ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТАРАУ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
1.1 Еңбек нарығы және оның мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Жұмыссыздық түсінігі және жұмыспен қамту теориялары
... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
2 ТАРАУ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ РЕТТЕУДІҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
2.1 Еңбек нарығындағы жұмыспен қамту саясатының
жағдайы ... ... ... ... ... ... ..28
2.2 Қазақстан Республикасындағы халықты жұмыспен қамтудың әлеуметтік
құқықтық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.3 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесінің зерттелуі
... ... ...4
3 ТАРАУ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жұмыспен қамтуды реттеудің шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...42
3.2 Қазақстан Республикасында жұмыспен қамту саясатын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
3.3 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығындағы жұмыссыздық проблемаларын
шешу

... ... ..54
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ... ..60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
КІРІСПЕ
Мемлекет басшысы өзiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында еңбек
нарығының тиiмдiлiгiн арттыру, аз қамтылған, жұмыссыз бен өз бетiнше
жұмыспен айналысушы халықты жұмыспен нәтижелi қамтуға жәрдемдесудiң
белсендi бағдарламаларына тарту мiндеттерiн қояды.
Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының
Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады.
Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың
негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты,
қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Еңбек нарығы өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық
прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі
түрде көтеруге көмектеседі. Еңбек нарығы жұмыс орны мен кәсіпті
(профессияны) таңдауға, өмір салтын қалыптастыруға, адамның экономикалык
тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жол ашады. Еңбек нарығы асқан
жауапкершілікті, жинақылықты, тәртіпті қажет етеді. Мемлекет әр адамға
нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен арылады, сонымен әр адам өзіне
лайықты еңбек орнын таңдап алуға ерікті. Мемлекеттің міндеті — еңбекшілерге
тиімді енбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге, уақытша жұмыссыз
қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.
Жұмыссыздық - экономикалық теорияның бұрынғы және казіргі тарихындағы
ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі
түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздыктың пайда болуын
тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты
нарықтық сұраныстың жетіспегендігімен дәлелдейді, еркін кәсіпкерлік
мектебінін теориясы - жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен
туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік
теориясы қазіргі өкілдері - монетаристер - осы көзқарасты құптайды.
Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге
жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе
оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогрестің
салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде
көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің
өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы қалыптасып отырған еңбек нарығы нақты еңбек
нарығынан өзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр
және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен
шектелуде: әлі де болса паспорттық құжаттық режим сақталуда, жұмыс күшінін
еркін аумактық құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай нарығы болмай тұр.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы - қоғам үшін ең ауыр экономикалық
және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды
жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің
абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым
ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғаңда алатын стресс
деңгейіңде қаралады.
Қазақстан Республикасында еңбек нарығын және жұмыспен қамту саласын
реттеу 1991 жылдан бастап негiзiнен халықты жұмыспен қамтудың арнайы
бағдарламалары форматында жүзеге асырылды: Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысымен бекiтiлген Кедейлiкпен
және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi 2000 – 2002 жылдарға
арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003
жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында
кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003 – 2005 жылдарға арналған бағдарлама және
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27
қаңтардағы № 68 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын
жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы. 2008 –
2010 жылдарға жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алуға, жұмыспен нәтижелi
қамтудың өсуіне жәрдемдесуге, жұмыс күшiнiң сапасын арттыруға және ұлттық
еңбек нарығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының халықты
жұмыспен қамту жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрленiп,
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 20 қарашадағы №
1114 қаулысымен бекiтiлген болатын.
Алайда әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiмен 2008 жылғы
күзден бастап Қазақстан Республикасында өндiрiс қарқыны төмендей бастады,
инфляцияның өсуi байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуi және тиiсiнше халық
табысының азаюы белең алды. 264 кәсiпорын өндiрiсiн толық немесе iшiнара
тоқтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер iшiнара жұмыспен қамту режимiне
ауыстырылды не ақысы төленбейтiн демалыстарға жiберiлдi. Жұмыссыз халық
саны 559,3 мың адам болды (немесе экономикалық белсендi халықтың 6,6%).
Жұмыссыздықтың өсуi, қызметкерлердiң одан әрi босатылуы, әсiресе
өндiрiстiң экспортқа бағытталған салаларында болжанды. Құрылыс, сауда,
көлiк және байланыс салаларында да жұмыс орындарының қысқару қаупi күтілді.
Осындай жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан
Республикасының Үкiметi жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуiне
жол бермеуге, жұмыс орындарын сақтауға және жаңаларын құруға бағытталған
арнайы Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын (Жол
картасын) әзiрледi.
Жол картасы шеңберiнде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi
нысандарын (әлеуметтiк жұмыс орындары, жастар практикасы, қайта даярлау
және бiлiктiлiктi арттыру) кеңiнен қолдану халықтың нысаналы топтары
құрамындағы азаматтардың белсендiлiгiне ықпал еттi, ал жастар арасындағы
жұмыссыздық деңгейi (4,7 %) алғаш рет елдегi жұмыссыздықтың жалпы
деңгейiнен төмен көрсеткiште белгiлендi.
Жол картасының негiзгi нәтижелерi: шамамен 9 мың жоба iске асырылды;
392 мың жұмыс орны құрылды; шамамен 150 мың адам даярлауға және қайта
даярлауға жiберiлдi, олардың жартысына жуығы жұмысқа орналастырылды; 192
мыңнан астам адам әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар практикасы
шеңберiндегi жұмыс орындарына орналастырылды.
Дағдарыс жағдайында iске асырылған халықты жұмыспен қамтудың қысқа
мерзiмдi стратегиясы – Жол картасы жұмыссыздық деңгейiнiң өсуiне
байланысты, оның деңгейiнiң 2009 жылғы екiншi тоқсандағы 6,9 %-дан 2010
жылғы желтоқсанда 5,5 %-ға дейін төмендеуiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi.
Жұмыспен қамтудың өсуi халық табысының артуы мен кедейлiк деңгейiнiң
төмендеуiне негiз болды. Табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аз халық үлесi
2001 жылғы 46,7 %-дан 2006 жылғы 18,2 %-ға және 2010 жылғы 6,9 %-ға дейін
азайды.
Алайда оң өзгерiстерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығы теңгерiмді
емес. Жұмыссыздар бар болғанына қарамастан бос жұмыс орындарының
толықтырылмауы сақталып отыр, экономика салаларының мамандарға деген
қажеттiлiгiнiң объективтi болжамы жоқ. Еңбек ресурстары сапасының
төмендiгiне және өндiрiс пен оқудың арасында нақты байланыстың болмауына
байланысты жұмыс күшiнiң, бiрiншi кезекте бiлiктi кадрлардың, техникалық
және қызмет көрсету еңбегi қызметкерлерiнiң тапшылығы байқалып отыр.
Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бiрiнiң кәсiптiк бiлiмi жоқ.
Жұмыспен қамтылған халық құрылымында өз бетiнше жұмыспен
айналысатындардың үлесi – 33,3 % немесе 2,7 млн. астам адамды құрайды. Өз
бетiнше жұмыспен айналысушылардың негiзгi бөлiгi ауылдық жерлерде тұрады
және жеке шаруашылығын жүргiзумен айналысады, одан түсетiн табыс тiршiлiк
етуге жеткiлiктi деңгейде ғана болады. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың
басым бөлiгi әлеуметтiк қорғау және қолдау жүйесiмен қамтылмаған.
Ауыл жастарының жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, кәсiптiк
бiлiм алуға қолжетiмдiлiгi шектеулi болғандықтан, олар ресми еңбек
нарығында iс жүзiнде бәсекеге қабiлетсiз болып табылады.
Еңбек нарығында қалыптасқан мұндай ахуалдың тiкелей салдары
кедейлiктiң сақталуы болып табылады, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
1,1 млн. астам адамның табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аз.
Аз қамтылған халықты әлеуметтiк қолдауда жұмыспен қамтуға және
еңбектен табыс табуға жәрдемдесудiң белсендi шаралары жеткiлiктi
қолданылмайды.
Өткен ғасырдың 90 жылдарының соңында жұмыспен қамту қызметтерiне
жүргiзiлген институционалдық қайта құрулар еңбек нарығын реттеу тиiмдiлiгiн
төмендеттi. Осылайша қалыптасқан жағдай кедейлiктi төмендету қарқынын
баяулатып қана қоймайды, сонымен қатар экономикалық өсудің жаңа кезеңiне
өту жағдайында жұмыс күшiне деген сұраныстың артқанына қарамастан, елде бар
еңбек ресурстарының толық пайдаланылмайтынын білдіреді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-
экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін
жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді
формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық
бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ол өз
кезегінде ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың
ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше мәрте атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту
саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі
құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан
жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін
тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған Жұмыспен қамту
- 2020 бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы
қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін
тигізуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар 2012
жылғы Қазақстан халқына арнаған Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты атты Жолдауында бірінші басымдық –
Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы болып белгіленді.
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының
Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады.
Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың
негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты,
қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен мұраттарға
қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты
проблема күйінде қалып отыр.
Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты
реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық
сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық
жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді
зерттеуді көздейді.
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Құқықтану ғылымында еңбек нарығы, еңбек
ресурстарын тиімді пайдалану, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтуды
зерттеу маңызды орын алады.
Зерттеу барысында келтірілген теориялық және әдістемелік тұжырымдар мен
қорытындылар еңбек нарығын, оның ішінде еңбек ресурстарының жұмыспен
қамтылуы мен жұмыссыздығы проблемаларын қарастыратын ғалымдардың ғылыми
еңбектері негізінде құрылады.
Жұмыспен қамту, жұмыссыздық мәселесі экономикалық ғылымның көрнекті
өкілдері К.Маркс, Т.Мальтус, Д.Кейнс, А.Пигу, М.Фридман, А. Мармас,
Д.М.Кемие, О.Филлипс, А.Оукен, П.Самуэльсон сияқты ғалымдардың
зерттеулеріне негіз болған.
Еңбек нарығы, халықты жұмыспен қамту, еңбек ресурстары және оның сапасы
мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талдауда шетелдік ғалымдар
В.С.Буланов, А.О.Котляр, И.К.Заславский, Б.Д.Бреев, В.Н.Якимов,
С.Г.Ковалев, А.И.Тучков, А.А.Никифорова еңбектері және отандық
Я.Ә.Әубәкіров, Ө.Қ.Шеденов, Б.Л.Тәтібеков, О.Сәбден, Сансызбаева Х.Н,
Б.С.Досманбетов, Ф.М.Днишев, М.К.Мелдаханова, Т.И.Есполов, А.Қошанов,
Ю.К.Шокаманов, Ұ.Р.Бекмұханбетова сияқты зерттеушілердің еңбектерінің
маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - еңбек
нарығында халықты жұмыспен қамтуды құқықтық реттеуді теориялық-әдіснамалық
тұрғыда анықтау және оны мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын дәлелдеу
болып табылады.
Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі
айқындалады:
- еңбек нарығы, еңбекке сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздық, халықты
жұмыспен қамту мәселелерінің теориялық-әдістемелік негіздерін нақтылау;
- өңірдегі өмір сүріп отырған халық арасында жұмыссыздық себептері,
жұмыспен қамтылу мәселесі туралы көзқарастарын айқындау мақсатымен
социологиялық пікір алмасулар жүргізу;
- өңірдегі еңбек нарығын реттеу үшін маңызды факторларды анықтау;
- еңбек нарығындағы сұраныс мен ұсынысты талдай отырып, жүзеге асыруға
тиісті бағыттар мен атқарылатын іс әрекеттерді тұжырымдау.
Зерттеу пәні - халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру мен реттеуде
қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық қатынастар жиынтығы.
Зерттеу нысаны – нарықтық экономика жағдайында халықты жұмыспен қамту
мәселелері.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеудің теориялық
негізін отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу еңбектері мен Қазақстан
Республикасының заңдары, Ел басының әр жылдағы Қазақстан халқына
Жолдаулары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және басқа да ресми
деректер пайдаланылды.
Негізгі теориялық тұжырымдарды анықтауда логикалық және тарихи тұтастық
қағидасы, жүйелік талдау мен болжау, статистикалық салыстыру, құрылымдық,
әлеуметтік және т.б. әдістер пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде
мынадай нәтижелер алынды:
- теориялық-әдіснамалық деңгейде нарықтық экономикада халықты жұмыспен
қамтудың бағыттары мен басымдылықтары зерттелді;
- әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан еңбек нарығының мазмұны нақтыланды;
- Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар
анықталды;
- өңірдегі жастардың жұмыспен қамтылу мәселелерін талдау негізінде
өңірде халықты жұмыспен қамтуды жетілдіруге қатысты тұжырымдар негізделді;
- еңбек нарығын заман талабына сай мемлекеттік реттеу жөнінде ұсыныстар
жасақталды;
- халықты жұмыспен қамтуда кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру
шаралары ұсынылды.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарау еңбек нарығы туралы жалпы сипаттама мен олардың құқықтық
жағдайына қатысты теориялық ақпараттан құрылған. Сонымен қатар жұмыссыздық
түсінігі және жұмыспен қамту теориялары, тұрғындарды жұмыспен қамтудың
мемлекеттік саясаты қарастырылады.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының заңдылықтары еңбек нарығының
даму ерекшеліктерін саралауға қатысты деректер нақтыланды. Жұмыссыздарды
еңбекке тартуға бағытталған шаралар, бағдарламалар сараланды.
Үшінші тарауда еңбек нарығын мемлекеттік реттеу және жетілдіру жолдары
мен шетелдік тәжірибелер талқыланып, сараланды.
Қорытындыда жоғарыдағы үш тарау бойынша келтірілген мәселелерге
қорытынды жасалды және бүкіл жұмыстағы негізгі тұжырымдар бойынша ұсыныстар
берілді.
ТАРАУ 1 ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
1. Еңбек нарығы және оның мәні
Қазіргі заманда еңбек нарығы азаматтарды лайық жұмыспен тиімді
қамтамасыз етумен, жұмыс күшіне қатысты ұсыныстар мен сұраныстарды
қанағаттандырумен байланысты экономикалық жəне құқықтық қатынастардың
жиынтығын білдіреді. Бұл қатынастардың субъектілері болып əрқайсысы еңбек
нарығында ортақ жəне ерекше мүдделерге ие жұмыссыз тұлғалар, жұмыс
берушілер мен мемлекет болып табылады. Жұмыс күшінің иесі ретіндегі
азаматтар еңбек нарығында тиісті ақылы жұмыс табуға тырысады. Жұмыс беруші
табыс табу мақсатында өзінің негізгі қызметін жүзеге асыру үшін тиісті
жұмыс күшін табуға тырысады. Бұл ретте, мемлекет аталған қатынастардың
өркениетті түрде даму жəне жұмыс беруші мен қызметкерден тиісті салықтар
жинау мақсатын иелене отырып, реттеуші жəне үйлестіруші болып табылады.
Еңбек нарығын жұмыс берушілер мен жалданбалы қызметкерлер еңбек
шарттарын бекітетін, еңбек құқығы қатынастарына түсетін құқықтық кеңістік
ретінде де қарастыруға болады. Кең мағынада, мұндай құқықтық кеңістік
ретінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы, шетелдердегі Қазақстан
Республикасының елшіліктері мен консулдықтарының аумақтары табылады.
Алайда, көп жағдайда мұндай құқықтық кеңістік ретінде азаматтарды жұмысқа
қабылдайтын ұйымдардың аумағын түсінуге болады. Еңбек нарығының құқықтық
кеңістігінің шектерін өзгерту мүмкіндігі еңбектің қозғалысымен байланысты.
Халықтың жұмыс істейтін бөлігі Қазақстан Республикасының аумағында да, бұл
аумақтан тыс жерлерде де жұмысқа тұрып, одан өз еркімен шыға алады.
Сонымен, еңбектің қозғалысы (халықтың көшіп-қонуы) еңбек нарығының, оның
құқықтық кеңістігінің құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекеттің еңбек
нарығындағы негізгі жəне басты функциясы – бұл еңбек нарығының өркениеттік
нысандарын қамтамасыз ету жəне дамыту. Қазіргі кезде бұл мақсатты жүзеге
асыруға Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау
министрлігінің қарамағына кіретін халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа
орналастыру жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу саласы.
Еңбек нарығы арқылы жұмыс күшін белгілі бір мерзімге сату жүзеге асырылады
[1].

калғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.
Еңбек нарығы туралы сөз болғанда жұмысқа тарту теориясында жаңа
көзқарас пайда болғанын атау керек. Кеңестік қоғамтану, экономикалық
әдебиеттерде ондаған жылдар бойы социализм жағдайында жұмыссыздар
болмайды, бұл социализмнің капитализммен салыстырғандағы белгілі бір
артықшылығы деген қағида берік орын алып келді. Қоғамдық пікір де осы
тұрғыдан қалыптасқан еді. Елімізде нарықтық шаруашылық системасына көшуге
орай экономикалық теория алдында бірсыпыра жаңа сұрақтар койғаны туралы
жоғарыда сөз болды. Сол сұрақтардың бірі - еңбек нарығы және
жұртшылықты еңбекке тарту мәселесі. Шындығында, 1989 жылдан бері
әдебиет бетінде, түрлі ғылыми-өндірістік конференцияларда, жиналыстарда
айтылған пікірлерді негізінен екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ біздің
елде енбек нарығы болуға тиіс емес десе, екіншілері еңбек
нарығы бар, бірақ ол тежелген, ерекше нарық дегенді айтып жүр. Әрине,
кеңестік, дәстүрлік саяси экономия тендік, әділеттілік пен қазіргі
ілгері дамыған елдердегі жалақы, еңбекке тарту, оған ынталандырумен
байланыстырғысы келеді. Онымен бірге жаңа көзқарас еңбек проблемаларын
зерттегенде экономикалық және әлеуметтік саясат, еңбектің сипаты мен
мәні, оның тиімділігі, әділеттілігі туралы мәселені қамтуды
қажет етеді.
Енбек нарығының құрамдас бөлігі - жұмысшы күшінің сипатына да анықтама
беру керек. Соңғы мезгілге дейін кеңестік экономикалық ой-пікірде
жұмыс күші біздің елімізде тауар емес, оның себебі жұмысшылар өз
мемлекетінің, коғамның қожасы болды, қанаушы үстем таптар жойылды,
сондықтан жұмысшы өз еңбегін өзіне сата алмайды деген түсінік кең орын
алды. Осы қағиданың дұрыс еместігін өмір тәжірибесі дәлелдеп берді. Себебі
жоғарыда аталған топшылау шындыққа жатпады. Керісінше, жұмысшылар өндіріс
құрал-жабдықтары мен өндірісті басқарудан тыс қалды, олардың еңбекке деген
белсенділігі де кеміді. Осыған орай теорияда және практикада жұмысшы күшін
қайта даярлау, ұдайы өндіру, оның нақтылы құнын анықтау мәселесі 2007
жылғы Еңбек Кодексінде сөз болды. Бұл жұмысшылар бір кәсіпорыннан екінші
кәсіпорынға, түрлі мекемелерге жиі ауысып жүруіне жол береді. Техникалық
жабдықталуы, еңбек жағдайы және жалақысы жоғары кәсіпорындарды
жұмысшылардың іздейтіні ақиқат.
Нарықтық экономика жүйесінде еңбек нарығы анықтамасына ерекше көніл
бөлініп келеді. Еңбек нарығы мәселелеріне теориялық көзқарастардың болуы
өте маңызды.
Біздің көзқарасымыз бойынша еңбек нарығы - еңбек қызметін ұйымдастыру
саласы және нарықтық экономиканың еңбекке сұраныс және еңбекке ұсыныс
заңдары негiзiнде қызмет етуiн қамтамасыз етедi.
Еңбек нарығы мен оның мәні төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік
береді:
- еңбек нарығы жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысының тиімді
тенгерімділігі мен еңбекті тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін
әлеуметтік-экономикалық қоғамдық қатынастардың жиынтығы;
- еңбек қатынастарының нарықтық қағидаларына көшуі нақты болып
келеді, себебі еңбек сипатының өзгеруі әкімшілік құқықтық
мәжбүрлеу шараларымен емес, экономикалық мүдделермен байланысты
болып келеді. Меншік қатынасының өзгеруі мен оның жекелеген
нысандарын бекіту жағдайында әрбір тұлғаның еңбек күші меншік
ретінде қарастырылады;
- еңбек нарығының арқасында адамдардың қоғамдық мүдделерді ескере
отырып, олардың қалауы мен мүмкіндіктеріне сәйкес кәсіп тандауға,
қызмет саласы мен жұмыс жасау орнын тандауға мүмкіндік болады.
- еңбек нарығы жеке кірістерді, олардың жұмысшылардың
жетіспеушілігі мен біліктілігін ескере отырып, қажетті деңгейін
реттейтін нарықтық тетік болып табылады.
Мемлекет, жұмыспен қамту саласында түрлі шешімдер қабылдау және әр түрлі
заңдар әзірлеу арқылы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық саясатты
жүргізе отырып, тиімді түрде халықты жұмыспен қамтуды басқаруға тырысуда.
Халықты жұмыспен қамтуды басқару, бір жағынан, маңызды мәселе еңбек құқығын
жүзеге асыруда мақсатты бағытталған болса, екінші жағынан, әлеуметтік-еңбек
қатынастары жүйесін қамтамасыз етуде кешенді бағытталған болуы тиіс.
Халықты жұмыспен қамтуды басқарудың мынадай әдістері бар:
• экономикалық әдістер (несиелеу және салық салу жеңілдіктері,
кәсіпкерлікті ынталандырудың бюджеттік саясаты жұмыс орындарын құру және
сақтау, кадрларды қайта оқыту);
• ұйымдастырушы әдістер (жұмысқа тұрғызу және жұмысбастылық қызметін
құру, ақпараттық жүйелер, кадрларды даярлау және қайта даярлау);
• әкімшілік- заңдық әдістер (еңбек келісім-шарттарын рәсімдеу шарттары,
жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбек өмірін реттеу).
Нарықтық экономика жағдайында мемлекет еңбек нарығын басқаруды жүзеге
асырады. Мемлекеттің еңбек нарығын басқару органдарына: Қазақстан
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, еңбек
биржасы, жергілікті жердегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы, жұмыспен қамту орталықтары жатқызылады.
Қазір мемлекет енбекақыны жанама әдістермен реттеуді көздейді. Бірақ,
нарық механизмі арқылы еңбекакыны реттеу әлі де болса қалыптасқан жоқ.
Бұрынғы кеңес елінде қоғамдық меншік негізінде өндірістің заттай
факторларын жоспарлы реттеп, еңбек ресурстарын даярлап, толық пайдалануға
болады деген ұғым берік орнады. Осыған орай жеке адамның алдымен коғамдық
өндірістегі өз еңбегінен басқа құн көретін еңбегі жоқ деген қағида орын
алды. Сонымен барлық коғам мүшелерінің еңбекпен толық қамтылуы көзделеді.
Осы теріс нұсқаудың салдарынан бүкіл экономикаға аз зардабы болмаған
"кадрлар тапшылығы" пайда болды. Жұмыс орны көп болып, оны толтыруға адам
саны жетпей жүрді. Мысалы, бұрынғы кеңес елінде металл кесетін станоктардың
саны жұмысшы-станокшылардан екі есе артық болды. Қазірде де біздің
республиканың кейбір кәсіпорындарында бос жұмыс орындары аз емес. Бірақ бұл
орындарды толықтыру оңайға түспей отыр. Осыған кедергі жасайтын жағдайлар:
— кәсіпкерлік даярлау жүйесінің халық шаруашылығының нақтылы қажетінен
алшақ болуы әлеуметтік инфрақұрылымның (ең алдымен тұрғын үй нарығынын)
артта қалғаны, әр түрлі аймақтардағы өмір салты, тұрмыс жағдайындағы
әлеуметтік-экономикалық айырмашылық;
— әр аймақтың жергілікті ерекшеліктері, Қазақстанның экологиялық
қолайсыз аймақтары. Оған Семей ядролық полигоны, Арал төңірегіндегі және
басқа да халық тұрмысына, денсаулығына нұқсан келтіретін апатты аймақтар
жатады.
Қалаларда да жұмысқа мәжбүр болғандардың қатары көбеюде.
Қазақстанның село, ауылдарында (өнеркәсібінде де) озат елдермен
салыстырғанда, еңбек өнімділігі төмен, мамандығы шамалы, ауыр қол еңбегінің
үлес салмағы көп. Оған қоса басқару аппаратының ұлғаюын да айтпасқа болмас.
Көптеген мекемелерде атқаратын еңбегінің пайдасы шамалы штаттар саны аз
емес. Оның үстіне өндірісті және еңбекті ұйымдастыру дәрежесі көп жерде
ойдағыдай болмай отыр. Уақыт үнемдеу айтарлықтай қызмет етпейді. Өндірісте
бос уақыт өткізіп, еңбекақы алатындар да жиі кездеседі.
Тиімді экономикада еңбекке тарту ұтымды болу үшін, әрбір еңбекке
жарамды адам шаруашылықтың түрлі салаларын өзінің жеке басының қабілеті мен
мүмкіншілігіне сай таңдап алуы керек. Сонда ғана ол өндірістің пайдалы
(рентабельді) болуына көмектесе алады. Сонымен бірге өндірістік кажетіне
сәйкес, жұмысшының да кәсіптік дәрежесі болуы керек. Еңбек нарығын
реттеудің талап-тілектері осындай.
Еңбек нарығында да сұраныс пен ұсыныс заңдары әрекет етіп, жұмыс күшін
сатып алу және сату жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайларында жүреді.
Еңбек нарығында сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін ерекше "баға тепе-
теңдігі" орнайды. Мемлекет пен кәсіподақтың еңбек нарығына әсері ерекше
[2].
Еңбек нарығы - бұл еңбек мөлшері және институттары, ұдайы өндірісті
қамтушы жұмысшы күші және еңбекті пайдалануды көрсететін механизмдер
жүйесі. Еңбек нарығында да еңбекке ұсыныс және еңбектің анықталған түріне
сұраныс құрылады.
Еңбек нарығы кез келген жағдай-шартта қызмет етеді. Қарапайым шарты -
жетілген бәсеке. Оның нарықтық сипаттамасы:
- кәсіпорындар санының көп болуы, керекті жалдама жұмысшыны жалдау үшін
өзара бәсекелесуі;
- жоғары дәрежелі мамандандырылған қажетті жалданушылардың көптігі;
- еңбек нарығына бірде-бір жұмысшының немесе кәсіпорынның күшті ықпалы
болмауы.
Еңбекке жинақталған сұраныс жетілген бәсеке нарығында жеке фирмалардың
еңбегіне сұранысты жинақтау жолымен анықталады. Ал, фирма қанша жұмысшы
санын жалдау керектігі жөніндегі сұрақты шешеді, еңбекке сұраныс бағасын,
яғни еңбек ақысын анықтайды.
Еңбек нарығының элементтері:
1. Нарықтық қарым-қатынастардың жақтары немесе нарық субъектілері:
жұмыс берушілер немесе олардың өкілдері және жұмыс іздеп жүрген адамдар.
2. Еңбек нарығы субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейтін құқықтық
актілер.
3. Еңбектің нақты түрлеріне еңбекақы мөлшерлемелерін және халықтың
жұмыспен қамтылу деңгейін анықтайтын нарық конъютурасы – еңбекке деген
сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
4. Халықты жұмыспен қамту қызметтері (орталықтар, биржалар, бюролар
және т.б.)
5. Еңбек нарығының инфрақұрылымы: жұмыскерлерді кәсіби бағдарлау,
дайындау және қайта дайындау қызметі, жұмыспен қамту қорлары, жарнамалық
фирмалар және т.б.
6. Өндірістен босатылып жіберілгендер, жаңа жұмыс орнына
ауыстырылғанда, жұмыссыздар үшін әлеуметтік төлемдер және кепілдіктер
жүйесі.
7. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің балама уақытша нысандары:
қоғамдық жұмыстар, үйде істейтін еңбек, маусымдық жұмыстар және т.б.
Еңбек нарығының барлық элементтерінің бар болуы және өзара
әрекеттестігі оның қалыпты қызмет етуі үшін қажет, бұл еңбек нарығының
функцияларын орындау үшін барлық шарттар құрылған жағдай ретінде
түсіндіріледі.
Еңбек нарығының қызметтері:
1. Еңбекті сатушылар мен сатып алушылардың кездесулерін ұйымдастыру.
2. Нарықтық өзара әрекеттестіктің әрбір жағының ішінде бәсекелестік
ортаны қамтамасыз ету.
3. Еңбекақының тепе-тең мөлшерлемелерін белгілеу.
4. Халықты жұмыспен қамту сұрақтарын шешуге мүмкіндік туғызу.
5. Жұмыссыздарды әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру.

Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың
өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін
арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға
мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын
ғылыми-техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада
жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың
көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдық
саясаты болуы мүмкін [3].
Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:
1. Жасырын жұмыссыздық – өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық
жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс
күшімен атқаруға болады.
2. Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір
жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.
3. Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс
жасауы; бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе
қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б.
4. Құрылымдық жұмыссыздық – өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде
болады: жеке саланың дамушының кері пропорционады болуынан және ескі саланы
жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
5. Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың
нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап
етеді.
6. Циклдық жұмыссыздық – өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни
экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып,
шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын
қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша
комиссиясының жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың
әрқайсысының өзінің ерекше себептері бар.
К. Маркс қорлану теориясын жасады. Осы теорияға сәйкес капиталдың
корлану процесінде, яғни қосымша кұнның капиталға айналуында (косымша
ғимараттар, алып кұрылыстар, машиналар, жабдықтар және өндіріс көлемін
ұлғайту үшін қажетті қосымша жұмысшыларды сатып алу), капиталдың техникалық
және құндық (органикалық) құрылымында өзгерістер болады. Бұның өзі қосымша
құнның еңбек құрал-саймандарын көбірек алуға үлесі артады, ол косымша
құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді.
Осының салдарынан жұмыс күшінің бір бөлігі артығырақ болып, өндіріс
саласынан ығыстырылып шығарады. Соның арқасында өнеркәсіпте резервтік еңбек
армиясы пайда болады.
Халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру мəселелеріне Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамалары салыстырмалы түрде жақында – жұмыссыздық
проблемасының туындауымен ден қойды. Дəл осы кезден бастап Қазақстан
Республикасының еңбек заңдарында халықты жұмыспен қамту туралы бірқатар
құқық нормалары пайда болды. Қазіргі кезде халықты жұмыспен қамту
қатынастары мыналармен реттеледі:
- жұмыссыздықтан қорғау құқығын көздейтін Қазақстан Республикасы
Конституциясының нормаларымен;
- қызметкерлердің жұмыстан босау кезіндегі кепілдіктерін бекіткен,
жұмыссыздықтан қорғауға жəне еңбекке қатысты конституциялық құқықтың
маңызды кепілдігі болып табылатын ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Халықты
жұмыспен қамту туралы туралы заңымен;
- халықты жұмыспен қамтудың жəне жұмысқа орналастырудың негізгі міндеттері
мен функцияларын нақтылаған халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру
жөніндегі мемлекеттік органдар туралы ережелермен;
- ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 Əлеуметтік қорғауды қажет
ететін тұлғаларды жұмысқа алу үшін ұйымдарда жұмыс орындарының ең төменгі
санын (квотасын) белгілеу мəселелері туралы қаулысымен; өз қызметкерлері
үшін халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықтан қорғау шараларын көздейтін,
еңбек құқығының шарттық нормалары ретіндегі ұжымдық шарттар мен əлеуметтік-
əріптестік келісімдерінің нормативтік бөліктерімен;
- Чернобыль апатынан жапа шеккендер, қолайсыз табиғат жағдайларында жұмыс
істейтіндер, мемлекеттік қызметшілер жəне т.б. үшін жеңілдіктер туралы, осы
қызметкерлер санаттары үшін олардың еңбекке құқығына кепілдіктерін
қамтамасыз ететін нормалардан тұратын бірқатар жарлықтармен жəне арнайы
нормативтік құқықтық актілермен;
- ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңының қолданылуына түсіндірме
жасаған халықты жұмыспен қамту органдарының актілерімен.
Бұл нормативтік құқықтық актілердің мəні мыналардан көрініс табады:
1) олардың негізінде халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік органдар
құрылған жəне қызмет етеді;
2) жұмыссыздық, жұмыспен қамтылғандар, лайықты жұмыс жəне т.б. осы сияқты
жаңа түсініктерді бекітті;
3) жұмыссыз тұлғаның мəртебесін бекітті;
4) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
қағидалары мен бағыттарын анықтады;
5) ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 5-бабында халықты жұмыспен
қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер бекітілді;
6) азаматтардың халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтарын анықтады;
7) халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органның жұмысын
ұйымдастыруды ресми түрде бекітті;
8) жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, соның
ішінде, өз қызметкерлерін өндіріс ішінде оқыту жəне кəсіби дайындығы
жүйесін дамытуға жəне қоғамдық жұмыстарды өз қаражаты есебінен
қаржыландыруға қатысуын көздеді;
9) əлеуметтік жағдайы нашар азаматтардың қатарындағы жұмыссыздарға мақсатты
əлеуметтік көмек көрсетудің тəртібін анықтады.
Сонымен, халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа
орналастыру саласындағы заңдарда жарияланғандай, мемлекет
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтарға
мыналарды кепілдейді:
- еңбекке жəне кəсіп түрін таңдаудағы еркіндік құқығын;
- қызметінен негізсіз босатылған жағдайда құқықтық қорғануды;
- тиісті жұмысты таңдауда жəне жұмысқа орналасуда халықты жұмыспен қамту
жөніндегі уəкілетті органның тегін көмегін алуды;
- жаңа кəсіпке немесе мамандыққа тегін үйренуді жəне біліктілігін тегін
көтеруді;
- кəсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға берілген тапсырыстарға сəйкес
тиісті мамандарды тауып беруді.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы маңызды түсініктерге, сонымен қатар,
осы саладағы субъектілерге келесідей заңды анықтамалар берілген:
Жұмыспен қамтылу – азаматтардың Қазақстан Республикасының
Конституциясына, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы
келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жəне оларға
табыс немесе кіріс əкелетін қызметі [4]. Басқаша айтар болсақ, жұмыспен
қамтылған тұлға – бұл өзінің еңбекке құқығын іс жүзінде жүзеге асырушы,
яғни, еңбек қызметіне қатысушы тұлға.
Қандай тұлғалар жұмыспен қамтылған деп саналады екен? ҚР Халықты
жұмыспен қамту туралы заңының 2-бабына сəйкес, жұмыспен қамтылған халыққа
мына азаматтар жатады:
1. жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не толық емес
жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы
төленетін жұмысы (кызметі, кірісі) бар;
2. кəсіпкерлік қызметпен шұғылданатын;
3. өз бетінше жұмыспен айналысатын;
4. қосалкы кəсіпкерлікпен айналысатын жəне шарттар бойынша өнімді
өткізетін;
5. жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын
азаматтар, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің (артельдердің) мүшелері;
6. ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе
бекітілгендер;
7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік
органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі
əскерлерінде, Республикалық Ұланда, Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөніндегі агенттіктің бөлімдерінде жəне өзге де əскери
құрылымдарда қызмет етіп жүрген азаматтар жатады.
Жұмысқа орналасу – азаматтың жұмысты іздеу жəне иелену үрдісі. Бұл
үрдіс төрт дербес нысанда жүзеге асуы мүмкін:
- азаматтың өзі жұмыс іздеп, оған орналасуы;
- халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру жөніндегі уəкілетті
органның немесе халықты жұмыспен қамту жөніндегі жеке агенттіктің көмегімен
азаматтың жұмысты табуы;
- азамат өзі бұрын жұмыс істеген жəне кінəсіз қызметтен босатылған
өндірісте өзінің жұмыс берушісі арқылы жұмысқаорналасуы;
- жұмысқа орналасудың өзге де тəсілдері.
Заңда лайықты жұмыс түсінігіне мынадай анықтама берілген:
Тіркелген жұмыссыз азаматтар өзінің кəсіби даярлығына, еңбек стажына жəне
бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тəжірибесіне, жұмыс орнының жағдайларына
(ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа
жұмыс орнына көліктің қолайлылығына сəйкес келетін жұмыс лайықты жұмыс деп
есептеледі. Мысалы, егер хирург дəрігерге медбикенің орнын, ал оқытушыға
мектепте еден сыпырушының орнын ұсынса – бұл лайықты емес жұмыс болып
табылады. Немесе құрылысшы-инженерге оның кəсібі жəне біліктілігі бойынша,
бұрынғы жұмыс орнындағыдай жалақысы бар жұмыс орнын ұсынса, алайда жұмыс
орнына дейінгі жолдың ұзақтығы 3 сағатты құраса, онда бұл жұмыста лайықты
емес жұмыс болып табылады.
Жұмыс лайықты емес деп саналады, егер:
- ол жұмыссыздың келісімінсіз жұмыс орнын ауыстырумен байланысты болса;
- жалақысы бұрынғы жұмыс орнындағы орташа жалақыдан төмен болса;
- еңбек жағдайлары еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік нормаларына сай келмесе.
ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңында жұмыссыздарға мынадай
анықтама берілген: Жұмыссыздар – жұмысы, табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп
жүрген жəне оған кірісуге дайын, еңбекке қабілетті жастағы азаматтар.
Жұмыссыз мəртебесін иелену үшін халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті
органда тіркелу қажет. Жұмыссыздарды тіркеуге алу тұлғаның тұрғылықты жері
бойынша, жеке куəлігі, əлеуметтік жеке кодты (ƏЖК) беру туралы куəлік,
еңбек кітапшасы (немесе еңбек қызметін куəландыратын өзге де құжатарнайы
білім, біліктілік туралы құжаттар, тұлғаның тұрғылықты жері бойынша, салық
төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН) ұсынылған соң, ал бірінші рет жұмыс іздеп
жүрген азаматтар тұрғылықты жерінен анықтама берген соң жүргізіледі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, бұларға қоса шетелдіктің
ықтиярхатын жəне азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі
туралы белгі соғылған куəлігін табыс етеді. Алайда, мойындайтын бір жайт,
аталған тіркеу жұмыссыздардың нақты санын көрсетпейді. Себебі, мəжбүрлі
көшіп-қонушылар, тұрғылықты жері жоқ тұлғалар, өз бетімен жұмыс іздеп
жүргендер жəне бір жылдан астам уақыт жұмыс іздеп жүрген тұлғалар мұндай
тіркеуден тыс қалып қояды. Азаматтар барлық құжаттар табыс етілген күннен
бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жұмыссыз деп танылады. Уəкілетті
органда тіркелген жұмыссыз адамдар – күнтізбелік күн ішінде кемінде бір рет
уəкілетті органда, ал селолық елді мекендерде тұратын жұмыссыздар – айына
кемінде бір рет поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкімінде
белгіленуі тиіс.
Жұмыссыздар ретінде мына азаматтар танылмайды:
- 16 жасқа дейінгі жасөпірімдер;
- зейнеткерлік жасына жеткен жəне еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққан
зейнеткерлер.
Мүгедектер медициналық-əлеуметтік комиссия берген қорытындының
негізінде жұмыссыз деп танылады.
Уəкілетті орган мына жағдайларда жұмыссызды есептен шығарады:
- лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас тартқанда, ал
бірінші рет жұмыс іздеушілер – екі рет ұсынылған кəсіби дайындықтан өтуден
немесе ақылы жұмыстан, соның ішінде, уақытша жұмыстан бас тартса. Алайда,
бір жұмыс орнын екі рет ұсынуға болмайды;
- қайта тіркеу мерзімін себепсіз жағдайлармен өткізіп алған, сонымен қатар,
шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі жұмыс күні ішінде
дəлелсіз себептермен уəкілетті органға келмесе.
Жекелеген жағдайларда жұмыссыз ретінде танылмаған тұлғалар оларды
тіркеуден бас тартқан күннен соң, бір ай мерзім өткенде халықты жұмыспен
қамту туралы органға өздерінің жұмыссыз ретінде тану туралы қайтадан
жолдана алады. Көрнеу жалған мəліметтері бар құжаттарды ұсынған, сонымен
қатар, бостандығынан айырылған, бостандығынан айырусыз түзету жұмыстарына
жіберілген сотталған тұлғалар жұмыссыздар ретінде тіркеуге алынбайды.
Жұмыссыз тұлғаның құқықтық мəртебесі немесе құқықтық жағдайы 4
элементтен тұрады:
- еңбекке құқықсубъектілік, яғни, жұмыссыздың құқықтар мен міндеттерді
иеленуге қатысты заңмен танылған қабілеті, еңбек құқығының қатысушысы
(субъектісі) болу мүмкіндігі. Жұмыссыз тұлға халықты жұмыспен қамту
жөніндегі уəкілетті органда тіркелген сəтінен бастап еңбекке
құқықсубъектілігін иеленеді (ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 15-
бабы).
- жұмыссыздың негізгі құқықтары мен міндеттері, бұларды жұмыссыздың еңбекке
құқықсубъектілігіне ие, яғни, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті
органда жұмыссыз ретінде тіркелген тұлға иеленеді.
ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 13-бабы Азаматтар халықты
жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру саласында мыналарға құқылы:
- жұмыс берушіге, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органға немесе
жеке агенттікке тікелей
жүгіну жолы арқылы жұмыс орнын еркін таңдауға;
- шетелде өзі дербес жұмыс іздеуге жəне жұмысқа орналасуға;
- халыққа жұмысқа орналастыруға қатысты көмек көрсететін халықты жұмыспен
қамту жөніндегі уəкілетті
органдардан жəне жеке агенттіктерден ақпарат жəне кеңес алуға;
- қоғамдық жұмыстарға қатысуға;
- мемлекеттік органдардың, жеке агенттіктердің жəне олардың лауазымды
тұлғаларының əрекеттерін
(əрекетсіздіктерін), шешімдерін орталық атқарушы органда немесе сотта
шағымдауға;
- мақсатты əлеуметтік көмек алуға;
- оның келісімімен уəкілеттік органдардың кəсіби
дайындықтан жəне қайта дайындықтан өтуге жіберуіне.
Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы құқықтарының арасында аса
маңыздысы ретінде жұмыс орнын таңдау құқығын атауға болады. Азамат бұл
құқықты жұмыс берушіге – жалданбалы еңбекті пайдаланатын жеке немесе заңды
тұлғаға тікелей жолдануы арқылы жүзеге асырады. Жұмыс орнын таңдауға құқық
уəкілеттік органның немесе халықты жұмыспен қамту агенттігінің көмегімен де
жүзеге асырылуы мүмкін.
Жұмыссыздардың құқықтары:
- мақсатты əлеуметтік көмек алу;
- зейнеткерлік жасына жеткенде жəне талап етілетін еңбек стажы болған
жағдайда зейнетке мерзімінен бұрын шығу;
- кəсіби дайындықтан, қайта дайындықтан өту. Бұл кезде жұмыссыз тұлға
стипендия алады;
- жұмыссыз тұлғаның келісімі бойынша уəкілетті орган оны төленетін қоғамдық
жұмыстарға жібере алады. Бұл ретте тұлғаның жұмыссыз мəртебесі сақталады;
- басқа жердегі жұмысқа ауысқан жағдайда өтемақы алуға құқылы.
ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 17-бабы Жұмыссыздардың
жұмыспен қамту саласындағы міндеттері:
- ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңын сақтауға;
- уəкілетті органдарға келіп тұрудың тəртібін, шарттарын жəне мерзімдерін
сақтауға;
- уəкілетті орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс
күні ішінде жұмысқа орналасу мəселесі бойынша жұмыс берушіге өтініш
жасауға;
- уəкілетті органға:
- тұрғылықты жерін ауыстыруды;
- тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық- құқықтық сипаттағы
шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
- кəсіпкерлік қызметпен шұғылдануды;
- ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы
(ортақ кұрылтайшы)
болуды;
- мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;
- зейнетақы тағайындауды жəне өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссызбен
алдағы уақытта жұмыс істеу тəртібіне ықпал ететін өзгерістер туралы
мəліметтерді дер кезінде (бес жұмыс күні ішінде) табыс етугс міндетті.
1.3 Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты

Осындай жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша
Қазақстан Республикасының Үкiметi жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың
айтарлықтай өсуiне жол бермеуге, жұмыс орындарын сақтауға және жаңаларын
құруға бағытталған арнайы Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау
стратегиясын (Жол картасын) әзiрледi.

деңгейiнен төмен көрсеткiште белгiлендi [5].

мерзiмдi стратегиясы – Жол картасы жұмыссыздық деңгейiнiң өсуiне жол
бермеумен катар, оның деңгейiнiң 2009 жылғы екiншi тоқсандағы 6,9 %-дан
2010 жылғы желтоқсанда 5,5 %-ға дейін төмендеуiне қол жеткiзуге мүмкiндiк
бердi.
Жұмыспен қамтудың өсуi халық табысының артуы мен кедейлiк
деңгейiнiң төмендеуiне негiз болды. Табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аз
халық үлесi 2001 жылғы 46,7 %-дан 2006 жылғы 18,2 %-ға және 2010 жылғы 6,9
%-ға дейін азайды.
Алайда оң өзгерiстерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығы
теңгерiмді емес. Жұмыссыздар бар болғанына қарамастан бос жұмыс орындарының

1,1 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz