Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
6
Кіріспе . . .: 1 Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мәселелері
6:
Кіріспе . . .: 1. 1 Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері . . .
6: 6
Кіріспе . . .: 1. 2 Жеткіншек шақтағы дағдарыс және оның алдын алу жолдары . . .
6: 12
Кіріспе . . .: 2 Психология ғылымында лидерлікті теориялық зерттеу . . .
6: 19
Кіріспе . . .: 2. 3 Тұлғаның лидерлік қасиеті туралы түсінік . . .
6: 19
Кіріспе . . .: 2. 2 Жеткіншектердің лидерлік қасиетін дамытуда қарым-қатынастың рөлі. .
6: 28
Кіріспе . . .: 3 Жеткіншектердің лидерлік тұлғасын қарым-қатынас арқылы дамытуды эксперименттік зерттеу . . .
6: 48
Кіріспе . . .: 3. 1 Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне және пайдаланылған әдістері мен сыналушыларға сипаттама . . .
6: 48
Кіріспе . . .: 3. 2 Эксперимент барысы мен нәтижелері мен қорытындылары . . .
6: 52
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
6: 63
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
6: 65
Кіріспе . . .: Қосымша А . . .
6: 67
Кіріспе . . .: Қосымша Ә . . .
6: 68
Кіріспе . . .: Қосымша Б . . .
6: 69
Кіріспе . . .: Қосымша В . . .
6: 71

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Жеткіншек кезеңде тиісті әдебиеттерде «өтпелі жас кезеңі», «қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды [1, 2, 3] . Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жекіншектік кезең өзге жасқа қарағанда педагогтар пен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді [4] . Жеткіншектің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т. б жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда жеткіншек тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы, жеткіншек төменгі кластарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады.

Кейбір жеткіншек жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жеткіншекте әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар.

Жеткіншек бәрін өзім істей алам, «Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірседе оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек.

Бүгінгі заман жеткіншектер үлкен адамдардың талабына көне кетпейді. Себебі, біріншіден қазіргі кезде оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жеткіншек жасындағылардың көбінесе оқудан айналысатын басқа тапсырмасы жоқ.

Әдетте жеткіншектерді тәрбиеге көнбейтін қиын жас деп сипаттайды. Солай деп бағалайтыны біріншіден бұрынғы кездегі психикасы мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатыныннан. Кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы мүмкін (бірақ өзгеріске ұшырау жеткіншектерде бір уақытта кездеспейді) . Екіншіден осындай психиканың жаңа саласының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды уайым шегеді, оның тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды. Мұндай өзгерістерді психологтар түрліше дәлелдейді.

Психолог З. Фрит жеткіншек үлкендердің қамқорлығына көнбейтінін «өзім бәрін орындаймын дейтінін жыныс қасиетінің салдарынан болатын санасысыз әуесқойлық» деп түсіндірді [5] .

Бұл пікірге көптеген психологтар қарсы. Жеткіншектердің тәрбиеге көнгісі келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетін құбылыстардың бірі. Қоғамдық ортаның жеткіншекті тәрбиелеуге ықпалы зор. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қойылатын талап үнемі өзгеріліп отырады. Осы талапқа сай жеткіншек бала жасынан үлкендер жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп, баланы әртүрлі фантастикалық іске ұмтылтырады. Мұндай уақытша келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй ішіндегі тәрбие жұмысының негізінде болады. Егер тәрбие не оқу жұмысы жеткіншектермен жақсы жүргізілсе ұнамсыз әдеттерден аулақ болады. Осы орайда, жеткіншектің лидерлік сипаты көрініс береді. Лидерлік қасиеттерін дамыту мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілсе, онда жеткіншектік кезеңде кездесетін дағдарыстардың алдын алуға болатындығы белгілі.

Жаратылыстан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені қазақтың ел алдындағы абырой беделі, қадір қасиеті, тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы жарақтылығымен өлшенген. Ата-бабаларымыздың сондай тектілік деген ұғымды ежелден қастерлеп, оның атадан балаға мирас қылып қалдыруында терең сыр жатыр.

Шығыстың ғұламасы Әл-Фарабидің еңбектерінде «жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздің болашақтарыңызды айтып берейін» деген ойдың философиялық мәні ерекше [6] . Қазіргі кезеңде қазақ халықының өмірінде бұрын соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Бұлар дөрекі әдепсіз барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Баланың мінезін жалпы деңгейін ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілк қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екендігін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті.

Баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстардың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуге ата-анаға көмекке келетін - мұғалім.

Өйткені мектеп жасындағы баланың көбіне көп негізгі әрекеті - оқу. Оқу барысында ол білімге, қарым-қатынасқа, имандылық адамгерішілікке үйренеді. Сонда мұғалімнің жеке бас үлгісі, сөзі мен ісінің сәйкестілігі, талапшылдығы отбасында баға жетпес құралына айналады. Бала тәрбиесі болашақ кепілі, отбасы мен мұғалімдер қауымының абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелігі терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата-аналар өз міндетін жеке түсінгенде, мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдайда алға басады.

Тұлғаның әлемді танып білуі қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде адамның қарым-қатынас процестері телекоммуникациялар, компьютерлік коммуникациялар сияқты жаңа технологиялар арқылы арқылы жүзеге асады. Сондықтан психологтар мен педагогтар басты назарды тұлғаның қарым-қатынас мәселесіне ерекше аударуы, әсіресе айналасындағы өзгерістерге бірден бейімделе алмайтын, ұялшақ, қарым-қатынасқа жеңіл түсе алмайтын адамдарға көмектесу қажеттігін туындатып отыр. Міне сондықтан, қазіргі таңда психология ғылымындаы тұлға мінез-құлығын қарым-қатынас арқылы қалыптастыруда педагогикалық -психологиялық тренингтерді пайдалану мәселесі алға шығып отыр.

Зерттеу мақсаты - Жеткіншектердің лидерлік қасиетін қарым-қатынас арқылы дамыту.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Жеткіншектік кезеңге психологиялық сипаттама беру.
  2. Лидерлікті теориялық негіздеу.
  3. Жеткіншектік кезеңдегі лидерлікті дамытуды эксперименттік зерттеу.

Зерттеу пәні - жеткіншектік кезеңдегі лидерлік.

Зерттеу нысаны - жеткіншектік кезең.

Зерттеудің болжамдары: егер жеткіншектік кезеңде кездесетін дағдарыстың алдын алып, қарым-қатынас жүйесі жаңа сипатқа ие болатын болса, онда лидерлік қасиеттің дамуына жағымды әсер етеді.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы: Зерттеу жұмысында жеткіншектік кезең мен лидерліктің психологиялық зерттеулері теориялық талданып, педагогика және психология ғылымындағы оны дамыту жолдары жүйеленді.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сай қарастырылған жеткіншектік кезеңде кездесетін қиындықтар анықталып, олардың жағымды қасиеттерін дамыту бағытындағы жұмыстар эксперименттік тұрғыда анықталды. Лидерлікті дамыту бойынша жұмыстар жүйеленген.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

  • Жеткіншектік кезеңнің тұлғалық қасиеттері жаңа сипатта зерттелді;
  • Лидерлікті дамыту жолдары жүйеленді.

Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерді оқып-үйрену, «Социометрия» әдісінен алынған деректерді интерпретациялау және әлеуметтік-психологиялық тренингтер.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

  • алғашқы кезеңде зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталып, жүйеге келтіріледі;
  • эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланып, тәжірибелік эксперименттік жұмыстар жүргізіледі;
  • зерттеу қорытындысы жүйеленіп, талдау жүргізіледі.

Зерттеу базасы:Қызылорда қаласы № 171 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп.

Дипломдық жұмыс құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 ЖЕТКІНШЕКТІК КЕЗЕҢНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. ЖЕТКІНШЕКТІК КЕЗЕҢНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы /10-15 жас/ ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгірімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.

Жеткіншектердің мінезіндегі мұңдай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жеткіншек шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тағамы, еңбек, спорт. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір зандылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де, ерекше ұзын сияқты болып көрінеді. Бала денесінің өсуіндеп осындай әркелкілік дененің басқа мүшелерінде де көрініс береді, мысалы сүйек етке қарағаңда тез өседі.

Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасызданып, баланың берекесі кетеді. Соның әсерімен баланың мінезінде ашушандық, қызбалық пайда болады. Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қа жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады [7] . Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздылықтан тез шаршайтын болады.

Бала жеткіншек шаққа өткен кезде оның жүйке жүйесінің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күшейтеді. Балалық жастан өту жүйке жүйесіне де оңайлыққа түспейді.

Ағзаның тез өсуі әрі оның өсуінің бір қалыпты болмауы жүйке жүйесінің өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді. Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен қарайды, жеткіншек өзің қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасын орнықтырады [8, 9, 10] . Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады. Ол айналадағының бәрінің сыншысы. Ол өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көргіш болады және сол үшін киналады.

Кез-келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.
Біз өз алдына жеке қарастыратын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі аса маңызды әрі ықпал ету күші басымы -қоғамның алғашқы ұжымы болатын - отбасы. Бала оның ықпалын бәрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады.

Жеткіншек өтпелі кезеңнің ең басты процесінін бірі - жеткіншектің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым-қатынасыңда қайта бейімделу байқалады [11, 12] . Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жеткіншек үшін үлкендер мен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді.

Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жеткіншекдердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық-топтық болып табылады.

Жеткіншектерді өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатындсын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен карым-қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет жасөспірімнің аддына адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық-құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка - адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жеткіншекдердің тындайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.

Жеткіншектер қоғдмдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Білім жеткіншек үшін еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жеткіншекдердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен қызыға айналысу негізінен жеткіншектерге тән. Жеткіншек өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жеткіншектін досы - ол тек бірге ойнайтын, жанжалдасып қалатын, татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес. Ол жеткіншектің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы болуы тиіс. Ал жеткіншек шактың орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалар арасынан, ер балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша, ақылға салынған мақсатты қарым-қатынастағы достық қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.

Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс-әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын қалыптастыру; мінез-құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады [13, 14] .
Жеткіншектер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді. Жеткіншектердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердің баланың жетілуінде көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жеткіншектің жеке тұлғасын қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жетеді. Демек, осы жастағы оқушьшармен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай отырып, педагогикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Жеткіншектер өмірінде, әсіресе, 9 сыныпта, яғни, толық орта білім алу жолына тандау жасайтын кезде, олардың бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда болады.

Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс» кезең деп аталуы екені жоғарыда айтылған болатын.
Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, ағзаның, сана-сезімнің жаңа құрылымдары дамиды. Ересектіктің дамуында әр түрлі бағыттардың болуы жеткіншектің ересектік белгілерді көрсетуге ұмтылуымен байланысты болып табылады.

Жеткіншектер әсіресе, ересектіктің сырт белгілеріне еліктейді. Ересектердің сыртқы келбетінің өзіне тән ерекшеліктері жеткіншектердің ұмтылысын күшейтеді. Олар үлкен болуға асығады, қымбат нәрсені көздеп, құндылық бағдарлары өзгереді. Зерттеуші Т. В. Драгунова зерттеулерінде есеюдің белгілерінің түрі төмендегідей мәнде берілген [15] :

  • ұл балалардың нағыз ер адамдарға өздерінің теңей алуы;
  • әлеуметтік есеюі;
  • үлкендермен немесе құрбыларымен бірлесіп әрекет етуі. ;
  • инттелекттік өсуі;
  • білуге құмарылығының негізделуі;
  • көп оқып үйренуге ұмтылуы;
  • «Нағыз еркектік» қасиеттеріне теңесу.

Жеткіншектік кезеңде ересектіктің дамуындағы енді бір бағыты балалардың арасында күштілігімен, батылдығымен, ептілігімен, спорттық іскерліктерімен көзге түсетін кезеңі. Танымдық мүдделердің басым бағыттылығы нақ осы жеткіншектік шақта қалыптасады. Кейде нақ осындай жағдайда бастауыш мектеп шағында немесе жеткіншектік шақта адамның бүкіл әлеуеті көрінуі де ғажап емес [16; 17] .

Жеткіншектердің үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынасы жаңа кұрылымдарға иеленеді. Жеткіншектерде өзінің ілгері басуына көзқарас, оны бақылау, міндеттердің орындалмауымен байланысты. Жалпы алғанда тұлға сана мен мінез-құлықтың қоғамдық формаларын игеруі негзінде қалыптасады. Адамгершілік сана деп - кеңес ғылымында адамдардың өзара қарым-қатынастарын, олардың қоғамдық іске, қоғамға қатынастарын реттеп отыратын, адамгершілік принциптері мен нормаларының адам санасында бейнелеуін түсіндіреді. Балаға өзі үшін жаңадан пайда болған ситуацияда мінез-құлық тәсілдерін таңдау кезіндегі бағдарлар ретінде адамгершілік түсініктердің үлкен көлемі, адамгершілік білімдердің қоры қажет. Бірақ адамгершілік түсініктерді игеру, адамгершілік сананы қалыптастыруда және дамытуды маңызды рөл атқара отырып, өзінен өзі адамгершілік мінез-құлықты қамтамасыз ете алмайды.

Жеткіншектердің адамгершілікті даму мәселесі тәрбиенің теория және тәжірибенің өзекті мәселелерінің бірі [18] . М. Неймарктің айтуы бойынша «адамгершілік деңгейі балалардағы физикалық және саналылық мүмкін-діктеріне дейін жеткен жоқ», яғни бұл дегеніміз қиындықтардың бар екендігін көрсетеді. Жеткіншек ересек болғысы келеді және болуы керек. Бір жағынан ол тәуелсіз, еркін, өзін табуға тырысады. Екінші жағынан мақсатқа байланысты қоғам нормалары, әлеуметтік рөлдерге байланысты қоғамдағы өз орнын тапқысы келеді. Басқа сөзбен айтқанда ол «азамат» болуы керек.

Үлкендердің тәрбиесін жеткіншектерге саналы түрде жеткізу керек. Ғалым А. Харче жеткіншектердің «психологиялық территориясында» байланыс орнату керек деп тұжырымдайды [19] . Оған өзін көрсетуге көмектесіп, соған жағдай жасау керек. А. Власкинаның ойы бойынша егер оны жұмыспен қызық-тыратын болсақ, мүмкін ол жұмысты табыспен орындауы мүмкін [20] . Жеткіншектің моральды психологиялық бейнесінің қарама-қайшы келуі, оның әке-шешесі және тәрбиешінің тарапынан талаптарының сәйкес келмеуі. Кейбіреулері асыра бағаласа, ал екіншілері оның мүмкіншіліктерін мүлдем бағаламайды. Мұндай олқылықтар неміс психологы А. Пассаковскийдің психо-логиялық зерттеулерінде жақсы талданған [21] . Оңтайлы өзін-өзі бақылау - бұл бүкіл тұлғаның қызметі. Бірақ психо-физиологиялық көзқарас жағынан екі механизм ерекше қажетті көрінеді: «инстинкті-эмоциялық механизмдердің толу деңгейі немесе эмоциялық толу, тағы да танымдық салалардың бірлігі және теңдігі» деп жазады польшалық психолог Я. Рейховский [22] .

Сонымен қатар, жеткіншектік әлеуметтік-адамгершілік бейімделу проце-сінде жыныстық жетілудің әсер ету мүмкіншілігін ұмытпауымыз керек. Бұл көбіне буржуазды психологтарға тән мінез. З. Фрейдтің әсер етуі арқылы оқылатын оқуларда психологиялық концепцияларда ерекше бұл тенденция байқалады [23] . Неофрейдтік тұжырымдамалардың әсер етуі, әсіресе, батыс психологиясында қатты байқалады. Мысалы, француз психологы Г. Мендель осы мәселеге байланысты көзге ерекше түсетін екі оқулық басып шығарды: «Әкеге қарсы көтеріліс» [24], «Ұрпақ дағдарысы» [25] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектердің арасындағы қарым - қатынас
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінез ауытқулары және оларға көмек көрсету жолдары
Дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс
Балаң жас өспірімдік психология жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
Педагогикалық - психологиялық білім
Жеткіншектің психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек жас кезеңіне қатысты қарым - қатынас тұрғылары
ЖеткIншектердIң даму ерекшелIктерIнIң кейбIр мәселелерI
Жеткіншектік шақта дамудың психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz