Зорлау жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстардың бір түрі ретінде



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. ЗОРЛАУ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Зорлау жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстардың бір түрі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Зорлаудың
обьектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..9
1.3 Зорлаудың обьективтік
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..14
1.4 Зорлаудың
субьектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .26
1.5 Зорлаудың субьективтік
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31
II. ЗОРЛАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ САРАЛАНҒАН ҚҰРАМЫ
2.1 Зорлаудың сараланған
құрамдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...37

2.2 Зорлаудың ерекше сараланған
құрамдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..48
III. ЗОРЛАУ ҚЫЛМЫСЫН ӨЗГЕ ҰҚСАС ҚЫЛМЫСТАРДАН АЖЫРАТУ
3.1 Зорлау және және нәпсіқұрамарлық сипаттағы күш қолдану
қылмысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
3.2 Зорлау және он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу
және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер
қылмысы ... ... ... ... ... ... ... ...57
3.3 Зорлау және жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық
қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе
нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер жасауға мәжбүр ету
қылмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...64

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қылмыстық заңнамада адам құқықтары мен
бостандықтары заңмен қорғалатын жоғары әлеуметтік қазына ретінде
бастапқылық және мызғымастық тұрғысынан көрініс табуы керек.
Қылмыстық саясат ең бірінші онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы
қылмыс жасаған адамдарға, әлеуметтік жағынан нашар қамтамасыз етілген
топтарға – жүкті әйелдерге, асырауындағы балалары жоқ жалғыз басты
әйелдерге, кәмелетке толмағандарға қатысты ізгілік бағытында дамуы керек.
Сонымен қатар оны ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған кінәлі адамдарға,
қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген адамдарға, қылмыс рецидивтеріне
қатысты қатаң қылу қажет[1].
Сонымен бірге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың айтуы бойынша заңды құрметтейтін
азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау құқық
қорғау органдарының негізгі міндеті болып табылады[2].
Әйел адамдарды күштеумен күресу әлемдегі ең бір маңызды, өткір және
шешілмес мәселелердің бірі болып отыр. Оның дәлелі халықаралық деңгейде
қабылданған БҰҰ-ның 2000 жылға дейінгі әйелдердің жағдайын жақсарту
стратегиясы, Әйелдерге қатысты күштеуді түпкілікті жою туралы БҰҰ-ның
Декларациясы, Әйелдерге қатысты күштеудің алдын-алу, жазалау және
тамырымен жою туралы Америкааралық Конвенциясы және басқа да құжаттар болып
отыр. Халықаралық деңгейде мұндай маңызды құжаттардың қабылдануы
халықаралық қауымдастықтың, мемлекеттердің өз ішіндегі шешілмес бұл
мәселені бірігіп шешуге және онымен күресудің оңтайлы жолдарын іздестіруге
деген батыл ниеттерінің көрсеткіші.
Әйелдерге қатысты күштеумен күресуден біздің мемлекетімізде тыс
қалмауда. Өйткені Кеңес Одағы ыдырауы, Қазақстанның нарықтық қатанастарға
көшуі қоғамның әлеуметтік жіктелуіне, кейбір әлеуметтік топтардың
кедейленуіне, жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты қоғамда бір-бірін
күштеудің тез арада өсуіне әкелді. Яғни, бұл мәселе Қазақстан үшін де тән.
Әйелдерге қатысты күштеудің ішіндегі ең бір ауыр қылмыстардың бірі –
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабымен қарастырылған
зорлау қылмысы. Зорлау салдарынан әйел адамға тек қана физиологиялық және
психикалық зиян келтіріліп қана қоймай, моральдық та зиян келтіріледі.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Сонымен берілген дипломдық
жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 120-бабымен
жауаптылық көзделген зорлау қылмысына қылмыстық-құқықтық түсініктеме беру.
Қойылған мақсатқа жету мақсатында зерттеу алдына келесідей міндеттер
қойылды:
- зорлау қылмысының құрамын оның обьектісіне сипаттама беріп, оның
ерекшеліктерін анықтау;
- зорлау қылмысының обьективтік жағына қылмыстық-құқықтық сипаттама
жасау;
- аталған қылмыстың субьектісінің ерекшеліктерін айқындау;
- зорлау қылмысының субьективтік жағын және оның элементтерін толық
ашу арқылы, зорлаудың мазмұнын ашу;
- зорлау қылмысының сараланған құрамдарына құқықтық сипаттама
жасау;
- зорлау қылмысын өзге де ұқсас қылмыстардан ажырату;
- зорлауға қатысты құқықтық әдебиеттердегі қылмыстық құқық
саласындағы ғалымдардың пікірлері мен көзқарастарын және қазіргі
кездегі осы саладағы Қазақстандық ғалымдардың көзқарастарын
келтіре отырып, сот-тергеу тәжіребесінің материалдарын зерделеп
сұрыптау.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс алдыма қойған мақсаттарға тиімді жету үшін
рационалды түрде тиісті тарауларға бөлінген. Бітіру жұмысы үш тарау,
кіріспе, қорытынды және пайдаланған нормативтік-құқықтық актілер мен
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Берілген жұмыстың соңында осы жасалған жұмыстың нәтижесіне қорытынды
беріледі.

I. ЗОРЛАУ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Зорлау жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстардың бір түрі
ретінде

Зорлау қылмысы жеке адамдарға қарсы қылмыстардың ішінде ең ауыр
қылмыстардың бірі болып саналады. Зорлау қылмыстық заңмен белгіленген
жыныстық бостандық пен жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар
қатарына жатады. Жыныстық бостандық пен жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы
қылмыстар деп – қылмыстық заңмен белгіленген он алты және он төрт жасқа
толмағандардың дұрыс физиологиялық және психикалық дамуына, кәмелетке
толған адамдардың жыныстық бостандығына немесе қоғамда қалыптасқан жыныстық
қалыпқа қол сұғатын қоғамды қауіпті іс әрекеттерді айтамыз. Зорлаудың
қоғамдық қауіптілігі ол жеке тұлғаның жыныстық бостандығын және жыныстық
қол сұғылмаушылығын бұзады, кәмелетке толмағандардың дұрыс рухани және және
физиологиялық дамуына әсер етеді, қоғамдық морльді бұзады, қоғамда
қалыптасқан жыныстық қатынастар қалыбын бұзады.
Кез-келген қылмыстың мәнін түсіну үшін оның құрамын білу керек. Кез
келген әрекет қылмыс бола бермейді, бірақ кез-келген қылмыс әр уақытта
әрекет болып келеді. Сондықтан сол әрекетті қылмыс деп тану үшін ол
әрекетте сол қылмыстың құрамы болуы керек. Яғни, кез-келген қылмысты
қарастыру әр кезде оған қылмыстық құқықтық сипаттама беруден басталады. Ең
алдыменен ол қылмыстың негізгі құрамының элементтерінің мазмұнын ашу оның
обьектісінің, обьективтік жағының, субьектісінің, субьективтік жағының
міндетті және қосымша нышандарына сипаттама беруден басталады. Бұның өзін
білу кез-келген заңгер үшін тәжіребеде қылмысты саралауды дұрыс саралауда
өте қажет.
Егер, сол қылмыс үшін жауаптылық көзделген заң бабында оның саралаушы
нышандары көрсетілсе, онда сол қылмыстың сараланған құрамына нақты құрамға
тән ауырлататын мән-жайларының, яғни саралаушы нышандарының мазмұнын ашу да
қажет.
Зорлау қылмысы қоғамдағы қалыптасқан жыныстық қатынастар қалыбына және
жыныстық мораль мен өнеге нормаларына қайшы келеді. Кез-келген қылмысты
жасау өнегелікті емес әрекет деп танылады, бірақ барлық қылмыстар бірдей
жыныстық мораль мен өнегелік нормаларын бұза бермейді.
Жыныстық мораль мен өнегелік адамзат қоғамы дамыған сайын өзгеріп
тұрады. Олардың әр уақытта оң өзгермейтінін ескерген жөн. Мысал ретінде
қазіргі кездегі қоғамдағы жыныстық мораль мен өнегеліктің деңгейін Қеңес
Одағы кезіндегі деңгейге қарағанда әлдеқайда төмендігін келтіруге болады.
Бұрынғы кезде жыныстық мораль мен өнегеліктің жай күйіне халық дәстүрі
мен әдет-ғұрпы, ал бұдан он жыл бұрын жастарды тәрбиелеуге елеулі түрде
көңіл бөлген Компартия әсер етіп отырды. Қазіргі кездегі жыныстық мораль
мен өнегеліктің төмендеуін біреулері қоғам өмірінің барлық салаларындағы
тәртіптің төмендеуімен, Кеңес одағы ыдырауымен, экономикалық дағдарыспен
түсіндірсе, екіншілері оны отбасылық тәрбиелеудің төмендеуімен, жас
өспірімдерді бақылаудың жоғалтылуымен, біздің кино және видео нарығымызға
жыныстық тәрбиелеуге кері әсер ететін, жыныстық салада мінез-құлықтар
бостандығын насихаттайтын өнімдердің кіріп кетуімен түсіндіреді.[3]
Жыныстық мораль мен өнегелілік бара-бар ұғымдар болып табылмайды.
Жыныстық өнегелілік жыныстық моральға қарағанда кеңірек ұғым.Жыныстық
әнегелілік қоғамдағы жыныстардың өзара қатынастарына жалпы қабылданаған
көзқарастарды көрсететін және адамдардың нәпсіқұмарлық мінез-құлқының
барлық жақтарын реттейтін мораль нормалары жүйесінен тұрады. Жыныстық
өнегелілік жай күйіне қоғамдағы қалыптасқан жыныстық қатынастар укладына
тәуелді болып табылады. Қоғам мүшелері басшылыққа алатын мораль деңгейі
жоғары нравты қоғамда қалыптасқан жыныстық қатынастар уклады нәпсіқұмарлық
құқықбұзушылықтардың деңгейіне ұстап тұрушы әсер етеді. Және де керісінше
моральға жат, мінез-құлыққа сай емес қоғамда нәпсіқұмарлық
құқықбұзушылықтар деңгейі тиісінше жоғары болады.
Біз қарастырып отырған зорлау қылмысының Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің (әрі қарай – ҚР ҚК) 120-бабының 1-бөлігінде негізгі
құрамы, сол баптың 2-бөлігінде 5 сараланған түрі және 3-бөлігінде 4 ерекше
сараланған түрі берілген. Енді осы аталғандарға жеке-жеке кезектілікпен
толық сипаттама беруді бастайық.

1.2. Зорлаудың объектісі

Кез-келген қылмыс құрамын сипаттау әруақытта қылмыстың обьектісіне
сипаттама беруден басталады. "Обьект - құрамның міндетті элементтерінің
бірі, сондықтан да обьектісіз қылмыс жоқ. Қылмыстық заңда қылмыс деп
қарастырылған кез-келген қоғамға қауіпті әрекет белгілі бір обьектіге
бағытталады".[4]
"Қылмыстың обьектісі қылмыстық құқықтық тыйым салудың сипатын, заңмен
тыйым салынған іс-әрекеттердің шектері мен шеңберін, олардың қоғамдық
қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін анықтайды. Сондықтан обьект қылмыстың
ұғымын анықтау үшін де шешуші маңызға ие". Куринов Б.А. атап кеткендей
"қол сұғушылықтың жалпы, топтық және тікелей обьектілерін дұрыс анықтау
қылмысты саралаудың қажетті бастапқы кезеңі болып табылады".[5]
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабында көзделген
зорлау қылмыстың тікелей обьектісі болып жыныстық жетілмеген әйел жынысты
тұлғалардың жыныстық бостандығы, он алты жасқа жетпеген кәмелетке
толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы мен дұрыс рухани және
физиологиялық дамуы. Бұндай жас шегінің белгіленуі Қазақстанның қылмыстық
заңымен он алты жасқа толған әйел жынысты адаммен күш қолданбай (ерікті)
жыныстық қатынас жасағаны үшін жауаптылық қарастырылмаған.
Қылмыстық құқық ғылымында көпшілікпен танылған ережеге сай қылмыстың
обьектісі болып қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар табылады.
Зорлаудың обьектісі мәселесі әлі күнге дейін қылмыстық құқық ғылымы
өкілдерінің арасында дау туғызып отыр. Оған қатысты Кеңес Одағы дәуірінен
бастап әртүрлі көзқарастар бар. П.И. Люблинский, А.Н. Игнатов, Б.В.
Даниальбек, Ю.К. Сущенко, Б.А. Блиндер, А. Халиков сияқты ғалымдар жыныстық
қылмыстардың обьектісі ретінде жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен жеке тұлғаның
немесе қоғамда қалыптасқан жыныстық қатынастар қалыбынын атайды.
Сонымен қатар кейбір криминалисттер қоғамда қалыптасқан жыныстық
қатынастар қалыбы жыныстық қылмыстардың топтық обьектісінде емес,
нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерінің тікелей обьектісіне
жатқызылады.[6]
Сонымен қылмыстық құқық теориясында оның өкілдерінің әртүрлі
көзқарастарын кездестіруге болады. Мысалы, жыныстық қатынастардың қалыбын
біреулері барлық жыныстық қылмыстардың топтық обьектісіне жатқызса,
басқалары оны жекелеген жыныстық қылмыстардың тікелей обьектісіне
жатқызады. Жыныстық қылмыстардың обьектісіне кең мағынада түсініктеме
беретін ғалымдар олардың қатарына жыныстық қылмыстарға жатпайтын басқа да
қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жатқызады. Олар: жезөкшелікпен айналысуға
тарту (ҚР ҚК 270-бабы), жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар
ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық (ҚР ҚК 271-бабы), порнографиялық
материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (ҚР ҚК 273-бабы), қатыгездікпен
күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату (ҚР ҚК 274-
бабы).
С.М. Рахметов пен А.К. Мукажанов Н.И. Коржанскийдің түрлік обьекті
болып "жеке қылмыс қол сұғатын қоғамдық қатынас"[7] табылады деген
тұжырымдамасына сүйене отырып зорлаудың түрлік обьектісі деп қоғамда
қалыптасқан мораль мен өнегелік нормаларына негізделген жыныстық
қатынастардың әлеуметтік қалыбын есептейді. Олардың айтуынша "осы қалыптың
шегінде әйелдердің жыныстық бостандығы мен әйел жынысты кәмелетке
толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы және кәмелетке толмағандардың
дұрыс рухани және физиологилық дамуы қорғалады". Осы тұжырымдамадан келіп
олар зорлаудың тікелей обьектісі деп 16 жасқа жеткен әйел жынысты
тұлғалардың жыныстық бостандығымен және 16 жасқа жетпеген кәмелетке
толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы мен дұрыс рухани және
физиолгиялық дамуын атайды. Әрине, мен бұл анықтамамен келісетінімді
жоғарыда зорлаудың тікелей обьектісіне осындай анықтама беруіммен көрсеткен
болатынмын.
Ал енді жыныстық қатынастар қалыбына толығырақ тоқталайық. Жыныстық
қатынастар уклады адамдардың нәпсіқұмарлық әрекеттеріне қатысты қоғамда
үстемдік етуші көзқарастар мен қағидалар көрсетеді. Жыныстық қатынастардың
қалыбының мазмұнын жыныстық мораль мен өнегелік мәселелерінен бөліп
қарастыруға болмайды. Жыныстық мораль мен өнегелік қоғамда қалыптасқан
жыныстық қатынастардың қалыбының негізін құрайды. Жыныстық мораль мен
өнегелік жоғары болған сайын жыныстық қатынастардың қалыбы берік болады
және оған қол сұушылықтар аз жасалады.
Ал, жыныстық мораль мен өнегелік өз кезегінде қоғамның жалпы мораліне
және өнегелік деңгейіне тәуелді болады, өйткені олар қоғамның мінез-құлық
нормалары жүйесінің бөлігі болып табылады. Жыныстық өнегелік түсінігіне тек
қана адамдардың, нәпсіқұмарлық мінез-құлық ережелері кіріп қана қоймай
қоғамдағы нәпсіқұмарлық қатынастарға қатысты көзқарастар мен әдет-ғұрыптар
да кіреді.
Жыныстық бостандық та зорлаудың обьектісі болып табылады. Жыныстық
бостандық - тұлға өз нәпсіқұмарлық қажеттіліктерін қалай
қанағаттандыратынын анықтауда көрініс табатын адамның жеке бостандығының
құрамдас бөлігі. Жыныстық бостандыққа тек он алты жасқа жеткен психикалық
дені сау тұлға ие. Он алты жасқа жетпеген және психикалық дені сау емес
тұлғалар жыныстық бостандыққа ие емес. Сондықтан он алты жасқа жетпеген
психикалық жетілмеген адаммен ерікті немесе күш қолданып жыныстық қатынасқа
түскені үшін ҚР ҚК 120-122-баптарымен қылмыстық жауаптылық қарастырылған.
Бұндай жағдайларда ҚР ҚК 120, 121 және 124-баптарымен қарастырылған
қылмыстардың обьектісі болып жыныстық қол сұғылмаушылық табылады.
Жыныстық бостандыққа ие тұлғалар деп А.Н. Красиков жыныстық жетілген
тұлғаларды атайды.[8] Менің ойымша Қазақстандық заңшығарушы медицина
ғылымының жалпы ереже бойынша тұлғаның жыныстық жетілуі он алты жасқа
жетумен сайма-сай келеді деген тұжырымдамасына сүйене отырып он алты жасты
белгілеуі Красиковтың көзқарасымен сәйкес келеді және бұл жерде дау
туғызуға ешқандай негіз жоқ деп есептеймін.
Зорлаудың обьектісі болып тұлғаның жыныстық мінез-құлқы басқа
тұлғалардың мүдделері мен қоғамдық мүдделерді бұзбайтын жыныстық бостандық
қана бола алады. Зорлау кезінде кінәлі жәбірленушінің жыныстық бостандығын
онымен күш қолданып жыныстық қатынас жасау жолымен немесе оның дәрменсіз
күйін пайдалану арқылы бұзады. Бірақ жыныстық бостандық өзінің
нәпсіқұмарлық қажеттіліктерін қанағаттандыру тек заңды тәсілдермен ғана
емес, сонымен бірге құқыққа қайшы тәсілдермен де көрінуі мүмкін. Оларға
кедергі жасауды қылмыстық мінез-құлық ретінде қарастыруға болмайды. Мысалы,
біреуді зорлайын деп жүрген немесе эксгибиционизммен айналысып жүрген
адамға кедергі жасау.
Бұл қол сұғушылықтың қосымша обьектісі болып әйел адамның немесе
кәмелетке толмаған әйел жынысты тұлғаның денсаулығы болуы мүмкін. Әсіресе,
бұл қылмыс көп жағдайда денсаулықтың елеулі түрде бұзылуына, психикалық
зақымдануға және т.б. әкеледі. ҚР ҚК 120-бабының 2-бөлігінің в
тармағындағы жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан зорлау,
сол баптың 3-бөлігінің а тармағындағы абайсызда жәбірленушінің өлуіне
әкеп соқтырған зорлау мен б тармағындағы абайсызда жәбірленушінің
денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның ВИЧЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе
өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған зорлау сияқты зорлаудың сараланған
түрлері қосымша обьектінің бар-жоғына байланысты құрастырылған.
Бұл қылмыста жәбірленуші болып тек қана әйел адам немесе кәмелетке
толмаған әйел жынысты тұлға табылады. Бұл қылмыстың бар-жоғын анықтауға
жәбірленушінің виктимді мінез-құлқы, мінез-құлыққа сай емес өмір сүруі,
жезөкшелікпен айналысуы және т.б. әсер етпейді.
Ал енді ең соңында жоғарыда айтылғанға қорытынды ретінде қылмыскердің
зорлау жасау кезіндегі осы қылмыстың жалпы, топтық, түрлік және тікелей
обьектілеріне әсер ету механизмін қарастырайық.
Кез-келген қылмыстан бірінші кезекте обьектілерді топтастырудың ең
төменгі деңгейі - тікелей обьекті зардап шегеді. Соңғысы толықтай бұзылуы
немесе ішінара зақымдануы мүмкін. Сонымен қатар осы обьектінің
айналасындағы қоғамдық қатынастар да бұзылады. Зорлау кезінде бірінші
кезекте әйелдің жыныстық бостандығына қол сұғылады. Егер, бұл қылмыс 16
жасқа жетпеген кімелетке толмағанға қатысты жасалатын болса, онда кінәлі
оның жыныстық қол сұғылмаушылығына қол сұғады, өйткені берілген жасқа
жетпеген кәмелетке толмаған өз жыныстық бостандығына билік ету құқығына ие
емес. Жыныстық бостандықтың иегерлері болып он алты жасқа жеткендер
табылады. Сондықтан ҚР ҚК 122-бабымен он алты жасқа жеткен айқын адаммен
жыныстық қатынаста болғаны, еркек пен еркектің немесе әйел мен әйелдің
қатынасы немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер үшін қылмыстық
жауаптылық қарастырылған. Аталған әрекеттерді он алты жасқа жеткен
тұлғамен жасау құқыққа қайшы емес, өйткені бұл жаста кәмелетке толғандар
көп жағдайларда жыныстық жетіледі. Сондықтан жыныстық қол сұғылмаушылық
зорлаудың обьектісі ретінде тек жәбірленуші оған қатысты қылмысты жасау
сәтінде он алты жасқа жетпеген жағдайларда ғана қарастырылады. Бұл жағдайда
қол сұғушылық бір уақытта басқа тікелей обьекті - кәмелетке толмағандардың
дұрыс рухани және физиологиялық дамуына жасалады. Ал, бұл өз кезегінде
жәбірленушінің дұрыс дамуының шарттарының жалпы бұзылуына әкеледі. Және де
рухани және физиологиялық даму - өзара байланысты түсініктер. Мысалы,
уақытынан бұрын жыныстық өмірге қызығушылық жас өспірімнің организмінің
физиологиялық дамуына теріс әсер ететін ерте жыныстық өмірге әкелуі
мүмкін.[9]
Зорлау кезінде қол сұғушылықтың топтық обьектісі - тұлғаға да қол
сұғады.
Және ең соңында кез-келген қылмыстан қылмыстық заңмен қорғалатын
қоғамдық қатынастарға да зиян келеді. Зорлау жасау кезінде әйел адамның
жыныстық бостандығын немесе он алты жасқа жетпеген кәмелетке толмаған
тұлғаның жыныстық қол сұғылмаушылығын, және де жас өспірімдердің дұрыс
дамуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға, қоғамда қылыптасқан
жыныстық қатынастар қалыбының айналасындағы қоғамдық қатынастарға, тұлға
қатынастарына және барлық аталған қатынастар арқылы қылмыстық заңмен
қорғалатын қоғамдық қатынастарға жалпы зиян келтіріледі.

1.3 Зорлаудың объективтік жағы

Қылмыс құрамының келесі бір міндетті элементі болып оның обьективтік
жағы табылады. Қылмыстың обьективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-
құлқының сыртқы көрінісін білдіреді.[10] Кез-келген қылмыс құрамының
міндетті нышаны болып қоғамға қауіпті іс-әрекет табылатыны баршамызға
мәлім. Іс-әрекетсіз қылмыс құрамы болмайды және субьектіні қылмыстық
жауаптылыққа тартуға негіз жоқ. Іс-әрекет әрекет немесе әрекетсіздік
жолымен жасалуы мүмкін. ҚР ҚК 120-бабында көзделген зорлау қылмысы барлық
жыныстық қылмыстар сияқты тек қана іс-әрекетпен жасалады." Іс-әрекет -
мінез-құлықтың белсенді нысаны" болып табылады.
ҚР ҚК 120-бабының диспозициясы әйел мен еркектің арасындағы жыныстық
қатынасты келесідей жолдармен жасалғанда зорлау ретінде таниды:
а) жәбірленушіге күш қолданумен;
б) жәбірленушіні күш қолданамын деп қорқытумен;
в) басқа тұлғаларға күш қолданумен;
г) басқа тұлғаларға күш қолданамын деп қорқытумен;
д) жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланумен.
Сонымен зорлау қылмысы құрамының қажетті және жеткілікті нышаны болып
жәбірленушімен жыныстық қатынасты күштеу немесе оның дәрменсіз күйін
пайдалану тәсілімен жасау табылады. Егер, екі тәсілде орын алса ол тек жаза
тағайындау кезінде ғана ескерілуі мүмкін.
Ал енді зорлаудың ұғымына келсек құқықтық әдебиеттерде оған әртүрлі
анықтамалар берілген. С.М. Рахметов пен А.К. Мукажанов "зорлау болып
еркектің әйелмен табиғи нысанда жәбірленушіге немесе басқа тұлғаларға күш
немесе психикалық күштеу қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не
жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасауы
табылады".
Ал Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 23
сәуірдегі №1 "Зорлау үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың
қолдануы туралы" қаулысының 1-тармағында келесідей анықтама берілген:
"Зорлау деп әйел жынысты тұлғамен күш қолданып, қорқытып немесе
жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған жыныстық қатынасты
түсінген жөн ... Берілген мән-жайларда әйел жынысты тұлғамен жыныстық
қажеттілікті өзгедей нысандарда қанағаттандыруды да зорлау деп есептеген
жөн."
Жыныстық қатынас - бұл ең алдыменен тек жыныстар қатынасы. Жыныстық
қатынас дұрыс, яғни физиологиялық акт ретінде тек әртүрлі жынысты тұлғалар
арасында, еркек пен әйел арасында ғана орын алады. Өзге нысанда жыныстық
қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған барлық қалған әрекеттер жыныстық
қатынас болып табылмайды. Оларды тек жыныстық қажеттілікті қанағаттандыру
өзге нысандарда қанағаттандыру деп анықтауға болады және жөн.
Сонымен Қазақстанның қазіргі кездегі қылмыстық заңнамасына сәйкес
жыныстық қатынасқа тек қана табиғи нысанда еркек пен әйелдің арасындағы
жасалған қатынас қана жатқызылған. Сондықтан зорлауға Рахметов пен
Мукажанов берген анықтамасы толық әрі дұрыс болып келеді. Ал Жоғарғы соттың
жоғарыда аталған қаулысының 1-тармағындағы 3-сөйлемнің тұжырымдамасы
ескірген және сот тәжіребесінде қайшылықты болдырмау үшін оны алып тастаған
жөн.
Зорлаудың обьективтік жағы ең алдыменен әйел адаммен оның еркіне қарсы
мәжбүрлі жыныстық қатынас жасаумен сипатталады. Жәбірленушінің қарсылығын
басу мақсатында күш қолдану немесе оны қолданбақшы болып қорқыту тек қана
жәбірленушіге қатысты қолданып қана қоймай, сонымен бірге жәбірленушіге
қауіпсіздігі маңызды өзге де тұлғаларға да қолданылуы мүмкін, әсіресі оған
жақын немесе туыс адамдарға.
Күш қолдану деп жәбірленушінің қарсылығын басуға бағытталған
әрекеттерді жасауды түсінген жөн. Мысалы, тәнін ауырту, бас бостандығын
шектеу, жәбірленушіні байлап тастау, оны шешіндіру, аяқ-қолын ұстап тұру,
қылғындыру, ұрып-соғу және өзге де жолдармен тәнін ауырту, денсаулыққа
әртүрлі дәрежедегі зиян келтіру және т.б.
Қасақана жеңіл және орташа ауырлықтағы зиян келтірумен ұштасқан зорлау
немесе зорлауға оқталу зорлағаны үшін жауапкершілік туралы заң
диспозициясымен қамтылған және басқа баптармен саралауды қажет етпейді.
Яғни, ҚР ҚК 120-бабының тиісті бөлігімен сараланады. Егер, зорлау кезінде
келтірілу сәтінде өмірге қауіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірілсе
іс-әрекет ҚР ҚК 103 және 120-баптарының тиісті бөліктерімен сараланады.
Зорлау кезінде жәбірленушіні қасақана өлтіруді ҚР ҚК 96-бабының 2-
бөлігінің к тармағымен саралаған жөн. Егер, қасақана адам өлтіру мәжбүрлі
жыныстық қатынас аяқталғаннан кейін жасалса немесе жасалған іс-әрекетті
жасыру мақсатында оған оқталу ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлігінің к тармағымен
және ҚР ҚК 120-бабының тиісті бөлігімен саралануы тиіс. Ал зорлау кезінде
немесе оған оқталу кезінде абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян
келтіру немесе оның өлуіне әкелу ҚР ҚК 120-бабының 3-бөлігінің
диспозициясымен қамтылған және сол нормамен сараланады, және де аталған іс-
әрекетті басқа баптармен саралауды қажет етпейді.
Зорлау кезінде күш қолдану тек қана механикалық әсер етумен ғана емес,
сонымен бірге химиялық немесе биологиялық әсер етумен де жүзеге асырылуы
мүмкін. Күш қолдануға сыртқы тәніне әсер ету жолымен де, у, улайтын немесе
есеңгірететін заттар беру нәтижесінде ішкі органдарына әсер ету де жатады.
А.А. Пионтковский, В.Д. Менышагин сияқты ғалымдар у, уландырғыш немесе
есеңгірететін, ұйықтататын заттарды беруді күш қолдануға жатқызбайды.[11]
Ал, С.М. Рахметов пен А.К. Мукажанов бұл мәселеге қатысты былай жауап
тапқан. Біздің ойымызша берілген мәселеге жауап жәбірленушінің аталған
заттарды оларды қабылданудың зардаптарын ұғына отырып қабылдады ма немесе
олар оның еркіне қарсы соның ішінде алдаумен организміне енгізілдігіне
байланысты. Мысалы, егер кінәлі аталған затты жәбірленушінің тамағына
білдіртпей қосса, басқа зат ретінде берсе, мысалы дәрі-дәрмек немесе
жәбірленушінің организміне күш қолдану арқылы енгізсе (жәбірленушінің
еркіне қарсы иньекция жасалады).
Бірінші жағдайда егер, жәбірленуші аталған заттарды өз бастамасымен
қабылдаса және оның нәтижесінде дәрменсіз күйде болса, онда онымен осындай
оның күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасауды күш қолданбай зорлау деп
таныған жөн.[12]
Екінші жағдайда зорлаушы жәбірленушіні дәрменсіз күйде күш қолданып
немесе алдап у, уландырғыш және есеңгірететін немесе ұйықтататын заттарды
берсе, онда ондай әрекетті жәбірленушіге қатысты күш қолдану деп
қарастырған жөн.
Күш қолдану жәбірленушінің шынайы қарсылығын баса алатындай дәрежеде
интенсивті болуы керек. Егер, әйел адам шынайы қарсылық көсетпей, тек қана
сексуалдық партнердің әрекеттерімен келіспейтінін көрсетумен жасалған
жыныстық қатынас зорлау болып табылады. Мысалы, егер жыныстық қатынасқа
түсу туралы ұсынысын алғашқыда қабылдамаған және қарсылық көрсеткен әйел
адамды тұлға қорқытса, ал кейін жыныстық қатынас басталмас бұрын қарсылық
көрсетуін тоқтатып, өз партнерына оның жыныстық қатынасқа түсуге келісті
деген ой туғызса.
Зорлау кезіндегі күш қолдану тек қана жәбірленушіге қатысты қолданып
қана қоймай, сонымен қатар оған жақын тұлғаларға да қатысты қолданылады.
Бұндай жағдайларда күш қолдану шын мәнінде психикалық әсер ету болып
табылады. Сондықтан жәбірленушінің еркін басатын тәсіл ретінде күш
қолданумен бірге күш қолданбақшы болып қорқыту да, яғни психикалық күштеу
де қолданылады.
Күш қолданбақшы болып қорқыту – бұл жәбірленушіні күш қолданамын деп
қорқынышқа түсіру. Қорқыту сөздермен де, әрекеттермен де жасалуы мүмкін.
Қорқыту шынайы болуы керек. Зорлау кезіндегі қорқытудың шынайылығы
дегеніміз кінәлінің өз қорқытуын шынында да жүзеге асыра алатындай болуы
және оның алдын-алатын кедергілердің болмауы. Бұдан өзге жағдайларда
қорқыту шынайы болып танылмайды. Мысалы, он үш жасар бала физиологиялық
жағынан дамыған жасы жеткен әйел адамды өз қорқытуын жүзеге асыратындай
ешқандай қаруы болмаса да өлтіремін деп қорқытады. Егер, бұндай жағдайда
жыныстық қатынас орын алса, онда бұл жағдайда зорлаудың құрамы жоқ. Өйткені
бұндағы қорқытуда шынайылық жоқ.
Қорқыту тікелей болуы керек, яғни жәбірленушіні тез арада жыныстық
қатынасқа түсуге мәжбүрлейтіндей және егер, жәбірленуші қарсылық
көрсеткенде ол тез арада жүзеге асырылатындай болуы керек. Қорқыту
жеткілікті энергиялы болуы керек. Ол қорқытушы тұлғаның оны жүзеге асыруына
тез арада кірісіп кетуіне күмән туғызбауы керек.
Зорлау кезінде күштеу жәбірленушіге немесе өзге де тұлғаларға
қолданылуы мүмкін. Мысалы, әйелді қорғап жатқан, көмек шақырған т.б.
адамдарға. Бұл жағдайда кінәлінің күш қолдануының және қорқытуының мақсатын
анықтаған жөн. Егер, басқа тұлғаларға қолданылып жатқан күштеудің мақсаты -
жәбірленушінің қарсылығын басу болса және осындай жолмен оны жыныстық
қатынасқа түсуге мәжбүрлесе, онда бұл іс-әрекет ҚР ҚК 120-бабымен
сараланады.
Ал егер, басқа тұлғаларға күш қолданудың мақсаты – жәбірленушінің
қорғаушыларын, куәларды құрту болса, онда бұл іс-әрекет ҚР ҚК 120-бабымен
қатар жиынтық бойынша ҚР ҚК-нің адам өмірі мен денсаулғына қарсы қылмыстар
үшін жауаптылықты көздейтін өзге де баптарымен сараланады.
Күш қолдану, оны қолданбақшы болып қорқыту жыныстық қатынастың алдында
болуы керек. Егер, физикалық немесе психикалық күштеу жәбірленушіге немесе
өзге тұлғаларға жыныстық қатынас басталғаннан кейін жыныстық қатынастың
аяқталуына қарсылық көрсетуді басу үшін немесе аталған тұлғаларды олардың
құқық қорғау органдарына хабарламауы үшін құрту үшін қолданылса, онда бұл
әрекеттер ҚР ҚК 354-бабымен сот төрелігіне қарсы қылмыс ретінде немесе
ниеттің бағыттылығы мен іс жүзінде келтірілген зардаптар бойынша жеке
тұлғаға қарсы қылмыстар болып сараланады.
Жәбірленушінің еркін басу тәсілі ретіндегі қорқыту деп жәбірленушіні
кінәлінің тез арада жәбірленушіге немесе оның туыстарына, жақын адамдарына
күшті қолданатынын көрсететін әрекеттер мен сөз айтулармен қорқытуды
түсінген жөн. Мысалы, оларды пайдаланғанда күштеу қолданылатын құралдарды
көрсету, т.б.
Қорқыту өз күші бойынша күш қолдануға теңестірілуі керек және
жәбірленушіні дәрменсіз күйге әкелуі тиіс. Мысалы, зорлау деп кінәлінің
жәбірленушіні қорқыту мақсатында оның көзінше басқа тұлғаны өлтіруін және
одан кейін онымен жыныстық қатынас жасауын тануға болады. Егер, жәбірленуші
осы кезде қарсылық көрсетпесе, онда зорлаудың орын алғанын жәбірленушінің
адам жоқ жерде қалуы сияқты жағдайларда анықтауға болады. Бұндай
жағдайларда оған тікелей күштеу қолданбаса да қылмыскер оны алдын-ала
қорқытты және ол қарсылық көрсетудің ешқандай мәні жоқ екенін түсінді.
Егер, кінәлі әйел адаммен жыныстық қатынасқа түсуге болашақта күш
қолданбақшы болып қорқытса, онда бұл жерде зорлаудың құрамы болмайды.
Зорлау кезіндегі қорқыту жеткілікті дәрежеде нақты, қауіпті болуы керек
және кез-келген игіліктер мен мүдделерге емес, оның ішіндегі ең маңызды
игіліктер мен мүдделерге елеулі зиян келетінін білдіруі керек. Мысалы,
өлтіремін деп қорқыту, ұрып-соғамын деп қорқыту, бет әлпетіңді қалыпқа
келгісіз бұзамын деп қорқыту және т.б. Тек осындай ғана қорқыту
жәбірленушінің әрекет жасау бостандығына жол бермейтіндей болып
қарастырылады. Психикалық күштеу және зорлау деп оның тек, мүліктік
мүдделерін қорқытумен әйел адамды жыныстық қатынасқа түсіру танылмайды.
Мысалы, қарызын бермеймін деп, үйленбеймін деп, жұмыстан шығарып жіберемін
деп қорқыту. Бұндай сипаттағы қорқытулар олардың нәтижесінде әйел адамның
өз жыныстық бостандығын бұзылуына жол беретіндей қауіпті деп тануға
болмайды. Әйел адаммен осындай сипаттағы қорқытуларды қолданып жыныстық
қатынасқа түсу зорлау болып танылмайды, бірақ ҚР ҚК өзге баптарымен
көзделген қылмыстардың құрамын құрауы мүмкін. Мысалы, ҚР ҚК 123-бабы.
Сонымен бірге зорлаудағы қорқыту деп жәбірленуші мен оның туыстарына
тиімсіз мәліметтерді таратамын деп қорқытуды тануға болмайды.
Сонымен зорлау кезіндегі қорқыту сипаты жағынан шынайы, тікелей және
қауіпті болады. Қорқытудың аталған нышандарының біреуі болмай қалса, іс-
әрекет зорлау болып танылмайды.
Зорлау және оған оқталу кезіндегі дәрменсіз күй деп жәбірленушінің дене
бітімінің немесе психикалық күйіне байланысты өзіне қатысты жасалып жатқан
әрекеттердің сипаты мен мәнін түсіне алмауын және оның осыны ұғынып отырған
және сол күйді пайдаланып жатырған кінәліге қарсылық көрсете алмайтындай
күйін айтамыз. Жәбірленушінің дәрменсіз күйі оның ауру немесе ессіз күйіне
байланысты, алкоголь ішімдіктерін, наркотикалық заттарды және өзге де
есеңгірететін заттарды қолдануымен немесе өзге де мас күйде болуымен
байланысты, жасы кішілікпен, психиканың қызметінің уақытша бұзылуымен не
болмаса психикалық аурумен байланысты болуы мүмкін.
Зорлау құрамының бар-жоғын анықтау кезінде жәбірленушінің моральды
сипаты, оның зорлау алдындағы мінез-құлқы ескерілмейді. Мысалы, зорлаудың
жәбірленушісі болып кінәлімен некедегі әйел немесе жезөкше болуы мүмкін.
Әйел адамның еркекпен интимді ортада болуы және оның спирт ішімдіктерін
ішуі жыныстық қатынасқа деген келісімін білдірмейді.
Зорлау үшін дұрыс, әділетті жаза тағайындау үшін соттар кінәлінің
жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланғанын немесе оны өзі осындай күйге
әкелген мән-жайларды ескеруі тиіс. Егер, зорлаушы жәбірленушіні осындай
күйге өзі әкеліп, одан кейін осындай күйді пайдаланып зорласа, онда бұл
жағдайда зорлаудың күш қолдану және жәбірленушінің дәрменсіз күйін
пайдалану сияқты екі нышаны қатар бір уақытта орын алғанын таныған жөн. Бұл
мән-жай сотпен жаза тағайындау кезінде кінәлінің қылмыстық жауапкершілігін
ауырлататын мән-жай ретінде ескерілуі тиіс.
Егер, кәмелетке толмаған жәбірленушіні дәрменсіз күйге кінәлі оның
спирт ішімдіктерін ішкізу немесе наркотикалық немесе психотропты заттарды
қолданғызу арқылы әкеліп, одан кейін оны зорлап алса немесе оның сұрауымен
субьектінің қылмыстық ойын білген басқа тұлға жәбірленушіні осындай күйге
әкелсе, онда бұл қылмыс алдындағы қылмыстық әрекеттерге дұрыс құқықтық баға
берген жөн. Егер, бұларда қылмыстың дербес құрамы болса, онда кінәлінің
әрекеттерін ҚР ҚК 120-бабымен қатар ҚР ҚК-ның зорлау алдында жасалған
қылмысы үшін жауаптылықты көздеген баптарымен саралаған жөн. Мысалы,
наркотикалық немесе психотропты заттарды қолдануға үйрету, кәмелетке
толмағанды наркотикалық немесе басқа да есеңгірететін заттарды медициналық
емес қолдануға тарту немесе спирт ішімдіктерін жүйелі түрде қолдануға тарту
ҚР ҚК 132, 261-баптарымен жауаптылыққа әкеледі. Егер, жәбірленуші зорлау
алдында ұрланған болса немесе бас бостандығынан айырылған болса, онда
субьектінің әрекеттері жәбірленушіні ұрлаған және оны бас бостандығынан
айыру және зорлау ретінде ҚР ҚК 125, 126 және 120-баптарымен сараланады.
Субьектіні жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып зорлағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа тартудың міндетті шарты болып кінәлінің
жәбірленушімен жыныстық қатынасқа түсер алдында оның осындай күйде екенін
ұғынды және осындай күйді пайдаланып қалу тілегі табылады.
Жәбірленушінің дәрменсіз күйі оның стресс, басына күн өтіп кетуі, терең
ұйқы, т.б. себептерінен естен тану жағдайларында да орын алады. Бұндай
күйдің себебі психотропты заттар мен дәрі-дәрмектерді қолдану болуы
мүмкін.
Қылмыстық құқық теориясында жәбірленушінің жасы кішілігіне байланысты
дәрменсіз күйін пайдаланып зорлау мәселесі де даулы болып отыр. Бұл жерде
жасы кішілігіне байланысты жәбірленушінің дәрменсіз күйіне қатысты екі
нышан бар. Олар: жәбірленушінің рухани даму деңгейі мен жыныстық қатынастың
зардаптарын, маңызын дұрыс бағалауы. Бұлар әрине, 14 жасқа жетпеген
тұлғаларда болмайды. Ондай тұлғаларда ерік сапаларының толық дамып
жетілмеуі, физиологиялық әлсіздік, үрей, т.б. тән. Бұны анықтау үшін
психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалады.
Біздің қылмыстық заңнамамыздың бір кемшілігі жасы кіші кәмелетке
толмаған мен жай кәмелетке толмаған тұлғалар арасында жас шегі
көрсетілмеген. Бұл қылмыстық құқық пен криминалистика ғалымдары арасында
жасы кіші тұлғаны зорлау оның дәрменсіз күйін пайдаланып зорлау болама
немесе жай зорлау болама деген дау туғызып отыр. Осы кемшілікті жою
мақсатында С.М. Рахметова мен А.К. Мукажанов ҚР ҚК 120-бабының мәтініне
келесідей өзгеріс енгізуді ұсынады: "14 жасқа жетпеген кәмелетке толмағанды
жыныстық қатынасқа түсу жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып зорлау
болып қарастырылады".
Кінәлінің жәбірленушінің жасы кішілігіне байланысты дәрменсіз күйін
пайдаланып зорлағаны үшін қылмыстық жауаптылығы егер, ол қылмысты жасамас
бұрын оның жасын білген болса басталады. Бұнда жәбірленушінің жыныстық
қатынастың әлеуметтік маңызы мен мәнін, өзіне қатысты жасалып жатқан
әрекеттердің мүмкін зардаптары мен сипатын ұғыну мен қарсылық көрсету
мүмкіндігін ескерген жөн. Бұл жағдайда жасы жетпегеннің дәрменсіз күйі
туралы сәйкес сараптамасы қажет.
Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалануға қатысты мына мысалды
келтіруге болады.
И.А. Аверин 2001 жылдың 23 наурызында шамамен сағат 20-да Рудный
қаласының автовокзалы ауданындағы 28 үйдің 2 пәтерінде М.А. Михайловпен
спирт ішімдігін ішеді. Ішімдік ішіп мас болғаннан кейін Аверин себепсіз
пәтер иесі С. Куликоваға байланады. Ол Куликованың шизофрения психикалық
ауруына байланысты дәрменсіз күйде екенін біле тұра оның еркіне қарсы
бірнеше рет жыныстық қатынас жасайды.
Қостанай облыстық соты И.А. Аверинді ҚК 120-бабының 1-бөлігімен
жауаптылық көзделген қылмысты жасауға кінәлі деп табылып 2001 жылдың 25
маусымындағы үкімімен сотталған.
Зорлау жыныстық қатынас басталған сәттен бастап аяқталған болып
танылады. Кінәлінің физиологиялық мағынада жыныстық қатынасын аяқтауы
зорлауды аяқталды деп тануға қажеті жоқ. Сондықтан ҚР ҚК 120-бабы зорлаудың
құрамын формальды құрам ретінде мазмұндаған.
Зорлау аяқталмаған болып танылады және жасалған іс-әрекет зорлауға
оқталу болып сараланады егер, кінәлі жыныстық қатынас жасау мақсатымен
әрекет етіп, бірақ оның еркіне байланысты емес мән-жайларға байланысты
жыныстық қатынасқа түсіп үлгіре алмаса. Бұндайда зорлауға оқталу мен
кінәлінің жыныстық қатынасқа түсу туралы жай ғана ұсынысын, және де әйел
адамның бостандығы мен ар-намысына, қадір-қасиетіне, қол сұғылмаушылығына
қол сұғатын өзге де қылмыстардан (заңсыз бас бостандығынан айыру,
балағаттау, денсаулыққа зиян келтіру, т.б.) ажырата білген жөн. Мысалы,
зорлауға оқталғаны үшін сотталған үш жігіт өз пәтерлеріне екі қызды
шақырады және олармен спирт ішімдігін ішіп, оларға жыныстық қатынасқа
түсуге ұсыныс жасайды және кірер есікті құлыптап тастап, күш қолданамыз деп
қорқытып оларды мәжбүрлейді. Жәбірленушілер қорқытуды шынайы, қауіпті деп
қабылдап, ас бөлмеге барып тығылады. Олардың біреуі көмек сұрамақшы болып
көрші пәтердің балконына өтпекші болып, жерге құлайды.
Зорлауға оқталу басқа қылмыстық қол сұғушылықтардан кінәлінің жасап
жатқан әрекеттерінің анықталған мақсат - жәбірленушімен оның еркіне қарсы
жыныстық қатынас жасауға жетудің тәсілі болып табылады. Тек өз еркіне
байланысты емес мән-жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмеген кінәлі
осындай қылмысты ойын анықтағанда ғана оның әрекеттері зорлауға оқталу
болып сараланады.
Зорлауға оқталу болып жыныстық қатынасты тікелей жасауға бағытталған
әрекеттер ғана танылады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының
жоғарыда аталған қаулысында зорлауға оқталу - бұл жәбірленушімен мәжбүрлі
жыныстық қатынас жасауға бағытталған, бірақ кәнілінің еркіне байланысты
емес мән-жайларға байланысты тиісті нәтижеге әкелмеген тікелей ниетпен
жасалған әрекеттер деп түсініктеме берген [13].[13] Өзінің жыныстық қатынас
жасауға физиологиялық мүмкіндігі жоқ екенін біле отырып, зорлауға оқталуға
ұқсас әрекеттер жасаған тұлғаның әркеттері зорлауға оқталу болмайды.
Зорлауға дайындалу болып қылмыстың қаруларын немесе құралдарын
іздестіру, дайындау және бейімдеу, зорлаудың қатысушыларын іздестіру,
зорлау жасауға келісу не болмаса зорлау жасауға өзге де жағдайларды
қасақана жасау танылады егер, қылмыс кәнілінің еркіне байланысты емес мән-
жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе. Мысалы, жәбірленушіні
қорқытуға пайдаланатын кінәлінің пышақты сатып алуы, зорлау жасалатын
бөлмені алдын-ала дайындау, т.б.
Зорлауды істеуден өз еркімен бас тарту ҚР ҚК 26-бабына сәйкес тек
зорлауға дайындалу және зорлау жасауға бағытталған әрекеттердің оған оқталу
сатысында ғана болуы мүмкін, егер кінәлі өзінің қылмыстық ойының аяғына
дейін жеткізе алатындығын ұғынған болса. Өз еркімен бас тартудың мотиві
болып аяушылық, қылмыстық жауаптылықтан қорқу, соз ауруын жұқтырып алудан
қорқу, т.б. болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 23
сәуірдегі №1 Зорлау үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың
қолдану тәжірибесі туралы қаулысының 7-тармағында бұған келесідей
түсініктеме берілген: өз еркімен бас тарту тек қылмысты жасауға кіріскен
тұлға оны аяғына дейін жеткізе алатынын ұғынғанда тек зорлауға оқталудың
аяқталмаған кезеңінде ғана өз еркімен орын алады.
Зорлауды аяғына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан тұлға зорлауға
дайындалғаны немесе оқталғаны үшін қылмытық жауаптылыққа тартылмайды. Ол
өзі жасаған әрекеттері үшін егер, ол әрекеттерде басқа қылмыстардың құрамы
болғанда ғана жауапқа тартылуы мүмкін. Мысалы, бас бостандығын заңсыз
айырғаны үшін, денсаулыққа зиян келтіргені үшін, ұрып-соққаны үшін, т.б.
Егер, осының бәрі қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып жасалса және онда
бұзақылықтың нышандары болса, онда кінәлінің әрекеттері ҚР ҚК 257-бабымен
бұзақылық ретінде сараланады. Құқық қорғау органдары әр кезде зорлау
жасауға қылмыстық ой аяғына дейін жеткізілмегенде кәнілінің іс-әрекетінде
өз еркімен бас тарту орын алғаны-алмағанын анықтауы тиіс.

1.4 Зорлаудың субъектісі

Қылмыстың субьектісі болып қылмыстық жауаптылық жасына жеткен есі дұрыс
қоғамға қауіпті әрекетті жасаған тұлға табылады[14].[14] Яғни, зорлаудың
субьектісі ретінде тұлғаны тану үшін оның екі нышанын анықтау керек:
1. есі дұрыстық;
2. қылмыстық жауаптылық жасына жетуі.
Егер, бұл екі нышанның біреуі зорлауды жасаған тұлғада болмаса, онда ол
тұлға зорлау қылмысының субьектісі болып танылмайды.
ҚР ҚК 120-бабының диспозициясына сәйкес зорлаудың орындаушысы болып тек
қана еркек жынысты тұлға бола алады, өйткені жәбірленушісі болып тек қана
әйел жынысты тұлға табылады. Бұл зорлау субьектісінің арнайы нышаны болып
табылады, яғни зорлаудың субьектісі арнайы субьекті және де ол арнайы нышан
демографиялық арнайы нышандар қатарына жатады.
Қылмыстық заңмен әйел адамның 14-жасқа толған еркек жынысты тұлғамен
оған күш қолданып немесе оның дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынасқа
түсуі зорлау болып танымайды. Бұндай жағадайларда егер, жәбірленушінің
денсаулығына зиян келтірілсе, онда іс-әрекет адам денсаулығына қолсұғушылық
болып қарастырылады, ал басқа қылмыстардың нышандары орын алғанда кінәлі
қылмыстық жауаптылыққа ҚР ҚК тиісті баптарымен тартылады.
Зорлаудың ұйымдастырушысы, айдап салушысы, қосаорындаушысы,
көмектесушісі ретінде еркек жынысты тұлғамен қатар әйел жынысты тұлға да
бола алады. Бұл жағдай да олардың қоғамға қауіпті әрекеті басқа
қосорындаушы – еркектің жыныстық қатынасты жасауын жеңілдету мақсатын
жәбірленушіге күш қолданумен, жәбірленушіге немесе өзге адамдарға оны
қолданамын деп қорқытумен не болмаса оны дәрменсіз күйге әкелумен
байланысты.
ҚР ҚК 15-бабына сәйкес зорлаудың субьектісі болып 14-жасқа жеткен тұлға
танылады. Заңшығарушының зорлау үшін қылмыстық жауаптылық жасын 14-жастан
бастап белгілеуі біріншіден, осы қылмысты жасайтын тұлғалардың 10,5%–ын
кәмелетке толмағандардың құрауы, екіншіден, кәмелетке толмағандардың осы
қылмыстың қоғамға қауіптілік сипатын ұғына алатындығымен
жағдайланған[15].[15]
Қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасағаны
үшін қылмыстық жауаптылыққа тек есі дұрыс тұлға ғана тартылады[16].[16]
Зорлауды есі дұрыс емес күйде жасаған тұлға зорлаудың субьектісі болып
танылмайды және қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылмайды.
Есі дұрыс еместік дегеніміз ҚР ҚК 16-бабының 1-бөлігіне сәйкес тұлғаның
ҚК көзделген қоғамға қауіпті әрекетті жасаған кезде өзінің іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) іс жүзiндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына
алмауы немeсе оған ие бола алмауы.
Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану үшін ол тұлғада есі дұрыс еместіктің
екі критерийлері болуы керек. Олар: медициналық (биологиялық) және құқықтық
(психологиялық).
Есі дұрыс еместіктің медициналық критериі ҚР ҚК 16-бабының 1-бөлігінде
көрсетілген психикалық қызметтің ауру бұзылуының біреуінің болуын
білдіреді. Олар:
А) созылмалы психикалық ауру;
Б) психикасының уақытша бұзылуы;
В) кемақылдық;
Г) психикасының өзге де дертке ұшырауы.
Ал, есі дұрыс еместіктің құқықтық критериі келесідей екі нышаннан
тұрады:
А) интеллектуалдық нышан;
Б) ерік нышаны.
Құқықтық критеридің интеллектуалдық нышаны өз іс-әрекетінің іс
жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғына алмауын білдіреді.
Ерік нышаны тұлғаның өз іс-әрекетін басқара алмауынан тұрады.
Құқықтық критериді бар деп тану үшін осы екеуінің біреуінің бар болуы
жеткілікті.
Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған зорлау жасаған тұлғалардың
4,3% есі дұрыс емес деп танылған, оның ішінде көбі шизофрениямен
ауыратындар болған [17].[17] Сот тәжіребесінде есі дұрыс емес тұлғаларды
зорлау жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту және оған жаза тағайындау
көп кездеспейді. Зорлауды жасаған есі дұрыс емес тұлғаларға ҚР ҚК 16-
бабының 2-бөлігіне сәйкес ҚР ҚК-нде көзделген медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
Бұған сот тәжіребесінен келесідей іс тән.
ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы жәбірленуші
Тимченко С.В. азаматшаның кассациялық өтінішін қараған. Өтініште
жәбірленуші ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігімен көзделген қоғамға қауіпті іс-
әрекетті жасаған және ҚР ҚК 90-бабының 1-бөлігінің г тармағының негізінде
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданған Омарбековке қатысты
қосымша сот-психиатриялық сараптаманы жүргізуге және оған медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы Алматы облыстық сотының 2000
жылғы 29 қарашадағы қаулысының күшін жоюды сұраған.
Алқа келесідей негіздер бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.
Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес Омарбеков
шизофрения нысанындағы психикалық аурумен ауыратындығы күмән туғызбайды.
Осы аурудың нәтижесінде ол өз әрекеттерін ұғына алмады және оларды басқара
алмады, есі дұрыс емес деп танылған. Интенсивті бақылаумен арнайы үлгідегі
психиатриялық ауруханада мәжбүрлі емдеуге жатады.
Сотта сарапшы-психиатр Загидулина Омарбековке қатысты оның есі дұрыс
еместігі туралы сараптама қорытындысын дәлелдеді және жәбірленушінің заңды
өкіліне шизофрения нысанындағы психикалық аурудың сипаты мен ұзақтығы
туралы сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар істе Брянск облыстық №3 ауаруханасының әскери-дәрігерлік
комиссиясының 11872 әскери бөлім командирінің тапсырмасымен Омарбеков
куәландырылғаны және оған ұзаққа созылған реактивті депрессивті психоз
деген диагноз қойылғаны, әскери қызметке жарамайтындығы көрінетін 1991
жылғы 25 қазандағы №84 ауру туралы куәлігі бар.
Сараптаманың Омарбековті шизофрения нысанындағы психикалық аурумен
ауырады деген қорытындысы сот талқылауы кезінде куәлардың жауаптарымен және
қылмыстық іс бойынша жиналған деректермен дәлелденіп отыр [18].[18]
Зорлаудың орындаушысы болып тек еркек жынысты тұлға болуы керек деген
зорлау субьектісінің нышанына келсек. Зорлау болып тек еріксіз жасалған
жыныстық қатынас табылатынын, мен осы қылмыстың обьективтік жағын
қарастырғанда жоғарыда айтып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныстық қылмыстардың ұғымы
Жыныстық қылмыстар институты - адамның жыныстық қол сұғылмаушылығына және жыныстық бостандығына қарсы жасалатын қылмыстық заңнаманың арнайы бөлігі
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Зорлаумен күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Зорлық зомбылық қылмыстарды алдын алу
Жыныстық бостандыққа және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы өзге де қылмыстар
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы түсінігі
Жыныстық қылмыстар
Жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстар
Пәндер