Ұяшықты сызба құрылым


Мазмұны
АҢДАТПА
Дипломдық жобада торап сызба-құрылымының синтезінің автоматтандырылған жүйесінің құрамына кіретін, «Бұтақ» тәрізді құрылымның синтезінің басқару бөлігі ішжүйесі жасалған.
Дипломдық жобалау барысында негізгі бөлімде есептеулер орындалған: автоматтандырылған ақпараттық жүйелер сарапталды, есептеу торабының құрылымы анықталды, берілген тапсырма алгоритмі құрастырылды, алгоритмді іске асыратын программалау тілін таңдап алынды, программаны іске асырып, оның дұрыстығын мысалдар арқылы дәлелдеулер жүргізілді.
Кіріспе
Қазіргі күнде әлемде 200 миллионнан астам компьютер бар және олардың 80%-дан көбі әртүрлі, офистегі шағын жергілікті тораптардан бастап ауқымды Іnternet, FіdoNet, FREEnet және т. б. тәрізді ақпаратты-есептеу торабтарына біріктірілген.
Компьютерлерді тораптарға біріктірудің бүкіл-әлемдік тенденциясы, ақпараттық хабарларды беруді жылдамдату, тұтынушылар арасында жылдам ақпарат алмасу мүмкіндігі, жұмыс орнында отырып хабарларды алу және беру (факстар, E-Maіl, электрондық конференциялар және т. б. ), жер шарының кез-келген нүктесінен кез-келген ақпаратты әп-сәтте алу мүмкіндігі және де әр түрлі программалармен қамтамасыздандырылған, әр түрлі өндіруші фирмалар компьютерлерінің арасында ақпарат алмасу сияқты бірқатар маңызды себептерге негізделген.
Есептеу тораптары көтеретін осындай үлкен мүмкіндіктер және ақпараттық кешендегі көтерулер сонымен қатар өндірістік үрдістің біршама жылдамдауы бізге оларды жоққа шығаруға, іс жүзінде қолданбауға мүмкіндік бермей отыр.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық талаптарға сай келетін және жаңа техникалық, программалық шешімдердің пайда болуына байланысты торапты біртіндеп ары қарай дамыту мүмкіндігі бар. Қолда бар компьютерлер негізінде ақпараттық - есептеу тораптарын (АЕТ) ұйымдастыру қажеттілігі жиі - жиі туындап отырады.
Жергілікті есептеу тораптарын талдау және синтездеу өңдеу және ұйымдастыру сұрақтары бойынша біртұтас кешенді қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар және телекоммуникация негізінде автоматтандырылған жүйені құру сондықтан өте маңызды болып тұр.
Осындай жүйелер уақыт және еңбек қорларының шығынын азайтуға мүмкіндік береді, адамды сан қилы операциялар мен есептерді орындаудан арылтады, еңбек өнімінің сапасын арттырады, қателесу мүмкіндігін төмендетеді.
Ақпараттық дәуір көптеген мамандықтардың өз міндеттерін орындау әдістеріне біршама өзгерістер әкелді. Қазір техникалық білімі жоқ орта деңгейлі маман бұрынғы жоғары дәрежелі программист орындайтын жұмыстарды істей алады. Қызметкердің қолында бұрын ешқашан көрмеген соншама дәл және жедел ақпараттар бар.
Кәсіпорындардың ғылыми орталықтардың басқару жүйесін дамытудағы ең бір сипатты тенденциясы болып олардың орнына жергілікті есептеу торабтарының техникалық базасын қолдану болып табылады.
Жерілікті есептеу торабы (ЖЕТ) дегеніміз не?
Жергілікті есептеу торабы деп бірнеше жеке компьютерлі жұмыс орындарының (жұмыс бекеттерінің) мәліметтер берілісінің бір арнасына қосылуды атайды. Торап - бұл әр түрлі талаптарға сәйкес өзгертуге болатын модулді, бейімделгіш коммутациялық (байланыстық) жүйе. Оның модулділігі жаңа құрауышты қосуды немесе барларының орын ауыстыруларын жеңілдетеді, ал бейімделгіштігі өзгерістер мен жетілдірулерді енгізуді оңтайлатады. Ең қарапайым торабы (ағылш. network) ең аз дегенде бір-бірімен кабель арқылы жалғанған екі компьютерден тұрады. Бұл оларға мәліметтерді бірге қолдануға мүмкіндік береді.
Барлық тораптар (қандай да күрделі болмасын) осы қарапайым қағидаға негізделген. Барлық компьютерлік торабтардың пайда болуы тәжірибелік қажеттіліктен туындаған - мәлеметтерді бірге қолдану мүмкіндігіне ие болу.
Тақырыптың өзектілігі: өндірістік мәлеметтерді бірге қолдану мүмкіндігіне қол жеткізетін жергілікті есептеу торабтарының құрылымдарын талдау және синтездеу қазіргі уақытта өндірістің ең өзекті мәселесі болып табылады.
Жобаның мақсаты: «Интергаз Орталық Азия» кәсіпорнының жергілікті есептеу тораптарының құрылымын математикалық әдістерге сүйене тиімділеуге арналған ішкі жүйені зерттеу және өңдеу.
Жобаның міндеттері: Осы диплом жобасында «Интергаз Орталық Азия» кәсіпорнының жергілікті есептеу тораптарының автоматтандыру жүйесін жобалау міндеті қойылады. Жобалаудың қойылған мақсатына сәйкес келесі міндеттерді орындау қажет:
- автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді сараптау;
- есептеу торабының құрылымын анықтау;
- берілген тапсырма алгоритмін құрастыру;
- алгоритмді іске асыратын программалау тілін таңдау;
- программаны іске асырып, оның дұрыстығын мысалдар арқылы дәлелдеулер жүргізу;
- экономикалық бөлім бойынша есептеулерді орындау;
- еңбекті қорғау және экология мәселелерін қарау.
Зерттеу объектісі: «Интергаз Орталық Азия» кәсіпорнының жергілікті есептеу торабы.
Жоғарыда айтылған ішкі жүйені өңдеуге арналған дипломдық жобаның бірінші тарауында қазіргі бар автоматтандырылған жүйелерге шолу және талдау жасалынған, тораптарды ұйымдастыру және тапсырманы қою сұрақтары қарастырылған.
Екінші тарау - “Басқару ішжүйесі және “Бұтақ” тәрізді ішжүйесін сипаттау және өңдеу” тұтынушылық интерфейсті, кестелер құрылымын сипаттауға, жүйенің тапсырмасын қоюды және оның программалық іске асырылуын сипаттауға арналған. Сонымен қатар бұл тарауда сызба - құрылым синтезінің математикалық үлгілері және жергілікті есептеу торабтарының құрылымын тиімділеу тапсырмасын шешу әдістері, әрбір мысалдарының шешімдері қарастырылған.
Үшінші тарауда жүйені енгізудегі экономикалық тиімділікті есептеу келтірілген.
Төртінші тарау тұтынушылар еңбегін қорғау бойынша кешенді шараларды қарастырады.
1. Жалпы бөлім. Есептеу торабының сызба құрылымын синтездейтін автоматтандырылған жүйені жобалау мәселелерін талдау және зерттеу
1. 1 Қазіргі заманғы автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді талдау
Жаңа бұйымдарды өңдеушілердің еңбек өнімділігін өсіру, жобалау мерзімін қысқарту, жобаларды өңдеу сапасын жоғарлату - шешімі, қоғамның ғылымы-техникалық прогресін жеделдету деңгейін анықтайтын маңызды мәселелер. Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің (АЖЖ - САПР) дамуы мықты ғылыми-техникалық базаға сүйенеді. Бұл - қазіргі заманғы есептеу техникалары, ақпаратты берудің және өңдеудің жаңа сандық әдістерін табу және тиімділеу. Автоматтандырылған жобалау жүйелері негізгі ғылымдардың жаңа жетістіктерінің негізінде жобалау әдістемесін қолдануға және жетілдіруге, күрделі жүйелер мен нысаналарды жобалаудың математикалық теориясын дамытуға мүмкіндік береді. қазіргі кезде негізінен текстік құжаттама техникалық сызбаларды түрлендіру, графикалық бейнелерді тұрғызу және т. б. сан қилы процедуралар мен операцияларды автоматтандыруды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер, жасалған және қолданыста жүр.
Ақпараттық жүйелерді үш классқа бөлуге болады: есепке алатын (бақылаушы, болжауыш, анықтамалық) ; талдаулық (кенесші, болжауыш, диагностикалық) ; шешуші (басқарушы, жоспарлаушы) . Келтірілген классификациядан көріп отырғандай ақпараттық жүйелер келесі деңгейлерге бөлінеді: ақпараттың сапалы өзгеруін тудырмайтын (есепке алатын жүйелер) ; ақпаратты талдайтын (талдаушы жүйелер) ; шешім жасайтын (шешуші жүйелер) [1] .
Бұл класстардың арасында алдыңғы класс келесісіне бастапқы база болатындай айқын бір тәуелділікпе, ал әрбір келесісі алдыңғысының тапсырмасын шешуі мүмкін. Сонымен статстикалық жүйелер өз тапсырмаларынан бөлек анықтамалық функцияларды орындайды, ал бақылаушы жүйелер статистикалық және анықтамалық сипаттағы тапсырмаларды шешеді.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің келтірілген классификациясы олардың дамуының келешегін ашады. Қазіргі кезде автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің классификациясының негізіне ақпаратты машиналық өңдеудің ерекшеліктері сияқты белгі қойылуы мүмкін. Олардың ЭЕМ арқылы шешуінің, ақпараттық тапсырмаларды іске асыру тәсілдемесінің ерекшеліктерінде байқалатын нақты бір өзгешелігі бар. Осы белгілері бойынша ақпараттық тапсырмаларды үш топқа бөлуге болады. Есептік, талдаулық - статистикалық, ақпараттық - іздеу.
Автоматтандырылған талдаулық - статистикалық жүйелер статистикалық ақпараттарды жинау және өңдеу үшін арналған кіріс және шығыс ақпараттарының үлкен көлемімен және де осы жүйелер қолданатын программалардағы арифметикалық операциялармен салыстырғандағы логикалық операциялардың меншікті үлкен көлемімен сипатталады. Автоматтандырылған ақпараттық - іздеу жүйелері ішкі істер органдарының негізгі функцияларын орындау үшін қолданылады. Олардың ерекшелігі оперативті маңызы бар адамдар, фактілер және заттар туралы үлкен көлемді ақпаратты жинауда және үнемі түзетіп (дұрыстап) отыруды болып саналады. Сонымен қатар ақпараттық жұмыстың көлемін алғашқы рет енгізудің көп еңбектенуді талап ететінін айта кету керек. Сондай-ақ нысаналар ылғи қозғалыста болады, бұл осы нысаналарды сипаттайтын ақпаратты үнемі дұрыстап отыруды талап етеді.
Ақпараттық үрдіске жоғары өнімді техникалық құралдарды енгізу мүмкіндігі ашылып тұрған жағдайда ақпараттық жүйелердің тиімділігін, оларды автоматтандыру арқылы біршама көтеруге болады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің өмірге келуі - ғылыми-техникалық төңкеріске негізделген, нысаналы үрдістін жемісі. Бұл жүйелер ақпаратты байланыстыра отырып басқару мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді.
1. 2 Дипломдық жоба мәселесінің қойылымы
Кезінде барлық деректер туралы ақпараттар ауызша немесе қағаз арқылы тасымалданды. Тіпті бертін келе компьютерлердің пайда болуы да ақпараттарды қағаз арқылы, телефон арқылы, дискета немесе магниттік таспа арқылы тасымалдануына ғана мүмкіндік берді.
Есептеу торабына қосылмаған компьютерлердің мүмкіндіктері шектеулі, яғни мұндай жағдайда ақпарат алмасуды компьютер емес қолданушының өзі атқарды. Компьютерді торапқа қосу ақпарат алмасуды едәуір жылдамдатады және жеңілдетеді. Бұл жағдайда ол қолданушының тікелей көмегінсіз - ақ бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдайды.
Компьютерді торапқа қосу көптеген артықшылықтар береді, атап айтсақ, олар аппараттық жабдықтарды бірлесіп пайдалану, программалық қорларды бірлесіп пайдалану, ақпараттарды сақтау, ақпараттарды қорғау және тағы басқалар.
Есептеу торапымен жұмыс кезінде компьютерлерді есептеу торабына қосу кезінде есептеу торабының құрылымына синтез жасау істері алға қойылды.
Міне менің дипломдық жобамда кең етек алған осы есептеу торабының құрылымына синтез жасау мәселелері қарастырылмақ.
Есептеу торабының құрылымына синтез жасау деп - жүйе құрылымына сәйкес келетін графтың төбелерінің санымен төбелер арасындағы байланыстар құрамын анықтау.
Айта кететін жай, ол есептеу торабының құрылымына синтез жасау жүйе құрастырудағы алғашқы саты болып табылады.
Есептеу тораптарының құрылымы әртүрлі болады және олардың әрқайсысы жүйе қызметінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейді.
Синтез-анықтылықты жоғарылату есебі ретінде анализ ұғымына қарсы мағына береді.
Жергіліікті есептеу тораптарын синтезтездеу мәселесінің принципиалды ерекшелігі берілген есепті шешу жолында әмбебап әдістемелердің болмауы.
Синтездеу, әдеттегідей көптеген варианттардан нақты бір қағида бойынша таңдалынған жүйенің көп реттік талдау арқылы іске асырылады.
Есептеу торабының құрылымына синтез жасау берілген граф жиынтығынан алдын - ала таңдалынған міндеттер мен мақсаттарға ең жақсы жағынан сәйкес келетін ішкі жиынды таңдау немесе бөліп қарау.
Сонымен есептеу торабының құрылымын синтездеу деп кең мағынада сәйкес өңдеулер нәтижесінде анықсыздықты (немесе әртүрлілікті) азайтуды айтамыз.
Жергілікті есептеу торабының құрылымын синтездеудің автоматандырылған жүйесі (“Сақина ішжүйесі”) атты дипломдық жоба тапсырмасын іске асыру үшін:
- Есептеу торабының құрылымын анықтау керек;
- Берілген тапсырма алгоритмін құрастыру;
- Алгоритмді іске асыратын программалау тілін таңдау;
- Программаны іске асырып, оның дұрыстығын мысалдар арқылы дәлелдеулер жүргізу;
- Жобаның экономикалық тұрғыдан тиімділігін анықтау;
- Еңбек қорғау мәселелерін қарастыру.
Осы қарастырылып өткен мәселелерге дипломдық жобада арнайы тараулар беріліп, жан-жақты қарастырылады.
2. Арнайы бөлім. Есептеу торабының сызба құрылымын синтездейтін автоматтандырылған жүйені жобалау
2. 1 Жергілікті есептеу торабтарын түрғызу негіздері
Есептеу тораптары - компьютерлік технология дамуының жемісі. 50-жылдардағы компьютерлер үлкен және қымбат болды. Кейде бұл алыптар бүкіл бір ғимараттардың орнын алып жатты. Мұндай компьютерлер қолданушымен итерактивті әлпіде емес, тек дестелік өңдеу әлпісін қолданды.
70 - жылдардың басында компьютерлік сыңарлар (компоненттер) өндірісінде жаңа технология дәуірі басталды. Ол - үлкен интегралды схемалардың пайда болуы.
Уақыт өте есептеу техникасының қолданушылырының талаптары өсе түсті. Оларға өз компьютерлеріндегі деректер жеткіліксіз болды, енді оларға жақын маңдағы компьютерлермен деректер алмасу мүмкіндігіне қажеттіліктер пайда бола бастады. Сөйтіп жергілікті есептеу тораптары дүниеге келді.
80 - жылдардың ортасында жергілікті есептеу тораптарының жағдайларында түбегейлі өзгерістер болды.
Бүгінде жергілікті есептеу тораптары өте жылдам қарқынмен даму үстінде.
Жергілікті есептеу тораптарының өнімділігіне және сенімділігіне деген сұраныстың ұдайы өсіп отыруы өз алдына жергілікті есептеу тораптарының тиімді түрдегі сызба құрылымын құрастыру мәселелерін шешуді талап етіп отыр.
Есептеу торабының сызба құрылымы - бұл оның түйіндерімен және оларды біріктіретін тасымалдау ортасының орналасуын көрсететін физикалық сұлба.
Есептеу торабының сызба құрылымы бастапқы кезеңдерде ақпарат тасымалдау және оны өңдеу әдістеріне жаңадан сапалар енгізу үшін хабарлар коммутациясының жеке қуатты орталықтарымен ЭЕМ-ді байланыстыру арқылы аяқ астынан жасалынды. Кейбір жағдайларда осындай тораптарды құру үшін деректер тасымалдау және коммерциялық ақпараттарды өңдеу талаптарын нашар меңгерген, тек әскери қажеттіліктерге арналған деректер тасымалдау ортасы қолданылған. Бұған мысал ретінде, "Сейдж" қорғаныс жүйесінен алынған деректер тасымалдау ортасына бағытталған ARPA (АҚШ) торабын келтіруге болады.
Сызба құрылым, яғни жергілікті есептеу тораптарында элементтерді байланыстыру пішін үйлесімділігі есептеу тораптарының басқа сипаттамаларына қарағанда көбірек назар аударарлық сипаттамалардың бірі.
Есептеу тораптарының сызба құрылымы негізгі екі бөлімге бөлінеді: жан-жақты таралған және тізбектелген. Жан-жақты таралған құрылымдарда бір бекет берген белгіні (сигнал) қалған барлық бекеттер қабылдай алады. Мүндай құрылымдарға: "құрсым", "бұтақ", " пассивті орталықты жұлдыз" құрылымдары кіреді.
Ал тізбектелген құрылымдарда әрбір бекет өзінің белгісін бекеттердің тек біреуіне ғана бере алады. Мұндай тізбектелген құрылымдар құрамына: "сақина", "тізбек", "интеллектуалды орталықтандырылған жұлдыз" құрылымдары кіреді.
Сызба құрылымдардың әр қайсысына тоқтап өтейік:
Өнеркәсібтерде ғылыми орталықтарды басқару жүйесін дамытудың тенденция біреусі болып олардың техникалық базасы ретінде Жергілікті есептеу торабы қолдану болып табылады. Жергілікті есептеу торабын жобалаудың негізгі сұрағы болып талдау және синтездеу болып табылады. Талдау (өлшеу, қателерді анықтау және жергіліктендіру) және синтездеудің (жүйенің жұмысын дұрыстау үшін қандай өзгертулер енгізу керек туралы шешім қабылдау) бірлесуі торабтың ақауларын табуға мүмкіндік береді.
Жерілікті есептеу торабы (ЖЕТ) дегеніміз не?
Жергілікті есептеу торабы деп бірнеше жеке компьютерлі жұмыс орындарының (жұмыс бекеттерінің) мәлеметтер берілісінің бір арнасына қосылуды атайды. Торап - бұл әр түрлі талаптарға сәйкес өзгертуге болатын модулді, бейімделгіш коммутациялық (байланыстық) жүйе. Оның модулділігі жаңа құрауышты қосуды немесе барларының орын ауыстыруларын жеңілдетеді, ал бейімделгіштігі өзгерістер мен жетілдірулерді енгізуді оңтайлатады. Ең қарапайым торабы (ағылш. network) ең аз дегенде бір-бірімен кабель арқылы жалғанған екі компьютерден тұрады. Бұл оларға мәліметтерді бірге қолдануға мүмкіндік береді.
Ethernet - ол бүгінгі күнде ең көп тараған жергілікті есептеу тораптарының стандарты.
Ethernet - кең мағынада әр түрлі фирмалық және стандарттық варианттардан тұратын технология.
Ethernet есептеу торапының шығу тарихына келетін болсақ, бұл торапты 1975 - жылы Xerox фирмасы жасап шығарған Ethernet Network тәжірибелік (сынақтық) торапқа негізделген тораптық стандарт. Қатынас құру әдісі бұдан да бұрынырақ 60 - жылдардың орта шенінде Гавай университетінде сыналған.
1980 - жылы DEC, Іntel және Xerox фирмалары бірлесе отырып жасап, Ethernet стандартын жария етті.
Ethernet есептеу тораптарында тасымалдау ортасына қатынас құру үшін ұжымдық үлгіні қолданады.
Ethernet технологиясының алғашқы тораптары 0, 5 дюим диаметрлі коаксиалды тасымалдау ортасы арқылы жасалынды.
Ethernet тораптарының әртүрлі физикалық деңгейлерінің стандарттарына байланысты орнатылған көптеген шектеулерді ескеріп отырса Ethernet есептеу торабы тораптың тиімді және сенімді жұмыс істеуіне кепілдік береді.
Барлық торабтар (қандай да күрделі болмасын) осы қарапайым қағидаға негізделген. Барлық компьютерлік торабтардың пайда болуы тәжірибелік қажеттіліктен туындаған - мәлеметтерді бірге қолдану мүмкіндігіне ие болу.
Жергілікті торабтар функционалдық бекітілуіне байланысты ақпараттық, өлшеуіштік, есептеулік, басқарушы болуы мүмкін. Олардың бекітілулеріне сәйкес жергілікті есептеу торабына сенімділігі, тез әрекет етуі бойынша әртүрлі талаптар қойылады. Осы талаптарды орындауды қамтамасыз ету үшін жергілікті есептеу торабың жобалауға келесі ережелердің негізінде кешенді түрде жақындау керек:
- бірыңғай хаттамалар;
- деректер таратудың бірыңғай ортасы;
- басқарудың бірыңғай әдісі;
- ақпараттық және программалық сәйкестік;
- әмбебаптығына сәйкес торабты модульдік тұрғызу.
Мысалы: басқарудың бір әдістік ережелері қолдану аз шығындармен бекеттің деректер тарату жүйесіне кедергісіз қатынас құруын қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Басқару әдістеріне сәйкес келмеуі жергілікті есептеу торабының программалық аспаптық қамтамасыздандырылу құнының өсуіне алып келеді.
Деректер таратудың бірыңғай ортасы ережесі тарату ортасының құрылымың аңықтайды. Басқарудың бірыңғай әдісі ережесі ең алдымен деректер тарату ортасына көптеген қатынас құруларының таңдалған әдіске байланысты, олар өз кезегінде дара арнаның басқарудың орталықтандыру дәрежесін анықтайды.
Ақпараттық және программалық сәйкестік ереже орындамалық жүйенің программасының және дерекқорының басқару жүйесінің сәйкестігін қарастырады.
“Жергілікті есептеу торабы” - ЖЕТ (ағылшынша LAN - Local Area Network) түсінігі географиялық шектелген аспаптын программалық іске асыруға жатқызылады. Оларда бірнеше компьютерлік жүйелер бір-бірімен сейкес комникациялық құралдармен байланысқан. Осындай қосылыстардың арқасында тұтынушы осы жергілікті есептеу торабта қосылған басқада жұмыс бекеттерімен өзара әрекеттесуі мүмкін торабтардың екі негізгі түрі бар: біррангілі тораптарды барлық компьютерлердің дәрежелері бірдей компьютерлердің арасында иерархия болмайды және ерекшеленген сервер болмайды.
Әрбір компьютер қажеткер сияқтыда, сервер сияқтыда жұмыс істейді, былайша айтқанда барлық торабты жеке басқаруға жауапты жеке компьютер жоқ. Барлық тұтынушылар өз компьютеріндегі қандай деректер торап бойынша жалпы қатынас құру керектігін өздері шешеді. Қазіргі кезде бірранглі тораптардың келешегі жоқ. Сондықтан жұмыста олар қарастырылмайды, егер торапқа он және одан көп тұтынушылар қосылса онда біррангілі тораптың өнімділігі жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан көптеген тораптар ерекшеленген серверді қолданады. Ерекшеленген серверлер деп тек сервер ретінде жұмыс жасайтынды айтамыз. Олар тораптың қажеткерден келген сұрауларды жылдам өңдеу үшін және файлдар мен каталогтарды сақтау, басқару үшін арнайы оңтайландырылған біррангілі тораптармен сервер негізіндегі тораптардың жақсы жақтарын біріктіретін құрама тораптар да бар.
Торап сәулеті-әртүрілі құрылымдармен жүйелерді қамтамасыз ететін техникалық және програмалық құралдардың көп деңгейлік ұйымдастырылуы тораптың нақты түрін таңдау кезінде оның сызба-құрылымын есепке алу керек. Негізгі тораптың сызба құрылымы болып “Құрсым”, “Жұлдыз”, “Сақина”, “Бұтақ” тәрізді сызба-құрылымдар саналады. Мысалы: Arcnet пішін үйлесімде бір мезгілде құрсым тәрізді сызба құрылымды, Token Rіng жұлдыз тәрізді құрылымда қолданылады. Тораптары физикалық түрде жұлдыз тәрізді көрінгенмен логикалық түрде оның пакеттері сақина түрде берілетіні. Ehernet -те мәліметтер тарату құрсым түрде жүріледі. Сондықтан бекеттер синалды бір мезгілде көреді. қазір көбінесе аралас сызба құрылым жиы кездеседі. Мысалы: бір-бірінен алыста тұрған машиналар кластарын кабельдің көмегімен жалғауға болады.
“Сақина” Жұлдыз тәрізді құрылым.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz