Балалар әрекетінің мотивтері - қызығушылықтар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін оқыту үдерісінде дамытудың педагогикалық - психологиялық негіздері . . .

1. 1 Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың танымдық белсенділігін дамуы . . .

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерінің педагогикалық негіздері . . .

1. 3. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін дамытудың психологиялық сипаттамасы . . .

2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін дамыту технологиялары.

2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін дамытудың тиімді технологиялары . . .

2. 2. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа сипаттама . . .

2. 3. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижесі, оны талдау және талқылау . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша

КІРІСПЕ

Қазіргі Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік -экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе, қоғамдағы оқу-ағарту, білім беру салаларындағы гуманитарландыру мен демократияландыру процестері, ең алдымен, білім мазмұнын жаңартуда қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет етіп отыр.

«Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу обьектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субьектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субьектісі ретінде көрінуімен бедерленеді», -делінген Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында. Міне, бұндай мақсатқа жету білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың әдіс- тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді.

Оқыту процесі екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім өзінің ғана іс-әрекетінің дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың да танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуға тиіс. Мұның өзі оқыту мен бала дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі психологиялық және педагогикалық мәселе.

Психологтардың зерттеуі анықтағандай кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқуға деген ынтасы, қызығуы ең алдымен, оқу әрекетімен тығыз байланыста туады. Яғни, оқуға деген қызығуы жеке пәндердің мазмұны бойынша ғана емес, оқу әрекетінің түрлері бойынша да пайда болады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Білім туралы заңының 16-бабы. Бастауыш бiлiм беретiн оқу бағдарламалары:

Бастауыш бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабiлеттерiн, оқу iсiндегi оң талпынысы мен алғырлығын: негiзгi мектептiң бiлiм беру бағдарламаларын кейiннен меңгеру үшiн оқудың, жазудың, есептеудiң, тiлдiк қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзiн-өзi көрсетудiң, мiнез-құлық мәдениетiнiң берiк дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бастауыш бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасын игеру мерзiмi-төрт жыл.
Жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасын игеру бiлiм алушылар бiлiмiне аралық бақылаумен және бiлiм алушылардың оқу жетiстiктерiн iрiктемелi мониторингтiк бағалаумен аяқталады.

Бастауыш сатыдағы кезең - оқушыда оқу әрекеті қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. Оқушының оқу -әрекетінің тиімді меңгеруі нәтижесінде онда оқуға деген талап, ынта, құлшыныс туып, оқу біліктері қалыптасады, яғни оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп, орындаудың жалпы ортақ тәсілдерін меңгереді, өз әрекетін бақылау, бағалауды, нәтижесін үлгімен салыстыруды үйреніп жұмыс істейді.

Оқушылардың көбісінің өз бетінше оқу әрекетін ұйымдастырудың жоғары деңгейі - танымдық қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Бұдан шығатын қорытынды: бастауыш сыныптағы оқушыларды дамыта отырып оқытудың негізінде осы кезеңде оқушы үшін жетекші идея болып табылатын оқу әрекетін қалыптастыру жататыны айқын көрінеді. Сондықтан жаңа білім мазмқны оқушыда оқу әрекетін қалыптастыруға бағдарламалар құру қазіргі таңдағы басты бір міндет болып табылады.

Ұлы ғалымдар, педагогтар (Әл-Фараби, Я. А. Каменский, И. Г. Пестолоцци, Ж. Ж. Руссо, А. Дистервег, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин және т. б) оқыту арқылы оқушылардың ақыл - ой қабілеттерімен дербестігін дамытуға баса назар аударғаны тегін емес.

Танымдық әрекет пен танымдық қызығушылықтың психологиялық негіздерін зерттеуге үлес қосқан ғалымдар: Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, Л. В. Занков, В. В. Давыдов П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Мұқанов және т. б

Танымдық әрекет пен танымдық қызығушылықтың дидактикалық негіздерін зерттеуге үлес қосқан - ғалым-педагогтар (М. Н. Скаткин, Б. П. Есипов, М. А. Данилов, П. И. Пидкасистый, Г. И. Щукина, Т. И. Шамова, Ж. Қараев, А. Әбілқасымова және т. б) ғылыми еңбектері таным теориясы мен методологиясына арналған.

Алайда, оқушылардың танымдық әрекеті мен үдерістерін арттыруда оқыту процесінің, сондай-ақ оны қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары әлі терең зерттелмей келеді. Бұл мәселенің ғылыми-теориялық жағынан зерттелуі жеткіліксіз болғандықтан мектеп тәжірибесінде белгілі кемшіліктер орын алып келеді. Атап айтқанда, мұғалімдер оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырып, танымдық қызығушылықты дамытудың тиімді жолдарын қолдануда өздерінің дайындығының деңгейі төмен екенін мойындайды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты халықтың тарихи айнасы. Танымдық үдерістер, қоршаған ортасы, айналасы, жалғасы ұрпақтан-ұрпаққа мұрагерлік мирас жолымен жететін мәдениеті, оның ішінде біз қарастырып отырған танымдық қабілеттерін қазіргі жас ұрпақ өміріне енгізу, сонымен қатар бұл мәселені бүгінгі күн талабына сәйкес педагогикалық талаптар аясында баланың пайдалы жақтарын көрсете отырып іске асыруды орындау қазіргі дербес қазақ ғылымының зерделеуді қажет ететін өзекті тақырыптардың бірі болып саналады.

Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным үдерістері жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін бітіру жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру технологиялары» деп анықталды.

Зерттеу мақсаты: Танымдық үдерістерін зерттеу, психологиялық тұрғыдан дайындау, балалардың жеке тұлға жағынан дамуын тексеру, балалардың жан-жақты дамуын бақылау. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Танымдық үдерістерді дамытудағы технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін дамытудың ғылыми-педагогикалық негізін анықтау.

2. Сабақ мақсатына байланысты танымдық белсенділігін жеңілдететін тақырып таңдап алу, үйрету жолдарын көрсету.

3. Танымдық үдерістерін дамыту технологияларының оқыту барысындағы педагогикалық және психологиялық жолдарын анықтау.

4. Танымдық сабақтарды басқа сабақтармен ұштастыра қолдану жолдарын көрсету.

5. Таным сабақтары арқылы балаларға қоршаған ортаны тану, ұлттық салт-дәстүрлерді білуді іске асыруға болатындығын анықтау.

6. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үдерістерін дамыту жолдарының теориялық негіздерін айқындау;

7. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үдерістерінің психологиялық негіздерін көрсету;

8. Оқыту процесінде танымдық қызығушылықты арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері мен жолдарын анықтау.

Зерттеу пәні: Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамының, ғылым-білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырды.

Зерттеу обьектісі: Бастауыш сыныптағы оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытудың үдерісі

Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларда таным белсенділіктерін оқыту барысында дамыту технологияларының маңыздылығын дәлелдей алсақ, онда төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:

-оқушылардың ақыл-ойы кеңейеді;

-өз бетімен еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ойлап табу, талпыну қабілеттері ашылады;

-логикалық ойлауы, ой- белсенділігінің артуы;

-өзін-өзі бағалай білуі, өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;

-интеллектуалды ойлау қабілеті дамиды;

-белгілі бір іс-әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуі, шығармашылық тапқырлығы үстей береді.

Зерттеу әдісі: осы зерттеп отырған мәселеге байланысты психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау. Педагогикалық жаңа технологиялар мен әдіс тәсілдер.

Зерттеу базасы: Костанай облысы, Костанай қаласы, Костанай мемлекеттик педагогикалық институты, педагогика және психология факультеті, педагогика кафедрасы.

Зерттеудің практикалық маңызы:

Дипломдық жұмысымызда қарастырылған балаларға арналған таным сабақтарын үйретудің педагогикалық әдістемелік жолдарын сабақтарында қолдануға болады. Ұсынылған таным сабақтары мұғалімдерін даярлайтын жоғары оқу орындарында, колледждерде оқытылатын арнайы курстарда пайдалануға, осы сала бойынша жазылатын ғылыми еңбектерде пайдалануға ұсынамыз. Балаларда таным сабағын өткізуді жан-жақты дамуы үшін қолданудың дұрыс екендігін насихаттау мақсатында ата аналармен жұмыс кезінде пайдалануға ұсынамыз.

Зерттеудің теориялық маңызы: Зерттеудің теориялық бөлімі сабақты өткізу үшін өте қолайлы, оқытушының білімін кеңейтеді, ата-аналарға да оқу артық болмайды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1. Танымдық сабақтарды үздіксіз өткізуді пайдалану арқылы бала жан-жақты дамудың педагогикалық негізі жасалды.

2. Алғаш рет таным сабағындағы: әртүрлі тақырыпта әңгімелесуді өткізу, баланың жеке тұлға пікірімен санасу негізінде бала өміріне енгізудің жүйесі жасалды.

3. Балаларға танымдықты үйрету басқа сабақтармен қоса байланыстыра отырып зерттелді.

4. Ұлттық ойындардың ғылыми-педагогикалық негізімен оны пайдаланудың әдіс-тәсілдері жасалды.

5. Жас ұрпақты ұлттық дәстүрді білу, табиғатты тануды үйретуге болатындығы дәлелденді.

Зерттеудің деректік қоры :

Таным үдерістердің мәселесi - педагогикалық зерттеудiң терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес қосқандар: М. Н. Скаткин, И. Ф. Харламов, М. А. Данилов, И. Л. Лернер, М. И. Махмутов және т. б.

Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық үдеріс туралы құнды пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И. Г. Песталоцци, И. Кант және т. б. еңбектерiнде айтылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және қосымшалардан тұрады. Зерттеу жұмысының соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

Кіріспеде мәселенің өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, деректік және әдістемелік негіздері, ғылыми жаңалығы мен қолданыстық маңызы анықталды.

1-тарауда балалардың таным қабілеттерінің ғылыми-педагогикалық- психологиялық негіздері беріледі.

2-тарауда бастауыш мектеп оқушыларын оқытудағы жаңа педагогикалық-психологиялық технологиялар туралы мәліметтер қарастырылып, зерттеуге қатысты сұрақтар төңірегінде зерттеулер жүргізіліп тұжырымдар жасалынды.

Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысының мақсатының орындалуларына байланысты тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынды.

1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін дамытудың педагогикалық-психологиялық негіздері

  1. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың танымдық белсенділіктерінің дамуы.

Қиял және оның дамуы. Ескі психологияда қиял біздерге әсер еткен нәрселердің бейнесін байланыстар нәтижесінде қиысатын психикалық процестердің барлық түрлеріне қатысты адам әрекетінің ерекше түрі мәселердің сипатталатын.

Ұзақ уақытка дейін қиялдың сырын ашу қиын мәселелердің біріне санальш келді. Қиялдың өзіндік сипатына сәйкес психологтар оны ерекше процесс деген түсінікті қолдан келді, Адамның әр алуан атқаратын қызметіне орай қиялды біздерге бұрын әсер етуші нәрселерді жинақтап, оларды жаңаша деп қайта жасалған түрде бейнелейді деп санады. Бұл пікірді өзгеше айтқанда санада сақталған әсерлер жаңарып, қайта жасалып, өзгеше болып құрылып, тық бейнелер пайда болады деп түсіндіріліп келді, Мұндай беймелер негізінен адамнын іс-әрекеті арқылы жүзеге асып, қиял процесі пайда болады. Сондықтан ассциация психологиясында қиял бұрыннан адам санасында ірге тепкен нәрселердің қисынды бейнелері мен бөлшектері житалып әсер етеді, солай болғандықтан да қиялдын сырын ұғу қиынға түседі деген пікір өктем болып саналғанды.

Қиялға байланысты қиын сырдың мәнін ашу ниетімен бұрынғы психология оны өзге психикалық процестердің қызметіне қызу үшін де әрқилы әрекеттер жасараны мәлім. Т. Рибо қиялдың мән-жайын зерттуге арнаған еңбегінде оның негізінен түрін атап көрсетеді. Оның бірі - қайта жаңғырту қиялы, ал еніншісі - творчествовалық немесе шығармашылық қиялы.

Қайта жаңғырту қиялын ес деп айтуға да болады. Қиялдың түрі бойынша біз санамызда бұрын бастан кешіріп, көріп-білген нәрселер мен құбылыстардын түр-сипатын қайтадан жаңғыртып көз алдымызға келтіреміз. Ес процесіне тән мұндай кызмет нәрселердің бұрынғы бейнесі дәл қазіргі кезде біздерге тікелей әсер етіп тұрмағандақтан оларды санада жаңғыртуымыз қиял деп аталады. .

Қиялдың бұл түрінің естен айырмашылығын түсіндіруде оны қазіргі көріп тұрган нәрселеріміз біздің санамызда бұрын әсер еткен нәрселердің бейнесін еске түсіріп, олар қайтадан жанғырады деп түсіндіреді. Дұрысын айтқанда мұндай жайт әдеттегі ассоциациялық қозғалыстар арқылы еске түсіру қызметін атқаралды. Егер мен ешқандай табиғат көріністерін көрмей-ақ өзіммен-өзім болып, ойым мен мақсат-мүлдем жайында қиялданатын болсам бір кезде менің есіме пәленбай уақытта көрген көрініс елес береді. Ойлану әрекетіндегі мұндай жайт ес процесінен өзгешелеу. Өйткені менің қиялымды тудырушы сол нәрсенің бейнесі емес, бөтен бір процестердің ықпалы.

Бұл жайтгы басқаша айтатын болсақ, онда психологтардың айтқанындай ойдың мағынасы дұрыс жеткізіліп тұр. Себебі қиялдану әрекетінде бүрынғы бейнелерді жаңғырту еске түсіру әрекетінен әлдеқайда өзгеше сипатта болатындығын көрсетеді.

Эмоция және оның дамуы. Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады.

Эмоцияға арналған тақырыптарға психологияның өзғе тақырыптарында арнайы мәселе ретінде сөз болмаған, таза натурализм үстемдііі туралы мәселелеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияаіын еңуімен психологиядағы бихевиоризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядары эмоция тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жағдайда бихевиоризммен жіптес. Өйткені психологиядағы бихевиористік бағыт бұрынғы спиртуалистік интроспекциялық психологияга тікелей қарсы шығады. Соған орай эмоция тақырыбы негізінен натуралистік бағытга баяндальш, өзге тақырынтармен салыстырғанда өз алдьіна ерекшеленіп, арпа ішіндегі бидай дәніндей болып көрінеді.

Бұлай деп аныктаудың көптеген себептері бар. Осы ретте біз Дарвин іліміне арқа сүйейміз. Ол өзінің «Адамның жарасымды қозғалыстарының пайда болуы» деген еңбегінде бұрынғы биология ғылымынын дәстүрлерін одан әрі дамыта отырып, адамның сезімі мен эмоциясы хайуанаттар дүниесінің соқыр сезімі мен аффекттік серпілістерімен тығыз байланысты түрде дамып жетіле түсті дейді. Оның жақында орыс тіліне аударылған мақаласында адам бойындағы жарасымды қимыл-қозғалыстарының бәрі эволюциялық даму нәтижесі екендігін баяндай отырып, адамның жан дүниесінің ішкі «қасиетті сыры» болып табылатын сезімінің пайда болуы, адамның өзі сияқты, жануарлар дүниесінің қылығымен төркіні бір деп жазады. Мәселенің шындығына үңілетін болсақ, Дарвиннің бұл пікірі адамға ұқсас жоғары сатыдағы жануарлар мінез-құлқындағы ұқсастықтардың бар екендігі ешқандай күмән тудырмайды [2-193 б. ] .

Бір тарихшы ғалымның айтуына қарағанда орта ғасырлық діни көзқарастарынан арыла қоймаған ағылшынның бір психолог маманы Дарвиннің идеяларына аса сақтықпен қараған көзқарасын бетіне перде етіп тұтып, оған жанашырлық кейіп біріп былай депті: Дарвин адам тіршілігіне тән адам максат-мүддесін және оған құмарлығын жануарларға тән сезім күйі мен әмоциясының пайда болуын дәлелдеп берді.

Ойлау және оның дамуы. Бүгінгі мәселе - ойлау жәнс оның дамуы. Біз бұл мәселеге қатысты теориялық көзқарастарды талдай отырып, оларды белгілі жүйемен іздестіруді шолу жасаумен бастайық.

Психологияда ойлауға байланысты өзекті мәселелерді өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігі бұл лекцияның негізгі мақсаты болуға тиіс. Біздер әр уақьпта бірінші орынға ойлаудың тарихи дамуын қойьш, бұл мәселені ассоциация психологиясының тәжрибе жүзіндегі зерттеулері арқылы қай бағытта және оларды қалайша шешкендіктерін сіздерге мүмкіндігінше толық баяндап беруді басты міндетім деп санаймын. Ассоциация психологиясы осы орайда зор қиындықтарға душар болды: бұл психология тұрғысынан ойлаудың мақсаты мен бағдарының дамуын ғылым тұрғыдан алып баяндап беру оп-оңай мәселе емес-ті. Ассоциациялық байланыстардың мәні бойынша белгілі бір түсінік өзге жағдайларды тудырады. Сондай-ақ мұндай түсініктердің туындауы араластық немесе мезгілдік жағдаяттарға барып ұшырасады. Солай болғанымен де ойлау бағыт-тылығы нендей түсініктердеі пайда болады? дейтін сауал біздерді ойландыра түседі. Ассоциациялық байланыстардың түсініктерінен туындайтын ой жүйесін ойлаудың даму жолын қалай түсіндіре аламыз? Адамның ойлауы бойынша алға қойған міндеттерді қалай шешеміз? Ассоциациялық байланыстардың тізбегі арқылы және адамның қарапайым ойлау әрекеттері нәтижесінде қажетті мәселелер түйінін дұрыс шеше аламыз ба? Мұндай сұрақтарға ассоциация психологиясы қосымша ұғым-түсініктерді пайдаланғанымен тәжірибе жүзінде айқын жауап бере алмады.

Дегенмен ассоциацня психологиясының өкілдері ойлаудың негізгі мақсаты мен қисынды жүйесін тәжірибе жүзінде жаңа ұғымды қолдана отырып, қалайда түсіндіріп беруді қолға алып, өздерінше тырмысып бақты. Олар ғылымға қажырлылык (латын -тілінде - персеверация - қажырлылық, табандылық) деген ұғымды ендірді. Соның көмегімен ойлау әрекеттерін ассоциация (принциптеріне сүйеніп шешуді мақсат етті. Бұл ұғымның мәні мұнадай: ассоциация психологгарының айтуынша біздің санамызда ассоциациялық бағытпен бірге, оған қарсы тұратын бағдар да бар. Сол бағдар адам санасында ірге теуіп бекиді. Егер мұндай бағдар өзге бағдармен ығыстырылатын болса, онда олардың өзара байланысты нәтижесінде қажырлылық пен табандылық көрсететін бағдар пайда болады. Ассоциация принциптеріне орай ол бұрынғы өз орнына барып жайғасады деген дәйек келтіреді.

Ес және оның дамуы. Қазіргі психологияның кез келген тарауын алып қарасақ идеалистік және материалистік теориялардың ес процесіне қатысты талас-тартысын, көзқарастардың әрқилы жағдайларьш жиі кездестіреміз.

Сондықтан психологияның бұл тарауын бірнеше ондаған жылдар бойы келе жатқан шиеленісті пікірталастардың ара-жігін ажыратып зерттеу ес процесіне қатысты мәселелердің мән-жайын кеңінен ашып көрсетуге көмектеседі.

Сіздер мүмкін психологияны өзара тәуелеіз екі бөлімнен тұратын жеке ғылымдар ретінде іздестіру керек деп санаған бағыттарды да білетін боларсыздар. Оның бір бөлігік түсіндіруші, екіншісін зерттеуші деп қарастыру қажет дейтіндер, әдетте, осы ес тарауын ерекше атайды. Мұндай пікірді қолдаушылар материалистік бағыттағы психологтар еді. Г. Мюнстерберг пен оның мектебі және олардың идеясын жақтаушылар ес психологиясының дамуын себепті ойлау жолымен іздестіруді ұсынып, оның адам миымен байланысты екендігін анықтауды мақсат етіп қойды.

Қазіргі есті нейрондар арасындағы байланыстардың түйісуі деп анықтаушы теория дами бастады. Ес жайында психология мамандарының бұдан басқа да тыңнан көтерген теориялардың мақсаты біздер ес процесінін сыр-сипатын жан-жақты етіп толық түсіндіре алмайтын болғандықтан, оны мидың қызметімен байланыстырып зертгеу және оның материалдык субстратымен ұштастырып іздестіруіміз қажет дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
Өзімен жасты балалармен топтасу реакциясы
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мотивациясын экспериментальды зерттеу
Мотив түрлері, мотивацияны зерттеу рөлі
Бейіндік оқыту сатылары
Бастауыш метеп оқушыларының таным белсенділігін арттыруда дамыта оқыту технологиясының рөлі
Кәсіби сәйкестіліктің психологиялық аспектілері
Студенттердің оқу әрекетінің мотивациясын арттыру мәселесі
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-әрекеті мотивтерін қалыптастырудың басты мәселелері
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz