Картоп жарық сүйгіш дақыл



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9 ТАРАУ І. ӘДЕБИЕТКЕ
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.1 Картоп шаруашылығының қазіргі
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11 1.2 Картоптың тағамдық
қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13

1.3 Картоптың биологиялық және ботаникалық
ерекшеліктері ... ... ... ...15

1.4 Картоп өсіру
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 17
1.5 Қазақстанда өсірілетін картоп
тұқымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ТАРАУ ІІ. НЕГIЗГI
БӨЛIМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

2.1 Диплом жұмысын орындау
әдiстемесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Картопты стандарттау
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23 2.3
Нормативті
құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.. 25
2.4 Терминдер мен
анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
27
2.5 Картоп сапасына қойылатын стандарт
талаптары ... ... ... ... ... ... .. ...31
2.6 Картоп
аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .. 31
2.7 Картоп сапасына әсер ететін
себепшарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.8 Картопта сақтау кезiнде жүретін
үрдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
ТАРАУ ІІІ. ЗЕРТТЕУ
НӘТИЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
3.1 Алтын Орда ААҚ
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
3.2 Картоп сапасын сараптау
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
3.2.1 Картоптардың сапалық және қауіпсіздік көрсеткіштері ... ... ... . 46
3.3 Тағамдық өнiмдердi
сертификаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 49 ТАРАУ
IV. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55 ТАРАУ V.
ЕНБЕК
ҚОРҒАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 57
ТАРАУ VI.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .60
ТАРАУ VII. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ..61
ТАРАУ VIII. ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62

Кiрiспе

Халықты жоғары сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек
күттірмейтін міндет. Тұтынушылар мен өнеркәсiптерді сапалы көкөніс
өнімдерімен қамтамасыз етуде стандарттау қызметiнiң атқаратын ролi зор. Сол
арқылы халық шаруашылығының барлық салалары бірімен-бірі байланысады. Ол
тексеру барлық мекемелерге бірдей құжат - стандарт арқылы жүргізіледі.
Өнiмнiң сапалық көрсеткiшi ұлттық, мемлекетаралық немесе халықаралық
стандарттармен бекітіледі. Стандарттар қоятын талаптарды өнiмдi
қабылдаушылар да, тапсырушылар да заңды түрде орындаулары қажет. Көкөнiс
стандарттарының заңдылық күшi бар және өнiмдi өндiрушi шаруашылықтар мен
оны өткiзушi мекемелерге жалпы бекітілген талаптарды белгiлейдi. Көкөніс
өнімдерін рациональды пайдаланудың, шығындарды азайтудың, ақырында халық
қажеттілігін толық қамсыздандырудың маңызды щарты, көкөніс өнімдерін ұзақ
уақыт сақтау жүйесін тікелей өндіру шаруашылықтарында дамыту. Сақтау арқылы
резервті қор қалыптастыру халықты жыл бойы өсімдік өнімдерімен қамтамасыз
етеді. Алайда көкөніс өнімдерін сақтау көп шығындарды қажет етеді, сондай-
ақ сақтаушы кәсіпорынға тәуекелдік, әрі белгісіздік жағдай туғызады. Бұл
мәселе сақталғыштығы жоғары, әрі өңірге тән топырақ-климаттық шарттарға
төзімді көкөніс және картоп өнімдерін егуге, ықпал жасайды.
Жемiстер мен көкөнiстердi қабылдап алу, негiзiнен олардың алдымен
тауарлық сапасын анықтау арқылы жүргiзiледi. Барлық тағамдар, оның ішінде
жеміс пен көкөністер және оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан
алға қойылған шартқа сәйкес болу керек. Қоршаған ортаның жағдайларына
бақшалық өсiмдiктердiң талаптарын жақсы анықтау үшiн олардың қайдан
шыққанын және жабайы түрлерiмен байланысын бiлу қажет. Бақшалық өсiмдiктер
Азия және Американың тропикалық және суптропикалық елдерiнен шыққан.
Картоптын бастапқы шыққан жері Оңтүстік Америка. Еуропаға испандықтар
Христофор Колумбтың кезінде 1565 жылы әкелінген. Ресейде Петр І Еуропадан
(Нидерландыдан) алып келген. Қазақстанда бақша шаруашылығын дамытуға
Ресейден көшiп келген шаруалар көп ықпал жасалған. Олар мұнда бидай,
қауын, картоп және басқа ауыл шаруашылықтың өсiмдiктердiң дәндерiн
әкелген. Қазіргі уақытта картопты 130 аса елде егеді, дүние жүзі бойынша
жалпы өнімділік 300 млн құрайды. Картоптың бір тоннасынан 170 кг крахмал
немесе 80 кг глюкоза, 170 кг патока, 160 кг декстрин, 110 л спирт өндіруге
болады. Картопты мал азығы ретінде де пайдаланады. Шошқаның жеміне қосу
нәтижесінде 50-60 кг қосымша салмақ, ал ірі қара 280-300 кг сүт береді.
2003-2005 жж Ауыл жылдары деп жариялағанда картоп шаруашылығында
жаңа қарқынды идеялар мен жаңалықтар етек ала бастады. Картоп және көкөніс
шаруашылығының ңылыми зерттеу институты (ККШҒЗИ) ғалымдарының
жетекшілігімен Жамбыл облысының Жуалы ауданында, Жаңаталап ЖШС, Алматы
облысы Кербұлақ ауданында картоптың элита-тұқымдық шаруашылықтары
ұйымдастырылды.
Қазақстанда картоп дақылы ертеден белгiлi. Бiрақ оны өсiру жағдайы әр
түрлі аймақтағы топырақтың химиялық құрамы әр түрлiлігіне байланысты
картоптағы зиянды заттар: нитраттар мен ауыр металлдар әр түрлі дәрежеде
жинақталады. Бұл жағдайда әр аймақта өсiрiлген картоп сорттарының сапасын,
зиянсыздығын салыстырмалы түрде зерттеу өте маңызды. Сондықтан бiз
картоптың сапасын, зиянсыздығын және нитрат мөлшерiн зерттеудi алға мақсат
еттiк. Дипломдық жұмыстың мақсаты: Алтын орда сауда орталығында сатылатын
картоптың сапасы мен қауіпсіздігінің стандартқа сәйкестігін анықтау. Ол
үшін келесі міндеттер орындалды:
- тақырып бойынша әдебиетке шолу жасалды;
- балғын картоп стандартының талаптарымен таныстым;
- сараптамалық жұмыс жасау әдістемесі игерілді;
- картоптың сапасына талдау жасалып, нәтижесі алынды.

ТАРАУ І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.
1.1 Картоп шаруашылығының қазіргі ахуалы
Қазақстанда картоп негізгі тағам өнімдерінің бірі, және маңыздылығы
жағынан наннан кейін екінші орынды алып отыр. Ауыл шаруашылық дақылдарының
арасында картоп маңызды тағам өнімі болып табылады да, бидай, күріш және
жүгеріден кейін төртінші орынды алып отыр. Республикада бұл дақыл
отырғызылған жер көлемі 170 мың га құрайды, алайда өнімділігінің төмендігі
салдарынан картоп түйнектерінің жалпы өнімі халық щаруашылығы қажеттілігін
қамтамасыз ете алмайды. Нарықтық экономика жағдайында осы дақылдың
өнімділігін көтермей түйнектердің жалпы түсімін және картоп өндіруші
шаруашылықтарының тиімділігін күрт жоғарылату мүмкін емес. Дүниежүзілік
тәжірибе бойынша ауыл шаруашылық дақылдардың түсімін күрт жоғарылатудың
батыл тәсілдерінің бірі, өндіріске өнімділігі жоғары, жергілікті топырақ-
климаттық жағдайларға бейімделген тұқымдарды енгізу болып табылады.
ФАО мәліметтері бойынша дүние жүзі бойынша картоптың жалпы түсімінің
көбейіп, өнімділігінің жоғарылау беталысы анық байқалады. 1960 жылы картоп
түсімі 112,5 цга құраса, 2003 жылы – 162,0 цга болды. Осы кезеңде
картоптың жалпы түсімі 283,6 млн. тоннадан 311 млн. тоннаға дейін өсті.
2005 жылы картоп өндірудің дүниежүзілік көлемі 328 млн. тонна құрады да,
бұл салада озық елдер қатарында Қытай – 75 млн.т., АҚШ – 20 млн.т., Украина
– 19 млн.т., Польша – 15 млн.т., Германия - 13 млн.т., Беларусия – 8
млн.т., Нидерланд елі – 7 млн.т., Франция - 6,9 млн.т., Ұлыбритания – 6
млн.т., Канада - 5 млн.т.
Селекцияның дамуына және өсірудің тиімділігі жоғары технологияларының
пайда болуына байланысты Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде картоп
түсімі күрт жоғарылады да, қазіргі уақытта орта есеппен 1 гегтардан 40-50
т. алады, және осы елдерге (Ұлыбритания, Германия, Франция және т.б.)
түйнектердің жалпы түсімін сол көлемін сақтай отырып, сол дақылды
отырғызатын жер көлемін едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.
Голландияда картоп егуге арналған егіс алқаптарының көлемі өзгеріссіз
– тұқымдық картоп өсіруге 22 %, азықтық картопқа – 43%, техникалық картопқа
35% жұмсалады [1].
ТМД елдерінде де картопқа жіберілген егіс алқабының көлемі өзгеріссіз
қалған, өзгерген тек инфрақұрылымы, яғни егіс алқаптары қоғамдық секторда
азайып, жеке секторларда (фермерлік шаруашылықтарда, жеке аула
шаруашылығында және т.б.) көбейген. Ал дақыл түсімі күрт төмендеп кеткен,
10-11 тга. Ал дақыл түсімі күрт төмендеп кеткен, 10-11 тга [4,5]. Саланы
тұрақтандыру және қарқындату мақсатында ТМД елдерінде саланың тиімділігін
және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған картоп шаруашылығын
дамыту бағдарламалары әзірленуде. Картоптың әртүрлі пісіп-жетілу топтарына
жататын, едәуір зиянды патогендерге кешенді төзімділігі бар, сондай-ақ
өңдеудің әртүрлі бағыттарына жарамды жоғары сапалы тұқымдарын шығару және
ассортиментін кеңейту қарастырылған. [4,5,6].
Қазақстанда өнімділігінің төмендігінің әсерінен картоп өндірісінің
жалпы орташа жылдық көлемі елдің осы тағам өніміне қажеттілігін қамтамасыз
ете алмай отыр. Картоп өндірудің нақты деңгейі 1700 мың тоннадан аспай
отыр, ал бұл әр адамға шаққанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі нормасының
30,0 % құрайды. Ал жетіспейтін картопты таяу және қиыр шет елдерден алдыру
мемлекетімізге 1,3 АҚШ долларын жұмсауға мәжбүр етеді. Қазақстан мен
еуропалық елдердің арасындағы едәуір айырмашылық картоп ауруларының таралуы
мен зиянкестігінде байқалады. Осы жағдайларда соншалық қажетті фитофтораға,
қатерлі ісікке, картоп нематодасына жоғары төзімділігі салыстырмалық
(қатыстық) сипат алады да, тұқымның өміршеңдігін анықтамайды. Республикада
вирусты, ең алдымен картоптың вирусты жапырақ бүріспесі, әжімді және
жолақты теңбіл кеселі, картоптың жоғарғы жапырақтарының теңбілді бүріспесі
аурулары кең таралған және залалы да көп. Саңырауқұлақ ауруларының ішінде
картоп шаруашылығына айтарлықтай залал келтіретіні жапырақтардың ерте қоңыр
теңбіл кеселі: (макроспориоз, альтернариоз), сондай-ақ кәдімгі тазқотыр.
Инфекциялық емес аурулардың ішінде едәуір кең таралғаны түйнек жұмсақ
тінінің татты теңбілі [10,11].
Өсімдік шаруашылығынаң БҒЗИ ұрпақтарында крахмалдылығы жоғары екпе
көшеттерінің саны 50% асатын тұқымдар анықталған: Assia, Gesa, Зарево,
Зубренок, Синтез. Осы көрсеткіш бойынша тұқымның донорлық қасиеттері мен
селекция мақсаттары үшін жоғары тиімділігі туралы жоруға болады.
Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша Asip, Assia, Gesa, Альпинист, Bermok,
Зарево, Зуренок, Синтез тұқымдарын құрамында крахмалы өте жоғары картопты
селекциялау үшін бастапқы материал ретінде пайдалануға болады [12].

1.2 Картоптың тағамдық қасиеттері
Картоптың адамның диеталық тамақтанудағы маңызды өнім ретінде тағамдық
бағалылығы туралы көзқарастардың соңғы жылдарда өзгеруі тағамдық
бағалылығын жоғарылатуға бағытталған селекцияның қарқынды дамуына, сондай-
ақ оның биохимиясы саласында терең зерттеулердің жүргізілуіге байланысты.
Картоптың түйнегінде орта есеппен 14-22% крахмал, 0,8 – 1,5 қант, 2 – 3
ақсыл, 0,2 – 0,3 май, 1%- ке жуық клетчатка, 0,8% күл және 75 % шамасында
су болады. Картопты спирт, крахмал өндірісінде, шұжық, фармацевтика,
парфюмерияда және тоқыма өндірісінде қолданады. Картоптың мал азықтық дақыл
ретіндегі маңызы зор. Картоптың түйнегі мен жапырағы малға, оның
ішінде ірі қара мен шошқаға жақсы азық.
Картоптың 100 кг сүрленген сабағында – 85 – 87 азық өлшемі, жас
бардада - 3,8 – 4,0, кептірілген бардада– 52, мезгада – 13-13,5,
кептірілген мезгада 94– 95 азық өлшемі бар. Картопта адам ағзасы үшін
кажетті В1, А, В2, В6, Н, К дәрумендері (витамині) кездеседі. Картоп
әсіресе, С20 мг% дейін дәрумендерге бай. 300 г пісірілген картопта осы
витаминнің адамға күнделікті қажет мөлшерінің жартысына жуығы болады.
Картопта улы зат – глюкозит соланин болады: шикі түйнектің 100 г 1-
5 мг, ал қабығында одан жоғары 20 мг дейін. Түйнекте соланин көп болса, ол
адамға да, малға да зиянды. Мұндай түйнектерді тағамға пайдалану немесе
малға азық ретінде беру үшін, алдымен оны қайнатып алу керек.
Отамалы дақыл ретінде картоп алқапты арамшөптерден тазартады және көптеген
ауыл шаруашылығы дақылдары үшін жақсы алғы дақыл бола алады. Сонымен бірге,
картоп егістік дақылдардың ішінде бір өлшем жерге қалыптастырылған
биологиялық өнімі бойынша мүмкіндігі жоғары дақыл болып саналады. “Картопты
танапта өсіру - бұл бұрын бір масақ өскен жерден үш масақ алғанмен тең” деп
жазған болатын академик Д.Н.Прянишников [2].
Картоптың биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, өсірудің негізгі
тәсілдерін, жылымтық және озаттардың жетістіліктерін жүзеге асыра отырып,
аймақтық қуаң жерлерінде гектарынан 150 – 200 т, суармалы жағдайда 250 –
300 т өнім жинауға болды. Мұны жылыны зерттеу мекемелері мен сорт сынау
желімдерінің, сондай ақ алдынғы қатарлы шарушылықтардың көп жылдық
мәліметтерінен көруге болады.
Суармалы жерді орынды пайдаланып белгілеген агротехникалық тәсілдер кешенін
жүзеге асыра отырып, жұмыс түрлерін дер кезінде сапалы атқару арқылы
картоптан мол өнім алып жүрген көптеген шаруашылықтар бар, ондай
шаруашылықтар әр облыста кездеседі: Қарағанды облысында ”Ульяновский”,
Сверлов, Киров. Ақмола облысында Октябрь, “Заречный”, Ақмола
совхозтехникумы, Солтүстік Қазақстан облысында “Озерный”, “Токушинский”,
“Подлесный”, “Кусепский” Қостанай облысында “Александровский”, Мичуринский
және тағы басқа шаруашылықтар.

1.3 Картоптың биологиялық және ботаникалық ерекшеліктері
Картоп әжептәуір жылу сүйгіш дақыл. Отырғызылған түйнек 6 – 7 0С өсе
бастайды. Топырақ температурасы неғұрлым жоғары болса, соншалықты өскіндері
ертерек пайда болады да, тезірек өсіп гүлдей бастайды. Өсү үшін 13-150С
қолайлы деп саналады, температура 3-50С төмен және 310С жоғары болса
түйнектің, бүршектерінің өсуі мен дамуы тоқтайды. Картопты -0,50С мен 0,50С
сақтаса дәмі тәттілене түседі. Картоп тамыры температура 10С төмен болғанда
қалыптаса бастайды. Температура одан төмен болса отырғызылған түйнекте,
өзінің қоректік заттарының есебінен, жер бетіндегі мүшелері жоқ тамырлар
ғана пайда болады. Күзде 20С төмен темпеатура ескі пәлектi толығымен
жояды, түйнек пайда болу үшін топырақтың ең қолайлы температурасы 16-190С
жаздық-кұрғақ кезінде температураның көтерілуі картоп өнімінің қалыптасуына
өте қолайсыз.
Картоптың бүршіктенуіне дейін дұрыс өніп-өсуі үшін топырақтың қолайлы су
сыйымдылығы 75% мөлшерінде, ал одан кейінгі кезеңде 80% мөлшерінде болуы
керек. Түйнек пайда болған кезде ылғалдылық одан жоғары болып, жылулық
жетіспесе түйнектердің шіруі байқалады, оған қоса крахмалдылығы төмендейді.
Топырақтың өңдеу қабатында ылғалдық мөлшері 60-70 мм болса түйнектің
қалыптасуы жүрмейді. Топырақтың мөлшерден тыс ылғалдануы түйнектің оттегі
жетіспей тұншығуына келіп соғады. Топырақта ылғалдың көптігі және оттегінің
жетіспейтіндігінің алғашқы белгісі түйнек бетінде борпылдақ ақ
жасымықшалардың пайда болуы. Өсімдік дамуының соңындағы жаңбырлы күндер
түйнектердің пісуін ұзартып жібереді, олар жинаған кезде оңай зақымдалады
және нашар сақталады.
Ал солтүстік өңірлерде көбінесе ылғалдың тапшылығы байқалады. Жаз айларында
ауаның салыстырмалы ылғалдығы 35-45% дейін төмендейді.
Сондықтан солтүстік Қазақстан жағдайында картоптың жақсы жәйда тұрақты өнім
алу үшін топырақта ылғал мөлшерін көбейту жұмыстарының маңызы арта түседі.
Бұл үшін картоп егілетін жерді дұрыс таңдай білу керек. Картоп өсірілетін
алқапты таңдағанда оның құнарлығын, механикалық құрамын, топырақ бедерін,
ылғалмен қамтамасыз етілуін ескереді. Картоп өсіруіне ең қолайлы алқап -
өзен қойнаулары көп аудандар.
Картоп жарық сүйгіш дақыл. Күн сәулесі жеткіліксіз болса, картоптың сабағы
сидиып биік өседі, осал болады, түйнектің бірқалыпты өсуін қамтамасыз ете
алмайды.
Картоптың дұрыс өсіп-өнуі үшін түйнектер арасына ауа жақсы енетін борпылдақ
топырақ қажет. Механикалық құрамы бойынша кұмай және жетіл саз балшықты
тұтасып қалатын топырақтың картоп өсіруге жарамдылығы шамалы, мұндай
алқаптарға тек органикалық және минералды тынайтқыштарды мол еңгізіп картоп
өсіруге болады.
Топырақ ауасындағы оттегінің тәуліктік қажеттілігі 1 г кұрғақ затқа 1 мг
тең. Оттегінің аса қажеттілігі түйнек байланған кезенде байқалады.
Борпылдақ топырақта тығыздығы 1,10 гсм3 өсірілген картоптың тамыр
жүйесі жақсы тарамдалады, өндеу қабатын толық қамтиды және терең байлайды.
Борпылдақ топырақ жас түйнектердің жақсы дамуы үшін де қажет: тығыз
топырақта олар ұсақ болып, көбінесе пішіні де бұзылады.
Тұзға төзімділігі төмен болғандықтан картоп үшін сортақ топырақтар
қолайсыз. Өсімдік бірқалыпты жақсы өсуі үшін ең қолайлы топырақ - реакциясы
әлсіз қышқыл pН 5.6 болуы керек [5].
Картоп қоректік заттардан мол болғанын тілейтін дақыл. Бұл онын тамыр
жүйесінің әлсіз дамуына және құрғақ затты қауырт жинайтынына, сондай-ақ
сабағының бұтақтануына, қоректену алаңындағы өсімдіктің тығыз сиректiгіне
картоптын сортына, сумен қамтамасыз етуіне байланысты.
А.Г.Лорх көптеген тәжірибелердін деректеріне суйеніп, картоп бір тонна
өнімімен және соған сәйкес пәлегімен 0,4 тга және тамыр қалдықтарымен
топырақтан 48,4 кг азот, 103,4 кг калий, 22,4 кг фосфор қышқылы, 38,5 кг
әк, 158 кг магний сіңіреді деп тұжырымдайды [4].
Тұқымнің мөлшеріне және онын сапасына өсімдік қатарларының өсу бағыты да
біршама әсер етеді. Өсімдік қатарының бағыты солтүстіктен онтүстікке,
солтүстіктен батысқа және онтүстіктен шығысқа бағытталса, батыстан шығысқа
бағытталғаннан гөрі күні бойы біркелкі жарықталады. Мысалы, солтүстіктен
онтүстікке бағытталғанда картоп өнімділігі гектарына 16-20 т артады.
Картоп құрамында С дәрумені болады және ол калий, фосфор, магний,
кальций тұздарының маңызды қоры. Адам тағамға 400 г картопты қолданса,
калийдің бір тәуліктік нормасын қабылдайды. Картоптың құрамында негізінен
су мен құрғақ заттар болады. Құрғақ заттарға: көмірсу, ақуыз, май,
дәрумендер, органикалық қышқылдар, минералдар кіреді. Көмірсулар: крахмал,
целлюлоза, қант, пектинді заттар. Картоптың химиялық құрамы 1 кестеде
берілген.

1 Кесте – Картоп түйнегінің химиялық құрамы

Көрсеткіш Ө.б. Мөлшері Көрсеткіш Ө.б. Мөлшері
Су % 76 Макроэлементтер
Ақуыз % 2,0 Калий мг100 568
Алмастырыл мг100 720 Фосфор мг100 58
майтын аминқыш
қылдары
Хлор мг100 58
Күкірт мг100 32
Алмастыры мг100 1172
латын амин
қышқылдары
Кальций мг100 30
Глюкоза г100 г0,6 Микроэлементтер
Фруктоза г100 г0,1 Темір мкг100 180
Сахароза г100 г0,6 Аллюминий мкг100 86
Күлділігі % 1,1 Марганец мкг100 75

1.4 Картоп өсіру технологиясы
Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарының суармалы жерлерінде
картоптың жақсы алғы дақылдарына күздік дәнді бұршақ, көкөніс (пияз, сәбіз,
қияр)дақылдары, көпжылдық шөптердің қыртыстары мен олардың аударылған
құйқасы жатса, республикамыздың суарылмайтын солтүстік аймағында картопты
ықтырмалы таза пардан кейін орналастырған жөн. Егер топырақ дұрыс өңделіп,
жеткілікті мөлшерде органикалық және минералдық тыңайтқыштар берілсе, оның
аурулары мен зиянкестері болмаса, онда картопты бір орынға қатарынан 2-3
жыл бойы отырғызуға болады, яғни өсіру агротехникасы жақс болған жағдайда
қайталап отырғызылған картоптың өнімі төмендемейді. Дегенмен, тұқымға
арналған картопты ауыспалы егістерде өсіріп, бұрынғы орнына ке мдегенде 3-4
жылдан кейін ғана отырғызған дұрыс. Картоп отырғызған мезгілде тұқыммен
бірге әр гектарға 0,3-0,5 ц аммиак селитрасы мен 1,0 ц түйіршікті
суперфосфат сіңіргенде, жақсы өнім алуға болады. Қазақстанның солтүстік
облыстарында жерді жырту алдында әр гектарға 50-100 тонна көң, әсерлі
заттар есебімен алғанда 140 кг фосфор және 160 кг калий тыңайтқыштарын
арнайы құралдармен шашып, топыраққа сіңіреді, ал азот тыңайтқыштарының 23
бөлігін отырғызар алдында, 13 бөлігін үстеме қоректендіру кезінде береді.
Егісте зиянды жәндіктермен, аурулармен зақымдалмаған, сапалы тұқым
отырғызылуы керек. Өсу кезеңінде картопты орташа есеппен 5-7 рет суарады.
Республиканың суармалы бөктерінің далалық аймақтарында бір гектарға 2000-
3000 текше метр, тау бөктерлері – шөлейт аймақтарында 4000-5500 текше метр
болса, Қазақстанның солтүстік облыстарында 2500 текше метрге тең. Картопты
жинауға 10-15 күн қалғанда суару тоқтатылып, машинамен сабақтарын шауап
алады [3].

1.5 Қазақстанда өсірілетін картоп тұқымдары
Шаруашылық маңызы және пісіп жетілу мерзімі бойынша картоп сорттары әр
түрлі болды. Пісіп жетілу мерзімі бойынша сорттың мына топтарын ажыратады:
ерте пісетіндер – вегетациялық кезеңінің ұзақтылығы 50 – 60 күндей, орташа
ерте 60 – 80, орташа 80 – 100, орташадан кем 100 – 120, кеш пісетіндер 120
күннен артық.
Шаруашылық маңызы бойынша: асханалық, зауыттық техникалық,
жемазықтық және әмбебап топтарына бөлінеді. Асханалық түйнектердің дәмдік
қасиеттері жоғары болды, мәйегi қараймайды, тез піседі, тек үгілгіш емес.
Көзшелері аз және саяз орналасады. Пісіп жетілу кезеңі де ұзақ емес.
Зауыттық сорттарда, әдетте крахмал мөлшері жоғары (18% кем емес). Әмбебап
сорттар жоғарғы екеуімен салыстырғанда дәмдік қасиеттері аса жоғары
болмайды. Бұл топтың сорттары тағамға да, техникалық өңдеуде қолданылады
[4]. Асханалық-кулинарлық қасиеттері ең жоғары сорт: Ұлан, ГС-6-87, Астана,
Мошняковский, Карасайский, Тениз, Бақша, Аксор, Лорх. Сақталғыштығы жоғары
сорттар: Тамыр, Карасайсий, Астана, Бақша, ПБ-3-87. Қазақстанда чипсы
өндіруге қолайлы сорттар мен гибридтер: Тениз, Никитка, Тобол, Улан, ПБ-3-
87 – крахмалдылығы жоғары 18,8-21,6 %.
Егер бұрын картоп шаруашылығында ең алдымен жалпы өніміне көңіл бөлген
болса, қазіргі уақытта түйнектердің тауарлық және тұтынушылық түріне: түсі,
пішіні, дәмі, иісі, крахмал мен құрғақ заттар мөлшеріне назар аударады.
МЕМСТ нормативтік құжаттардың жүйесі бойынша бірнеше түрлері бар:
1. Сауда желісіне арналған азықтық, балғын картоп - МЕМСТ 26545-85
2. Дайындалатын және саудаға қойылатын азықтық, балғын картоп - МЕМСТ 7176-
85
3. Өңдеуге арналған балғын картоп - МЕМСТ 6014-68
4. Тағамдық өнімге өңдеуге арналған балғын картоп - МЕМСТ 26832-86.
Сорттарды идентификациялау үшін қаралатын негізгі белгілері: көлемі,
пішіні, қабығының күйі, жұмсақ тінінің түсі. Көзшелер саны, дәмділік
қасиеті, сақталғыштығы, фитофторозға, паршаға және басқа да ауруларға
төзімділігі.

ТАРАУ ІІ. НЕГIЗГI БӨЛIМ
2.1 Диплом жұмысын орындау әдiстемесi
Сынаманы iрiктеу және зерттеу жұмысына дайындау.
Сынаманы тандап, дайындау МЕСТ 20270-95 стандартына сәйкес
жүргізіледі. Сынама сұрыптауда бір партиядан орташа көлемді 2-3 түйнек
таңдап алады.
Өсiмдiк өнiмдерiнiң сынамалары сау және осы өнiмнiң сапалық құрамын жан-
жақты анық сипаттауға мүмкіндік беруі қажет. Картопты жинау алдында егiн
басындағы және оны өткiзу кезiндегi маңызды көрсеткіш - нитрат мөлшерi. Осы
мiндетке сәйкес үлгiнi егiстiктегi дақылдың пiсiп-жетiлуiнiң соңғы
кезеңiнде немесе сатуға дайын өсiмдiк шаруашылығы тобынан таңдаған дұрыс.
Орылмаған өсiмдiк үлгiсiн iрiктеу шыққаннан бастап түскенге дейiн
таңертеңгi уақытта жүргiзiледi. Араласқан үлгiлер құру үшін басқа өсiмдiкке
қарағанда қорек алаңы үлкен немесе кiшi, немесе жеке дұрыс дамымай қалған.
Өте мығым да, жеке өсiмдiктердi пайдалануға болмайды.
Сонымен қатар көкөнiс аурусыз, механикалық залалсыз және топырақтан таза
болуы керек. Нитратты анықтау үшiн пайдаланылатын өсiмдiк үлгiлерiн таңдау
алдында мыналарды дайындаған дұрыс. Таңдалған тамыр жемiстiлер мен бақша
өнiмдерiн орау және тасымалдау үшiн таза қаптар мен сетка керек. қызылшаны
вертикальдi осьтiң бойымен крест тәрiздес қылып 4 бiрдей бөлiкке бөлiп
кеседi. Әрбiр төртiншi бөлiгi анализге пайдаланылады.
Сынама дайындау үшін тандап алғаннан кейiн, сыртын жуып, үккiштен
өткiзiледi, содан кейін 10 г көлемiндегi бөлшегі алынады, олар 100 мл-лiк
стакандарға салынып, үстiне 50 мл көлемiндегi сараптамалық ерiтiндi
құйылады.
Улы элементтердiң нитраттар мен пестицидтердiң мөлшерi белгiленген
деңгейден аспуы керек.
Қазіргі уақытта Қазақстанда егілетін картоп сорттары.
1. Санте. Шығу тегі Голландтық тұқым. Қазақстанда кең таралған. Әр бір
аналық және аталық тұқымтоп 4-12 минитүйнектерден құралған. Орташа түсімі
1,7 кгм2. Түйнектердің орташа салмағы 85 г, 17 мен 160 г аралығында
аутқиды.
2. Невский. Шығу тегі ресейлік тұқым. Бұрынырақта республикада жетекші орын
алған еді. Орташа түсімі 0,97 кгм2. Түйнектердік орташа салмағы 68 г, 15-
127 г аралығында аутқиды.
3. Бақша. Картоп және көкөніс шаруашылығының ҚазҒЗИ-да шығарылған. Орташа
түсімі 1,93 кгм2. Түйнектердің орташа салмағы 101 г. 23-179 аралығында
аутқиды.
4. Юкон-Голд. Шығу тегі америкалық тұқым. Түйнектері қызыл түсті. Ерте
пісетін тұқым ретінде ерекшеленеді. 2004 жылы мөлдектерден алынған орташа
түсімі 1,62 кгм2. Түйнектерінің орташа салмағы 93 г. 37-144 г аралығында
аутқиды.
5. Рассет Бербанк. Көне америкалық тұқым. АҚШ-та егіс алқабының 70% алып
отыр. Біздің жағдайда осы жылы өзін орташа деңгейде көрсетті. Орташа түсімі
0,72 кгм2. Түйнектерінің орташа салмағы 65 г.
6. Атлантик. Американың селекциялық тұқымы. Чипсалық (қытырлақ) картоп
өндіруге жарамды, өнімділігі жоғары тұқым ретінде қызығушылық туғызып отыр.
Орташа түсімі 2,04 кгм2. Түйнектерінің орташа салмағы 107 г, 27-197 г
аралығында аутқиды.
7. Сангри. Американың селекциялық тұқымы. Орташа түсімі – 0,67 кгм2.
Біздің жағдайға қолайсыз болып табылады [6].
8. Лорх. Пішіні дөңгелек, сопақша, кейде ұзыншасы да кездеседі, салмағы 90-
120 г. Дәмі тамаша. Көзшелері майда, қаығы ақ, жұмыр, тат басу, вирус,
сақиналы шірік ауруларына төзімді.
9. Приекульский ранний. Салмағы 100-200 г. Көзшелері терең емес, сирек
кездеседі. Қабығы ақ, жұмыр. Жұмсағы кесекенде сәл қараяды. Дәмі
қанағаттанарлық.
Картоптың кейбір сорттары 1 – қосымшада берілген (1, 2, 3 сурет).

Картоп құрамындағы құрғақ затты анықтау
Картоп құрамындағы құрғақ затты МЕМСТ 26545-85 мемлекеттiк стандарт
бойынша анықтайды. Сынаққа ашық шырындарды және өнiмнiң өлшенетiн аздаған
бөлшектерiн пайдаланады.
Қою боялған сұйық өнiмдердi 1:1 ара қатынаста дистиляцияланған. Сумен
араластырады және 15 минут қайнаған ыстық суда ұстайды. Бастапқы өнiмнiң
массасы 40 г кем болмау керек. Бұдан кейiн ерiтiндiнi салқындатып
өлшейдi, бiрнеше қабат сүзгіден өткiзiп фильтрлейдi. Бiрiншi порцияны алып
тастайды, ал қалғандарын санауға қолданады. Құрғақ концентратты заттарды
өлшеу үшiн осы заттың сыну көрсеткiшiнiң мәнiн алады. Нитраттарды анықтау
барысында өлшеу электроды ретiнде конселективтi электродтар пайдаланылады.
Ерiгiш құрғақ заттарды рефрактометрлiк әдiспен анықтау жемiс-көкөнiс
өнiмдерiнiң маңызды көрсеткiшiн жедел түрде анықтауға мүмкiндiк бередi.
Ерiтiндiлердегi құрғақ зат құрамын рефрактометрмен анықтау принципi
анықталатын ерiтiндiден өтетiн полярлы жарық сәулесiнiң концентрациясына
байланысты сыну дәрежесiн өлшеуде. Егер ерiтiндiде тек бiр ғана зат болса,
онда рефрактометрлер оның концентрациясын белгiлi бiр шамадағы дәлдiкпен
анықтауға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi кезде iс жүзiнде қолданылып жүрген рефрактометрлер: ӘЗР (әмбебап
зертханалық рефрактометр) және танаптық рефрактометр.
Рефрактометр ӘЗР электр коммуникациялы негiзден және оптикалы өлшеуiш
орналасқан корпустан тұрады. Анықтау жұмысы 3 рет қайталанады да олардың
орташа шамасы анықталады.
Зерттелетiн ерiтiндiлердi өнiмнiң майдаланған бөлiктерiн сығу арқылы
дайындайды. Өнiмнiң әр түрлi сорттарының құрамындағы құрғақ зат мөлшерiн
кептiру арқылы да анықтауға болады. Кептiрiлген жемiстердi тотықтанбайтын
болат пышақтармен жылдам пластмасса немесе ағаш тақтайшаға 1-2 мм-ге дейiн
ұсақтап турайды.
Кептiрудi 700С температурадағы және қысымы 550-600 мм сынап бағанасындағы
ваккумдi-кептiргiш шкафта жүргiзген дұрыс. Бұл жағдайда тартым құрамының
тотығуы шектелiп, алынған қорытынды анағұрлым жоғары дәлдiкпен шығады.
Нитраттарды ионометiрлiк әдiспен өлшеу
Нитраттарды анықгаудың иономериялық әдісі СВЕТ ПИ-1 аспабы арқылы
жүргiзiледi, ол: 1. өлшеу блогынан; 2. өлшеу тағанынан тұрады.
Өлшеу блогының 4 ағытпасы бар:
1) Ивх — электродтар өлшеуiшiн қосу үшiн;
2) РI — термокомпенсаторды қосу үшiн;
3) ЭС — салыстыру;
4) ИНТЕРФЭЙС—аспапты компьютерге қосу үшiн.
Өлшеу тағанының 2 ұясы бар:
1) Өлшеу электродын қосу үшiн;
2) Қосымша электодтарды қосу үшiн.
2.3 Нормативті құжаттар
ҚР Ж 50.1-2001 Стандарттар мен нормативті құжаттарды енгізу тәртібі.
Негізгі ережелер.
ҚР СТ 3.0-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау
жүйесі. Негізгі ережелер.
ҚР СТ 3.1-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау
жүйесі. Сәйкестендіру белгісі. Техникалық талаптар.
ҚР СТ 374-2003 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау
жүйесі. Өнімнің сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі. Жалпы ережелер.
ҚР СТ 1414-2005 Жеміс пен көкөністерді өңдеу өнімдері. Құрғақ заттарды
анықтау әдісі
ҚР.Е. 50.3.1-94 ҚР МСЖ терминдер мен анықтамалар.
ҚР.Е. 50.3.16-96 ҚР МСЖ. Тағам өнеркәсiбi мен ауыл шаруашылығы
өндiрiсiнiң өнiмдерiн сертификаттау тәртiбi.
ҚР.Е. 50 ЖҚ 3.5-94 ҚР МСЖ. Арызды қарау тәртiбi.
МЕСТ 20270-95 Жемiстер мен көкөнiстердi қайта өңдеу үшiн өнiмдердi
iрiктеу және сынама дайындау
МЕСТ 8756- 13-87 Қантты анықтаудың фотоколориметриялық әдісі
МЕСТ 26546-85 Картоп. Сапасына қойылатын талаптар
МЕСТ 6014-68 Өңдеуге арналған картоп
МЕСТ 7176-85 Азық-түліктік балғын картоп
МЕСТ 26832-86 Азық-түлікке арналған балғын картоп
МЕСТ 17812-72 Көкөнiс пен жемiстерге арналған көп айналымды ағаш
жәшiктер
МЕСТ 6709 - 72 Дистилденген су
МЕСТ 24104 - 88 Жалпы жұмыстарға арналған зертханалық таразы. Жалпы
техникалық шарт.
МЕСТ 25336 - 82 Әйнектен жасалған зертханалық ыдыстар және жабдықтар.
Типтерi, негiзгi параметрлер мен мөлшерi
МЕСТ 14192 - 96 Жүктердi таңбалау
МЕСТ 26927 -86 Шикiзат және тағам өнiмдерi. Сынапты анықтау әдiсi
МЕСТ 26930 - 86 Шикiзат және тағам өнiмдерi. Мышьякты анықтау әдiсi
МЕСТ 26931 - 86 Шикiзат және тағам өнiмдерi. Мысты анықтау әдiсi
МЕСТ 26932 - 86 Шикiзат және тамақ өнiмдерi. Қорғасынды анықтау әдiсi
МЕСТ 26933 - 86 Шикiзат және тағам өнiмдерi. Кадмийдi анықтау әдiсi
МЕСТ 26934 - 86 Шикiзат және тағам өнiмдерi. Цинктi анықтау әдiсi

2.3 Терминдер мен анықтамалар

Стандарт- Уәкілетті орган көздеген, тәртіппен бекітілген, көп
мәрте және ерікті паидалану мақсатында техникалық реттеу
объектілеріне, ережелеріне жайлы принциптер мен сипаттамаларды
белгілейтін құжат.
Стандарттау- Нақты қойылатын және ықтимал міндеттерге қатысты
көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер
белгілеу арқылы, көрінетін қызметтеріне және процестер қойылатын
талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге
бағытталған қызмет.
Ұлттық стандарт- Шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі
уәкілетті орган қабылдаған және тұтынушылық көпшілігі қол жеткізе
алатын стандарт.
Мемлекеттік стандарт- Уәкілетті орган бекіткен және
тұтынушының көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - Өз құзіреті кемінде
техникалық реттеу сомасындағы жүзеге асыратын мемлекеттік
органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтік,
құқықтық актілердің стандарттарының жиынтығы.
Негізге алынатын стандарт - Қолдану саласы кең немесе
техникалық реттеудің белгілі-бір саласына жайлы ережелері бар
стандарт.
Стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым- Географиялық немесе
экономикалық бір ғана өңірдің стандарттау жөніндегі тиісті
органдарының қызметіне қатысу үшін анық болатыны стандарттау
жөніндегі ұйым.
Өңірлік стандарт - Стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым
қабылдайтын және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын
стандарт.
Ұйым стандарты- Ұйым бекіткен стандарт.
Уәкілетті орган- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
техникалық реттеу саласындағы жұмысшыларды басқаруға, бақылау мен
қадағалауды жүзеге асыруға және стандарттау, сәйкестікті растау мен
аккредиттеу мәселелері бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарында
Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге мемлекеттік орган.
Сәйкестікті растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы
аудитор- Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман.
Техникалық шарттар- Нақты өнімге, процестерге, көрсетілген
қызметтерге немесе өнімнің бірнеше түріне қойылатын техникалық
талаптарды белгілейтін нормативтік құжат.
Картоптың шіріген түйнектері: Қатты үсіген және ерітілген
түйнектердегі ұлпалардың өзгерісін, олардың құрылымының өзгерісін
(шынытәрізді, қабатталып кеткен, қарайған) туғызатын шіру процесі жүріп
жатқан жемістер
Картоптың ластануы: Картоп партиясында органикалық және минералдық
қоспалардың болуы.
Жасыл масса: Картоп партиясында жапырақтардың, бүршіктердің, арам
шөптердің болуы.
Минералды қоспалар: Картоп партиясындағы топырақ, тас, әк қоспалар.

2.2 Картоп пен көкөністерді стандарттау ерекшелігі
Картоп, көкөніс және жемістерге арналған стандарттар құрылымы бойынша
астыққа, дәнге арналған стандарттан ерекшеленеді. Барлық бөлімдерінде осы
өнімнің ерекшелігі және пайдалану мақсаты есепке алынады. Бір жағынан
картопты балғын күйнде азықтық тағам ретінде пайдаланса, екінші жағынан -
өндіруші кәсіпорындар үшін шикізат болып табылады. Олар картоптың
стандарттарындағы атауларда көрсетіледі. Мысалы: МЕСТ 6014-68 Өңдеуге
арналған картоп, МЕСТ 7176-85 Азық-түліктік балғын картоп.
Көрсеткіштер мен нормалар тізімі тауралық сорттар бойынша беріледі:
таңдамалы картоп, кәдімгі картоп, ақ қауданды капуста т.б. Көкөністердің
пісіп-жетілу мерзімі: ерте пісетін, орташа пісетін, кеш пісетін, және
олардың сату мерзімдері: ерте картоп – 1 қыркүйекке дейін тиеледі, кеш
жеткізілетін картоп – сорттың биологиялық ерекшелігіне байланыссыз 1
қыркүйектен бастап сатылады. Өнімнің сыртқы түріне сипаттама беріп, иісі
мен дәмін сипаттайды. Картоп түйнектерінің, асханалық тамыржемістердің,
пияз, помидор, алма, алмұрт, орташа көлемі сортына байланысты. Алайда бір
сорттың ішінде де түйнектердің көлемі қатты аутқиды. Түйнек көлемінің
орташа көрсеткіштер асып түсуі оның тауарлық сипатын және тұтынушылық
сапасын жоғарылатады. Стандарттарда ені бойынша ең төменгі минималды
көлемінің шегі бекітілген.
Өнім сапасын басқару дегеніміз - өнімді өндіру және пайдалану кезінде
сапасының қажетті деңгейін орнату, бекіту және қамтамасыздандыру.

2.4 Картоп сапасына қойылатын стандарт талаптары
Картоп сапасына қойылатын техникалық талаптар МЕСТ 7176-85 Азықтық,
дайындалатын және сатылатын балғын картоп стандартында келтірілген.
1. Техникалық талаптар
1.1 Дайындау және тасымалдау мерзіміне байланысты ерте пісетін (жылдың 1
қыркүйегіне дейін жіберетін) және кеш пісетін (1 қыркүйектен бастап
жібереді).
1.2 Тағамдық құндылығына байланысты кеш пісетін картоптың ішінен жоғары
бағалы сорттарын бөледі. Республика аралық нарықта сатуға жіберетін кеш
пісетін картоптың сорттары: Гатчинский, Комсомолец, Огонек, Олев, Темп.
Сатуға қойылатын картоптың сорттық тазалығы 90 % кем болмау керек.
1.3 Картоптың сапасы 1 - кестедегі талаптарға сай болуы тиіс. Ұзартылған
пішінді түйнектерге ұзындығы диаметрінен 1,5 есе (ең үлкен диаметрі
бойынша) асып түсетін түйнектер.
Кеш пісетін картопты дайындайтын кезде әр партиядан фитофторамен
зақымдалған түйнектердің 2 % рұқсат етіледі. Сапа құжатында фитофторамен
ауыратын түйнектердің пайызы жазылуы тиіс.
Құрғақ түйнектер – сау картоптарда жүретін табиғи булану ылғалдылығынан
басқа беткі қабаты бөгде ылғалсыз түйнектер. Түйнектерде температурадағы
айырмашылықтан болатын конденсатты сыртқы артық ылғалдылық деп санамайды.
1.4 Картоптағы пестицидтер мен нитраттардың қалдық мөлшері Қазақстан
Республикасының Денсаулық министрлігі бекіткен нормалардан аспауы тиіс.
2. Қабылдау ережелері
2 Кесте - Картоп дақылының органолептикалық көрсеткіштері
№ Көрсеткіш Картоп сипаттамасы
атауы
Ерте пісетін Кеш пісетін Кеш пісетін,
құндылығы
жоғары
1 2 3 4 5
1 Сыртқы түрі Түйнектер бүтін, құрғақ, ластанбаған,
сау,
мұрттамаған және солмаған
Түсі мен пішіні бойынша Түсі мен
біркелкі немесе әртүрлі пішіні
біркелкі
Қабығы қалың, жетілген
2 Иісі мен дәмі Бөгде иіссіз, дәмі сол ботаникалық сортқа
тән
3 Түйнектердің көлденең
диаметрі бойынша көлемі, 30 35 35
мм кем емес
Дөңгелек-сопақша пішінді
Ұзынша пішінді

25 30 30
4 Пішіні дөңгелек-сопақша, 3
пункттегі нормадан
10 мм кем, түйнектер, % 5,0 5,0 5,0
20 мм кем түйнектер, % 5,0 5,0 5,0
5 Беткі қабатының ¼ Рұқсат етілмейді
бөлігіне дейін
көгеріп кеткен түйнектер
6 Түйнектері солған, Рұқсат етілмейді
қабықтары
әжімделген түйнектер,
7 Мыжылған түйнектер, Рұқсат етілмейді
жартысы, бөлшектер
8 Аурулармен зақымдалған
түйнектер, %
- қара (темір) теңбіл Рұқсат 2,0 Рұқсат
етілмейді етілмейді
- парша, ооспороз Рұқсат 2,0 1,0
етілмейді
- ылғалды, құрғақ, Рұқсат Рұқсат Рұқсат
сақиналы, түймедақты етілмейді етілмейді етілмейді
шірік, фитофтора
9 Ауыл шш зиянкестермен 2,0 2,0 2,0

зақымдалған түйнектер, %
10 Түйнектерге жабысқан 1,0 1,0 1,0
топырақ, %, көп емес
11 Органикалық және Рұқсат етілмейді
минералды қоспалар
12 Үсіген, буланған, Рұқсат етілмейді
тұншығу белгілері бар
түйнектер
13 5 мм тереңдіке, ұзындығы 5,0
10 мм дейін механикалық
зақымдалған (кесілген,
тілінген, жарылған,
тесіктер мен ойықтар), %

3. Сапасын анықтау әдістері
Картоптың сапасын МЕМСТ 7194-81 стандарты бойынша анықтап, қабылдайды.
4. Картопты буыптүю, таңбалау, тасымалдау және сақтау.
4.1 Картопты МЕМСТ 13359-84 – жәшіктерге, МЕМСТ 21133-75 – жәшікті
қораптарға, МЕМСТ 8516-78 – мата қаптарға, МЕМСТ 19317-73 – тор қаптарға
буыптүйеді. Ерте пісетін картопты теміржол не су көлігімен тасымалдағанда
қатты ыдысқа салады.
4.2 Әрбір жоғары сортты картобы бар буыптүю бірлігіне мына мәліметтері бар
құлақша көрсетіледі:
Құндылығи жоғары;
Өнім мен ботаникалық сорта атауы;
Жіберушінің атауы;
Буыптүю мен жіберу датасы;
Осы стандарт атауы мен белгісі.
4.3 Картопты тез бұзылатын жүк тасымалдау ережесіне сәйкес көліктің барлық
түрімен тасымалдайды.
4.4 Құндылығы жоғары картопқа МЕМСТ 11856-66 сай рәсімделген куәлік
беріледі.
4.5 Әрбір көлікке картоптың бір партиясын салады.
4.6 Жаппай дайындау кезеңінде құндылығы жоғары сорттардан басқа, кеш
пісетін картопты үйілген күйінде тасымалдауға рұқсат етіледі.
4.7 Жүк тиеу барысында түйнектердің құлау биіктігі 30 см аспауы тиіс.
4.8 Картоп өсірілген өңірлерде жаппай карантинді аурулар мен зиянкестер
қаптаған жағдайда, карантинді сертификат беріледі. Бұл сертификатты сапа
туралы құжатына қосып қояды.
4.9 Картопты белгіленген тәртіппен бекітілген ережелерге сәйкес сапасының
сақталуын қамтамасыз ететін жағдайда сақтайды.
Құндылығы жоғары кеш пісетін картоп сорттары: Гатчинский, Комсомолец,
Огонек, Олев, Темп.
Өңдеуге арналған балғын картопқа қойылатын стандарт талаптары
Өңдеуге арналған балғын картопқа қойылатын талаптар МЕМСТ 6014-68
берілген. Бұл стандарт тағам өнеркәсібі кәсіпорындарында өңдеуге: спиртті,
крахмалопатокалық, консерві, көкөніс кептіру және тағам концентраттарын
өндіруге арналған балғын картопқа тарайды. Крахмалдылығы өсірілген
аудандарға байланысты 13,0-16,0%. Өңдеуге арналған картопқа қойылатын
талаптар дайындалатын және сатылатын картопқа қойылатын талаптарға
қарағанда соншалықты қатаң емес. Мысалы үсіген картопты жылдам өңдеген
жағдайда спирт өндіру өнеркәсібіне жіберуге рұқсат етіледі. Улы
элементтерді МЕМСТ 26927-86, МЕМСТ 26930-86, МЕМСТ 26934-86 стандарттары
бойынша анықтайды.

2.5 Картоп аурулары
Картоптың органолептикалық көрсеткіштеріне және химиялы құрамына,
сонымен қатар тағамдық құндылыа теріс әсер ететін аурулары болады. Олар:
өскінді жарылулар, қабық торшасы, жалған обыр, темір теңбілі, түйнектің
ылғалды шірігі, сақиналы некроз, сулы бактериялы шірік, кәдімгі парша,
түйнек фитофторозы, картоп обыры, фомоз. Бұл аурулар картоп шаруашылығын
едәуір шығынға ұрындырып, экономикалық, экологиялық зиян келтіреді.
Қазақстанда таралған картоп ауруларына тоқталсақ:
Фитофтороз – қоздырғышы Phytophthora.inf саңырауқұлағы. Алдымен
жапырақтары, зақымдалып, кейін инфекция жаңбырдың суымен түйнектерге де
жетеді. Әсіресе ылғалды ауа-райында егін жинау езінде жаппай эпидемияға
ұшырауы мүмкін. Одан кейін ылғалды жерге сақтаса, 2-3 аптаның ішінде бкіл
партия жарамай қалады.
Сурет 1 – Фитофторозға шалдыққан картоп

Сақиналы шірік – бактериялар туғызатын ауру. Екі түрде көрінеді – тамыр
сақинасы зақымдалып,түйнек шіри бастайды. Тамырлы сақинасы зақымдалғанда,
сарылау түсті жұмсарулар пайда болып, кейіннен біртіндеп, тұтас сақиналы
шірікке ұласып кетеді. Алдымен өзегі бүлініп, одан кейін бүкіл түйнек
құриды.

а) б)
Сурет 2 – Түйнектің сақиналы шірік ауруы: а) сыртық түрі, б) түйнек тамыры

Рак (Обыр) – Synchytrim саңырауқұлағы қоздырады. Зақымдалған түйнектерде
алдымен ақ, қызыл қошқыл, қара түсті корралтәрізді өскіндер пайда болады.
Обыр ауруы карантинді: ауру пайда болған жердегі картопты сыртқа шығаруға
және сатуға тыйым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіптік кешен құрамы мен маңызы
Өсімдік шаруашылығы
Картоп аурулары
Мәдени дақылдар
Асбұршақты өсіру
Сүрлемдік дақылдар
Түйнек жемістілер
Тамыр-түйнектердің құрылысымен танысу және оның технологиясы туралы ақпарат
Майбұршақ дақылы, үрмебұршақ дақылы және агротехникалық шаралар
Тамыр-түйнектілердің құрылысымен танысу және оның технологиясы
Пәндер