Банкті басқарудың үлгілі ұйымдастырушылық құрылымы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 Қазіргі кезеңдегі коммерциялық банктер құрылымы, банк жүйесі мен олардың
қызметінің негізгі
буыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Коммерциялық банктің басқару
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Депозиттің экономикалық маңызы мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1. 3 Депозиттік саясат: түсінігі, қалыптастыру
принциптері ... ... ... ... ... ... ... 19

2 Коммерцияық банктердегі депозиттік саясаттың даму мәселелерін талдау
(Kaspi bank АҚ мысал
ретінде) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.1 Kaspi bank АҚ экономикалық – қаржылық жағдайын
талдау ... ... ... ...31
2.2 Kaspi bank АҚ-ның депозиттік саясатын
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ..43
3 Қазақстан Республикасындағы депозиттік саясат және даму
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
3.1 Қазақстан Республикасындағы депозиттік саясаттың ұйымдастыру
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
3.2 Депозиттік саясатын жетілдірудің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ...58
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Нарықтық экономика жағдайында
коммерциялық банктердің депозиттік саясатын құру, тиімді пайдалану
ерекшеліктерін талдау мәселесі біздер үшін әрқашан өзекті мәселе, сондықтан
ұсынылып отырған дипломдық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады
және жұмыста коммерциялық банктерді пайдалануды ұйымдастырудың қазіргі іс
жүзіндегі барысы жан-жақты жолмен зерттелініп, оның ерекшеліктерімен
жетіспеушіліктері айқындалады. Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет
еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да,
бұл банктерді коммерциялық банктер деп атап кеткен. Банк ісінің пайда
болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. Банк
сөзі итальянша banco cөзінен шыға отырып, айырбас үстелі деген ұғымды
білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.
Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл
бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық
банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен
қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей
сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы,
зейнетақы активтерінің нарығы, қор нарығы, валюта нарығы және депозиттік
нарық. Депозиттік саясат ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып,
қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуының арқасында
сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие.
Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі
себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие болып табылады. Жинақтаулардың
экономикалық категориялар ретіндегі мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге
асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және
олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары
қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады. Салымдардың кез келген түрлері
жинақтаулар болып табылады.
Депозиттік – бұл осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі. Депозиттік
операциялардың әрекет ету механизмінде депозиттік саясаттың субъектілері
ретінде банктер ерекше рөлге ие. Ақшалай табыстар мен тұрғындар
жинақтауларының аккумуляциясы банктердің дәстүрлі қызметі. Банктер уақытша
бос, пайдаланылмайтын ақшалай табыстар мен тұрғындардың жинақтауларын,
салымдарды сақтау тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де тиімді. Салымшыларға
пайыз немесе ұтыстар түріндегі табыс төленеді. Депозиттер екі жолмен пайда
болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды және жеке тұлғалардан ақшалай
қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік шотына орналастырған жағдайда;
екіншісі, жасанды депозиттер, яғни банк клиентке чек арқылы есеп –
айырысуы мүмкіндігін беру барысында. Банк ресурстарының құрылымында
тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары,
олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге
асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік
жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес
тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе
де болады. Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде
немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын
қаражаттары. Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды. Депозиттік емес тартылған
ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады.
Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да,
оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады. Депозиттік
операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік
операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент –
банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің
өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және депозиттік емес
ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Диплом жұмысына осы тақырыпты таңдап алудағы мақсатым
-      Депозиттік саясат нысандарымен жан – жақты танысу;
-      Өз көзқарасым тұрғысынан депозиттік саясаттың бүгінгі мен ертеңін
дәлелдеу;
-      Жұмыс қорытындысы бойынша белгілі бір пікір жасау;
Жұмыс орындарындағы міндетім мынадай
-      Депозиттік саясаттың бағыты мен маңыздылығын көрсету;
-      Қазақстан Республикасында депозиттік саясат нысандарын жүзеге
асыруға талдау жасау;
Тақырып өткірлігі болып депозиттік саясаттың қазіргі нарық экономика
кезеңіндегі банктік ресурстар қалыптасу көзі болып табылады. Депозиттік
саясаттың қазіргі жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру өндіріс
тиімділігін арттыруға, егеменді ел – Қазақстан Республикасының
экономикасымен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша массасының негізсіз
өнімді қысқартуға, инфляциялық үрдістерді тоқтатып ұлттық валюта – теңгенің
нығаюына негізделген. Сондықтан диплом жұмыс тақырыбы өзекті болып
табылады. Әдістемелік негіз ретінде Қазақстан Республикасының Президнтінің
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы және Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік заң актілері мен ережелері,
отандық және шет ел экономикалық әдебиеттер қолданылды. Дипломдық жұмыс
құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан және
пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1. Қазіргі кезеңдегі коммерциялық банктер құрылымы,банк жүйесі мен олардың
қызметінің негізгі буыны

1. Коммерциялық банктің басқару құрылымы

Басқару органдарының басты міндеті – банктің негізгі функцияларын
жүзеге асыру мақсатында оның коммерциялық қызметіне тиімді де ұтымды жедел
басшылық жасау. Банктің бүкіл қызметі оның қалай ұйымдастырылғанына,
басшылар менен бағыныштылар арасындағы қарым-қатынастың қалай жолға
қойылғанына тікелей байланысты. Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны,
қызметтердің мамандандырылуы, өкілеттіктердің бөлінісі және басқалар
көптеген факторларға тәуелді және экономикалық жөнділікпен айқындалады.
Ұсақ банк құрылымы бойынша ірі банктен айырмаланады, ауылдық жердегі банк
өнер кәсіпті өңірдегі банктен, бөлімшелері бар банк бөлімшелері жоқ банктен
ерекшеленіп тұрады. Банктің ұтымды ұйымдастырушылық құрылымын таңдау жалпы
алғанда банктегі еңбекті ұйымдастыру тиімділігінің, оның табысты
коммерциялық қызметінің маңызды шарты.
Банктің ұйымдастырушылық құрылысының негізгі өлшемі банк орындайтын
операциялардың экономикалық мәні мен көлемі болып табылады. Банк түрліше
нарықтық жағдайларда жұмыс істейді, алуан қызмет түрлерін көрсетуге
маманданады, өз алдына түрлі мақсаттар қояды, міне, осыған байланысты
ұйымдастырушылық құрылымының шеңбері ауытқып тұрады. Қолданылып жүрген
ұйымдастырушылық құрылымдардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен
кемшіліктері бар, олар ұйымдастырудың қолайлы әдісін таңдау процесінде
міндетті түрде есепке алыныуы тиіс. Түрлі банктер өздерінің функционалдық
құрылымына банк алда тұрған міндеттерді шешуге жәрдемдесетін түрліше
өзгерістерді тұрақты түрде енгізіп отырады.
Функционалдық ұйымдастырушылық құрылым банк қызметін ерекшелінген
қызмет салаларымен функциялар болып табылатын, банк алдындағы міндеттерге
қол жеткізуге көмектесетін жекеленген бөліктерге бөлу дегенді білдіреді.
Банктердегі қызметтің осындай ерекшелінген түрлері әдетте банк операциялары
маркетинг, бухгалтерлік есеп, есептілік және шаруашылық басқармалары болып
табылады. Осы функционалдық блоктар шешетін міндеттер көлеміне қарай
қосымша ұсақ бөлімшелер ашылуы ықтимал. Функционалдық құрылымнегізінен
алғанда қызметтердің белгілі бір түрлерін көрсетуге маманданған, тұрақты
ақуал жағдайында нарықтық жағдайлардан тәуелсіз жұмыс істей алатын шағын
банктерде қолданылады. Алайда мұндай мінсіз жағдайлар іс-жүзінде өте серек
кездесетіндіктен, банктер ұымдастырушылық құрылымның өзгеде түрлерін
пайдаланады. Дивизионалдық ұйымдастыушлық құрылым ұдайы өзгеріп
отыратын нарық жағдайында кредит мекемелерні арасындағы бәсеке өскенде
қолданылады. Түрлі құрылымдық бірліктер – басқармалар, бөлімдер, қызметтер,
секторлар, бөлімшелер болып табылады. Банк
өнімдерінің алуан түрлерін ұсынуға бағытталған құрылымдар өз клиенттеріне
жекелеген қызметтердің үлкен көлемін көрсететін банкттерде жиі қолданылады.
Операциялардың жекелеген түрлерін ұсынуға маманданған бөлімшенің басшысы
және оның жоғары білікті, осы салада үлкен практика тәжірибесі бар
мамандары бөлімшені жоғары бәсекеге қабілетті етеді. Өнім белгісі бойынша
ұымдастырылған банктер сөйтіп қызметтер сапасын әлемдік деңгейге жеткізуде
сондай ақ банк өнімінің жаңа түрлерін дамытуда қосымша арттықшылықтар
алады. Бұл бантердің құрылымында қысқа мерзімді кредиттеу, бағалы қағаздар,
траст, қаржы қызметтері және басқа басқармалар болуы мүмкін. Әр басқармада
ведомстволық бағыныстағы жеке маманданған бөлімдер (мәселен, қысқа мерзімді
кредиттеу басқармасында кәсіпорындарды кредиттеу, халықты, шағын
кәсіпорындарды кредиттеу бөлімдері ) болуы ықтимал. Ұсақ банктерде
басқармалар орнына тек мамандандырылған бөлімдер ғана құрылады.
Тұтынушылардың түрлі топтары бағытталған
құрылым. Мұндай принцип бойынша құрылған банктер өз назарын клиенттердің
жекелеген топтарына, яғни жекелеген тұтыну сегменттеріне аударады. Ірі
банттер құрылымында корпорацияларға, фирмаларға қызмет көрсету,
инвестициялық қызметтер, транст оперциялары, халыққа қызмет көрсету
басқармалары бөлімдермен бірге болуы мүмкін.
Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымдар. Банк ауқымды географиялық
қамтумен жұмыс істеген жағдайда оның ұйымдастыру негізіне түрлі аймақтарда
қызметтер ұсынумен айналысатын бөлімшелер желісі арқылы қызметті жөнге
қоюды көздейтін аймақтық ұйымдастырушылық құрылым принципі алынуы мүмкін.
Облыстар, аудандар ауқымында клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталган
мұндай құрылым жергеілікті жағдайларды неғұрлым жақсы есепке алуға
мүмкіндік береді. Республикада қазіргі таңда алуан түрлі банк қызметтерін
көрсетуге, клиенттердің түрлі топтарымен жұмыс істеуге, сондай-ай
жергілікті аймақтық ерекшеліктерді есепке алуға бағытталған коммерциялық
банктердің дивизионалдық құрылымы басым болып отыр. Банкті басқару
құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп шығаруды, олардың
өкілеттіктерін, жауапкершіліктерімен негізгі банк операцияларын жүргізу
кезіндегі өзара байланысын белгілеуді көздейді. Банктерді басқарудың жалпы
көзқарастары мен құрылымын банк заңнамасы айқындайды, алайда басару
құрылымының көптеген мәселелерін коммерциялық банк өзі дербес шешуге
қақылы. Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай
қалыптастырылғаны (унитарлық, пайлы және акционерлік) және оның желісінің
даму дәрежесі (филиалды және филиалсыз) тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда
коммерциялық банктер негізінен алғанда акционерлік қоғамдар ретінде
құрылған, банкті басқаруға акциоонерлер қатысады. Жоғары басқару органы –
банк акционерлерінің жалпы жиналысы. Жиналыс банк жарғысын, баланстары мен
есептерін бекітеді, банк саясатының бағыттары мен мақсаттарын анықтайды,
яғни стратегиялық міндеттерді шешеді. Акционерлер жиналысы жылсайын, жылдық
есеп, есепті жыл балансы түзілгеннен кейін бір айдан қалдырылмай
шақырылады. Банк жұмысына жалпы басшылық жзасау, сондай ақ атқарушы және
де бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау үшін акционерлер жиналысы банк
басқармасын немесе кеңесін бес жылға дейіңгі мерзімге сайлацды. Банк
басқармасы – банк иелерінің, акционерлерінің мүдделерін қорғайтын өілетті
орган. Банк басқармасының ең әуелгі міндеті салынған капиталдан алынатын
қажетті пайда деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар кеңес
әлбетте, клиенттердің де мүдделерін қоргауға тиіс. Банк басқармасының
негізгі функциялары : 1.банктің сттратегиялық мақсаттарын анықтау және
оның саясатын қалыптастыру. Ірі банкте мекеме мақсаттары мен міндеттері
жіне оларға жету жөніндегі нақты іс әрекеттер бағдарламасы басқармалар мен
қызметтер басшыларымен бірлесе отырып дайындайтын арнайы меморандумында
айтылады. Оған мынадай жағдаяттар кіреді:
- Алдағы кезеңде басым дамытылуға тиісті операциялар;
- Банк филиалдары мен өкілдіктерін ашу мәселесі;
- Маркетинг әдістері және тұтынушыларға жаңа банк кредиттері мен
қызметерін ұсыну;
- Өтімділікті қамтамасыз етудің басты әдістері;
- Банктің рыноктағы бәсекелестік позицияларын нығайту жөніндегі шаралар;
- Банк қызметіне пайыз мөршерлемелерін және тарифтерін белгіеу саясаты;
- Банк қызметкерлерінің саны мен құрамы, олардың біліктілігін арттыру
бағдарламасы және басқалар.
Ұсақ банктерде саясат мақсаттары жөніндегі жазбаша меморандум әдетте
жасалынбайды. Филиалсыз банк үшін филиалдары бар ірі банке қарағанда саясат
принциптерін белгілеу жеңілге соғады, себебі клиентураның жерлілікті
ерекшеліктері деген болады. 2. Басшы
қызметтерге адамдарды іріктеу. Қазіргі замаңғы банк – күрделі де тәекелі
жоғары кәсіпорын, сондықтан да оны білімді, жоғары білікті мамандар мен
жауапкершілікті жандар басқаруға тиіс. 3. Комитеттер құру. Ірі
банктерде шешім қөабылдау үшін әкімшілік (ағымдағы мәселелер), есеп – ссуда
(кредит беру жөніндегі тұжырым), сенім қызметі (қаржы инвестициясы),
тексеру (қаржы жағдайын тексеру), комитеттері құрылады.
4. Ссуда және инвестиция операцияларына
бақылау жасау. Басқарма (кеңес) кредиттер мен бағалы қағаздар қоржынының
құрылымын бекітілген банк саясатына сәйкес заңды түрде бақылайды.
5. Банк қызметін мезгіл – мезгіл тексеріп отыру. Басқарма
(кеңес) мүшелері банк операцияларына жалпы бақылау жасайды. Өз
мәжілістерінде басқармалар, бөлімдер басшыларының есептерін тыңдап, банк
істерін талқылайды. Басқарма (кеңес) мүшелері өз шешімдері, шығындары,
кемшіліктері мен артық іс әрекеттері, банктер туралы заңдылықты бұзу
оқиғалар үшін жауап береді. Сөйтіп, коммерциялық банктегі басқарма
акционерлер жиналысының тапсырмаларына сәйкес практикалық қызмет жүргізетін
жоғары басқару органы болып табылады. Басқарма басшылық жасау және
практикалық операцияларды жүзеге асыру үшін банктың басқару құрылымдарын
қалыптастырады. Операцияларды басқару ресурстарды жинақтау функцияларымен
оларды пайдалану әдістерін нақты бөлуге негізделген. Бұл схема мына түрде
көрініс табады: президент – ссуда операциялары бойынша аға вице-президент
немесе депозит операциялары бойынша аға вице-президент – вице президент –
департаменттер – басқармалар – бөлімдер. Осы көрсетілген принцип бойынша
банк құрудың өзгеде нұсқалары бар болуы мүмкін. Аймақтық және жалпыұлттық
риноктарда банк қызметінің көбеюіне байланысты оның жекелеген оперативтік
буындары одан әрі күрделеніп мамандандырылады, мұның өзі менеджерлерді,
сарапшыларды таратуды жаңа технологияларды қолдануды т.б. қажет етеді.
Бұл жағдайларда банк ішінде клиенттерге нақты қызметтер мен қаржы
операцияларының жиынтығын ұсынатын мамандандырылған профиорталықтар жүйесін
құру дұрыс болмақ. Олардың өз қызметтері, басқару аппараты өз сметасымен
алатын пайдасы болады. Мәселен, бұл функциялар ерекше болып табылатын траст
бөлімі. Оның жұмысының шығындары мен нәтижесін нақты бағалауға болады. Бұл
схема бойынша көрінеді: президент – операциялары бойынша вице – президент –
бөлу каналы (профиорталықтар) – аймақтар. Банк холдинг – компаниясында
мамандандырудың бұдан да жоғары дәрежесіне қол жеткізеді. Бұл схема бойынша
оған қаржы, ипотека, лизинг компаниялары, траст және инвестиция фирмалары,
жол чектерімен кредит карточкаларын шығаратын компаниялар, аудиторлық
фирмалар т.б. кіреді. Банк холдингі олардың қызметінг бағалап отырады. Бұл
жерде бөлімшелермен филиалдардың заңдық дербестігі бар.
Ортада – холдинг – компания, оның жан-жағында – банкттер, қаржы,
траст, лизинг және ипотека компаниялары. Сөйтіп, холдингтік схема еншілес
компаниялар мен филиалдардың дербестігін дәрежеде болуын көздейді. Банк
қызметтеріне жедел басшылық жасау үшін акционерлер жиналысы басқарма
құрамынан банк басқармасының төрағасын сайлайды. Ол банк атынан өкілдік
етеді, акционерлер шешімдерін орындайды, банктың еңбек ұжымын ұйымдастырып,
оған басшылық жасайды, банктың іскерлік өмірі бойынша жедел шешімді
қабылдайды, билік орындарымен және сырт ұйымдарымен байланыс орнатады.
Банкты төраға орынбасарлары арқылы басқарады, олар басқармалар мен
бөлімдердің жұмысына жетекшілік жасайды. Ірі банкттер функционалдық
белгілер бойынша құрылатын департаменттерді басқармалар мен бөлімдерден
тұрады. Олардың басшылары осы бөлімшелердің қалыпты жұмысын қамтамасыз
етеді. Басқарма бастықтары мен олардың орынбасарлары бөлімдер мен
қызметтердің жұмысын үйлестіреді, олардың нақты мақсаттарымен
бағдарламаларын белгілейді, кеңес беріп, жұмысын бағалайды, олар өз назарын
негізінен алғанда нақты нәтижеге шоғырландырады. Бөлімдер мен қызметтер
банк операцияларының қайсыбір учаскесінде тар аялы маманданған жұмыспен
және клиенттерге қызмет көрсетуге шұғылданатын жоғары білікті мамандардан
тұрады. 1 – суретте акционерлік – коммерциялық банкттың
қарапайымдандырылған ұйымдастырушылық құрылымы берілген. Банктердің
ұйымдастырушылық құрылымының кез келген жоғары білікті банк мамандары жұмыс
істейтін, банк операцияларын атқарушы бөлімдер негізгі бөлімшелер болып
табылады. Банктың жалпы ұйымдастырушылық құрылымында сызықтық функциялар
орындайтын бөлімдердің екі типін бөліп көрсетуге болады. Сызықтық бөлімдер
операциялық жұмысты: салым, ссуда, траст, бағалы қағаздарды сатып алу мен
сату жұмыстарын, т.б. жұмыстарын атқарумен тікелей айналысады.

1-сызба. Банкті басқарудың үлгілі ұйымдастырушылық құрылымы

Штаб бөлімдері сызықтық бөлімдерге қызмет көрсетумен, яғни
инфрақұрылыммен айналысады, олардың қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Бұлар
жоспарлау, кадр, заң, статистика және басқа бөлімдер. Банктің
ұйымдастырушылық құрылымын банк басқармалары (орта және ұсақ банктерде-
бөлімдер) қалыптастырады, олар банк операцияларын олардың функционалдық
мақсаттарына қарай сыныптауды ескере отырып құрылады. Мәселен, банктің
кредит ресурстарын жұмылдыру және шоғырландыру жөніндегі операциялары, яғни
пассив операцияларын депозиттік операциялар басқармасы, ал есеп-ссуда
операцияларын, яғни актив операцияларын кредит басқармасы орындайды және
т.б. Коммерциялық банктер шаруашылық есепті, рентабельділікті, өтімділікті
ұйымдастыруға, түрлі қызметтерді (факторингтік, лизингтік, кеңесшілік,
ақпараттық, т.б.) орындауға көп көңіл бөледі. Бұл үшін тиісті құрылымдық
бөлімшелер жасақталады.
Банк қызметін болжау басқармасы оның қызметінің негізгі принциптерін –
өтімділікті, рентабельділік пен сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында
банктің басқарушылық функцияларын жүзеге асыруды көздейді. Тиісінше оның
құрылымында 3 бөлім болуы мүмкін. Шаруашылық есеп бөлімі банктің табыстары
мен шығыстарын болжап, нақты табыс пен шығысқа талдау жасауға және
рентабельділікті анықтауға тиіс. Коммерциялық қызмет негіздерін жасау
бөлімі банктің кредиттік әлеуетін анықтаумен, оның іскерлік саясаты
актілерін қалыптастырумен айналысады.
Депозиттік операциялар басқармасы тартылған қаржыны және банктің өз
капиталын есепке алумен және талдаумен шұғылданады. Оның әдетте депозиттік
операциялар және қор бөлімдері болады. Мұның алғашқысы салымшылармен шарт
жасаумен, депозит қаржысын есепке алумен және талдаумен айналысады.
Кредит басқармасы заемшыларға кредит беру мәселелерімен айналысады.
Оның әдетте заңды тұлғаларды, халықты қысқа мерзімді кредиттеу, банкаралық
операциялар және басқа бөлімдері болады.
Банк филиалдары басқармасы филиалдардың қызметіне басшылық жасаумен
және бақылаумен, банк филиалдарына әдістемелік және практикалық көмек
көрсетумен шұғылданады.
Есеп айырысу-касса басқармасы (бөлімі) клиенттердің есептерін ашып,
жүргізеді, есеп айырысуды жүзеге асырып, касса операцияларын орындайды.
Валюта басқармасы (бөлімі) статистикалық ақпаратты жинақтаумен және
талдаумен, клиенттерге ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетумен айнылысады.

Көлеміне қарай коммерциялық банктің басқа да қызметтері болады: олар –
кадр, заң, шаруашылық, тексеру, ЭЕМ енгізу және пайдалану бөлімдері.
Банкті құрудың бірнеше принциптік схемасы белгілі. Олардың әрқайсысы
кредит рыногының белгілі түріне сай келеді. Мәселен, банкті құрудың
неғұрлым қарапайым схемасы-пирамидалық схема. Ол клиенттер саны шектеулі,
өзге кредит мекемелері жоқ кредит рыногына сай келеді, банк негізінен
ауылдық жерде орналасады. Бұл басшылығына тікелей және тура бағыныштылығы
тән.

1.2 Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні

Коммерциялық кәсіпорын түріндегі басты бір ерекшелігі, оның
ресурстарының едәуір бөлігі меншікті қаражаттармен қатар, тартылған
қаражаттар құрайды. Сондықтан да банктің беретін несиелер көлемі тартылған
қаражаттарға тікелей байланысты болып келеді. Банкте тартылған қаражаттар
құрамына қарай әр түрлі болып келеді. Олардың басты түріне банктің
клиенттерімен жұмыс процесі кезінде тартылған, сол сияқты басқа да несиелік
мекемелерден қарызға қаражаттары жатады. Банк ресурстарының құрылымында
тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары,
олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге
асырылады. Сырттан тартылған қаражаттар үлкен екі топқа бөлінеді: (1 сызба)
1. Депозиттік қаражаттар.
2. Депозиттік емес қаражаттар
Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) –
бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық
банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы.
Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың)
банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік операциялар – банктің негізгі пассивтік операцияларын құрайды.
Шын мәнісінде депозиттер, коммерциялық банктердің еркін несиелік ресурстар
нарығынан ресурстар сатып алудағы делдалдық қызметінің мазмұнын ашады.
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын
белгілі – бір мерзімдегі немесе талап етуге дейінгі салымдарға тартуға
байланысты банктің операциялары болып табылады. Кеңес экономистері
депозиттерге мерзімді салымдарға орналастырылған қаражаттарды жатқызады.
Бұл әлемдік банктік тәжірибеге сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасының
банктік секторындағы реформалар жалпы мемлекеттік экономикалық шаралармен
қатар жүзеге асырылып келеді. Жүргізіліп отырған банктік реформалардың
басты бағыттарының бірі – уақытша бос қаражаттарын тарту және
инвестициялаудың ішкі көздерін қалыптастыруға бағытталған депозиттік
нарықтың қалыптасуы мен дамуы болып табылады. [21.15-14б]
Кез келген ел экономикасының дамуы жинақтаулардың инвестицияларға өту
тиімділігімен тығыз байланысты. Республиканың ішкі жинақтауларын тарту
қажеттілігі, ең алдымен, инвестициялық ресурстар тапшылығы және тікелей
шетелдік инвестициялар үлес салмағының ұлғаю мәселесімен белгіленеді.
Осыған байланысты, нарыққа өту жағдайында ұлттық ақша ресурстардың
мобилизациясы, тұрғындар жинақтауларының банк жүйесіндегі несиелік
ресурстарға құйылуына әрекеттесетін депозиттік нарықтың қалыптасуы мен
дамуы мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр. Бүгінгі күні Қазақстан
Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды
үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы; зейнетақы активтерінің
нарығы; қор нарығы; валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық
ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен
тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуы арқасында сомалық жинақтауларда
үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие. Тұрғындар өзге қаржы
нарығының сегменттеріне жинақтаулар салу тәжірибесінің жоқтығы бұл
сегменттердің жеткіліксіз дәрежеде дамымауына әкеліп соқтырады.
Халықаралық  банктік тәжірибеде депозиттер 3 топқа бөлінеді:
I – топ, мерзімді депозиттер, олардың басқа да түрлері – депозиттік
сертификаттар ;
II – топ, талап етуге дейінгі депозиттер;
III – топ; халықтың жинақ салымдары;
Мерзімдік депозиттер тобы, әдетте мерзімдеріне қарай жіктеледі:
-     3 – ай мерзімге дейінгі депозиттер;
-     3 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер;
-     9 – айдан бір жылға дейінгі депозиттер;
-     Бір жылдан жоғарғы уақыттағы депозиттер;
-     Депозиттік сертификаттар
Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды және
жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік шотына
орналастырған жағдайда; екіншісі, жасанды депозиттер, яғни банк клиентке
чек арқылы есеп – айырысуы мүмкіндігін беру барысында. Банк ресурстарының
құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда
өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі
жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ
ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі
емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті
десе де болады. [23. 24-38б] Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін
депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі
болып табылады.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары
түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын
қаражаттары. Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды. Депозиттік емес тартылған
ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады.
Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан
да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады. Депозиттік
операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік
операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент –
банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің
өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және депозиттік емес
ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
-     талап етуіне дейінгі депозиттер;
-     мерзімді депозиттер;
-     жинақ салымдары;
-     бағалы қағаздар.
Сондай – ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге
             болады:
-       мерзімдеріне қарай;
-       салым иелерінің категорияларына қарай;
-       қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
-       пайыз төлеу тәсіліне қарай;
-       банктің, активтік операциялары бойынша Жеңілдіктер алуына қарай;
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді:
-       жеке тұлғалардың шоттарына;
-       кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
-       жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
-       қаржылық мекемелерінің шоттарына;
-       шетелдік азаматтардың шоттарына.
 Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын
әр түрлі шоттардағы қаражаттар.  Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне
дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
-       мемлекеттік акционерлік кәсіпорындардың, сондай – ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
-       әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
-       есеп айырусыдағы қаражаттар;
-      жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы
қаражаттар;
-       басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін
жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік
шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге
асырылуы барысында түседі және пайдаланылады. Ал кемшілігі – бұл шот
бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді.
Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік
ерекшеліктері қалыптасады:
-      ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз
жүзеге асырылады;
-      шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
комиссиондық ақы алып отырады;
-      банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны
үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
-      талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық
банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
АҚШ – тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік
шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шотты және куәләндырылған
чектер сияқты депозиттер Америка бантерінде кеңінен қолданылады. Нау –
шоттар бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер.
Нау шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады;
-      бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
-      бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
-      салым иелерінің бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.
Куәләндырылған чектер шоттары – бұл куәләндырылған чектерді төлеу үшін,
сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттарды
білдіреді. Куәләндырылған чектер – бұл банктің шоттағы қаражаттың барлығын
чектер арқылы куәләндырылуы. Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит
түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады. Оның мынадай ерекшелігі бар:
-      ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне
байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
-      шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
-      салымдардың сақтандырылуы;
-      иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма
жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі
телефон арқылы жүзеге асады. Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір
мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос
ақша қаражаттары. Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе
мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен
пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе
ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса,
онда шот иесі айып пұл төлеуге міндетті. [24.16-20б]
Бұл салымның ерекшелігі – талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда,
оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді. Депозиттің бұл
түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі
ала алады. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады. Мерзімді
депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
-      меншікті-мерзімді депозиттер;
-      алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
-      30 күнге дейін;
-      30-90 күнге дейінгі;
-      90-180 күнге дейінгі;
-      180 күннен 360 күнге дейінгі;
-      360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті
міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала
келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте,
алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді. Мерзімді
депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
-      есп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да
есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
-      шоттағы қаражат баяу айналады;
-      тұрақты пайыз төленеді;
-      пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп
отырады;
-      ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап
етіледі;
-      бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді. Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі – жинақ
салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап
етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде
жинақ кітапшасын көрсетуі қажет. Банктер үшін мұндай шоттар қосымша
жұмыстарды талап етеді: оперцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және
ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және тағы басқа.
Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде
жинақ салымдармен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар. Жинақ
салымдардың тұрақты мерзімі болмайды.
Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі
мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде
толтырылады. Жинақ салымдардың мынадай ерекшеліктері болады:
-      ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
-      шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап
етілмейді;
-      ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады.
Ал шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер
фирмаларға ашыла береді. Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға
ашылатын жинақ салымдар салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына
қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
-      мерзімді жинақ салымдар;
-      қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдар;
-      ұтыс салымдары;
-      ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
-      мақсатты және ағымдық салымдар;
-      алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
-      валюталық салымдар. Мерзімді жинақ салымдарға —  тұрақты мерзімі
белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады.
Мерзімді жинақ салымдарға басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде
пайыз төленеді. Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа
алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға
болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде
(жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді. Ағымдық
жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу
үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай
салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді. Мерзімді депозиттер мен жинақ
салымдардың бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға
болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі мерзім
өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттың барлығын куәләндыратын банк-
эмитент жазбаша куәлігі. Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне
қарай екі түрлі болып келеді:
-      атаулы сертификаттар ;
-      мәлімдеуші сертификаттар ;
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына
толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты жөні
көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген
қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін
атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан
да, оларды заңды тұлғалар сатып алады. Әлемдік банктік тәжірибеде
депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
-      аударылатын
-      аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып,
уақыты жеткен соң банкке ұсынылады, аударылатын депозиттік сертификаттар
басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді. Жинақ
сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының
мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты
тек жеке тұлғаларға ғана беріледі. Мерзімді депозиттік және жинақ
сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда
банк сертификатын сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді.
Коммерциялық бенктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен,
яғни ірі соманың белгілі  бір мерзімге түсуін сипаттайды. [27.25-29б]
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын
қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды
жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде
жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік
операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін
сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеру тиіс:
-      депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың
мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
-      депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта
пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
-      депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер
мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
-      салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар
түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс. Банк
депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау
мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің
несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде
тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы
нарығынан сатып алынған ресурстары жатады. Банкаралық несие – бұл
коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.
        Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат
ресурс болып табылады. Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер
құрайды. Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір-бірінде ашқан
корреспондент шотындағы қаражат қалдықтары. Депозиттік емес қаражаттардың
бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін
қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға
болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар. Овернайт – банктердің
Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтыңпайда болуына
байланысты бір түнге берілетін несие. Мысалға, оны бүгін кешке алған
жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда бұл несиені
алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі
аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс. Күндізгі заем – банктік жұмыс күні
ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша
қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен
төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.
 1.3 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты

Депозиттік саясат зерттеу жұмысында салымшылар мен басқа да
кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы
ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын
анықтауға мүмкіндік береді. Бұндай тәсілдеме банк ресурстарының тиімді,
оңтайлы комбинациясын анықтауды болжайды. Банктің депозиттік саясатын
оңтайландыру -  бұл күрделі көп факторлы міндет, оның шешімінің негізі
біздің ойымызша елдің экономикалық қызығушылығын тұтасымен коммерциялық
банк экономиканың субъектісі ретінде банктің клиенті және мамандары
табылады. Олардың ынталары әрқашан біріне сай келмейтіндігі айқын.
Сондықтан оңтайлы депозиттік саясат, ең алдымен, олардың мүдделерінің
келісуін болжайды.Бұдан басқа, депозиттік саясат коммерциялық банктің
несиелік саясатының бір бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімділіктің,
оңтайлылықтың  жалпы талабына бағынады- бұл өтімділік, табыстылық және
тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы.
Банктердің депозиттік саясатының мақсаты —  олардың активтері мен
пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды
тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.
Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:
-  халықтың қысқа мерзімді депозиттеріне қарағанда ұзақ мерзімді
депозиттерді дамыту және осының негізінде қаражаттардың тұрақты көздерін
қалыптастыру;
-  талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карточкалық
шоттарды (пластикалық карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;
-  клиенттерге көрсетілетін депозиттік және онымен байланысты банктік
қызметтер ауқымын кеңейту;
- қаржылық және қаржылық емес салалардың клиенттерінің депозиттерін
арттыру;
Банктердің депозиттік саясаты олардың тарифтік, мүдделік саясаттарымен
өзара байланысты болады және келесі мәселелерді шешуге бағытталады:
-   барынша аз қаржылық шығындарды жұмсап, жеке және заңды  тұлғалардың
бос ақшалай қаражаттарын тарту;
-   ақшалай қаражаттарды шоғырландыру үшін депозиттердің жаңа түрлерін
дайындау және енгізу;
-   инвестицияны қаржыландыру мен несиелеу үшін депозиттердің
жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
-   депозиттерге қызмет көрсету бойынша банктің шығындарын азайту және
т.б.
Депозиттік саясаттың қағидалары:
-   ақшалай қаражаттарды депозиттерге орналастырудың еріктілігі және
оларды қабылданған номиналдары бойынша қайтарымдылығы;
-   нарықтық конъюктура тұрғысынан қарағанда депозиттік өнімдердің
бәсекеге қабілеттілігі;
- жинақтарды жинақтау үшін депозиттердің шартының қолайлылығы;
Депозиттік саясат депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын, жинақтарды тарту
әдістерін, депозиттерді сақтау мерзімдерін оңтайландыру, қызмет корсету
аясын кеңейтуді, клиенттерге қызмет көрсету технологиялық үрдісін өзгертуді
икемді реттеу жолымен жүзеге асырылады.[13.17-19б]
Банктің депозиттік портфелінің оңтайлылығы және диверсификациясы
өтімділікті ойдағыдай басқаруға қажетті шарт болып табылады. Банктің
негізделген және заңды клиенттерінің қажеттіліктерінің қабілетсіздігі
тиімді келісім-шарттардың тез арада жоғарылауына, оның бәсекелік
позициясының әлсіздігіне және ақырында, нарықтық қатынастың өміршең
қабілетті субъектісі ретінде банктің күйреуіне әкеледі. Банк қызметінің
мақсаты (басқа да экономикалық қызметтер сияқты) – минималды тәуекелділікте
максималды мүмкін пайда (табыс) алу. Басқаша айтқанда, бұл анықтама
–тәуекелдің табысқа немесе табыстың тәуекелге қатынасы. Табыстылық пен
тәуекелдің оңтайлы комбинациясы тәуекелдің табысқа қатынасы үшін минимумға
жету немесе эквивалентті бөлу табыстың тәуекелге қатынасы үшін максимумға
жету болып табылады.
Табыстылық пен тәуекелдің оптималды комбинациясын Морковиц - Шарп
моделіндегі бағалы қағаздар портфелінің оңтайлы бір уақытта ұштастырылуы
мынадай екі шартты орындайды: бұдан басқа ешбір табыстылық пен тәуекелдің
бұдан басқа ешбір комбинациясы берілген табыстылықтың көп немесе тәуекелдің
аз деңгейінде қамтамасыз етілмейді; табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа
ешбір комбинациясы берілген аз немесе табыстылықтың жоғары деңгейінде
қамтамасыз етіле алмайды.
Мұндай комбинация тәуекелдің бір түрін ғана қабылданғанда және табыс
көздерінің баламасыздығын тек біреу ғана болған кезде қалыптасады. Көп
қабылданған тәуекел және сараланған табыс көзднрін қолдану кезінде мұндай
оптимумдар бірнешеу болуы мүмкін, ол тәжірибеде ереже болып табылады.
Бұндай жағдайда табыстылық пен тәуекелдің ара қатынасының оңтайлылығын
іздеу кезеңі бойынша өткізіледі, тәжірибеде жүзеге асыру жолында
тізбектілік итерацияда негізгі бағыттарды байқай отырып “градиент” сияқты
кеңестік ықтималдық жоғары жағдайында.
Дегенмен, саналы тәуекелді қабылдаудан басқа, оны минимизациялауды
банк өзінің қызметін мыныдый түрде: минимумды жоғарылытуды өзіне анықталған
табысты қамтамасыз етуде іске асыру керек. Мұндай минималды табыс деңгейі
деп табыстылықтың жеткіліктілігін айтамыз. Онда табыстылықтың
тәуекелділігін бірнеше аймаққа бөлуге болады, оның әрқайсысы қызметтің
айрықша жағдайымен сипатталады. [14.25-29б]
Болашақтағы сұраныстың анықталмаған жағдайында өтімділіктің қалыпты
мөлшерін анықтау қиын. Коммерциялық банктердің өтімділік жағдайын нақты
бағалау үшін анықталған кезеңде қолма-қол ақшаның түсуі және қолма-қол
қаражаттарының қажеттілігі, күтілген деңгейде өтімді активтердің нақты
болжамдары қажет. Несиелік саясатты әзірлеу кезінде:
1.базистік кезең деңгейімен салыстырғанда салымдар мен ссудалардың әр
түрінің күтілген өзгерістеріне сүйенуі мүмкін.
2. банктің өтімділік ресурстарының қажеттілігін есептегенде.
Коммерциялық банктердің несиелік саясатын анықтайтын өтімділік динамикасына
мынадай үш негізгі фактор әсер етеді:
А) салым сомасының азаюына немесе көбеюіне байланысты қаражаттарды сатып
алу немесе жоғалту;
Ә) инвестиция және ссуда сомаларының қысқаруы мен өсуіне байланысты
қаражаттардың түсуі немесе жылыстауы;
Б) салым сомасының қысқаруынан немесе өсуінен міндетті резервтік мөлшерінің
төмендеуі немесе өсуі.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын анықтауда нарықтың
ерекшеліктерін талдауға сүйенеді, сондай-ақ банктің ресурстарының оңтайлы
комбинациясының критерийлерін, негізгі талаптарын жасауға болады. Сонымен
бірге, біздің көзқарасымыз бойынша, жеке, таңдаулы банктің депозиттік
саясатының ерекшелігі айырықша көрінеді және барлық банктер үшін жалпы
критерийлер болуы керек.
Қазақстан банктерінің депозиттік саясатының жалпы оңтайлы критерийлері
мыналар:
-  банктің қаржылық тұрақтылығы, оның сенімділігі, тұрақтылықты ұстап
тұру үшін қажетті банктің депозиттік, несиелік және басқа да
операцияларының өзара қатынасы. Жекелей алғанда, активтер мен пассивтердің
келісуі қажет (сомасы, мерзімі, өтімділігі, тәуекелдік және табыстылық
дәрежесі бойынша), яғни банктің депозиттік саясатты жүргізгенде депозиттер
портфелінің оңтайлылығын банкке деген салымшылар (заңды және жеке тұлғалар)
талабының жиынтығы ретінде ең артынан қарауының, өтімділіктің және
табыстылықтың, тәуекелдің дәрежесін анықтайтын критерийлердің негізінде
жіктеліуінің (несиелік ұйымның берілген ресурс түрінің айналымы мен
мерзімі, талап ету дәрежесіне, проценттік ставка деңгейі және т.б.)
қалыптасуына үлкен көңіл бөлу қажет.
- банк ресурсының тәуекелдігін минимизациялау мақсатында
диверсификациялау;
-   депозиттік портфельді сегменттеу (клиент, өнім және нарық
бойынша);
-   әр түрлі клиенттер тобына саралау тәсілдемесі (тұрғындардың
жоғарғы депозитіндегілер, байлар, кедейлер үшін әр түрлі өнімді жинақтау);
-   банктің өнімі және қызмет көрсетуі басқа бәсекелес банктің
өнімінен өзгешеленуі керек (сапасы, бағасы бойынша және т.б.);
-   жоғары тәуекел жағдайында банктің депозиттік портфеліндегі тұрақты
ресурстарының үлесі жоғарылағанда  тұрақты  және “ұшпалы” ресурстардың
оңтайлы үйлесуін қамтамасыз етуде ресурстардың тиімді комбинациясының
қажеттігі сонымен қатар депозиттік операциялар бойынша да;
-   депозиттік портфель мен салымдардың гаммасын тұтасымен қалыптастыру
процесінде өміршендік кезеңде есепке алу концепциясы.
Депозиттік саясаттың оңтайлы критерийлерін ерекшелігі әр банкте жеке-жеке
анықталады (банктің мөлшеріне, оның персоналдарының квалификациясына,
олардың орындаған операциялары және қызмет көрсетулерінің өзіндік құны және
т.б.) Мысалы, әлеуметтік бағытталған саясатты жүргізуде (халықтың тұрмысы
төмен жіктері үшін; VIP-клиенттер үшін; халықтың тұрмысы жоғары жіктегілер
үшін) нақты аймақта өзінің операцияларын дамыта отырып немесе
операцияларымен қызмет көрсетудің анықталған түрлеріне арналған нарықтық
стратегияны банк таңдайды, оның оңтайлы көрінісі біршама дәрежеде сәйкес
келеді. Халыққа банктік қызмет көрсету нарығын маркетингтік зерттеу
нәтижесі жоғарыда айтылғандай, сонымен қатар шетелдік банк тәжірибесін
зерделеу мынадай қорытындағы әкеледі, банк қызметінің түбегейлі бағыты
депозитке қаражаттарды тарту, бұл – салымдар гаммасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасының банк жүйесі: мәселелері және ХХІ ғасырдағы келешегі.
Коммерциялық банктердің делдалдық қызметі және олардың дамуы
Коммерциялық банк ұғымы және оның ұйымдық құрылымы
Акцирнерлік - коммерциялық банкті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
Депозиттік саясаттың даму дәрежесін көрсету, және де қазіргі жағдайды жақсарту жолдарын, банктің депозиттік қызмет сегменттерінің өсу факторларын және жаңа ойларды іздеу
Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде, қызметтері мен операциялары
Банк саласындағы мемлекеттік басқару, оны жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы
Коммерциялық банктердің дамуын жақсарту жолдары
Коммерциялық банктердің қызметі туралы
Пәндер