Мінез - құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің талаптану деңгейінің ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
Кiрiспе . . . . . .
I Жеткіншектердің тұлғалық сана - сезімдерінің зерттеу мәселесінің теориялық талдамасы
- Жеткіншектердің тұлғалық сана-сезімдерінің психологиялық талдауы . . .
- Балалар психологиясындағы өзiн-өзi бағалау және оның эмоционалды-когнитивті компонентері мен талаптану деңгей мәселесiнiң талдамасы . . .
- Мiнез-құлықтарында ауытқулары бар балалардың психологиясы . . .
II Қазіргі кезеңдегі мiнез-құлқында ауытқулары бар жеткіншектердің өзiн-өзi бағалау және оның эмоционалды-когнитивті компонентері мен талаптану деңгейiнiң ерекшелiктерiн эксперименттiк тұрғыдан зерттеу
- Зерттеудiң мақсаты, мiндеттерi, әдiстемелерi, және сыналушылардың сипаттамасы . . . . . .
- Мінез-құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің сана-сезім жүйесіндегі өзін-өзі бағалау мен оның эмоционалды және когнитивті құрылымының ерекшеліктері . . .
- Мінез-құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің талаптану деңгейінің ерекшеліктері . . .
III Мiнез-құлқында ауытқулары бар жеткіншектердің өзiн-өзi бағалау мен талаптану деңгейiн дамытуына арналған психокоррекциялық жұмыстар
- Интегративті психокоррекциялық және психотерапевтикалық жұмыстардың теориялық-әдіснамалық негіздері . . . . . .
- Психокоррекциялық бағдарламалар және оның нәтижелерi . . . ……. . . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi . .
Қосымшалар . . .
КIРIСПЕ
Зерттеудiң өзектілігі: Егемендi елiмiздiң қазiргi даму кезеңi, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын iстерiн қайта құрумен, әлеуметтiк-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруiмен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi оқушылардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауы мен талаптану деңгейінің эмоциялық күйлерінің қалыптасуына әсерiн тигiзедi.
Қазiргi кезде, әсiресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар оқушылардың тұлғасы, яғни өзiн-өзi бағалау мен талаптану деңгейi жөнiндегi мәселе кең шеңберде зерттеушiлердiң назарын аудартуда. Өйткенi, балалардың өзiн-өзi бағалауының маңызы зор, ол есейген сайын қоршаған ортаның пiкiрiне емес, өзiнiң пiкiрiне құлақ салады. Дұрыс өзiн-өзi бағалау мен талаптану деңгей оқушы мен мұғалiмдердiң, ата-аналарының, жолдастарының арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтiруi үшiн маңызды. Сонымен қатар, жеткiншектердiң өзiн-өзi бағалауы мен талаптану деңгейi қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты, бiлiктi, мәдениеттi, бiлiмдi және дүниетанымы жоғары болып, елiмiздiң мәртебелi азаматы болуына үлкен әсерiн тигiзерi сөзсiз.
Сондықтан да, бiздiң ғылыми зерттеуiмiзде болашақ ұрпақтың, әсiресе мiнез-құлықтарында ауытқылары бар балалардың терiс жолға түспеуiн, адемгершiлiктiк-өнегелi қасиеттерiнiң жоғары және iзгi ниеттi азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өзiн-өзi бағалау мен талаптану деңгейi үлкен ықпалын тигiзетiнiң жүйелi тұрғыда қарастыру маңызды болып табылады.
Көптеген ғылыми зерттеулерде тұлға ұғымының сан алуан анықтамалары мен сипаттамалары бейнеленген. Алайда, адамның тұлға ретінде нені білдіретінін және оны осы тұрғыдан қалай зерттеу керек екендігі жайында психология саласының зерттеушілері дауласуда.
Мәдени-тарихи тұжырымдаманы жасаушы, Л. С. Выготскийдің өзі “жоғары психикалық әрекеттердің даму тарихы - тұлғаның қалыптасу тарихы” деп атап көрсетсе де, ол отандық психологияда тұлға психологиясының мәселесін зерттеуші ретінде қабылданбаған. Бұл тұжырымдамадағы төменгі, қарапайым немесе табиғи психикалық үрдістерді жоғары, мәдени үрдістерге айналдыру бала тұлғасының даму үрдістерін түсінудегі негізгі сәт болып табылады [1, 2] .
Л. С. Выготскийдің [1] пікірі бойынша адамның тұлғасы өзiнiң енген қарым-қатынастарының кешендi әсерiнiң нәтижесiнде дамиды. Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнiмi. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесiнде алатын орны, оның орындайтын iс-әрекетi - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның менездемесi үшiн маңызды орын алады, яғни оның мiнез-құлық пен iс-әрекетiнiң жоғары саналы формаларын қамтамасыз етiп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастырының бiрлiгiн құрайды.
Б. Г. Ананьев [3, 4], А. Н. Леонтьев [5, 6], өз еңбектерiнде объективтi өмiрдi бейнелеу үрдiсiнде, белсендi тұлға, қоршаған әлеуметтiк өмiр танымы, сана сезiмiмен бiрлестiкте iске енетiн-тұтастай субъект ретiнде көрiнiс бередi деп дәрiптеледi.
Ал Божовичтің [7] балалар тұлғасының психологиялық зерттеу мiндетiнде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын жағдайларды анықтауы көзделедi.
Сонымен қатар, Қазақстанда тұлға мәселесi Ж. И. Намазбаеваның [9, 10] жетекшiлiгiмен және оның шәкiртерiнiң, яғни Л. О. Сарсенбаева [11], Р. Ш. Сабирова [12], Л. В. Пилипчук [13], С. Ж. Омирбекова [14] және т. б. ғылыми зерттеу еңбектерiнде белсендi түрде дамуда. Мәселен, Ж. И. Намазбаева тұлға мәселесiн зерттеуiнде әр түрлi iс-әрекет (ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелiк шамасының тұлғалық компонентерiнiң механизмдерi мен функцияларын белгiлеуге түйiнделетiн кешендi көзқарастарды жетiлдiрдi. Мұндай көзқарастардың жүзеге асуы толығымен тұлғаны қарастыруға мүмкiндiк бередi. Автор тұлғаның негiзгi құрылымының өзгешелiгiн аша отырып, ақыл-ой, тәжiрибелiк, еңбек iс-әрекет барысында, ақыл-ойы кем балалар мен жеткiншектердiң тұлғасының қалыптастыру жолдарын анықтады [9] .
Адам тұлға ретiнде өзiн-өзi бағалаушы тiрi ағза. Өзiн-өзi бағалаусыз өмiрде өз тағдырын шешу қиын, тiптi мүмкiн емес. Өзiн-өзi бағалау өзiнiң бойында белгiлi қасиеттердiң барлығының деңгейi жөнiндегi адамның пiкiрi. Бұл адамның өзiне бағалаушылық қатынастарының пайда болуы. Өзiн-өзi бағалау, ең алдымен талдау, теңестiру, iрiктеу, ойлау операциясының нәитижесi.
Кеңес психологиясының ғылымында өзiн-өзi бағалау мәселесi тұлға дамуының контекстiнде не сана-сезiм мәселесiнде анықталады. Өзiн-өзi бағалауда iшкi үлгiге танылатын қасиеттердiң алға басуы, бағалы шкалалармен өзiнiң сипаттамаларын салыстыруы, өзiне деген қатынасының бейнелену формасы, тұлғаның белсендiлiгiнiң, бағыттылығының бейнеленуi өзiн-өзi реттеудiң құралы ретiнде көрiнедi. Б. Г. Ананьевтiң [3], С. Л. Рубинштейннiң еңбектерiнде өзiн-өзi бағалау сана-сезiм үрдiсiнiң өзегi, оның бөлетiн бастамасы ретiнде түсiндiрiледi [ 16] .
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі кезеңдегі мiнез-құлықтарында ауытқылары бар жеткіншектердің өзiн-өзi бағалауы мен оның эмоционалды-когнитивтік компонентері, сонымен қатар, талаптану деңгейiнiң ерекшелiктерiн эксперименттік тұрғыдан зерттеу.
Зерттеудің нысаны: Қазіргі кезеңдегі жеткіншектердің тұлғалық сана-сезім компонентерінің дамуы.
Зерттеу пәнi: Қазіргі кездегі жеткiншектердiң өзiн-өзi бағалауының эмоционалды-когнитивті компонентері, талаптану деңгейiнiң ерекшелiктерi.
Зерттеу болжамы: негiзгi болжам: Интеллектiнiң төмендеуi барлық психикалық үрдiстердiң дамуының ауытқуына әкеледi, ал бұл өз кезегiнде балалардың өзiн-өзi бағалау мен талаптану деңгейде айқын көрiнедi. Мiнез-құлықтарында ауытқылары бар жеткiншектер жасындағы әр түрлi психологиялық факторлар өзiн-өзi бағалау мен оның эмоционалды-когнитивтік компонентері, талаптану деңгейiне ықпалын тигiзедi.
Негiзгi болжам төмендегi қосымша жорамалдармен нақтыланады:
Зерттеу мiндеттерi:
- өзiн-өзi бағалау мен талаптану деңгейiнiң мәселесi бойынша теориялық материалдарды талдау;
- Мінез-құлықтарында ауытқулары бар және жалпыға бірдей мектептерiндегi 6, 8 сынып оқушыларының өзiн-өзi бағалауы мен талаптану деңгейiнiң ерекшелiктерiне салыстырмалы тұрғыда сипаттама беру;
- мiнез-құлықтарында ауытқылары бар жеткiншектердiң өзiн-өзi бағалауы мен талаптану деңгейiне әсерiн тигiзетiн ықпалдарды анықтау;
- Өзiн-өзi бағалау мен талаптану деңгейiнiң психокоррекциялық бағдарламаларын ұсыну.
Зерттеудiң әдiснамалық негiздерi: Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы; Л. И. Божовичтің балалар тұлғасының қалыптасуына байланысты жасалған кешенді тұрғыдаға көзқарастары; А. В. Захарованың өзін-өзі бағалауының құрылымын жан-жақты қарастыру негізі; К. Левиннің алғаш рет талаптану деңгейінің динамикасын және оның өзін-өзі бағалаумен өзара байланысының ерекшелігін жүзеге асыру негізі; Ж. И. Намазбаеваның өзіндік сана-сезім және тұлғаның тұтастай дамуына байланысты кешенді көзқарас теориясы; Кеңес және Қазақстан психологиясындағы мiнез-құлықтарында ауытқылары бар жеткiншектердiң өзiн-өзi бағалауы мен талаптану деңгейiне бағытталған ғылыми-теориялық еңбектер.
Зерттеу әдiстерi: Зерттеудің міндеттері мен мақсатарына сәйкес теориялық және эксперименталдық әдістемелердің кешені кең тұрғыда қолданылды: шетел және кеңес әдебиеттеріндегі өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейін зерттеу мәселесі бойынша теориялық талдау;
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы: Еліміздің жақандану кезеңінде алғаш рет мінез-құлықтарында ауытқылары бар жеткіншектердің тұлғалық сана-сезімдерінің ерекшеліктері, яғни өзін-өзі бағалауы мен талаптану деңгейі олардың тұлғалық қасиеті мен жетілуіне үлкен ықпалын тигізетіні қарастырылып, зерттелді.
Теориялық мәнi:
Эксперименттің нәтижесінде алынған мәліметтер казіргі кезеңдегі жеткіншектердің өзін-өзі бағалауы мен талаптану деңгейінің айырмашылығының болуын және олардың тұлғалық сана-сезімге ықпалын тигізетінің көрсетті.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Мінез-құлықтарында ауытқылары бар жеткіншектердің өзін-өзі бағалауы мен талаптану деңгейінің ерекшеліктері бойынша алынған мәліметтерді мектептегі практикалық психологтың жұмысын ұйымдастыру барысында қолдануға тиімді болып табылады. Сонымен қатар, эксперименттің нәтижесінде құралған психокоррекциялық бағдарламаларды ЖОО-ғы психология мамандығындағы студенттер мен оқытушылардың дәріс, семинар сабақтарында және т. б. қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерiнiң дәлелдiгi мен мәндiлiгi: Бақылаушы және эксперименттік топтардағы екі турлі таңдаулар арасындағы көрсеткіштерді анықтау математикалық өңдеу арқылы анықталды. Дамытушы эксперименттке дейінгі және кейінгі көрсеткіштерде, яғни жалпы қорытындыны анықтау Спирменнің коэффициенттік рангілеу корреляциясы бойынша анықталды.
Зерттеу жұмысының құрылымы, көлемi: ғылыми еңбек кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
I ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ САНА-СЕЗІМДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАМАСЫ
- Жеткіншектердің тұлғалық сана-сезімдерінің психологиялық талдауы
Қазіргі таңда еліміздің егемендік алуы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымызға байланысты көптеген өзгерістер енгізді. Яғни қоғамымыздың қарқынды әлеуметтiк дамуы белсендi, жасампаз тұлғаны қалытастыруға жоғарланған талап қояды. Әсіресе білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін құру, оқу мен тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлату мен білім беру үрдісінде оқушылардың тұлғалық сана-сезімдерінің дамыту болды.
Білім беру үрдісінде жеткіншектердің тұлғалық сана-сезімдерінің қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашағына жол сілтеу - қазіргі таңда ауқымды мәселе. Өйткені, тұлғалық сана-сезімдерін қалыптастыру тек білім берумен ғана шектелмейді, яғни ол үшін мектепте өткізілетін тәрбие жүйесінің іс-шаралары оқушылардың болашақта парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына ықпалын тигізуіне түйінделуі қажет. Сондықтан да, жеткіншектердің тұлғалық өзіндік сана-сезімдерінің психологиялық ерекшелiктерiн ғылими-теориялық тұрғада қарастырып, дәріптейік.
Адамның тұлға ретiнде қалыптасуы, iс-әрекет барысында белсендi түрде өзгерiп және iс-әрекеттi де өзгертетiн табиғат, әлеуметтiк орта және сол тұлғаның күрделi арақатынасы арқылы жүрiп жатады. Өзгерту барысында әсiресе еңбек iс-әрекетi үрдiсiнде, адамдар бiр-бiрiмен белгiлi қоғамдық байланыс және қарым-қатынасқа түседi. Адамның тұлға ретiнде қалыптасуы, негiзiнен қоғамда қалыптасқан қарым-қатынас жүйесiмен анықталып, сол тұлғаның осы қатынас шартына орай iс-әрекетiнiң қалыптасуына және сол қоғамның басқа мүшелерiмен қарым-қатынасына байланысты болады.
Адамның қоғамдық қатынас жүйесiндегi орны мен әлеуметтiк ортанын әсерiнiң өзi, адамның жас ерекшелiгiне орай өзгерiледi. Бұл жеткiншектердiң тұлғасын мақсаттылықпен қалыптасуын, ұйымдастырылуына байланысты сарапталған көзқарастардың қажеттiлiгiн анықтайды. Адамның тұлға ретiнде қалыптасуында жеткiншек жас маңызды орын алады. Бұл жас кезеңiнiң, адамның тұлға ретiнде қалыптасуындағы ерекше маңыздылығы 10-16 жастағы баланың дамуындағы сапалы өзгерiстерге байланысты болып келедi. Осы жастағы бала, жаңа әлеуметтiк тәжiрибесiн меңгерiп, жаңа қоғамдық қатынасқа және байланысқа түсе бастайды. Қатынас жүйесiндегi жеткiншектiң орны өзгеруi, iс-әрекеттiң жаңа негiздерiнiң дамуына байланысты. Iс-әрекеттiң бұл жаңа негiздерi, осы жас кезеңiнiң ерекшелiгiне тән жаңа өзара байланыс қарым-қатынас жүйесiн тудырады.
Дегенмен, психикалық дамудың әр кезеңiндегiдей, жеткiншек үшiн маңызды болып iс-әрекеттiң негiзгi түрлерi саналады. Жеткiншектiң тұлғалық дамуының қайнар бұлағы негiзгi iс-әрекетпен ғана таямдамағанымен, сол негiзгi әрекет оның бойында маңызды өмiрлiк қажеттiлiктердi қалыптастырып, өскелең ұрпақтың бейнесiн анықтайды.
Жеткiншек жас кезеңiне тән ерекшелiктердi және олардың айналысатын түрлi iс-әрекеттерiнiң ықпалын зерттеу нәтижесi, көптеген ғалымдардың пiкiрiн, яғни жеткiншектердiң тұлғасының қалыптасында негiзгi орынды еңбек iс-әрекетi алады, - деген қорытынды жасауға түйiндейдi. Бiрақ, жеткiншектiң тұлғалық дамуы еңбек iс-әрекетiнiң бөлек түрлерi арқылы iске аспай, сол iс-әрекеттердi белгiлi бiрлiк жүйесiне байланысуын ұйымдастыру жолмен ғана жүзеге асып отырады. Мұндай ұймдастыру жүйесi, жеткiншектiң тұлғалық қалыптасуына еңбектiң нәтижелi психологиялық ықпалымен қамтитын, белгiлi шарт пен қағидаларын ескерудi көздейдi.
Мiнез-құлықтары ауытқыған жеткiншектердiң қайта тәрбиелеу мақсатына жету де, психологиялық ықпалдың мазмұны, шарты, жүйелерi тиымды болуы, адамның тұлға ретiнде қалыптасу үрдiсiнде биологиялық жағдай емес әлеуметтiк жағдайдың рөлi жоғары екенiн көрсетедi.
Жеткiншек жасы, қауiп-қатерлi топқа енетiн кезең болып саналады. Белгiлi кеңес психологтары мен педагогтарының, яғни Л. С. Выготский [1], Д. Б. Эльконин [17], Л. И. Божович [7], Л. В. Мудрик [18], В. А. Сухомлинский [19], И. С. Кон [ 20, 21] еңбектерiнде жеткiншек кезеңiнiң ерекшелiктерi баяндалған.
Жеткiншек кезең, баланың психикалық аймағының барлық жағын өзгертетiн кезең. Ерекше өзгерiстер ақыл-ой әрекетiнiң дамуында болып жатады. Жеткiншек кезеңге әсiресе, танымдылыққа ұмытылу, өз пiкiрiнiң қалыптасуы, инттелектуалдық мәселелерге шығармашылық көзқараспен қарау тән болып келедi. Сонымен қатар, жеткiншек жаста өзiндiк дамуына байланысты дене бiтiмi өзгерiп, психологиялық дисгармония пайда болады. Бұл өзгерiстер жеткiншектердiң бойына әртүрлi әрекеттердiң пайда болуына әкелiп соғады, яғни оларда шыдамсыздық, дөрекiлiк, жиi кездеседi. Өзiндiк сана-сезiмi мен өзiн-өзi бағалауы белсендi түрде қалыптасып, өз тұлғалық қасиеттерiне қоршаған адамдардың бағалауына қызығушылық пайда болады. Қызығуында маңызды өзгерiстер байқалады және рухани қажеттiлiктерi дамып, құндылы бағыт иерархиясы, өзiндiк дүниетанымы, қоғамға, өзге адамдарға, өзiне көзқарасы қалыптаса бастайды. Жеткiншек кезеңнiң ерекше зейiндi аудартатын, бұл әлеуметтiк-психологиялық және биологиялық жағдайы, балалалық шақтан ересектiк кезеңге өтуi. Осыған байланысты, психикалық ерекшелiктердiң өзгеруi және басқа қасиеттердiң пайда болуы бiр қатар психологиялық қиындықтарды тудырады. Сонымен қатар, жеткіншектердің өзіндік сана-сезімдерінің қалыптасу барысында маңызыды болып дағдарыс кезеңдері саналады. Бала дамуының бір кезеңнен екінші кезеңге өту шағын - дағдарыс дейміз. Дағдарыстар екі жас мөлшерінің түйісінде пайда болады және дамудың өткен кезеңінің аяқталуын, келесісінің басталуын білдіреді. Сондай-ақ, әрбір жаңа жүйелік құрылым бала қажеттіліктеріне жауап ретінде пайда болатынын ескертеміз және оның құрамында аффективтi компонент болатындықтан, ол қозғаушы күшке ие болады. Осымен, көрсетілген жас ерекшелігі үшін орталық болып табылатын, сәйкес шақтағы баланың тұтастай психологиялық дамуының толысқан нәтижесі болатын жүйелік жаңа құрылым әры қарай даму кезінде бейтарап болып қалмай, келесі жас ерекшелігіндегі бала тұлғасының қалыптасуына бастау болады. Бұл дағдарыстарды тұлғаның онтогенетикалық дамуындағы өзгертуші кезеңдер ретінде қарастыруға болады. Мұнын талдауы осы психологиялық үрдістің мәнін ашуға мүмкіндік туғызады. Балалар психологиясындағы үш дағдарыс кезеңдері туралы жиірек айтылады: 3, 7 және 12-16 жастағы дағдарыс, соңғысы жеткiншек жасындағы дағдарыс ретінде жиі белгілінеді. Л. С. Выготский [1] бір жас ерекшелiк дағдарысын талдап, жеткiншек дағдарысын екі кезеңге бөлді: жағымсыз (13-14 жас) және жағымды (15-17 жас) . Егер бұл кезеңдерге баланың мінез-құлқындағы өтпелі көзқараспен қарасақ, онда олардың бәрі қандайда бір жалпы ерекшелiктермен сипатталады. Балалар дағдарыс кезеңінде қыңыр, ашуланшақ, тіл алмайтын болады: айналасындағы ересектермен жиі жанжалдасады, әсіресе ата-аналарымен, тәрбиешілерімен; олардың бойында бұрын орындап жүрген талаптарына теріс қатынас пайда болып, қырсықтық пен жағымсыздыққа әкеледі.
Жеткiншек жасындағы дағдарыс кіші жастағы дағдарыстардан айтарлықтай ерекше болады. Бала тұлғасының онтогенетикалық қалыптасуындағы өзгеруші кезеңдерді білдіретін барлық жас дағдарыстарымен салыстырғанда бұл ең маңызды және ең ұзақ дағдарыс. Шын мәнінде, жеткiншек жасы балалық шақтан кемелге өтетін ұзақ уақыттық кезең болып табылады. Бұл кезеңде баланың әлемге және өзіне деген көзқарастарының бәрі өзгеріп, қайта құрылады және сана - сезімі мен өзін-өзі анықтау үрдістері дамиды. Бұл оқушыны өзінің жеке өмірінің басшылығы болатын өмірлік ұстанымға әкеледі. Жеткiншек жасында тұлғаның қалыптасу үрдісі аяқталмайтынын ерекше атап айтқан жөн. Бұл кезең бұрынғы қалыптасқан психологиялық құрылымдардың қайта құрылуын және осы сәттен бастап дамитын жаңа құрылымдардың пайда болуын білдіреді. Алайда, бұл жерде жас ерекшелiктiң заңдылықтары жетекші болмайды, адамның жеке психикасының қалыптасуының заңдылықтары жетекші болады. Біздің болжамымыз бойынша жас ерекшелiгiнiң дамуының дағдарыстары баланың әрбір жас кезеңінің соңында негізгі тұлғалық жаңа құрылыммен бірге пайда болатын талаптарын нәтижесіне түйінделуі. Мәселен, баланың мектеп өмірінің табалдырығында пайда болатын сана-сезімінің жаңа деңгейі оның “ішкі ұстанымына” тепе-тең болады. “Ішкі ұстаным” баладағы ертерек қалыптасқан психологиялық ерекшеліктердің құрылымын өзгерте отырып, сырттан енген ықпалдардың нәтижесінде пайда болады. Бұл ықпалдар бірігіп баланың тұлғасын жалпы сипаттайтын ерекше тұлғалық орталық жаңа құрылымды құрайды. Нақ осы құрылым баланың мінез-құлқы мен әрекетін және оның шындыққа, өз-өзіне, қоршаған адамдарға деген көзқарастарын білдіреді. Ішкі ұстаным онтогенездегі тұлғаның қалыптасу үрдісін ғана сипаттап қоймайды. Адамдағы бір рет пайда болған бұл ұстаным өмірінің барлық кезеңдерінде оған тән болады. Сонымен қатар, ол адамның өз-өзіне деген, өмірде алатын орнына деген көзқарасын көрсетіп отырады. Алайда, баланың жас шамасының ерекшеліктерінің мөрін білдіретін онтогенездегі ішкі ұстанымнан ересек адамның ұстанымының айырмашылығы неғұрлым өзіне тән жеке ерекшеліктермен сипатталады. Мұнымен қоса, тұлғаның онтогенетикалық дамуы үшін, ішкі ұстанымды баланың жаңа, өмірдегі неғұрлым “ересек” орынға ұмтылуымен сипаттайды. Оқушының өзіне сәйкес мазмұндағы ішкі ұстанымы мектеп жасында даярланып және соңында аяқталатын орталық тұлғалық жаңа құрылым болып табылады. Демек, жеткіншектердің тұлғасы, бұл бiрiншiден әлеуметтiк қатынас пен саналы әрекеттiң субъектсi ретiндегi индивид. Екiншiден, бұл индивидтiң жүйелi қасиетi, оның қоғамдық қатынасқа енуiмен, анықталып және де бiрiккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Л. С. Выготский [1] пікірі бойынша адамның тұлғасы өзiнiң енген қарым-қатынастарының кешендi әсерiнiң нәтижесiнде дамиды. Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнiмi. Адамның қоғамдық қатынастар жйесiнде алатын орны, оның орындайтын iс-әрекетi - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның менездемесi үшiн маңызды орын алады, яғни оның мiнез-құлық пен iс-әрекетiнiң жоғары саналы формаларын қамтамасыз етiп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастырының бiрлiгiн құрайды. Нәтижесiнде адамның кез-келген реакциялары және iшкi аффективтi өмiрiнiң құрылымы оның әлеуметтiк тәжiрибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшелiкерiмен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтiк факторларға байланысты екенi мәлiм. Сонымен қатар, тұлғаның дамуында негiзгi болып нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы, механизiмдi құрастыратын көптеген iшкi және сыртқы факторларға тәуелдi болып келедi. Л. С. Выготскийдiң: “баланың психикасы әлеуметтiк табиғатқа ие” - деген пiкiрi осыған негiзделедi. Л. С. Выготскийдiң [1] айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы, оның дамуындағы әлеуметтiк жағдайлармен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz