Банк баланстарын талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Банктің қаржылық тұрақтылығының экономикалық мәні . . . 7

1. 2 Коммерциялық банктердің қаржылық тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері . . . 12

1. 3 Банктің қаржылық тұрақтылығын бағалау әдісі . . . 19

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ("БЦК" АҚ-ның мысалында)

2. 1 "БЦК" АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын аналитикалық талдау . . . 33

2. 2 Рейтингтік бағалауды пайдаланып "БЦК" АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын талдау . . . 43

2. 3 "БЦК" АҚ-ның ішкі қаржылық жағдайларын талдау . . . 48

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ЖЕТІСТІГІ

3. 1 Коммерциялық банктерде қаржылық жағдайды бағалаудың шетелдік әдістердің жетіспеушілігі . . . 53

3. 2 «CAMEL» рейтингтік жүйесі және коммерциялық банктің қаржылық тұрақтылығын жақсартудың негізгі бағыттары . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРІ ТІЗІМІ . . . 63

КІРІСПЕ

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды) . Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды.

Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді. Бүгінгі коммерциялық банктер өз кленттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-кредит нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады. Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі.

Банктер-нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі, олардың қызметінің дамуы-нарықтық механизмін нақты құруға қажетті жағдай болып табылады.

Ұзақ уақыт бойы банктер мемлекеттік ұйым болып табылады және экономиканың «мәнсіз бөлігі» ретінде қызмет атқарады. Нәтижесінде банк ісін ұйымдастыру Ресей банктерінің дәстүрін және тәжірибесін жоғалтты. Бүгінгі таңдағы мақсат, нарықтық экономиканы құра отырып, біз банк ісін ұйымдастыра отырып әлемдік деңгейге шығуымыз қажет.
Банктер нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі, олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмін нақты құруға жағдай болып табылады. Сонымен қатар, банктер өндірістің материалдық және материалдық емес сфераларының даму бағыттары қоғамның бір этаптан басқа этапқа көшу қозғалысын реттейді. Банктер арқылы эканомиканың әр түрлі салаларынан капиталдың көбеюі жүзеге асып, өндірістің үдерісі үздіксіз дамиды. Екінші деңгейлі банктердің қызметінің дамуы мен жетілдірілуі Қазақстан экканомикасына үлкен септігін тигізеді.

Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын талдау - енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) .

Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайы - менеджментпен басқару деңгейі мен қызметтің тиімділігі, баланс өтімділігі, активтер сапасы мен капитал жеткіліктілігімен сипатталады.

Жабық формаларды дер кезінде жәңе білуші банк жеңісі мен нарық тұрақтылығының жалғасуы барысында сенімділікті күн өскен сайын туындату ерекше күшеюде. Сондықтан, банктың қазіргі және бұрынғы жағдайын дұрыс бағалай отырып, банк жүйесін «ашық жарқын» және болжаулы ету қажет. Банктың қаржылық жағдайын талдау тәжірибесінде банк қызметін реттейтін мемлекеттік органдар (Ұлттық банк түрінде) . Тексеру топтары мен рейтингтік агенттіктер жүйесінде өз қызметін жүргізіп отырады.

Ал, банкте күйзеліс жағдайы туындаған кезеңде, ақпарат ваккуумімен күрделенеді. Кей жағдайда, кез келген пайда болған ақпарат бүгінгі күні күдік туғызып, қайта тексеруді талап етеді. Жүргізілген талдау шешімдері банктің қызметті тұтынушылардан банктік проблемаларды туындатпайтындай сақ болуды талап етеді. Банктің несие бөлімшелерінің өзі кейінгі кездегі (мүмкіндігінше, тиімді) объективті және сенімді жағдайды талдау жағдайларын қажет етіп отыр. Коммерциялық банктің басқару тиімділігі өз қызметкерлігін білікті пайдалану мүмкінділігімен анықталады. Толық деңгейде шапшаң ақпаратты керек етпей, басқа банктермен теңесу мүмкіндігінсіз мемлекеттік экономикалық мақсаттарға жетуді көздейді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын талдау әдісінің дәл өнімділігі емес, берілген талдауды жүргізу мүмкіншілігін дәлелдеу әрекеті. Коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау құралдарын бүгінгі күнге жеткізіп, Қазақстан қызметіндегі жетіспеушіліктерін шетелдік тәжірибелерден мысал келтіру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мәні:

  1. Банк баланстарын талдау.
  2. Баланс өтімділігінің салыстырмалы талдауын жасау.
  3. Пруденциалдық нормативтердің орындалуын қарастыру.
  4. Банктің сенімділігін талдауды жүргізу.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде - банктің қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық аспекттері қарастырылады. Оның ішінде, қаржылық тұрақтылықтың экономикалық мәні, негізгі көрсеткіштері, бағалау әдістері толығымен сипатталады.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде - коммерциялық банктердің қаржылық жағдайы, "БЦК" АҚ-ның мысалға ала отырылып, қаржылық жағдайы қарастырылған. Банк қызметінің қаржылық жағдайын талдау, көрсеткіштерін есептеу, талдау жасау арқылы көрсетіледі.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде - коммерциялық банктердің қаржылық жағдайларының шетелдік жетістігі мен банктің болашаққа қойған стратегиялық бағыттары қарастырылады.

I БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Банктің қаржылық тұрақтылығының экономикалық мәні

Қазақстан Республикасының банк жүйесін дамытуда 1995 жылдың қаңтар айынан бастап, банк жүйесінің сенімділігін арттыру негізімен банк жүйесінің сапалы бірігіп қол жұмсауы басталды. Банктердің қол жұмсауы Ұлттық Банктің талаптарын орындау мен банкаралық бәсекелердің күшеюі барысында жүргізілді. Ұлттық Банктің негізгі тапсырмасы болып барлық коммерциялық банктердің қызметі мен дүниежүзілік стандартқа жақындастырылған топтар құрылымының (10-15 банктер) сапасын жақсарту табылады.

Республиканың жарғылық қоры бойынша ең ірі банктер болып есептелетін көптеген банктер тіркелді. Оның ішінде, 25-і басты валюталық лицензияны иеленді. Олардың 8-інің жарғылық қоры 5 млн. доллар және одан жоғары сомманы иеленді.

Ұлттық Банк пруденциялық нормативтер механизмін кеңінен қолданды. Қазіргі кезде Ұлттық Банк коммерциялық банктерді бақылайды және келесідей нормативтерді орындауын талап етеді:

  • Минималды жарғылық қор;
  • Капитал жеткіліктілігі;
  • 1 қарызгерге ең жоғарғы тәуекелділік;
  • Өтімділік коэффициенті;
  • Резервтік қажеттіліктер;
  • Валюталық позиция;
  • Негізгі құралдарды иеленудегі қаражаттардың жеткіліктілігі.

Нормативтерді орындау мен орындамау банк қызметтерін бағалаудағы маңызды критерий болып табылады. Банктік операцияларды жүргізу барысында нормативттік талаптарды орындамағаны үшін 80 банк лицензиясынан айырылды.

Экономикалық тұрғыдан қарағанда банк сенімділігінің түсінігінде қаржылық тұрақтылық теңгерімінің мәні қарастырылады.

Банк сенімділігі болып оның барлық жағдайдағы өзіне алынған міндеттемелерді нарықта кідіріссіз өтеу мүмкіншілігі түсіндіріледі, сенімділік банктің қызметте тұрақтылығымен баланстағы өтімділігімен сипатталады.

Коммерциялық банктің төлем қабілеттілігі болып банктің қаржылық міндеттемелерін алдағы төлеу мерзімімен байланысты өз уақытында төлеп отыруы түсіндіріледі.

Банк өтімділігі негізінде оның ұзақ және орта мерзімді жарық көрінісінің қызметіндегі тұрақтылығы түсіндіріледі. Ол актив сапасымен, капитал жеткіліктілігі мен және қызметтің тиімділігімен бағаланады. Мұндай түсінікте банк тұрақтылығы салымшылардың жинақтарының айқындылығымен заңды тұлғалардың айналым капиталы, акционерлер капиталы, банк жүйесінің шығындарымен байланысты сенімділігімен ассоцициаланады. Банк қызметі сенімділігінің түсінігімен жоғарыланады.

Э. Рид пен Р. Коттер көзқарасымен бірге пайда болған қадағалаушы басқаруында Қазақстан банктерінің сенімдігі капиталдық К. 1 және К. 2 жеткіліктілігі коэффицентімен бағаланады. 2002 жылдан бері аз мөлшерде жоғарылаған. Сенімділік түсінігі банкке пайда түсірумен және қаржылық жағдайымен байланысты.

Ұлттық банк мемлекеттік басқару жүйесі ретінде банк саласындағы өзгерістерге керекті бағыттарды қолдануға күш салды. Клиенттерді міндеттемелермен қанағаттандыру мүмкіншілігі кез келген уақытта бәсеке күресіндегі мәнсіз фактор болып табылады.

Қаржылық нарықтағы жағдай коммерциялық банктердің төлеу мүмкінсіздігі, анықты капиталдың дамуы үшін ұзақ мерзімді несиелерді беру кәсіпорынның төлемқабілеттілігіне байланысты өнеркәсіптің алдағы уақытта күйреуіне әкеліп соғады. Коммерциялық банктердің күйреуі барысында ұлғайған тәуекелділікпен жұмыс жасайды. Мұны банк күйзелісіндегі мынадай жағдайлар куәландырады:

  • банк капиталына қатысушы сәтсіз сапарлар;
  • «нашар» несиелердің берілуінен;
  • жоғарғы басқару қатарындағы коррупция;
  • активтерден айырылу тәуекелділігін уақытында мойындап білмейтін мамандырылмаған басшылық;
  • банктік тоқталымдардың өсуі;
  • сұранысқа мүмкіншіліктің жоғарылауы;
  • қаржылық нарықтағы банк клиенттері туралы ақпараттарды сапасыз талдау.

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын құру барысында банк күйзелісін жоғарылатушы қаржылық нарық тұрақсыздығына әкеліп соқты. ҚР-ның қаржылық нарық соңғы ақпараты Дүниежүзілік банктер мамандарының дұрыс қорытындысын куәландырып отыр. ҚР-сы қаржылық компаниялармен тікелей қарым-қатынаста бола отырып, олардың қорытындысынша 2 жағдайға: өтімділік пен активтер жүйесіне соқтығысты.

Осылайша, сенімділікті жоғарылату мақсатындағы жоғарыдағы банк жүйесін дамыту тенденциялары өтімділікті басқару мен төлемқабілеттілікті ұлғайтуды күннен-күнге көздеп отыр.

Банк сенімдігі әр түрлі көптеген факторларға байланысты оларды ішкі және сыртқы (экзогенді және эндогенді) деп бөлуге болады:

Сыртқы факторларға - банктегі ішкі орта жағдайларына қамтамасыз етілген факторлар жатады. Яғни, ұлттық және дүниежүзілік экономиканың қаржы нарығындағы жағдайын, елдегі саяси жағдай және форс-мажорлық міндеттемелерді анықтайтын факторлар.

Егер ішкі орта қызметі тұрақты болса, онда банк жағдайы сыртқы (эндогенді) жағдаймен анықталады.

Ішкі факторларға - мамандандырылған персоналдар деңгейімен қамтамасыз етілген, соның ішінде жоғарғы және банк операцияларына жүргізілетін бақылау деңгейі, банк стратегиясы, жеке капиталмен қамтамасыздандырылған, ішкі саяси банк факторлары жатады.

Банк қызметіндегі тәуекелділік барысында өз ресурстарының бөлігінен айырылу қаупі, пайда түспеуі немесе қаржылық операциялар жүргізу нәтижесінде қосымша шығындардың туындауы түсіндіріледі. Тәуекелділік шынайы жаңалықтар туындаудағы болжаумен сәйкессіздіктен пайда болады.

Тәуекелділікті факторларға жүйелеу өте күрделі. Олардың пайда болуына әр түрлі жиынтық қызметтерінің сыртқы және ішкі факторларға әсер етеді. Тәуекелділік өсуі, өтімді ақша ресурстарын жүйелі қамту мүмкінсіздігі пайда болды. Жоспарлаудағы қателіктер, несие портфелінің төмен деңгейі (несиеге берілген үлестердің көп бөлігінің қайтарылмау қаупі) . Келтірілген факторлар көптеген келесіден банк тәуекелділіктерінің туындауына әкеледі:

  1. Өтімділік тәуекелділігі
  2. Процент тәуекелділігі
  3. Несие тәуекелділігі
  4. Нарық тәуекелділігі
  5. Саяси тәуекелділігі
  6. Валюта тәуекелділігі
  7. Нарық конъюнктурасының өзгеру тәуекелділігі
  8. Ел тәуекелділігі
  9. Форс-мажорлық міндеттемелер тәуекелділігі

Өтімділік тәуекелділігі - бұл банктің өз активтеріне тез ақша формасына айналдыру мүмкіндігімен айырылумен байланысты.

Пайыз тәуекелділігі - банктің нарықтағы пайыз мөлшемдегі тұрақсыздығымен байланысты. Нарықта құлдырау мөлшері болса, үлестіру төмен пайыздық мөлшерде жүргізіледі. Банктің тартылған қражататының мөлшері өзгермейді . Бірақ, банк тартылған қаражаттарды жоғарғы көлемді пайыз мөлшерінде төлеуіне байланысты зиян шегеді.

Несие тәуекелділігі - банкке қарыз берушінің қаржылық міндеттемелерді орындамау мүмкіндіктерімен байланысты, қарызын қайтармау.

Нарық тәуекелділігі - бағаның құнсыздануымен байланысты. Нәтижесінде, қарыз проценттердің тұрақсыздануы, эмитент-компаниялардың қаржылық жағдайымен, табыстылықтың өзгеруі және де ақшаның инфелециялық құнсыздануы.

Саяси тәуекелділік - елдегі саяси жағдайлардың алдын-ала пайымданған және тұрақтылығымен, саяси күштердің қарама-қарсылық деңгейімен, елдің даму бағыты мен приоритеттің кілт өзгеру мүмкіншілігімен, контрогент елдер мен Ресей банктері клиенттерінің қарым-қатынасымен анықталады.

Валюта тәуекелділігі - банктің валюталық операцияларын жүргізу кездерінде туындайды және нәтижесінде валюта курсының сөз жоқ тұрақсыздығына әкелетін ақшадан айырылу мүмкіндігімен байланысты.

Нарық конъюктурасының өзгеру тәуекелділігі - қаржы қорындағы бөлек сегменттердің жағдайсыз өзгеруі мен кілт туындауынан пайда болады. Егер банк бір жақты маманданған болса және тек берілген нарықта қызмет ететін болса, онда мұндай жағдай банктің сенімділігіне айқын зиян келтіреді. Универсалды банктерге бөлек нарықтан айырылу кішігірім соққы болып тиеді, бірақ оның жұмыстағы жаңылысу дәлелі болуы да мүмкін.

Ел тәуекелділігі - контрогент- елдер мен елдің клиенттерінің экономикалық саяси тұрақтылығына, аталған банкпен жұмыс жасайтын экспортшылар мен импортшыларға байланысты.

Форс-мажорлық міндеттемелер тәуекелділігі - төтенше және мүмкіншіліксіз жағдайлар туындау нәтижесінде (мысалы: стихиялы апат; соғыс, эмбарго, валюталық кіріске шек қою, ереуілдер және т. б. ) жеңуге болмайтын міндеттемелер түсіміне байланысты болады. Оны «Жұмысқа байланысты байланыспен интегралды және Дүниежүзілік елдері тәуекелділігі бойынша жеке ұпайды бағалау» -деп таблицасы бойынша «Euronomy» журналымен анықталады. Жеке бағаның бірі болып форс-мажорлық мүмкіндіктерден туындау мүмкіндігінің көрсеткіші табылады (сонда экономика тиімділігімен саяси тәуекелділігі көрсеткіші жүргізіледі) .

Банк сенімділігі - банк қандай тәуекелділігіне және оны банк қалай басқаратындығымен анықталады. Тәуекелділікті басқарудың негізгі әдістеріне өлшенген тәуекелділік принциптерін пайдалануды жатқызуға болады; банк клиенттерінің қаржылық жағдайын жүйелі түрде талдау мен оның несиеқабілеттілігі мен төлемқабілеттілігі тәуекелділіктерінің бөліну принциптерін пайдалану, несиелерді қайта қаржыландырудың жүзеге асуы; диверсификация саясаттылық жүргізуі (ұсақ сомада несиелерді кең көлемде қайта қалыптастыру және оларды жалпы мөлшерлі банк операциясының сақтауымен клиенттердің көп бөлігін жеткізу; несиелер мен депозиттерді сақтандыру; кепілділікті пайдалану; шынайы персоналдар мен жорамал кепілділікті пайдалану; валюталық шарттарды хеджерлеу; жүргізілген операциялардың спектрін ұлғайту, диверсификация қызметі) .

Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайы - менеджментпен басқару деңгейі мен қызметтің тиімділігі, баланс өтімділігі, активтер сапасы мен капитал жеткіліктілігімен сипатталады.

Коммерциялық банктердің капиталы (меншік құралдары) күнделікті жағдайда көптеген маңызды функциялар мен банк өміршеңдігінің ұзақ мерзімді қамтамасыздандырылуын орындайды:

Біріншіден , капитал банкротқа ұшыраудан қорғау үшін қызмет етеді. Болған қиындықты шешкенге дейін шығындардың орнын толтырып отырады.

Екіншіден , капитал банк құрылымы мен мекемесінде депозиттің жеткілікті тартылған мөлшерін құрылу мүмкіншілігімен байланысты, жаңа банкке ашылғанға дейін де жаңа құралдар қажет болады.

Үшіншіден , капитал банк клиенттерінің сенімін қолдайды және несие алушыларды олардың қаржылық күшіне сендіреді.

Төртіншіден , капитал құрал-жабдықтарды сатып алу мен жаңа бағдарламаларды орындау сияқты жаңа қызметтерді ұйымдастыру қызметімен айналысады. Банк өсу кезеңінде банк дамуы (соның ішінде филиалдар құрылумен) мен жаңа қызметтермен қамтамасыз етумен байланысты тәуекелден қорғау үшін және қолдау үшін қосымша капиталдарды қажет етеді. Капитал банк қызметінің бақыланушы көрсеткіштерімен анықталатын реттеу органдарының ережелері құрылуы барысында негізгі қызмет етеді.

Банктің меншік құралдарының негізі болып жарғылық қор табылады. Қаржылық нарық коммерциялық банктен оның үнемі өнім өндіруін талап етеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің де саясаты - осы бағытта. Ұлттық Банк соңғы уақытта қайта ашылған банктерге минималды капитал мөлшерін бірнеше рет өзгертті. Коммерциялық банктердің меншік капиталын 2004 жылдағы Дүниежүзілік 5 млн. экюдан кем емес деңгейге көбейту нәтижесінде тенге курсының өзгеруі - жарғылық қордың минималды мөлшерін тоқсан сайынғы қайта есептеп құрылуы жүргізілді.

Банк капиталының мүлкін мөлшерін анықтауда, біріншіден реттелген органдармен құрылған оның капиталы мен нормативтерінің минималды жіберілген мөлшерін қосу керек. Бұларды есептеуде банктің меншікті капиталының мөлшері қолданылады. Банк капиталы оның тәуекел активтерінің сомасына қатынасымен анықталатын осындай нормативтердің бірі банк капиталының жеткілік нормативтерінің негізі болып тек қана Қазақстан банктерінің тәжірибесінде ғана емес, бүкіл дүниежүзінде де табылады.

Активтердің сапасы несиелік портфель үшін олардың қайтарымдылығы мен төлем құралдарын (бағалы қағаздар мен негізгі құралдар үшін) кезегінде қайтару мүмкіншілігімен бағаланады.

Несиені қайтару банктің негізгі активтік операцияларын құрайды. Оларды қайтару мөлшерінде міндеттемелерін өтеу негізі клиенттің басты мақсаты. Сондықтан, банк үміткерлігі көбіне-көп 2 деңгеймен - несиелік портфель мөлшері (тәуекелділіктің негізгі көзі ретінде) және мерзімге өткен бережақ мөлшерімен анықталады. Жалпы банктің несие портфелінің мерзімі өткен берешегі 25 % мөлшерін құрайды. Мұндайда нақтылы мерзімі өткен берешек жоғары соманы көрсетуі мүмкін.

Көптеген банктерде өтімділік өз активтерін ақшалай қаражаттарға айналдыру мүмкіншілігі негізімен бағаланады. Яғни, басқа төлем құралдары қажетті міндеттемелерді (егер иеленген төлем құралдарына жетпеген жағдайда), банктер өзінің мүмкін активтерін қолма-қолдыққа тез айналдыруға немесе өз қорын талап еткенге дейінгі міндеттемені орындаудағы кішкене ғана тұспалдамада көбейтуге мүмкіндігі болуы керек.

Банктің өтімділігін басқару өзіне мүмкін ресурстардың өтімділігін тез жоғарылату үшін активті де, пассивті операцияларды қосады. Мұндай ресурстардың негізгі болып Дүниежүзілік Банк Нарығы (ДБН) табылады. Бірақ, ДБН кейбір ережелерді дұрыс орындамауына байланысты 2001 жылы тамызда ДБН күйзеліске ұшырауына әкеп соқты. Бірақ, 1 жыл өткен соң банктер өзінің меншік ақша қаражаттары мен берілген несиелердің қайтарылуына (несиелік портфель сапасы) сенім артуы арқасында орныға бастады.

Банк тиімділігі - банк жұмысының дұрыс жиынтық шешімі мен оның түсімділігінің барлық қаржылық-шаруашылық және коммерциялық қызметі саласындағы деңгейімен анықталады. Банк пайдасының есебінде оның барлық администрациялық басқаруды қосқанда, операциялық шығындары дивидент деңгейін анықтаушы және меншік құралдарының жоғарылауы мен активті-пассивті операцияларының дамуы банк пайдасымен құрылады.

Банк табыстылығы активті және пассивті баланс бөлімдерінің оптималды шешімдері осы бағыттағы банк мамандарының қызметіндегі мақсатты бағыттарын белгілейді.

1. 2 Коммерциялық банктердің қаржылық тұрақтылығының негізгі көрсеткіштер

Банк статистикасы банк қызметімен айналымды келесі топтардан тұратын жүйе көрсеткіштерінің көмегімен жұмыс тиімділігі мен сенімділігі бағаланады:

1. Банк балансы жағдайының көрсеткіштері.

2. Банктердің борыш төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері.

3. Ел депозиті статистикалық көрсеткіштері.

4. Банк түсімділігі мен түсімінің көрсеткіштері.

5. Банк рентабельділігі мен пайдасының көрсеткіштері.

Әр көрсеткіштер тобы абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді.

Банк балансы жағдайының абсолютті көрсеткіштері өз кезегінде келесі градацияларға бөлінеді:

1) Банк ресурстары

2) Банктің жеке капиталы

3) Банк депозиттері

4) Банк несиелері

5) Банктің таза қажеттіліктер сомасы.

Абсолюттік көрсеткіштерді жеке қарастырамыз.

Банк ресурстары - несиелік және басқа активтік операцияларға пайдаланатын банк меншігіндегі құралдарының жиынтығы. Банк ресурстарының соммасы баланс активінің жиынына тең. Банк ресурстары жеке және тартылған болып бөлінеді. Бірақ бұл ресурстардың барлық соммасы несиелендіруге пайдаланылмайды, сондықтан маңызды керектілікпен несиелік ресурстардың тиімділік анықтамасы қолданылады. Банк балансының берілген мүмкіндіктерін мынадай формуламен көрсетуге болады:

Артық немесе дефицит несиелік ресурстар = тиімді несие ресурстар сомасы - банкке несиелік дұрыс қаржы бөлу

Банктің меншік капиталы - банк өзінің қызметін бастауы үшін қажет. Яғни акциядағы инвестициялық шығымы және басқа заңды тұлғалардың субординалық қарызымен анықталады.

Субординирленген қарыз -акционерлердің қалдық мүліктерін басқару өтімділігімен банктердің соңғы қатарларда жазбаша келісім шартқа тұру арқылы міндеттемелері.

КІ Капиталдың І-ші деңгейі келесі салалармен анықталады:

1. Тіркелу барысында төленген жарғылық капиталы бұл шығарылған акциялық хабарланған номиналдық құны болып табылады.

2. Қосымша капитал.

3. Алдыңғы жылдың орналастырылмаған түсімі, алдыңғы жыл түсімі есебін құрылым резервтер - және қорлар.

Азайту:

  1. Материалды емес активтер - гудвильдер, сауда маркасы, өнім өндіруге құқығы .
  2. Соңғы жыл шығарымдылары.
  3. Соңғы жыл түсімімен бастапқы жыл шығының жоғарылауы. Капитал 2-ші К ІІ деңгейі сомасы келесі компонентермен анықталады.
  1. Бастапқы жыл шығынынан бастапқы жыл түсімінің жоғарылауы.
  2. Негізгі капитал мен бағалау қағаздарды қайта бағалау.
  3. Жалпы резервтер - провизиялар сомасы, тәуекелділік есебімен еселенген 1, 25 актив сомасына жоғарылады.
  4. 50%-тен аспайтын капиталдың І-ші деңгейлі сомасы бастапқы төлем уақыты 5 жылдан аспауы керек, субординал қарыз сомасы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің қаржылық күйін талдаудың әдіснамасы
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК
Тікелей ақша айналымын, халықаралық есеп айырысу балансын реттеу
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің балансының тұрақтандырудағы мәселелер және даму болашағы
Банктің пассивтеріне талдау жүргізу
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі
Біліктілігі және лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау
Халықаралық валюта қоры
Азия даму банкі
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz