Жөндеу жұмыстарын дайындау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

беттері.
Кіріспе. 9
I. Технико – технологиялық бөлім.
1.1. Мұнай өткізгіштердегі жөндеу жұмыстарының түрлері мен 10
олардың ерекшеліктері.
1.2. Жөндеу жұмыстарын дайындау. 12
1.3. Мұнай өткізгіштерді күрделі жөндеу тәсілдері. 13
1.4. Тоттану және Мұнай өткізгіштерді тоттануға қарсы 14
сақтандыру.
1.5. Изоляциялау жабынының конструкциясы. 16
1.6. Изоляциялық жабынға сипаттама. 18

1.7. Битумды – резиналық негіздегі изоляциялық материалдар
19
Битумдар.
1.8. Полимер негіздегі изоляциялық материалдар.
21
1.9. Топырақ жаюды дайындау.
23
1.10.Битумды мастиканы дайындау.
23
1.11.Изоляциялық материалдардың сапасын бақылау.
24
1.12.Изоляциялық жұмыстар.
24
1.13.МНУ ЛПДС Қаражанбастың жұмыс жобасы.
26
II Есептеу бөлімі
2.1. Берілген аралықтағы 31-62 км керекті битумды мастиканы алу
29
2.2. Құбыр өткізгіш қабырғасының қалыңдығын есептеу
31
2.3. Құбыр өткізгішті автокөлік жолы арқылы төсеу кезіндегі
қорғаушы футлярды ( кожухты, патронды ) беріктікке 35
есептеу.
III Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
3.1. Тазарту және изоляциялау машиналарының жұмысы
кезіндегі техника қауіпсіздігі. 39
3.2. Грунттауды дайындау кезіндегі техника қауіпсіздігі.
40
3.3. Битумды мастиканы дайындау кезіндегі техника қауіпсіздігі.
40
IV Экономикалық бөлім
4.1. Жалпы бөлім.
42
4.2. Амортизация
44
4.3. Өзіндік құн
45
4.4. Материал шығынын есептеу.
46
4.5. Экономикалық тиімділікті есептеу.
51
Қорытынды
53
Пайдаланылған әдебиеттер
54

Кіріспе.
Қазіргі заманғы тасымал түрлерінің негізгісі – автокөлік, темір жол,
су, әуе, құбыр өткізгіш – бұл мұнайды, газды, мұнай өнімдерін магистральді
тасымалдау. Әйтсе де олармен қатар ірі магистральді су өткізгіштер,
сұйылтылған газды айдауға арналған магистральді құбыр өткізгіштер, су -,
бу -, және электртасымалдауға арналған құбыр өткізгіштер салынады.
Құбыр өткізгіш тасымалы ( басқа тасымал түрімен салыстырғанда) былай
сипатталады: салыстырмалы экономикалық тиімді, шығынды толтыру мерзімі аз
(2 жылдан 5 жылға дейін), үздіксіз реттеп тасымалданатын өнімді тұтынушыға
қалыпты жібереді, ол дегеніңіз кәсіпорынның өнімді тұтынушыға жіберудегі
жұмысының қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Салыстырмалы түрде
тасымалданатын өнім шығыны аз болады, бастапқы құрамы сақталады, үлкен
диаметрдегі алыс қашықтыққа берілетін құбыр өткізгіш салуға ыңғайлылық
тудырады, демек, салыстырмалы аз уақытта өткізу қабілеті көп, магистральді
құбыр өткізгіш жүйесін, соның ішінде қазіргі өлкемізді газбен жабдықтау
қарқынды дамуына байланысты, газ өткізгіштер жүйесін салу мүмкіндігі.
Магистральді құбыр өткізгіштер инженерлі - техникалық құрылым
ретінде анықталынып, газды, мұнайды, мұнай өнімдерімен басқа да өнімдерді
тұтынушыға үздіксіз тасымалдауға негізделген.

1. Мұнай өткізгіштердегі жөндеу жұмыстарының түрлері мен
олардың ерекшеліктері.
Мұнай өткізгіштерін жөндеу техникалық шараларды біріктіретін құрама
болып табылып, құбыр өткізгіш тасымалының объектілерін қайта қалпына
келтіруге бағытталған.
Жөндеу мақсаты – құбыр өткізгіштің пайдалану сапасын алғашқы қалпына
келтіріп, оны ұстап тұру. Құбыр өткізгіштерді жөндеу көлемі мен орындалатын
жұмыстың сипатына қарай мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: апатты
(жоспардан тыс), күнделікті, орташа және күрделі. Практикада
көлемі мен сипаты жағынан жұмыстары ұқсас болғандықтан күнделікті және
орташа жөндеуді біріктіріп, бір бүтін ретінде қарастырады.
Апатты (жоспардан тыс) жөндеу мұнай өткізгіштерінің бұзылуы мен
жойылуына қатысты жұмыстарды қамтиды. Жоспардан тыс жөндеуге мыналар: жер
асты тоттануынан пайда болатын, дәнекерленген жиектердің бүлінуінен
болатын, құбыр өткізгіштің жекелеп және толық тоттануына әкеп соқтыратын,
бітеліп қалуынан болатын апаттарды жою жатады. Қалпына келтіру жұмыстарын
керекті материалдармен және техникамен жабдықталған қайта қалпына келтіру
қызметі техникалық қауіпсіздікті қатаң ескере отырып жүргізеді. Апатты
жөндеу жұмысының ерекшелігі, ол тек жоспардан тыс емес, сондай-ақ жылдың
кез-келген уақытында орындалады. Мұнай өткізгіштердегі болатын үлкен
апаттарды жоюда жөндеу – құрылыс басқармалары да (ЖҚБ) қатыстырылады.
Күнделікті жөндеу бүлінуді алдын–ала жөндейтін, сақтандыру шараларын
орындайтын, жекелеген конструкциялардың бүлінуін жүйелі және уақытында
сақтайтын жұмыстарды біріктіреді. Мұнай өткізгіштерді күнделікті жөндеу
график бойынша құбыр өткізгіштегі қысымды төмендетпей, жыл бойына жүргізіле
береді. Оны жүргізуге керекті материалдар, жабдықтар Мұнай өткізгіштің
пайдалану шығынының есебінен алынады.
Күрделі жөндеу бүлінген конструкцияларды ауыстыру мен жөндеу,
пайдалану уақытындағы жөндеу аралық экономикалық ұзақтылық пен беріктілікті
қамтитын жұмыстарды біріктіретін құрама болып табылады. Мұнай өткізгіштерді
күрделі жөндеуге мыналар жатады:
• бөлінген айырғышты, тиекті арматуралар мен ақауы бар аймақты жөндеу
немесе ауыстыру;
• мұнай өткізгіштің ішкі жағын парафиннен, лас заттардан тазарту,
ысырмалар мен крандарды жөндеу;
• сулы кедергіден өткен жердегі мұнай өткізгіштерін қайта төсеу немесе
қосымша тереңдету;
• өзендерден, арықтардан өтер жердегі жағалық құрылыстарды жөндеу
немесе салу;
• трассаға, елді - мекенге жақындағандағы сақтандырушы құрылыстарды
жөндеу және салу;
• мұнай өткізгіштерді электрлі қорғау заттарын басқа да жабдықтарды
техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтай отырып
қоршау және жөндеу.
Мұнай өткізгіштердегі күрделі жөндеу жобалау - техникалық және
сметалық құжаттарға сәйкес жоспарлы түрде жүргізіледі. Жөндеудің бұл түрі
амортизациялық жарнаға кеткен қаражатпен қаржыланады.
Мұнай өткізгіштердегі жөндеу – құрылыс жұмыстарының ұйымдастыру
құрылымы жөндеу – құрылыс басқармасы (ЖҚБ) болып есептелінеді. Бұл жағдайда
мұнай өткізгішті жөндеу жұмыстары бір жетекші мен әкімшілік басқаратын
мамандандырылған бригадамен қамтылған өндірістік құрама кезегімен
орындалынады.

2. Жөндеу жұмыстарын дайындау.
Мұнай өткізгіштерді жөндеу жұмыстарына дайындаудың негізгі мақсаты
– жөндеу құрылыс жұмыстарын көрсетілген мерзім ішінде аяқталуын
қадағалау, жоғары сапада жасалынғанын қадағалау, техникалық, технологиялық
және ұйымдастыру шешімін пайдалану, сонымен қатар техника – экономикалық
көрсеткішінің жоғары болуын қадағалау.
Мұнай өткізгіштерді жөндеу жұмыстарына дайындау екі этаптан тұрады:
жөндеу жұмысының алдында орындалатын ұйымдастыру, дайындалу шаралары және
дайындалу кезеңі .
Дайындалу кезеңі басталмас бұрын мынадай ұйымдастыру дайындау
шаралары жүргізілу керек: мұнай өткізгіштің жөндеу жұмыстарына керекті
материалдар мен жабдықтау мерзіміне дейін аяқталуын қамту, сметалық құжат
жағынан толық шешілу, жөндеу жоспары болу және осыларды бекіту,
жоспарланған күрделі жұмысты жүргізетін жөндеу - құрылыс ұйымдарын анықтау.
Жұмыс объектісімен мамандандырылған ұжымдарды келістіру және жөндеу жұмысын
жүргізу тәсілін көрсету; керекті материалдарды тасымалдау, қоймаларға
орналастыру.
Ұйымдастыру, дайындау шарасын орындап болған соң аймақ ішілік және
аймақ сыртындағы дайындалу жұмыстарына кіріседі. Алдымен мұнай өткізгіш
трассасын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тапсырушы бір уақытта жөнделетін
мұнай өткізгіш трассасын бас мердігерге тапсырады. Бұл кезде жөндеу
жұмысының басталуы мен аяқталуының күні, айы анық көрсетіліп, оның сол
мерзімде орындалуын ерекше анықтау керек. Құбыр өткізгіш бойында жүретін
өнімнің тоқталу уақыты минутына дейін анықталады. Мұнай өткізгіштің
жөнделетін аймағын дайындау өте маңызды. Трассаны дайындауға бояуды жайып
тегістеу, механизмдердің өтуіне жиектерді тазарту, трассаны жоспарлау және
оған өтуді орнату.
Дайындау кезеңіндегі жөнделетін құбыр трассасын жоспарлауға
байланысты жүргізілетін жұмыстар оларды негізгі жұмыстардан бөліп қарау
деген емес.
Дер кезінде трассаны дайындау табиғи – климаттық жағдайға және
жұмыс жасалынған кездегі маусымға да байланысты. Сондықтан жөнделетін
мұндай өткізгіштің пайдалану және жөндеу шарттары мен қабылданған
шешімдерді мұқият оқып шығу керек.

3. Мұнай өткізгіштерді күрделі жөндеу тәсілдері.
Практикада мұнай өткізгіштерді жөндеу мынадай тәсілдермен
жүргізіледі:
- мұнай өткізгіштерді шұңқыр жиегіне көтеру.
- жөнделетін аймақтағы құбырды толығымен алмастыру.
- мұнай өткізгішті көтермей, айдауды тоқтатпай, құбырдың астын қазып
жерден тіреп тоқтату.
- мұнай өткізгішті шұңқырға көтеріп және төсеп жатқызу ( көтеру биіктігі
30 - 40 см – ден аспауы керек).
Жөнделетін аймақтағы құбырды толығымен ауыстырып мұнай
өткізгішті жөндеу. Көрсетілген тәсіл дәнекерлеу және изоляциялау тазарту
жағынан сапалы болса да, қоймалардағы науқандық жұмыстардың істелінбей
қалуы болса да кейбір кемшіліктері бар.
Бұл, ең алдымен құбырдың артық қорының болуы және кесу жұмыстарының
жиі орындалуы сонымен қатар, құбырды жөндеу қоймасынан трассаға әкелуде
және ауыстырылған құбырды қоймаға апаруда тасымал шығындары артады. Бұл
тәсіл бойынша жұмыстың алдында жөндеу жүргізілетін құбырдың ұзындығына
сәйкес болатын құбырды алу керек. Сондықтан бұл жердегі жұмыстың негізгісі
жөндеу жүргізілетін барлық аймаққа құбырларды тасу, оларды дәнекерлеу,
дайын аймақты қысу және изоляциялау, ескі құбырларды білдірмей кесіп одан
шығару, жаңа құбырларды орнатып, төсеу. Суырылып алынған құбырды бөлек-
бөлек құбырға бөліп, жөндеу қоймасында ескі изоляциядан тазартып, тесіп,
ойықтарын бітейді.
Практикада өте күшті тоттанудан жөнделетін мұнай өткізгішке
жапсырманы дәнекерлеу қолайсыз болады. Ондай жағдайда жекелеген аймақтарды
толығымен ауыстыру керек.
Құбыр өткізгіштерді пайдаланудың техникалық ережесіне сәйкес
құбырды толығымен ауыстыру, 1 км мұнай өткізгішке электр дәнекерлеуіш жиегі
200 м асатын жағдайда ғана қарастырылады. Бұндай жағдайда шұңқыр жиегінде
құбырларды жаңа құбырлардан дәнекерлейді, оны изоляциялап, беріктік пен
тығыздыққа сынайды, одан соң алып тасталынатын мұнай өткізгіштің аймағын
ашып қарайды. Айдалынатын мұнай өнімінің осындай аймақтары сумен
тығыздалынып, кесіліп алынады. Оның орнына дайындалынған құбырды түсіріп,
дәнекерлейді. Кейбір жағдайларда бұл құбырлар ауыстырылатын аймаққа
параллель төселініп, магистральға ретімен жалғанады.

4. Тоттану және мұнай өткізгіштерді тоттануға қарсы
сақтандыру.
Болат мұнай құбыр өткізгіштері тоттанып бүлінуге ұшырайды.
"Тоттану" кең көлемді қамтитын құбылысты ұғым, материалдар мен тоттанушы -
агресивті ортаның өзара әрекеттесуі, яғни химиялық ерітінділер мен
газдардың әрекеттесуінен материалдың бүліну қабілеті.
Мұнай өткізгіштердің тоттануының мынадай түрлері бар:
- болаттың химиялық ерітінділері мен өзара әрекеттесуінен топырақта
түзілетін, топырақты тоттану;
- судың электролиттік әсерінен болатын тоттану;
- бейберекет токтардан болатын электрлі сақтандыру;
- газдардың әрекеттесуінен болатын атмосфералық тоттану қоршаған ортада
түзіледі.
Жерасты мұнай құбыр өткізгіштерінің сыртқы бетінің бүліну жылдамдығы
мен тоттану көрсеткіші топырақтың тоттану құрылымына байланысты.
Жерүсті мұнай құбыр өткізгіштері көмірқышқыл газдардың және ылғалдың
( су булары ) күкіртті қосылыстарының ауада ( атмосферада ) қатынасуынан
болады.
Мұнай құбыр өткізгіштерін тоттанудан қорғаудың белсенді және
ырықсыз, құрылымды түрі болады.
Белсенді қорғау түріне электрлі қорғау ( катодты, протекторлы,
электродренажды ) түрлері қатысты.
Ырықсыз қорғау түріне құбырдың бетін жермен түйісуден сақтайтын,
изоляциялық жабын деп аталынатыны қатысты.
Изоляциялық жабын су өткізбейтін, берік, жылу тұрақты, электр тогын
өткізбейтіндей, болатқа жақсы жабысатындай болуы керек.
Битумды - изоляциялық мастика құрамына мыналар жатады:
- жұмсарту температурасы мен мастиканың механикалық беріктігі мен
тұтқырлығын арттыратын ұсақ бөлшектенген минералды толықтырғыштар.
- толықтырғыш есебінде әк тас (доломикті) пен асоральтті ізбес тас
қолданылады.
Жұмсарту температурасын көтеруде резиналы үгінділерді қосады.
Изоляциялау реттері:
- грунт жабу.
- изоляциялаушы жабын.
- ораушы жабын.

5. Изоляциялау жабынының конструкциясы.
Битумды-резиналы мастика негізіндегі изоляциялау жабынның
конструкциясы және түрлері. 1, 2, 3 және 4 типтегі изоляциялау жабынын
қозғалмайтын және трасса жағдайында жеке және біріктірілген тәсілдермен
тасиды. 5 және 6 типтегі изоляциялық жабынды жартылай қозғалмайтын қойманың
жағдайында тасиды.
Кесте 1.1. Битумды – резиналы негіздегі жабынның конструкциясы.
№ Изоляцияның Жабынның Жабынның Қосымша
түрі конструкциясы жалпы қалыңдық,
қалыңдығы, мммм
Қалыпты Грунт, мастика, 4 мм, 4 10,3
шөлмеккенептің бір қабаты
Қалыпты Грунт, мастика, 4 мм, 5,5 ±0,5
бризолдың бір қабаты
Күшейтілген Грунт, мастика, 6 мм, 6 ±0,5
шөлмеккенептің бір қабаты
Күшейтілген Грунт, мастика, 6 мм, 7,5 ±0,5
бризолдың бір қабаты
Күшейтілген Грунт, мастика 3 мм, 7,5 ±0,5
шөлмеккенептің бір
қабаты, мастика 3 мм
Күшейтілген Грунт, мастика 3 мм, 6 ±0,5
шөлмеккенептің бір
қабаты, мастика 3 мм,
шөлмеккенептің бір қабаты

Полимерлі лента негізіндегі изоляциялау жабынының конструкциясы мен
түрлері.
Мұнай өткізгіштерді жерасты, жерүсті, жердегі төсеу тәсілдерінде
полимерлі лента негізіндегі изоляциялау жабынының конструкциясы мен түрлері
НТД сәйкес көрсетілген міндеттер де жүргізіледі.
Импортты полимерлі лента мен жабысқақ орамды конструкторлы
изоляциялық орам мынадай міндеттерді ескере отырып жүргізіледі:
- полимерлі ленталарды грунт жабу қабатынан кейін ғана, изоляциялы
лентамен құрылымды қойылып тасымалданады.
- бір қабаты импортты изоляциялық лента болып келетін және бір қабаты
жабысқақ орам болып келетін, өзінің қорғаушы қасиеті жөнінен қалыпты,
күшейткіш изоляциялау міндеттеріне сай келетін құбыр өткізгіштің
желілік бөліктеріндегі изоляциялық жабын.
Полимерлі ленталар мен қорғаушы орамның, орам материалдарының шығыны:
G = k н· k n · π · Д · l · Р
kH – беттесу коэффициентінің шамасы, бір қабатты изоляция үшін kH = 1, 09;
екі қабатты изоляция үшін kH = 2, 30;
kh = 1, 08 – орамдарды қиындыларды орнату кезінде изоляциялық қиындылар
мен орам материалының шығыны.
Д – изолирленген мұнай құбырдың сыртқы диаметрі.
l – изолирленген мұнай құбырдың ұзындығы.
Р - 1 м2 лентаның немесе орам материалының массасы.
Құбыр бойынша орам материалының немесе лентаның беттік ауданы.
S n =
В – орам материалының ені.
n – беттесу ені.
Мұнай өткізгіштің пайдаланылу шартына қарай қорғаныш жабынының екі
түрі қолданылады: қалыпты және күшейтілген.
Күшейтілген түрі диаметрі 1020 мм және одан да көп мұнай
өткізгіштерінде төсем түріне байланысты емес қолданылады, сонымен қатар
мынадай төселген кез–келген диаметрдегі мұнай өткізгіштерде қолданылады.
- еліміздің тұзды, топырақты аудандарында ( ылғалды сор беті, сортаңды,
тақыр жерлер).
- өзен жағалаулары мен су асты өткелдері, сонымен қатар теміржол және
автокөлік жолдарының өткелдері, соның ішінде ұзындығы жобадан
анықталынатын, өткелдің екі жағындағы аймақтар.
Жарықшақталған, ұнтақталған тасты құрғақ сазды және сазды топыраққа
изоляцияланған мұнай өткізгішті, міндетті түрде ойық жасап, төсейді де
жұмсақ топырақпен 20 см болатындай етіп жабамыз. Себелеуді жаңарту
мақсатында футеровкамен алмастыруға болады.
Су асты өткелдерімен теміржол, автокөлік өткелдері арқылы өтетін
аймақтарда жабынды екі еселенген қорғауыш ораммен, екі еселенген изоляциялы
лентамен, футеровкамен төсейді.

6. Изоляциялық жабынға сипаттама.
Болат мұнай өткізгіштері изоляциялық жабыны конструкциясына, әкеліну
тәсіліне, төсеу түріне, қолданылатын материалына қарамастан газ,- мұнай,-
және мұнай өнімдерін топырақ және атмосфералық тоттанудан қорғайтындай
болуы керек. Яғни пайдаланудың барлық кезеңінде тоттанудан ( топырақ
атмосфера) болатын апатты жағдай болмайтындай етілуі тиіс. Құбыр
өткізгіштерді тоттанудан қорғауға мынадай изоляциялық жабындар қолданылады:
битумды – резиналы немесе битумды –полимерлі; полимерлік жабысқақ лента;
жартылайэтиленді; зауыттан әкелінген; эпоксидті; лакбейнелілік.
Мұнай өткізгіштерге тоттануға қарсы қолданылатын изоляциялық
материалдар МЕМст, Сст, ТШ талаптарына сай болуы керек.

7. Битумды–резиналық негіздегі изоляциялық материалдар.
Битумдар.
Болат мұнай өткізгіштерді изоляциялау үшін изоляциялық маркасы БНИ-
IV, БНИ- IV-3, БНИ-V, МЕМст 9812-74 болатын мұнай битумдары және маркасы БН-
IV, БН-V по МЕМст 6617-76 ( кесте 1.2.) болатын құрылыс мұнай битумдары
қолданылады.
БНИ- IV-3 битумын күз – қыс мерзімінде құбырдың ыссы емес
аудандарында қолданады. Битумдардың барлық маркісі де түсіріп – тиеу
кезінде қардың ылғалдың өтіп кетпеуін қамтамасыз ететін топырақтың битумға
жабыспауын қамтамасыз ететін, ішкі бетінде жабыны бар арнайы ыдыстарда
тасымалданады.
Кесте 1.2. Битумның физика – механикалық қасиеті.
Көрсеткіштері МЕМст 9812-74
Маркалық нормалары
БНИ - IV БНИ - IV-3
Иненің өту тереңдігі 0,1 мм
250С аралығында 25-40 30-50
00С, ден кіші емес 12 15
250С кезіндегі созылымдылық, 1 см кем 3 4
емес
жұмсарту температурасы 0С төмен емес 75 65
тұтану температурасы 0С төмен емес 270 230
24 сағат ішіндегі суға қанығушылық, % көп0,2 0,2
болмайды
Қыздырылғаннан кейінгі массаның өзгеруі, 0,5 0,5
% көп болмайды.
Парафиннің құрамы % көп болмайды - 4

Изоляциялық мастикалар. МПР - 90 және МР – 100 маркалы мастикалар
тасымалданатын өнім температурасы 400С жоғары және ауа температурасы 500С
жоғары болатын мұнай өткізгіштерде қолданылады. МБР – 65, МБР – 75 маркалы
мастикалар қыс мезгілінде ауа температурасы 250С болғанда қолданылады.
Пластификаторлар. Пластификаторлар изоляцияның мастиканың қолайсыз
температурадағы иілінулік қасиетін арттыру үшін қолданылады.
Пластификаторлардың негізгісі МЕМст – 15836 – 79 бойынша алынған
жасыл май болып табылады.
Жасыл май болмаған жағдайда пластификатор есебінде білік майы
(МЕМст 610 – 72), трансформатор майы (МЕМст 10121 – 76) қолданылады.
Келтірілген пластификаторлар мастика құрамында 7% - не дейін болуы керек.
Битумды мастикаларды толықтырғыштар.
Мастикалардың тұтқырлығы мен баяу балқығыштығын жоғарылату үшін
толықтырғыштар – резиналы үгінділер, ұсақталған әк тастар мен хризотилді
асбест қосады.
Резиналы үгінділер ТШ – 98 – 104 – 36 – 76 талаптарына сай келіп, мынадай
сипатқа ие.
Резиналы үгінділі мастиканы 7% – ке дейін қосқанда мастиканы жұмсару
температурасы 1,5 – 20С, 1% көтеріледі, 8 ден 12% мастиканың жұмсару
температурасы әрбір 1% - не 3 – 40С болады.
Хризолитті асбест 1 МЕМст 2871 – 83 талаптарына сай болуы керек. Ал
битумды – резиналық мастикаға асбест 7% ( массасы бойынша ) шамасына дейін,
3% резиналы үгіндіні алмастырады.
Орам материалдары.
Битумды – изоляциялық жабынды орау үшін АА – К, ВВ – Т түріндегі мата
емес, кенеп қолданылады. Олар механикалық беріктік пен аязға беріктікті
арттырып, қорғауда тиімді болып есептелінеді.
Орауыш материалдар.
Орауыш материалдарға полимерлі ленталар, бинарулдар, бризолдар,
гидрооизолдар, ребероидтар, сонымен қатар импортты жеткізілетін ленталар
жатады. Орауыш материалдар изоляциялық жабынды механикалық бүлінулерден
қорғайды.
Поливинилхлоридты ( ПВХ ) орауыш материалы ТШ 102-216-79 талабына
сай болуы керек.
8. Полимер негіздегі изоляциялық материалдар.
Изоляциялық жабын астына, жабынның металл құбырға жабысып қалуын
қамтитындай (адгезия), отындық өндірістегі полимерлі жабысқақ ленталардан
топырақ жабу жүргізіледі.
Отындық өндірістегі полимерлі жабысқақ ленталардан жасалынған
қорғаушы изоляциялық жабындарды механикалық бүлінуден қорғау үшін полимерлі
орам материалдары қолданылады. Болат мұнай құбырөтізгіштерін тоттанудан
қорғау үшін импортты полимерлі жабысқақ ленталар мен жабысқақ орамдар
қолданылады.
Импортты полимерлі жабысқақ ленталардың металл құбырмен ілінісіп,
ұстасып (адгезия) қалу үшін желімді топырақ жаю қолданылады.
Лакбейнелілік жабындар.
Лакбейнелілік жабындар мұнай өткізгішінің жерүсті аймағын тоттанудан
қорғауға қолданылады.
Күрделі жөндеу кезінде Мұнай өткізгіштерін изоляциялау үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі.
Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы
Арбашалар және доңғалақ жұптар жөндеу бөлімшелері
Көлік шаруашылығын ұйымдастыру
Жабдықтарға күтім көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру
Технологиялық машиналарды жөндеу процесстері
Сот тауартану сараптамасы
Жөндеу және тазалау жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік
Электр қондырғыларын электр жабдықтарымен монтаждау
Пәндер