Етістіктен жасалған зат есім


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ЗЕРТТЕУДІҢ КАТЕГОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
1. 1 Герундий дербес категория ретінде . . . 5
1. 2 Герундийдің шығу тарихы және қалыптасуы . . . 11
1. 3 Герундийдің синтаксистік функциясы . . . 15
1. 4 Герундийдің активті және пассивті құрылымы . . . 24
2. ГЕРУНДИЙДІҢ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ АУДАРЫЛУ ЖОЛДАРЫ . . . 26
2. 1 Герундийдің көркем әдебиетте қолданылу аясы . . . 26
2. 2 Көркем әдебиетте герундиймен бірге қолданылатын сөз тіркестер . . . 27
2. 3 Көркем әдебиеттегі герундийдің синтаксистік функциясы . . . 29
2. 4 Көркем әдебиеттегі герундийдің стилистикалық ерешеліктері . . . 41
2. 5 Герундийдің көркем әдебиетте аударылу жолдары . . . 49
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64
ҚОСЫМША
Кіріспе
Тіл білімінде грамматика саласының алатын орны ерекше, яғни оның қарқынды дамып, жүйелі түрде зерттелуі де өте маңызды. Соның ішінде ағылшын грамматикасындағы етістіктің жақсыз формасындағы герундийдің зерттеліп, мазмұнының ашылуы да грамматика саласының дамуына үлкен үлесін қосады.
Жасалу жағынан көркем әдебиеттегі герундий түрлерінің етістіктің жақтық түрлерінен айырмашылығы жоқ: көркем әдебиеттегі герундийдің әр түрі сәйкестендірілген етістіктер жақтарының жалпыламасы болып табылады, бірақ олар өзара сөйлемдегі қызметтері бойынша ерекше ажыратылады.
Герундий - етістікті жүйенің орталығы емес, оның шеті. Инфинитив жөніндегі мәселе грамматика мамандарын әрқашан толғандырған. Олардың кейбіреулері герундийді етістіктен шешімді түрде бөліп айтқан; себебі герундий шығу тегі етістікті негіз атауымен байланысты, герундий предикативтік те емес, етістіктің аттрибутивтік түрі де емес болып келеді деп жөн сілтеген. Герундий ерекше сөз табы болып жарияланған және жіктеуге қатысты емес сөз ретінде қарастырылған. Мысалы, герундий «етістіктен жасалған» атауы арқылы, И. Ф. Калайдович герундийді етістіктің дербес категориясын бөліп айтқан. Тек академиктер Д. Н. Овсянико, Куликовский және А. А. Шахматов, және бодуэн мектебінің лингвисттері табанды түрде қазіргі ағылшын тіліндегі герундий - бұл «етістіктен жасалған номинатив», яғни етістіктің негізгі бастапқы түрі деп айтқан. [1. 164; 2. 149]
Зерттеу жұмысының өзектілі - осы тақырып бойынша ғылыми зерттемелермен танысу, оның аз өңделгендігін, әсіресе кеңестік, американ, ағылшын мамандары арқылы аз дайындалғандығын көрсетеді, оған дәлел қорлардағы ірі қала кітапханаларда материал жоқтығы, атап айтқанда, аймақтық ғылыми кітапханалардағы диссертациялар және конференция материалдарында осы мәселенің жеке сұрақтары қаралмағандығы айқындалады.
Зерттеу жұмысының пәні - герундийдің көркем әдебиетте қолданылуы және олардың сөйлемдегі стилистикалық құралы болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты - герундийді жан-жақты қарастырып, әсіресе оның көркем әдебиеттегі ролін зерделеу.
Зерттеу жұмысының міндеті - зерттеу тақырыбы бойынша қолда бар ғылыми-теориялық материалдардан герундийді тарихи тұрғыдан қарастырып, алуан түрлі ғалымдар ойларын зерделеп, герундийдің көркем әдебиетте қолданылу ерекшелігін айқындау.
Жұмыстың дерек көздері - ретінде шетел ағылшын мамандарының ғылыми-теориялық еңбектері алынған, сонымен бірге ХІХ-ХХ ғасырлардағы ағылшын және американдық әдебиетінің көркем шығармалары болып табылады. Сонымен қатар орыс мамандардыңда кітаптары осы зерттеу жұмысының дерек көздері болып келеді.
Зеттеу жұмысының әдіс-тәсілі ретінде құрамды және салыстырмалы талдаулар алынған.
Зерттеу жұмысының жаңалығы мен нәтижелері ретінде ағылшын тіліндегі шетелдік классикалық көркем әдебиетіндегі мәтіннің 1500 беті талданған, әртүрлі қызметтердегі көркем әдебиеттегі герундий қолданылуының 150 аса мысалдары белгілі болған, ағылшын тіліндегі герундийді білдіретін етістіктердің топтары және герундиймен бірге қолданылатын сөз тіркестердің құрылымдары анықталған.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық құндылығы - осы жұмыстың болашақ маман иелері мен студенттерге теориялық грамматика және стилистика пәнінен дәріс оқуға және курстық немесе дипломдық жұмыс жазуға өз көмегін тигізетіні деп есептеймін.
Зерттеу жұмысының құрылымы - кіріспе, 1-ші және 2-ші тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосыша болып табылады.
1. ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Герундий дербес категория ретінде
Герундий - ағылшын етістік жүйесінің ең ерекше жақтық емес формасы. Егер тұйық рай мен есімше қазіргі барлық европалық тілдерге тән форма болса, герундий тек испан тіліне ғана тән; бұл форма герман тілдерінде ағылшын тілінен басқаларға тән емес. Ол етістіктік және субстантивтік сипаттар қосындысы болып табылады. Етістік сипатындағы парадигмаға ие және де тура толықтауышты қабылдай алатын қасиеті бола тұра, герундий сөйлемде тек субстантивтік позицияда ғана бола алады. Мұндай қарама - қайшылылықтағы сипаттар жай сөйлемнің мүмкіншілігін кеңейте түседі: герундий көп жағдайда қатынастарды білдіретін, қысқартылған тәсіл болып келеді. Ол басқа тілдерде бағыныңқы сөйлем ретінде беріледі. Бастауыш позициясында герундий өзінің кез-келген формасында келе береді. Ол сонымен қатар тура және жанама толықтауышқа да қатысты.
Сөз алдындағы позицияда герундий бірініші есімшедегідей тек негізгі дәрежедегі сабақты етіс формасында ғана қызмет атқарады. Бұл позицияда герундий есімшеге анық түрде қарама-қарсы қойылған; ол затпен көрсетілген іс-әрекетті жеткізеді, яғни анықталушымен сөз алдындағы анықтауыш позициясындағы кез келген зат есіммен қатынаса алады; есімше болса, жоғарыда көрсетілгендей, іс-әрекеттің белгісін, сипатынның мәнін береді:
There was a greyhound racing track. Racing track - «жүгіруші жол» емес, «жүгіру жолы», «жүгіруге арналған жол». Салыстыру үшін жалпылама мысал келтірейік: a dancing hall - «би залы» және a dancing girl «билеп жатқан қыз»; a swimming match «жүзуден сайыс» және a swimming man «жүзіп келе жатқан адам»; a sleeping draught «ұйықтататын дәрі» (=ұйқыға арналған дәрі) және a sleeping boy «ұйықтап жатқан бала» [1, 28] .
Аталған позицияларда есімше мен герундийдің атаулы сипаттары айқын білінеді; алайда, -ing-формасында барлығы бірдей осы позицияға қарама - қайшы болып табылмайтынын атап өту керек. Мысалы, the coming storm тіркесіндегі сөз алдындағы анықтауыш немесе hearing-aid тектес сөз алдындағы есімше позициясында герундий болуы мімкін. Шамасы, мұндай шектеулер сәйкес формалардың лексикалық мағынасына және тілдік дәстүріне байланысты.
Герундийдің естістіктік сипаты - тура толықтауышты қабылдау қабілеті - есімшенің осындай сипатына параллель болып келеді. Each driver was always responsible for removing these plates. Brian became strong in carrying sacks and mixing paste.
Сонымен қатар, туынды (қайталама) -предикативты конструкциялар бар, мұнда -ing- форманы герундий немесе есімше ретінде тану қиынға соғады:
Is there any chance of the Chief deciding not to pro-ceed} . . . Whereas the Civil Servants . . . spoke with the democratic air of everyone having his say. .
I hope you don't mind me consulting you like this?
Бірінші есімшенің туынды (қайталама) -предикативты конструкциядан айырмашылығы мынада: мағыналық субъекттің -ing-формасы тура немесе
(предложный)
толықтауыш (соңғы мысалды қараңыз) болып келеді. Бірақ предикативтік қатынас бұдан өзгермейді, сондықтан бұл жерде герундий немесе, керісінше, есімше деп толыққанды дәлелдеп беру мүмкін емес. Осы мәселеге байланысты көптеген айтыс-тартыстардың болуы да кездейсоқ емес: «герундийді қолдаушылар» бұл конструкцияда «жарты герундий» («Half-Gerund») бар деп есептейді, «есімшені қолдаушылар» бұл форманы «қоспа есімше» («Fused Participle») деп атайды [1, 23] .
Шамасы, өздерінің атаулы сипаттарымен есімше мен герундий сөйлемдегі орын алып тұрған әр түрлі синтаксистік позицияларына байланысты айырмашылығы бар екенін мойындау керек; өздерінің етістіктік сипаттарымен олар өзгешеленбейді. Олардың жалғыз ғана қарама-қайшылық позициясы - ол сөз алдындағы анықтауыш позициясы; бұл позицияда семантикалық айырмашылық анық байқалады. Алғашқы есімшенің парадигмасы мен герундийдің формалық айырмашылығы жоқ. Сондықтан герундий мен есімше - олардың синтаксистік позицияда орын алуына байланысты бір формада тұрған әр түрлі варианттағы қызметтік тәсілі деп қарастыруға болады. Сөз алдындағы анықтауыш позициясындағы қарама - қайшылық етістіктердің барлық лексикалық құрамын қамти алмайды және -ing-формасының бірігуіне еш кедергі жасай алмайды. Сонымен қатар, «герундий» мен «есімше» терминдерін сақтап қалу керек деп санайтын Л. С. Бархударовтың дұрыс деп айтуға негіз бар; бұл терминдер тұтастығы арқасында қолайлы. Герундий де, есімше де күрделі құрылымдарға кіре алады, осы кезде олардың атаулы сипаттары жетекші болып келеді және де мұндай құрылымдар күрделі зат есімдер немесе сын есімдер болады: hay-making, sightseeing, daydreaming - зат есімдер; heartbreaking, nerveracking, well-wish-ing - сын есімдер. Герундий етістік жүйесінен кетуге қабілетті және толық зат есімге айнала алады. Оның көрсеткіші ретінде көпше түрге флексия қосылу мүмкіншілігі болып табылады: building-s. Флексиялар ағылшын тілінде жамалмайды, сондықтан -ing сөз құраушы формантқа айналады: I am in a strong position to know of her dоings.
Герундий - бұл әрекет атауын білдіретін және етістіктің де, зат есімнің де қасиеттеріне ие болушы етістіктің жақсыз түрі болғанмен, бірақ қазақ тілінде осыған сәйкес түрі жоқ. Сөйлемдегі оның қызметі көбінесе инфинитивпен ұқсас, бірақ ол зат есімнің көпшілік қасиетіне ие.
Герундий зат есім қасиеттеріне ие болатын жағдайлар:
1. тәуелдеу есімдігімен анықталады және тәуелдеу немесе жалпы септіктегі зат есіммен анықталады (бұл - герундийлік орам) :
their singing - (кімнің?) олардың ән салуы
my friend’s reading -(кімнің?) менің досымның мәнерлеп оқуы
Helen(’s) coming -(кімнің?) Хеленнің келуі
2. Оның алдында көмекші сөз тұруы мүмкін, мысалы:
by reading - мәнерлеп оқу арқылы, мәнерлеп оқи тұра
before leaving - кетпес бұрын
3. Зат есім ретінде сөйлемдегі оның қызметі:бастауыш, баяндауыштың құрамды бөлігі, толықтауыш, анықтауыш немесе пысықтауыш болып табылады [1, 78] .
Герундийдің етістік қасиетіне ие болуы:
1. Сабақтас етістіктердегі герундий тура толықтауышы болады (көмекші сөзсіз)
reading books - кітапты (нені?) оқу
preparing food - тағамды (нені?) дайындау
2. Үстеуді білдіретін анықтауыш болуы мүмкін (сын есіммен анықталатын за есімнен айырмашылығында) :
reading loudly - дауыстап (қалай?) оқу
driving quickly - тез (қалай?) бару
3. Герундийде айқындалмаған және перфекті түрлері, сонымен бірге етісті түрі - сабақты етіс және ырықсыз есімшелі орам.
Зат есіммен байланысы:
а) іс - әрекетті білдірмейді, тек атауын, іс әрекет процесін білдіреді;
б) сөйлемде бастауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш бөлігі ретінде зат есім қызметін атқарады;
в) көмекші сөздермен ұштасады, тәуелдеу есімдіктері және тәуелдеу септіктеріндегі зат есімдер арқылы анықталады.
Зат есімнен айырмашылығы:
а) артикль болуы мүмкін емес;
б) номинативті тіркеспен қолдануы мүмкін емес (of+зат есім)
в) көпше түрі жоқ;
г) сын есіммен анықталмайды.
І Есімшесінің сәйкес түрлерімен бірге герундий түрлері дәлме - дәл келеді (осы шақ есімшесі) .
Көмекші
етістік
Көмекші
етістік
І Есімшесі сәйкес түрлерінің пайда болуы бойынша ережеде герундий түрлерінің пайда болуы жүзеге асады.
Герундийдің төрт түрінен негізінде дара герундий - Indefinite Active қолданылады, ал Perfect Passive түрі сирек қолданылады.
1. Герундийді білдіретін іс - әрекет етістік-баяндауышты білдіретін іс -әрекетімен бірге бір мезгілде жүрсе қоданылады (осы, өткен немесе келер шақ) .
2. Етістік-баяндауыш білдіретін іс - әрекетке қатысты болашақ іс -
әрекетті білдіру үшін етістіктерден соң қолданылатыны: to insist - айтқанын істету, to intend - ниеттену, to suggest - жорамалдау және т. б.
3. Жақты түрдегі баяндауыш-етістік білдіретін іс - әрекеттен бұрыңғы іс- әрекетті білдіру үшін қолданылады. Бұл мағынада герундийдің (Perfect Gerund арқылы берілетін мағынада) анықталмаған түрі етістіктерден соң қолданылады: to excuse - кешіру, to forget - ұмыту, to remember - есте сақтау, to thank - алғыс айту және т. б.
on, after, before, without және т. б көмекші сөздерінен соң:
4. герундий арқылы білдіретін іс- әрекет оның жасалу мезгіліне қатыссыз болуы мүмкін.
Мұнда герундий сөйлемдегі бастауыш арқылы берілетін зат немесе тұлғаның өз басынан өткізетін іс - әрекетті атайды.
Жақты түрде немесе бейнеленетін жағдайдағы баяндауыш-етістік арқылы білдіретін іс- әрекеттен бұрыңғы іс- әрекетті білдіреді:
I’m sure of having read it once. Мен мұны бұрын оқығандығыма (бұрын) сенімдімін (қазір) .
He regretted now having written this letter. Ол бұл хатты жазғанына енді өкінді (бұрын) .
I remember having been shown the letter. Бұл хатты маған көркеткендіктері есімде.
He was proud of having been elected chairman. Ол төраға ретінде сайланғандығын мақтаныш етті.
Етістікпен байланысы:
а) етістік түбірінен пайда болады;
б) мезгілдік және етісті айырмашылықтары бар:
в) тура толықтауыш болады:
г) үстеу арқылы анықталуы мүмкін:
Герундийдің етістіктен айырмашылығы:
Етістіктің жақсыз түрі бола келе, яғни жақ категориясында, түр категориясын да білдірмейтін формасы арқылы герундий баяндауыш қызметін атқара алмайды (тек баяндауыш бөлігі ғана болуы мүмкін) .
Герундий және етістіктен жасалған зат есімді салыстыру.
а) айырмашылығы:
Артиклі жоқ;
Номинативті тіркеспен қолданылмайды (of + зат есім) ;
Көпше түрі жоқ;
Сын есіммен анықталмайды; үстеу арқылы анықталуы мүмкін;
Тура толықтауыш болуы мүмкін;
Мезгілдік және етісті айырмашылығы бар.
Артикль бар;
Номинативті тіркесімен қолданылуы мүмкін (of +зат есім) ;
Көпше түрі болуы мүмкін;
Үстеу арқылы анықталмайды;
Сын есім арқылы анықталуы мүмкін;
Тура толықтауышы болмайды;
Мезгілдік және етісті айырмашылықтары жоқ.
б) ұқсастықтары:
Сөйлемде бастауыш, анықтауыш, толықтауыш, баяндауыш бөлігі, пысықтауыш қызметтерін атқарады;
Көмекші сөздермен тіркеседі, тәуелдеу есімдіктері және тәуелдік септіктеріндегі зат есімдер арқылы анықталады.
Дара герундий (Indefinite) оның іс - әрекеті баяндауыш-етістік іс- әрекеттерімен бірге болған кезде қолданылады:
Дара герундий сонымен бірге қатыссыз түрдегі оның жасалу мезгіліндегі іс- әрекетті білдіреді:
Перфектік герундий ол арқылы берілетін іс әрекет баяндауыш - етістік іс - әрекетінен бұрын болған:
1. 2 Герундийдің шығу тарихы және қалыптасуы
Орта ағылшындық кезеңде екі етістікттік зат есім жұрнағынан бір ғана -ing сақталуда. - ing- ке бітетін етістіктен туындаған зат есімнің вербалдануы, яғни, етістікке айналу процесіне ұшырайды. Бұл процестің басталуы басқарудың өзгеруіне байланысты: егерде алғашында етістіктен туындаған зат есім ілік септігінде зат есімді басқарған болса, ал ол, өз кезегінде, анықтауыш ретінде келсе, ортаағылшындық кезеңде ол толықтауышты басқарумен және анықтауышпен анықталу қабілетіне ие болды. Бұрынғы етістікті есімдердің дәл осы етістікке айналу процесінің бірінші кезеңі, оны есімді және етістікті сипаты бар басқа да етістіктің жақсыз формалы етістіктің ерекше формасына айналдырды: withouten merchic askynge (рақымдық сұрамай-ақ) ; be good exampyl zevyng (жақсы үлгі көрсете отырып)
Жоғарыда көрсетілген - ing (-yng) формалары герундий болып есептеледі, өйткені етістікке тән тура толықтауышпен қатынасу қабілетіне ие.
Алайда осы қолданыстармен қатар ортаағылшындық және тіпті ерте ортаағылшындық кезеңге герундийден соң зат есімнің (немесе есімдіктің) of қосымша сөзімен қолданылуына тән, яғни әдеттегі етістіктікті бейнелеуде жүзеге асады: in excusing of me; in stopping of the noise .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz