Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері
КІРІСПЕ
3
1. НЕГІЗГІ ҚОРЛАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 5
1.1Негізгі қорлардың мәні және жіктемесі 5
1.2Негізгі қорлардың тозу есебi және амортизация 7
1.3Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері 16
2. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРУ ТЕОРИЯСЫ 22
2.1Дербес компьютер негізінде автоматтандырылған жұмыс орнын 22
талдау принципі
2.2Автоматтандырылған жұмыс орнының тілдік құралдары 23
2.3Автоматтандырылған жұмыс орнынының классификациясы 26
2.4Ақпараттық қауіпсіздік саясаты 40
2.5Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері 42
2.6Ақпаратқа және қосымшаларға қол жеткізуді басқару 45
3. КӘСІПОРЫН НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ТІРКЕУГЕ АРНАЛҒАН ШАҒЫН КӘСІПОРЫН
БУХГАЛТЕРІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРУ 48
3.1Деректер қорын жобалауға қойылатын есептің шарты 48
3.2ДБ жүзеге асырудың техникалық және бағдарламалық құралдарын 49
таңдау
3.3Деректер базасының кестесін құру 51
3.4Кәсіпорын негізгі қорларын тіркеуге арналған шағын кәсіпорын 53
бухгалтерінің автоматтандырылған жұмыс орнын құру деректер
қорының құрылымы
3.5Деректер қорын іске асыруды жүргізу 59
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
ҚОСЫМША А 67
ҚОСЫМША Ә 79
КІРІСПЕ
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет
дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне
мұқият қарайтын дәуір. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық
прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне
енді. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда ақпараттық –
коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі
міндеттерінің біріне айналды.
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа технологиялардың даму
барысында жұмыс орнын автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі.
Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу
орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және
жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандырылған
жұмыс орны деп мамандардың жұмыс орнында орналасқан және олардың жұмыстарын
автоматтандыру үшін қолданылатын профессиональды-бағытталған кішігірім
есептеу жүйесін айтуға болады.
АЖО ақпараты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылымды
мәліметтер базасы. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан қалыптасқан
кезде одан шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген
мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрлымдарында тек
мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да
ақпараттық-программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де
қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманға мәліметтер базасында тек мәліметтер
ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз
Негізгі құралдарды тіркеу есебін өңдеудің мақсаты – негізгі құралдарды
тіркеу есебін шешудің, амортизацияны санаудың, бағаны өзгертудің, адамның
аты бойынша есеп берудің уақытын азайту. Есепті автоматтандырылған жолмен
шығарудың мынадай тиімді жақтары бар:
- Жылдамдық, есепті шешу кезінде жылдамдықты бірнеше есеге арттыруға
болады;
- Сенімділік, есепті автоматтандырылған жолмен шешу қателіктің кетуіне
жол бермейді, ал егер қате пайда болып жатса, оларды жоюға арналған
немесе түзетуге арналған құралдар бар;
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты ТОО МДА-Азия арналған негізгі
құралдарды тіркеу есебін шешуге арналған АЖО-ның құру болып табылады.
Негізгі қорлар ұзақ уақыт бойы, өзінің шынайы табиғи формасын сақтай
отырып, өндіру процессінде және айналымына қатысады. Негізгі қорлардың тозу
өлшеміне қарай, олардың сәйкес бағасы қайтадан жаңа өндірілген өнімге
ауыстырылады. Ақшалай бағалануда көрінетін негізгі қорлар негізгі құралдар
болып табылады. Бұларға мыналар жатады: ғимараттар, құрылыстар, хабарлаушы
құрылғылар, жұмысшылар және қуатты машиналар, өлшейтін және реттеуші
аспаптар мен құрылғылар, есептегіш техника, көлік құралдары, өндіруші және
шаруашылық бұйымдары, мал, көпжылғы егістіктер, шаруашылық ішіндегі жолдар
және басқа да негізгі құралдар. Сонымен қатар негізгі құралдарға жерді
өңдеуге күрделі шығындар, және ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі
құралдар жатады. Жалға алушы жүргізетін, жалға алынған негізгі құралдарға
салынған күрделі шығындар жалға алушының шығыны ретінде негізгі құралдарға
кіреді және негізгі құралдың жеке объектісі болып саналады.
Автоматтандырылмаған әдіс болса, барлық есептер ағымдағы Негізгі
қорлар санағында жүргізіледі. Бұл санақ кәсіпорынның эксплуатациядағы,
қордағы, консервациядағы, немесе жалға берілген жекеменшік негізгі
құралдарындағы қозғалыс пен ақпараттарды қадағалау мақсатына арналған. Бұл
санақтағы негізгі қорлардың синтетикалық санағы олардың эксплуатациядағы
кезіндегі бастапқы бағасы бойынша жүргізіледі.
Көріп отырғанымыздай, есепті өңдеу технологиясы өте күрделі еңбекті
талап етеді. Сол себепті, оны автоматтандыру қажеттілігі туындайды.
1 НЕГІЗГІ ҚОРЛАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Негізгі қорлардың мәні және жіктемесі
Негізгі қорлар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық
уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін)
сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген
қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амартизациялық материалдық
активтерді айтады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі
құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай
бағаланған негізгі қорлар негізгі қорлар деп аталады. Олар бухгалтерлік
есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі
қорлар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады,
олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз
құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады.
№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі қорлар - бұл еңбек құралы ретінде
материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт
бойы (1 жылдан аса) қолда болатын материалдым активтер. Оған мыналар
жатады:
- жылжымайтын мүліктер (ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер жәнежермен
байланысты қозғалысы және олардың мақсатына зиян шектірмеу басқа
объектілер);
- көлік құралдары;
- жабдықтар, өлшеуаспабы, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары
ірі және өнім беретін малдар арнайы құралдармен басқа да негізгі қорлар
(кітапхана қор,мұражай құндылықтары,жануар әлемінің экспорттары автомобиль
жолдары) және т.б.
Негізгі қорлар көптеген құралдар бойынша пайдаланатын қасиетімен
нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. өзінің құның жолдан жасалған
өнімге біртіндеп көшіреді. Жіктелу топтарында өндіріс процесіне қатысу
сипатына қарай негізгі қорлар былай бөлінеді: өндірістік және өндірістік
емес.
Өндірістік бұл - өндірістік процесіне тікелей қатысатын немесе
өндірістің негізін құрайтын негізгі қорлар. Оның құрамына мыфналар жатады:
өндіріс үйлер мен ғимараттар, машинамен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуші
құралы өндірістік және басқа да керек жабдықтар жұмысшы өнім беретін
малдар, көпжылдық өсімдіктер енеді.
Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар
өндіріс процесіне қатыспайды. Ол ұжымның, мәдини, тұрмыстық қажеттігін
қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, денсаулық
сақтау, спорт)
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді: меншікті және
жалданған.
Меншікті – бұл субъектіге тиісті оның балансында көрініс табатын
негізгі қорлар.
Жалданған - жалдау шарты бойынша онда белгіленген мерзімге басқа
субъектілердің алынған негізгі қорлар.
Пайдалану сипатына қарай негізгі қорлар былайша бөлінеді:
қолданыстағы, қолданылмаған, запастағы.
Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі қорлар.
Қолданылмаған (тоқталған) - консерватцияға немесе басқа себептерге
байланысты қолданылмай тұрған негізгі қорлар.
Қоймада тұрған - қолданылып жүрген негізгі қорлар жөнделу, жойылу,
апатқа ұшырау жағдайында олар алмастырудағы негізгі қорлар.
Түріне қарай негізгі қорлар 13 топқа бөлінеді:
1. Жер;
2.Үйлер - бұл мақсаттық бағыты халықтың еңбек етуіне және материалдық
құндылықтардың сақталу жағдайынан тұратын сәулет қорлар;
3. Ғимараттар - еңбек заттарының өзгеруіне байланысты жоқ қандай бір
функцияналды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инжинерлік құрлыс объектілері (платина құбырлы өткізгіштер және т.б.);
4. Беріліс құрылғылар –э лектронды жылулық және механикалық қуат
беруге арналған құрылған (электор тарату желісі) құбырлы өткізгіштер т. б;
5. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер оның құрамына кіретін
саймандарды, керек-жарақтарды аспаптарды басқа инвентардың бөлігі болмаса
инвентарлық объект болып табылатын инвентор дегеніміз - түгендеу.Бұл тобы 5
ішкі топтан тұрады:
- Күш беретін машиналар мен жабдықмашиналар жылу және электро қуатын
өндіретін электрометорлар және т.б. (трокторлар, электр қозғалтқыштар)
және т.с.с;
- Жұмысшы машиналар мен жабдықтар. Бұл еңбек өнімдерін жасау
процессіне механикалық, техникалық және химиялық әсер етуге арналған
машиналар апараттар және жабдықтар (насостар, элекрлік маторлар) және
т.б;
- Өлшеу және реттеу аспаптары (микроскоп, монометр, амперметр және
т.б;
- Есептеу техникасы. Процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған
машиналар құрылғылар мен аспаптар (компьютер, конкульятор мен есептеу
машиналары);
- Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон, станциялары, өрт
машиналары т.б.)
6. Көлік құралдары. Адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс
құралдары (теміржол, автомат, су көлігінің қозғалмалы құрамы) және т.б.
7. Құрал-сайман. Темірді ағашты өндеуге арналған қол еңбегінің
механикаланған және механикаланбаған немесе машиналарға бекітілген заттар
(балға, тесетін,тұратын және с.с. құралдар);
8. Өндірістік инвентар және керек жарақтар. Өндіріс операцияларды
орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа мақсаттағы заттар (жұмыс
үстелі және т.б.);
9. Шаруашылық инвентар. Кеңсеге және шаруашылықтарда қажетті
заттар(шкафтар, клемдер және т.с.с.);
10. Жұмысшы және өнім беретін малдар ( ірі қара, қошқар және т.с.с.);
11. Көпжылдық өсімдіктер (жүзімдіктер, жеміс жидектер, роза және
с.с.);
12. Жерлерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі (жерлерді
тастардан тазарту және т.б.);
13. Өзге де негізгі қорлар (кітапхана қорлары, спорт жабдықтары,
мұражай құндылықтары).
1.2 Негізгі қорлардың тозу есебi және амортизация
Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есеп-тегеннен
кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы кұн, не қайта бағалану сомасы
принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі қүралдарды
бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:
* бастапқы;
* ағымдағы;
* баланстық;
* өтімділік.
Негізгі қүралдардың бастапқы қүнына сатып алу, жеткізу баға-лары және
активтерді пайдалануға дайындау үшін қажетті басқа да шығындар кіреді.
Сонымен қатар Халықаралық стандарттың қаржылық есебі (16 ХСҚЕ) бойынша
бастапқы қүнға өтелмеген салықтар, импорттық төлемдер де кіреді.
Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады деп күтілсе, жаңалықтарды
алуға байланысты шығындар негізгі қүралдардың ағымдық бағалық құнына
қосылады.
Егер активтердің пайдалану мерзімі ұзартылса ғана банк эконо-микалық
пайда ала алады.
Жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындары оларды жүзеге асыру
шаралары бойынша жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған
қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны - бүл негізгі
қүралдарды сатып алуга, жүргізуге, өңдеуге немесе жақсарту үшін нвгізгі
қүралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты,
арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендеғі барлық
шығындарды қамтитын төленген сомалар.
Ағымдьқ - анықталған күнге, нарықтағы сәйкес бага бойынша негізгі
қүралдардың қүны.
Баланстьқ - активтердің есеп және есеп беруінде сипат-талатын
жинақталған амортизация сомасын есептен шығарғаннан кейінгі негізгі
қүралдардың бастапқы немесе ағымдық қүны.
Өтімділік - бүл негізгі қүралдарды жою кезінде істен шығару бойынша
күтілетін шығындарды есептегеннен кейінгі пайдалану мерзімі аяқталған
уақытта туындайтын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының, қоқыстардың
болжанатын қүны.
Нарықтық құнның өзгеруімен байланысты олардың құнының көбею
коэффициентінің есебімен негізгі қүралдарды қайта бағалау индекстеу
жүргізіледі. Индекстеу кезінде толық қайта қалыптасу құны келесі әдістердің
бірімен анықталады: қайта есептеудің үсынылатын коэффициенттері немесе
кезекті жылдың 1 қаңтарына жазылатын негізгі құралдардың сәйкес түрлері
мен көрсетілген
құралдардың нарықтық құны туралы құжаттар мен сараптаушы
қорытындыларына жататын бағаға сәйкестендірілетін баланстық құнды қайта
есептеу. Банк өзінің негізгі құралывдағы кез келген бөлікті бір әдіспен, ал
басқасын екінші әдіспен қайта бағалауға құқығы бар. Негізгі құралдардың
қайта бағалануы ағымды құн бойынша жүргізіледі. Егер өндірісті алдын ала
белгіленген нормативтен асырып орындаған жағдайда ғана, 16 БЕХС сәйкес
негізгі құралдар объектісімен байланысты шығындар актив ретінде танылуы
мүмкін. Келешек экономикалық пайданы көбейтуге әкелетін жақсартудың
үлгілері:
* негізгі қүралдардың қуаттылығын жоғарылата отырьш,
пайдалану мерзімін көбейту модификациясы (модернизация);
* өндірілетін өнім сапасын айтарлықтай жақсарту мақсатында
машина бөлшектері мен буындарын игеру;
* бұрын есептелген өндірістік шығындардың қысқаруын
қамтамасыз ететін жаңа өндірістік үрдісті енгізу.
Негізгі құралдарды пайдаланғанға дейінгі алғашқы операциялық
жүмсалымдар шығындар ретінде таныладьц
Негізгі кұралдардың орталықтандырылған есебі кезінде банктің бэк-
офисінде негізгі қүралдар есебінің тобы бойынша әрбір бөлімшелерге шот
жоспарына сәйкес келетін нұсқаумен жекелей шоттар ашылып жүргізіледі.
Франт-офистен негізгі күралдарды , кіріске алу немесе істен шығару
туралы алынған мәліметтер негізінде банктің бэк-офисі, баланстан шығатын
негізгі қүралдардың шығуы немесе қабылдануы бойынша өткізбелерді жүзеге
асырады. Ақпарат амортизация ауда-рылып және қайта бағалау жүргізілгеннен
кейін олардың баланстан тыс шотта көрсетілуі үшін банк филиалдарына
жібереді. Негізгі құралдарды балансқа алу теңгемен жүзеге асырылды. Банктің
бэк-офисі әр айдың аяғында ағымдағы айдың 1-күніндегі жағдай бойынша
банктің негізгі қүралдарының тізімдемелерін қолма-қол екі дана етіп,
банктің әрбір бөлімшелеріне есеп тобының бөлігінде басып шығарады. Бірінші
данасы банктің бэк-офисінде хронология-лық тәртіппен тігіледі, екіншісін
банктің филиалына жібереді. Со-дан кейін банктің бэк-офисі өндірістік төлем
төленгеннен кейін ке-лесі күннен қалдырылмай төлем ордерінің қосымшасының
көшір-месімен жеке шот бойынша көшірмені банк бөлімшелерінің бэк-офисіне
жібереді. Бөлімшелердің бэк-офисі төлем ордерінің көшір-месінде керсетілген
сомаға қосылған дербес шот бойынша көшірме алу кезінде капитал салымдары
бойынша лимит қысқартылады.
Бэк-офис негізгі қүралдар есебінің әрбір тобы бойынша дербес шот
баланстан тыс шотта жүргізіледі (олардың нөмірлерін бас банктің бас
бухгалтериясы анықтайды). Негізгі кұралдардың келіп түсуінде әрбір түрі
және әрбір құрамы бойынша бөлек түгендеу карточкалар жасалады және
бағдарламалық мүмкіндік жүргізуге бо-латын негізгі құралдардың есебінің
журналында сәйкес келетін жа-зу жазылады. Жазулар теңгемен тиынсыз
жазылады. Түгендеу кар-точкасында олардың алынуына сәйкес заттың атауы,
құжаттың деректемелері көрсетіледі. Карточкалар негізгі құралдардың топтары
бойынша картотекаларда орналастырылады. Жазылған жазумен бірге банктің
балансына кірістеу үшін түгендеу карточкасындағы көрсетілген барлық қажет
дерёктемелер банктің бэк-офисіне жіберіледі.
Балапанова Ә.Ж. мен Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп оқу құралында
былай делініп жазылған: негізгі құрал өндіріс процесіне қатысумен, жылдар
мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етумен пайдалану процесінде
біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық)
(заман талабына сай келмеуі).
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу
нәтижесінен және негізгі қорлардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі
сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар
нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны)
пайда болады.
Негізгі қорлардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық процеске,
өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді.
Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі қорлардың
ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы
негізгі қорлар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады.
Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым
жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған
өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске
енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі қорларды бұдан әрі қолдану
экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі қорлардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай факторлар арқылы
анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі
машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық
процесті жетілдіру – жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы
машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын
өзгерткенде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз
болып танылады); жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар
біліктігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерімдер
өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын
талап ету мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген
түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің
өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиға тозу мерзімі келгенге дейін
негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді)
түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-
жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай
және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет
және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар және басқа
барлық негізгі қорлар моральдық тозуға ұшырайды. Амортизация (латынның
өтеу деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін білдіреді.
№16 Негізгі қорлардың есебі бухгалтерлік есеп стандартына (ХҚЕС)
сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзімі бойына
амортизацияланған құнды тарату процесі.
Баланстық құн – кез келген жинақталған амортизация және құнсызданудан
жинақталған залал шегерілгеннен кейін актив танылатын сома. Өзіндік құн –
бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша
қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге
қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа
Халықаралық стандарттардың, мысалы, 2-Үлестік құралдар негізіндегі
төлемдер IFRS нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау
сомасы. Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы
құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома. Амортизация –
активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде
жүйелі түрде бөлу. Нақты ұйымға арналған айрықша құн – ұйымның болжамына
сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет
мерзімінің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені
өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған
құны. Әділ құн – жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-
біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті
айырбастауға болатын сома.
Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін
сомасынан асып түсетін сома. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай
материалдық активтерді білдіреді: тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде
немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе
әкімшілік мақсаттарға арналған; және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде
пайдалану көзделетін. Өтелетін сома – екі мәннің ішіндегі үлкені: активті
таза сату бағасы және оны пайдалану құндылығы. Активтің жойылу құны – егер
осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын мерзімге
және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды
шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома.
Пайдалы қызмет мерзімі – бұл ұйымның активті пайдалануы күтілетін уақыт
кезеңі; не активті пайдаланудан ұйым алады деп болжанып отырған өндіріс
бірлігінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшері.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма.
Амортизациялық аударым әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі қорлар бойынша амортизация есептеу
келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен
негізгі қорлар бойынша - шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап
тоқтатылады.
Толығымен амортизацияланған негізгі қорлар бойынша амортизацияны
есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай
ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі қорлар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру
барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.
Жалға алынған негізгі қорлар бойынша амортизация есептеуді жалға беру
шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы
жасайды.
Одан басқа, мына төмендегі негізгі қорлар бойынша амортизация
есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай
құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын
автомобиль жолдары.

сомасынан асып түсетін сома, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай
материалдық активтерді білдіреді.
Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі
қорлар жалға алушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге
жалға алынған негізгі қорлардың тозуы 13-ші бөлімшенің 12-ші Ұзақ мерзімге
жалға алынған негізгі қорлардың тозуы деген аралық шотының дебеті бойынша
және 13 бөлімшенің 1-ші аралық шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Негізгі қорлардың амортизациясы есептеудің әртүрлі әдістері бар.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес
дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі
бойынша жасалынады, олар:
-құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептеп шығару;
-құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды ( немесе пара-пар)
етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
-жеделдетіп есептен шығару;
-қалдығын азайту жолыменесептен шығару;
-құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару;
Негізгі қорлардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы
әдістері пайдаланылады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір
ғана тәсілі пайдаланылады.
Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік
саясатымен анықталу тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік
жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса,
онда оның себебін ашу керек.
Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін таңдау құқығы
өкілетті органдардың еншісінде болады.
Дүйсембаева К.Ш. Бухгалтерлік есеп оқу құралында жазылғандай негізгі
қорлар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып абиғи нысаны) табиғи-
климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі қорлар
құнының бөлігі жоғалады.
Негізгі қорлардың моральдық тозуы техникалық прогреспен, өндіріс
әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника және технологияны
жетілдіру қолданыстағы негізгі қорларға қатысты өндірісті арзандатуға
мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі қорлар өз
құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым
жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимараттар түрлерін,
жануарлардың тұқымдарының, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сараптарының
жаңа және жақсартылған, неғұрлым өнімдірек түрлерін жасалуы мен ендірілуі
қолданыстағы негізгі қорларды одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін
көрсетіп берді.
Негізгі құралды моральды тоздыратын факторлар:
1. Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды
жаңа, неғұрлым өнімделуіне ауыстырады);
2. Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде
қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);
3. Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда
ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);
4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуда
субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;
5. Жұмыс күшінің білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы,
өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.
Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын
азайтуды талап етуі мүмкін;
6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы
өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі.
Бұлар өнеркәсіптің өндіру салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына
әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу
басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне
ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта
құрады және жаңғыртады. Мұражай мен қылқалам құндылықтарынан, кітаптардан,
фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің
ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізі қорлардың
барлығы моральды тозуға бейім.
Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі қорлардың
амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек
өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын
амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі
қорлардың (негізгі құралдың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың
объективтік процесі.
Амортизациялық құн - дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы
айырмашылық. Ол негізгі қорлар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің,
сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамдық
құны ретінде анықталады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады.
Амортизация нормасы – бұл амортизциялық аударымдардың жылдық сомасының
негізгі қорлардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатта қызмет мерзіміне орай
белгіленеді. Олар негізгі қорлар өтелуінің нормативтік мерзімін көрсетеді.
Олардың деңгейі негізгі құралдың ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық тозуына
байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және
материалдық - заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы негізгі құралдың
(әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек
құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады.
Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының
нормасы 1 000км жүрістің баланстық құнына процентпен белгіленуі мүмкін. Жыл
бойы әрбір айдағы амортизациялық аудырымдардың мөлшерін анықтау негізгі
қорлар құрамының өткен айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ негізгі
қорлардың толық амортизациясына нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына
байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай
жүргізіледі.
Қайтадан пайдалануға берілген негізгі қорлар бойынша амортизация
есептеу енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады.
Шығарылған негізгі қорлар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан
кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Қайтадан құру мен
техникалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және
НҚ консервацияға жіберілмесе, амортизация есептеу жүргізілмейді.
Жалға алынған негізгі қорлар бойынша амортизация есептеуді жалдау шартының
нысанына және шарттың талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға беруші
жүргізеді.
Амортизациялық аударымдар әрбір есепті кезеңде негізгі қорлар әрбір
түріне жұмсалған шығындар ретінде танылады. Амортизацияның әр түрлі
әдістерін қолдануға рұқсат етіледі. Амортизацияны есептеудің субъект таңдап
алған әдістері есеп саясатымен анықталып, бір есепті кезеңнен келесісіне
қарай қолданылуға тиіс.
Т.Ә. Әбдіқалықовтың Аудит және бухгалтерлік есеп атты еңбегінде
негізгі құралдың ( үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, т.б.) өндіріс
процесінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты
құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған
өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс амортизация - деп
аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда өтеу - деген мағынаны
білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына
қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық
аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып
отырады, яғни негізгі қорлардың тозуына байланысты құнының кемуі
амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизациялық аударым мөлшері – дегеніміз негізгі қорлардың бастапқы
құнынан белгіленген пайызбен (процентпен) есептеп шығарған бір жылдық
амортизациялық аударым сомасы.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі қорларға ай бойы есептелген
амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, істелген
жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылады. Маусыммен
жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде негізгі қорларға жыл бойы
есептелген амортизациялық аударым сомасы жыл соңында субъектінің жыл бойы
өндірген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің өзіндік құнына
кіргізіледі.
Шаруашылық субъектілеріне жаңадан келіп түскен, кіріске алынған
негізгі қорларға амортизациялық аударым келесі айдың бірінен бастап
есептеледі. Ал субъектінің баласынан есептен шығарылған негізгі қорларға
келесі айдың бірінен бастап амортизациялық аударым есептелмейді.
Бухгалтерлік есептің №16 ХҚЕС Негізгі қорларды (құрал-жабдықтарды) есепке
алу - деп аталатын стандартында негізгі қорларға амортизациялық аударым
есептеу үшін мынадай әдістер бекітілген:
1.құнды бірқалыпты (тура жолды) есептеп шығару әдісі.
2.құнды орындалған жұмыстың (өндірілген өнімнің) көлеміне тепе-тең
мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)
3.жылдамдатып есептен шығару әдістері
4.қалдық құнның кему (қалдық азайту) әдісі
5.сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (коммулятивтік әдіс)
әдісі.
Амортизациялық аударым есептеудің қолдануға таңдап алынған әдісі
шаруашылық субъектінің есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен
екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданылады. Егер негізгі
қорларға қолданылатын амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген
жағдайда осы өзгерістің қандай себептермен болғаны қаржылық есептемеде
айтылып көрсетілуі керек.
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін немесе қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында сатып
алынуы мүмкін. Осындай жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды сатып алу
қолда бар нақты жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін
пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей
байланысты болмаса да, ұйымға тиесілі басқа активтерді пайдаланудан
алынатын болашақ экономикалық пайдаларды ұйымның алуы үшін қажет болуы
мүмкін. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың осындай активтері
активтер ретінде танылуы мүмкін, өйткені, егер осы объектілер сатып
алынбаған болса, алынуы мүмкін болатындардан тыс тиісті активтерден ұйымның
болашақ экономикалық пайдалар алуын қамтамасыз етеді. Мысалы, химия
компаниясы қауіпті химиялық заттарды өндіру немесе сақтау кезінде
экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялар
енгізе алады; технологиялар мен жабдықтарды жетілдіру жөніндегі тиісті
шаралар актив ретінде танылады, себебі компания оларсыз химикаттарды
өндіріп, сата алмайды. Солай бола тұрса да, ондай активтің және осыған
байланысты активтердің баланстық құнының жиынтық мәні 36-Активтердің
құнсыздануы IAS Халықаралық стандартына сәйкес құнсыздану мәніне
байланысты тексерілуге тиіс.
Қ.К Кеулімжаевтың., Н.А. Құдайбергеновтың Бухгалтерлік есеп теориясы
және негіздері атты оқулығында былай деп жазылған: Негізгі қорлардың
өндіріс үрдісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын
жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады
да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі қорлар аустырып алуға тура келеді.
Негізгі қорлардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі.
Негізгі қорлардың табиғи тозу олардың материалдық жағынан тозуы болып
табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке
бөліктерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп
құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың көп
уақыт бойы пайдаланылмағандығына ғана байданысты емес, оған сонымен қатар
басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі
қорлардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдалануы және
оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінде болып табылада.
Негізгі қорлардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ
құнсызданып, өндірістің даму үрдісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым
мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда
болуынан пайда болады.
Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі қорларың тозуы
дегеніміз, олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға
болады.
Негізгі қорлардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс
салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі
болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды,
құрал-жабдықты және тағы да басқаларды өндіруге кететін уақыт азаяды да,
оның құны соғұрлым төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне
байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі қорлардың
бағасы бұрын сатып алынған тура осындай негізгі қорлардың бағасына
қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған
машиналар мен көліктерінің құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі
қорларының орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі қорларды сатып алуды
тиімді етеді.
Негізгі қорларды қайта бағалау №16 ХҚЕС сәйкес, негізгі қорлардың
бастапқа құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес
келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі,содан соң ол есепте
және есеп беруде көрініс табады.Оның барысында негізгі құрал-жабдықтардың
нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу
дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі қорларды қайта
бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың
экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар
жағдайында ете маңызды болып табылады. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта
бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация
нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті
жетілдіруде қажетті жағдайларды жасап, негізгі құрал-жабдықтарды сақтау мен
тиімді пайдалануға жол ашады.
Инфляция (ақшаның құнсыздануы) жағдайында негізгі қорларды қайта
бағалау негізгі құрал-жабдықтарды бағалауды реттеу мақсатын және де
өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін
реттеуді көздейді.
Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік
түгелдеудегідей комиссия құрылады. Негізгі қорларды қайта бағалауды
өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта
бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады.
Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан
барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі қорлардың жыл басындағы күйі
бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға
алынған негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі. Сондай-ақ әлі орнатылмаған,
қоймадагы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта бағаланады. Қайта
бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына
белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі қорлардың құнын өсіру
коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің
тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі тағайындайды.
1.3 Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері
Амортизация есептеу тек рұқсат етілген әдістермен ғана жүргізіледі.
Қазіргі таңда Қазақстанда негізгі құралдарға амортизация есептеу келесі
әдістермен жүргізілуі мүмкін:
бірқалыпты түзусызықты әдіс;
қалдық құн әдісімен;
пайдалы қызмет мерзімі бойынша жылдар санын өзіндік құнын есептен
шығару немесе өндірістік;
өнім құнына пара-пар өзіндік құнды есептен шығару;
жеделтетілген әдіс бойынша амортизация есептеу.
Осы әдістердің біреуін қолдану негізгі құралдардың пайдалы қызмет
етуінің бар мерзімі бойы жүзеге асырылады.
Бірқалыпты әдіс ең кең тараған әдіске жатады. Оны кәсіпорындардың 70 %
қолданады. Бұл әдістің көптеп кездесуі қолдану қарапайымдылығымен
байланысты. Бұл әдістің мәні мынада әр жыл сайын бірқалыпты негізгі
құралдар құнынан амортизация есептелініп отырылады
Жылсайынғы амортизациялық төлемдер мөлшері келесі жолмен есептейді:
мұнда А – жылсайынғы амортизациялық төлемдер мөлшері; Сбастапқы
–объектінің бастапқы құны; На – амортизациялық төлемдер нормасы.
Мысалы, кәсіпорын компьтер сатып алды. Оның құны 10 000 тг. құрады,
пайдалы қызмет мерзімі 5жыл.Сонда біз амортизацияға жыл сайын 100005 =
2000тг есептен шығарып отыратын боламыз.
Кесте 1.1
Бірқалыпты түзусызықты әдіс мысалының кестесі
Жыл Жыл басына қалдық Жылдық амортизация Жыл соңына қалдық құн
құн (тг.) мөлшері (тг.) (тг.)
1 10000 2000 8000
2 8000 2000 6000
3 6000 2000 4000
4 4000 2000 2000
5 2000 2000 0
Келесіні айта кеткен жөн. Егер компьтердің қалдық құны нөлге тең болса
онда компьтердің бағасы да нөлге тең деген сөз. Бұл компьютер әлі де құнды
болып тағы бірнеше жыл қызмет көрсетуі мүмкін. Компьютердің нөлдік қалдық
құны тек кәсіпорынның осы компьтерді алуға кеткен шығындардың толығымен
жабылғанын ғана көрсетеді.
Сурет 1.1 Бірқалыпты түзусызықты әдіс арқылы құнның есептен шығару
графигі. a- жылдық амортизация, ә-қалдық мәні, б-есептен шығару
Бірқалыпты әдісті негізгі құралдардың қызмет мерзімін шектеуші фактор
болып тозу емес уақыт болып табылатын кездерде қолданған дұрыс болып
табылады.
Кемімелі қалдық әдісі кезінде жылдық амортизация сомасы жыл басындағы
негізгі құралдың қалдық құнымен және обьектінің пайдалы қызмет ету
мерзіміне есептелген амортизация нормасы бойынша анықталады:
мұнда Сқ –объектінің қалдық құны; k – жылдамдату коэффициенті; На –
берілген объекті үшін амортизация нормасы.
Мысалы кәсіпорын құны 120 000тг құрайтын құрал-жабдық сатып алды,
пайдалы қызмет мерзімі 8 жылды құрайды. Жылдамдату коэффициент 2-ге тең.
Сонда жылдық амортизация мөлшері жылдамдату коэффициентімен қосқанда 25 %
(100%:8×2) құрайды. Амортизацияны есептеу келесі кестеде көрсетілген:
Кесте 1.2
Кемімелі қалдық әдісі мысалының кестесі
Жыл Жыл басына Амортизация Жылдық Жыл соңындағы
қалдық құн (тг.)нормасы, % амортизация қалдық құны (тг.)
сомасы(тг.)
1 120000 25 30000 90000
2 90000 25 22500 67500
3 67500 25 16875 50625
4 50625 25 12656 37969
5 37969 25 9492 28477
6 28477 25 7119 21357
7 21357 25 5339 16018
8 16018 25 4005 12013
Бұл әдісті қолдану кезінде алғашқы құнның ешқашан есептен
шығарылмайтынын атап айтқан жөн. Біздің мысалымызда амортизацияны
есептеудің соңғы жылы 12013 тг мөлшеріеде қалдық қалған. Бұл кемшілігіне
қарамастан бұл әдіс активтің қызмет ету мерзімінің алғашқы жылдарынан-ақ
максималды амортизациялық құнды есептен шығаруға мүмкіндік береді. Осылайша
кәсіпорын негізгі құралдарды сатып алуға кететін шығындарды тиімді
орналастыруға мүмкіндік алады.
Сурет 1.2 Бірқалыпты түзусызықты әдіс арқылы құнның есептен шығару

Өзіндік құнды есептен шығаруды пайдалы қызмет көрсетілген жылдар саны
бойынша жүргізетін әдіс бойынша жылдық амортизация негізгі құрал
обьектісінің алғашқы құнына және әлі де пайдалы қызмет ете алатын жылдар
саны мен жалпы қызмет ету жылдар санының қатынасына байланысты болады:
мұнда Сбас – объектінің бастапқы құны; Тж – қалған пайдалы қызмет
көрсете алатын жылдар саны; Т – пайдалы қызмет мерзімі.
Мысалы құны 100 000тг құрайтын жабдық сатып алынды.Пайдалы қызмет
мерзімі 5 жыл. Пайдалы қызмет еті жылдарының жалпы сомасы 15 (1+2+3+4+5).
Есептеулерді кестеде көрсетейік:
Кесте 1.3
Өндірістік тәсілінің кестесі
Жыл Жыл басына қалдық Амортизация Жылдық Жыл соңына
құн (тг.) нормасы, % амортизация қалдық құн
көлемі (тг.) (тг.)
1 100000 100000(515=3333 33333 66667
2 66667 100000(415=2667 26667 40000
3 40000 100000(315=2000 20000 20000
4 20000 100000(215=1333 13333 6667
5 6667 100000(115=667 6667 0
Сурет 1.3 Бірқалыпты түзусызықты әдіс арқылы құнның есептен шығару

Бұл әдіс кемітілген қалдық әдісіне ұқсас бірақ обьектінің құнын
қалдықсыз есептен шығаруға мүмкіндік береді.
Ағымдық жыл ішінде негізгі құралдар обьектілері бойынша амортизациялық
төлемдер амортизация есептеу әдісіне байланыссыз ай сайын жылдық соманың
112 мөлшерінде төленеді.
Өзіндік құнды шығарылған өнім көлеміне пропорционалды есептен шығару
кезінде амортизациялық төлемдерді есептеу ағымдық жылдағы өнім көлемінің
натуралды көрсеткіштеріне және негізгі құрал обьектісінің бастапқы құны мен
осы обьектіні пайдалану мерзімі кезінде шығарылған өнім көлемінің
қатынасына байлансыты болады:
мұнда А – бір өнім бірлігіне шаққандағы амортизация мөлшері; С –
негізгі құрал обьектісінің бастапқы құны; В – мүмкін болатын шығарылатын
өнім көлемі.
Бұл әдісте негізгі құралдардың тозуы оларды пайдаланумен тікелей
байланысты.
Көбінесе шығарылған өнім көлеміне пропорционалды өзіндік құнды есептен
шығару әдісі табиғи қазбаларды өндіру кезінде қолданылады.
Мысалға кен орнында 1 000 000 т қазба байлық қоры бар деп есепетейік.
Табиқи қорды өндіру кезінде қолданылатын негізгі құралдардың өзіндік құны
– 16 000 000тг.
Өнім бірлігіне амортизация мөлшері 16 000 0001 000 000 = 16 тгт.
Егер жылына 100 000 т кен өндіріледі деп есептейтін болсақ онда жылдық
амортизация мөлшері 16 ( 10 000 = 160 000 тг., ал егер жылдық өндіріс 50
000 т болса: 16 ( 5 000 = 80 000 тг.
Істелінген жұмыс көлеміне пропорционалды амортизация есептеу әдісі
көбінесе автотранспортқа амортизация есептегенде қолданылады. Амортизация
нормасы әр 1000 км үшін транспорттың бастапқы құнының проценттік
көрсеткіші ретінде бекітілген.
Жеделтеліген амортизация әдісі. Ғылыми-техникалық жаңалықтарды енгізу
және кәсіпорындардың жаңаруға және өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің
техникалық дамуға қызығушылығын жеделдету үшін кәсіпорындар өндірістік
негізгі қорлардың белсенді бөлігінің жеделтетілген амортизациясы әдісін
қолдана алады.
Жеделтетілген амортизация негізгі қорлардың олардың баланстық құнының
өндіріс пен айналым шығындарына ауысуының нормативті мерзімдерімен
салыстырғанда мақсатты әдіс болып табылады, Кәсіпорындар амортизация
есептеудің жеделтілген әдісін есептегіш техникалар, жаңа прогрессивті
материалдар, құрылғылар мен жабдықтар шығаруды арттыратын, өнім экспортын
кеңейту егер олардыескірген және моральды қартайған техниканы жаңа
техникамен ауыстырылған жағдайда қолданады.
Жеделдетілген амортизация әдісін қолданған кезде кәсіпорындар бірқалыпты
есептен шығарады және де бекітілген тәртіппен толығымен қалпына келтіру
үшін жылдық амортизация төлемдер нормасы 2 еседен көп емес мөлшерде өсуі
мүмкін
Жеделдетілген амортизация кәсіпорындағы негізгі құралдардың жаңару
процесін тездетуге; жаңадан техникалық жарақтану және өндірісті
реконструкциялау үшін жетімді қаражат жинақтауға; табысқа салық мөлшерін
азайтуға; негізгі құралдарды жоғары техгикалық деңгейде ұстап тұруға
мүмкіндік береді.
2. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРУ ТЕОРИЯСЫ
2.1 Дербес компьютер негізінде автоматтандырылған жұмыс орнын талдау
принципі
Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) немесе қазіргі шетел
терминологиясы бойынша жұмыс станциясы (work-station) автоматизвцияны
орныдауға арналған арнайы құрылғылардан, функциялардан тұратын және де
белгілі бір кәсіпке байланысты қолданушының жұмыс орны. Ондай арнайы
құрылғылар әдетте ДК және оның басқада да қосымша электронды құрылғылары.
Қосымша құрылғылар ретінде диск жнақтаушы, баспа құралдары, оптикалық оқу
құрылғылары немесе штрих кодттарды тану құралдары, графикалық құралдар,
басқа да АЖО-мен және де локальды есептеу желілерімен жұмыс жасайды.
Әлемде ең танымал және көп таралған кәсіби ДК негізінде IBM PC.
архитектуралы АЖО қолданылады.
АЖО есептеуіш техникасы жұмысы арнайы дайындығы жоқ қолданушы
арналған. АЖО негізгі бағыты жұмыс орнынды мәліметтерді өңдеу, өз
мәліметтер қорын бір мезгілде локальды желідегі АРМ және ДК енуде
қолданылады, сонымен бірге кейде қуатты ЭЕМ тұратын глобальды есептеу
желілері де болуы мүмкін.
Қазіргі кезде өте көптеген кәсіпорындарда халық шаруашылықпен басқару
негізінде таратылған жүйелерінің концепциясы іске асып жатыр. Оларда
локальды, толық мәліметтерді өңдеу иерархияның әр деңгейінде көрсетілген.
Бұл жүйелерде егер ақпаратқа жоғары деңгейлерде қажеттілік туындаса ғана
тасымалдау төменнен жоғарыға орныдалады. Сонымен бірге ақпаратты өңдеудегі
нәтижелерінің маңыздылары және негізгі мәліметтер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz