыт беріп отыру;
▪ өз жұмыстарының кемшілік жақтарын көре білу, оны жойып
отыруға ұмтылу.
Педагогтың сезімталдығы оқушыларда біліктерді қалыптастыру кезінде
оқушының әрбір жауабынан жақсы, айрықша нәрселерді іздеп тауып отыруынан
көрінеді. Педагог әрбір оқушы бөтенге ұқсамайтын қайталанбас тұлға
екендігін түсінуі тиіс.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздардың қолында деген Елбасы Н.Әбішұлы Назарбаев мұғалімдердің II-
съезіндегі сөйлеген сөзінде. Мұғалім мектептің жүрегі десек, мектеп
әдістемелік жұмыс орталғы, өйткені мұғалімнің кәсіби өсуі күнделікті
педагогикалық жұмыс барысында жүзеге асырылады. [11]
Мұғалімнің кәсіптік қажеттілігін анықтауда оның еңбегінің нәтижесін жан-
жақты талдай отырып, диагностикалық зерттеу жүргізілді. Мектепте
мұғалімдерді ғылыми –ілімдік, мәдени деңгейлерін, кәсіптік,әдістемелік
шебердіктерін көрсететін Педагогикалық кәсіби қызметті картасың
жасалынып, 28 параметр бойынша жоғары, жеткілікті, қанағаттанарлық,
төмен деп бағаланулары арқылы оларды Талапкерлер, Ізденімпаздар,
Шеберлер, Шығармашылдар, Жанашылдар топтарына бөліп әдістемелік
жұмысты деңгейлік негізде жүргізілуде.
Мектепте мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін арттыруда әдістемелік
жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке белсенді түрлері, әдістер жиынтығы кеңінен
қолданылуда.
Ойымызды қорыта келе айтарымыз, мұғалімдердің оқыту үрдісіне жаңаша
көзқарас қалыптасып, педагогикалық мәдениеті мен шығармашылық ізденіс
жағдайы артты. Технологияны меңгеру мәдениеті қалыптасып, оқушылардың
қабілеті мен мүмкіндігі ескеріле отырып, саралай қатынас жасауға жол
ашылды.
Жаңа технология мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік,
рухани-азаматтық келбетінің қалыптасуына әсер етіп өзін-өзі дамытып, оқу-
тәрбие үрдісін ұйымдастыруға көмектесті, мұғалімнің жеке тұлғасы мен
кәсіптік мәдениеті артты, әлеуметтік беделікөтерілді. [15]
Технологияларды енгізу арқасында оқу процесінің деңгеі көтерілді.
Нәтижесінде қазіргі талапқа сай өзін-өзі көрсетуге қабілетті, шығармашылық
тұрғыдан дамыған, әлеуметтік қалыптасқан тұлға тәрбиеленуде. Олай деудің
дәлелі: соңғы екі жылдың нәтижесін алғанда оқушылардың білім сапасы артып,
шығармашылық қабілеттері жетілді.

ұғымының мәні, ерекшеліктері
Кәсіптік қызметті білім берудің жаңа жағдайында жүзеге асатын,
дәлірек айтқанда мұғалімнің ішкі әлеуетін жан-жақты дамытып, оны кәсіптік
қызметте жүзеге асыруға жағдай жасауға, лайықты гуманистік жағдайға мұғалім
дайындау проблемасы, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу проблемасы бүгінгі
күні қоғамның, мемлекеттің, мектептің назарында. Оларды жаңа талаптарға
сай, жетістіктеріміз бен өткеннен алған сабақтарымыздың әлеуметтік-
экономикалық өзгерістерінің аясында шешуіміз керек.
Кәсіптік-педагогикалық қызметтің сипатының күрделенуіне, қарым-қатынас
және әлеуметтік байланыстардың деңгейінің кеңейуіне байланысты адамдардың
терең жауапкершілігіне, күрделі мақсаттарға, айналадағылармен дамыған қарым-
қатынасына байланысты интеллектуалдық, психикалық, рухани мүмкіндіктерін
жинақтауға және дамытуға деген қажеттілік арта түседі.
Кәсіптік педагогикалық қызметтің процесінде бар мүмкіндіктер
ғана жүзеге асырылып қоймайды. Әлеуеттің ішкі құрылымдық компоненттерінің
виртуалдық жағдайдан, нақты жағдайға өзара өтуін сипаттайтын байланыс, даму
процесінің нақты мүмкіндіктерін көрсетеді. В.Г.Ананьев еңбектерінде әлеует
мүмкіндік, қайнар көз қор ретінде қарастырылып, оларды нақты мақсатқа жету,
міндеттерді шешу, еңбектің өнімділігін арттыратын тұлғаның ішкі күш-қуаты
ретінде қолданады. Б.Г. Ананьев адам туралы ғылымның негізгі мақсаты
қызметтің субъектісі адамның әлеуеттік және актуалдық мүмкіндіктерін
зерттеу болып табылады деп анықтаған [16]. А.Г.Ковалев, В.Н. Мясищев [17],
Н.В. Кузьмина [18], Л.И. Уманский [19], адамды зерттеу проблемасын еңбек
субъектісі тұрғысынан қарастырып, оның тәжірибесіне, шеберлігіне,
даярлығына сипаттама берілмеді. Еңбек сферасында жалпы және кәсіптік
бейімділік болып көрінетін жеке тұлғаның ішкі резервтерінің мүмкіндіктеріне
тоқталған. Л.В. Сохань әлеуетті белгілі бір қызметті ұйымдастыруға, және ол
ресурстарды ортаның өзгеруіне байланысты қолдана білу қабілетін жеке
тұлғаның ресурстарының жиынтығы деп анықтайды [20].
Өткеннің позициясы тұрғысынан әлеует, педагогтың қалыптасуы кезінде
жинақталған нақты күштердің жиынтығы деп қарастырылса,бүгінгі күнгі позиция
олардың тәжірибелік қолдануының нақты мүмкіндіктерін өзектендіру процесіне
көңіл бөледі [21]. Әлеует ұғымы резерв ұғымымен дәл келіп, жүйенің
жұмыс істеуін толық қамтамасыз ететін, пайдаланбаған мүмкіндік, мықтылық
қоры деген мағынаны білдіреді. Әлеует мәні жеке тұлғаның қызметті
ұйымдастыруға, ресурстарын қолдану қабылеттеріне мүмкіндік беретін
сапаларының жиынтығында. В.П.Сазоновтың пікірі бойынша, жеке тұлғалық
әлеует негізінде дамудың басты нысаналары болып саналатын, адамда келесі
негізгі сфераларды анықтауға болады:
-интеллектуалдық сфера;
-дене тәрбиесі сферасы;
-мотивациялық-қажеттілік сферасы;
-образдық, шығармашылық-жобалау сферасы;
-эмоционалдық-сезімдік сферасы [22].
Әлеует негізінің ғылыми зерттелуі, оның білім және халықтың
тәрбиелік деңгейін көтеру үшін маңызы зор екеніне куә боламыз. Педагог
мамандар даярлауының сапасын, адами әлеует дамуымен, қалыптасуының деңгейін
көтеруге ықпалын тигізеді [23].
Біздің зерттеуіміз Б.Г.Ананьевтің, Н.А.Бодалевтің және басқалардың
зерттеулеріне сүйенеді. Аталған бағыт әлеуетті мамандардың психологиялық-
педагогикалық мүмкіндіктері қарастырады, адамның индивид, субъект, тұлға,
дара ретінде өзгеруі мен қалыптасу тұрғысынан адамның әлеуеттік
мүмкіндіктерінің негізгі көрсеткіштерін бөліп көрсетеді. Жеке тұлғаның
әлеуетінің үш жақты табиғаты бар-биологиялық, психикалық, әлеуметтік.
Биологиялық табиғатының негізі болып индивид категориясы табылады, ол
адамның генетикалық табиғатын анықтап, оның психикалық дамуының негізі
болады. Адамның психикалық табиғатының негізін субъект категориясы құрайды.
Оның негізгі көрсеткіші болып көңіл-күйі, шаршауы, жұмыс істеу қабілеті
табылады. Адамды психикалық табиғаттың категориясы ретінде сипаттайтын
негізгі ерекшелік -оның белсенділігі. Адамның биологиялық және психикалық
табиғаты жеке тұлғаның психо-физиологиялық әлеуетін құрайды. Индивид
ұғымы оның тарихи-биологиялық мәнін толық сипаттайды. Индивидтің негізгі
ерекшелігі тұқымқуалаушылық болып табылады. Тұқым қуалаушылық адамның
өмірінің генетикалық бағдарламасын анықтап, оның психикалық дамуының алдын
ала табиғи жағдайы болып табылады. Тұқым қуалаушылықтың көлденең көрінісі
болып психикалық процестерді өту ерекшеліктері табылады [24,25].
Биологиялық табиғаттың көрсеткіштері, категориялары, ерекшеліктері,
адамның психикалық табиғатымен байланысты. Субъект адамның психикалық
табиғатының негізгі категориясы болып, адамның белсенділігінің негізі
ретінде қарастырылады. Белсенділік адамның психикалық табиғатының негізгі
ерекшелігі болып, оның арнайы белсенділігін қоршаған ортамен байланысудың
барлық түрінде жүйелі ашып, оның нәтижесінде индивид субъектіге айналады.
Осыған байланысты біз адамның психикалық табиғатының көрсеткіштерін
анықтадық: өзін-өзі сезінуі, шаршауы және жұмыс істеу қабілеті. Адамның
биологиялық және психикалық жағдайының аталған көрсеткіштері жалпы –
денсаулық деп белгіленген шаршау көрсеткіші ерекше рөл атқарады. Шаршау
адам ағзасының барлық жуйесіне ықпал етеді. Шамадан тыс шаршау,
мүмкіндіктерді тым асыру, адам ағзасының физиологиялық резервтерінің
азаюына апарып, әр түрлі ауруларды қоздыру қаупі туады. Қазіргі ғылымда
денсаулықты жұмсау көлемінің бағасы ұғымы бар, бір сөзбен айтқанда
маманның педагогикалық қызмет процесінде жұмсайтын биологиялық және
психикалық мүмкіндіктері.
Педагогикалық қызмет – адамның басқа да қызметтері сияқты оның
физикалық және психикалық жағдайына байланысты қажетті дәрежеде жұмсалған
мүмкіншіліктерінің мөлшеріне қарай энергетикалық шығындарды талап етеді.
Тұтасымен алғанда адамның физикалық және психикалық табиғаты соның ішінде,
адамның физикалық және психикалық табиғаты шектелген ептілік және шартты
мінездегі психофизиологиялық сипаттаманы біріктіреді [26].
Адам табиғатының (физикалық) биологиялық сараптамасы, оның тіршілік
ету барысындағы белсенділігін анықтайды. Адам табиғатының әлеуметтік
қалыптасуы оның қоғаммен өзара қарым-қатынасында анықталатын жеке тұлғаның
категориясы болып табылады. Жеке тұлға әлеуметті – мәнділік сапасының
қалыптасуымен сипатталады. Адамның жеке тұлғаға айналуы қоғамда қалыптасқан
қызмет барысындағы әлеуметтендіру, мінез - құлықтарын және ережелерін
меңгеру, тұжырымдау, ұғыну және қоғамда – тарихи тәжірибиесін жүзеге
асыруда қалыптасады.
А.Н.Леонтьев бұл туралы ең айқын теориялық талдау жасаған, яғни жеке
тұлғаның шынайы негізі – оның әр түрлі қызметі кезінде іске асатын қоғамдық
қатынастар жиынтығы. Адам табиғатының әлеуметтендіру барысында оның
қабілеті мен бағытын көрсететін мақсаты, дәлелі, мағынасы сияқты
ерекшеліктері айқындалады. Жеке тұлғаның қасиеті, адамның белсенді қызметі
кезінде және әр түрлі әлеуметтік, кәсіби – педагогикалық міндеті атқарғанда
дамиды [17].
Кәсіби өсу процессінде адамның іске асатын және болашақтағы
мүмкіндіктерді, яғни жеке тұлғаның әлеуетін қоса алғандағы қызмет
бағдарламасын жасап түзету пайда болады. Осындай мүмкіндіктерді іске асыру
сана мен жігерлік бірлігінің негізгі принципіне алып келеді.
Әр түрлі қызметі арқылы адамның өмірге деген қоғамдық
қатынастарының бәрі жүзеге асады. Дәлелі, талабы, мақсаты бар адам
әлеуметтендіру процесінде өзін-өзі алып жүре алатын субъекті ретінде
көрінеді. В.В.Давыдов әлеуметтік – ортаны және оның нақты жағдайларын жеке
тұлғаның өсіп өнуі мен әлеуеттік мүмкіндіктерін байланыстыратын фактор
ретінде қарастырады [18].
Адам қызметінің белсенділігі туралы тек қана оның
мақсаты,дәлелі және мағынасының айқындығы жеткілікті анықталғанда ғана
айтуға болады.
Нәтижелі кәсіби қызметке дайындық алдын ала қалыптасады, сонан
соң, оның жетілуі мен кәсіби әлеуетіне сәйкес өздігінен қызмет ету
барысында дамиды.
Адамның мұндай әлеуеті мен қоры, жалпы және кәсіпті еңбекке
қабілеттілігі түрінде оның кәсіптік қызметінің нәтижелілігін көтеру үшін
маңызды. Шығармашылықлық қызмет аумағындағы арнайы әлеует педагогикалық
сияқты зор қабілеттілік болып табылады.
Отандық психологияда жеке адамды сипаттайын, негізінен, бағыттылық.
Бұл дегеніміз, сыртқы әсер мен (тәрбие, оқу – ағарту ісі т.б.) ішкі
жағдайлардың әсерінен (жеке тұлғаның дара ерекшеліктері) қалыптасатын бір
салаға жинақталған ағарту ісі. Жалпы бағыттылық – жеке тұлғаның ішкі
жағдайлары арқылы енген сыртқы әсер [19].
Бағыттылық – жеке тұлғаның психикалық құрылымын анықтайтын, бір
жүйе түзетін қасиет. Б.Ф.Ломов атап көрсеткендей, адам қызмет еткенде
осындай қасиеттің арқасында түрлі шындыққа деген субъективті қатынасы,
дәлелі, мақсаты ашылады [10].
Адам бағытын меңгеру сана мен іс-әрекеттің бірігу принципіне
негізделген. Адамның жеке тұлғасын іс-әрекетінде көру қажет, себебі жеке
тұлға - бір жағынан іс - әрекет жағдайы, екінші жағынан - оның жемісі.
Мұндай жағдай оқуда, еңбекте, спортта жеке тұлғаның бағытын меңгеруге негіз
болып табылады. Сондықтан да, бағыттылықты кәсіби-педагогикалық қызметте
айқындауға болады.
Кәсіби бағыттылық адам үшін өте маңызды жетекші рөл атқарады. Ол
айтарлықтай дәрежеде жеке тұлғаны қалыптастыруды, өзек секілді оның
айналасында қалыптасып, топтасады және ең жақсы сапасы мен қасиеттері
дамиды. Кәсіптік-педагогикалық бағыттылық ұстаздың өз қабілеттілігін
көрсете білетін және мамандығын шығармашылық тұрғыдан игере алатын, алда
жүретін жеке тұлға сипатында анықталады [3].
Жеке тұлға дәрежесін сараптау оның негізгі белгілері мен
қызметіндегі субъект пен пенде сипатын меңгеру негізіндегі көрсеткіштерін
тұтастай алғанда психологтық-педагогикалық әлеуетке біріктіруге мүмкіндік
береді [25].
Адамның биологиялық, психикалық және әлеуметтік табиғатын
меңгеріп сараптау қызмет барысында және қоғамдық – тарихи мәдениет
өкілдерімен қатынасында мәдени және басқа да заттар түрін: құрал –
саймандар, қоғамдық қызметтің барлық түрін, тілін, білімін, дағдысын қоса
алғандағы қалыптасқан өзіндік жеке қасиетін анықтауға мүмкіндік туғызады
.
Біз қарастырып отырған даралықтың бағыты оның білімін,
іскерлігін (қызмет барысындағы) тәжірибесін және т.б. секілді жетістіктерін
айқындап беруге мүмкіндік береді.
Жеке тұлға әлеуеті туралы ұғым оның қасиеттерінің қалыптасуы мен
әлеуметтік келешегінің өркендеуі жағынан алып қарағанда ұстаздың бар
мүмкіндіктерін танытады [23]. А.А.Молдажановтың жұмысында көрсетілгендей
жеке тұлға әлеуеті кез келген мәселені ойдағыдай шешуге болатын қорлары,
мүмкіндіктері, қабілеттіліктері бар – жалпы факторлар жинағы [34].
Аталған жұмыстарда әлеуеті ұғымы анықталған жағдайлар мен
жүйенің үйлесімді жұмыс істеуі арасындағы сәйкестік қатынасын білдіретін
нақты даму шамасы ретінде қарастырылған.
Л.И.Иванько, В.Г.Нестеров жұмыстарында теориялық және
операциялық жоспарда жеке тұлға әлеуеті кәсіптік іс-әрекетте адамның бүтін
бір субъект күйіндегі адам факторына бағытталған [24,124].
Ол шығармашылықта өзін көрсете білу, қоғамдық өз қабылдауына,
адамның маңызды күшін өзінше жүзеге асыруға бағытталған адам әрекетінің
рухани ішкі энергиясы ісіне өз сенімділігіне, өз орындауына бағытталған
қызмет бағдарын сипаттайды.
Ұстаздың жеке тұлға әлеуеті деген ұғым қоғамдық және жеке тұлға
қажеттілігінің ең жоғары дәрежедегі сәйкестігін сипаттайтын, қатынастары
мен оның өзіне тән ең маңызды деген қасиетінің эталоны болып саналады. Жеке
адамның әлеуеті деңгейінің критерийі дегеніміз, оның физикалық және рухани
күшін, шығармашылық қайратын жұмсаудағы сапалы ерекшеліктері. Бұл ерекшелік
ұстаздың кәсіптік педагогикалық қызметінің жетілуінде, қажеттілігі сияқты
қызметіне деген көзқарасын қалыптастыру дәрежесінде нақты орын алады. Я. Ф.
Аскин танымы бойынша, педагог әлеуеті тәжірибе ісінде ақиқаттандырылған
нақтылы мүмкіндіктер сияқты қалыптасу сатысында тұрған перспективалы ара
қатынаста болатын мақсатты бағдар [28].
П.Тереховтың пікір бойынша педагогикалық жеке тұлға әлеуеті көптеген
жағдайларға байланысты:
- адамның педагогикалық еңбекке бейімділігі;
- кәсіптік және педагогикалық дайындығының үйлесімділігі;
- физикалық және ақыл-ой қабілетінің үйлесімділігі;
- басқару және атқару функцияның үйлесімділігі;
- шығармашылық және шығармашылық емес элементтердің үйлесімділігі;
- ұстаздың өнегелік – дүниетанымдық бағыттылығы;
- рухани – жеке тұлға қажеттілігі мен қабілеттілігі;
- өмірдегі өз ұстанымы;
- құндылықтың сананың бір түріне әсер ету дәрежесі [15].
П.Терехов ұсынған педагогикалық әлеуеті тұжырымдамасы
шығармашылық элементтердің үйлесімділігі, ұстаздың өнегелік-дүние танымдық
бағыттылығы, рухани жеке тұлға қажеттілігі мен қабілеттілігі, өмірдегі
басым бағыттар мен құндылықтың санаға әсер ету дәрежесін мұнан былай
тәрбиелеушілік әлеуеттің негізі ретінде қолданылды. Жеке тұлға әлеуеті
ұғымының тиянақты сараптамасы бұл ұғымның көпжоспарлы және құрама,
мұғалімінің мүмкіндіктері мен болмысының диалектикалык байланысы арқылы іс
қабілетінің дамуы мен қалыптасуы жайында толық мәлімет береді:
- физикалық психикалық және әлуметтік тұрғыдағы
психофизиологиялық әлеует;
- мазмұнын және мақсатты біріктіретін психологтық – педагогикалық
әлеует;
- білім беру, тәрбиелеушілік және ұйымдастырушылықты интегралдайтын
әлеуметтік- педагогикалық әлеует [25,10].
Біздің зерттеулерімізде жеке тұлға әлеуетінің құрамындағы
тәрбиелеушілік әлеуеті біріктіретін, әлеуметтік-педагогикалық әлеуетке
ерекше көңіл бөлінген.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттердің сараптауы бойынша, тәрбиелеу
әлеуетін есептемегенде, әлеуметтік жеке тұлға әлеуетінің барлық
элементтері, қалай болғанда да ғалымдардың назарынан тыс қалмаған. Сонымен
тәрбиелеу әлеуеті, бірқатар себептерге байланысты, отандық және шетел
ғылымда жеткілікті зерттелмеген, дегенмен, қазіргі заман шындығы секілді,
атап айтқанда, әлемдік тәжірибеде ағарту ісі мен тәрбие, білім берудің жаңа
парадигмасы, ең басты жетістігі жеке тұлға - адам ретінде тану, тәрбиелеу
барысындағы ең басты тәрбие құралы мұғалімінің жеке тұлғасы болуы шарт. Сол
себебті тәрбиелеу әлеуеті біз үшін ерекше назарда болады.
К. Роджерс жеке тұлға қалыптасуы мәселесіне көңіл қоя отырып, сезімнің
дұрыс, үйлесімді дамуы негізіндегі оның өнегелік бағыты туралы атап
көрсеткен. [15].
Осыған байланысты В. П. Созонов мұғалімнің өнегелі әлеуетіне назар
аударады. Оның пікірі бойынша, өнегелі мәдениеттің үйлесімді түрін іздеу,
өзіндік өнегелі құндылықты жасау,мұғалім–тәрбиешінің өзін-өзі тәрбиелеу
жұмыстарының мазмұнын құрайды. В.П.Созонов мұғалімнің өнегелі әлеуеті
туралы айта келе өнегесіз, қайырымсыз адам тәрбиелей де алмайды деп
ескертеді. Мұғалім нақты, өнегелі құндылықтардың иесі болу керек, өйткені
тәрбие дегеніміз – тәрбиелеушіге өзіменен, өз құндылықтарымен және
қатынасымен ықпал етуі [22].
Т.И.Мальковская мұғалімінің іс-әрекетінде маңызды орынды шығармашылық
әлеуетіне береді, себебі қазіргі заман адамына іс-әрекетке, бірлесіп еңбек
етуге шығармашылық тұрғыдан келудің әлсіреуі көбірек соққы болады.
Шығармашылық әлеуеті қоғам дамуының қозғаушы күші ретінде қарастырылады.
Шығармашылық әлеуеттің артуы, мұғалімінің шығармашылық қызметке қабылетін
қамтамасыз ететін, білім берудің дамуының деңгейіне байланысты.
Шығармашылық әлеует деңгейі бастауыш сынып мұғалімнің дайындығын бағалаудың
бір бағыты болады [20].
Дербес сипатта болатын коммуникативті әлеуетті, Т.И.Мальковская қарым-
қатынасты ерекшелендіретін немесе қиындататын қасиеттер жиынтығы ретінде
қарастырып,оның негізінде, жеке адамның коммуникативтік қасиеттері
қалыптасады, деп анықтайды [ 27].
Жоғарыда айтылғандарды қорытындай келе, адамдардың шығармашылық қуатын
еселейтін және оны еліміздің қажетіне пайдалануға көмектесетін
құрылымдарды өзіміз жасауымыз керек. Т.А.Ильина шығармашылық энергияның
генерациясын шығармашылық ойлаудың экономикалық бостандығымен
байланыстырады, ол қоғам мен жеке тұлғаның үйлесімді және қалыпты дамуына
апарады [13].
О.Н.Крутова жеке тұлғаның дамуын қарастырып,оның мәні
сапаларының функционалдық жетілуінде емес, тұлғаның саналы және белсенді
шығармашылығында,толық қызметінде,ең жақсы қабылеттерінің жан-жақты көрініс
табуында деп нақтылайды да, шығармашылық әлеуетті, педагогтың
шығармашылық, нақты айтсақ, өндірістік қызметке қабылеттілігі және
мүмкіндігі ретінде қарастырады [15].
Ұстаздық іс-әрекетте және оған мамандарды дайындауда шығармашылық
әлеует маңызды орын алады дей отырып, Н.Э.Пфейфер ұстаздың даралылығының
орын алуының ерекшеліктерінің бірі деп педагогикалық теорияда проблемаларды
шешудің жаңа әдістерін ойластыру сияқты, шығармашылық қызметтің тәжірибесін
атайды [27].
А.Әбілқасымова гуманитарлық білімнің негізгі идеясын қарастыра
отырып, педагогтың шығармашылық мүмкіндіктерінің белсенді түрде дамуы, оның
интеллектуалды-адамгершілік бостандығы қоғамда болып жатқан өзгерістер
сараптамасының негізінде адамзат мәдениетінің қазынасына белсенді түрде
тартуда жүзеге асатынын ерекше атап өтті. Педагогтың шығармашылық жаңару
позициясының қалыптасуы ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениеттің
құндылықтарын игеру барысында жүзеге асады. Ұстаздың мәдениеттілік
функциясы жаңарту іс-әрекеттірін жүзеге асырады, оның барлық әрекеттерін
қорытындылап, тәрбиелік әлеуеттін анықтайды [16].
М.Х.Балтабаевтың пікірі бойынша, диалог-өзара түсіністікке талпыну,
толеранттылық [11]. Жеке тұлғаның әлеуметтік байланыстарының
белсенділігі, оның бойында қалыптасқан қасиеттерінің жиынтығымен реттеледі.
Н.И.Шевандриннің айтуы бойынша, коммуникативтік әлеует жеке тұлғаның басқа
адамдармен тіл табысуына, орнаған қарым-қатынасының беріктілігіне
байланысты, оның әлеуметтік мәнінің жүйелігімен және әртүрлілігімен
айқындалады [12]. Бұл белгілері, педагогика саласындағы маман әлеуетін
зерттегенде эмоционалды–құндылық қатынастарының тәжірибесіз жүзеге
аспайтындығын Н.Э.Пфейфер атап көрсетті [17].
Педагогтың эмоционалды-құндылық қатынасы қоршаған ортасынан белгілі
бір қажеттілікті бөліп алады. Күйзелу, қайғыға ортақтасу эмоционалдық-
құндылық қатынасының тәжірибесін игеруінің тәсілі болып табылады.
Эмоционалдық- құндылық қатынас тәжірибесінің мазмұны - өмірге, адамға, іс-
әрекетке, өзіне деген қарым-қатынастар жүйесі. И.Я.Лернер жас
жеткіншектерді эмоционалдық-құндылық әсерленушілігінің тәжірибесімен
қаруландыруды, білім берудің бір компоненті деп санайды, өйткені өмірді
қызбалықсыз, сезімсіз, және эмоциясыз ұғыну мүмкін емес [18].
Тәрбиелеу барысында эмоция, сезім, еліктеуге негізделген қатынастар
жетіледі. Бұл қатынастар өзінің тәжірибесімен, жеке басының
әсерленушілігінің барысында пайда болады. В.П.Созонов қатынастың пайда
болуы тек қана әрекеттесу, уайымдау барысында және басқалармен құнды
әрекеттің нәтижесінде болатынын атап көрсетті.Адамдар арасындағы құндылық
және қарым-қатынас мәдениеті жалпы адамгершілік құндылығы ұлттық этникалық
кескіндегі әрбір нақтылы этнос пен әрбір жеке тұлғаға тән. Жалпы
адамгершілік құндылық ұлттық мәдениет арқылы түсіндіріледі, тек-қана
мәдениетте жақсылық пен қараниеттіліктің айырмашылығы анық байқалады.
Жеке тұлға әлеуетін қалыптастыруда эмоционалды-құндылық қатынасын
қалыптастырудың мәні зор. Ұстаздың қажеттілігін, эмоциясын, мотивтерін
білім алу, іскерлік пен дағдыны меңгерумен қатар бірлікте қалыптастырса,
ұстаздың өнегелі шығармашылық және коммуникативті тәрбиелеу әлеуетін
жасауға болады [25].
Қазіргі заманның ең басты мәселесі – шығармашылыққа деген
құлшынысымен ерекшеленетін, қызметінде белсенді, жаңа тұрпатты ұстазды
қалыптастыру.
М.Х. Балтабаевтың пікірі бойынша, жаңа тұрпатты ұстаз ойлау қабілеті
жоғары, саналы, өзіне және ісіне талап етушілігі жоғары, құнды бағдары бар,
жеке басының тұрақтылығын қамтамасыз ететін, айналасындағы жағдайларды
түсіне білетін сипатта болуы керек [23]. Заман талабына сай қоғамның
әлеуметтік-экономикалық және саяси сферасындағы өзгерістер, өсіп келе
жатқан ұрпақтың тәрбиесіне мемлекет жағынан талаптың өсуі, және Қазақстан
Республикасының тәрбие стратегиясының жүзеге асырылуы, педагог мамандарды
даярлау мәселесі бойынша жасалған осы заманғы ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерге сараптама, тәрбиелеу әлеуетінің құрылымында жаңа ұлттық және
диалогтық компоненттерді анықтауды қажет етеді.
Педагогтардың кәсіби қызметінің сараптамасы көрсеткендей,
қиындықтардың басым бөлігі тәрбиенің негізгі бағыттары, мақсаты, міндеті,
мазмұны ғылыми-теориялық жоспар бойынша жасалып жатса да, іс жүзінде нашар
жүзеге асырылғандықтан. Мұғалімдер тәрбие процесінің жаңа бағытын және
мектеп оқушыларының ұлттық сана-сезімін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері мен
жолдарын таңдауда, осы бағыттағы өз даму дәрежесінің саяздығынан қиналады.
В.Г. Крыськоның этно-психологиялық сөздігінде ұлттық сана-сезім дегеніміз
белгілі бір әлеуметтік-этникалық қоғамдастыққа тәндігін және де оның
қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны жеке тұлға ойынан, көзқарастарынан,
пікірінен, сезімінен, көңіл-күйінен байқалады [16].
Біз осы анықтамалар негізінде ұлттық сана-сезімді тәрбиелеу әлеуетінің
ұлттық компонентін қалыптастырудың негізі деп қарастырамыз. Қоғам дамуының
деңгейіне сай болу үшін ұлт мәдениеті қоғамдық мәдениет екенін түсіну
керек. Г.К.Ахметова тәрбиелеудің жаңа парадигмасының ерекшелігін
қарастырып, қоғамға көп мәдениетті, толық дамыған, ұлттық мәдениеттен
хабары бар, сенімділігі берік, өзінің әлеуеттік қабылеттерін сезінетін және
оларды қоғам қажеттілігіне орай жүзеге асыра алатын тұлға қажеттігін
ескертеді [17].
Ұстаз тұлғасы ұлтты қалыптастырудың әлеуметтік - педагогикалық және
рухани-адамгершілік жағдайларын жасаушы. Ұстаздың азаматтық тұрғыдан
жетілуінде, адамгершілік сапаларының қалыптасуында, жеке тұлғаның
әлеуметтендіруінде, К.Ж. Қожахметова, Г.Н. Волкова халықтың рухани
құндылықтарының алатын орны зор деп санайды және күнделікті өмірде білімгер
ұлттық элементтерді меңгеріп отырмаса, ұлттық сана-сезім ұлт дамуының
құндылықтарымен шиеленіседі [28].
Жоғары оқу орнында білім алудың бүгінгі күнгі жағдайы, оның
экономикалық және мәдени байланыстарының күшеюі, жеке тұлғаның дамуына жаңа
мүмкіншіліктер жасайды . Білім мазмұны ұлттық және жалпы адамзаттық
мәдениеттен бастау алатын құнды қатынастарға бағытталуы тиіс, білім беру
мекемелерінің,әсіресе жоғарғы оқу орындарының, оқу-тәрбие қызметінде біздің
елімізді мекендейтін халықтардың этнопедагогикалық идеяларын қолдану керек
деп санайды Н.Сарсенбаев [29].
Келесі біз бөліп қарастырып отырған компонент-диалогтық компонент,
онда Б.Т.Лихачевтың анықтамасы бойынша диалог мәні өз-өзіне деген
қатынаспен анықталады [8]. М.Бахтинаның пікірі бойынша сананың мәдениет
әлемімен әрекеттестігі диалогтан тұрады.Тұлғаға тіршілік әрекетін іске
асыруға, өзі туралы ойды қалыптастыруға көмектесетін бостандық, адамның
жеке тұлға ретінде өзіне бағытталған іс әрекетінің, қылықтарының негізі
болады. М.М.Бахтин қарастырып отырған диалог өзін-өзі өзгертуге мүмкіншілік
ретінде қабылданады, бұл жерде диалог мұғалімнің өзін-өзі өзектендірудің
құрылымдық бастауы болып табылады. Ішкі диалог сана-сезіммен,өзін-өзі
танудың, қатынас жасауға қабілеттіліктерінің, әдістерінің және
позициялардың алмастыру жеңілдігінің негізі болып табылады. Мұғалім
кәсіптік қызметті ынталандыратын себептердің кең спектріне ие болады. Өзі-
өзі өзектендірудің, өзін-өзі танудың және қайта қалыптастырудың,
шығармашылықтың себептері жеке тұлғаның шығармашылығын (креативтігін)
қалыптастырады. Тұлғаның өзіне, әлемге , адамдарға , табиғатқа жаңа
позициялар жасауға қабілеттілігі – мұғалімнің өз-өзімен диалогінің
негізінде пайда болатын маңызды жаңа құрылым [11].
Өзінің ішкі дүниесін, Мен -дігін ашу да маңызды рөл атқарады.
Педагогикалық орта Мен образының дамуына, қалыптасуына септігі тиетіндей
етіп ұйымдастырылады. Жеке тұлғаның өзін-өзі өзектендірудің маңызды шарты
болып оның жеке шығармашылыққа үлес қосуға, өз бетінше даму бостандығына,
инициативаға құқығын мойындау болып табылады [12].
Л.С.Выготский тұлға өзін толығымен іске асыра алады, егер ұсынылып
отырған білім мазмұны, әлеуметтік және кәсіптілік мәртебесін толқытуға
қабілетті болса деп анықтаған [23].
Андрогогикалық және акмеологиялық парадигмалардың үйлесімділігі
бастауыш сынып мұғаліміне оқушыларды тәрбиелеу әлеуетін нәтижелі
қалыптастыру мүмкіншілігін береді [24].
12 жылдық білім беру жүйесінде тәрбиелеу, нормативті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz