Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта


Мазмұны.
Кіріспе
1бөлім. Қазақстан Республикасы көлемінде рекреациялық сфераны дамыту мүмкіндіктері.
1. 1. Рекреациялық қорлар ұғымы.
1. 2. Рекреациялық ресурстардың жіктелуі
2 бөлім. Батыс Қазақстан аймағына рекреациялық тұрғыдан сипаттама
2. 1. Аудан табиғатына жалпы сипаттама.
2. 2. Ақтөбе облысының рекреациялық ерекшеліктері
2. 3. Маңғыстау өлкесінің рекреациялық жағдайы мен мүмкіндіктері
2. 3. Маңғыстау жертарабын игерудің жаңа бағыттары
2. 4. Каспий теңізі мен өлкенің ішкі су қоры рекреациялық ресурстар есебінде.
2. 5. Туризм мен демалысты ұйымдастырудағы мекемелер мен ұйымдардың ролі
Қорытынды
Сілтеме
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Географтарды көптен бері ел территориясы мен оның түрлі аймақтарында халық шаруашылығының өндірістік емес сферасына жататын маңызды саласының бірі туризмді дамыту мәселелері толғандырады. Осыған байланысты демалыс және туризм проблемаларымен ғылыми географиялық тұрғыдан айналысатын жаңа ғылым саласы рекреациялық география пайда болды. «Рекреация» сөзі латын тілінен аударғанда «қалпына келу» деген мағына береді. Ал кей жағдайда «демалыс, адамның еңбек ету процесінде жұмсалған күшін қалпына келтіру» деген ұғымдарға сәйкес келеді. Географиялық ғылымның осы бағытының негізін қалаушы профессор В. С. Преображенский болды. Бұл бағыт өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап демалыс пен туризм географиясы ретінде даму үстінде. Рекреацияны зерттеудегі географтардың ролі жөнінде Б. Б. Родоман айқын анықтама берді. «Географтардың міндеті, - деп жазды ол, - басқа мамандармен бірге рекреациялық ресурстарды территориялар бойынша анықтап, бағалап, картографиялық сызбаларын түсіріп, территорияны тиімді пайдалану туралы кеңестер және теориялық ізденістер нәтижесінде аймақтардың демалыс және туризм үшін маңызды типтік модельдерін салу, негізгі ұғымдар мен ережелер құрастыру және рекреациялық жаңа зоналарды анықтау». [1] Рекреациялық және туристік ресурстар ұғымдары өзара өте жақын болса да, алғашқысы кең мағынада, ал екіншісі онымен салыстырғанда оның бір құрамдас бөлігі ретінде қолданылады. Ресурстық диапозонның ішіне таулар мен ормандардан, өзендер мен көл, теңіздерден бастап, адам қолымен тұрғызылған өндірістік ғимараттар, сәулет ескерткіштері, т. б. кіреді.
Қазіргі біз өмір сүріп жатырған заман-қозғалыстар заманы. Адамдар бұған дейін қазіргідей жиі және алысқа сапар шегіп көрген жоқ. Әсіресе, тұрғындардың емделу және демалу орындарына баруы өсті. Әлеуметтанушылар мен демографтардың есебіне сай бұрынғы КСРО елдерінде жыл сайын 200 млн-нан астам адам демалыстың саяхатпен байланысты, түрлі формаларын таңдайтыны анықталды. Азғана уақыт арасында туристік қозғалыстар заманымыздың өте ірі әлеуметтік экономикалық құбылысына айналды. Ал туристік қызмет көрсету саласының масштабтары маршруттық бағыттар, туристік базалар, қонақ үйлер және қызмет көрсету комплексі өркендеуіне байланысты халық шаруашылығының жеке бір саласына айналып отыр. «Саяхат» сөзі ежелден келе жатқан көп мағыналы ұғым. В. И. Дальдің сөздігінде бұл сөзге «басқа бөгде аймақтарға жаяу немесе көлікпен сапар шегу» деген түсінік беріледі. [2] География ежелден-ақ бұл ұғыммен тығыз байланысты. Ұлы Географиялық Ашылулардың өзі саяхатшылардың арқасында жүзеге асты. Олар танып білу, жаңаны көруге ынтазарлық секілді қасиеттері бар тұлғалар еді. 19 ғасырда танып-білу, көңіл көтеру, денсаулығын нығайту мақсатында көбіне материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілген жоғарғы тап өкілдері саяхаттарға шықты. Олар - Ч. Гарольд, Онегин, одан соң жаңа орыс байлары, америка қалталылары, ағылшын миллионерлері, француз буржуалары болды. Қазіргі кезде туризм күрделі, көп келбетті салаға айналды. Сондықтан бұл кешен зерттеуді қажет етеді. Оны зерттеумен географтар, экономистер, әлеуметтанушылар, дәрігерлер, физиологтар, т. б. айналысады.
Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі . Туризм мен саяхаттың сондай-ақ, табиғатта демалу мен рекреацияның екі құрамдас бөлігі ретінде сол аймақтың тарихи-мәдени құндылықтары мен табиғи эстетикалық әсемдігін , тартымдылығын айтуға болады. Осы айтылғандар саяхаттың мәні мен мақсатын аша отырып, сол жерде инфрақұрылымның дамуына әсер етеді. Батыс Қазақстан өлкесінің географиялық орны мен тарихи-мәдени жағдайы геосаяси және тарихи даму ерекшеліктеріне орай, туризмді дамыту үшін қажетті көптеген алғышарттарға жауап береді. Бір ғана біздің облысымыздың өзі өзіндік шөл ландшафтары, мыңдаған қалдық тау жоталары, әсем шатқалдары мен үңгірлер жүйесі және төбелері мен құм шағылдары, теңіз жағажайлары арқылы үлкен рекреациялық мүмкіндіктерге ие. Мамандардың мәлімдеуінше, Маңғыстау өлкесінде бүкіл Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштердің 50 пайыздан астамы кездеседі. Көптеген сәулет және тарихи ескерткіштері, тасқа қашалған адам мен жан-жануарлардың түрлі белгілері, Қызыл қала мен Шерқала қазба жұмыстары арқасында табылған теңдесі жоқ бұйымдар, түрлі тарихи дәуірлерде осы жерді мекендеген сан-алуан халықтардың мәдени және ұлттық мұралары көптен бері әлемнің жетекші зерттеу орталықтарының тарихшыларының, археологтарының, антропологтарының назарын осы бір Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтіп жатқан аймаққа аударуда.
Батыс Қазақстан аймағындағы туристік фирмалардың туристерді қабылдау жөніндегі жұмыстарына талдау жасау әсіресе аймақтағы туризм саласының экологиялық туризм мен тарихи-этнографиялық ресурстар жөнінен халықаралық туристік қызмет көрсету нарығынан өз орнын табу мүмкіндігі зор екенін көрсетіп отыр.
Батыс Қазақстан аймағында туризмді дамыту территорияның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына зор үлес қосатыны сөзсіз. Ол үшін неғұрлым алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану, қызмет көрсетуге тұрғылықты халық өкілдерін тарту, ( сол арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру) жергілікті салт- дәстүрді, әдет -ғұрыпты, ұлттық тағамдарды, жалпы алғанда аймақтың тұтас ұлттық мәдениетін сақтау және қолдану арқылы шетел азаматтарының өлкеге деген қызығушылығын оятып, туристер санын арттыру қажет.
Туризмді дамыту қажеттігінің тағы бір қыры мұндағы тұрғындардың денсаулығы мен демалысына барынша жүйелі түрде қарауын қамтамасыз етуге негізделген әлеуметтік тапсырыс түрінде көрінеді.
Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасының, ғылым мен мәдениетінің дамуының маңызды бағыты шет елдермен әріптестік болып табылады. Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясымен көптеген сфералар бойынша ынтымақтастық құрып отыр. Әсіресе, шекаралас мемелекеттердің экологиялық жағдайын зерттеу перспективалық бағытқа айналуда. Сондай-ақ, ынтымақтастықтың маңызды аспектісінің бірі осы кезге дейін дұрыс қолға алынбай отырған туризм саласына байланысты десек қателеспеген болар едік.
Зерттеудің мақсаты -Қазақстан Республикасының табиғи ландшафтары әлі де болса жақсы сақталған, шаруашылық тұрғыдан бұзылмаған табиғат мүйістері мол, теңдесі жоқ тарихи және сәулет ескерткіштері көп Батыс Қазақстан өлкесінде туризмді дамыту үшін осы аймаққа рекреациялық тұрғыдан баға беру;
Қойылған мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылды:
- сан-алуан мәдени- тарихи мұраларға бай, өзгемеген табиғи ландшафттары адамды қызықтырғандай Батыс Қазақстан аймағының табиғи және мәдени-тарихи рекреациялық потенциялын бағалау;
-барынша тиімді басқару және ұйымдастыру негізінде ерекше қорғауға алынған табиғи территорияларды рекреациялық сфераға жатқызу қажеттігін тұжырымдау;
- Батыс Қазақстан аймағын рекреациялық игерудің аймақтық ерекшеліктерін зерттеу;
-аймақта туризм мен рекреацияны дамытудың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына талдау жасау;
-өлкенің қазіргі инфрақұрылымы мен рекреациялық игерілу деңгейіне баға беру;
-Ақтөбе облысының мысалында (Г. Кубесова еңбегі негізінде) рекреациялық игеру тұрғысынан болашағы зор туристік-рекреациялық аудандарды бөліп көрсету арқылы аймақты рекреациялық аудандастыру әдісіне талдау жасау;
Зерттеу материалдары мен әдістері. Қойылған мақсат пен міндеттерге сай дипломдық жұмыста салыстырмалы-географиялық, статистикалық, картографиялық зерттеу әдістері қолданылып, В. С. Преображенский, Ю. А. Веденин, В. А. Квартальный, В. П. Нефедова, М. В. Ефремова, Е. А. Котляров, С. Р. Ердавлетов, Т. Б. Байзаков, Б. И. Кочуров және Г. С. Кубесованың рекреациялық география мен геоэкология саласында жүргізген зерттеулерінің теориялық және әдістемелік нұсқаулары негізінде орындалды.
Зерттеу обьектісі ретінде рекреациялық тұрғыдан келешегі зор аймақ ретінде Батыс Қазақстан өлкесі территориясы алынды.
Зерттеу пәні - рекреациялық ресурстардың территориялық таралуы, аймақта туризмді дамытуға әсер ететін алғышарттар мен жағдайлар.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мыналар:
1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан экономикалық аймағының табиғи және мәдени-тарихи рекреациялық потенциялына алғаш рет жүйелі баға берілген;
2. Осы аймаққа жататын Маңғыстау облысында экологиялық туризмді дамытудың танымдық және ғылыми бағыттарын анықтаушы мәдени-тарихи және әлеуметтік факторларға жан-жақты талдау жасалған;
3. Маңғыстау және Ақтөбе облыстары территориясындағы рекреациялық құндылығы жоғары территорияларға географиялық баға берілген;
4. Рекреациялық сфераны дамытудың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына талдау жасалған;
5. Аймақ территориясындағы эколгиялық туризмді дамытуға барынша қолайлы территориялар өзінің тартымдылық сипатына сай жіктелген.
Практикалық құндылығы -Жұмыста баяндалған басты мәселелер аймақта туризм мен экотуризмді дамыту бағдарламаларының ғылыми негізі ретінде қолданылуы мүмкін; Сондай-ақ «Рекреациялық география», «Өлкетану» және «Туризм» курстарын оқытуда қосымша материал ретінде қолданылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен, қосымша иллюстрациялық суреттер мен карталардан және сызбалардан тұрады.
1 Бөлім. Қазақстан Республикасында рекреациялық сфераны дамытумүмкіндіктері
1. Рекреациялық қорлар ұғымы
Рекреациялық әрекеттерді, яғни адамның денсаулығын, күшін, көңіл-күйін қалпына келтіруге арналған барлық іс-әрекет түрлерін дамытуда табиғаттың ролі зор.
Демалушылар рекреациялық территорияларды таңдау кезінде, ең алдымен ландшафт пен климаттың ерекшеліктерін, өсімдік және жануарлар әлемінің алуан түрлілігін спортпен, аң аулаумен және балық аулаумен айналысуға мүмкіндік беретін табиғи факторлардың дәрежесіне назар аударады. Айтылған белгілердің кешенділік сипаты рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір түрін дамытуға мүмкіндік береді.
Осымен бірге демалушылар, тарихи, археологиялық, архитектуралық ескерткіштер, музейлер мен сурет галереясы, басқа халықтардың салт-дәстүрі, тарихы, фольклоры секілді факторларға да қызығушылық танытады.
Сондықтан да рекреациялық іс-әрекеттің дамуын анықтайтын рекреациялық ресурстар дегеніміз табиғи немесе адамның қолымен жасалған сауықтырушылық, емдік және туристік-экскурсиялық қызметке жарамды сыртқы ортаның объектілері мен құбылыстары болып табылады.
Барлық рекреациялық ресурстарды екі үлкен топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік-экономикалық.
Табиғи рекреациялық ресурстарға - рекреациялық іс-әрекетті дамытуға қолайлы және ұзақ уақыт бойы халықтың белгілі бір топтары үшін демалыс және сауықтыру шараларын ұйымдастыруға жарамды табиғат заттары мен құбылыстары жатады.
Ал әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға өткен ұрпақтың еңбегінің нәтижесі болып табылатын мәдени-тарихи объектілер (ескерткіштер мен ескерткіш орындары, музейлер) мен құбылыстарды (этнографиялық, саяси, өндірістік) жатқызамыз.
Рекреациялық әрекеттің әр типіне тән өзіндік рекреациялық ресурстар бар. Мысалы, санаторий-курорттық әрекеттер үшін территориялардағы минералды су, емдік балшықтар, тұз күмбездері пайдаланылады. Ал сауықтырушылық эффект үшін климат жағдайдың қолайлығы, су, орман, тау, тағы басқа да әсем ландшафт факторлары қажет.
Спорттық туризмді дамытуда территориядағы өткелдер, биік тау шыңдары, оңашалық тәрізді белгілер назарға алынады.
Рекреациялық ресурстар рекреация мен туризмнің территориялық ұйымдастырылуына, рекреациялық және туристік орталықтар мен аудандардың қалыптасуына және олардың мамандануы мен экономикалық тиімділік дәрежесіне әсерін тигізеді. [3]
Дегенмен рекреацияны дамытуға өте қолайлы табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайы бар аймақтардың өзі сол күйінде рекреациялық ресурстар болып есептелмейді. Олар міндетті түрде қоғамдық еңбекті қажет етеді. Яғни, рекреациялық ресурстарды пайдалану үшін оларды құр бағалап қою жеткіліксіз - оларды зерттеп, тұтыну үшін қажетті дәрежеге жеткізу қажет. Ол үшін рекреациялық инфрақұрылым құру қажет. Рекреациялық инфроқұрылым өзінің қызметіне сай төрт базаға бөлінеді:
- түнеу;
- тамақтану;
- көлік-байланыс;
- қосымша қызмет көрсету. [4]
Республикадағы табиғи зоналардың географиялық белгілері мен мүмкін рекреациялық әрекет түрлерін зерттеу барысында Қазақстан территориясында түрлі дәрежедегі рекреациялық қасиеті бар көптеген аудандарды бөліп көрсетуге болады.
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта. Мұнда республиканың басым бөлігі шоғырланған - Зайсан, Алакөл, Балқаш, Қапшағай, Шардара, Арал. Оларда су температурасы жүзу үшін 3-5 ай бойы мүмкіндік береді (әсіресе Балқаш пен Алакөл) .
Сонымен қатар, өзара қоян-қолтық созылып жатқан Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тау жүйелері орналасқан шығыс пен оңтүстік шығыстың табиғаты өте әсем және алуандығымен ерекше. Бұл аудандар әсем ландшафтысы мен бай флора мен фаунаға ие.
Сондай-ақ ҚҰШ-тың жекелеген аймақтарын да ерекше ландшафтылық сипатына орай туризмді дамытуға қолайлы территорияларға жатқызуға болады.
Туризмді дамытуға қолайлы зона ретінде Жайық, Сырдария, Іле, Ертіс тәрізді ірі өзен аңғарларын да атап өтеміз.
Қазақстанның географиялық ортасын бағалау барысында демалыс және туризмді дамыту үшін республика территориясында барлық экономикалық аудандардың 10 облысының территориясын алып жатқан 60 рекреациялық туристік зона анықталды. Бұлар - кең профильді яғни танымдық және спорттық-сауықтыру маршруттарын стационарлы демалыспен немесе жаяу, су және шаңғы туризмімен қабыстыруға болатын зоналар. Оларға барлығы төрт аймақ - Зырян, Үлбі және Жайық өңірі мен Іле Алатауы аймақтары жатады.
Спорттық-сауықтыру зоналары территорияның нашар игерілуімен, қаймағы бұзылмаған табиғат ортасымен ерекшеленеді.
Республикада 29 зона осы типке жатады. Олардың көбі Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның тау және тау етектерінде ҚҰШ-да орналасқан.
Стационар-сауықтыру туризмі зоналары демалушылардың ұзақ уақыт демалуына есептелген. Мұнда климат жағдайы өте жайлы, қолайлы жағажайлары, сейілдеу территориялары тағы басқасы бар.
Қазақстанда мұндай 19 зона - Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында. [5]
Ал арнайы туризм зоналары таза спорттық және биік таулы аймақтарға тән. Үш зона - Алматы облысындағы Іле Алатауы мен Күнгей биік жоталары, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Угам жотасы.
С. Ердавлетов республиканың турист-экскурсиялық объектілері мен турист инфроқұрылымдық объектілерін инвентарлау барысында біріншісінің қатарына қорықтарды, табиғаттың ерекше объектілерін, архитектуралық, археологиялық, тарихи-революциялық ескерткіштер мен музей, театр, курорттарды жатқызады. Ал екіншісіне - туризм мен экскурсиялар жөніндегі ұйымдарды, саяхат бюроларын, турист-қонақ үйлерді, туристік базаларды, баспаналар мен автомобиль жөндеу станцияларының май құю пунктерін жатқызады.
Туристік - рекреациялық объектілер мен туристік инфроқұрылым шамасына сай Қазақстанның әрбір облысының туристік әсемдік дәрежесін анықтауға болады.
Осы көрсеткіштер бойынша республика территориясын аудандастыру облыстарды төрт аймаққа бөледі:
20-ға дейін туристік объектілерге ие (Атырау, Маңғыстау, бұрынғы Торғай, Жезқарған және Талдықорған) ;
- 20-40 дейін туристік объектілерге ие (Қызылорда, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан) ;
- 40-60 дейін туристік объектілерге ие (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, бұрынғы Көкшетау, Ақмола, Семей, Оңтүстік Қазақстан) ;
- 60-тан жоғары туристік объектілерге ие (Алматы, Жамбыл, Павлодар) .
Туристік базалардағы түнеу баспаналарымен қамтамасыз ету дәрежесін зерттеу кезінде:
- Атырау, Маңғыстау, Торғай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жезқазған, Қызылорда, Жамбыл, Талдықорған, Семей облыстарында туристік түнеу орны жоқ;
- 300-ге дейін түнеу орнымен қамтамасыз етілген (Ақтөбе, Павлодар облысы) ;
- 300-600 дейін түнеу орнымен қамтамасыз етілген (Қарағанды, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан) ;
- 600-900 дейін түнеу орнымен қамтамасыз етілген (Қостанай, Батыс қазақстан, Шығыс Қазақстан) ;
- 900-ден жоғары түнеу орнымен қамтамасыз етілген (Алматы облысы) . [6]
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz