Инвестициялық жобаның сатылары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ5
1. 1 Инвестициялық жоба: түсінігі, тұжырымдамасы, түрлері5
1. 2 Инвестициялық жобалар және оларды талдау11
1. 3 Инвестициялық қызметті басқару ұғымы және олардың жіктелуі17
2 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ29
2. 1 Тәуекелдік жағдайынды инвестициялық жобаларды талдау әдістері мен модельдері29
2. 2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін тиімділігін талдау көрсеткіштері36
Қорытынды60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ62
КІРІСПЕ
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай дамуын анықтайтын шешуші факторлардың бірі - бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты.
Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды.
Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Диплом жұмысының мақсаты кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару негіздеріне сүйене отырып, инвестициялық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдаудың әдістері мен модельдерін игеру болып табылады.
Құрылыс саласына инвестиция салу инвестициялық жобалаумен тікелей байланысты. Жобаға салынған инвестицияның тиімділігін бағалау жобалау жұмыстарының тәжірибесінде маңызды және қажетті құрамдас бөлім болып табылады. Оған тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық-құрылыстық қызметке кері әсерін тигізетін бірқатар факторлар ықпал етеді, атап айтқанда: тұрғын үй саласының әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздыққа барынша бейім болуы; әдістемелік және нормативті қамтамасыз етудің жаңа шарттары мен талаптарына сәйкес болмауы; тұрғын үй құрылысында құрылыс қызметін реттеу мен басқарудың экономикалық әдістерінің жетілдірілмеуі; құрылыста және пайдалануда келісім-шарттық жүйенің дамымауы (тұрғын үй құрылысы саласында маманданған ұйымның болмауы) ; инвестициялық-құрылыстық қызметке қатысушылар құрамының қызығушылықтарының толық ескерілмеуі; ұйым қызметін жобалауды ұйымдастыру тәжірибесінің және тәсілдерінің жетілдірілмеуі және т. б.
Инвестициялық қызмет мақсаттылығының экономикалық дағдарыс кезіндегі әдістемесі рыноктық экономиканың талаптарына негізделеді, сондықтан инвестиция немесе мақсаттылығының критерийі оның тиімділігін бағалау болып табылады.
Аталған және басқа да себептер мәселенің өзектілігін анықтайды және тұрғын үй саласы нысандарын жобалау мен құрылысының тиімділігін бағалауды тереңдетуге бағытталған зерттеулер жүргізуді қажет етеді.
Тұрғын үй саласы жобаларын бағалау механизмін жетілдірудің қаржылық, статистикалық, сақтандыру, ұйымдық-салалық және экономикалық негіздерін онан әрі зерттеу, тиімділікті арттыру шарттарын қалыптастыру және оларды шаруашылық субъектілерін басқаруда қолдану қажеттілігі жұмыстың тақырыбы мен бағытын айқындайды.
Инвестициялық жобаның өміршендік кезеңі уақытпен өлшенеді, бұл уақытта инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Шетел тәжірибесінде инвестициялық жобаның жүзеге асуы он жылдан аспайды, себебі неғұрлым инвестиция көп уақыт жүзеге асырылса, соғұрлым оның жоспарлану кезеңі аз кепілдік береді.
Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Инвестициялық жоба: түсінігі, тұжырымдамасы, түрлері
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады.
Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа көзделетін
кәсіпорынның іскерлігін жақсарту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдетте тактикалық және стратегиялық деп бөледі. Стратегиялық жобаның қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызамыз. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Қазақстанның тәжірибесінде жоба түсінігі жаңа ұғым емес. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Инвестициялық жобалардың талдауы олардың жіктеулеріне негізделуі қажет, оны біз 1-кестеден көре аламыз.
Инвестициялық жобаның негізгі бөлімдері:
- инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы.
- жобаның негізгі идеясы.
- нарықты талдау және маркетинг тұжырымдамасы.
- инвестициялық жобаны орындау процесіне қажетті материалдық ресурстардың көлемін негіздеу.
- жобаның орындалуының техникалық негізіне сипаттама.
- жобаның тұрған жері.
- басқаруды ұйымдастыру.
- қажетті еңбек ресурстары.
- жобаның орындалу кестесі.
- жобаны қаржымен қаржылануына сипаттама және оның тиімділігін бағалау.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол цикл келесі кезеңдерге ие:
- Жобаның тұжырымдалуы-бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументтер болуы тиіс. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
- Жобаны дайындау - жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген нақты шешімді қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында - коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалдық және тағы басқа - оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады.
- Жобаны сараптау-жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу қажет. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік, тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшаның көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшаның кейбір бөлігін жұмсауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
- Жобаны жүзеге асыру-бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап, жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді.
- Нәтижелерді бағалау-бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады.
Кесте 1 - Белгілері бойынша инвестиция түрлерін талдау
1. Қажетті инвестицияның көлемі бойынша
- Кіші жоба
- Мега жоба
2. Жобаны жүзеге асыру мерзімі бойынша
- Қысқа
- Орта
- Ұзақ
3. Тәуекелге қатысты
- Тәуекелді
- Тәуекелсіз
4. Жобаның қатысушысы бойынша
- Мемлекеттік
- Біріккен
- Шетел инвесторлар
1-кестенің жалғасы
1
2
5. Ақша ағымының түрі бойынша
- Жай
- Жай емес
6. Жобалар арасындағы қарым-қатынастары бойынша
- Тәуелсіз
- Өзара бірін-бірі жоққа шығару
- Орнын толтыру
- Өзара әсер ету
Ескерту - [1] әдебиетінен алынған
Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген:
- тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте, осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етеді.
- ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты - жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану.
- өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді.
- жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобалардың осы түрлерін әзірлеген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап өткен жөн.
- экологиялық жүгі бар жобалар. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны ластауымен әрқашан байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.
- шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және тағы басқаларды қамтиды.
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеясын жүзеге асыры ала ма деген сұрақ туады. Ол үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Батыстық жобаларды талдау тіжірибесінде төмендегі критерийлерді қолданады:
- саланың жетілуі;
- кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі (оның нарықтағы жағдайы) .
Саланың жетілуін оны даму жағдайының 4 түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, жетілген немесе ескірген.
Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсеке қабілеттілігін орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау.
Кәсіпорынның жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді [2, 57 б. ] .
Жобаның көп түрлiлiгiне қapaмaстaн, оларды талдау әдетте кейбiр жалпы сызбаға сәйкес келедi, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бaғалайтын арнайы бөлiмшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелдi талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қабылданбайды» резолюциясы шарттық сипаттa болатынын атап өткен жөн. Шыңдығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түpi, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруi мүмкiн және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек [3, 67 б. ] .
Жобаны алдын-ала әзірлеу және талдау кезеңі: Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясын тұжырымдаған соң, бұл идеяны кәсіпорын іс жүзінде іске асыра алады ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның қарасты экономика саласын талдау қажет. Мұндай талдау инвестициялық жобаны алдын-ала әзірлеу және талдау мазмұнын құрайды. Батыс елдерінің практикасында келесі критерилерді қолданады:
- саланың кемелділігі;
- кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі (оның нарықтағы орны) .
Саланың кемелділігін анализдеуді оның дамудың мына төрт жағдайының біреуіне жатқызып қарастырады: эмбриональді, өсуші, кемелдік және қартайған.
Екінші критерий бойынша, кәсіпорынның қандай салаға жататынына сәйкес сол саладағы бәсекеге қабілеттілігін анықтау қажет. Басқа сөзбен айтсақ, бұл кәсіпорынды заттар мен қызметтер нарығындағы басқа кәсіпорындармен салыстырады. Кәсіпорынның негізі алты жағдайын қолданады: басымдық, күштілігі, қолайлығы, тұрақсыздығы, әлсіздігі, тіршілік етуге қабілетсіздігі. Саланың кәмелеттік және бәсекеге қабілеттілігін салыстырып кәсіпорынның тіршілік циклінің қалыптамасын құруға болады, ол құрылымды сипатты болып тек кәсіпорынның жағдайын белгілеп қана қоймай, сондай-ақ ары қарай дамуының қағидалық ұсыныстарын жасайды.
Жобаны алдын ала талдау кезеңінің соңғы нәтижесі - көрсетілген критерийлер бойынша нақты кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни, кәсіпорынның қалыптамадағы нақты орнын көрсету.
Алдын ала талдау кезеңі аса ұзақ болмауы тиіс, ал нәтижелер оның алдындағы кезеңде шығарылады да, сапалы бағаларда негізделеді. Бұл кезең кем дегенде мына екі себептермен қажет:
- стратегиялық инвестормен ары қарай жұмыс істегенде саланың кемелдігі және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселелер міндетті түрде қарастырылады, сондықтан оған алдын-ала дайын болу қажет;
- егер кәсіпорын менеджерлері талдауды қолға алмаса, оны стратегиялық инвестордың өзі жасайды, ал оның нәтижелері қолайлы болмауы мүмкін.
Жобаның коммерциялық орындалуын бағалау - инвестиция алдындағы зерттеу жүргізуде қорытынды звеносы. Ол барлық өткен этаптардан алынған және талдаудан өткен ақпараттарға негізделуі керек. Коммерциялық бағалау инвестициялық жобаның интегралдық жағдайын көрсетуі қажет [1, 49-58 бб. ] .
Инвестициялық жобаның коммерциялық қызығушылығында екі критерий бар:
- қаржылық дербестігі (қаржылық баға) ;
- тиімділік (экономикалық баға) .
Бірінші жағдайда, жобаны іске асыру барысында өтімділік талданады (төлем қабілеттілігі) . Екіншіден жобаның сатып алушылық құндылығының сақтап қалуында, салынған қаражаттар және де олардың қайтадамып өсуі. 1-суретте әрбір критерий бойынша бірнеше әдіс берілген.
Сурет 1 - Инвестициялық жобаның коммерциялық бағалануы
Ескерту - [1] әдебиетінен алынған
Мамандардың көпшілігі инвестициялық жобалардың тиімділігін басқарудың және бағалаудың бірнеше әдістерін уақыт факторын есептей отырып анықтайды:
- статистикалық әдіс (уақыт есептелмейді) ;
- динамикалық әдістер;
- ақша ағымдарын дисконттауға негізделген.
Завлин П. Н., Васиьев А. В., Кноль А. И., және де Сироткин В. Б. жұмыстарында бұл класификация топтастырылатын көрсеткіштер түріне қарай келесі бағалау әдістеріне ұсынған:
- натуралды, құндық;
- абсолютті, қатынасты;
- уақытты, комплексті;
- бірліктік.
Тәжірибеде әртүрлі әдістер жиынтығы жекелеп қолданылмайды, олар бір-бірін толықтыра отырып пайдалынады, ол жоба туралы жан жақты мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Капиталдық салымдардың негізгілері ретінде келесі критерийлер пайдалынады:
- таза дисконтталған табыс;
- табыстылық индексі;
- қайтарымдылық мерзімі.
Біздің ойымызша, сәйкес келетін термин - «абсолютті көрсеткіш», өйткені ол көрсеткіштің мағынасын едәуір нақты айқындап тұр [4, 126-127 бб. ] .
Стратегиялық тұрғыдан инвестициялар кәсіпорындардың дамуын, техникалық жарақтануын және экономикалық өсуін анықтайтын негізгі буын болып табылады. Елімізде болған соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындар үшін де біршама қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасты. 2003жылы 8-қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы инвестицияларды ынталандырудың экономикалық негіздері мен принциптерін анықтап, еліміздегі инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіруге кедергі болатын бірқатар, әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар:
- ұлттық экономиканың шикізат көздеріне бағытталғандығы;
- өңдеуші өнеркәсіптің өнімділік деңгейінің төмендігі;
- ішкі нарықтағы тауарларға деген тұтынушылық сұраныстың төмендігі;
- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жете дамымағандығы;
- кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта қалғандығы;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын инвестициялық шығындардың төмен деңгейі және т. с. с.
1. 2 Инвестициялық жобалар және оларды талдау
Қазіргі уақыттағы саяси-экономикалық тұрақсыздық пен макроэкономикалық жағдайлар, инфляцияның жоғары қарқыны инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қиындықтар туғызып отыр.
Жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек [5, 34 б. ] .
Жобалық талдау келесі бөліктерден тұрады:
- жобалық талдауды маркетингтік тұрғыдан қарастыру;
- жобалық талдаудың техникалық қырларын анықтау;
- жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау;
- жобаның институцноналдық талдау жолдарын көрсету
- жобаны тәуекелді талдау арқылы сараптау.
Жобаны маркетингтік талдау. Маркетингтік талдауда да, тұтынушыпар мен бәсекелестерді талдау болуы қажет. Тұтынушыларды талдау тұтынушылардың сұранымын, нарықтың потенциалды сегменттері мен сатып алу процесінің сипатын анықтауы керек. Ол үшін жобаны жасаушы нарықты мұқият зерттеп, оған әсер ететін институционалды шектеулер мен нарық құрылымының шеңберінде негізгі бәсекелестерін талдау керек. Маркетинггік талдау нәтижесінің негізінде маркетингтік жоспар құрылады. Ол жоспарда өнімді әзірлеу стратегиясы, баға белгілеу, тауардың нарыққа жылжуы мен өтуі анықталуы тиіс. Бұл «аралас маркетинг» элементтері тұтасқа бірігіп, нарықта өнімге неғұрлым бәсекеге ыңғайлы жағдай жасауы керек. Маркетингтік жоспар фирманың басқа да шығаратын өнімдерінің бар болуын және фирма қызметінің ұйымдастырушылық, қаржылық, өндірістік және жабдықтау аспектілерін есепке алу керек. Маркетингтік жоспар шеңберінде мүмкіндігінше бәсекелестерінің әрекеттерін және оның осы жоспардың орындалу мүмкіндігіне тигізетін әсерін болжау керек.
Маркетингтік талдау сұранысты алдын ала болжауды қамтиды. Инвестициялық жобаны даярлау барысында жобаның дәлдігін қалаулы дәлдікке жету шығындарымен салыстыра отырып анықтау керек. Шешім қабылдау процесі белгісіздік жағдайында іске асса да, дұрыс болжау осы белгісіздік дәрежесін азайтады.
Инвестициялық жобалаудың барлық маркетингтік аспектілерін қарастырудың мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі мағыналық бөлімдеріне тоқталайық. Маркетингтің барлық сұрақтарының түйісуі келесі блоктарды атап көрсетуге мүмкіндік береді: нарықты талдау, бәсекелік ортаны талдау, өнімнің маркетингтік жоспарын жасау. Аталған бөлімдердің қажетті шарты қолданылатын ақпараттардың шынайылығы болып табылады. Төменде көрсетілген блоктардың қысқаша сипаттамасы көрсетілген.
Нарықты зерттеу мақсаты - тұтынушылардың сұранымын анықтау, маркетинг бойынша шешім қабылдауды жеделдету және сапаны жоғарылату үшін нарық сегменттері мен сатып алу процесін анықтау. Сұрыныс пен өнімді өткізуді талдауда келесі сұрақтар қарастырылуы керек:
Потенциалды сатып алушы кім? Өнімді сатып алу себептері қандай? Сатып алу қалай жүргізіледі? Қандай ақпараттар керек және оларды қалай жинауға болады?
Нарықты құрылымдық зерттеуді мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындардың, жергілікті, ұлттық немесе халықаралық компаниялардың, дәстүрлі немесе жаңа, маркіленген немесе маркіленбеген өнімдердің бәсекелестерін анықтаудан бастау керек. Нарыққа енген жаңа қатысушылардың (болашақ бәсекелестер) мүмкіндіктері мен мәнін және тауар алмастырушылар тарапынан (мысалы, мақта мен синтетика, алкагольсыз сусындар мен жеміс-жидек шырындары) бәсекені бағалау керек [6, 65 б. ] .
Техникалық талдау. Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
- жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
- жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
- жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру;
Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Сонымен қатар келесі критерийлерді басшылыққа алу керек:
- технология өзін алдын ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болу керек;
- технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағытталмауы керек.
Егер өз технологиясын қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегі схемалардың бірі бойынша біреуімен шетелдік технология мен қондырғыларды тарту мүмкіндігіне талдау жүргізіледі:
- шетел фирмасымен бірлескен кәсіпорын - бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологиялармен қамтамасыз ету;
- технологиялық «ноу-хауды» іске асыратын жаңа қондырғыны сатып алу;
- «Turn-kеу» - қондырғы сатып алу, зауыт салу, технологиялық процесті қалыптастыру;
- «Рrоduct-in-hand» - «turn-kеу» + кәсіпорынның қажетті дайын өнім шығарғанға дейін персоналды оқыту;
- өндіріс үшін лицензиялар сатып алу;
- шетелдік технолог тарапынан техникалық көмек. Технология таңдау ережесі кейбір альтернативті технологияларды кешендік талдауды және қандай да бір агрегатталған критерийдің негізінде жақсы вариантты таңдауды қарастырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz