Уақытша еңбекке жарамсыздығына төлем


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
1 Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындарда еңбек ақы есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1Еңбек ақы ұғымы, мәні және оны ұйымдастыру жүйелері, есептеу, түрлері . . . 10
1. 2Қазақстан Республикасында еңбекке ақы төлеу нысандары мен
жүйелері . . . 16
1. 3 Еңбек ақының аналитикалық және синтетикалық есебі . . . 22
2 ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІК «OIL TRADE CENTER»-ДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЕНБЕК АҚЫ ЕСЕБІ
2. 1. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама . . . 26
2. 2. Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру . . . 28
2. 3. Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс уақытын
пайдалану есебі . . . 31
2. 4. Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу есебі . . . 40
3 КӘСІПОРЫНДА Еңбек ақы шығындарын жедел бақылау, талдау және аудиттеу
3. 1. Кәсіпорында еңбек ақы төлеу шығындарын жедел бақылаудың мақсаты мен міндеттері . . . 44
3. 2. Кәсіпорында еңбек ақыны есептеу және одан ұсталынатын ұсталымдардың
есебі . . . 47
3. 3. Демалыс ақысын, еңбекке жарамсыздығы бойынша, сыйақыны, жұмыс берушінің есебінен төленетін еңбекақыны есептеу . . .
3. 4. Аудит негіздері және оны атқаратын қызметтері . . . 58
3. 5. Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша аудиттеу, аудиторлық тексеру, аудиторлық талдау . . . 66
Қорытынды . . . 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 79
ҚОСЫМША . . . 81
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - жұмысшылар мен қызметкерлермен
уақытылы дұрыс есеп айырыс, уақытылы төлеу. Кәсіпорынға жедел басшылық жасау тиісті мәліметтер алу. Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру. Еңбекақы төлеу шығындарын есептеп, аудиттеу.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу- Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның қаржылық жағдайын бағалауға ұмтылады.
Бухгалтерлік есеп нарықтық экономика жағдайында ұйым жөнінде жан - жақты қамтылған ақпарат алудың бірден - бір көзі болып табылады. Оның көмегімен ұйымның төлем қабілеттілігн, өндірістік қызметінің тиімділігі мен табыстылығын, даму перспективаларын сипаттауға мүмкіндік мол.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу- Нарықтық қатынасқа көшу, ақшалай табысты алудың жаңа көздерін туғызады, кәсіпорын мүлігіне еңбек ұжымының мүшелеріне салымдар мен акциялар бойынша төлемдерді аударылған (дивиденттер, пайыздар) сомалар болып табылады. Сөйтіп, әрбір жұмыскердің еңбек табысы жеке үлесі бойынша анықталады, кәсіпорыннның жұмыстарының соңғы қорытындысын қосқанда, салықтармен реттеледі және максималды салықпен шектелмейді.
Еңбек есебі мен еңбекақы бойынша есеп айырысу кәсіпорындағы барлық есеп жүйесіндегі ең ірі және маңызды саласы болып табылады.
Ғылыми жанашылдылық- кәсіпорынның тиімді дамуы үшін бақылауға рационалды жүйені жетілдіруі керек, басқарушылық және ақпараттық жүйені құрып, ішкі аудиттің орны мен рөлін анықтау қажет. Бұл фирма жетекшілеріне буындарды, кәсіпорындарды тиімді басқауға көмектеседі.
Еңбекке ақы төлеу бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі мен аудиті бухгалтерлік есеп аспектілерінде ең маңыздылардың бірі, сондай-ақ бұл шығындар кәсіпорында үлкен орынға ие. Сондықтан да бұл шығындарға арнап ішкі бақылауды үлкейту керек.
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті-құқықтық актілермен реттеледі. Ал еңбекақы мөлшері «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 71-бабына сәйкес ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен аз болмауы керек. 2012 жылы көптеген бухгалтерлік заңдарға толықтырулар мен өзгертулер енгізді. Айта кетсек Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы қаржы министірлігінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 215 бұйрығының күші жойырылуй деп тануы туралы»заң 2012 жылы 26 желтоқсанда өзгертулер мен толықтыруларенгізілді. Елбасымыздың «Қазақстан-2050 стратегиясы» еліміздің алға қарай өркендеуіне, дамуына арналған бірден бір стратегия болып табылады. 30 елдің қатарына кірсек елімізде еңбекақы мөлшері көбейіп, халқымыздың жағдайы жақсару мүмкін.
Практикалық маңыздылығы- кез-келген мемлекеттің еңбек ақысына және өмір сүру кезеңіне байланысты болып келеді. Еңбек ақы көпшілік адамдардың негізгі табыс көзі болып есептелінеді. Сол себепті еңбек ақымен байланысты мәселелер маңызды болып есептелінеді.
Зерттеудің ахуалдылығын бағалау- Біздің елде еңбекақы төлеу екі жақты функцияны атқарады: бір жағынан жұыскердің табысының негізгі көзі және олардың өмірлік деңгейін көтеру, басқа жағынан - өндірістік тиімділігін арттыру болып табылады.
Бұл диплом жұмысының мақсаты - зерттеу объектісі ретінде алынған еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады. Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге әртүрлі меншік нысанындағы еңбекке ақы төлеу мәселесі де басты орынға шықты.
Осы тақырыпты таңдап алудағы негізгі міндеттер:
- Еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып, жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
- Бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
- Ұйымның әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу:
- Белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
- Жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
Ал, дипломдық жұмыстың негізгі міндеті - кәсіпорынмен өндірілетін өнімдер мен істелінетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін, еңбек өнімділігін дұрыс бағалау, сонымен қатар жұмсалған еңбектің саны мен сапасын, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау болып табылады.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін ЖШС « Oil Trade Center» 2012-2013 жылдардағы есеп мәліметтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік-құқықтық ақпараттары, бухгалтерлік есеп әдебиеттері пайдаланылды. [32]
Зерттеу обьектісі- еңбекақының өз уақытында беруін қадағалау, стандарт бойынша жүріп жатқаның тексеру, еңбекақының шығындарын тексеріп, қорытынды жасау.
Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы ортақ Отанымыздың гүлденуіне қызмет ететін стратегия болып табылады. «Қазақстан-2050» бағдарламасы да алдыңғы саяси бағыт тәрізді қуатты қарқынмен орындалуы керек.
«Қазақстан-2050» стратегиясын да біз алдыңғы саяси бағыт тәрізді қуатты қарқынмен іске асыруымыз керек. Себебі, бұл стратегия ортақ Отанымыздың гүлденуіне қызмет ететін құжат. Отанымыз гүлденіп, әлемдегі ең ірі 30 елдің жанынан орын алу үшін біз ел болып еңбек етуіміз керек деп ойлаймын.
Әлемдік экономикадағы қолайсыз ахуалды ескере отырып, біз инфляциядан әрбір қазақстандықтың кірістерін қорғауды қамтамасыз ететін және экономикалық өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұратын боламыз. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің әлеуметтік қауіпсіздігінің мәселесі. Және де бұл-2013 жылдың өзінен бастап Ұлттық Банк пен Үкімет жұмысының басты мәселесі және бұл стратегияға бухгалтерияныңда көмегі зор. Нақтылы жұмысын орындап, пайданы есептеп еліміздің экономикасының өсуіне көмектесу. [1]
Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның қаржылық жағдайын бағалауға ұмтылады.
Бухгалтерлік есеп нарықтық экономика жағдайында ұйым жөнінде жан - жақты қамтылған ақпарат алудың бірден - бір көзі болып табылады. Оның көмегімен ұйымның төлем қабілеттілігн, өндірістік қызметінің тиімділігі мен табыстылығын, даму перспективаларын сипаттауға мүмкіндік мол.
Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйымның басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Еңбекті қалыптастыру барысында жалақы жетекші орын алады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыскерлернің жалақылары ақшалай көріністегі ұлттық табысты жеке тұтыну қорындағы олардың үлесі болып табылады. Біздің елде еңбекақы төлеу екі жақты функцияны атқарады: бір жағынан жұыскердің табысының негізгі көзі және олардың өмірлік деңгейін көтеру, басқа жағынан - өндірістік тиімділігін арттыру болып табылады. Елдің әлеуметті және экономикалық дамуындағы өзгерістеріне сәйкес нарықтық шаруашылықта шаруашылықтану жүйесіне ауысу жағдайында еңбекақы төлеу салалырының саясаты да және жұмыскерлердің әлеуметтік қорғауда жеке қолдауы да өзгереді. Осы саясаттың жүзеге асырылуы бойынша мемлекеттің көптеген функциялары тікелей кәсіпорынға беріледі, яғни өз еріктерімен еңбекақының мөлшері мен жүйесін, оның нәтижесін материалды ынталандыруды бекітеді.
Еңбек және еңбекақы есебі-жұмысшылар санынынң өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориялары, өндірістік шығын сияқты мағлұматар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Нарықтық қатынасқа көшу ақшалай табысты алудың жаңа көздерін туғызады, кәсіпорын мүлігіне еңбек ұжымының мүшелеріне салымдар мен акциялар бойынша төлемдерді аударылған (дивиденттер, пайыздар) сомалар болып табылады. Сөйтіп, әрбір жұмыскердің еңбек табысы жеке үлесі бойынша анықталады, кәсіпорыннның жұмыстарының соңғы қорытындысын қосқанда, салықтармен реттеледі және максималды салықпен шектелмейді.
Еңбек есебі мен еңбекақы бойынша есеп айырысу кәсіпорындағы барлық есеп жүйесіндегі ең ірі және маңызды саласы болып табылады. Жаңа шаруашылықтанудың шарттарындағы маңызды міндеттер мыналар: еңбекке ақы төлеу бойынша кәсіпорын персоналдармен есептесудің белгіленген мерзімінде орындау, жалақыға аударылған сомалардың өнімдердің өзіндік құнына дұрыс қосылуы және дер кезінде, басшылық үшін жалақы төлемі мен еңбек бойынша көрсеткіштерді біріктіріп, жинау және қажетті есеп беруді құру, сондай-ақ зейнеткерлік қорлармен есептесу.
Еңбек ақы-жұмысшының өз еңбегінің нәтижелі болуына, жұмышылардың нақтылы жұмысқа келуі, жұмысын нақтылы істеу. Ол күрделі экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Айталық, біріншіден, бұл -жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым-қатынас. Еңбек ақы төңірегіндегі, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу, ұжымдық келісім-шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі, яғни мемлекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымы арасындағы қарым-қатынас, басқаша айтқанда, еңбек ақы мөлшерінің құрылыс ұйымының қаржы -шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы. Еңбек ақының мәні, оның қызметімен анықталады. Ол жұмысшының материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс.
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу, еңбек ақыны нарықтық реттеудің механизмі өзіне келесілерді қамтитынын көрсетті:
- еңбек келісім шартын бекіту кезінде барлық мүдделі тараптардың мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық-келісім шарттық жүйені;
- жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын;
- еңбекке ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы түрінде мемлекеттік реттеу.
Қазіргі жағдайда жұмысшыларға еңбек ақы төлеу нысаны, жүйесі мен мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері құрылыс ұйымының шешімімен белгіленеді. Бірақ, кәсіпорындар меншік түрі мен ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан міндетті түрде еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
1 Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындарда еңбек ақы есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1 Еңбек ақы ұғымы, мәні және оны ұйымдастыру жүйелері
Еңбек ақы ұғымы көптеген экономистер арасында қызу пікірталас тудырып отырғын ұғым, олардың бірқатары «еңбек ақы» ұғымының орнына «еңбек табысы» ұғымын қолдануды ұсынады. Бірқатар экономистердің ұстанатын қағидасы жаңа терминологиялық сөзді емес, керісінше «еңбек ақы» экономикалық категориясының мәні мен қасиетін тану. Еңбек ақыны жұмысшылар арасында атқарған еңбегіне қарай бөлінетін қоғамдық өнімнің (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс) бір бөлігі ретінде түсіну нарық талабына қайшы. Бұл жерде тек еңбек ақының пайда болу көзі ғана белгіленіп отыр, сондай - ақ еңбек ақы тек еңбектің саны мен сапасына қарай емес, ұйымның соңғы қаржылық нәтижесіне, жұмысшының нақты еңбектік үлесіне қарай бөлінеді.
Экономикалық теорияда еңбек ақының жаратылысын анықтайтын екі негізгі тұжырым бар:
- еңбек ақы - бұл еңбектің бағасы. Оның шамасы және динамикасы нарықтық факторларға, ең алдымен, сұраныс пен ұсынысқа тәуелді;
- еңбек ақы-бұл тауар құнының ақшалай көрінісі, «жұмыс күші»немесе «жұмыс күші тауарының құнының өзгертілген нысаны». Оның шамасы өндіріс шарттарымен және нарықтық факторлармен-сұраныс және ұсыныс анықталады. Осылардың ықпалымен еңбек ақы жұмыс күшінің құнынан ауытқиды.
Еңбек ақының еңбек бағасы ретіндегі тұжырымын А. Смит пен Д. Рикардо берді. Олар еңбек тауар ретінде көрініс тауып, табиғи бағаға, яғни «табиғи еңбек ақы» ие болады деп санады. Ол өндіріс шығындарымен анықталады, оның құрамына А. Смит жұмысшы мен оның отбасының өмір сүруіне жеткілікті қаражаттардың құнын қосты.
Еңбек ақы - тауардың ақшалай көрінісі тұжырымдамасын К . Маркс жасады. Оның негізіне ол «еңбек» пен «жұмыс күші» түсініктерінің айырмашылықтарын салды және еңбектің тауар бола алмайтындығын және оның құны жоқ екендігін негіздеді. Тауар болып еңбек етуге қабілетті жұмыс күші танылады, ал еңбек ақы осы тауардың ақшалай түрдегі құны болып табылады. Жұмысшы бүкіл еңбегіне емес, тек керекті еңбекке ғана ақы алады. Еңбек ақының экономикалық жаратылысы мынада, оның есебінен жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін материалдық және рухани қажеттілігі қанағаттандырылады. К. Маркс еңбек ақының шамасы тіршілік ету қаражатына емес, қоғамның экономикалық, әлеуметтік мәдени деңгейіне, сондай еңбек өнімділігінің деңгейіне тәуелді екенін анықтады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырлған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгіленген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифраларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлеріне еңбекақы есептелінеді.
Еңбек ақы негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі-еңбек ақыны қызметкерге фактілі істелген уақыты мен кәсіпорында орындалған барлық жұмыстар үшін шағады. Қосымша- кәсіпорында орындалмаған уақытқа, заңмен негізделген, еңбек демалысы, жұмыстан шығу кезіндегі жәрдем ақы тағы басқалар. Еңбек ақы-бұл ұжым еңбегінің соңғы нәтижесіне тәуелді болатын және жұмысшылар арасында жұмсалынған жұмыс саны мен сапасына, әрбір жұмысшының нақты қосқан үлесіне қарай бөлінетін тұтынуға бағытталған қаражаттардың негізгі бөлігі.
Еңбек ақы-жұмысшының өз еңбегінің нәтижелі болуына, жұмысының көлемі мен сапасын көтеруге мүдделілігін арттырудағы ең басты құрал. Ол күрделі экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Айталық, біріншіден, бұл-жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым-қатынас. Еңбек ақы төңірегіндегі, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу, ұжымдық келісім-шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі, яғни мемлекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымы арасындағы қары -қатынас, басқаша айтқанда, еңбек ақы мөлшерінің құрылыс ұйымының қаржы-шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы.
Еңбек ақының мәні оның қызметімен анықталады. Ол жұмысшының материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс.
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу, еңбек ақыны нарықтық реттеудің механизмі өзіне келесілерді қамтитынын көрсетті:
- еңбек келісім шартын бекіту кезінде барлық мүдделі тараптардың мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық - келісім шарттық жүйені;
- жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын;
- еңбекке ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы түрінде мемлекеттік реттеу.
Қазіргі жағдайда жұмысшыларға еңбек ақы төлеу нысаны, жүйесі мен мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері ұйымының шешімімен белгіленеді. Бірақ, кәсіпорындар, меншік түрі мен ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, міндетті түрде, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын қамтамасыз етуі тиіс. Еңбек ақы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы өзара келісімге қарай төленеді. Еңбек ақының сметалық деңгейі жұмыс беруші үшін еңбек ақы шығындарының экономикалық тиімді шегін анықтайды.
Жұмысшылардың еңбек ақысын есептеу кәсіпорында қабылданған еңбекке ақы төлеу жүйесі мен нысандарына, ұжымдық келісім шарттарына, материалдық ынталандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымда еңбекті ұйымдастырудың негізгі ережелері 10 желтоқсан 2002 жылғы №493-1«Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» заңымен бекітілген.
Еңбек ақының негізгі көзі-еқбекке ақы төлеу қоры. Сонымен бірге жалақының екінші түріне жұмысшыларға ұжым еңбегіне қосқан жеке нәтижелері үшін төленетін әртүрлі төлемдер жатқызылады. Бұл кезде жұмысшыларға сыйақы беру орындалған жұмыстың сапасын бағалай отырып, ынталандыру қорын еңбекке араласу коэффициентінің көмегімен жұмысшылардың арасында бөлу арқылы жүзеге асырылады
Еңбекке ақы төлеу жүйесіндегі сыйақының маңызды белгілері мыналар болып табылады: біріншіден, олар негізгі еңбек ақы түріндегі тарифтен (оклад) бөлек еңбекке ақы төлеудің қосымша нысаны ретінде көрініс табады; екіншіден, сыйақы еңбекке ақы төлеудің айнымалы бөлігі болып табылады, ал тариф (оклад) немесе келісімді бағалар салыстырмалы түрде тұрақты сипатқа ие; үшіншіден негізгі еңбек ақыға қарағанда, сыйақы әртүрлі көздерден (өзіндік құн, пайда есебінен құралған көтермелеу қоры, материалдық ресурстарды үнемдеу есебінен) құралады; Төртіншіден, негізгі еңбек ақымен салыстырғанда сыйақы жоғарғы органдар тарапынан көп реттеле бермейді. Бұдан өзге, біздің ойымызша, сыйақыны тек ынталандыру құралы ретінде ғана емес, технологиялық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту құралы ретінде де пайдалану керек.
Еңбек ақыны ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
- ұйым жұмысшыларына еңбек ақы төлеу нысандары мен жүйесін анықтау;
-ұйым жұмысшылары мен мамандарының қол жеткізген нәтижелеріне төленетін қосымша ақының критерийлері мен мөлшерін белгілеу;
- қызметкерлер мен мамандардың қызметтік жалақы жүйесін белгілеу;
- қызметкерлерге сыйақы беру жүйесі мен көрсеткіштерін негіздеу.
Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу мыналарды қамтиды:
1. Қазақстан Республикасында еңбек ақының ең төменгі мөлшерін белгілеу және өзгерту заңдылықтары;
2. Ұйымның еңбек ақы төлеуге бағытталған қаражаттарын, жеке тұлғалардың табыстарын салықтық реттеу;
3. Аудандық коэффициенттер мен үстемелік пайыздарды бекіту;
4. Еңбек ақы жөніндегі мемлекеттік кепілді бекіту.
Еңбекке қарай бөлудің нақтылы нысандары еңбек ақы және жалақы арқылы жүзеге асады. Жалақы еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі бөлігі. Еңбек төлемінің әр алуан нысандарында және жүйелерінде есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібін қарастырсақ, олар мынандай жүйелерде болады.
Кесімді еңбек ақы жүйесі - жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде еңбек уақытын қысқарту мақсатында қолданылады.
Жеке кесімді еңбек ақы жүйесі. Мұндай жүйеде еңбек ақы әрбір жұмысшылардың нәтижелеріне байланысты. Оны белгіленген бағаны жұмысшының дайындаған бұйымдарының санына көбейту арқылы анықтайды.
Бригадалық кесімді еңбек ақы жүйесі. Жұмысшылардың еңбек ақысын біржүйеде бригада учаске жұмысшының нәтижелері бойынша анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz