Кіші мектеп оқушысының психологиясында дарындылығының көрінуі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1 Кіші мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен дарындылығының
ғылыми теориялық негіздері
1.1Кіші мектеп оқушыларының психологиялқ ерекшеліктері
1.2Дарындылықтың негізгі түрлері мен оның бала бойында қалыптасуы
1.3Кіші мектеп оқушысының психологиясында дарындылығының көрінуі
1.4Кіші мектеп оқушыларының психологиясы мен дарындылығына әсер етуші
факторлар
2 Кіші мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен дарындылығының
байланысын тәжірибелік зерттеу жұмыстыры
2.1Кіші мектеп оқушыларының психологиясын зерттеу және дарындылығын анықтау
2.2Дарынды балалардың ата-аналарымен және мұғалімдрімен жүргізілетін
жұмыстар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Қазақстан психология ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып, дарынды
балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-
психологтың қызметі анықталды. Сонымен қатар, дарынды балалардың қабілеті
талданып, олардың танымдық процесстерінің ерекшеліктері талданды. Дарынды
балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыстарды ұйымдастыруда қабілет
ерекшеліктерінің категориялары мен критерийлерін ескеру қажеттігі
дәлелденді.
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда болып жатқан қоғамдық-тарихи
бетбұрыстар жеке тұлға туралы көзқарасты қайта қарауды талап етіп отыр.
Бүгінде Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылға арналған білімді дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасында, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған ҚР
2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес жарлығымен
бекітілген Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға,
бәсекеге қабілетті ұлтқа байланысты білім беру саласындағы мемлекеттік
саясатты жүзеге асырудың басым бағыттары мен тетіктерін қамтиды. Бұл
бағдарлама ҚР Білім мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелерін
талдау негізінде әзірленеді. Қазақстан Республикасының Білім туралы
заңына мемлекеттік саясат негізінде тұңғыш рет әр баланың жеке қабілетіне
қарай интеллекттік дамуы, тұлғаның ерекше қабілеті, яғни, дарындылығын
дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Себебі, ғылым мен
техниканы және өндірісті бүгінгі әлемдік стандарттағы деңгейде дамыту үшін
елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар,
білікті мамандар қажет. Міне мұндай мамандар дарынды балалардың ішінен
шығатыны сөзсіз.
Тұлға дарындылының ерте көрінуі қазіргі таңда өзекті мәселелердің
бірі. Осы орайда, психологиялы ғылымындағы дарындылық туралы жеткілікті
пайымдаулар болса да әлі жүйелі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр.
Себебі, “дарынды балалар” ұғымының астарында жатқан психологиялық
мәселелерге терең үңілу қажет. Бүгінгі күні дарынды және талантты
балалармен оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру Қазақстандық білім беру
жүйесінің жетілуіне жаңа міндеттерді қояды. Дарынды балаларды тұлғалық
дамыту мен тәрбиелеу мемлекеттің шығармашылық әлеуеті қалыптасуының
мүмкіндігін шешеді. Сонымен қатар, қарқынды ғылыми- техникалық және
әлеуметтік прогресс, өндіріс пен әлеуметтік өмірдің барлық салаларының,
білім мен мәдениеттің әрі қарай даму мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді.
Психология ғылымында дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу адамның
шығармашылық дамуының тамаша үлгілерін құрайды. Көптеген зерттеулер мен
тәжірибелер көрсеткендей дарындылықтың дамуы қандай да болмасын дамудың бір
кезеңінде тоқталып қалуы, ал кей жағдайда тереңдетілетінін көрсетеді. Осы
орайда, дарынды тұлғаны дамытуда арнайы ұйымдастырылған психологиялық көмек
және қолдау қажет. Бүгінгі күні дарындылық мәселесінің феноменін зерттеуде
төңкеріс немесе жарылыс кезеңі байқалуда. Психология ғылымында бұл
мәселені зерттеуге көптеген шетел ғалымдары Г. Мелхорн, Х.Мелхорн, Дж.
Гилфорд, Т.Мейснер және Ресей психологтары А.М.Матюшкин, В.С. Юркевич,
Б.М.Теплов, В.Э.Чудновский, Ю.Д.Бабаева, сонымен қатар, Қазақстандық
зерттеушілер У.Б.Жексенбаева, Л.М.Нарықбаева елеулі еңбек сіңірді.
Зерттеушілердің анықтауынша үстіміздегі ғасыр шығармашылық дамуының
өзектілігінің себебі: қазіргі кездегі қоғамның әлеуметтік экономикалық
жағдайларымен шешіледі. Дарынды да талапты жас ұрпақ-бүгінгі мемлекеттің
келешегі. Осы адам ресурстары мен капиталын тиімді пайдалану үшін дарынды
балаларды өз мүмкіндігін толығымен пайдалана алатын тұлға ретінде
қалыптастыру үшін қажетті жұмыстарды жүргізіп, оқу-тәрбие процесін тиімді
ұйымдастыру қажет. Жоғарыдағы айтылған мәселелерге қойылған міндеттерге
орай мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін ғылыми тұрғыда негіздеп, оны
дұрыс ұйымдастырғанда ғана қол жеткізіледі.
Қоғамдағы тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып,
таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарындылық аса жоғары
бағаланатыны белгілі. Оларға дұрыс тәрбие берудің алғы шарты - дарындыларды
жастайынан анықтай білу. Кез-келген мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің
бірі елімізде өзінің алдында түрған міндеттерді өзбетімен шешім қабылдауға
қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
Тұлғаның білімге құмарлығы немесе ми қызметінің белсенділігі, жалпы
түрде ми қабілеттілігінің мотивациялық факторлар ретінде ұсынылады. Білімге
құмарлықтың тұруы тағы да бір маңызды ерекшелікке байланысты, зерттеулер
қатарында белгіленген.
Қазіргі өскелең ұрпақ еліміздің болашақ зиялы қауымы мен өкілдері болып
табылады. Сондықтан, дарынды балалардың бойындағы ерекше қасиеттері мен
әлеуетін бағалап, психологиялық ерекшеліктерін тиісті деңгейде зерттеп,
білу, өмірде өз орындарын табуға педагогикалық және психологиялық жағдай
жасау – ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе жалпы білім
беретін орта мектептерде әлі де болса зерттеулер жүргізуді талап етіп отыр.
Осы орайда, дарынды балалардың қабілетін анықтауда мақсатқа бағытталған
жүйелі жұмыстар бағдарламасын жасау қажеттігі туындайды. Аталмыш мәселелер
бойынша қазіргі қоғамның қажет етіп отырған бәсекелестікке қабілетті тұлға
қалыптастыру мен мұның негізінде теориялық және әдістемелік
бағдарламалардың арасындағы қарама-қайшылық тақырыпты Дарынды балалармен
жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі деп таңдауымызға негіз
болды.
Зерттеу мақсаты: Кіші мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері
мен дарындылығы арасындағы байланысты анықтау.
Зерттеу міндеттер:
• Кіші мектеп оқушыларының психологиялық еркешеліктерін мен
дарындылығының байланысын теориялық тұрғыда талдау;
• дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық процестерін
теориялық жүйелеу;
• дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін
анықтау;
• психологиялық ерекшеліктеріне байланысты дарынды балалармен
жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, педагогикалық-психологиялық
ұсыныстар жасау.
Зерттеу пәні: кіші мектеп оқушыдарының психологиялық ерекшелігі мен
дарындылығының байланысы
Зерттеу нысаны: кіші мектеп жасындығы оқушылардың психологиялық
ерекшелігі мен дарындылығының қалыптасу процесі.
Зерттеудің болжамы: егер, дарынды балалар психологиясы ғылыми-
теориялық тұрғыда негізделіп, олармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-
психолог қызметі жүйеленсе, онда қабілет құрылымындағы дарындылықты дамыту
әлеуеті жоғар еді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Бiздiң зерттеуiмiзге
дарындылықты зерттеудің теориясы мен тұжырымдамасының негізі (Ю.З.Гильбух,
К.А.Хеллер, К.Юнг, Н.С. Лейтес), жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық
іс- әрекеттің рөлі (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, А. М. Матюшкин) мен
ерекшеліктері туралы (И.П. Волков, А.И. Савенков, В.В. Давыдов),
Қазақстандық ғалымдар У.Б. Жексенбаеваның, Қ.
Әбдібекқызының, Л.М. Нарықбаеваның ғылыми зерттеулері құрайды.
Зерттеуде қолданылған әдістер.
Алдымызға қойылған міндеттерді шешу мен болжамдарды тексеру үшін
зерттеу әдістерінің тобын анықтадық:
• теориялық (құжаттар мен іс -әрекеттер түрлеріне, ғылыми әдебиеттерге,
терминдік түсініктерге психологиялық - педагогикалық талдау);
• эмпирикалық (эксперименттік жұмыстар).
Зерттеу базасы. Аягөз қаласының №5 жалпы білім-беретін орта мектебінің
1 А, 2А, 3 А сынып оқушылары
Жұмыстың құрылымы мен көлемі:
Диплом жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиет тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады. Жұмыстың
жалпы көлемі – 63 бет, қолданылған деректер тізімі-74 әдебиеттерден тұрады.

1 Кіші мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен дарындылығының
ғылыми теориялық негіздері
1.1Кіші мектеп оқушыларының психологиялқ ерекшеліктері

Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге талдау жасау барысында кіші
мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін педагогикалық
мәселелерінің әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс
таппағандығын көрсетеді. Бұл кезең оқушылардың жеке тұлға болып дамуының
және қалыптасуының бастапқы кезеңі болып табылатындықтан, жанұя тарапынан
берілетін тәрбиенің мәні аса маңызды. Алайда, жанұя тәрбиесінің
педагогикалық маңыздылығы мектептен бірлесе отырып, жұмыс атқарса, онда
жемісті болар еді. Сөйтіп, оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда оның
педагогикалық мәселелерінің ғылыми-теориялық негізінің жоқтығы мен
практикалық мұқтаждығының арасында қайшылық айқын байқалады. Осы
қайшылықтың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын Кіші мектеп жасындағы
оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері -деп
алуға мүмкіндік береді.
Кіші мектеп оқушыларының психолоиялық ерекшеліктерінің дарындылықпен
байланыса дамуы бернеше құрылымдардан тұрады. Біріншіден, тұлғаның ақыл-
ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден, мәдениетті және адамзаттық
өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-
әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру.
Рухани құндылықтар    құрамына   тұлғалық (жалпыадамзаттық), қоғамдық
(әлеуметтік мәнді) және мемлекеттік (ұлттық) құндылықтар алынады. Балалар
мен жастардың рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуы, өмірге өздігінен даяр
болуы, қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының әлеуметтік-адамгершілік аспектісі мен
ұлттық мәдениеттің жеке тұлға бойында қалыптасу мәселелері прогресшіл халық
ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов,
Ш.Әлжанов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтардың еңбектерінен көрініс тапқан.
Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы тек жас ерекшелігіне ғана
байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына (қала, ауыл)
балабақшада болу-болмауына, тұрмыстық жағдайына, табиғи ортаға, әлеуметтік
ортаға, т.б. жағдайларға байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл
кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшық еттері мен шеміршектері,
сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы барлық мойын, арқа бел
бүгілістері дамиды. Бұлшық еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің
жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйке қалыптасуына үлкен роль
атқарады.

Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп
шағында жүзеге асады.Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту
қабілеті түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен
сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығыартып,
қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.
Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нәрселерге аударады. Бала
біртіндеп енді жай сырттай жартымды заттарға ғана емес, қажетті нәрселерге
зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренеді. Ырықты зейінінің дамуында
сыртқы әсердің тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мәні зор. Зейіннің
дамуы, сондай-ақ оның көлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі ойын
әрекетінің алуан түрлерімен танысып, оларды меңгере алумен байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың
барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете
отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.
Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді.
Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір
дамытады; есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте
сақталынатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте
сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне
байланысты болады.
Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі күрт
жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестетеу үрдісін
талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек
ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп кезеңінде
алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады. Баланың ақыл-
ой әрекетінің дамуы үрдісінде орындау практикалық әрекетінен ішкі ақыл-ой
әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет жоғалмай, керісінше,
оқушылардың жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде байқалады. Ойлаудың
ішкі жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық әрекетті
орындауды үйренеді.
Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды
дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру байқалады.
Логикалық ойлауының даму ерекшелігіне ой қорытындысын жасай алу, себеп-
салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды.
Оқушыларға жоғары дәрежеде, жүйелі түрде және нәтижелі ақыл-ой әрекеті
дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа
техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы
баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Еліміздегі
тіл туралы заң жыл сайын әрбір Қазақстан азаматына үлкен жүктеме артып
отыруға байланысты тек ересектердің сөйлеу әрекетінен ғана нәтиже
байқалмайды, сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл дамуы –
ана тілін терең әрі ұлттық ерекшелікте меңгерілгендігі байқалады. Оқушы
енді өз ойын, өз қалауын, өз сезімін ана тіліндегі сөз байлығын қолдана
отырып, грамматикалық түрде өте дәйекті тұрғыда түсіндіре алады.
Бала тілінің дамуының мотивтеріне құрбыларымен, ересектермен қарым-
қатынас жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес нәрселерді білгісі
келетіндігі, түсіндіруге тырысушылық, әңгімені эмоциялық тұрғыда жеткізе
білуі жатады. Бала бойында кездесетін әр түрлі жағдайларда ішкі сөйлеу
қалыптасады. Сөйлеудің коммуникативтік, сигнификативтік функцияларын
қолдана алады. Өзін қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бірқатар
ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешеліктер туралы тыңдау, оқу,
әңгіме, пікірталас, талдау сияқты түрлерді меңгере бастайды.
Бастауыш мектеп жасындағы көркем жазу бала ойына едәуір өзгешелік
енгізеді. Көркем жазу сабағы ана тілінің грамматикалық табиғатын ашады және
ана тілін еркін меңгеруге мүмкіндік береді. Баланың алғашқы мектеп
табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі сезімдер туғызады. Бұл балалар
арасындағы, әр үйдегі, әрі мектептегі жаңа талаптарға негізделеді.
Қоғамдық талаптардың өзгеруі баланың жеке басындағы адамгершілік,
жауапкершілік, әділдік, қайырымдылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді ашады.
Бастауыш мектеп оқушысының ерік сапаларының дамуы: біріншіден,
жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен көлемінің ұлғаюына және
өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиыншылықтарды жеңе алуына,
үшіншіден, ұзақ уақыт күш жұмсай алуына, төртіншіден, өзін ерікті тежеу
барысында өзін-өзі меңгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады. Бастауыш мектеп
жасындағы балалардың жеке басының дамуы – оқуы мен танымдық әрекеттерінің
қалыптасуында оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік
қасиеттерінің қалыптасуындағы қарқынды кезең. Олардың өзгелермен қарым-
қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады. Мұғалім мен
тәрбиешілердің үнемі бақылауында болатын балалардың психикалық даму
кезеңдері айтарлықтай сапалы өзгерістерге ұшырайды.
Бұл жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болса, оқуға кіргеннен кейін
оқу қызметі шешуші роль атқарадаы. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып
баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай бала психикасы
елеулі өзгерістерге ұшырайды. Мұның себебі ойынға қарағанда оқу талабының
бала үшін қиындығында. Әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі
беймделе алмағандықтан, оқу үстінде мына қиындықтарға кезігеді: 1-ші:
баланың мектеп жағдайына бейімделуі, -2-ші: мұғалім, құрбы-құрдастарымен
қарым-қатынасы.3-ші: 1 сынып оқушыларына беретін тапсырмалар тым жеңіл
болып, қызығу жоғалып кетуі мүмкін. Алайда, барлық қиындықтар бала
психикасы дамуына байланысты шешіледі, жаман-жақсыны ажырата бастайды.
Мектепке кірерде бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып, бұлшық
еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығалды. Бас миының салмағы
100 гр-нан 1400 гр дейін өседі. әсіресе оның (миы) маңдай бөлігі жақсы
қалыптасып, ой мен сөйлеудің дамуының қарқындауына әкеледі. Кіші мектеп
жасындағы балаларда ми жасушаларындағы қозу мен тежелу мөлшері күрделі
маңызды. Бұл кезде тежелу қабілеті үстем алып, осының нәтидесінде кіші
оқушы өзін-өзі меңгере алуына, керек деген жерде өзін-өзі теңселте алуына
мүмкіндігі бар. Кіші мектеп жасында бала мақсатты іс-әрекет етіп, өзнің
қозғалысын басқара алатын болады.
Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Оқу оның негізгі
қызметіне айналса да, бал ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де ойнағысы
келеді. Бірақ оған кіші оқушының уақыты да, мұршасы да жоқ. Осының
нәтижесінде ойын оның өмірінде 1-ші орыннан 2-ші дәрежедегі әрекетке
ысырылады. Осыған орай ойын жаңа мазмұн алады. Балалар ролдердің азаматтық
қасиеттік сапасына, айталық, ептілік, қайраттылық, батырлығына, әдемілігіне
мән береді. 1-ші және 2-3 сыныптағылардың ойыны бірдей емес. 1-ші сыныпта
оқушы мен ұшқыш болатын, маған сондай роль ұнайды деп айтып, бірақ соны
орындауға әрекет жасап жарамайтын болса, 3-ші сыныптағылар роль ойынына
електеумен шектелмей, соларға орай тиісті қиыншылықтарды жеңуге тырысады.
Дмемк, сөзден сол бейнелерді орындауға көшеді, өзі соларға еліктеп, өзі іс
жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын, епті, айлақор болуы үшін әрекет
жасайды. Осының өзі өзін-өзі тәрбиелеудің басы болып табылады. Ойын
мақсатының мүлдем өзгеруі басталды. Ойын бұрын ермек болып келес, енді кіші
оқушы үшін өз-өзін тәрбиелеудің құрамына айналып отыр.
Рольдік ойындардан басқа түрлі тиісті ережелерге сүйенетін ойындармен
кіші оқушы 2-3 сыныптарда айналыса бастайды. Мысалы шахмат, футбол, доп
қағу т.б. ойын ойнайды. Ойын үстінде баланың ойы, ептілігі, күштілігі,
шыдамдылығы, жылдамдылығы, тапқырлығы дамиды.
Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден
қалыптаспайды. Оған біраз мерзім үйрену керек. Жеке пәндерден сабақтарды
ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға
қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болып
жарымайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген
ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып одан нәтиже шыққанда
мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы
орындауға түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар.
Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан болады. Ал, жанама
ықылас сол нәрсеге қызық болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы
келгендіктен болады. Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың
тәсілін жақсы білмейді. Бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы кеп тұрады.
Мұның себебі олардың оқуға әлі төселмегендігінде.
Бастауыш мектепте тапсырма мынандай 2-түрлі жолмен беріледі: 1-ден,
берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. 2-ден,
тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін баланың
қолында үлгісі болуы керек. Мысалы тақпақ берілсе оның тексті болуы керек.
Тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп
тапсырманың шарты мен танысу және проблемалық мәселелерді орындай білу
жатады. Осыған әр түрлі пәнге, айталық, грамматикалық, географиялық,
математикалық есептер шығару жұмысы жатады. Кость және оның жақтаушылары
оқу әрекеті барысында 6 түрлі ой әрекеттерімен даму сатыларын көрсетті. 1)
ес, 2) қайта жаңғырту, 3) негіз салу, 4) пайда болған жаңа ситуацияға
мүмкіндігінше шешіле іздеу, 5) бұрынғы және жаңа білім қарым-қатынасы, 6)
рефлексия, яғни ой толғаныс. Әдетте, оқу өзінше бала үшін әрекеттену, яғни
проблемалық мәселені шешу дегенд, осының мынандй үш сатындан тұратынын
айтады. 1. берілген тапсырма шартымен танысудан, 2. оны орындаудан, 3.
осының қалай орындалғанын тексеруден.
Әр оқу әрекеті кезінде берілер тапсырма алдында мұғалім кіріспе, яғни
түсінік беруі керек. Осыдан кейін барып оны орындау нәтижелі болады. Ал 3-
ші сатыға келсек, оған үлкен мән беру керек. Баланы кішкентайынан
тапсырманы орындаған соң соның қаншалықты дұрыс орындағанын тексере білуге
үйретсе, бала қатесін түзетуге, таба білуге үйренеді.
Кіші оқушының негізгі таным процестері мектепке кіргеннен кейін едәуір
өзгерістерге ұшырайды.
7 жастағы баланың қабылдауы мектепке дейінгіге қарағанда жақсы
қалыптасады (көзі көргіш, естігіш, байқағыш). Бірақ әлі де болса,
қабылдаудың кей жеткіліксіз жақтары да кездеседі М.Орыс тілінен алынған
ұқсас дыбыстарды ф-п, б-в фонемаларын дұрыс ажырата алмайтын болады. Бұл
сияқты ажырата алмаушылықтардың бір себебі 7-9 жастағылардың талдау
қызметінің әлі жете қалыптаспағанынан. Жалпы алғанда кіші оқушыағ не
қызықты немесе не қажетті, соған мән беріп, осыны қабылдауға икем келеді.
Оқу барысында мұғалім оқушыға нендей нәрсеге назар аударып, қандай нәрсеге
назар керек еместігін айтып отырса жақсы болады. Осныың нәтижесінде бала
оқуға керекті объектілерге ғана назар аударуды үйренеді. Кіші оқушының
зейіні де қабылдау сияқты әуелгі кезде терең дамымаған. Зейін, әдетте,
ерікті, еріксіз болады. Оның еріксіз зейіні ерікті зейіннен басым келеді.
Оның еріксіз зейіні әсем бояулар, заттар, қызықты дыбыстарға аударады. 2-3
сыныпта ерікті зейін пайда бола бастайды. Ол қызық емес, бірақ қажет деген
сабақтың бөлшектеріне зейінін бөле бастайды. Баланың ерікті зейінін дамыту
үшін оның істейтін жұмысын нақты етіп тапсырманы орындаудың жоспарын
көрсетіп отыру қажет.
Әдетте, ес пен жадқа байланысты өзінше міндеттер шешу керек. Мұны
мнемоникалық міндет дейді. М.бір жағдайда берілген тапсырманы сол
түпнұсқасынан айнытпай жадта қалдыру қажет. 2-ші жағдайда тапсырманы өз
сөзімен мән-мағынасын ғана айтып беруге болады. Осныың өзі әр түрлі
мнемоникалық міндет және әр түрлі психикалық әрекетті қажет етеді. Егер
түпнұсқасынан айнытпай есте қалдыру жадқа жатса, өз сөзімен айту еске
жатады.
1-ші сыныпта балада арнаусыз есте қалдыру негізгі роль атқаратын болса, 2-
3 сыныптарда бірте-бірте арнаулы есте қалдыру негізгі роль атқаратын
болады. Кіші оқушының қиялына келсек, оқу талабына сай қиял мазмұны
өзгерістерге ұшырайды. Оқушы қиялы шығармашылық және өткенді жаңғырту қиялы
болып бөлінеді. Көбісі шындықтан алыстап кететіндіктен мектепке
дейінгілерде шығармашылық қиял басым болып, мектептегілерде қайта жаңғырту
кең өріс алған (тарих, география). Кіші оқушылардың ойлауына келсек,
Ж.Пиаженің айтуынша нақты ой операциясы кездеседі. Бала мектепке келген соң
натуралды ойдан мәдени ұғым арқылы ойлануға көшеді.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларда үлкендерге соның ішінде мұғалімдерге
сенімділік, бағыну, еліктеу деңгейлері жоғарылайды. Осы жастағы балалар
үлкендердің беделін бағасын сөзсіз қабылдайды. Бастауыш мектеп оқушыларында
өзіндік бағалауының мынындай сапалары кездеседі. Олар адекватты (қалыпты),
жоғары, төмен.
Баланың өзін-өзі бағалауы үлкендердің бағалауына байланысты. Сенімділік,
ашықтық, айтқанын орындау, тыңдау баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына
қолайлы жағдай туғызадды. Бірақ, ол үлкендерден үлкен жауапкершілікті қажет
етеді. Өз еркін басқара алу және жетістікке жетуге саналы түрде талпыну
баланың ең маңызды қасиеттерінің бірі. Қабылданған шешімге, ниетіне үлкен
мақсаттарға байланысты саналы бақылай алу қабілетінің даму деңгейі
қалыптасады. Егер бала белгілі бір затты өздігімен орындап жетістікке
жететін болса, бұл кезеңде жетістікке жету мотивациясы, яғни жетістікке
жету мотиві және сәтсіздіктің алдын алу мотиві т.б. Егер балаға беделі бар
адам баланың жетістіктерін аз мақтап, сәтсіздіктерін көп жазалап отырса,
оларда сәтсіздіктердің алдын-алу мотивациясы ертерек қалыптасады. Ш.А.
Амоношвили төмендегі кластарда балалардың үлгерімінің төмендігін бағамен
жазаласа, балалардың үрей, мазасыздық сапаларын туғызып отырады. Жетістікке
жету мотивациясына өздік баға мен ынталану деңгейі де жатады. Жалпы
психологиялық эксперимент жоғары болса, және сәтсіздіктердің алдын алу
төмен болса, баланың өзін-өзі бағалауы жоғары болады. Баланың ынталану
дейңгейінің оқу және басқа әрекеттердегі жетістігіне ғана байланысты емес,
ол құрдастарының арасында жоғары статусқа, беделге ие баланың өздік бағалы
адекватты бағағағ ие болады және ынталану деңгейі жоғары болады. 6-11
жастар аралығында бала өз қабілетіне сын көзқараспен қарай бастайды. Өзінің
қолынан келмейтін кемшіліктердің күш-жігерін жұмсау арқылы түзей
алатындығын білдіреді. Бастауыш мектеп кезеңін алдағы уақыттағы жетістікті
анықтайтын маңызды тұлғалық қасиеттерінің қалыптылығымен сипаттайды.
Жетістікке жету мотивациясымен бірге балада екі түрлі тұлғалық сапа пайда
болады. Ол еңбекқорлық және өзбеттілік. Еңбекқорлық сапасы бастауыш мектеп
кезеңінде оқу әрекетімен, еңбек әрекеттерінде дамиды және тұрақталады.
Балаларда еңбекқорлықтың сапасына қалыптасуына оқу әрекетінің алғашқы
кезеңінде ездесетін қиыншылықтар қолайлы жағдай жасайды, олар жаңа өмірлік
жағдайға бейімделу, оқу, санау, жазу барысында кездесетін мәселелер,
үйдегі, мектептегі жаңа кедергілер жатады. Осы сапаның қалыптасуына баланың
жеткен жетістіктерін мадақтаудағы саналы ойластырылған үлкендер әрекеті
жатады. Сонымен қатар мындағы ең маңызды рольді баланың өз жетістігіне
сөнуі де жатады. Бала өз еңбегіне қанағаттанған, риза болған кезде ғана
еңбексүйгіштік сапалары пайда болады. Еңбектану барысында балада жағымды
эмоция әсер беретін жағдай болуы шарт. Өзбеттілік сапасы үлкендерге
тәуелділігімен байланысты болады. Егер бала үлкендерге сеніп, солардың
дегенімен жүре беретін болса, оларда өзбеттілік қасиеті қалыптаспай жолы
өссе де үлкендерге деген тәуелділік байқалады. Ал егер бала ерте жасынан
өзбеттілік көрсетсе, тұйықтық, өзгені тыңдамау сияқты қасиеттерінің
қалыптасуына әсер етеді. Мұндай кемшіліктер кездеспес үшін өздігінен
жасауға көп жұмыс тапсырып, оған сенімділік білдіру керек. Баланың
өзбеттілікке ұмтылуына қуанып, мадақтап отырған жөн. Мектептегі алғашқы
күннен бастап үйге тберген тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз өздері
орындағанын қадағалап, өзі орындаған тапсырманы дұрыс және дұрыс емес болса
да қолдап отыруы керек. Бұл сапаның қалыптасуына мынандай әлеуметтік
психологиялық ситуациялар ұйымдастыру керек. Балаға бір тапсырма беріледі,
сол тапсырманы орындау барысында бала үлкендермен, құрдастарымен қарым-
қатынасқа түсіп, олардың әрекеттерін басқарып отырады және бұл ойын
барысында бала топта лидер атанады.
Бала мектепке келгеннен кейін өзін қоршаған адамдармен қарымқатынасында
үлкен өзгерістерге ұшырайды. ОЛ біріншіден, қарым-қатынасқа кететін уақыт
көлемі ұлғаяды. Бұрын бала ойыншықтарын ойнаумен көп уақыт өткізетін болса,
мектепке келгеннен кейін уақыттың көпшілігін мұғалімдермен, құрдастырмен,
үй ішіндегі туыстармен өткізеді.
Екіншіден, қарым-қатынастардың тақырыбы өзгереді. Бірінші кластарда
балалар кластарына қарағанда, мұғалімдермен көп қарым-қатынас жасайды.
өйткені, бұл кезеңде баланың мұғалімге деген сын көзқарасы қалыптаспаған.
Мұнда мұғалім барлық бейнесімен үлгілі болып көрінеді.
Үшінші, 4-ші кластарда ол өзгереді. Бұл кластарда мұғалім тұлға ретінде
көп қызықтырмайды, оларды өз кластарымен араласу қызықтырады. Балалар қарым-
қатынас кезінде, достарын таңдау жақтарында өзгереді. Мысалы, бірінші
кластарда достарын мұғаімнің бағлауы мен оқу әрекетінің үлгеріміне
байланысты таңдаса, 3-ші кластан бастап баланың тұлғалық қасиеттеріне
байланысты таңдайды. Мектеп табалдырығында балаларда өздік сананың жаңа
деңгейі ішкі позициясы пайда болады. Бұл позиция өзіне қоршаған адамдарға,
болып жатқан жағдайларға деге қатынасын білдіреді. Ж.Пиаженің айтуынша
әртүрлі жол кезеңдегі балдар мораль нормаларын бағалуы әртүрлі. Мысалы, 5
жаста адамның жасаған әрекетіне байланысты 2 категорияға: жақсы, жаман адам
деп бөлуге тырысса, 11-12 жаста қандай адам болса да өзіне деген шынайы
әділ сыйластықты қарым-қатынас жасауына құқығы бар екенін түсінеді. Сонымен
қатар осы кезеңге адамды жасаған әрекетіне қарай емес, оған итермелейтін
себептеріне байланысты адамды бағалау керек екенін біледі.
Жеке бас деген ұғымға Мен деген ұғым кіреді. Бала өзін білген соң
құрбыларына қарағанда жақсы орынға ие болсам екен деп арман етеді. Егер
кіші оқушылардың өзі жөніндегі бағасы өзгелердің бағасынан асып кетсе,
мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше, өзі жөніндегі бағасы
өзгелердің оған беретін бағасынан төмен болса, ондай баланы кішіпейіл деп
атайды. Бастауыш мектеп оқушысы өзінің ісіне, мінезіне әлі сын көзбен қарай
алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің бағасынан
жоғары дәрежеде болады. Кіші мектеп оқушыларыныңы жеке басы деген түсінікке
– сыпайылығы, керісінше әдепсіздік сапалары да жатады. Бұл жастағы балалар
ақкөңіл келетіндіктен бұлардың көбі сыпайы болып келеді. Олардың жеке
басына тән қасиеттерде Мен деген баға емес, тиісті мөлшерге қалайша
бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай екендігі білінеді. Мөлшері немесе
норма деп балаға қоятын талаптарды айтады. Бала мектепке келмей тұрып, не
істеуге болатынын, не болмайтынын жақсы біледі. Мектепке кіргеннен кейін
бұрын орындап көрмеген міндеттерді игере білуі тиіс. Айталық, саббаққа
кешігіп, не берген тапсырманы орындамай келмеуіне болмайжы. Тапсырманы
орындамаса мұғалімнен, құрбыларынан ұят болатынын біледі. Сол сияқты
мектепке таза киініп келмесе немесе тәртіп бұзса, бұлар норманы бұзуға
жатады. Бастапқы кезде бұған үйрене алмай қиналады, бірте-бірте мөлшерлерді
орындауға үйрене бастайды. Баланың мінезінің нормаларын ережелерін шын
мәнінде игеруі алдымен педагогтің, олардың орындалуын тексерудің жақсы
жетілген әдістері мен тәсілдер жүйесінің бар екендігін білдіреді.
Осы нормалары мен ережелері айқын тұжырымдау орындаушылықты міндетті
түрде мадақтаумен, ұқыпсыздық пен тәртіпсіздікке тиісті шаралар қолдану,
кіші мектеп оқушыларының тәртіптіліг мен ұйымшылдығын тәрбиелеудің маңызды
шарттары.
Баланың мектепке келуі және осымен байланысты өмірдегі жаңа бейнелер оның
әлеуметтік жағдайын түп тамырымен өзгертеді. Балалардың қабілеттіліктері
жөнінде, ең алдымен: олардың қалай оқитындығын, оқу материалынтүсінуі және
есте сақтауы, өз білімдерін қолдана алуы, тапсырманы орындаудағы қабілеті,
жазу және сөйлеу тілінің қаншалықты дәрежеде екендігі жайлы білгеннен кейін
ғана дұрыс шешімге келуге болады. Балалардың қабілеттіліктерінің кейбір
көрсеткіштері мына сапалар бола алады: зейінділік, тез және берік есте
сақтау, ойлай білу, тапқырлық, ұшқыр қиял, инициативасы, жұмыс үстіндегі
дербестігі және оның жақсы нәтижелілігі.
Бала неге бейім және қандай қабілеті бар, ол қалай дамуда екендігін
мұғалім білуі керек. Мұнда қорытынды жасауға асықпау қажет. Кейде талантты
балалардың өзін қабілетсіз деп таныған ғой. Мысалы, данышпан жазушы Н.В.
Гогольді мұғалімдері орыс тіліне қабілетсіз деп есептеген. Кішкене П.И.
Чайковскийдің музыкаға ерекше қабілетін байқаған жоқ. Мектеп оқушысы
Николай Лузинді математикаға қабілетсіз деп есептеді, ал одан кейіннен,
математикада бірқатар маңыды жаңалықтар ашқан, ірі ғалым шықты.
Жалқау немесе түрлі себептермен білімінде олқылықтары бар оқушыны
қабілетсіз деп есептейтін жағдайлар да кездеседі. Кейбір кезде қабілетті,
бірақ жүйелі еңбекке дағдыланбаған, ықылассыз, іске немкетті қарайтын,
самарқау жұмыс жасайтын оқушыны да қабілетсіз деп танимыз. Алайда, оның
жұмыс істеуіне жасалған кедергілерді жойса, қызықтырса, көңілін сергітсе,
уақытында көмек көрсетсе, ол жақсы оқу үшін жеткілікті қабілеттіліктер
көрсете бастайды. Ақыл-есі сау балалардың ішінде бастауыш кластың оқу
материалдарын қанағаттанарлық дәрежеде игеруге қабілеттері жетпейтіндер
жоқ. Әдетте, төменгі класс оқушыларында қабілеттіліктері әр салаға
бөлінгендері байқалады. Бірқатар балалар оқу мен жазуға, біреулері –
математикаға, енді біреулері сурет салуға (немесе қол еңбегіне)
қабілеттірек. Бірқатарлары тез есте сақтайды, бірақ тез ұмытып қалады, ал
кейбіреулері баяу есте ұстайды, бірақ ұзақ есінде сақтайды. Мұғалім
балалардың осындай жекелеген айырмашылықтарымен есептесуі қажет.
Егер баланың не жалпы, не арнаулы бір нәрсеге қабілеттілігі байқалмаса,
ол жайлы ештемеге қыры жоқ адам дегендей қорытындыға келуге болмайды. Еш
әнрсеге қабілетсіз адам жоқ. Мұағілм әрбір оқушыны жіті бақылап, оңайлықпен
қолға түсе бермейтін, оның қабілеттілігін ашуға тырысуы керек. Мектепте ІІІ
класс оқушысы Әселдің орыс тіліне қабілеті жоқ деп есептеді. ОЛ сабағын
тыңғылықты әзірлемеді, жазу жұмыстарында жиі көптеген қвтелер болатын.
Бірақ бірде Әсел көркемөнерпаздар кешінде өлең және прозалық шығарма оқып,
өте жақсы өнер көрсетті. Дәл осы уақытта мектепте драма үйірмесі
ұйымдастырылды. Оның мүшелері едәуір ересек балалар болса да, Әсел оған
қатысуға және кештерде өнер көрсетуге рұқсат етілді. Қыздың мәнерлеп оқуға
деген үлкен қабілеті бар екендігі, есте тамаша сақтай алатындығы байқалды.
Әдебиет пен өнерге қызыққан Әсел орыс тілі грамматикасына деген қатынасын
тез өзгертті, бұл пән бойынша тәуір үлгіре бастады, сөйтіп кейіннен
педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, оны жақсы бітіріп шықты. Мектеп пен
мұғалімнің міндеті оқушыларды оқыту ғана емес, сондай-ақ олардың
қабілеттерін дамыту болып табылады. Қабілеттілікті дамытуда оқу
жұмыстарының зор маңызы бар. Дегенмен қабілеттілікті дамытуда оқыту әр
түрлі дәрежеде ықпал жасайды, ал қиынсыз методтар (мысалы, түсінбей жаттап
алу) бұл дамытуға кедергі келтіруі мүмкін.
Мектептерде оқытудың актив методтары қолданылады, мұнда оқушы есте сақтап
қана қоймайды, сондай-ақ көп ойлайды, бұл оның қабілеттерінің дамуына көп
көмегін тигізеді. Оқушы мұғалімнің басшылығымен жиі-жиі орыс тілі мен
математиканың ережелерін талдауы, оны жасауы, оқығандарын қорытып және
айтып беруі, өз бетінше математикалық есептер ойлап, оны шығаруы,
шығармашылық шығармалар жазуы өте пайдалы. Мұғалім жұмыстың кез келген
түрінде баланың творчествосы мен белсенділігн құптап, мадақтап отыруы
қажет. Оқушыға қиыншылықтар кездескен жағдайға көмек беруге асықпауы тиіс.
Дұрысы оның өзіне ойлануға жағдай туғызып, ал қажет болса, оған жетекші
сұрақтар берген жөн.
Қиындықты бірте-бірте көбейте түсудің зор мәні бар. Оқушыға берілген
тапсырмалар біраз ақыл-ой жұмсауды талап еткені дұрыс. Мектеп оқушысына
жекелеп қатынас жасай білу қажет, олардың ерекшеліктерін ескеріп, соған сай
тапсырмалар берген жөн. Күшті оқушыларға, сабақта зерігіп кетпес үшін және
үйде орындауға жетерліктей, қосымша жұмыстар беру керек. Нашар оқитындарға,
шамасы келетіндей талаптар қойып, бала нәтижелі орындай алатындай жеңілдеу
тапсырмалар беріп, көбірек көмектесуге тура келеді. Мұнадй оқушыларды жиі
мадақтап, жұмыс орындаудағы кішкене жетістіктерін байқау керек, бұл оларда
өз күшіне деген сенім туғаызады, оқуға талаптандырады. әлсіз оқушыларға
жүйелі түрде көмек көрсетуге ата-аналар мен ересек баларды тартқан жөн
Әдетте мұндай шаралардың бәрі көмегін тигізеді, балалар ІІІ класты нәтижелі
аяқтап, орта мектепте қанағаттанарлық дәрежеде оқиды.
Өкінішке орай, жақсы оқуға мүмкіншілігі толық жететін оқушыны, оның
кейбір ақыл-ой енжарлығына қарап, қабілетсіз деп есептейтін жағдайлар да
ездеседі. Бұл оқуға қызығушылықтың жоқтығынан, ақыл-ой жұмсаудан қашу
ниетінен, онда қалыптасқан сенімнен, яғни ілім – баланың қабілеті
жетпейтін, өте қиын нәрсе дегеннен келіп пайда болады. Мұндай балаларға
қозғау салып, оны белсенділікке бастап, бейімділік көрсеткен нәрселерінен
мағлұматтар беріп қызықтыру қажет. Оған қосымша қызықтыратын материал
беріп, білім алудың қуанышын бастан кешруге (мысалы, бұрын оған қиын
көрінген, есепті дұрыс шығару кезі) жағдай туғызған пайдалы. Бұл мектеп
оқушысының өз күшіне деген сенімін туғызады, сөйтіп басқалардан қалыспай
тәуір оқи алатындығына көзін жеткізеді. Мұғалімнің, ойлы, қабілетті
балаларға төнген қауіпті де ұмытуына болмайды. Олар оқуды жеңіл меңгереді,
сондықтан да олар еңбектенуге дағдыланбаған және қажетті ықыласы жоқ. Ақыл-
ой күшін жұмсаудың болмауы мынандай жағдайға әкелуі мүмкін: мұндай
балалардың бірте-бірте қабілеттіліктері жойылады, талантты мектеп
оқушысынан еңбекке жарамсыз, орта, тіпті нашар жұмыскерлерге де айналып
кетеді.
В.А. Сухомлинский: Егер баланың оқуда бәріне де жеңіл қолы жетсе, онда
біртіндеп адамды аздыратын ой самарқаулығы пайда болады. Ой самарқаулығы
бәрінен бұрын төменгі кластарда өріс алады, егер басқа балалардың белгілі
бір дәрежеде ақыл-ой жұмсауын қажет ететін жұмысты жеңіл игеретін қабілетті
бала бостан-босқа ерігуге айналады. Оқушылардың бостан-босқа құр жүруін
болдырмау – белгілі бір тәрбие міндетті,- деп жазады. Оқушыларды жұмыста
тыңғылықтылыққа, дербестікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, мұғалім
сонысымен оларда еңбекке қабілеттілік деп аталатын маңызды сапаның дамуына
көмегін тигізеді.
Талантты оқушылармен қарым-қатынаста сақтық жасау керек: оларды шектен
тыс мадақтамау керек, оларды бәрін білемін, басқалардан артықпын дегендей
сезімге негізделген көкіректікке тәрбиелемес үшін, бұл балалардың ерекше
екендігіне сонша мән беріп айтпау қажет. Талантты бала, әдетте өзінің
басқалардан қабілеттірек екенін түсінеді, бірақ сонымен бірге онда жұмысқа
деген жоғары жауапкершілік сезімі де болуы тиіс.
Кейбір төменгі класс оқушылары іс-әрекеттің қандай да бір түріне
қабілеттілігін көрсетеді. Мысалы, суретке, музыкаға. Бұл қабілеттіліктердің
одан әрі жетіле түсуіне көмектесу қажет. Мектептің алдында тұрған міндет –
баланың жан дүниесі мен дене күшін жан-жақты дамыту екенін есте ұстауымыз
керек.

1.2 Дарындылықтың негізгі түрлері мен оның бала бойында қалыптасуы

Дарындылық түрлерінің дифференцияциясы сыныпификацияға негізінделген
критерий бойынша анықталады. Дарындылықта сандық және сапалық аспектіні
бөлуге болады.
Дарындылықтың сапалық мінездемесін талдау бойынша түрлерді адампың
психикалық мүмкіндіктерінің спецификасына және оладың қандай да бір іс-
әрекетте көрінуіне байланысты бөлуді ұсынады. Дарындылықтың сандық
мінездемесін талдау адамның психикалық мүмкіндіктерінің деңнейін сипаттауға
мүмкіндік береді.
Ғалымдар дарындылық мәселесін зерттей келе, оның жалпы және әдейі
немесе арнайы түрін бөліп көрсетеді. Дарындылықтың 2 түрі де іс-әрекеттің
әр түрлілігі мен формасында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Осылай,
жалпы ақыл-ой дарындылығы іс-әрекеттің барлық түрімен қамтамасыз етілгенде
ғана орындалады. Олардың табысты орындалуы үшін белгілі ақыл-ой сапасы,
ақыл-ой қүндылығы қажет болады.
Арнайы дарындылық, өзі ерекше ашылып көрінетін белгілі іс-әрекет
түрлерімен байланысты (математикалық, техникалық, музыкалық, сурет салу
өнері, ақындық дарындылық және т.б.).
Кәсіптік қабілеттерді зерттеумен танымал ғалым Ч.Спирмен ақыл-ой
энергиясының жалпы факторы бар екенін көрсетті. Ол фактор түрлі іс-
әрекеттің табысты шешілуін анықтайды.
Жалпы ақыл-ой дарындылығы ақыл-ой жетістігі талап етілетін жағдайдың
бәрінде болады (жалпы сұрақ-әртүрлі жаттығуда индивидтің ақыл-ой қабілеті
мүмкіндігінің бірдей болмауы). Мектептің жалпы білім беру шартындағы
оқушылар арасындағы ақыл-ой қатынасы бойынша ерекшеліктер жоспарда бірінші
орынға шығады.
Мектепте орташа оқитын оқушыны бағалау негізінде бағдарлау өткен
уақыттарда қалды. Қазір біздің қоғамның жаңа дамуында қүрбыларын интеллект
бел^ілерін көрсете отырып, озық еткен балаларға көңіл аудару - мектептің
көкейтесті міндетінің бірі болып табылады.
Жалпы ақыл-ой қабілеттілігіне біршама психологтардың зерттеу жұмыстары
арналған. "Ақыл-ой мүмкіндігінің біртұтас сипаттамасын, жиі интеллект
сөзімен белгілейді. Психологияда бұл термин аумағында дау-жанжал туылуда:
интеллект құрылымының күрделілігі анықталуда, оның әр түрлі сапалы түрлері
бөлінуде. Бірақ бұл терминнен бас тарту дұрыс емес секілді көрінеді. Ол
таным және шығармашылық мүмкіндіктердің өзіндік деңгейін белгілеуге
арналады (ақыл-ой сферасында), яғни көбіне ақыл-ой дарындылығы
түсінігінің термині ретінде қолданылады.
Интеллект - өсіп жатқан адамның түрткі болулары мен ұмтылыстарымен
біртұтас дамуы күмәнсіз. Ақыл-ой дарындылығы интеллектке сай келмейді.
Дарындылық - бұл жеке тұлғаның ерекше қүрылымы.
Ақыл-ой дарындылығының арнайы түрлері, яғни философиялық-теоретиялық
жаттығуларға, қоғамдық іс-әрекетке, қандай да бір ғылым аумағында,
техникаға немесе ұйымдастырушылық -практикалық іс-әрекет түрлеріне
дарындылық - Мәселенің маңызды бөлігі болып табылады.
Ақыл-ой дарындылығы - бұл жалпы және жеке ақыл-ой сапасының сәйкес
келуі. Психологиядағы бар материалдар, мұғалімдер мен тәрбиешілерді ақыл-
ойға байланысты дарынды балалардың 3 категориясына назар аударуға
көмектеседі. Бірінші категорияда - өмірдің бірдей шартында ақыл-ой дамуының
ерекше жоғары деңгейін көрсететін балалар. Олар жиі мектепке дейінгі және
төменгі сынып жасындағы балалардың арасында кездеседі. Екінші категорияда -
арнайы, мысалы: математика немесе басқа ғылымның қандай да бір аумағында
ақыл-ой қабілеттілігінің белгілері бар балалар. Мұндай оқушылар жасөспірім
жаста байқалуы мүмкін. Үшінші категорияда - оқуда табысты болып үлгермеген,
бірақ психикасының оригиналдылығымен, танымдық белсенділігімен, сирек
кездесетін ақыл-ой қорымен қамтамасыз етілген балалар енгізілген. Бұл жерде
потенциалды немесе жасырынды дарындылық туралы сөз болып отыр. Мұндай
ақыл-ой мүмкіндігі бар оқушылар жоғары сыныпқа дейінгі жаста жиі көрінеді.
Балалардың жалпы интеллектуалды және арнайы дарындылығы түрлерінен
бөтен, бұл феноменнің даралығы басқа критерийлер бойынша да болуы мүмкін.
Ресейлік психологтар (Ю.А.Бабаева, Д.Богоявленская,
А.В.Брушлинский,В.Н.Дружинин, И.И.Ильясов, Н.С.Лейтес, А.М.Шумакова,
А.Н.Панов,И.В.Клиш, М.А.Холодная, В.Д.Шадриков, Н.Б.Шумакова,
В.С.Юркевич): дарындылықтың жүмысшы, жиі қолданылатын концепциясы деп
берілген психологиялық білім берудің келесі критерийлері мен
сыныпификациясын бөледі:
• психика сферасын қамтамасыз етушілер мен іс-әрекет түрлері
• дарындылықтың қалыптастырушы деңгейі
• дарындылықтың көрініс беру формасы
• дарындылықтың әр түрлі іс-әрекет түрінде көрініс беруінің
ауқымдылығы, дамудың жас ерекшелігі.
Дарындылықтың түрлерін келтірілген негіздеу бойынша қарастырайық.
Бірінші критерий бойынша, негізгі іс-әрекет түрлеріне практикалық,
теориялық оқушыларда оқу-танымдық, көркемдік-эстетикалық, ойындық, спорттық-
сауықтыру, коммуникативті, рухани-бағалық жатады.
Іс-әрекетке сәйкес дарындылықтың мынадай түрлерін бөлуге болады:
практикалық іс-әрекетте - кәсіптік дарындылық, танымдық іс-әрекетте - түрлі
деңгейдегі интеллектуалды дарындылық, көркемдікте - эстетикалық,
хореографиялық, сценалық, әдеби-ақындық, сурет салу өнері мен музыкалық,
коммуникативті іс-әрекетте-лидерлік дарындылық, рухани - бағалық іс-
әрекетте - адамдарға қызмет ету, тағы басқалар.
Дарындылықтың әр түрі барлық психикалық мүмкіндіктерді нақты іс-әрекет
түрінде ерекше, маңызды болып табылатын сапалардың басым болуы мен
біруақытта қосылуын болжайды.
Іс-әрекеттің басым ететін түрі бойынша дарындылықтың қай түрін
анықтасақ та, әр дарындылықта іс-әрекеттің бөтен түрлері де көрінетінін
байқауымыз керек. Мысалы: суретші немесе музыкант іс-әрекеттінің
сипаттамасы бойынша көркемдік - эстетикалық болып табылады. Бірақ сонымен
қатар, онымен танымдық, практикалық, коммуникативті және рухани-бағалық іс-
әрекет түрлері қолданылады.
Екінші критерий - дарындылықтың қалыптасу деңгейі бойынша
потенциалды және көкейтесті дарындылықты бөледі: көкейтесті дарындылық -
бұл жас ерекшелігі шамасына сай, нақты бір пән аумағында іс-әрекеттің
жоғары деңгейде орындалуында байқалатын, баланың қол жеткізген
көрсеткіштерімен байланысты болатын психологиялық ерекшелік. Көкейтесті
дарынды балалардың ерекше категориясын, талантты балалар қүрайды. Талантты
бала обьективті көкейкестілікті және әлеуметтік маңызды талаптарға жауап
беретін іс-әрекеттерді орындауда нәтиже береді. Талантты балалар нақты
эксперттермен бағаланады (іс-әрекеті аумағында білімі сәйкес келетін жоғары
квалификацияланған кәсіпкер).
Потенциалды дарындылық - бұл қандай да бір іс-әрекет түрінде жоғары
жетістікке жету үшін, белгілі психикалық алғышарттары потенциалды болатын
баланың психологиялық ерекшелігі. Бірақ бала, бұл мүмкіндіктерді тап осы
уақытта қызметтік жетіспеушілікке сәйкес орындай алмайды. Бұл потенциалды
мүмкіндіктің дамуы қолайсыз себептермен бірге жүруі мүмкін
(жанұялық қиын жағдаймен, квалификацияланған мұғалім -
кәсіпкерлердің болмауынан тағы басқа). Потенциалды дарындылықты
анықтау, кезеңмен жүргізілген диагностика бойынша орындалуы
мүмкін. Өйткені әрі қарай дамуы туралы, тек кейбір белгілер
бойынша айтуға болатын, әлі қалыптасып болмаған қабілеттіліктер туралы
сөз болып отыр.
Дарындылықтың бұл турлері, бұған дейін айтылып кетілген іс-әрекет
түрлерімен сәйкес жүреді. Шығармашылық дарындылығына байланысты
дарындылықтың белгілі түрінің креативтілігін бөлуде ғалымдар пікірінде
айырмашылық байқалады.
Бір ғалымдар берілген феномен туралы арнайы айтпай-ақ қоюға болады,
өйткені стандартсыз ойлауы бар, жиі басқаларға ұқсас емес дүниеге ерекше
көзқарасы бар балалар да кездеседі, - деп санайды. Шығармашылық
дарындылығында көптеген түрлі варианттар болады: кез-келген іс-әрекетте
сирек кездесетін шығармашылық қабілеттіліктерді көрсететін оқушылар бар,
сонымен қатар мұндай стандартсыз емес елес, жеткілікті түрде тек бір ғана
сферада анық көрінеді.
Үшінші критерий - дарындылықтың көрініс беру формасы бойынша, айқын
және жасырынды дарындылықты бөледі. Дарындылықтың бұл түрлерінің мәні
көбінесе осыған дейін қарастырылған дарындылықтың түрлеріне ұқсас. Айқын
дарындылық - бала іс-әрекетінде қолайсыз жағдайлар болса да, жеткілікті
түрде ашық немесе айқын түрде көрінеді. Мұғалімге немесе кәсіпкерге баладан
осы дарындылықты айқындау және олармен әрі қарай жұмыс жасау бағдарламасын
дұрыс белгілеу оңайға түседі.
Жасырынды дарындылық іс-әрекетте аздап білдірілген формада көрінеді.
Сондықтан да дарындылықты балалардан анықтау және олармен жұмыс жасауда
қателер кетуі мүмкін. Осымен қатар, мұндай перспективасы жоқ балалар
уақыты келе жоғары нәтижелерге жетуі мүмкін. Мүндай қателер келтірмеу үшін,
балаларға әдістемелерді кешендік-кезеңді қолданумен диагностика жүргізу
қажет.
Төртінші критерий - дарындылықтың әр түрі іс-әрекет көрініс берудің
ауқымдылығы бойынша, жалпы немесе ақыл-ой дарындылығы және арнайы
дарындылықты бөледі. Жалпы дарындылық - іс-әрекеттің әр түрлері мен
формаларында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Ақыл-ой қабілеті кез-келген
істі табысты орындау үшін қажет.
Арнайы дарындылықтың арнайы психикалық қасиеттері ашылатын, белгілі іс-
әрекет түрлерімен байланысты (техникалық, музыкалық, сурет өнерінің, әдеби-
ақындық дарындылық т.б.).
Бесінші критерий - дамудың жас ерекшелігі бойынша ерте және
кешеуілдеген дарындылықты бөлуге болады. Өмірлік практикада дарындылықтың
ерте көрінуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды балаларды тәрбиелеу жолдары
Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері
Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту мүмкіндіктері
Оқу процесінде мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда ерекшеліктер мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау
Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу
Балалардың дарындылығын бақылау
Дарындылық мәселесіне шетел ғалымдары
Пәндер