Жартылай өзгермелі шығындар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕГІ КӘСІПОРЫН БАСҚАРУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 7

1. 1 Шығындар туралы түсінік және олардың жіктелуі . . . 7

1. 2 Шығындарды шешім қабылдау және жоспарлау үшін жіктеу . . . 14

1. 3 Кәсіпорындағы басқару шығындарының құрылымы және олардың есебі . . . 22

1. 4. Жалпы әкімшілік шығындар мен басқа да шығындардың есебі . . . 27

ІІ «СТАНДАРТ ГАЗ АЛМАТЫ» ЖШС-НІҢ ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ . 41

2. 1 «Стандарт Газ Алматы» жеке кәсіпорынынның жалпы сипаттамасы . . . 41

2. 2 Жалпы және әкімшілік шығындарды бақылау және талдау. Шығын түсінігі және оларды талдау міндеті . . . 45

2. 3 Кезең шығындарын талдау . . . 50

2. 4 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау . . . 57

ІІІ «СТАНДАРТ ГАЗ АЛМАТЫ» ЖШС-НІҢ БАСҚАРУ ШЫҒЫНДАРЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ . . . 66

3. 1 Ішкі аудитті ұйымдастыру . . . 66

3. 2 Ішкі аудиттің құрамы мен қызметі және қарастыратын мәселелері . . . 74

3. 3 «Стандарт Газ Алматы» ЖШС-нің бухгалтерлік есеп құру негізі, экономикалық талдауы мен аудиті . . . 80

  1. Әкімшілік шығындарының аудиті . . . 84

3. 5 Ішкі аудиттің нәтижесі . . . 93

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 96

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 104

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шығындарын басқара отырып, өндірістік шығындардың құрылымын талдау мен оны төмендету жолдарын анықтаудың рөлі ерекше жоғары, өйткені оның нәтижелері өткізу шығындарының деңгейін, материалды, еңбек және қаржы ресурстарын үнемдеу қорларын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар нарықтық экономика жағдайында әр кәсіпорын өзінің табысын максималдауға тырысады. Оған әр түрлі факторлар әсер етеді. Осы факторлардың ең маңыздысы кәсіпорын шығаратын өнімнің өзіндік құны болып табылады, өйткені нарықтық экономика жағдайындағы мақсатқа жету үшін шығындарды мүмкіндігінше төмендету арқылы табысты жоғарлату қажет.

Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.

Кәсіпорындар өздерінің өнімдерін (жұмыстарын, қызметтерін) сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге кеткен шығындармен қоса басқарушылық шығындарын қысқартуға қатысады. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін, басқарушылық шығындарының пайда болу себебін, құрылымын анықтай отырып, оның шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдіреді.

Қатаң бәсекелестік жағдайы кәсіпорындардың шығындарды басқару процесіне, оларды есептеу мен бақылау жүргізудің жетілдіру жолдарын іздеуге үлкен қызығушылық тудыруына әкеледі. Кәсіпорында шығындарды басқару процесін ұйымдастыру шығындардың жалпы деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл кәсіпорынға қосымша бәсекелік артықшылықтарды береді.

Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттырады.

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.

Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөз-бен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістікте-рі басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін емес және мақсатқа сай келмейді. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, соның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.

Барлық кәсіпорындарда да шығындарды рационалды деңгейге дейін төмендету үшін резервтер қалыптасқан, ол кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігінің өсуіне, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға қол жеткізуге көмектеседі. Өнім бірлігін шығаруға шығындарды төмендету кәсіпорынға айтарлықтай төмен және икемді баға орнауға көмектеседі, ол бәсекелестер алдында маңызды артықшылық береді. Сол себепті әрбір кәсіпорын үлкен экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін шығындарды талдау мен оларды тиімді басқарудың маңызы зор.

Соңғы жылдары шикізат құнының, материалдардың, энергияның өсуіне, сонымен қатар, несиені тұтыну үшін пайыздық ставкалардың, жарнамаға деген шығындардың өсуіне байланысты өндіріс шығындарының өсуі тенденциясы бақылануда. Нарықтық қатынастардың қалыптастыру халықаралық тәжірибе мен нарықтық экономика кезеңіне өту ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріс шығындарын басқару тәжірибесін жетілдіруді талап етеді. Бұл кәсіпорынға бәсекелестік жағдайында өмір сүруіне, пайданы максималдау мен шығындарды минималдауға, кәсіпорын қызметінің рентабельділігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Шығындарды басқарудың мақсаты - ылғи да шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сонымен бір мезгілде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ұстап тұру. Шығындарды басқару кез-келген басқару процесіне сай кезеңдерді өзіне қосады.

Шығындарды дұрыс басқару үшін, біріншіден, оның мәнін сипаттайтын анықтама беру қажет, екіншіден, оларды нақты белгілері бойынша топтастыру қажет, ол олардың басқару объектісі бойынша шығын деңгейін белгілеуге көмектеседі және де кәсіпорында шығындарды басқарудың негізгі әдістерін зерттеп, жоспарлау, есептеу, бақылау, талдау жүргізу қажет.

Дипломдық жобаның мақсаты - казіргі нарық жағдайындағы кәсіпорындардың басқарушылық шығындарын:яғни жалпы әкімшілік шығындарын, өзге де шығындары, т. б. шығындарын төмендету жолдарын анықтап, олардың теориялық аспектілерін көрсете отырып, біз шығындарды қысқартудың тиімді жолдарын іздестіреміз. Шығындарды басқару жүйесінде тиімділікті арттыратын және өндіріс шығындарының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге ықпалын тигізетін шараларды өңдеу, пайданы максималдау арқылы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

- басқару мақсаты үшін шығындардың экономикалық мәнін ашу және олардың жіктелімін көрсету;

- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;

- кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін талдау;

- талданатын ұйым бойынша жиналған мәліметтер негізінде өндріске кететін шығындарға талдау жүргізу;

- шығындарды басқарудың қазіргі таңдағы әдістерін анықтау;

- кәсіпорында шығындарды басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.

Дипломдық жобаның міндеті - таңдап алынған тақырыпқа сай келтірілген кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық құжаттарын өз бетінше қолданып, оған талдау жасау, кәсіпорынға іс жүзінде нәтиже берерлік ұсыныстар, идеялар ұсыну.

Нарықтық қатынасқа өту кезеңіне талдау объектісі болып жай ғана өндірістік процесс емес, сонымен қатар басқарушылық шығындарын талдау болып табылады.

Дипломдық жобаның зерттеу объектісі - «Стандарт Газ Алматы» ЖШС-ның қаржылық-шаруашылық қызметі.

Негізгі бөлімі үш тараудан (бөлімдерден) тұрады. Бұл тараулар дипломдық жұмыстың мазмұнын ашады, өз кезегінде тараулар тараушаларға (параграфтарға) бөлінеді. Жұмыстың ерекшеліктеріне байланысты бұл бөлім мәтіннен, мәтін мен кестелерден немесе мәтіннен, кестелерден және басқа да иллюстрациялардан тұрады.

Бірінші тарау теориялық бөлім болып саналады. Бұл тарауда зерттеу объектісінің қысқаша экономикалық сипаттамасы беріледі. Бірінші тарау тақырыптың теориялық аспектілерін ашады, яғни жалпы шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі, кәсіпорын шығындарын басқару, талдау қарастырылған.

Екінші тарау аналитикалық сипатта болады, талдау көрсетіледі. Талдау тәжірибелік дәлелденеді, яғни сала немесе кәсіпорын мысалында жазылады. Екінші тараудың саны мен сапасына байланысты ұсыныстардың тереңділігі мен дәйектілігі анықталады. Жұмыстың негізгі бөлімінде кәсіпорынның қызметі туралы жазған кезде графикалық (сызбалар, диаграммалар, кестелер және т. б. ), функционалды, математикалық, статистикалық және т. б. талдау әдістері кең пайдаланылған. Көрсеткіштердің 2 жыл ішіндегі динамикасы, құрылымы, құрамы анықталған.

Үшінші тарау аудиторлық сипатта болады, ондағы ерекшеліктер көрсетіледі. Ішкі аудит жекеленіп қарастырылып, кәсіпорында қалай жүзеге асырылатыны туралы және бағалануы жазылады. Осы тарауға байланысты ішкі аудит қызметін жақсарту туралы ұсыныстардың қарастырылған.

Бірінші жағдайда тарау жоба түрінде қарастырылады. Теориялық және тәжірибелік мәселелер авторлық сипатта көрсетілген. Бұл тарауда зерттеліп отырылған объектінің қызмет етуіндегі мәселелер қарастырылады. Екінші тарауда қарастырылған талдау негізінде есептеулер жасалынып, мәселелердің шешу жолдары беріледі. Дипломдық жобаның мазмұны тақырыпқа, зерттеліп отырған мәселеге сәйкес болу арқылы анықталып, теориялық және нақты материалдар негізінде жазылған.

Қорытынды дипломдық жұмыстың соңғы бөлімі болып табылады. Бұл бөлімде зерттеу нәтижесінде пайда болған теориялық және тәжірибелік ұсыныстар беріледі. Жобаның қорытындысын жазуды жеңілдету үшін әр бөлімнің соңында қорытындылар қалыптастырылған, зерттеулердің нәтижелерін қорытқанда олар қосылған. Қорытындыда тәжірибелік маңызы бар дипломдық жобаның мазмұнынан шығатын ұсыныстар қарастырылады және зерттеу объектісі қызметіндегі мәселелер бойынша берілген ұсыныстар мен шешімдерге баға берілген.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде барлық қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Қосымшаларға орындаған дипломдық жобаны толықтыратын материалдар қосылған. Олар дипломдық жобадағы талдау жүргізіліп отырған кестелер, графиктер мен схемалардан басқа жұмысқа кірмеген кестелер, графиктер, схемалар, формулалар, есептер, нұсқаулар мен әдістемелер болып келеді. Жұмыста пайдаланылған кәсіпорынның статистикалық және салықтық есебінің материалдары қосылады. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде алған білімімізді тереңдету, бекіту және бухгалтерлік есеп, аудит, экономикалық талдау аумағында іс тәжірибелік дағдыны арттыру мақсатында осы тақырыпты тандадық.

І БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕГІ КӘСІПОРЫН БАСҚАРУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚАСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Шығындар туралы түсінік және олардың жіктелуі

«Шығындар қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субьектінің балансында актив ретінде көрсетілген, келешекте табыс әкелуге қабілетті қаражаттар» - бұл Г. М. Лисович пен И. Ю. Ткаченконың шығынға берген түсініктемелері. Осымен қатар кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның басқалай да түсіндірмесі кездеседі. Мәселен, профессор Ч. Т. Хорнгерн, Дж. Фостер келесідей түрде тұжырымдайды: « Шығындар - тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынылатын ресурстар ( ақшалар ) ». Тура осындай мазмұндағы анықтаманы кейінірек профессор А. Д. Шеремет және басқа да авторлар берді. Бұл ұғымдардан «шығындар» тұжырымдамасының абстрактілі екені көрінеді. Сондықтан да осы күнге дейін экономикалық әдебиеттерде шығынның анықтамасы бойынша көзқарастардың біртұтастығы жоқ. Отандық тәжірибеде ұқсастығына байланысты «шығындар», «шығындар», «жұмсалған қаражат» бірдей деп теңдестіріледі және «өндіріс шығындары» немесе «өндіріске жұмсалған шығын» терминдері бір мағынада қолданылады. Соған қарағанда шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға байланысты түрлі мәнге ие болатын сияқты. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін бірнеше әдістермен жіктеледі, яғни шығын бір мағыналы ғана емес. Шығын факторы - шығындардың пайда болуына әкелетін кез-келген оқиғалар не жағдайлар, олар әр түрлі мақсатқа байланысты топтастырылады.

Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек. Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз - шешімдердің типтес топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу обьектілерін таңдау. Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса, кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоқ екенін ескеруі тиіс. Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.

1. Құрамы бойынша:

  • Нақтылай;
  • Жоспарлы немесе болжамды.

2. Өндірістің көлеміне байланысты:

  • Ауыспалы;
  • Тұрақты.

3. Орташаландыру дәрежесі бойынша:

  • Жалпы;
  • Орташа.

4. Басқару тәсілдері бойынша:

  • Өндірістік;
  • Коммерциялық;
  • Әкімшілік.

5. Өзіндік құнға кіргізу әдісі бойынша:

  • Тікелей;
  • Жанама.

6. Пайда түскен кезеңге шығындарды реттеу және жинақтау.

  • Өнімге;
  • Кезеңге.

«Шығындар» ұғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты активтердің азаюы (материалдар, ақшалай қаражаттар) немесе міндеттемелердің артуы (кретиторлық қарыз) енеді. «Шығындар» мен «шығындар» ұғымдарын толығымен ұқсас деуге болмайды. Қаржы саласындағы стандарттары бойынша «Шығындар» - есепті кезеңде активтерді пайдалану немесе есептен шығару жағдайында табыстың азаюы, сондай-ақ капиталдың кемуіне әкелетін және соған сәйкес қосымша міндеттемелердің пайда болуы.

«Шығындардың» мәнін жеткілікті түсіну үшін, оны үш жақты қарастыру керек. Біріншіден, шығындар анықталады.

Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез-келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу жайын (мақсатын) салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде белгілі мақсаттарға ақшалай (кейде натуралды не материалды емес) көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді. «Шығындарды» есепте көрсету соңғы өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде «өздерін түрліше алып жүреді», ал жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын - пропорционалды, прогрессивті немесе дегрессивті түрде көрінеді. «Шығынның» мұндай әрекетін көре тұра шетелдік әдебиеттерде, теориялық еңбектерде «шығынның әрекеті (қылығы) » деген термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы (қарқыны) туралы айту қабылданғанмен, «шығынның әрекеті (қылығы) » термині тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығындардың мүмкін болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін өте ауқымды ұғым болып табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің деңгейлеріне тәуелді «шығындардың әрекеті (қылығы) » қалай өзгеретінін көрсету өте маңызды роль атқарады. Сондықтан шығынға қарап бюджетті жоспарлағанда келесідей мәселелер туады:

- Келесі жылға өндірістік қызметтің қандай түрін жоспарлау керек?

- Сатылатын тауарлардың көлемінің өсуіне байланысты сату бағасын азайту керек пе?

- Өнімді сатумен айналысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қандай нысанда болуы керек: комиссиондық сыйақы, жалақы немесе олардың комбинациялары?

- Өнім шығарудың мөлшерін арттыру үшін қосымша құрал-жабдықтар сатып алу керек пе?

Мұндай құбылыстарды (обьектілерді) ұғыну үшін осы немесе басқа белгілері бойынша шығындарды топтастыру жүргізіледі. Объектілерді жіктеу (классификациялау) белгілері көп болған сайын оның зерттелу деңгейі де жоғары болады. Бұл өз кезегінде объектінің басқарушылық деңгейін арттырады.

Есептік ақпараттарды жіктеу схемасының көптігіне байланысты эталон ретінде олардың қандай да бір түрін бөліп алу қиындық туғызады, өйткені жіктеу сызбасы ақпараттың арналымына (мақсатына) тәуелді. Сондықтан шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізде жіктеудің үлкен мағыналық мәні бар екенін 1-кестеден көруге болады.

Кесте 1 Топтастырылатын белгілеріне байланысты жасалатын шығындар жіктемесі (классификациясы)

Жіктеу белгілері
Шығын түрлері
№: 1
Жіктеу белгілері: Мазмұны (айналымы бойынша)
Шығын түрлері: Негізгі және үстеме
№: 2
Жіктеу белгілері: Өнімнің өзіндік құнына енгізу (қосылу) әдісі бойынша
Шығын түрлері: Тікелей және жанама
№: 3
Жіктеу белгілері: Өндіріс көлемінің өзгерісіне қатысты бойынша
Шығын түрлері: Айнымалы және тұрақты
№: Ескерту: кестені автор өзі құрастырған.

Осылардан басқа бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру үшін басқарушы есебінде реттелетін және реттелмейтін шығындар тобы да ажыратылып көрсетіледі.

Шығындар - бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындар. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен тәжірибелік қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

1) Өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;

2) Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей бұл жаңа немесе жанғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;

3) Өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын-үй, тұрмыстық қызмет көрсетуге және осыған ұқсас басқада мұқтаждарға кететін шығындар. Олар кезінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Сонымен әдеттегідей тыс пайда беретін капиталдың салаға қойылуы сол саладағы өнімдерге деген өзгеріссіз сұраным жағдайында табыстылықтың құлдырауына жеткізеді және, керісінше, әдеттегідей төмен пайда беретін капиталдың саладан қашуы сол саладағы өнімге деген өзгеріссіз сұраным жағдайында пайдалылықтың жақсы деңгейіне дейін көтерілуіне септік етеді.

Шығындарды жіктеудің негізгі мақсаты - шығындарды бақылау және реттеу жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету, экономикалық шешімдер қабылдау және жоспарлау, бизнес жоспар құруды 2-кестеде көрсетеді.

Кесте 2 Өндірістік шығындардың жіктелуі

Сыныптау белгілері
Шығындардың бөлшектенуі
Сыныптау белгілері: Экономикалық элементтер
Шығындардың бөлшектенуі: Шығындардың экономикалық элементтері
Сыныптау белгілері: Өзіндік құнның статиялары
Шығындардың бөлшектенуі: Өзіндік құнның калкуляция статиялары
Сыныптау белгілері:
  • Технологиялық процестерге
Шығындардың бөлшектенуі: Негізгі, қосымша
Сыныптау белгілері:
  • Қатыстылығы
Шығындардың бөлшектенуі: Бірэлементтік, кешенділік
Сыныптау белгілері:
  • Құрамы
Шығындардың бөлшектенуі: Тікелей, жанама
Сыныптау белгілері:
  • Өнімнің өзіндік құнына қатсыудың тәсілі
Шығындардың бөлшектенуі: Өндірістік, өндірістен тыс
Сыныптау белгілері:
  • Өндірістік процестің рөлі
Шығындардың бөлшектенуі: Өндірістік, өндірістік емес
Сыныптау белгілері:
  • Мақсатқа сәйкес жұмсау
Шығындардың бөлшектенуі: Жоспарлы, жоспарсыз
Сыныптау белгілері:
  • Жоспарға қатысу мүмкіншілігі
Шығындардың бөлшектенуі: Тұрақты, ауыспалы
Сыныптау белгілері:
  • Өнімнің көлеміне қатысты
Шығындардың бөлшектенуі: Күнделікті, бір жолғы
Сыныптау белгілері:
  • Шығу мерзімділігі
Шығындардың бөлшектенуі: Аяқталмаған өнімге кететін шығындар
Сыныптау белгілері:
  • Дайын өнімге қатысы
Шығындардың бөлшектенуі: Дайын өнім шығындары
Сыныптау белгілері: Ескерту: кестені автор құрастырған.

Өндіріс шығындарының мәні. Кез келген экономикалық шешімнің негізінде қойылған сұраққа қайтарылар жауап жатады: біздің мына бір немесе басқа жобаға (біздің шығынымыз) жұмсағанымыз және жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өз шығынымыздан тысқары алатынымыз (біздің пайдамыз) қандай ара қатынаста болуы керек?

Кез келген өндірістік бірлік (фирма) өз қызыметінен мүмкіндігінше мол пайда көргісі келеді. Пайда мөлшері екі фактормен анықталады:

  • сұраным мен ұсыным нәтижесінде жинақталынатын тауарлардың немесе қызметтердің бағаларымен, бұл фактор көбіне - көп экономикалық конъюнктуралық сыртқы жағдайға тәуелді;
  • фирманың өндіріс ресурстарын тиімді пайдалануына байланысты болатын өндіріс шығындарымен.

Экономикалық көзқарас тұрғысынан фирманың барлық шығындарын: айқын және айқын емес деп екі топқа бөлуге болады. Ол 1-сызбада көрсетілген.

а) Айқын шығындар - ол өндіріс факторларын және аралық бұйымдарды жеткізушілерге (сырттан келетін жартылай дайын өнімдер) ақшалай төлемнің формасын қабылдайтын баламалы шығындар:

1) жұмысшыларға еңбекақы;

2) сатып алынатын немесе жалған алынған: станок, машина, құрал, ғимарат, құрылыс шығындары мен төлемдері;

3) көлік шығындарына төлеу;

4) комминальдық төлемдер;

5) банктердің, сақтандыру компаниялардың қызметтеріне төлеу;

6) материальдық ресурстарды (шикізат, жартылай дайын өнімдер, жабтықтағаш бөлшектер) төлеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Калькуляциялаудың бөлістік тәсілі
Шығын есебі, мен оның калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
«Директ – костинг» әдісі
Шығын есебімен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Басқару есебі туралы жалпы ұғым
Көмекші өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыру
Кәсіпорын шығындарының есебі
Өндірістік шығындар есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Дайын өнімнің есебі
Шығын есебінің объектісі - кәсіпорын өндіріс шығын есебінің талдамалығын ұйымдастырудағы объект
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz