Жұмысқа алу мен жұмыстан



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Бет.
Кіріспе 3

1 Кәсіпорындағы жұмыс күшін пайдаланудың жалпы теориялық
-әдістемелік негіздері
1.1Жұмыс күшінің жалпы түсінігі, кәсіпорында жұмыс күшін пайдалану
мүмкіншіліктері 6
1.2Еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасы мен
методологиясы 15

2 Қазіргі кездегі жұмыс күшін пайдалану мен халықты жұмыспен
қамтудың әлеуметтік – экономикалық мазмұны (АSSORTI Aktau
ЖШС-нің мысалында)
2.1АSSORTI Aktau ЖШС-нің негізгі қаржылық-экономикалық
көрсеткіштерін талдау 27
2.2(АSSORTI Aktau ЖШС-дегі жұмыс күшін пайдалану деңгейі мен
жағдайы 41
2.3Салалар бойынша жұмыс күшін пайдалану ерекшеліктері 50
3 Кәсіпорында жұмыс күшін пайдалану тиімділігін арттырудың негізгі
бағыттары
3.1Қазақстан Республикасындағы жұмыс күшін пайдалану
тиімділігін реттеудің қазіргі жағдайы 55
3.2Кәсіпорында жұмыс күшін пайдалану шараларының
тиімділігін арттыру жолдары 63

Қорытынды 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 76
Қосымшалар 77

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді
әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді
және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты
әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке
қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында
шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі
олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру
бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық
жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа
нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату –
сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса,
екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауыда былай делінген: Қазақстан үшін экономикалық
табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу
– өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық
жаңғыртудың түбегейлі мәселесі. Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының
басты бағыты. Мен ел халқына өзімнің жаңа Жолдауымды осы көкейкесті
тақырыпқа арнаймын. Біз он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыруға
тиістіміз. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы. Менің тапсырмам бойынша
Үкімет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудің
бағдарламасын бекітті. Онда үш маңызды міндет қойылған. Біріншіден, оқыту
мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау. Екіншіден, ауылдық
жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу. Үшіншіден, еңбек ресурстарының
жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында
жұмысқа орналастыруға басымдық беру [1].
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде.
Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта
даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты
тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-
экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін
жетілдіру, кәсіпорындардағы жұмыс күшін пайдаланудың тиімділігін
арттыру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді
формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық
бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми
тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Әлемдегі жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдай барлық елдер аралық
өзгерістер мен ерекшеліктерде өзекті күн тәртібінде тұрған көптеген
мәселелер мен міндеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әлеуметтік және
табиғи ортаға адам қызметі салдарының әсері туралы сұрақтар да, техникалық
прогресстің өсуі әсерінен кедейшіліктің жаңа формаларының пайда болуы
туралы сұрақтар болып табылады. Бұл сұрақтарды әлеуметтік байланыс
модельдерінің өзгеруі жағдайында шешу өте күрделі жұмыс. Осы мәселелерді
шешуде жаңа көзқарас негізіне соңғы жылдары көптеген елдерде болып
жатқан әлеуметтік - экономикалық құндылықтарды қайта бағалау, сонымен қатар
саяси мақсаттарды қайта бағалауда жатыр. Әлеуметтік саясаттың өзгерісіне,
ақшалай табыс емес, адамға өзінің өмір сапасын жақсартуға, өзінің әл-
ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін ресурстарға жол ашу керек. Қоғамдық ой
санада өзін-өзі көрсету, әл-ауқатты жақсарту, өмір сапасын көтеру
бағытында оң өзгерістер бар екендігін айта кету керек.
Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын
реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы
алатын орны зерттелген. К.Маркс өз еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-
әдістемелік негізін зерттесе, Д.Ж.Кейнс пен М.Фридман еңбек нарығы мен
жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің
маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан
қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми
зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің
еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз
болады.
Мемлекеттің еңбек нарығын реттеу, жұмыспен қамту және халықтың
әлеуметтік саясатын жетілдіру мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер:
Я.Ә.Әубәкіров, Т.А.Әшімбаев, Ү.С.Байжомартов, С.Х.Берешев, Б.А.Жүнісов,
Қ.М.Жұмақанова, М.Б.Кенжеғозин, Ж.Ш.Кенжалина, Ш.К.Көпешов, Ж.К.
Қорғасбаев, А.К.Қошанов, А.Қатарбаева, Н.К.Мамыров, М.К.Мельдаханова,
А.Қ.Мейірбеков, А.Б.Молдашев, Т.Ж.Нұрымбетов, Н.А.Омаров, А.К.Отаров,
Ж.Ж.Сүлейменов, С.Д.Тәжібаев, М.Э.Тілеужанова, Ө.Қ.Шеденов және т.б. өз
еңбектерінде жан-жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес
қосқан.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Кәсіпорындағы жұмыс күшін
пайдалануды реттеу және халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары бойынша
ғылыми тұрғыда белгіленген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы қазіргі уақытта жұмыс күшін
пайдалану және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ұсыныстарды
өңдеуден құралады.
Мәселенің өзектілігі, оның ғылыми өңделу деңгейі, жұмыс күшін
пайдалану тиімділігін арттыру сұрақтарын шешу қажеттігі және мағыналығы
тақырыпты таңдауға, дипломдық зерттеу міндеті мен мақсатын
белгілеуге жол ашты.
Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорында жұмыс күшін пайдаланудың
теориялық негізделуі мен қазіргі уақытта оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды
өңдеу болып табылады.
Дипломдық зерттеу мақсатына, жұмыс күшін пайдалану ерекшеліктеріне
сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- жұмыс күші мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық -әдістемелік
негіздерін зерттеу;
- жұмыс күшін пайдалану және оның әлеуметтік – экономикалық мазмұны
мен факторларын анықтау;
- АSSORTI Aktau ЖШС-дегі жұмыс күшін пайдалану деңгейі мен
жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру;
- АSSORTI Aktau ЖШС-дегі жұмыс күшін пайдаланудың қазіргі
жағдайына талдау жасап, тиімділік деңгейін анықтау;
- жұмыс күшін пайдалану тиімділігін арттырудың қажеттілігі мен
жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдарын негіздеу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - АSSORTI Aktau ЖШС-гі болып
табылады.
Дипломдық жұмыстың зертеу пәні болып кәсіпорындағы жұмыс күшін
пайдалануды реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың теориялық, әдістемік және
тәжірибелік аспектілері жиынтығын өңдеу болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі болып шетелдік және
отандық жетекші ғалым-экономистерінің еңбектері табылады.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.

1 Кәсіпорындағы жұмыс күшін пайдаланудың жалпы теориялық
-әдістемелік негіздері
1.1 Жұмыс күшінің жалпы түсінігі, кәсіпорында жұмыс күшін пайдалану
мүмкіншіліктері

Жұмыс күші – мемлекеттің заңмен бекітілген жастағы, физикалық және
интеллектуалдық сапасы бар, өнім өндіруге және қызмет көрсетуге керекті
білімі мен тәжрибесі бар еңбекке қабілетті бөлігі. Олар кәсіпорын
басшылығының үнемі қамқорында болатын обьект. Нарық экономикасында еңбек
ресурстарының маңызы арта түседі. Өндірістің инвестициялық бағыты, ғылыми –
техникалық прогресстің соңғы нәтижелерін қолдану, өнім сапасының артуы
еңбек ресурстарына деген көзқарасты өзгертіп, еңбекке творчестволық жағынан
қарау және жоғарғы дәрежеге мамандар дайындауға ықпал жасады. Бұл жағдай
кәсіпорын персоналын басқарудың принциптерінің, әдістерінің және әлеуметтік
– психологиялық жағдайының айтарлықтай өзгерісіне алып келді[2].
Еңбек ресурстарының саны – барлық еңбекке қабілетті халық пен жұмыс
жасайтын зейнеткерлерді, жасөспірімдерді қоса алғандағы және осыдан жұмыс
жасамайтын мүгедектер мен жеңілдетілген зейнеткерлік жастағы адамдар санын
алып тастағандағы нәтижеге тең адамдар саны. Персоналдармен жұмыс
жасағанда: келгендер саны – жұмысқа келген кәсіпорын қызметкерлерінің саны,
тізімдік сан – кәсіпорында жұмыс жасайтын барлық жұмысшылар саны, орташа
сан – жұмысшылардың жұмысқа қабылдануын және жұмыстан шығуын есептегендегі
сан сияқты көрсеткіштер қолданылады.
Кәсіпорын жұмысшыларының жеке құрамы кәсіпорын персоналы немесе
кәсіпорын қызметкерлері деп аталады. Олар өндірістік бағдарламаны жасаудан
бастап, материалдық құндылықтарды жоспарлау, өндіріс процесінің негізгі
және қосымша операцияларына қатысу, шаруашылық әрекетті ұйымдастыру және
басқарудан бастап дайын өнімді шығаруға дейінгі барлық функцияларды
атқарады.
Сонымен қатар жұмысшылар инженерлік – техникалық мамандар, қызметкерлер
және жұмысшылар болып бөлінеді.
Инженерлік – техникалық мамандар өндіріс процесін ұйымдастырып, оны
басқарумен айналысады.
Қызметкерлерге – қаржы – есеп, жабдықтау, сату және тағы басқа
функцияларды атқарушы жұмысшылар жатады.
Жұмысшылар – материалдық өнімдерді шығару немесе өндірістік және
тасымалдау қызметін атқарушы кәсіпорын қызметкерлері.Соңғы жылдардағы
дүниежүзілік дамудың бетбұрыстары сыртқы ортаның елеулі қиындауымен
және бағытының қатаңдауымен сипатталады, ал бұл болса өсіп келе
жатқан жаһандануға, халықаралық бәсекелестіктің дамуына, қоғамда
экологиялық және әлеуметтік мәселелердің өршелене түсуіне байланысты
туындап отыр, бұл кезінде осы уақытқа дейін қозғалмайтын бірегей
болып көрінетін көптеген ережелерді қайта ой толғағынан өткізуге
әкеліп соқтырды. Батыс бірлестіктері бүгінгі күні ұзақ мерзімді
экономикалық жетістіктердің маңызды детерминанты - өлшеу қиындығы мен
іс жүзіндегі модельдерге (үлгілерге) енуіне қарамастан - негізін адам
капиталы құрайтын - әлеуметтік капитал екенін мойындап отыр. Қазіргі
таңдағы жағдайларда адам қоры экономиканың инновациялық дамуымен
қатар экономиканың өсуі мен дамуына шексіз мүмкіндіктер туғызып
отырған ең келешегі бар қор болып отыр - бұған куә дүние жүзі
елдерінің тәжірибесі. Адам капиталдың жалпы капиталға қарағанда
моральды-заттық нысан түрінде біршама басымдылықтары бар, өйткені ол
ең алдымен өндірістің анықтағыш факторы болып саналады: тек адамдар
ғана өзінің еңбегімен және ерекше қабілеттерімен материалдық
қорларды құрады және солардың көмегімен кейін ақтық тауарлар мен
қызметтер өндіріледі. Сонымен бірге адам өзінің қабілеттерімен,
білімімен тек қана қор болып саналмайды, сонымен қатар өндіріс
процесінің ақырғы мақсаты болып табылады, бұл оның бірегейлігін
айқындай түседі.
Зертеушілердің ойынша, жұмыс күші теориясының дамуына негізгі үлес
қосушы Т. Щульц болса да, Г. Беккердің де еңбегі зор болып отыр.
Г.Беккердің жинақтаған моделі жұмыс күші теориясының келесі
дамуындағы зерттеулер үшін негіз болып отырды. Беккер адамдағы бар
білімді, мотивацияны (уәжді), ілімді анықтай отырып, адами капиталға толық
дефиниция берді. Ол ақпараттарды іздеу, денсаулықты қорғау, кәсіби
тәжірибені жинау, білімді ұсынатын сипаттағы инвестицияларды жұмыс
күшімен сипаттады.
70- жылдардың ортасынан бастап дүние жүзінің дамыған елдерінде
қоғамдық- экономикалық дамудың қағидалы жаңа типіне көшу басталды,
олардың негізгі факторлары болып табылғандар - тәлім алу, білім,
адам өмірінің толықтығы, шынайылығы. Экономикалық прогрестің жаңа
типіне әлеуметтік-экономикалық өмірді кеңінен демократизациялау,
тауарлық емес өндіріс пен тауарлық емес қатынастарды ( әлеуметтік
қызметтердің барлық саласы, ғылым, білім) кеңінен демократизациялау,
әдеттегі нарықтық экономиканың іс-әрекеттері кеңістігін тарылту,
қоғамдық ұйымдар жүйесін (азаматтардың ерікті бірлестіктерін) және
т.б. құру. Өндіріс күштерінің дамуының жаңа кезеңі басталды, адамға
қатысты сыртқы емес, адамдық өндіріс күштері, яғни өндіріс процесі
кезінде алдыңғы қатарда білім, жауапкершілік, адамның ішкі жан-дүниесі
мен адамгершілік әлеуеті. Сондықтан экономикалық жетістікке жетудің
крийтериі болып саналатын адамның әлеуметтік -мәдени қажеттіліктерін
жүзеге асыру мүмкіндігі, яғни адамның дамуымен байланысты өмір
салаларын дамыту. Халық және оның өмір сүру жағдайының сипаттамасы,
бізге белгілі болғандай үнемі оқып-тану объектісі болғанына көп болды.
Осындай жұмыс Англия мен Германияда 17 ғасырдың ортасында басталды.
200 жылдай халық статистикасы негізінен мемлекет үшін табыс көзі,
армияны әскермен, елдің шаруашылығын жұмыс күшімен қамтамасыз ететін
мүмкіншілік болды. Алайда 20 ғасыр басынан зерттеушілердің терең
қызығушылығын туғызды, ал одан кейін кейбір елдердің саяси
қызметкерлерімен үкіметі де әлеуметтік саладағы істер мен халықтың
тұрмысы туралы тұрақты ақпарат алуып тұруға ынта білдірді. Шамамен
1920 жылдардан бастап халық бағалауы мен оның өмір сүру жағдайларында-
инструментальдық (құралдық) және әлеуметтік екі бағыт қатар дами
бастады.
Инструментальды бағыт адамның еңбекке деген қабілетінде, өнім мен
қызметтер өндіруде, елде өндірілетін немесе сырттан келген өнімді
индивидтер мен топтардың тұтыну қасиеттеріне шоғырланды. Әрине,
халықтың өндіріс жағдайы елеусіз қалған жоқ. Осы бағытта адам
мүмкіндіктерінің әртүрлі жақтарының бағасы дамыды және дамып келеді, ал
оны игіліктер мен қызметтерді өндіру бойынша әртүрлі белсенділіктен
көруге болады - оны адамдық және әлеуметтік қорлар деп атайды. Аталған
капитал түрінің сандық бағалау және сонымен байланысты индикаторлар
түріндегі (беру, амортизация, инвестиция салудың пайдалылығы және т.б.)
сипаттамаларды көрсету әрекеттері болып тұрады [3].
Адамға инструментальды көзқарастың болуы оған теорияларды құратын
капитал ретінде көзқарастың қалыптасуына әкеліп соқтырды. Г.Беккердің,
Дж.Коулменнің және П.Бурдьенің мақалалары капиталды концептуальды,
операционалдық, тіпті техникалық анықтамаларға, оны өлшеу, есептің
теориясы мен практикасына қосу (бухгалтерлікті де қоса) жұмыс ағынын ашып
берді, бірақ адамның белгілі бір қасиеттерін, әртүрлі типтегі адам
қауымдастығының түрлерін бөлу үшін негіз бұған дейінгі, ертеректегі
еңбектерде де жазылған болатын. Капитал ретінде кейбір индивидтердің,
топтар мен қатынастардың кейбір қасиеттерін қабылдау мен
концептуализациялау үшін логикалық және практикалық негіздер бар.
Классикалық тұрғыдан анықтаған кезде капитал белгілі бір табыс әкелетін бір
нәрсе, оны қолдану қорытындылары мүліктік формаға ие болады. Капиталды кең
тұрғыдан алып қарайтын болсақ, оны тек тікелей болмаса да мүліктік табыс
әкелетін нәрсе деп қарайды. Осы айырмашылықтың кесірінен, яғни капиталды
жұмсау мен мүліктік табыс алу (заттай немесе қаржылай) қорытындысынан
кейбір әдістемелік күрделіліктер пайда болады. Негізінде кейбір
капитал түрлері, мысалы адамдық, әлеуметттік немесе т.б. бір иені
екіншісімен ауыстыра алмайды. Басқаша айтқанда олар өздерінің алғашқы
меншік иесіне тастай болып жабысып қалған сияқты, бірақ ол иесі оны
міндетті түрде пайдаланып немесе оны пайдаланудан түскен табысын
бөлетін мүмкіндігі бар деп айта алмаймыз. Бірақ тап осы қасиеттер
капитал сияқты, сәйкестендіріле алады, кейде тіпті нарықпен бағаланады
да. Бізге қазіргі сәтте қызықты болып тұрған осындай капитал мен оның
иелері (индивидтар немесе топтар) арасындағы инструменталдылық, соңғы
нәтижесінде табыс әкелу мүмкіндігі. Практиктердің де, зерттеушілердің де,
нарық агенттерінің де, олардан соң - әртүрлі биліктердің, мемлекеттік
және халықаралық статистиканың, халықаралық, мемлекетаралық және қоғамдық
ұйымдардың қызығушылығын туғызып отырған себеп осы. Капитал түрлері
туралы жұмыстардың авторлары не жазса да, олардың бәрінің негізінде
жатқан - адам мен қауымдастықтан бастап жалпы қоғам туралы, оолардың
экономиканың, экономикалық жүйенің, экономикалық дамудың инструменті
(құралы) деген негізгі ой.
Екінші бағыттың өкілдерін қызықтырған халық өмірінің әлеуметтік
жағдайы, оның ішінде оның инструменталды - экономикалық сипатамаларына
қатыссыз. 1960 жылдардың басында АҚШ Ұлттық ғылым Академиясы Ұлттық
комитеттің аэро- космостық навигациясы бойынша тапсырысын орындады,
олардың білгісі келгені мүмкін, тіпті АҚШ үшін ғарыштық бағдарламаны
жүзеге асырудың алыста жатқан себеп-салдарын білу. Социолог Р.Бауэр
басқарған топтың жұмысында әлеуметтік ақпарат жетіспеуі себебінен
өте күрделі қиыншылықтар пайда болды. Соның нәтижесінде 1963 жылы
Р.Бауэрдың редакциясымен “Social Indicators” үлкен еңбек басылып
шықты, бүл еңбек барлық дүние жүзінде әлеуметтік индикаторлармен
айналысудың жолын салыды, бұл дүние жүзінде Әлеуметтік индикаторлар
үшін қозғалыс деген атқа ие болды.
Сол жылдарда әлеуметтік есептер бойынша көптеген мақалалар
жаряиланды, олардың авторлары талдау әдісін шығын – табыс сияқты
кеңейтуге тырысты. Сол кезде президент Джонсонның әкімшілігінде
кеңесшілердің экономикалық комитетіне бәсекелестік құрған кеңесшілердің
әлеуметтік комитеті пайда болды.
Соның нәтижесінде 1970 жылдары АҚШ әлеуметтік индикаторлармен
жұмысты жүйелeстіру бойынша әлеуметтік зерттеулер Орталығы ашылды
(Social Sciens Research Coucil Ctnter for Coordination of Research
Social Indicators), федералды үкімет әлеуметтік индикаторлар нысанында
кең мәліметтер жариялады, және осы бағыттағы зерттеулерге көмек ұйымы)
халықарлық ұйымдар талдау құралы ретінде қабылдап, пайдалана бастады.
Шамамен сол кезде әлеуметтік индикаторлар Ұлыбритания мен Германияда
кеңінен қолданыла бастады.
1980 жылдары АҚШ бұл жұмысты қаржыландыру үкіметтік қалдықтар
мен берілді. Social Indicators Research журналы шыға бастады,
әлеуметтік индикаторларды БҰҰ және ДЭБҰ (даму және экономикалық
бірлестік әлеуметтік индикаторлардан табыс алуды көздеген кейбір
саясаткерлердің көңілдері қайтып қалуына байланысты қатты қысқара
бастады. Осындай көріністер 1960-1970 жылдары ССРО-де болғанын ескеру
қажет. Бұл жерде олар әлеуметтік жоспарлау нысанына ие болды.
Аталған мәселе бойынша жарияланған алғашқы басылымдардың өзінде
әлеуметік жоспарлаудың әлеуметтік индикаторлар қозғалысы шегінде
дамығанын анық көрсетті (мысалы, Тощенконың жұмыстары, 1971).
Американдық социологтар сияқты Кеңес Одағының мамандары да социумның
даму мәселелерін және оның қосымша жүйелерін жағдайды тек экономистік
сипаттама негізінде талдауға көзқарастың шектеулі болғанын көрсетті.
Сырттай марксистік көзқарасты сақтай отырып, Кеңестік социологтары
біле тұра, немесе білмей бұрын жарияланған теориялық жұмыстардың,
баяндамалардың, есептердің соңынан кешігіп болса да оларды қайталап
өтті.
Кеңестік жолдың американдық жолдан айырмашылығы - қозғалыстың
бастаушылар болып табылған идеологиялық қозғалыстан біршама еркін
зауыттық социологтар. Мысалы, әлеуметтік бағытта жасалған алғашқы
қадамдар Пермь телефон зауытында және ленинградтық Светлана
бірлестігінде жасалды. 1960 жылдардың аяғында - 1970 жылдардың басында
әлеуметтік жоспаралау барлық елде таралды және барлық өндірістік
және аймақтық деңгейлерді қамтыды - бастапқы өдірістік ұжымдардан
министрліктер мен жалпы ұлттық ведостваларға дейін, ауылдардан
қалаларға дейін қамтылды. Бірнеше жылдар ішінде әлеуметтік жоспарлау
мемлекеттік қызмет функциясына айналды, міндетті процедура болып
саналатын болды. Алайда 1980 жылдардың ортасында ажиотаж біршама
бәсеңсіп, әлсірей бастады, ал дамыған елдерде мақсатты ақтамаған
процесс болып танылды. Дүниежүзінің жетекші елдерінде әлеуметтік
индикаторлар саласында зерттеу жұмысын қаржыландыру жұмысы қысқара
бастады. Әлеуметтік индикаторлар ұлттық және халықаралық деңгейлерде
жоспарлы-статистикалық қызметтің объектісіне айналды.
Жоғарыда белгіленген екі бағыт (инструменталдық және әлеуметтік)
соңғы жылдары сыннан өтіп, бір-біріне еніп, бірігіп, бірдей күрделі
бір көрініске айнала бастады[4].
Ең тараған анықтама бойынша, жұмыс күші инвестициялардың нәтижесінде
құралған және адам жинақтаған денсаулықтың, білімнің, машықтардың,
қабылеттердің, уәждемелердің белгілі бір қоры, олар қоғамдық ұдайы
өндірістің әр саласында мақсатқа сай пайдаланылып, еңбек өнімділігі мен
өндіріс өсімінің тиімділігіне өсуіне жәрдемдеседі және сол арқылы осы
адамның табысының өсуіне ықпал жасайды.
Соңғы жылдардағы әлемдік даму қарқындары сыртқы ортаның күрделенуімен
сипатталады, яғни халықаралық бәсекелестіктің жедел дамуымен, қоғамның
әлеуметтік және экологиялық мәселелерінің күшеюімен туындаған, осы уақытқа
дейін мызғымастай болып келген көптеген жағдайларды қайта ойлауды
қарастырады. Дамудың қай деңгейінде де адам әлеуеті дамуының басты
аспектісі ұзақ және ауру-сырқаусыз ғұмыр, білім алу және лайықты тұрмыс
деңгейі үшін қажет ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады.
Егер негізгі осы таңдауға қол жетпесе, адамның өзге мүмкіндіктерге шамасы
келмейді. Алайда жұмыс күшінің дамуы мұнымен шектелмейді. Жұмыс күші
дамуының негізгі мақсаты болып адамдардың салауатты және жасампаз
тіршіліктен біршама ұзақ уақыт бойы ләззат алуына мүмкіндік жасайтын
саяси, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық лайықты қоршаған орта
құру болып табылады.
Аталған контексте ең маңызды және күрделі мәселе - өмір сапасын
бағалаудың сапалық мәні және жұмыс күші дамуының мүмкіндіктері. Олар
жалпы ішкі өнім ( ЖІӨ) немесе ұлттық табыс сияқты жан-жақты және
кешенді сандық көрсеткіштер тұрғысынан бағалана алмайды. Біріншісі де
екіншісі де шын мәнінде өмір сапасын сипаттай алмайды, себебі ЖІӨ
өндірістің құндық көлемін сипатайды, ал ұлттық табыс еліміздің
біріккен табысын бере отырып, барлық уақытта бірдей адам игілігі
үшін пайдаланылмайды. Алайда тек ұлттық есептер жүйесінің
көрсеткіштері ғана емес, сонымен қатар жыныстық - жасына және халық
құрылымының білімі сияқты көрсеткіштер, бір жанға шаққандағы табыс
және басқа да көрсеткіштер адекваттық шешімдер жағдайы қабылдау
үшін жеткілікті емес. Халық топтарын, аймақтарды, елдерді терең
дифференция жағдайларында салыстыру үшін әмбебап көрсеткіштердің
жетістіктері анықталды. Көрсеткіштер жинағы болашағы бар позитивті
өмір сапасының аспектілерін бағалауға жұмсалды. Сонымен қатар, сырттай
позитивті бағаланатын процестер (ЖІӨ өсуі, экономика мен инвестицияға
салынған капитал, әлеуметтік капитал өсімі, әлеуметтік қорғаныстың
күшейуі және т.б.) қоғамды теріс нәтижелерге әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, жұмыс күші дамуы үшін адам өмірінің ұзақтығы, білім,
халықтың денсаулығы, басқаруды демократизациялау, қоғамның әлеуметтік
саяси тұрақтылығы, таңдау жүйесі, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық,
этикалық мінездемелерді енгізетін көрсеткіштердің басқа да жүйесі
пайдаланылуы қажет. Бағалар жүйесіне сонымен қатар, жеке қауіпсіздік,
еркіндік жауапкершілігі, адамның өзімен өзіне және қоршаған ортамен
үйлесімділігі енуі қажет. Тіпті бір қарағанның өзінде осы барлық
бөліктердің өлшемі жаңа өте маңызды методологиялық мәселені ұсынады.
Осындай көпфакторлы жүйеде экономикалық көрсеткіштер әлеуметтік
индикаторлардың бір түрі болып (өндіріс көлемінің қуаты, капитал
салымдарының көлемінің көрсеткіштер орынын инфрақұрылымның даму бағасы,
табыстар мен қорлардың бөлінуі, ғылыми сиымды үлестер, кадрлардың
байланысы, құрылымдық қадамдардың қарқыны басып келеді) табылады. Бір
жағынан, бұл жұмысшылардың жалақысының өскендігін көрсетеді.
Адамзат баласы дүниеге белгілі бір әлеуеттегі қабілеттермен келеді.
Жұмыс күші дамуының міндеті әр адам өз қабілетін дамытуға мүмкіндік
жасайтын орта құрумен тұжырымдалады және осы дамудағы мүмкіндіктер
барған сайын ұлғая түсулері керек. Жұмыс күші дамуының тұжырымдамасы
адам өмірінің адамдардың игілік өндіруге қабілетті болғандарынан емес, ал
осы дамудың мақсаты болып табылуымен құнды екендігіне сүйенеді. Даму әр
адамды тұрмыстың барлық – экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси
салаларында өздерінің ең жоғарғы қабілеттерін пайдаланудағы
мүмкіндіктермен қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі кезеңде еңбек нарығының категориясының үлкен мәні бар. Ғылыми-
техникалық прогрестің әсерінен мазмұны мен сипаты өзгереді, жұмысшыға талап
күшейеді, осыған байланысты әлеуметтік, демографиялық және т.б. факторлар
енеді. Еңбек нарығының мәселелер санына – дамыған нарықтық экономиканың
еңбекшілердің жаппай жұмыссыздығы. Дамыған елдердің тәжірибесін жинақтап,
еңбек нарығының дамуының келесі сипаттамасы бөлінеді:
1. Жұмысшы-жұмыс беруші өндірістік қатынаста экономикалық және
құқықтық нормаларға сәйкес жақтардың институционалды бекітілген теңдігі.
Бұл әрбіреуі берілген қатынас шарты ретінде өз талаптарын қоя алады, екі
жақтан қатынас экономикалық талаптарын ғана шектейді. Жұмысшы мен жұмыс
беруші теңдігінің шарты келісім шартта көрсетілген нақты жұмыс сағатында
анықталған (барлық еңбекті) жеке адамның барлық еңбек әлеуеті немесе осы
әлеуеттің бір бөлігі.
Егер жұмыс нәтижесі мен орындау мерзімін ғана қарастырса жұмысшы өз
жұмыс уақытында, жұмыс графигінде, еңбек тәртіптемесінде толық бос. Ол өз
нәтижесі бойынша бірнеше мәмілелерге түсуіне болады, кекелген сыйақыны және
т.с.с алуына болады. Қатынастың бұл нысаны – екі жақтан да тиімді.
2. Құқықтық актілермен әлеуметтік институттарға сәйкес тіркелген адам
еңбегінің бірегей бағалығын қоғамдық мойындау. Бұл мысал практикада
мамандықсыз жұмысшыны қабылдау, жұмыста оның мамандық дайындығы мен
өндірістік тәжірибесінің деңгейі төмен және оның мамандық өсімінен
шектелетін жұмысшыны қабылдауға мүмкіндік бермеу.
3. Мемлекет қызметінде жұмыс беруші қызметінен еңбек облысында
қатынастарды реттеу қызметіне, соның ішінде жұмысшы мен басқа да жұмыс
беруші арасында қайта бағдарлау.
4. Жұмысшы-жұмыс беруші қатынасында серіктестіктің дамуы үшін
қажетті талаптарды қамтамасыз ету. Жұмысшыға өз мамандығының өсіміне,
отбасының табыс деңгейінің жоғарлауына, әлеуметтік шарттың жақсаруына
талаптар қамтамасыз етілуі қажет. Жұмыс беруші өндірістің әрі қарай
дамуына, оның техникалық деңгейінің дамуына, техниканың жаңа техникаға
көшуіне өндірістің ҒТП деңгейінің жалпы сәйкестігіне қажетті талаптары
болуы керек. Жұмысшы мен жұмыстың сәйкестігі үзілмеу керек.
Нарықтық қатынас сатушы мен сатып алушы бір-бірімен нарықта стихиялы
байланыста болатын қоғамның қызмет етуінің экономикалық ұйымдастыру нысаны.
90 жылдары қайта қалыптасулар бойынша жұмыспен қамту мәселелері және
еңбек қатынастары әлеуметтік, экономикалық қайта құру нәтижесінде әртүрлі
мәселелер туындады. Ең маңызды әлеуметтік мәселенің бірі тиімді жұмыспен
қамтуды қалыптастырудың жүйесін құру. Бұл бағдар өндірістің қайта
қалыптасуы мен еңбек потенциалын жүзеге асыруда әлеуметтік-экономикалық
маңызды көрсеткіштері ретінде жаңа талаптарды иеленді. Тиімді жұмыспен
қамту өмір сүру образына сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамумен қатар
қоғамдық өндірістің серпінді талабына сай жұмыс жасаушылардың ұдайы
өндірісіндегі экономикалық, әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін
шаруашылық қоғамдық жүйесін көрсетеді. Жұмыспен қамтудың классикалық
теориясына сәйкес таза капитализм толық жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге
қабілетті. Бұл бағамен еңбекақы икемділігіне негізделген. Экономист-
классиктер ұсыныс, сұранысты тудыратын жалпылама өндіріс мүмкін емес деп
түсіндірді. Бұл қорытынды ақша нарығында жинақтау қорында мүмкін еді.
Классикалық теорияға сәйкес уақытша жалпы шығындардың төмендеуі бағамен
еңбекақының төмендеуімен, өндірістің жалпы көлемі мен жұмыспен қамту жалпы
табыс төменделмейді. Жұмыспен қамтудың кенсиандық мөлшерде пайыз
мөлшерлемесіне жинақтаумен инвестиция төмендейді. Себебі, жинақтау мен
инвесторлардың субъектілері әртүрлі топтардан тұрады және де пайыз
мөлшерлемесіне байланысты емес, сонымен бірге өзгерістер бірден ақша көлемі
халықтардың қолында болғандықтан, банкпен қаржы мекемелері берілетін
саудалар да қорларды ұсыныс ағымындағы жинақтаудан төмен немесе жоғары
болуы мүмкін. Кесиандықтар практикалық теориялық тұрғыдан бағамен
еңбекақыға күдік келтіреді.
Жұмыспен қамту азаматтардың жеке және қоғамдық қажеттіліктерін
қанағаттандыруымен байланысты ҚР заңына сәйкес еңбекақымен еңбек табысына
әкелетін қызметі. Азаматтардың жұмыспен қамтылуына мыналар кіреді:
- еңбек келісім шарты бойынша жұмыс істейтіндер (толық немесе
жартылай сыйақыға жұмыс істейтіндер, басқа да төленетін жұмыспен
айналысатындар уақытша және мерзімді қоғамдық жұмыстардан
басқалары);
- кәсіпкерлік қызметпен айналысатындар;
-   келісім бойынша өнімді өткізумен айналысатындар;
- азаматтық құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша орындаушылар (қызмет
көрсету, жұмыс орындау, жеке келісімдер, авторлық келісімдер,
өнеркәсіптік кооперативтік мүшелер);
- төленетін қызметке сайланған бекітілген тағайындалғандар;
- әскери қызмет өтеушілер (ішкі істер органдар);
- жалпы білім беру мекемелерде оқулық, күндізгі курсынан өтушілер
(бастапқы кәсіптік мекемелер, орта жоғары кәсіптік білім беру, т.б.);
- уақытша жұмыс орнында еңбекке қабілетсіздігіне демалысына қайта
дайындығымен, біліктілігін көтерумен өндіріс құрылымының өзгерісімен
көтеріліске байланысты әскери шараларға тартылуымен уақытша бос
жұмысшылар;
-  ұйымдардың құрылтайшылар, мүшелер болып табылатын (қоғамдық діни
ұйымдардың, қайырымдылық, т.б.) заңды ұйымдар. Бұл ұйымдарға құқықтық
қатынас ретінде мүліктік құқығы жоқ.
Жұмыспен қамтылудың әлеуметтік-экономикалық кәсіптік-білімдік деңгей
экономикасын даму сатысында прогрестік мәнге ие. Мемлекет өз елінің
тұрғындарына жұмыс жағынан қамтамысз етуге кепілдік береді. Оларды жүзеге
асыру үшін мемлекет арнайы заңдар қабылдады. Бұл заңдарға сәйкес мемлекет
әрбір субъектері жұмыс түрін таңдауға еңбек қырлауына және соған сәйкес
уақыттылы еңбекақысын алуына қамтамасыз етеді. Мемлекет жұмыссыз
азаматтарға ақысыз кәсіби біліктілік курстарын өтуге және жағдайы келсе,
жұмысқа орналасуға кепілдік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз
қамтылғандарды арнайы бағдарламалар, ұсыныстар дайындайды[5].
Жұмыспен қамтылудың әлеуметтік-экономикалық кәсіптік-білімдік деңгей
экономикасын даму сатысында прогрестік мәнге ие. Мемлекет өз елінің
тұрғындарына жұмыс жағынан қамтамысз етуге кепілдік береді. Оларды жүзеге
асыру үшін мемлекет арнайы заңдар қабылдады. Бұл заңдарға сәйкес мемлекет
әрбір субъектері жұмыс түрін таңдауға еңбек қырлауына және соған сәйкес
уақыттылы еңбекақысын алуына қамтамасыз етеді. Мемлекет жұмыссыз
азаматтарға ақысыз кәсіби біліктілік курстарын өтуге және жағдайы келсе,
жұмысқа орналасуға кепілдік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз
қамтылғандарды арнайы бағдарламалар, ұсыныстар дайындайды.
Қазіргі кезеңде еңбек нарығының категориясының үлкен мәні бар. Ғылыми-
техникалық прогрестің әсерінен мазмұны мен сипаты өзгереді, жұмысшыға талап
күшейеді, осыған байланысты әлеуметтік, демографиялық және т.б. факторлар
енеді. Еңбек нарығының мәселелер санына – дамыған нарықтық экономиканың
еңбекшілердің жаппай жұмыссыздығы. Дамыған елдердің тәжірибесін жинақтап,
еңбек нарығының дамуының келесі сипаттамасы бөлінеді:
- Жұмысшы-жұмыс беруші өндірістік қатынаста экономикалық және
құқықтық нормаларға сәйкес жақтардың институционалды бекітілген
теңдігі. Бұл әрбіреуі берілген қатынас шарты ретінде өз талаптарын
қоя алады, екі жақтан қатынас экономикалық талаптарын ғана шектейді.
Жұмысшы мен жұмыс беруші теңдігінің шарты келісім шартта
көрсетілген нақты жұмыс сағатында анықталған (барлық еңбекті) жеке
адамның барлық еңбек әлеуеті немесе осы әлеуеттің бір бөлігі.
Егер жұмыс нәтижесі мен орындау мерзімін ғана қарастырса жұмысшы өз
жұмыс уақытында, жұмыс графигінде, еңбек тәртіптемесінде толық бос. Ол өз
нәтижесі бойынша бірнеше мәмілелерге түсуіне болады, кекелген сыйақыны және
т.с.с алуына болады. Қатынастың бұл нысаны – екі жақтан да тиімді.
- Құқықтық актілермен әлеуметтік институттарға сәйкес тіркелген адам
еңбегінің бірегей бағалығын қоғамдық мойындау. Бұл мысал практикада
мамандықсыз жұмысшыны қабылдау, жұмыста оның мамандық дайындығы мен
өндірістік тәжірибесінің деңгейі төмен және оның мамандық өсімінен
шектелетін жұмысшыны қабылдауға мүмкіндік бермеу.
- Мемлекет қызметінде жұмыс беруші қызметінен еңбек облысында
қатынастарды реттеу қызметіне, соның ішінде жұмысшы мен басқа да жұмыс
беруші арасында қайта бағдарлау.
- Жұмысшы-жұмыс беруші қатынасында серіктестіктің дамуы үшін қажетті
талаптарды қамтамасыз ету. Жұмысшыға өз мамандығының өсіміне, отбасының
табыс деңгейінің жоғарлауына, әлеуметтік шарттың жақсаруына талаптар
қамтамасыз етілуі қажет. Жұмыс беруші өндірістің әрі қарай дамуына, оның
техникалық деңгейінің дамуына, техниканың жаңа техникаға көшуіне өндірістің
ҒТП деңгейінің жалпы сәйкестігіне қажетті талаптары болуы керек. Жұмысшы
мен жұмыстың сәйкестігі үзілмеу керек.
Нарықтық қатынас сатушы мен сатып алушы бір-бірімен нарықта стихиялы
байланыста болатын қоғамның қызмет етуінің экономикалық ұйымдастыру нысаны.
Сонымен, жұмыс күші дамуының тұжырымдамасы дамудың барлық қырларын,
мейлі ол экономикалық өсу немесе ақша саясаты, жинақтау не инвестициялау,
технологиялар, негізгі әлеуметтік қызметтер немесе кедей тұрмыстылар үшін
әлеуметтік қамсыздандыру болсын, түгел қамтиды. Осылардың бірде -
біреуі даму аясының шеңберінен шықпайды, бірақ оның басымдығы мынада,
ол адам таңдауын ұлғайту мен оның өмірін байытуға бағытталған.

1.2 Еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасы мен
методологиясы

Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол
жұмыс істейтін басқару күшімен кадр бөлімі, оқу және зерттеу орталықтары,
сонымен қатар әлеуметтік қызмет корпорациялары, мемлекеттік мекемелер,
коммерциялық емес ұйымдар және т.с.с.
Нарықтық экономикаға өту өзіне қажет еңбек нарығы мен жұмыс күшін
еріксіз тартады.
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы,
олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер
етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық
агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан
еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің
арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі
және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады.
Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын айтамыз.
Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса
қоймаған. Бұл елдердің өзінде еңбек нарығы тетіктерінің бір – бірімен
үйлесуінде айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының көп
түрлері мен модельдері болады [ 6].
Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратуға
болады:
- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар);
- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар).
Сыртқы еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшінің облыстық, салааралық
деңгейде жылжуға бейімделген процесстерін, яғни, жұмыс орындарын
еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады. Ішкі еңбек
нарығы еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген.
Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады :
1) әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының
әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті
дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету;
2) экономикалық қызметте еңбекке тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу
және пайдалану;
3) ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары
еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға
мүмкіндік тудырады.
Қазақстандық экономикалық әдебиеттерде зерттеушілердің біреуі
еңбек нарығы терминін қолданса, ал екінші біреулері жұмыс күшінің
нарығы терминін қолдануда. Соған байланысты осы екі терминнің біреуін,
яғни еңбек нарығы терминін қолданған дұрыс деп ойлаймыз.
Еңбек нарығы шетелдік әдебиеттерде жеткілікті түрде зерттеліп,
айқындалған. Ал, ресейлік Саткина М.А., Гибриков Г.Г. және қазақстандық
Н.К. Мамыров және т.б. бір топ ғалымдар еңбек нарығы анықтамасын ғылыми
тұрғыдан беруде әр түрлі көзқарасты ұстанады.
Дамыған нарықтық экономикалық жүйеде барлық еңбек өнімдері тәріздес
жұмыс күші де тауарлы форманы иеленеді. Неоклассикалық экономикалық
теорияда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал мен инвестициялар
нарығымен қатар ерекшеленген жұмыс күші мен еңбек нарығы да қарастырылады.
Сондықтан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, саяси-
шаруашылық тәжірибеде жұмыс күші нарығы мен еңбек нарығы деген ұғымдар
бір-біріне сәйкес ұғымдар ретінде қабылданған.
Еңбек нарығына сыртқы факторларының әсер етуі әлемдік қоғамдастыққа
Қазақстанның ықпал ету дәрежесіне байланысты және ол ықпал ету
үдерістерінің дамуы мен республиканың Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ)
кіруімен күшейе түседі. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі өзгерістер қазіргі
уақытқа дейін республиканың еңбек нарығына онша әсер етпейді. Әлемдік
бағалардың шикізат ресурстары коньюнктурасы экономика мен әлеуметтік
саланың дамуына тұрақты әсерін тигізеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайы халықтың
экономикалық белсенді және белсенді емес көрсеткішін, жұмыспен қамтылуы
және жұмыссыздық көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады.
1945 жылы капиталистік елдің экономикалық жағдайы анық түрде
ерекшеленді. АҚШ өзінің территориясында әскери қимылдар болмағандықтан
өндіріс қуаты және рекордты түрде экономикалық өсу байқалған. Ал керісінше,
Батыс Еуропа және Жапония елдері біршама қирауға ұшыраған. Ол елдердің
халқы интенсивті құрылыс жұмыстарын жүргізе отырып шығындарға төзуге тура
келді. Бұл жағдайлар мысалы, Германия және Жапония елдерінде 40-ші жылға
дейін жалғасқан. 30-жылдары экономикалық өсу бүкіл аймақта болды және
жұмыссыздықты болдырмады.
Жапониядағы жұмыспен қамтуды басқару. Өмірлік жалдану жүйесінің
мағынасы, жұмысшы нақтылы түрде өмір бойы бір кәсіпорында жұмыс істейді,
бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім деңгейіне (орта білім
немесе жоғары білімді) байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым жұмысшыдан
бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс
орнында алған білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден, төменнен
бастап, жас маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік алады, басшылардың,
қызметтестердің мойындауына жету, репутациясын орнату.
Шетелдік тәжірибеде көп уақыт бойына жұмыспен қамту мәселесі қоғамдық
келісімде арнайы енгізілмеген. Бірақ 20 ғасырдың 70-жылдары мұнай
дағдарысына байланысты өзгерген болатын (1973-1979 жылдар). 1980 жылға
дейін жұмыспен қамту бойынша 170 келісім кабылданды. Келісімдерде жұмыс
берушілер жұмыскерлерді бір жыл ішінде немесе бірнеше жыл ішінде босатуға
міндеттеме алады. Мұндай келісімдер белгілі бір жағдайда және берілген
саланың кәсіпорындағы жеткілікті түрде кезекті бағыт ұстанғанда мүмкін
болады. Оны төмендегі 1-ші кестеден көруге болады.

Кесте 1
Еңбек нарығын реттеу үлгілері

Еңбек нарығын Қолданыстағы үлгісі Ерекшелігі Ескерту
реттеу үлгісі
Америкалық Жұмысқа алу мен жұмыстан Тұрғындардың Жұмыссыз
үлгі шығу еркіндігі; еңбек нарығына кедейлердің
Фирма деңгейінде кірудің қиындығы көптігі
ұжымдық-келісімдікті
реттеу
Шведтік үлгі Жұмыс орындарын құруға, Еңбек нарығына Еңбек ақы
кәсіби даярлау мен қайта жастардың жұмысқатөлеудің төмен
даярлауға көп шығын жұмсауорналасу қиындығыболуы
Жапондық үлгі Өмірлік жалдану Бұл жүйе Жастардың қызмет
жүйесінің қолданылуы жастардың еңбек ету аясының тар
етуіне өз әсерін болуы
тигізуі
Қазақстандық Еңбек нарығын белсенді Еңбекке Жас маманды
үлгі түрде жүргізу, жұмыспен орналастыру жұмысқа алу
қамту саясатын іске асыру бойынша жалпы кезінде мемлекет
қоғамдық жүйенің тарапынан
жұмыс істемеуі кәсіпорындарға
қолдау көрсетудің
жоқтығы
Е с к е р т у - [6] қайнар көзі негізінде құрастырылған

Осы шетел тәжірибесін қолдана отырып, Қазақстанның еңбек нарығын реттеу
жүйесін жасауға болады. Шетелдің еңбек нарығына байланысты тәжірибесін
қарастыра отырып Қазақстан өзінің еңбек нарығын реттеу бойынша үлгісін
құруы қажет.
Экономиканың аса маңызды басымды дамуының бірі бұл – мемлекет
Басшысының Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты ең пәрменді саясаты
болған және болып қалады деп анықтаған қазіргі тұрақты саясат болып
табылады. Барлық бағыттар бойынша бізде бағдарламалар бар, олар қозғалыссыз
емес: біз халықаралық тәжірибені енгізіп және жаңа беталыстарға сәйкес,
алға қойған міндеттерге жетуді жалғастыруымыз керек.
Соңғы жылдары әзірленген үкіметтік құжаттар ( 2010–2015 жылдары
әлеуметтік реформаларды әрі қарай тереңдету бағдарламасының жобасы), сондай
– ақ басқада мемлекеттік және салалық бағдарламалар едәуір шараларды
көздейді, ал жалғасып келе жатқан экономикалық өсім, халықтың жұмыспен
қамтылу деңгейін көтеру үшін мүмкіндік құрайды, жұмыссыздықты төмендетеді,
адамзат ресурстарына салынатын инвестицияларды көбейту үшін жағдай
туғызады[7].
Қазіргі уақытта Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайы халықтың
экономикалық белсенді және белсенді емес көрсеткішін, жұмыспен қамтылуы
және жұмыссыздық көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады.
Президентіміздің басты мақсаттарының бірі аса дамыған 50 елдердің
қатарына қосылу үшін орта және кіші бизнесті дамыту болып табылады. Бұл
мақсат үшін 10 бизнес-центр және 2 бизнес-инкубатор, 20 бизнес-ассоциациясы
құрылды. Облыстағы компанияларды ішкі нарықта дамытып, көршілес елдердің
іскерлігіне қарап дамытуға тиіспіз. Өз бизнесімізді ерекшелендіріп,
шетелден қызығушылық дамытып оларды өзімізге тартуға тиістіміз. Бұл үшін
бізде басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау құрылымы бар. Осы бойынша
жоба құрып көздеген мақсатқа жетуге тиістіміз. Тиімді жағында жұмыспен
тіркелгендердің саны көп болуы да мүмкін, ал тиімсіз жағында тіркелген
жұмыссыз халықтың көбісі жұмыспен қамтыла бермейді, яғни олардың белгілі
бір мөлшері ғана жұмыспен қамтамасыз етіледі. жеке меншік болғаннан кейін
жұмыссыз халықтың қамтамасыз етілген бөлігі сол биржа мекемесінің қызмет
көрсеткені үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлейді.
Еңбек нарығының негізгі көрсеткіші еңбек ресурсы болып табылады. Еңбек
ресурстарының саны мен сапасы халықтың саны мен жас-жыныстық құрамына
байланысты анықталады.
Қоғамдық даму қажеттілігі мемлекеттің демографиялық процестерді
қалыптастыруға белсенді араласуын міндеттейді. Демографиялық процестер өз
табиғаты жағынан тікелей жоспарлау объектісі бола алмайды, бірақ оны жанама
әдістер арқылы реттеуге болады. Ол қоғамның жалпы әлеуметтік-экономикалық
саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Оған демографиялық процестерге
тікелей әсер ететін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, моральдық-
психологиялық және медициналық –демографиялық шаралардың жиынтығы жатады.
Өз кезегінде, бұған демографиялық факторды ескере отырып, тұрғын үй
жағдайын жақсарту, балаларға арнайы жәрдемақыны төлеу, балалар
мекемелерімен қамтамасыз ету, аналарға аяғы ауыр кезінде, босанғанда және
балаға қарау кезінде берілетін демалыс уақытын ұзарту мен оған жәрдемақы
төлеу, сонда-ақ, ұжымдарға моралдық ахуалды жақсарту жатады.
Еңбек ресурстарының саны – барлық еңбекке қабілетті халық пен жұмыс
жасайтын зейнеткерлерді, жасөспірімдерді қоса алғандағы және осыдан жұмыс
жасамайтын мүгедектер мен жеңілдетілген зейнеткерлік жастағы адамдар санын
алып тастағандағы нәтижеге тең адамдар саны. Персоналдармен жұмыс
жасағанда :
Келгендер саны – жұмысқа келген кәсіпорын қызметкерлерінің саны
Тізімдік сан – кәсіпорында жұмыс жасайтын барлық жұмысшылар саны
Орташа сан – жұмысшылардың жұмысқа қабылдануын және жұмыстан шығуын
есептегендегі сан сияқты көрсеткіштер қолданылады.
Кәсіпорын жұмысшыларының жеке құрамы кәсіпорын персоналы немесе
кәсіпорын қызметкерлері деп аталады. Олар өндірістік бағдарламаны жасаудан
бастап, материалдық құндылықтарды жоспарлау, өндіріс процесінің негізгі
және қосымша операцияларына қатысу, шаруашылық әрекетті ұйымдастыру және
басқарудан бастап дайын өнімді шығаруға дейінгі барлық функцияларды
атқарады.
Сонымен қатар жұмысшылар инженерлік – техникалық мамандар, қызметкерлер
және жұмысшылар болып бөлінеді.
Инженерлік – техникалық мамандар өндіріс процесін ұйымдастырып, оны
басқарумен айналысады.
Қызметкерлерге – қаржы – есеп, жабдықтау, сату және тағы басқа
функцияларды атқарушы жұмысшылар жатады.
Жұмысшылар – материалдық өнімдерді шығару немесе өндірістік және
тасымалдау қызметін атқарушы кәсіпорын қызметкерлері. Олар негізгі және
көмекші болып бөлінеді.
Еңбек ресурстарын жұмысқа қабылдап және олардың қызметін әрі қарай
өсірудің негізгі талаптары:
- жоғарғы кәсіпкерлік квалификция және оқытуға бейімділік;
- араласу тәжіребиесі мен бірге жұмыс жасауға дайындығы.
Кәсіпорында жұмыс жасайтын барлық жұмыскерлер 2 категорияға бөлінеді:
- өнеркәсіптік - өндірістік персонал (өндіріс процесінде еңбек
етушілер);
- кәсіпорынға қарйтын бейөнеркәсіп жұмысшылары (тұрғын үй шарушылығының,
балабақшалардың, емдеу ұйымдарының және т.б. қызметкерлері).
Сонымен қатар, жұмыскерлер – инженерлік – техникалық мамандар (ИТМ),
қызметкерлер және жұмысшылар болып бөлінеді.
Еңбек ұжымы жұмыскерлердің жалпы санына қарай кәсіпкерлік біліктілігіне
сай әрқашан да өзгерісте болады: біреулер жұмысқа кіріп жатса, бірулер
шығып жатады. Мұндай өзгерістер кадрлар ағымдылығы деп аталады.
Еңбек күші материалды игіліктер өндіруге немесе қызметтер көрсетуге
бағытталған еңбек әрекетіне физикалық және интеллектуалды қабілеті бар
халықтың еңбекке жарамды бөлігі, яғни еңбек күшіне, бір жағынан экономикада
жұмыс істейтін, басқа жағынан жұмыс істемейтін , бірақ еңбекке жарамды
адамдар жатады. Еңбек – материалды және мәдени құндылықтарды жасауға
бағытталған адамдардың мақсатты әрекеті. Еібек адамдардың өмір сүруінің
негізі мен алғы шарты. Қоршаған ортаға ықпал ету, өзгерту және оны өз
қажеттіліктеріне бейімдеу арқылы адамдыр өзінің өмір сүруімен қатар
қоғамның дамуы мен прогресіне жағдай жасайды [8].
Еңбек ресурстарының құрылымы көп түрлі. Оған еңбек ресурсының барлық
жақтарын сипаттайтын компаненттер кіреді.

Сурет 1. Еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында бұзылған еңбек заңнамасы бойынша туындайтын қатынастардың құқықтық реттелуі
Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғаудың ерекшеліктері
Еңбек туралы заңдарды бұзу үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері
Мекемелердегі кадрларды есепке алу құжаттары
Еңбек келісім шарт
Еңбек шартын бұзу
Қызметкерлердің тәртіптік жауаптылығы
Қазақстан Республикасының еңбек кодексі негізінде еңбек шартының реттелуі
Жұмысқа орналасқандар қатарынан жұмыссыздарға және керісінше ауысуы
Жеке еңбек шартының мерзімі
Пәндер