Қаржылық талдаудың негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 5

1 Қаржылық орнықтылықтың теориялық және тәжірибелік мәні

1. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың

мәні, әдістері және мақсаты . . . 7

1. 2 Қаржылық орнықтылықты бағалаудың қазіргі замандағы

теориялық бағыттары . . . 16

  1. Қаржылық орнықтылықты бағалаудың әлемдік тәжірибесі . . . 27

2 Кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметін

талдаудың қысқаша әдістері («Компания Сарыарқа-Құрылыс»

ЖШС-ның мысалында)

2. 1 Қаржылық талдаудың негіздері . . . 35

2. 2 Кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттары жеткіліктілігін

және қозғалысын талдау . . . 44

3 Кәсіпорынның қаржылық орнықтылығын жақсарту

жолдары . . . 55

Қорытынды . . . 67

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 71

Кіріспе

Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген қауіп - қатер төнуі мүмкін. Бұл қатерлер бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, еддегі саяси және экономикалық орнықтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жүмысымызда кәсіпорынның тек қаржылық орнықтылықты қамтамассыз ету сұрақтарына тоқталамыз.

Қаржылық - экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіптік кәсіпорындардың әлеуетіне кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі - кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды өзекті мәселе туады

Әрбір кәсіпорын үшін өзінің қаржылық орнықтылықты қамтамассыз ету сұрақтары, тек қана дағдарыс жағдайында ғана емес, тұрақты экономикалық ортада да қаржылық орнықтылықты қамтамассыз ету міндеттері өз көкейкестілігін жоймайды.

Қаржылық талдаудың мақсаты, кәсіпорынның қаржылық жай - күйін бағалау және де оның жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүргізу болып табылады. Сонымен қоса бұл жұмыстардың нақты қай бағытта жүргізілу керек екендігі көрсетіледі.

Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында қаржылық орнықтылықты қамтамассыз ету сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды. Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлеуетінің (өндірістік, технологиялық, ғылыми-техникалық және кадрлық) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Нарықтық экономикада кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың нарықтық стратегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде зиялық меншікті және қаржылық орнықтылықты қамтамассыз етудің арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек. Кәсіпорынның қаржылық жай - күйін бағалау үшін, ең алдымен оның қаржылық жағдайына талдау жасау керек. Қаржылық жағдай, қаржы ресурстарын пайдалануын, орналастыруын және барын көрсететін қаржылық көрсеткіштердің жиынтығы болып келеді.

Осымен қоса қаржылық жағдай - бұл кәсіпорынның сыртқы ортадағы қызметіне маңызды мінездеме. Ол кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін болашағын аңықтайды. Сондықтанда ұсынылатын көрсеткіштер жүйесінің мақсаты, кәсіпорынның қаржылық жай - күйін көрсету болып табылады. Нарықтық қатынастар дамыған сайын оның қаржылық жағдайы туралы мәлімет алғысы келетін тұлғалар көбейе түседі.

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты , кәсіпорынның өңдірістік - шаруашылық басқару шешімдерін қабылдау үшін, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін талдай отырып, кәсіпорынның қаржылық - жай күйін бағалау болып табылады. Мақсатына қарай диплом жұмысының міндеттері:

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың теориясы мен тәжірибесін және экономикалық дағдарыс жағдайында кәсіпорындар үшін мағынасы мен мәнін анықтау;

Кәсіпорынынң қаржылық жай - күйін талдау әдістерін қолдану арқылы “Компания Сарыарқа-Құрылыс” ЖШС-ның банкрот болу ықтималдығын бағалау;

Дипломдық жұмыста байланыс қызметін ұсынатын «Компания Сарыарқа-Құрылыс» ЖШС-ның бухгалтерлік балансы негізінде қаржылық - жай күйіне баға берілді. Осы мақсатқа жету үшін, біз дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жай - күйін талдаудың мәнін және мағынасын, онымен қатар, қаржылық талдау кезіңде қолданылатын әдістерді қарастырдық.

Екінші бөлімде, компанияның қызметіне қысқаша сипаттама беріледі және онда келесі :

  • өтімділік коэффициенті
  • іскерлік белсенділік коэффициенті
  • табыстылық коэффициенті
  • қаржылық орнықтылық коэффициенттерін қолдану арқылы компанияның қаржылық жай - күйіне талдау жүргізіледі.

Одан әрі компанияның банкрот болу ықтималдылығы қарастырылады. Мұнда Альтманның Z коэффициенті қолданылды.

Ал үшінші бөлімде «Компания Сарыарқа-Құрылыс» ЖШС-ның қаржылық жай күйін бағалау әдістерінің кемшіліктері және оны шешу жолдары туралы қарастырдық.

Дипломдық жұмысты жазу барысында біз отандық және шетелдік экономистердің еңбектерін және талдау жүргіздік.

Зерттеу объектісі ретінде, «Компания Сарыарқа-Құрылыс» ЖШС-ның мәліметтерін қолдана отырып, кәсіпорынның қаржылық жай - күйіне бағалау және толық осы кәсіпорын алынды.

Зерттеу пәні - Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік жағдайды тұрақтандырудың басым бағыты - шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алыну.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы - Қалыптасқан құқықтық, экономикалық, қаржылық және әкімшілік ортада кәсіпорынның қызмет етудегі тетігі және даму барысында шығындық тәсілдің пайдалану аумағын күшейту.

1. Қаржылық орнықтылықтың теориялық және тәжірибелік мәні

1. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні, әдістері және мақсаты

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай ақ олардың меншік иелері, жұмыскерлер, коммерциялық серіктестер және басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік - кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық орнықтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

“Қаржылық жағдай” ұғымы әдебиеттерде әртүрлі түсіндіріледі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы құралдарының құрылуы мен қолданылуының үрдісін көрсететін көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады. Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы қаржылық жағдайы оның қызметінің қорытынды нәтижелерін көрсетеді. Кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелері тек қана оның жұмыскерлерін ғана емес, сонымен қатар оның экономикалық қызмет бойынша серіктестерін де қызықтырады, оларға мемлекеттік, қаржылық, салық органдары және т. б. жатады. Осының барлығы кәсіпорынның қаржылық талдауын өткізудің маңыздылығын анықтайды және экономикалық үрдісте осы талдаулардың ролін арттырады, қаржылық талдау элементі болып табылады.

Нарық экономикасы жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

-қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

-активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

-айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;

-қаржы - есептік және несие шарттарын сақтау;

-кәсіпорын активтері мен оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

-ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

-баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық орнықтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау, кәсіпорын табыстылығын бағалау;

-кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

-кәсіпорынның қаржылық жағдайының орнықтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады .

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды: ішкі (басқарушылық талдау) талдау; сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етеді. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір негізсіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі негізінде жүргізіледі. Басқарушылық талдау - бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады.

Сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі, мұндағы бәсекелестік нәтижесінде өзгеріп отыратын нарықтық конъюнктура жағдайында өзінің жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Қаржылық талдауды іске асыру мақсатына байланысты ол бірқатар белгілеріне тәуелді әртүрлі формаларға бөлінеді:

а) қаржылық талдауды жүргізу ұйымы бойынша:

-ішкі қаржылық талдау - кәсіпорынның қаржылық менеджері мен кәсіпорын иелерінің барлық ақпараттық көрсеткіштердің жиынтығын қолдауымен жүргізіледі (мұндай талдау коммерциялық құпия болуы мүмкін) ;

- сыртқы қаржылық талдау - кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің нәтижесінің дұрыстығын тексеру мақсатындағы сақтандыру компанияларының, коммерциялық банктер, аудиторлық кәсіпорынлардың, салық органдарының қызметкерлері іске асырады;

ә) аналитикалық зерттеу көлемі бойынша:

- толық қаржылық талдау - кәсіпорынның бүкіл кешеніндегі қаржылық жағдайын және қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық аспектілерін зерттеу мақсатында жүзеге асырылады;

-тематикалық қаржылық талдау - кәсіпорынның қаржылық жағдайының жеке мінездемесі және қаржылық-шаруашылық қызметінің жеке жақтарын зерттеумен шектеледі;

б) қаржылық талдаудың объектісі бойынша:

-кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін, жеке «жауапкершілік орталығын» талдау;

- кәсіпорынның жеке қаржылық операцияларын талдау;

в) жүргізу мерзімі бойынша:

- алдын ала қаржылық талдау;

- ағымдағы қаржылық талдау;

- кейінгі (ретроспективті) қаржылық талдау.

Қаржылық талдау әдісі - талдау жүргізуге қолданылатын қабылдаулар мен тәсілдер.

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен 6 негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

1) Көлденең (уақыт көлемінде) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

2) Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.

3) Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Трендтік талдау әрбір есеп позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

4) Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл кәсіпорындардың, еншілес кәсіпорынлардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген кәсіпорынның көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес кәсіпорынлардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

5) Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау.

6) Қаржылық коэффициенттер әдісі. Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетіледі. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбінде өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек меншікті капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде кәсіпорынның сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздігі аса маңызды орын алады. Активтердің қорландырылу көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі.

Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық орнықтылығының барлығын көрсетеді. Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты ерікті түрде пайдалана алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлу арқылы анықтайды (Формула 1) :

К тс = , (1)

мұндағы К тс - тәуелсіздік коэффициенті;

М к - меншікті капитал;

А к - авансталған капитал (баланс валютасының жиыны) .

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді. Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0, 5 - 0, 6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш - бұл тәуелділік коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады (Формула 2) :

К т = , (2)

мұндағы К т - тәуелділік коэффициенті;

Қ к - сырттан тартылған (қарыз) капитал;

А к - авансталған капитал (баланс валютасының жиыны) .

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды. Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды.

Келесі, кәсіпорынның қаржылық орнықтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады. Ол формула (3) арқылы анықталады.

Кқ = , (3)

мұндағы К қ - қаржыландыру коэффициенті;

М к - меншікті капитал;

Қ к - сырттан тартылған (қарыз) капитал.

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, банктер мен инвесторлар қаржыландыруға сенімді түрде кіріседі. Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді.

Қаржыландыру коэффициенті 1-ден кіші болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Батыс кәсіпорынларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады - бұл қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті (Формула 4) :

Кқм=Тк/Мк (4)
мұндағы К ҚМ - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;

Т к - сырттан тартылған капитал;

М к - меншікті капитал.

Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық орнықтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды өтеу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады (Формула 5) :

Кқт =: Кқт =
(Мк+Ұм): (Мк+Ұм)
(5): (5)
Кқт =: Ак

мұндағы К ҚТ - қаржылық орнықтылық коэффициенті;

Ұ м - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

М к - меншікті капитал.

Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0, 9-ға тең болуы керек, ал оның 0, 75 - тен төмендеуі қауіпті.

Кәсіпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердің құрылымының өзгерісіндегі әртүрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншікті капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткішті есептеу формуласы келесідей (Формула 6) :

Кұм=Ұм/(Мк+Ұм) (6)

мұндағы К Ұ/М - қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;

М к - меншікті капитал;

Ұ м - ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар сырттан тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді. Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол батыс кәсіпорынларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Меншікті капиталды зерттегенде меншікті айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражаттарының көлемін анықтау үшін (Формула 7) қолданылады:

М АК = М К - А ҰМ (7)

мұндағы М АҚ - меншікті айналым капиталы;

М К - меншікті капитал;

А ҰМ - ұзақ мерзімді активтер.

Бұл көрсеткіш абсолютті көрсеткіш болып табылады, оның динамикадағы өсуі - оң, ал төмендеуі - теріс бағыты ретінде қарастырылады. Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық орнықтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады. Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жүмсауға болатынын, мобильді формада екендігін көрсетеді және келесі формула (8) арқылы анықталады:

Кж=Мақ/Мк (8)

мұндағы К Ж - жұмсау коэффициенті;

М АҚ - меншікті айналым капиталы;

М К - меншікті капитал.

Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражатының көп бөлігі иммобильді (айналымнан уақытша оқшауланған) сипаттағы құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.

Кәсіпорынның тауарлы - материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық орнықтылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық орнықтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы - материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі (Формула 9) :

Ккқ=Мақ/Қтм (9)

мұндағы К Қ/Қ - тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті;

М АҚ - меншікті айналым капиталы;

Қ ТМ - тауарлы-материалдық қорлар.

Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы - материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді. Талдау жүргізу үшін қарыз қаражаттарының әрбір баптарының есеп беретін көрсеткіштерін топтық қорытындылармен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзерістерін көрсету керек. Сырттан тартылған (қарыз) капитал кредиторлық борыштан тұрады. Дебиторлық және кредиторлық борыштың арақатынасының коэффициенті (10) формула арқылы есептеледі:

Кд/к=ДБ/КБ (10)

мұндағы Кд/к - дебиторлық және кредиторлық борыштың арақатынасы коэффициенті;

ДБ - дебиторлық борыш;

КБ - кредиторлық борыш.

Бұл коэффициент қатыстырылған қарыздың дебиторлық қарыздан қамтамасыз етілу деңгейін көрсетеді. Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2:1 болуы керек деп ұсынылған. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда мұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сакура тігін фабрикасының экономикалық потенциалын талдау және бағалау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
Экономикалық қаржыны басқару
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау әдістері
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің басқарылуын талдау түрлері, классификациясы
Қазақстанда шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуы
Сарыағаш ауданы бойынша шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы қорларын талдау
Кәсіпорынды қаржылық болжамдау мен талдаудың теориялық негіздері
ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ
Жобалық талдаудың концептуалды негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz