Кесте мәліметтерінің қасиеттері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ1

1 Мәселенің қазіргі замандағы жағдайына шолу және оны талдау2

1. 1 Автоматтандырылған жұмыс орны түсінігі2

1. 2 Мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік7

1. 3 Мәліметтер базасының ерекшелігі9

1. 4 Мәліметтер базасының кестесін құру12

1. 5 Компоненттер политрасы16

1. 6 Есептің қойылымы19

2 Мәселелер кешенінің ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілуін жобалау20

2. 1 Ақапараттарды өңдеудің компьютерлік жүйесінің құрылымын өңдеу20

2. 2 Жүйе құру технологиясын таңдау және мәліметтер базасын23

ұйымдастыру23

2. 3 Жүйені өңдеуді қолдайтын аспаптық құралдары29

3 Жобаны іске асыру нәтижелерін бағалау35

3. 1 Жалпы мағлұматтар35

3. 5 Шақыру және жүктеу43

3. 6 Қажетті техникалық жабдықтар48

3. 7 Кіріс мәліметтер48

3. 8 Шығыс мәліметтер49

4 Экономикалық бөлім49

4. 1 Жалпы жағдай49

4. 2 Экономикалық есептеулер52

4. 3 Бағдарламаны енгізу57

4. 4 Тура кірістер58

4. 5 Жалпы пайда58

5 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы60

5. 1 Мекеме алаңындағы электр қауіпсіздігі62

5. 2 Құрылыс алаңындағы өрт қауіпсіздігі62

5. 3 Қоршаған ортаны қорғау64

5. 4 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар64

5. 5 Жарықтандыру65

5. 6 Техникалық ұйымдастыру шаралары67

5. 6 Ауа баптауды есептеу68

ҚОРЫТЫНДЫ70

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ71

Қосымшалар72

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде еліміздің әрбір үйінде отын ретінде газ қолданады. Және еліміздің кейбір ауылдарынан басқа барлық облысына газ орталықтан қосылған десек артық болмайды. Сондықтан да газ шаруашылығының ауқымды екенін айтпасақ та белгілі. Енді, осы газды қолданушылар мен газбен қамтамасыз ететін мекемелер арасындағы қатынасты нығайтып отырған, яғни қолданушыға жеңіл әрі тез қызмет көрсету үшін заманауи технологиялар мен байланыс құралдарының маңызы өте зор. Анығырақ айтсақ барлығы да компьютер арқылы басқарылады. Сондай-ақ газ нарығына оралатын болсақ газ шаруашылығымен айналысатын мекемелер мен газды қолданушылардың уақытты мүмкіндігінше үнемдей алуы маңызды болып отыр. Бұған бірден бір себеп мекемелердің автоматтандырылған жүйені қолдануы.

Қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың қолданылуы экономика мен әлеуметтік салаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер жаратып отыр. Кез - келген авоматтандырылған жүйе өзара байланысқан көптеген модульдерден тұратын күрделі аппараттық - программалық комплекстерді сипаттайды. Соңғы кездері Қазақстанның саяси - экономикалық және қоғамдық өмірінде болып жатқан сан - алуан өзгерістер іскерліктің көптеген түрін тудырып, оларды жүзеге асырумен қоғамды жанталастыруда. Аталған жүйелерге деген сұраныс жоғары болғандықтан, сондай-ақ олардың құны да жоғары болғандықтан, көптеген компьютерлік техника шығарушы және бағдарламалық қамсыздандыру компаниялары өздерінің ұсыныстарымен шығып отырады. Әрбір мекеменің автоматтандыру бөлімінің алдында осы мәселені шешу, яғни көптеген бағдарламалардың ішінен өздерін қанағаттандыратынын таңдау проблемасы тұрады. Мекемелер желісі жүйеге мынадай негізгі екі талап қояды: коммерциялық ақпараттың қауіпсіздігі және сенімділігі.

Ақпараттық-іздеу жүйелеріне қойылатын кейбір талаптарға қарамастан, әрбір мекеме өзінің ішкі мәліметтерін өңдеудің өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Бірақ көбінше мұндай іс-әрекеттерді орындауға арналған ресурстар олардың өздерінде табыла бермейді. Өз мәселелерін шешу үшін олар кәсіпқой программистердің көмегіне жүгінеді.

Сондықтан да бұл дипломдық жұмыста газ шаруашылығының автоматтандырылған жүйесі құрылған. Жүйе MS Access бағдарламасында құрылып, Delphi тілінде шақырылады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің атап айтатын артықшылығы деректерге қатынаушыларға яғни жұмысшыларға бағдарламаның түсінікті әрі қарапайым болуы және деректердің тұтастығын сақтаудың көптеген амалдары, тәсілдері қарастырылған.

1 Мәселенің қазіргі замандағы жағдайына шолу және оны талдау

1. 1 Автоматтандырылған жұмыс орны түсінігі

Автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) алдын-ала белгіленген қызметтерді атқаруға арналған, жеке және коллективтік қолдану мүмкіндігіне ие ақпараттық ресурстардың, ақпараттық-техникалық және ұйымдастырушылық-технологиялық жабдықтардың жиынтығы ретінде анықтауға болады.

Әлемдік тәжірибеде ЭЕМ-ді жүйелік қолданудың ең алғашқы үлгісі мәліметтерді өңдеу администрациялық жүйесі болып табылады, яғни банк үрдісін автоматтандыру, бухгалтерлік есептеулер және т. б. Осындай типті жүйенің тиімділігі автоматтандырылған ақпараттық базасына сүйенеді. Яғни, бұл дегеніміз ЭЕМ жадысында тек қана жүйеге арналған есептерді шешу ақпараты сақталады.

Администрациялық жүйелердің көлемі өсуіне байланысты мәліметтерді өңдеу жүйелері автоматтандырылған басқару жүйелеріне (АБЖ) айналады, олар өз кезегінде көлемінің өсуіне байланысты есептеу комплексіне (ЕК) айналады. Автоматтандырылған есептеу жүйесі - бұл адам-машина жүйесі, яғни техникалық құрал-жабдықтар көмегімен ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, белгіленген компоненттер арқылы басқару стратегиясын тиімді ұйымдастыру және басқаруда шешім қабылдайтын адамға немесе адамдар тобына нәтижелер беру. Тиімді стратегия дегеніміз - объектілердің кейбір мінездемелерін төмендету немесе жоғарлату.

Адамдар мен жүйе қарым-қатынасын қамтамасыз ету мақсатында, тіркелген ақпараттар нәтижелеріне қатынас жасау мақсатында АБЖ негізінде АЖО-ны құру мүмкіндігі пайда болады. АЖО - бұл адам мен ЭЕМ арасындағы интерактивті қатынасты қамтамасыз ететін ақпараттық-аппараттық құрал-жабдықтар.

Жүйедегі барлық айналымды ақпараттар, басқару үрдісі барысында, жүйені техникалық жабдықтар арқылы және тіркелген ақпараттардың нәтижелерін алу арқылы арнайы жасалған алгоритмдер көмегімен өңделіп, АЖО-ға түседі. Тіркелу - бұл мәліметтер базасы ретінде ұйымдастырылған, жүйеге түсетін немесе жүйе айналымындағы кейбір ақпараттық массивтерінде жүрген ақпараттарды ЭЕМ жадысына сақтау.

Құжаттау - бұл, негізі, ақпараттық массивтердің (мәліметтер базасының), болашақта анализдеу үшін, экранға немесе принтерге шығатын көрінісі.

Ақпараттарды ЭЕМ жадысында ақпараттық массивтер түрінде сақтау және осы ақпарат масивтерінен монитор мен принтерге ақпаратты таңдап шығару, тіркелу есептерін және ақпаратты құжаттау - осылардың барлығы АЖО құрастырушысына жүктеледі.

1. 1. 1 АЖО іске асыру

АЖО-ны құрастыру негізіне келесі қағидалар жатады:

  • Қолданушыға максимальді бейімделу, яғни аспаптық құрал-жабдықтар құру арқылы АЖО-ның қолданушы деңгейіне бейімделуі және үйрену мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • Кәсіптік білімді қалыптастыру, яғни АЖО көмегімен қолданушы өздігінен жаңа функцияларды автоматтандыру мүмкіндігін ұсыну және жүйемен жұмыс кезінде жиналған тәжірибе арқылы жаңа есептерді шешу;
  • АЖО-ның белгілі-бір есептеулер типін шешу мәселелеріне бейімділігі;
  • Мәліметтерді өңдейтін жүйенің басқа элементтерімен қатынасын

қамтамасыздандыратын модульдік құрылым, сонымен қатар АЖО-ның жұмыс барысында кейбір мәселелер әсерінен оңай өзгеруі;

  • Тиімділік немесе ыңғайлылық, яғни қолданушының жұмыс жасауына ыңғайлы жағдай жасау және жүйемен қатынас барысында тиімді интерфейстің болуы.

Қолдану облысына байланысты АЖО топтастыруының функционалдық белгілері келесідей болуы мүмкін:

  • Администрациялық-басқарушылық персонал АЖО-сы;
  • Радиоэлектрондық құрылғыларды және автоматтандырылған басқару жүйесін құрастырушы АЖО-сы;
  • Экономика, математика, физика және т. б. салаларындағы мамандар АЖО-сы;
  • Өндірістік-технологиялық бағыттағы АЖО.

АЖО-ның негізгі топтастыру белгісі эксплуатация режимі болып табылады, яғни жеке, топтық және желілік эксплуатация режимдері. Алғашқы жағдайда АЖО ДЭЕМ-да жүзеге асырылады, барлық ресурстар тек бір адамның қолында болады. Мұнда жұмыс орны стандартыт емес, мамандандырылған есептерді шешуге арналған және бұл жұмысты іске асыру үшін қуаты төмен ЭЕМ қолданылады.

Эксплуатацияның топтық режимінде администрациялық және функционалдық қағидаларды біріктіретін бір ЭЕМ базасында бірнеше жұмыс орындары жүзеге асырылады. Бұл жағдайда енді қуаты жоғары ЭЕМ-дер керек және күрделі ақпараттық қамтама қолданылады. Эксплуатацияның топтық режимі әдетте жеке бөлімшелердің мәліметтерін үлестірімді өңдеуін ұйымдастыру немесе тұрақты мамандар және басшыларға қызмет етуді ұйымдастыру үшін қолданылады.

АЖО эксплуатациясының желілік режимі жоғарыда айтылған екі режимнің қасиеттерін біріктіреді. Бұл жағдайда әр АЖО бір ЭЕМ базасында құрылады, бірақ сонымен қатар есептеу желісіндегі кейбір ортақ ресурстарды пайдалану мүмкіндігі бар.

Енді функционалдық ақпараттық қамтаманың нақты шарттарды қолдануға бейімделуін қарастырайық. Ең алғаш болып техникалық персоналдың жұмысын автматтандыруға арналған ақпараттық жабдықтар шықты. Ең қарапайым мысал тексттік редакторлар (процессорлар) . Олар ақпаратты жылдам енгізуді қамтамасыз етеді, өңдеу мүмкіндігін береді, автоматты түрде қателерді табады, текстті баспаға шығару үшін дайындауға көмектеседі. Тексттік редакторларды қолдану анағұрлым жұмыс жылдамдығына әсерін тигізеді.

Әртүрлі құжаттарды дайындауға керекті ақпараттарды табу үшін, мамандарға жиі үлкен көлемді мәліметтермен жұмыс істеуге тура келеді. Осындай типті жұмыстарды жеңілдету үшін мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ: DBASE, RBASE, ORACLE және т. б. ) ойлап табылды. МББЖ үлкен көлемді ақпараттарды сақтауға негізделген және ең бастысы керекті мәліметтерді тез табу үшін қолданылады. Мысалы, картотекамен жұмыс барысында қажетті ақпаратты табу үшін үнемі үлкен мәліметтер архивтерін қарауға тура келеді. МББЖ бұл мәселені санаулы секундтарда шешеді.

Мамандардың көпшілігі әртүрлі кестелерді өңдеумен айналысады, себебі экономикалық ақпараттың басым көпшілігі кестелік түрде болады. Үлкен форматты электронды кестелер осындай құжаттарды құруға көмектеседі. Олар өте тиімді болып келеді, себебі кіріс мәлеметтері өзгертілген кезде өздігінен аралық және қорытынды мәліметтерді есептейді. Сондықтан олар қазіргі кезде кеңінен қолданылады. Мысалы, шығын және пайда көлемдерін жобалауда.

Көптеген мекемелерде басқару және бағыт беру үшін АЖО ақпараттық жабдықтары қолданылады, яғни әрбіреуі басталу және аяқталу уақытынан тұратын және жауапты қызметкерлері бар барлық басқару жұмыстары үрдістер жиынтығы ретінде сипатталады. Осыған байланысты әр қызметкердің жұмысы басқалармен байланысты болады және жалпы жұмыстардың жобасы құрылады. Мұндай жоба уақыты келгенде автоматты түрде қызметкерлерге тапсырма дайындайды, тапсырманың аяқталу уақытын белгілейді және қызметкерлердің жұмысы туралы мәліметтерді жинайды.

Мекемелік ортада жетекші уақытының 95%-н және мамандар уақытының 53%-н алатын мәліметтер алмасу маңызыды рөл ойнайды. Мысал ретінде элетрондық пошта ақпараттық жабдығын айтуға болады. Поштаны қолдану мекеме ішінде құжаттар алмасуға мүмкіндік береді, әртүрлі жұмыс орындарынан хабарламаларды қабылдау, жіберу және өңдеу жүзеге асырылады, тіпті бір мекеме ішіндегі мамандарға жиналыс жүргізуге болады. Мәліметтермен алмасу мәселесі есептік желідегі АЖО жұмысымен тығыз байланысты.

Қазіргі таңда тексттік редактор, таблица және графикалық редакторлары бар жетілдірілген пакеттердің құрастырылуы қарастырылуда. Бірдей операцияларды орындау үшін әртүрлі программалар ақпараттың негізгі үш түрін қолданады; сандық, тексттік жіне графикалық. Ақпаратты сақтау үшін, аталған үш типті біріктіретін МББЖ қолданылады. Қазіргі кезде МББЖ күнделікті өмірдің ажыратылмас бөлігі ретінде қолданыс табуда.

Дегенмен заманауи функционалдық ақпараттық қамтама әртүрлі маман иелерінің барлық талаптарына жауап береді. Сондықтан мұндай ақпараттық қамтаманың артықшылығы оның өзгеруінде. Ал АЖО-ға жаңа ақпараттық жабдықтар енгізу екі бағытта жүзеге асырылады: жаңа мамандықтар үшін жаңа ақпараттық қамтама құру және бар мамандықтар үшін ақпараттық қамтаманы

жаңарту. Қазіргі уақытта АЖО-ны кәсіптік бағытта құру қарастырылуда. Ол келесідей сипатталады:

  • Шешілетін есептерді есепке алу;
  • Басқа қызметкерлермен қарым-қатынас;
  • Кәсіптік әдеттерді есепке алу;
  • тек ФАЖ-ді жасау емес, сонымен қатар арнайы техникалық құрылғыларды жасау.

Мамандарды аталған АЖО-мен қамтамасыз ету мекеме қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттырады, қызметкерлер санын қысқартады, тиімді жобалау және басқару үшін, ақпараттардың өңдеу жылдамдығын арттырады.

Бүгінгі таңда АЖО-ның коптеген түрлері бар. Оған көз жеткізу үшін интернетке кіру жеткілікті. Бүкіл әлемдік желіде АЖО-ны құратын және ақпараттық қамтама жасайтын көптеген фирмаларды көруге болады.

АЖО топтастыруына тағы бір қырынан қарасақ, әртүрлі есептерді шешуге жүйелендірілген. АЖО-ның келесідей топтары болуы мүмкін:

  • Ақпараттық-есептеулік есптерді шешу үшін;
  • Мәліметтерді дайындау және енгізу есептерін шешу;
  • Ақпараттық-анықтамалық есептерді шешу;
  • Бухгалтерлік есептеулер есептерін шешу;
  • Статикалық мәліметтерді өңдеу есептерін шешу;
  • Аналитикалық есептеулер есептерін шешу.

Кез-келген АЖО-ны белгілі топқа жатқызу үшін, біріншіден терең және мұқият анализді керек етеді, яғни бір типті АЖО-лардын ішінен салыстырмалы түрде тиімдісін таңдау.

Мамандардың зерттеулері бойынша АЖО мамандардың жұмыс орнында орналасқан кәсіптік-бейімделушілік шағын есептеу жүйелері болып табылады және олардың жұмыстарын автоматтандыруға арналған. Қызметтік тағайындалуына байланысты, әр басқару объектісіне автоматтандырылған жұмыс орнын қарастыру керек. Бірақ АЖО-ны құру түйіні жалпы болу қажет: жүйелілік, тұрақтылық, бейімделушілік, тиімділік.

Жүйелік түйініне байланысты АЖО-ны құрылымы функционалдық тағайындау арқылы анықталатын жүйе ретінде қарастырады.

Бейімделушілік түйіні элементтер стандарттары және ішкі жүйелерді модульдік құрылымы арқасында әртүрлі жағдайларға бейімделуі болып табылады.

Тұрақтылық түйіні - бұл АЖО жүйесі ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуіне қарамастан негізігі функцияларды орындауды білдіреді. Бұл дегеніміз, жеке бөлімдердегі ақаулар оңай жойылатын болуы керек, ал жүйенің жұмыс қабілеттілігі тез қалпына келтірілуі керек.

АЖО тиімділігі жоғарыда айтылған түйіндердің деңгейлерінің интегралды көрсеткіші ретінде қарастырылады.

АЖО қызметі жақсы көрсеткіштер көрсетуі мүмкін, егер мәліметтерді

өңдеу үшін адам мен машинаға қызметтерді дұрыс үлестіріп беретінболса. Осыдан кейін АЖО тек қана еңбек үрдісін және тиімді басқаруды жоғарлатып қана қоймай, мамандарға ыңғайлы жұмыс орны яғни мәліметтер базасы болып табылады.

1. 2 Мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік

Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы приициптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.

Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т. б. атауға болады.

Электронды МБ-сының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.

Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.

Объект деп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттың жүйенің элементтері аталады.

Атрибут - объектінің қасиеттерін ақпараттың бейнелеу. Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен ситатталады.

Мәлметтердің басты элементі деп мәлметтердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.

Алғашқы кілт - объектінің (жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде жалғастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы), Екінші реттегі кілт - бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы) . Ең алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады. Мәліметтер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты.

МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және апаратпен көрсетушілік (визуализация) . База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметтерді іріктеу, оларды реттеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.

Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:

  • кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
  • кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
  • кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
  • берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.

МББЖ-ның тағы бір функциясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.

1. 2. 1 Мәліметтер базасын жіктеу.

Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша ажыратылады: Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ.

Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас (relation) термині сәйкес келеді және ол МБ-ға осы атты берген. Ол үшін дамыған математикалық аппарат - біріктіру, алу, азайту, қиылысу, қосу және т. б. сияқты математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляциялық алгебра. Осы типтегі МБ жасауға американдық ғалым Е. Кодд елеулі үлес қосты.

Реляциялық МБ-ның жақсы қасиеті - оны қолдаудың аспаптық құралдарының салыстырмалы қарапайымдылығы, кемшілігі - мәліметтер құрылымының қатаңдығы (ерікті ұзындық кестесінің жолдарын берудің мүмкін еместігі) және оның жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелділігі. Мұндай МБ-ға белгіленген көптеген операциялар үшін барлық МБ қарау қажетті болуы мүмкін.

Иерархиялық және желілік МБ қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық МБ-да мұндай байланыстар ағаш-сызық жол (графа) түрінде бейнеленуі мүмкін, мұнда биік ұшар бастан төменгі кішілеріне қарай біржақты байланыстар ғана болуы ықтимал. Егер барлық ықтимал сұрақтар ағаш құрылымында бейнеленсе ғана, бұл қажетті ақпаратқа жетуді тездетеді. Ақпарат алудың ешқандай басқа сұрау салулары қанағаттандырмайды.

Аты айтылған кемшілік желілік МБ-дан алып тасталды, онда (тым болмағанда, теориялық жағынан) «бәрімен барлық жағынан» байланыс болуы ықтимал еді. Іс-тәжірибе жүзінде мұны іске асыру мүмкін болмағандықтан, кейбір шектеулерге жүгінуге тура келеді.

Мәліметтердің әрбір элементі құрамында кейбір басқа элементтердің сілтемесі болуы тиіс. Сол себептен ЭЕМ (электронды есептегіш машинаның) оперативті және дискілік жадындағы едәуір ресурстар талап етіледі.

АЖ келесі ерекшелігін атап көрсетейік.

Толығымен айтқанда АЖ әдіс - тәсіл, зерттеулерсіз алуға болады, сонымен қатар оны бұрын қолданған білімді қолдануға болады. Екінші тәсілі - АЖ құрудың технологиясына сәйкес келеді. Белгілі технологияларды қолдану процесс құрудың тиімді тәсілі мен сапалы нәтижелерді алуға мүмкіндік береді.

АЖ құруда келесі анықтамалар мен таңдаулар қолдануды керек етеді.

  • АЖ құрыла алатын немесе база арқылы қолданатын АЖ технологиясы
  • Жобалау және еңгізілу жұмыстары көмегімен енгізілетін процесс ұжымы немесе бизнес - процесс құру технологиясы.

Келесі технологияны құру және шығару механизмі.

Зерттеулер нәтижесі және жинақталған тәжірибе, АЖ аумағында алынған өңдеулер, оның ішінде жобалау, АЖ құруда жалпы технологиялар құруда көптеген міндеттер қолданылады.

Бұл технология көптеген бөліктер мен жобалардан және жеке жүйелерден тұрады, сондай -ақ стандарттар мен құрылғылардан тұрады. Осы технологияларды құрастырудың қатынастары келесі болып табылады.

  1. АЖ құру және проектілеу үшін жалпы сұлба және жеке кезеңнің логикалық тізбегін, кезең мен операцияларды керек етеді.
  2. Егер әрбір сұлба этабында операция және кезеңді орындау құрамын көрсетсек, онда сұлба АЖ құру технологиясы құрудың технологиялық құрылымы өзіне пәндік облыс және есептеуді талдаудың құрылымын қосады.
  3. АЖ құрудағы стандарттар барлық процесті орындауды қолданады.

Сонымен, осы аталғандарды қорытындылай келе, АЖ құрудың келесі сұлбасы бар.

1. 3 Мәліметтер базасының ерекшелігі

Мәліметтер базасы ДББЖ деген ұғымымен тікелей байланысты. ДББЖ (Деректер базасымен айланысты жүйе) - мәліметтер базасын басқаратын программа, яғни мәліметер базасында сақталған мәліметтерді сақтау, сұрыптау, іздеу процесстерін жүзеге асыра алады.

ДББЖ-ның көптеген түрлері бар: IMS, CETOP, ORACLE, CLIPPER, FOX PRO, ACCESS. Біз бұл жұмыста MS ACCESS-пен жұмысты қарастырамыз. MS ACCESS - бұл Windows бағдарламасына арналған иннтерактивті ДББЖ. Бұл қабықтың есеп беруде графикалық мүмкіндіктерінің ерекшелігін байқауға болады.

Қазіргі уақытта локалді және жойылған мәліметтер базасын құруға және пайдалануға жол беретін программалық жүйелер жетерлік. Мысалға, dBase, FoxPro, Access, Paradox(локалді) және Interbase, Oracle, Sysbase, Informix, Microsoft SQL Server(жойылған) .

Жойылған мәліметтер базасының файлдары жойылған компьютерде орналасқан. Ескере кету керек, жойылған компьютер каталогтары желілік диск ретінде қаралмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сессия қорытындысы туралы мәлімет беруді автоматтандыру
Delphi ортасын пайдалана отырып интернет дүкен бағдарламасын құру
Поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу
Microsoft Access 2000
Мәліметтер қорының терезесі
Мәліметтер қорларын жобалау. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Науқасты қабылдау
Персоналды басқару қызметінің рөлі
Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі жайлы
Физика курсының электр тогы бөлімін мультимедиа технологиясы негізінде оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz