Әкімшілік шығыстар есебі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ9

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ12

1. 1 Шығыстар: мәні, мазмұны және түрлері12

1. 2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі шығыстардың рөлі17

2 «МЕХАНИКАЛАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БАСҚАРМАСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНДЕГІ ШЫҒЫСТАР ЕСЕБІ22

2. 1 Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар есебі22

2. 2 Әкімшілік шығыстар есебі37

2. 3. Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар есебі43

3 КӘСІПОРЫН ШЫҒЫСТАРЫН АУДИТОРЛЫҚ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ51

3. 1 Аудиторлық тексеру жүргізу әдістемесі51

3. 2 Шығыстарды аудиторлық тексеру64

ҚОРЫТЫНДЫ81

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ83

ҚОСЫМША А85

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі күн Қазақстан үшін экономикалық даму барысында әлемдік стандарттарға жақындаудың жаңа кезеңі болып табылады. Еліміздің қазіргі даму кезеңінде бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігі - экономиканың іргетасы, ал Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына көшу - ұйымдар қаржысы ағынының айқындығын, капиталдың шоғырлануын және ел экономикасының жедел де, тұтастай дамуын қамтамасыз ететін маңызды құрал болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік өміріндегі барлық салаларды жан-жақты жетілдіруге байланысты алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді іс жүзіне асыруда бухгалтерлік есепті реттеу саласындағы өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің атқаратын миссиясы меншіктің барлық түріндегі ұйымдар бойынша қаржылық ақпараттардың транспаренттілігін және салыстырмалылығын қамтамасыз ету жолымен Қазақстанды әлемдік экономикаға кіріктіру процесін жеделдететін бухгалтерлік есеп жүйесін одан әрі реформалау болып табылады.

Қазақстанда бухгалтерлік есеп пен қаржы есептелігінің жүйесін дамытуға байланысты қол жеткен жетістіктермен қатар шешімін күткен бірқатар мәселелер де бар. Олар бүгінгі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр. Жаңалықты қолданысқа ендіру процесін кешеуілдетіп отырған негізгі факторлар: Халықаралық қаржы есептілік стандарттарын іс жүзінде игерген білікті мамандардың жетіспеуі, ақпараттық қамтамасыз ету жөнінде орын алған кемшіліктер, үйлестірілген мониторингтің болмауы, жекелеген ұйымдардың халықаралық стандартқа көшу туралы заңнама талаптарын сақтамауы болып табылады.

Халықаралық қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп пен аудит жүйесін өркендетуге байланысты халықаралық процестерге белсенді түрде атсалысып келеді.

Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет бойынша сальдоланған қаржылық нәтижені қамтып көрсетеді. Негізгі қызметтен алынған табыс (немесе зиян) пен негізгі емес қызметтен алынған кәдуілгі қызметтен алынғын табысты көрсетеді. Одан корпорациялық табыс салығы шегерілгеннен кейін, салық салынғаннан кейінгі кәдімгі қызметтен алынған табыс болады. Төтенше ахуалдардан болған зиянға түзетілген ол кәсіпорынның таза табысы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі ұйымдағы шығыстар есебін зерттеп, оның іс жүзінде ұйымдастырылуына талдау жүргізу және кемшіліктерін анықтау, кәсіпорын қызметін жақсарту, пайданы барынша көбейтуге қатысты шешімдерді қабылдаудағы маңыздылығымен түсіндіріледі.

Проблеманың зерттелу дәрежесі. Экономикалық әдебиеттерде сатылған тауарларды есепке алу, тауарларды өткізумен байланысты шығыстар, талдау және аудит саласында зерттеу жұмыстары К. К. Кеулімжаев, К. Ш. Дюсембаев, М. С. Ержанов, Ж. С. Толпаков, З. Н. Әжібаева, А. Д. Шеремет, Қ. Ж. Оразалин, Р. Қ. Ниязбеков, І. Ж. Нарғозиев және т. б. экономист-ғалымдардың ғылыми еңбектері мен мақалаларында жан-жақты зерттеліп, қарастырылған.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - ұйымдағы шығыстарды есепке алу, талдау және аудитін жетілдіру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

  • «Механикаландырылған жұмыстар басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техника-экономикалық көрсеткіштерін зерттеп, талдау жасау;
  • кәсіпорындағы шығыстардың есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;
  • кәсіпорындағы шығыстар есебін ұйымдастыруды жетілдіру;
  • кәсіпорындағы жұмыстарды орындаумен байланысты шығыстар есебіне аудит жүргізу және талдау жасау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: «Механикаландырылған жұмыстар басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру және өткізуден табыс алу болып табылады.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін серіктестік заңдарда тиым салынбаған төмендегідей қызметтерді жүзеге асырады:

- құрылыс объектілерін салу;

- мұнай өнімдерін өткізу және тасымалдау;

- пластикалық терезелер салу;

- басқа Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынбаған қызметтер.

Серіктестіктің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу үшін оның 2010-2012 жылдардағы мәліметтер көздерін пайдаланамыз. (Қосымша А) .

Кез келген ұйым үшін бүкіл шаруашылық операцияларын анықтауға, талдауға және жалпылама сипаттауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жиынтығы-негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу аса маңызды. Ұйымның өндірістік қызметінің жалпы сипаттамасын алу үшін негізгі технико-экономикалық жағдайын бейнелейтін көрсеткіштер жүйесінде кешенді баға беру қажет, олардың қатарына-өткізілген өнім және орындалған жұмыс көлемі, өткізілген өнімнің өзіндік құны, өндірістік әлеуетті қамтамасыз етілу деңгейі, пайдаланылу тиімділігі, еңбекақы қоры, орташа айлық жалақы, табыс көлемі, табыстылық деңгейі, тағы басқа көрсеткіштерді жатқызуға болады.

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, өнімді өткізуден түскен түсім сомасы жылдан-жылға азайып, 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 136489 мың теңгеге азайған. Бұл көрсеткіштің азаюының басты себебі, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу көлемінің азаюымен байланысты. Осыған байланысты өткізілген өнімнің өзіндік құны көрсеткіші де 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 139221 мың теңгеге кеміген. Жалпы табыс мөлшері 2010 жылы - 37492 мың теңге, ал 2011 жылы 32586 мың теңге, 2012 жылы 35318 теңгені құрап отыр. 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 2732 мың теңгеге көбейген. Жалпы табыс көрсеткішінің өсуінің негізгі себебі өнімнің өзіндік құнының төмендеуімен байланысты. 2010 жылы кәсіпорынның таза пайдасы - 4350 мың теңге, 2011 жылы- 4691 мың теңге, ал 2012 жылы - 24044 мың теңге таза пайдамен аяқтаған. 2012 жылы өткізу көлемінің азайғанына қарамастан 2011 жылмен салыстырғанда пайданың артуының басты себебі серіктестіктің кезең шығыстар сомасын азайтумен байланысты нақты іс-шаралар жүргізіп, оның жемісті болуын көрсетеді.

Өндірістік қызметті жүзеге асыру барысында қолданылатын негізгі құралдар құны 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 2937мың теңгеге азайған. Кәсіпорында еңбек ететін жұмысшы персоналдардың саны 2012 жылы 2011 жылға қарағанда 15 бірлікке азайған. Жұмысшылардың орташа айлық еңбекақы мөлшері 1800 теңгеге көбеіп, еңбекақы қорының шығыны 7920 мың теңгеге кеміген. Кәсіпорынның қалыпты әрі тиімді жұмыс жасауы еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы және қор сыйымдылығы көрсеткіштерімен айқындалады. Егер өндірістің немесе кәсіпорынның қызметі жылдан-жылға артып, экономикалық нәтиже әкелетін болса, онда еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы көрсеткіштері өседі, ал қор сыйымдылығы көрсеткішінің төмендеуі заңды құбылыс. Серіктестіктің баланс мәліметтеріне сәйкес бұл көрсеткіштердің барлығы қалыпты нормаға қарама-қайшы болып отыр, дегенмен серіктестік қызметі пайдамен аяқталып, зерттеліп отырған 3 жыл ішінде де серіктестік қызметі рентабельды болып отыр.

Зерттеу пәні. Кәсіпорындағы шығыстарды есепке алу, талдау және аудитін ұйымдастыру және онымен байланысты бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері болып табылады.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Дипломдық жұмысты орындау барысында отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың шығыстар есебі мен аудиті және талдау саласындағы зерттеу жүргізген теориялық және әдістемелік деректері қолданылды.

Жүргізілген зерттеу барысында қазақстандық заң актілері мен нормативтік-құқықтық актілері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан, кестелер мен суреттерден тұрады. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес анықталған және дипломдық жұмыстың тақырыбын ашуға бағытталған.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Шығыстар: мәні, мазмұны және түрлері

Кәсіпорындарда шығыстар есебін жүргізуде бас шоттар жоспарының жетінші «шығыстар» бөлімінің шоттары қолданылады:

7000 «Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны»;

7100 «Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар»;

7200 «Әкімшілік шығыстар»;

7300 «Қаржыландыруға шығыстар»;

7400 «Өзге шығыстар»;

7500 «Тоқтатылған қызметке байланысты шығыстар»;

7600 «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын ұйымның шығын үлесі»;

7700 «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар».

Мекеменің өндірген өнімдерінің, орындаған жұмыстарының және көрсеткен қызметтерінің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін шығындары болады және олар өздері болған есепті кезеңнің шығындары (есепті уақыт арасындағы жасалған шығындар) ретінде танылады.

Кезең шығындарына мыналар жатады:

  • әкімшілік шығыстар;
  • өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар;
  • қаржыландыруға арналған шығыстар.

Әкімшілік шығыстар - бұл мекеменің жалпы және әкімшілік басқару аппаратын ұстау және өндірістік-шаруашылық қызметін ұйымдастыру мен жалпы жетекшілік етумен байланысты шығыстар [1, 23б] . Бұл шығыстарға мыналар жатады: әкімшілік басқару аппараттың қызметкерлеріне және жұмысшыларға жататын адамдардың, сондай-ақ кәсіпорындар мен шаруашылықтарға қызмет көрсететін адамдардың еңбекақысын төлеу және осы еңбекақылардан тиісті аударымдар (әлеуметтік салық, әлеуметтік сақтандыру аударымдар, зейнетақы қоры және т. б. ) ; материалдық-техникалық және көліктік қызмет көрсету шығыстары; жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы негізгі құралдарды ұстау шығыстары және т. б. [1, 23б] .

Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар - бұл өнімдерді сақтау, өңдеу, сұрыптау, тиеу-түсіру, сататын орындарға тасымалдау және сату, сондай-ақ осы операцияларды жасауға қызмет көрсету бойынша шығыстар. Бұл шығыстарға мыналар жатады: өткізу бөлімі жұмысшыларының еңбекақысы және одан ұстау мен аударымдар; өнімдерді сату және қызмет көрсетуге пайдаланатын негізгі құралдарды ұстау және олардың амортизациясы бойынша шығыстар; сату рыногын зерттеу және рынокқа дейін өнімдерді апаруға (маркетингке шығындарды қоса), жарнама шығаруға, әзірлеуге кеткен шығыстар; мүліктік және жеке сақтандыру бойынша шығыстар [1, 24б] .

Қаржыландыруға арналған шығыстар - бұл банктердің несиелері мен сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін жабдықтаушылар бойынша, сондай-ақ активтерді жалға алу, алынған депозиттер мен бағалы қағаздар бойынша сыйақылар төлеу шығындары [1, 24б] .

Сурет 1. Кезең шығыстарының жіктелуі

Бұл шығыстардың айырмашылығы өндірістің көлеміне қатысты емес, тұрақты шығыстар ретінде және өнімдерді сату немесе қызмет көрсетудің нақты түрлеріне байланыссыз үнемі жұмсалатын шығын есебінде қаралады, сондықтан мұны өнімдердің негізгі көлеміне емес уақыт кезеңдеріне байланысты есептеу дұрыс болып табылады. Мекеме белгілі кезең бойында еш нәрсе сатпаған күннің өзінде сол кезеңде жасалған шығындарды көрсетеді. Оларды бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте көрсету тұрғысынан алып қарағанда өндірістік өзіндік құнынан кезең шығындарының негізгі өзгешелігі олар сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің қалдықтарына жатқызылмайды да, өзі туындаған есептік кезеңнің жиынтық табысын азайтуға есептен шығарылады. Бұлар есепке алудың мұндай тәсілі нарықтық экономика жағдайында сәйкестік сақтылығы қағидаттарынан пайда болады.

Сонымен, әкімшілік шығыстар, өнімді өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар бойынша пайыздық шығыстар - бұл мекеменің қаржылық шаруашылық-қызметінің қорытындысы туралы есептіліктің көрсеткіштері болып табылады, сондықтан өндірістік шығындар ретінде алдымен тауарлық-материалдық қорларға қосылып, мекеменің теңгерімінде (балансында) активтердің бөлігі ретінде көрсетіледі, содан кейін ғана қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп берудің көрсеткіші ретінде танылады [2, 47б] .

Әкімшілік шығыстар, өнімді өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар бойынша пайыздық шығыстар есепті кезең уақытындағы жасалған шығыстарына жатқызылады және келесі кезеңдегі өткізілмеген өнімдер мен аяқталмаған өндірістің қалдықтарына ауыстырылмайды. Бұл мекеменің баға саясатында негізгі шешімдер қабылдауына маңызды. Сондықтан әкімшілік шығыстар, өнімді өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар бойынша пайыздық шығыстар бақылауды күшейту және олардың тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін (резервтерін) анықтау мақсатында жан-жақты, әрі терең талдау жүргізу үшін көрсетілген жинамалы (синтетикалық) шоттарға қосымша әкімшілік шығыстар, өнімді өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар бойынша пайыздық шығыстарының бекітілген баптар тізбегіне сәйкес талдамалы шоттарын жүргізу қажет.

Әкімшілік шығыстар, өнімді өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар бойынша пайыздық шығыстарының есептік баптарының тізбегі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит департаментінің 1997жылғы қарашаның 24-індегі № 72 бұйрығымен бекітілген № 10 журнал-ордерінің № 5 мәлімет тізімдемесінде қарастырылған. Атап айту керек, өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар мен әкімшілік шығыстары түрлерінің мазмұнын жан-жақты терең зерттеу олардың тек қана өндіріс мекемелерінің өткізу бөлімдері қызметінің ерекшелігін көрсетеді, алайда сауда қызметімен шұғылданатын мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметінің ерекшеліктері есепке алынбаған [2, 25б] .

Әкімшілік шығыстар, өнімді өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар бойынша пайыздық шығыстарының талдамалы есебі.

Мекемелер мен кәсіпорындардың әкімшілік шығыстар, өнімді өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар бойынша пайыздық шығыстарының бекітілген сметаларын сақтауға бақылау жасауда шығындардың жинақтамалы есебінің маңызы өте зор, бірақ қолма-қол басшылық ету, талдау шығындардың жекелеген түрлерінің тиімділігін арттыру мүмкіншілігін (резервтерін) айқындау үшін шығындардың түрлері бойынша нақты, әрі жан-жақты мәліметтер өте қажет.

Мұндай мәліметтерді 7110 «Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар», 7210 «Әкімшілік шығыстар», 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» жинақтамалы шоттарға белгіленген есептік баптар тізбегіне сәйкес жүргізілген талдамалы есептің көмегімен алуға болады. Нақты шығындарды бекітілген сметамен салыстыруға, сондай-ақ сметаның орындалуына ұтымды бақылау жүргізу жасалған шығындарды тиісті талдамалы шотқа (шығындар бабына) дұрыс жатқызумен қамтамасыз етіледі. Сондықтан мекемелер мен кәсіпорындардың бас бухгалтерлері жасаған шығындардың заңдылығы мен экономикалық пайдалылығы және бастапқы құжаттармен дұрыс рәсімдеуін, сондай-ақ шығындарды тиісті шоттар мен субшоттарға жатқызуға ғана емес, сонымен бірге есептік тізбенің тиісті баптарына да жатқызуға алдын-ала бақылау жасауға міндетті [2, 72б] .

Әкімшілік шығыстар, өнімді өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар бойынша пайыздық шығыстарының бухгалтерлік есебінің негізгі тіркелімі болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит департаментінің 1997 жылғы 24 қарашадағы № 7 бұйрығымен № 10 журнал-ордер мен оған № 5 тізімдемесі бекітілген. Бұларда алдын-ала басылған шоттардың типтік корреспонденциясы шаруашылық операцияларының дұрыс топтастырылуын қамтамасыз етеді.

№ 10 журнал-ордердің бірінші «Есепті кезеңнің шығындары» бөлімінде 7110 «Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар», 7210 «Әкімшілік шығыстар», 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шоттары бойынша жинақтамалы мәліметтер жеке жолдармен көрсетіледі, оларды жазуға № 10 журнал-ордердің № 5 тізімдемесінің мәліметтері негіз болады.

Бұрын айтылғандай № 10 журнал-ордердің құрылымын және осы журнал-ордердің № 5 тізімдемесінде келтірілген әкімшілік шығыстар, өнімді өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар бойынша пайыздық шығыстарының түрлерінің мазмұнын жан-жақты терең зерттеу олардың тек қана өндіріс кәсіпорындарының өткізу бөлімінің әкімшілік шығыстар, өнімді өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар бойынша пайыздық шығыстарының есепке алуға арналған және қызметінің ерекшелігін көрсетеді, бірақ оларда саудамен шұғылданатын мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметтерінің өзгешелік ерекшеліктері есепке алынбаған [2, 73б] .

Мекемелер мен кәспорындардың қаржылық-шаруашылық қызметтерінің әкімшілік шығыстар, өнімді өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар бойынша пайыздық шығыстарының талдамалы есебін осы тараудың алдынғы тармақтарында жан-жақты терең қаралған есептік баптар тізбегі бойынша арнайы нысандағы есептік тіркелімдерін жүргізу қарастырылады. Қол жұмысын пайдаланған кезде талдамалы есепті жүргізу техникасы әртүрлі және нақты жағдайға байланысты болуы мүмкін. Есептік тіркелімдердің ең мақсатқа лайықты және көп таралған түрлері болып бухгалтерлік кітаптар, карточкалар мен жинақтауыш тізілімдер есептеледі. Олардың әрбір бетінде тауарларды өткізу шығындарының есептік баптары үшін жеке жолдар бөлінеді. Есептік тіркелімдерді толтыру және пайдалануды жеңілдету мақсатында шығындардың есептік тізбесінің әрбір бабына номерлер беріліп, соған сәйкес өнімдер мен тауарларды өткізу шығыстарының талдамалы есебі жүргізіледі [2, 74б] .

7210 «Әкімшілік шығыстар», 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шоттары бойынша әкімшілік шығыстар, өнімді өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар бойынша пайыздық шығыстарының талдамалы есебін белгіленген есептік баптар тізбегіне сәйкес арнайы нысандағы есептік тіркелімдерге жүргізу қарастырылады. Оның құрылым нысандары төменде келтірілген. Есептік тіркелімдерге жазу жүргізу тәртібі 7110 «Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар» шотынан талдамалы есебінің есептік тіркеліміне жазу жүргізу тәртібіндей.

Есептік тіркелімдердің «Барлық шығыстар» атты жиынтық жолында есептелген жалпы және әкімшілік шығыстар мен сыйақы бойынша шығыстардың сомалары № 10 журнал-ордер «Есептік кезеңнің шығыстары» атты бірінші бөлімнің тиісті жолдарына корреспондірленуші шоттары бойынша көшіріліп жазылады.

№ 10 журнал-ордердің салыстырылып тексерілген жиынтығы ай соңында Бас кітапқа көшіріледі.

Тиісті есептік тіркелімдерге жалпы және әкімшілік шығыстар мен сыйақы бойынша шығыстардың талдамалы есебі есепті айда «Жыл басынан бергі өсу жиынтығын есептеп айқындаумен аяқталады [2, 77б] .

Бас бухгалтерлердің мұқият тексеріп, қол қойған № 10 журнал-ордер мен есептік тіркелімдер Бас кітапқа жүргізулер жазулар жүргізу мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп берудің негізі болады.

Мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруде әкімшілік шығыстар, өнімді өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар бойынша пайыздық шығыстары жөніндегі ақпараттар жеке жолдармен: әкімшілік шығыстар, өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстары, сыйақы төлеу шығыстары деп белгіліеп көрсетілген. Қарастырылған есептік нысандардағы келтірілген ақпараттар «Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің» көрсеткіштеріне дұрыс баға беру мен факторлық талдау жүргізу арқылы шығыстардың жекеленген түрлерінің тиімділігін арттыру резервтерін толық анықтау жөніндегі экономикалық негізделген шешімдер қабылдауда мекемелер мен кәсіпорындарының ішкі мүддесіне қалай қызмет етсе, осындай ақпараттарды пайдаланатын сырт ұйымдарға да (жоғары сатыдағы ұйымдарға, инвесторларға, несие берушілерге, банкілерге, т. б. ) солай қызмет етеді. Мұның бәрі мекемелер мен кәсіпорындардың нарықтық экономика жағдайында үнемдеу тәртібін күшейтуге, пайданы көбейтуге және рентабельділікті (тиімділікті) көтеруге мүмкіндік туғызады [2, 80б] .

1. 2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі шығыстардың рөлі

Республика экономикасының даму кезеңіндегі Елбасының алға қойған талаптарына және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, бүгінгі күні құрылыс өндірісінің ауқымы кеңіп, көлемі күннен-күнге жоғарылауда. Осы құбылысқа байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай орындалуы керек. Талапты орындау мақсатында нақты жүргізілген есеп қана нысанның әрбір шаршы көлемін дұрыс бағалай алады.

Еліміздің нарықтық экономика жағдайында құрылыспен шұғылданатын мекемелер мен кәсіпорындардың негізгі міндеттерінің бірі - шығыстардың тиімділігін арттыру, өз шығыстарын өзі өтеуді қамтамасыз ету және табыс табу, әрі мұнымен қоса халыққа құрылыс берілетін құрылыс объектілерінің сапасын жақсарту және құрылыс салуға кететін уақытын үнемдеу болып табылады.

Әкімшілік шығыстар, өнімді өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар бойынша пайыздық шығыстардың тиімділігі олардың сомасының өнім (тауар) оралымына қатынасы пайызбен көрсетіледі (шығындар деңгейі) . Сонымен қатар, бұл қорларды пайдалану көрсеткіштеріне сәйкес және шығындардың қайтарымын көрсететін кері шама ретінде өнім (тауар) оралымы көлемінің шығындар сомасына қатынасы түрінде көрсетіледі. Осыған қарағанда, кезең шығындарының тиімділігін арттыру мекемелердің материалдық, еңбек пен қаржылай қорларды ең аз мөлшерде жұмсап өнім (тауар) оралымының көлемінің өсуін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кезең шығындары, оны танудың ерекшеліктері
Кезең шығындарының есебі
Кәсіпорынның корпоративтік табыс салығын есептеу
Ұйымның шығыстарының есебі
Ұйымдағы табыстар мен шығыстардың мәні мен жіктелуі
Үстеме шығындар есебі және құрамы
Табыстар мен шығыстардың ұғымдары және есептілігінің ұйымдастырылуы
Табыстар мен шығыстар есебі туралы
Басқару есебі туралы
Жалпы және әкімшілік шығыстардың номенклатуралық баптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz